Қазақ поэзиясындағы Әуезов бейнесі



Қазақ поэзиясында белгілі тұлғалар мен тарихи адамдардың бейнесін жырлау үрдісі кеңінен өрістеген. Ақындар қазақ тарихының елеулі оқиғаларын, көрнекті өкілдерін шығармаларына арқау етіп, көлемді поэма нәрлі өлеңдер аясында дамыта жырлаған. Қазақ әдебиетінде тарихи тұлғалар бейнеленген шығармалар мол десек те, М.Әуезовтің бейнесін жасау бір кісінің, не бір кезеңнің емес, бүкіл бір елдің тарихы, тынысы, өскелең бейнесінің тұтас көрінісі. М.Әуезов заманымыздың заңғар шыңы десек, оның бейнесін жасау ұлт өмірімен, ұлттық ой- санамен үндесіп жатыр.
Туған халқын төрткүл дүниеге мәшһүр еткен ұлы суреткер Мұхтар Әуезов - кемел ойдың кеніші, кенен сөздің өрісі. Қазақ әдебиетінің барлық жанрына тұңғыш рет қалам тартып, сол арқылы тіліміздің шұрайын, еліміздің шырайын танытқан кемел ойлы кемеңгер жазушы.
Ол талай жер теңселтіп, ел сенделткен әлеуметтік сілкіністердің, қиялды қысыратып, сананы тоқыратқан түбегейлі өзгерістердің жаппай теңдікке ұмтылып, елдікке құлшынған рухани буырқаныстар кезеңі болып, тарих қойнауына аттанғалы отырған жиырмасыншы ғасырмен жарық дүниеге бірге келді. Әуезов өмірі мен еңбегінің халық үшін қаншалықты маңызды екені бізге аян. Ол ұлттың сана-сезімінің оянуына дәнекер болып, кешегі күннен бүгінгі күнге аман жетуіне себепкер болды. ¬
Замандасын, сүйікті жазушысын, үлгі тұтқан ұстазын жырларына арқау еткен ақындар біршама. Олар мүмкіндігінше Әуезов бейнесін өз поэзиясының биік шыңына көтере білді. Әуезов бейнесін өзіндік шығармашылық көркемдік шешім болмысымен суреттеген ақынның бірі -Ә.Тәжібаев. Осы орайда Ә.Тәжібаевтың «Өнер иесі өнерді жасай келе сол өнердің машығына жетіледі. Ол дүниені ақынша қабылдаумен бірге олар туралы өзгшелерге де ақынша мәлімдеген болады», [1,23] деп сөз өнерінің негізгі танымы адам да, эстетикалық мұраты адамзаттың рухани әлемі екеніне осылай сипаттама береді. Мұхтар Әуезовпен достық қарым-қатынаста болған көрнекті ақын Әбділдә Тәжібаев өзінің атақты«Портреттер» деп аталатын поэмасының бір бөлімін Әуезовке арнаған. Әрбір шоң таланттың әрқашан ұлттық мақтаныш болып келетіні ежелден мәлім. Әбділда Мұхтарды алғаш көргенде ол 37 жаста ғана екен. «...Бірақ ол маған ғасырлар бойы жасап келе жатқан, өмірі қартаймайтын адам тәрізді көрінді. Біздер «Еңлік -Кебекті», «Бәйбіше тоқалды» оқығанымыз қашан, ал бұл кісі әлі ақсыз, дақсыз күйінде тұр деймін ішімнен. Жас достары Әлібек пен мен үшін арнайы тілек айтып, тост көтерді. Мінекей, содан бастап Мұхаңмен біз достастық, ол қашан көзін жұмғанша дастархан дәміміз ортақ, ойымыз, мәжілісіміз ортақ туысқа айналдық. Арзан күліп, жалған сөйлейтін, екі жақынның татулығын қызғанатын, аңдыстыруға, айыруға себеп тапқышқыштар аз ба? Бірақ, үлкен достығымыздың оты қандай тұман қоршаса да жоғалған жоқ. Әсіресе, бұл достықтың маған бергені көп болды» деп өнер иесінің бекзат болмысын ақын Әбділда:
Қарашы, әне, Омарханұлы Мұхтарға,
Емендер ғана осылай өсіп шықпай ма?
Айта қойшы өзің, білмейтін оны жұрт бар ма?
Тимесін көзің, тек, жаным, оған сұқтанба.
Қызығын қара, қызғанбай қара, сұқтанба!
Не пайда саған, сұқтанып оны жыққанда?
Болмасаң өзің, бола алмадым деп жата бер,
Біреуді соғып, біреуді жығып, шықса алға!,-деп жырлайды [1].
Поэманы оқи отырып, екеуінің арасындағы айнымас достыққа куә боламыз. «Орыс-ша оқымаған, дүние классиктерінің тереңінен қанып ішпеген, күрделі құбылыстарды үстірт білетін, көбінесе ұранға шауып үйренген көр бала жасқа кезінде ақылшы болатын, оның көркем тәрбие көрмеген дөрекілігін асқындырмай тоқтататын, ұстаз керек екен. Сол көр бала мен болдым, сол ұстаз Мұхаң болатын» [2,62]. Рухани ұстаз Мұхтар бойындағы ізгі қасиеттерді ақын тебірене жырлайды. Сырын жасыра алмайтын жарқын, көңіліне күнсіз бұлтты ойлар түсе қалса, достарын іздейтін, үйіне қонаққа барғанда сәл кешігіп қалса, ұрсып алып, артынан барлығын ұмытып, кешірім сұрайтын жайдары мінезін, кейде бір сөйлесе, тоқтамай көсіліп кететіндігін, қыран құстың ұшқанына қараса бір ләззат алатынын, әйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясын жазып жатқан тұста, туынды туралы досының пікірін сұрайтындығын, шаршауды тіпті білмейтін қуатты жан екендігін Әбділдә ақын аса шеберлікпен суреттеген.
1. Тәжібаев Ә.Шығармалар. Бес томдық.-Алматы,1983
2. Тәжібаев Ә. Жылдар, ойлар.-Алматы: Жазушы,1976
3. Аманжолов Қ. «Дариға, сол қыз».- Алматы: «Атамұра», 2002, -43Б
4. Мәуленов С. «Өлеңдер» жинағы.-Алматы:1948.-19Б
5. Есенберлин І. Шығармалар. 10томдық. 5Т.–Алматы,1979
6. Егеубаев А. «Мөлдір тұма».- Алматы: «Жалын», 1977. 37298 бет
7. Қабдолов З. Сөз өнері. –Алматы: Жазушы,1992, -29

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

ЭССЕ
ТАҚЫРЫБЫ: Қазақ поэзиясындағы Әуезов бейнесі

ОРЫНДАҒАН: Жайсаңбаева А.Н.
6М011700 Қазақ тілі мен әдебиеті

ТЕКСЕРГЕН: Тоқсамбаева А.О.
профессор, ф.ғ.к

СЕМЕЙ - 2015
Қазақ поэзиясында белгілі тұлғалар мен тарихи адамдардың бейнесін жырлау үрдісі кеңінен өрістеген. Ақындар қазақ тарихының елеулі оқиғаларын, көрнекті өкілдерін шығармаларына арқау етіп, көлемді поэма нәрлі өлеңдер аясында дамыта жырлаған. Қазақ әдебиетінде тарихи тұлғалар бейнеленген шығармалар мол десек те, М.Әуезовтің бейнесін жасау  бір кісінің, не бір кезеңнің емес, бүкіл бір елдің тарихы, тынысы, өскелең бейнесінің тұтас көрінісі. М.Әуезов заманымыздың заңғар шыңы десек, оның бейнесін жасау ұлт өмірімен, ұлттық ой- санамен үндесіп жатыр.
Туған халқын төрткүл дүниеге мәшһүр еткен ұлы суреткер Мұхтар  Әуезов - кемел ойдың кеніші, кенен сөздің өрісі. Қазақ әдебиетінің барлық жанрына тұңғыш рет қалам тартып, сол арқылы тіліміздің шұрайын, еліміздің шырайын танытқан кемел ойлы кемеңгер жазушы.
Ол талай жер теңселтіп, ел сенделткен әлеуметтік сілкіністердің, қиялды қысыратып, сананы тоқыратқан түбегейлі өзгерістердің жаппай теңдікке ұмтылып, елдікке құлшынған рухани буырқаныстар кезеңі болып, тарих қойнауына аттанғалы отырған жиырмасыншы ғасырмен жарық дүниеге бірге келді. Әуезов өмірі мен еңбегінің халық үшін қаншалықты маңызды екені бізге аян. Ол  ұлттың сана-сезімінің оянуына дәнекер болып, кешегі күннен бүгінгі күнге аман жетуіне себепкер болды. ­
Замандасын, сүйікті жазушысын, үлгі тұтқан ұстазын жырларына арқау еткен ақындар біршама. Олар мүмкіндігінше Әуезов бейнесін өз поэзиясының биік шыңына көтере білді. Әуезов бейнесін өзіндік шығармашылық көркемдік шешім болмысымен суреттеген ақынның бірі -Ә.Тәжібаев. Осы орайда Ә.Тәжібаевтың Өнер иесі өнерді жасай келе сол өнердің машығына жетіледі. Ол дүниені ақынша қабылдаумен бірге олар туралы өзгшелерге де ақынша мәлімдеген болады, [1,23]  деп сөз өнерінің негізгі танымы адам да, эстетикалық мұраты адамзаттың рухани әлемі екеніне осылай сипаттама береді. Мұхтар Әуезовпен достық қарым-қатынаста болған көрнекті ақын Әбділдә Тәжібаев өзінің атақтыПортреттер деп аталатын поэмасының бір бөлімін Әуезовке арнаған. Әрбір шоң  таланттың әрқашан ұлттық мақтаныш болып келетіні ежелден мәлім. Әбділда Мұхтарды алғаш көргенде ол 37 жаста ғана екен. ...Бірақ ол маған ғасырлар бойы жасап келе жатқан, өмірі қартаймайтын адам тәрізді көрінді. Біздер Еңлік -Кебекті, Бәйбіше тоқалды оқығанымыз қашан, ал бұл кісі әлі ақсыз, дақсыз күйінде тұр деймін ішімнен. Жас достары Әлібек пен мен үшін арнайы тілек айтып, тост көтерді. Мінекей, содан бастап Мұхаңмен біз достастық, ол қашан көзін жұмғанша дастархан дәміміз ортақ, ойымыз, мәжілісіміз  ортақ туысқа айналдық. Арзан күліп, жалған сөйлейтін, екі жақынның татулығын қызғанатын, аңдыстыруға, айыруға себеп тапқышқыштар аз ба? Бірақ, үлкен достығымыздың оты қандай тұман қоршаса да жоғалған жоқ. Әсіресе, бұл достықтың маған бергені көп болды деп өнер иесінің бекзат болмысын  ақын Әбділда:
Қарашы, әне, Омарханұлы Мұхтарға,
Емендер ғана осылай өсіп шықпай ма?
Айта қойшы өзің, білмейтін оны жұрт бар ма?
Тимесін көзің, тек, жаным, оған сұқтанба.
Қызығын қара, қызғанбай қара, сұқтанба!
Не пайда саған, сұқтанып оны жыққанда?
Болмасаң өзің, бола алмадым деп жата бер,
Біреуді соғып, біреуді жығып, шықса алға!,-деп жырлайды  [1].
Поэманы оқи отырып, екеуінің арасындағы айнымас достыққа куә боламыз. Орысша оқымаған, дүние классиктерінің тереңінен қанып ішпеген, күрделі құбылыстарды үстірт білетін, көбінесе ұранға шауып үйренген көр бала жасқа кезінде ақылшы болатын, оның көркем тәрбие көрмеген дөрекілігін асқындырмай тоқтататын, ұстаз керек екен. Сол көр бала мен болдым, сол ұстаз Мұхаң болатын [2,62]. Рухани ұстаз Мұхтар бойындағы ізгі қасиеттерді ақын тебірене жырлайды. Сырын жасыра алмайтын жарқын, көңіліне күнсіз бұлтты ойлар түсе қалса, достарын іздейтін, үйіне қонаққа барғанда сәл кешігіп қалса, ұрсып алып, артынан барлығын ұмытып, кешірім сұрайтын жайдары мінезін, кейде бір сөйлесе, тоқтамай көсіліп кететіндігін, қыран құстың ұшқанына қараса бір ләззат алатынын, әйгілі Абай жолы роман-эпопеясын жазып жатқан тұста, туынды туралы досының пікірін сұрайтындығын, шаршауды тіпті білмейтін қуатты жан екендігін Әбділдә ақын аса шеберлікпен суреттеген.
 Мұхтар Әуезов туралы Қатар тізе қосып атты естелігінде поэмадағы кейбір жайттардың жазылуына Мұхтар екеуінің басынан кешірген оқиғаларының арқау болғандығын айтады.
Қазақтың дауылпаз ақыны атанған, өршіл рухты жырларымен халқын қанаттандырған Қасым Аманжоловтың Мұхтар аға деп аталатын арнау өлеңі Мұхтар Әуезов СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болған жылы жазылған. Таланттың танылу процесі ұзақ болғанымен, қалтқысыз мойындалуы, мэтрлер санатына қосылу барысының кешеуілдеуі шындық. Дегенмен ғұлама суреткер Әуезов ол биіктікке тым ерте көтерілді. Ол көзі тірісінде-ақ аңызға айналып кетті. Мың-мың оқырмандарының көңіл іңкәрінің төрінен орын ала білді, талантына табындырды. Қасым Аманжолов өзінің ойын да, бойын да ұлы суреткерге қарап түзегенін жасырмайды.
 Мұхтарды ақындардың ағасына балап, топтан озған жүйрік деп баға береді.
Кеудеңізде алтын ғасыр суреті,
Тұлғаңызға бір қарасын жер беті.
Ұқсын әлем қандай екен жанымыз
Рахмет сізге, дана халық перзенті  [3].
Бұл жыр жолдары арқылы ақын жер беті қазақ халқының бүкіл болмысын Мұхтар Әуезовтің тұлғасы арқылы тани алатынын ақиқат етеді. Бір кездері ғұлама Қ.Сәтбаевтың шетел саясаткерлерінің сұрағына: Менің халқым менен де биік деп жауап бергеніндей, шындығында, Әуезов өз халқының ұлылығын әлемге танытты емес пе? Қасымның арнау өлең арқылы Әуезовтің артынан ерген қазақ баласына ардың ісі болған әдебиет атты әлемде қалайша ықпал жасағандығын біле аламыз. Лирик ақынымыз  Сырбай Мәуленов 1957 жылы жазылған Мұқаңа деген өлеңі Әуезовтің 60 жылдығына арнап шығарылса керек. Ол жазушы парасатын ашу үшін поэзиялық суреттерді кейіпкердің мінез-құлқынан, бітім-болмысынан іздейді.
Биіктеп Алатаудың Талғарындай,
Тереңдеп Атыраудың аңғарындай,
Аңқылдап жомарт көңіл келе жатыр,
Қазақтың даласының аумағындай.
Тәтті сөз тамылжыған таңдайында,
Бұлақтай атқылаған әрдайымда.
Тоғысып толқын ойдың тораптары,
Жатқандай оның жалпақ маңдайында,-деп ой  түйеді. Әрине, Әуезов бейнесін көркем тілде кестелеу үшін ақынға кең құлашты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыраулар поэзиясындағы Абылай хан бейнесінің көрінісі
Жыраулар поэзиясындағы портрет
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ поэзиясындағы ұлттық сипат
Бала - ақыл мен сезім күресінің бейнесі
Абай шығармашылығындағы нәзира дәстүрі
М. Жұмабаев
Абай мұрасындағы әйел бейнесі
Шәкәрім поэтикасы
ХХ басында қазақ жазба әдебиеті
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
Пәндер