ҚР экономикалық өсу себептері,факторлары. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары.Инфляцияға қарсы саясат. Инфляцияның мәні,түрлері. ҚР-ның инфляциялық саясаты



Қазақстан экономикасы - Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышыжәне кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.
Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр.
Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша, Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі болып табылады.
1998-2005 жылдар аралығында ЖІӨ-нің нақты көлемі 1,8 есе артты, ал ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 9,1% болды. 1998-2005 жылдары ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 2,5 есе артты. Қазақстанның ЖІӨ-нің көлемі 2006 жылы 76 млрд. долларға жетті, ол жан басына шаққанда 5,1 мың АҚШ долларын құрайды.
Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі деп танылды. Банк секторы өз дамуында Достастықтың басқа елдерінен айтарлықтай алдыңғы қатарда келеді. Қазақстан банктерінің жиынтық активтері (50 млрд. АҚШ долларынан астам) Украина банктерінің жиынтық активтеріне теңеседі. Қазақстан Шығыс Еуропа елдерінің бірқатарынан алдыңғы қатарда. Қазақстанның капиталы сыртқы нарықта белсенді орын алуда, 2005 жылы бұл көрсеткіш 15 млрд. АҚШ долларына жетті. Қазақстан тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды, сыртқы қолайсыз жағдайларға тәуелділікті төмендетуді қамтамасыз ету үшін бірінші болып Ұлттық қор құрды. 2001 жылдан бастап барлық мұнай түсімдерінің 60% Ұлттық қорда жинақталады. Аталған қордың көлемі 2005 жылдың соңындағы 8 млрд долларға қарағанда, 2006 жылы 14,5 млрд. АҚШ доллары болды. Елдің алтын валюталық қоры Ұлттық қорды қоса есепке алғанда 2006 жылғы 30 қарашада 15,086 млрд. АҚШ долларына дейін өсті.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: ҚР экономикалық өсу себептері,факторлары. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары.Инфляцияға қарсы саясат. Инфляцияның мәні,түрлері. ҚР-ның инфляциялық саясаты.

Орындаған: Нұрланова Б. Н.
Тексерген: Габдуллина Л.Б.

2015 жыл

Қазақстан экономикасы - Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышыжәне кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.
Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр.
Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша, Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі болып табылады.
1998-2005 жылдар аралығында ЖІӨ-нің нақты көлемі 1,8 есе артты, ал ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 9,1% болды. 1998-2005 жылдары ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 2,5 есе артты. Қазақстанның ЖІӨ-нің көлемі 2006 жылы 76 млрд. долларға жетті, ол жан басына шаққанда 5,1 мың АҚШ долларын құрайды.
Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі деп танылды. Банк секторы өз дамуында Достастықтың басқа елдерінен айтарлықтай алдыңғы қатарда келеді. Қазақстан банктерінің жиынтық активтері (50 млрд. АҚШ долларынан астам) Украина банктерінің жиынтық активтеріне теңеседі. Қазақстан Шығыс Еуропа елдерінің бірқатарынан алдыңғы қатарда. Қазақстанның капиталы сыртқы нарықта белсенді орын алуда, 2005 жылы бұл көрсеткіш 15 млрд. АҚШ долларына жетті. Қазақстан тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды, сыртқы қолайсыз жағдайларға тәуелділікті төмендетуді қамтамасыз ету үшін бірінші болып Ұлттық қор құрды. 2001 жылдан бастап барлық мұнай түсімдерінің 60% Ұлттық қорда жинақталады. Аталған қордың көлемі 2005 жылдың соңындағы 8 млрд долларға қарағанда, 2006 жылы 14,5 млрд. АҚШ доллары болды. Елдің алтын валюталық қоры Ұлттық қорды қоса есепке алғанда 2006 жылғы 30 қарашада 15,086 млрд. АҚШ долларына дейін өсті.
2006 жылы Қазақстанның халықаралық қорлары Ұлттық қордың қаржысын қоса алғанда ағымдағы бағамен 29 764,8 млн. АҚШ долларын құрады.
Республика экономикасына 50 млрд. АҚШ долларына жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Қазақстан ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізуде. Мәселен, 2004 жылы сыртқы сауда айналымының көлемі 7 млрд. доллардан астам оң сальдомен 33 млрд. АҚШ долларына жақындап, 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті.
2005 жылғы қаңтар-қараша аралығында Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы ұйымдастырылмаған сауданы қоспағанда 41016,4 млн. АҚШ долларын құрады. Сыртқы сұраныстың және жоғары экспорттық бағалар нәтижесінде экспорт 25197,4 млн. АҚШ доллары болды. Тұрақты ішкі сұраныстың қалыптасуы нәтижесінде импорт 15819 млн. АҚШ долларын құрады.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сыртқы сауда географиясы негізінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен шектелсе, ол қазір айтарлықтай кеңейді. 2004 жылы Қазақстанның тауар айналымы құрылымында бірінші орынға ЕО-қа мүше елдер, Ресей, Швейцария және Қытай шықты.
Республикадағы саяси және экономикалық тұрақтылық, қолайлы инвестициялық жағдай дүние жүзіндегі Қазақстанның жоғары рейтингінің сақталуына ықпал етті.
Жылы
Жалпы ішкі өнім
АҚШ долларының айырбас бағамы
Инфляция индексі
(2000=100)
Жан басына шаққандағы ЖІӨ
(АҚШ деңгейінің % үлесі)
1995
78,014,200
61.11 тенге
64
3.81
2000
102,599,902
142.26 тенге
100
3.53
2005
147,453,000
132.88 тенге
140
9.01
Қазақстан бүгінгі таңда ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Moody's Investors Service, Standard & Poor's и Fitch Rating's Ltd сияқты жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктердің инвестициялық класс рейтингін алды.
2005 жылғы 20 желтоқсанда Fitch Rating's рейтингтік агенттігі Қазақстан Республикасының инвестициялық рейтингін шетел валютасындағы ұзақ мерзімді облигациялар бойынша ВВВ деңгейіне дейін және ұлттық валютадағы ұзық мерзімді облигациялар бойынша ВВВ+ деңгейіне дейін жоғарылатты, сондай-ақ шетелдік валютадағы қысқа мерзімді облигациялар бойынша Ғ3 деңгейін растады. Бұл ретте барлық берілген рейтингтер тұрақты екені болжанып отыр. Осы агенттіктің соңғы есебіне сәйкес, Қазақстанда минералдық ресурстардың қомақты қорының болуы оның экономикалық келешегі зор екенін айқындайды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Бүкіл әлемдік банктің жіктеуі бойынша, кірісі орта деңгейден жоғары елдердің тобына жатады. Тұрмыс сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстырсақ, соңғы 10 жыл ішінде қазақстандықтардың ақшалай табысы орта есеппен 5 есе өсті; орташа айлық жалақы 6 есеге жуық өсті; ең төменгі жалақы 25 есе өсті; ең төмен жалақы мөлшері 25 есе; зейнетақының орташа айлық мөлшері 4,6 есе артты.
2006 жылғы мамырдағы жұмыссыздық деңгейі 7,7% мөлшерінде қалыптасты (2005 жылғы мамырда - 8,2%). Мемлекеттің 2005 жылы тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне бөлінген шығыстары 2003 жылмен салыстырғанда 1,7 еседен астам өсті.
Инфляция (лат. inflatio - қабыну, ісіну) -- бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.
1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқты. Францияда 1784-1794 жылдары революция кезінде өндірілген қағаз ассигнаттар бір жылда 883 есе құнсызданды. Еркін бәсеке кезіндегі капитализм жағдайында инфляцияны соғыс, дағдарыстан, стихиялық апаттар кезінде болатын несие ақшаларының алтынға айрбасталуының тоқтауы кезінде пайда болды.
Инфляция -- бұл кез келген экономикалық даму үлгісіне тән объективті құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады.
Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты:
Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.
Ақшалай емес факторларға: қоғамдык өндірістегі теңсіздікке, шарушылықтың шығындық тетігіне, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде салық саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.
Аталған факторлардың қанат жаюына байланысты инфляцияның екі түрі болады: сұраныс және шығын (ұсыныс) инфляциясы.
Сұраныс инфляциясы төмендегідей факторлардың әсерінен туындайды:
әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда пайдалану қажеттігінен, нәтижесінде ақша баламасы айналыс үшін артық болып қалады;
мемлекеттік бюджет тапшылығы және ішкі қарыздардың өсуі, яғни мемлекеттің қысқа және орта мерзімді міндеттемелерін шығару есебінен бюджет тапшылығын жабу нәтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы артады;
несиелік экспанциялау, яғни елдің орталық банкінің коммерциялық банктер мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын сипаттайды;
импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында тауар айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютанын, эмиссиялануы;
ауыр өнеркәсіп саласына өте көп мөлшерде инвестация жұмсау.
Шығын (ұсыныс) инфляциясы -- бұл баға белгілеу үдерісіне әсер ететін мынадай факторлардың болуымен сипатталады:
еңбек өнімділігінің өсуін азайту және өндірістің құлдырауы;
көрсетілетін қызметтің маңызының артуы;
бір өнім бірлігіне жұмсалатын шығынның өсуінің жеделдетілуі, әсіресе жалақының өсуі;
энергетикалық дағдарыс.
Инфляция жағдайында қағаз ақшалар мыналарға қатысты құнсызданады:
алтынға;
тауар;
шетел валютасына.
Бірінші жағдайда қағаз ақшамен берілетін алтынның нарықтық құны артады. Екінші жағдайда тауарлардың бағасы өседі. Үшінші жағдайда шетел валютасына қатысты ұлттық валютаның бағамы төмендейді.
Инфляцияны төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
Инфляциялық үдерістің сипатына қарай:
ашық инфляция, яғни, бағаға ешқандай да кедергі болмайды, оның еркін өсуі байқалады;
жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатан бақылау жасап отырады;
инфляциялық шок, яғни бір мезетте бірден баға өсіп кетеді.
Таралу орнына қарай:
локальдық инфляция, яғни баға бір ғана елдің шекарасында өседі;
дуниежузілік инфляция, яғни кейбір елдер топтарын немесе барлық ғаламдық экономиканы түгелдей дерлік қамтиды.
Бағаның өсу қарқынына қарай:
баяу инфляция -- баға баяу қарқынмен біртіндеп жылына 10%-ға өседі;
орташа инфляция -- баға тез қарқында жылына 20-дан 200 %-ға дейін өседі, мұндай баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтік зардаптарға шалдықтырады;
ұшқыр инфляция -- баға жылына 500-ден 1000 %-ға дейін және одан жоғары қарқынмен өседі. Ұшқыр инфляция ақша жүйесінің құлдырауына әкеліп соғады. Мұндай жағдайда ақша өзінің атқаратын қызметтерін жоғалта бастайды.
Өнеркәсібі дамыған елдер үшін бірінші түрі тән болса, ал дамушы елдер үшін екінші және үшінші түрлері тән.
Инфляция қарқыны статистикалық көрсеткіш -- тұтыну бағаларының индексі көмегімен анықталады.
Тұтыну бағаларының индексі тауарлар мен қызметтердің түрлерін қамтитын тұтыну қоржыны негізінде анықталады.
Тұтыну бағаларының индексін (ТБИ) есептеуде мынадай формула қолданылады:
ТБИ = (Ағымдағы жылдағы тұтыну қоржынының бағасы) (Базалық жылдағы тұтыну қоржынының бағасы) x 100
Тұтыну бағаларының индексінің үш сандық мәні болуы мүмкін:
баға индексі 100%-ға тең болады, яғни баға өзгермеген болып табылады;
баға индексі 100%-дан жоғары, мысалға 140%-ға тең. Демек, ағымдағы жылдағы бағаны базалықпен салыстырғанда 1,4 есе өскен, яғни ақша инфляциялық құнсызданды;
баға индексі 100%-дан төмен, айталық 80%-ға тең, яғни ағымдағы жылдағы бағаны базалыққа қарағанда 20%-ға төмендеген. Бұл дегеніміз дефляцияның болғанын, яғни баға деңгейінің төмендеуін білдіреді.
Қазақстанда жалпы инфляция және базалық инфляция деңгейі анықталады. Жалпы инфлядияны Үкімет пайдаланса, ал Ұлттық Банк базалық инфляцияны пайдаланады.
Ұлттық Банк Статистика жөніндегі агенттіктен базалық инфляция құрамынан бес түрлі керсеткішті алып тастауды сұрады. Оларға кекөніс, жеміс-жидек, бензин жөне көмір бағалары және коммуналдық қызметтер бағасы жатады.
Инфляцияның тигізетін әлеуметтік-экономикалық салдарларын мынадан көруге болады:
халық топтары, өндіріс аясы, аймақтар, шаруашылық құрылымдары, мемлекет, фирмалар арасында, дебиторлар мен кредиторлар арасында табыстардың қайта бөлінуі;
халықтың, шаруашылық субъектілерінің ақшалай жинақтарының және мемлекеттік бюджет қаражаттарының құнсыздануы;
бағаның әркелкі өсуі нәтижесінде өнеркәсіп салаларындағы пайда нормасының теңсіздігінің артуы және ұдайы өндіріс үдерісіндегі теңсіздіктің орын алуы;
жұмыссыздықтың өсуі;
халық шаруашылығына деген инвестицияның қысқаруы;
амортизациялық қорлардың құнсыздануы;
бағадағы, валютадағы және пайыздағы алып-сатарлық ойындардың ұлғаюы;
көлеңкелі экономиканың белсенді түрде дамуы;
ұлттық валютаның сатып алу қабілетінің төмендеуі;
қоғамның әлеуметтік топтарға белінуі.
Инфляция (Р) мен жұмыссыздық (Q) арасындағы байланысты Филипс қисығынан көруге болады.
Филипс қисығы
Филипс қисығында инфляция орнына бағаны қарастырып, оның жұмыссыздыкқа ықпалын көрсеткен. Бірақ бұл жерде бағаның орнына жалақыны алған дұрыс сияқты. Себебі, жалақы өссе жұмыссыздық азаяды немесе керісінше. Жалақы да инфляцияның пайда болуына ықпал етуші басты фактор. Қазір біздің елімізде Елбасының Жолдауында бюджет мекемелерінін жалақысын көтеру туралы сөз қозғалса болғаны, базардағы тауар бағасы бірден өседі. Бұл дегеніміз жабайы нарықтың көрініс алуын сипаттайды. Әрине базардағы саудагерлер өзінің өнімін сатып отырғандар емес олар алыпсатарлар, олар бағадағы айырмадан күн көрушілер. Оларға ешқандай бақылау жоқ. Сол себепті Қазақстандағы инфляцияға тежеу қою мүмкін болмай отыр.
Жоғарыда аталған инфляцияға ықпал ететін факторлар мен оның әлеуметтік және экономикалық салдарлары оған қарсы саясаттың болуын талап етеді.
Инфляциялық үдерістің жағдайларына байланысты ақша айналысын тұрақтандыру нысандарына: ақша реформасы мен антиинфляциялық саясат жатады.
Ақша реформасы -- ұлттық ақша бірлігін тұрақтандыруға, елдің ақша жүйесін қалыпқа келтіруге және нығайтуға бағытталған ақша айналысында мемлекет тарапынан жүзеге асатын түрлендірулер.
Ақша реформалары төмендегідей әдістер көмегімен жүзеге асырылады:
жаңалау, яғни құнсызданған ақша бірлігін жою туралы және жаңа валюта енгізу туралы хабарлау;
қалыпқа келтіру, яғни ақшаның бұрынғы алтындық құрамын немесе валюталық паритетін қалпына келтіру;
деноминация, яғни нөлдерді қысқарту әдісімен ақшаның номиналдық құнын ірілендіру.
Сонымен қатар, инфляцияға әсер ететін факторларға жауап ретінде басты антиинфляциялық саясаттың мынадай әдістері жұмыс жасайды:
Дефляциялық саясат -- бұл ақша-несие саясаты арқылы ақшаға деген сұранысты шектеуді, салық тетігің қолдану арқылы мемлекеттік шығыстарды азайту, несие үшін пайымт шерін реттеу және ақшамассасын шектеу әдістерінің жиынтығы.
Табыс саясаты -- бағаға және жалақыға бақылау жасау шаралары.
Біздің елімізде бағаға бақылау Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат комитетті арқылы жүргізіледі.
Әлеуметтік мотивтерге байланысты антиинфляциялық саясаттың бұл түрі өте сирек қолданылады.
Индексациялау - ақшаның құнсыздану нәтижесінде болған зиянның орнын толық немесе жартылай толтыру әдісін білдіреді.
Бұл әдіс, 1999 жылы 5 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен еркін өзгермелі ваяюта бағамына өту барысында, АҚШ долларына қатысты теңге бағамының күрт төмендеуінен туындаған (мысалы, 1 АҚШ долларының бағамы 87,5 теңгеден 132,4 теңгеге және одан жоғары көрсеткішке жетті) халықтың екінші деңгейлі банктердегі теңге салымдары бойынша зиянды мемлекеттің қаражаты есебінен қалпына келтіру мақсатында пайдаланылды.
Сонымен қатар осы әдістің көмегімен, бұрынғы КСРО-ның Жинақ банкінде сақталған және 90 жылдардың басындағы орын алған қарқынды инфляцияның салдарынан құнсызданған халықтың жинақтары, қазіргі Халық банкісі арқылы біршама мөлшерде қайта қалпына келтіріліп, кезеңімен қайтарылу жұмыстары жүргізілді. Оның нақты есебіне келсек, мысалға егер сіздің жинақ кассасында 1992 жылға дейін Кеңес дәуірінде жинақтаған 10000 рублің болса, 1992 жылғы рубльдің АҚШ долларға қатысты бағымы 150 рубльге тең болды делік. Сіздің 10000 рубліңізді 150-ге бөліп, оны теңгені қайтару кезеңінде жүргізген (1999 -- 2000 жылдары) бағамы 155-ке көбейту арқылы сізге кешегі кеңестік жинағыңызды қайтарады. Бұл қате есептеу. Дұрыс қайтару үшін депозитке салған күндегі рубльдің долларға қатысты бағамына байланысты қайтару қажет. Ол кездегі 1 АҚШ доллары 0,98 копеекті құрады. Осы бағаммен қайтарса, сол уақыттағы сіздің жинағыңыздың қайтарылған сомасы 10204 АҚШ долларын құрайтын еді.
Инвестиция дегеніміз қаражатты ұзақ мерзімге әр саладағы кәсіпорындарға, кәсіпкерлік жобаларға, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға немесе инновациялық жобаларға құю. Инвестициялар құйылған сәттен бастап ұзақ уақыт өткеннен кейін пайда келтіреді.
Инвестор - бұл өзіндік немесе несиеге алынған немесе басқа жақтан тартылған қаражатты инвестициялық жобаларға құятын заңды немесе жеке тұлға. Инвестор тәуекелдердің аз болуын қалайды. Олар стратегиялық немесе портфельдік инвестор болып бөлінеді.
Инвестициялар төмендегі мақсаттарды шешуге көмектеседі :
Қаржы және материалдық қорларды жинақтау арқылы өз кәсіпкерлік іс-әрекетін кеңейту ;
Жаңа кәсіпорындарды сатып алу ;
Бизнесті жаңа салаларды меңгеру арқылы түрлендіру (диверсификация) .
Барлық инвестицияларды екі негізгі топқа бөлуге болады :
Портфель ді инвестици ялар - қаржыны жобалар тобына құю, мысалы әр түрлі кәсіпорындардың акцияларын сатып алу
Нақты инвестици ялар - қаржы қаражатты нақты, әдетте ұзақ мерзімді және нақты активтерді сатып алуға тиісті жобаға құю
ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ :
Шетелдік
Мемлекеттік
Жеке
Өндірістік
Интеллектуал ды
Бақылайтын
Бақыламайтын
Әрекет ету жағынан қарастырғанда инвестици ялар мына түрлерге бөлінеді :
Алғашқы инвестиции
Кеңейтуге бағытталған и нвестици ялар
Реинвестициялар - кәсіпорынның бос қаражатын жаңа құралдарды сатып алуға бағыттау
Негізгі фондыларды алмастыруға арналған и нвестици ялар
Диверсификацияға бағытталатын и нвестици ялар
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады. Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы ке келешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі - уақыт, ал екіншісі - тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады. Нақтылық инвестиция дегеніміз - шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық , құрылыс) өсуіне , дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады. Қаржылық инвестиция дегеніміз - акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға , облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады. Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік - иелену мерзімі бір жылдан артық;
Инвестор - қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады. Ұлттық инвестор дегеніміз- Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы. Инвестиция дегеніміз - табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады , яғни қаржы үнемі жұмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляция әлеуметтік – экономикалық құбылыс ретінде. ҚР инфляцияға қарсы саясаты
Инфляцияның теориялық негіздері туралы ақпарат
Инфляция және ҚР-дағы инфляцияға қарсы саясат
Инфляция және онымен күрес
Макроэкономикалық көрсеткіштерге статистика мәліметтері. Инфляция,салдары,қарсы саясат. Инвестиция түсінігі,маңызы.ҚР-ғы инвестициялық қызмет сипаты
ҚР-ның негізгі экономикалық өсуі, себептері,факторлары. Инфляцияның әлеуметтік экономикалық салдары және инфляцияға қарсы саясат Инвестицяның мәні мен түрлері
Мемлекетте инфляцияға қарсы саясат жүргізу
ҚР инфляцияға қарсы мемлекеттік саясаты
Инфляцияның даму факторлары мен оның салдары
Инфляция - қолтаңба көп ақшамен кедейлену
Пәндер