Оқушы дағдыларын қалыптастыру жолдары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І тарау. Оқу процесінде қарым-қатынас жасау әдістемесі

1. 1 Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру . . . 23

1. 2. Мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынастары . . . 26

ІІ тарау. Оқушы дағдыларын қалыптастыру

жолдары

2. 1 Оқыту процесінде оқушының іскерлік дағдыларын

қалыптастыру жолдары . . . 30

2. 2 Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың ғылыми

негізі . . . 35

ІІІ тарау. Оқушы іс-әрекетін бақылау әдістемесі

3. 1 Оқу процесінде оқушы еңбегін бақылау тәсілдері . . . 41

3. 2 Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің нәтижесін бақылау және

бақылау . . . 44

Қорытынды . . . 52

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 54

Кіріспе

Тәрбие процесі адамның қоғамдық мәнінің әлеуметтік маңызды сапаларын қылыптастыруға, оның қоғамға, адамдарға, өзі-өзінің қатластырып жасауға және олардың шеңберін кеңейтуге; бағытталады. Адамдың қоғамдық мәнінің, өмірдің түрлі жақтарына қатынасының жүйесі неғүрлым аулақты кез болған сайын, оның рухани жан-дүниесі соғурлым жазирасы, бай болады.

Тәрбиенің мәні-адамның қоғамдық мазмұнын әлеуметтендіріп, оның ұжымымен және қоғаммен практикалық қатынастарының жүйесін құру.

Осыған орай, курстық жұмысында осы мәселелерге тоқтамас отырып тәрбие процестерінің негізі әдістеріне кеңірек педагогикалық сипаттама беруге тырысатын.

Осы тақырыпты ашуда мынадай бірнеше мәселелерді қарастырдық.

1. Адамгершілік қасиеттің қалыптасуындағы тәрбиесінің
және адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-
құлқы мен іс-әрекетін анықтайды.

Адам неғұрлым адамгершілік тұрғысынан бай болған сайын соғұрлым қоғамға қосатын үлесі де соғүрлым молырақ болатыны сөзсіз.

2. Жеке тұрғаның қалыптасуындағы еңбектің рөлі. Адамды
адам еткен еңбек деп бекер айтылмаса керек. Сондықтанда балсаға ерте кезден еңбек тәрбиесін дүрыс үйрету өте маңызды.

3. Жеке тұлға дамуының психологиясының педагогикалық
мәні - баланың ойлау, сөйлеу, сезім сияқты процестерінде бірте-бірте өзгерістер пайда болады. Осының нәтижесінде баланың ақыл-ойы дамуының жаңа кезеңіне көшеді. Осындай келесі мәселелерді талқылай отырып соңғы бойынде теория мен практикасын салыстыра отырып бітірушілік жүмысқа ыждағаттылықпен қарадық.

Бітірушілік жүмысты зерттеу барысында негізгі мән берілген педагогикалық мәселелер, оқушылардағы дамудың психологиясын зерделеу екеніне көзімінді жеткіздік. Сана адамның іс-әрекеті барысында пайда болады. Еңбек және қоғамдық қатынастың нәтижесінде адам өзіне және өзінің іс-әрекетіне қоршаған ортаға жете түсінеді. Оның сана сезім дамиды. Дамудың нәтижесінде адамның сыртқы көріністері байқалады. Оларға өзін-өзі бақылау мен бағалау, намыс, өз қадірін сезу, өздігінен жетілуге талаптану т. б. жатады. Сана сезімнің осындай сыртқы көріністерін мұғалім оқыту және тәрбие беру процесінде психология, мәліметтеріне сүйеніп, еске асып отыру қажет. Өйткені сана мен өзіндік сананың дамуы қоғамдық қатынастардың жүйкесіндегі адам баласының белгілі орын алып тәрбиеленіп, өсіп-жетілуінің қажетті шартты жағдайларының бірі.

Сонымен жекеадамның дамуы дегеніміз оның нерв жүйесіндегі функционалдық мүмкіншіліктерінің, психологиялық процестерінің адамгершілік қасиеттерінің, білімінің көзқарастарының, оқу қабілетінің адам баласы жасаған материалдық және рухани байлықты игерудің және сол байлықты жасаудың даму тарихы.

Баланың дамуына іс-әрекетінің ролі өте зор. Ол дамудың негізі, іс- әрекетінің түрлері: ойын, оқу, қоғамдық пайдалы жұмыстар, көркемөнер, іс-әрекеті, спорі т. б. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты іс-әрекетінің салалары мен бірге олардың мазмұны, ұйымдастыру әдістері мен тәсілдері және мотивтері де өзгеріп отырады. Мұны әр түрлі іс-әрекеттерінің түрлерін байқауға болады.

Мектеп жасыма дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға тән және олардың құмартып кірісетін іс-әрекетінің бір түрі ойын. Ойынның бірнеше түрлері бар. Оларға шығармашылық, ақыл-ой, спорт ойындары т. б. жатады. Ойын балалардың денесін, ақыл-ойын дамытудың сарқылмас көзі. Балалар "дәрігер", "мұғалім", "суретші", "құрылысшы-инженер", "теңіз кенесінің капитаны", "ұшқыш" болып ойлағаинда, олардың бейнесін есіне түсіреді, әр маманның іс-әрекетіне тән ерекшеліктерін өздерінің түсінігі бойынша ескерту рөлін атқаруға талаптанады. Бұл жастағы балалар, әсіресе геолог, теңіз кепесінің капитаны болып ойлауды сүйеді және солардай болуды арман етеді. Мұндай шығармашылық ойындар айналадағы ортаны тануда балардың ой өрісін бірте-бірте дамытады. Ал әр түрлі ойындар мамандыққа бағдар беру түрғысынан қарастырсақ, ойда олар балалар үшін келешек мамандықты танудың беташары болуы да мүмкін.

Ұлы данышпан, философ әл-Фараби "Адам баласына білімнен бүрын тәрбие берілуі қажет, тәрбиесіз берілген білім болашақта жақсы нәтижелерге жеткізбейді" дейді. Данышпанымыздың осы сөзінен-ақ тәрбие процесінің адам қоғамына маңызы зор екенін білуге болады.

Қоғамымыздың өсіп келе жатқан азаматы жеке адамға тән көптеген қасиеттермен саналарды спорт, көркемөнер және іс-әрекетін басқа да түрлі барысымда алады. Іс-әрекеті сипатының өзгеруі, тәрбие процесінде оның мазмұнын, форма ұйымдастыру формасының баюы, соларды басқаруға оқушылардың өзін балаларды тәрбиелеу заңдылықтарының бірі. Егер тәрбие балалардың белгілі бір тәрбие міндеттеріне бағындырылған іс-әрекетін уйымдастыру кезінде құрылған болса, онда ол балалардың дамуын жасайтын ықпалы көбінесе баланы сол іс-әрекетіне түсіріп отырған себептерге байланысты болмақ. Тәрбие тиімділігін артыру үшін балалардың іс-әрекетіндегі жеке және қоғамдық мәні бар себептерді ұйымдастырып отыруға тырысу қажет.

Оқушылардың өзін өзі тәрбиелеу тілегін тудыруға, бұл әлі олардың өзін тәрбиелеудегі белсенді жұмысқа қосқандық болып есептелмейді, өзін-өзі тәрбиелеудің дурыс жолдарын неғұрлым тараған жолын өзін белгілі бір міндеттемелер алып, соның орындауын анық бақылап отыру, өзіне өзі өсеп беру, өзін-өзі тексеру бақылдау формасы болып табылады. Өзіне-өзі есеп беру алғаш жиында өз жолдары алдында, отрыс кеңес мәжілісінде, үйірмеде, одан кейін өзінің алдына өтуі мүмкін.

Өзін-өзі адамгершілікке тәрбиелеуде өзіне-өзі бұйыра білудің мәні зор. Оқушылар өзін-өзі тәрбиелеудің бұл әдісін қызыға қабылдайды және ықыласпен қолданады. Адамгершілік тәрбиесі ұғымсыз процесс, ол адам түғаннан бастап, бүкіл өмір бойы жалғаса береді. Алғаш алып қарағанда, осы ұғымсыз процесте қандай да бір мезеңдерді белгілеуге болмайтын сияқты болып көрінуі мүмкін. Солай бола тұрса да бұл мүмкін және орынды. Педагогика адамгершілік тәрбие үшін түрлі жас кезендерінде мүмкіншілік бірдей болмайтынын көрсетті.

І тарау. Оқу процесінде қарым-қатынас жасау әдістемесі

Оқу жылының соңына қарай балалар сабақта бірлесіп жұмыс істеу жөнінен біраз тәжірибе жинақтайды. Олар енді қажет болған кезде, жалпы оқу құралдары мен кітаптарын пайдалана алады, бір-біріне көмектесіп, өз білімін ортаға сала біледі, олардың бойымда ұжымдық жұмыс түрлеріне деген ұмтылыс пайда болады.

Орыс тілі, оқу, математика және басқа пәндер бойынша оқу материалын меңгеру қазіргі балалар үшін едәуір қиындық туғызады. Сондықтан қажетті ақыл-ой салмағы балаға ауыр, ұнамсыз әсер етпей, күш салудың, "жаңалық ашудың", жаңа, бұрын белгісіз нәрсені түсінудің арқасында қуанышқа бөленетіндей оқу процесін ұйымдастыру талап етіледі.

Оқу, грамматикә және тіл дамыту сабақтары адамдардың қарым-қатынасы туралы балалардың көзқарасын байытуға, оларды қоғамдағы тұрмыс нормаларымен және ережелерімен таныстыруға мүмкіндік береді, баланың еліктеуге тырысатын адамгершілік мұратының қалыптасуына көмектеседі. Табиғаттану сабақтарының енгізілуіне байланысты табиғат оның байлықтары, адамиың табиғатқа көзқарасы екінші класс оқушыларыкың арнайы оқитын пәніне айналып келеді.

Оқуға арналган кітаптарда қазіргі балалардың омірі бейнеленген әңгімелер берілген. Әңгімелердің мазмуны балалардың назарын күнделікті өмірде жақсылық, ілтипаттылық, қамқорлық көрсегуге аударады. Сөйтіп, балалардың басты назарында айналасындағы адамдар достары, жолдастары, ата-аналары болады. Өнегелік мағынасы баланы түсіну сезімін сипатталып отырған оқиғаның тереңіне жеткізуді талап ететіндей әңгімелерге назар аударуға болады. Бірде, сабақта балалардың іс-әрекеті туралы әңгіме болған кезде, оқушылардың бірі: "Егер жаман қылық жасасаң, неге міндетті түрде өзің туралы айтуың керек, ал егер жақсы іс жасасаң, неге үндемеуің керек? Жақсы іс туралы айту үнамдырақ қой"- деп сұрады. Мұғалім бұл сұраққа бірден жауап қайтармады, ол балаларды ойлану мүмкіндігінен, бәлкім, класта болған оқиғаны жаңаша көз алдына елестету мүмкіндігінен айырғысы келмеді. Ол өз мінез-құлқымен балалардың назарын аударған адамдар туралы айтып беруін сұрады. Балалардың әңгімелері, олар басқаларға жақсылық жасап, ол туралы айтпайтын және жақсылық туралы сөйлеп, оны іске асырмайтын адамдардың іс-әрекетіндегі айырмашылықты талдай алмаса да, іштей сезінетінін көрсетті. Екінші класс оқушыларының бәрі бірге нағыз мейірімді адам жақсылықты награда үшін емес, адамдарға басқаша қарай алмайтындықтан жасайды деген қорытындыға келді. Ол әрдайым қарапайым.

Адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында қазақ тілі сабақтарында өткізілетін қысқаша мазмұндаманы пайдалануға болады. Бұл үшін мазмұндамаға арналған әңгіменің тексіне тиісті мінез-қүлық әдісін таңдауды талап ететіндей проблемалық адамгершілік міндетті енгізген жөн. Оқу тапсырмасын орындай отырып, бала адамгершілік көзқарасты қалыптастыруға арналган қажеті материал алады.

Мысалы, екінші класс оқушыларына мынадай әңгімө оқылды; "Жаз мезгілі жетті. Орманда бүлдірген пісті. Үш дос-Орал, Болат, Қасым - үйге бір-бір кәрзеңке піскен жидек әкелуді ұйгарды. Олар орман ішін үзақ аралады. Бүлдіргенге тойып, кәрзеңкелерін толтырды. Конет Қасым қалтасында үйдің кілті жоқ екенін байқады. Бүлдірген терген жерге қайтып барып іздемекші болды. Болат жолдасын аяп, күрсінді де, үйіне кетті. Ал Орал . . . " Тапсырма: Қасым не істеуге тиіс екенін жазу.

Мүғалім осындай текстерді өзі іріктеп, оған мазмұны осы сәтте балалар үшін неғүрлым актуальды болатын тапсырмалар әзірлеп алады.

Балалардың ойлау қызметінің негізгі түрлері сабақтағы жұмыс түрі коллективті болған кезде тезірек әрі жақсы дамиды. I кластағы сияқты II класта да үжыммен құрылған әңгімелер қызықты болады. Бұл жұмыстың барысында балалардың бойында берілген сөйлем варианттарын салыстырып, тәуірлерін таңдай білу қабілеті дамиды.

Математика сабақтарында есеп шығарған кезде бірлесіп жұмыс істеудің әр түрлі варианттары болуы мүмкін, мысалы: 1) есептің шартын өз бетімен оқып шығу. Оның мағынасын, берілген мысалдың арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын сөздерді табу. Тапсырманың осы бөлігін олардың әрқайсысы дұрыс шешкен-шешпегені туралы өзара кеңесу; 2) есепті өз бетімен шығарып, одан кейін орындалған жұмысты өзара тексеру және жолдасы орындаған жүмысқа ауызша баға беру; 3) жолдасы ойлап тапқан есепке сұрақ қоя білу. Есептің кез келген шартына математикалық мәні жағынан әр түрлі бірнеше сұрақ қойылуы мүмкін екеніне балалардың назары аударылады; 4) тақтаға жазылган схема бойынша есеп мынадай саты бойынша жасалады; а) компоненттердің арасындағы байланыс белгіленеді; ә) математикалық ұғымдар арқылы есептің құрамдас бөліктерінің арасындағы байланыс анықталады; б) ессптің мазмұны анықталады. Ұжыммен құрылған бөлшектерден тұтас есеп жасалып, ол класта өз бетімен шығаруға ұсынылады.

Табиғаттану жөніндегі пән сабақтары балалардың белсенді қарым-қатынасына байланысты болады.

Үйлестіріліп берілетін материалмен жұмыс істеу бір партада отыратын балалардың зерттелетін заттарды бірлесіп қарауына, салыстыруына, бейнелеуіне мүмкіндік береді. Бұл балалардың оқу пәніне деген назарын күшейте түсуге және олардың тату, жолдастық қарым-қатынасын нығайтуға көмектеседі.

Мысалы, «Бөлме өсімдіктері» деген тақырып бойынша сабақ өткізген кезде класты төрт-төрт адамнан топтарға бөлуге болады. Балалар өсімдіктерді күтіп-баптау жөніндегі міндеттерді топ мүшілерінің арасында өздері бөледі: бірі топырақ қопсытады, екіншісі сарғайған жапырақтарды үзеді, құрғақ бұтақтарды кесіп тастайды, үшіншісі суарады; төртіншісі өсімдіктің аты жазылған белгі жасайды. Топтарда әр түрлі оқушылар кезекпен ұйымдастырушы болуға тиіс. Жұмысты қабылдап, талдау жасаған кезде мұғалім орындалған тапсырманың сапасым ғана емес, сонымен бірге жұмыс барысында қалыптасқан өзара адамгершілік қарым-қатынасты да бағалап өтеді. Сөйтіп, балалар бүкіл ұжыммен табысы әркімнің істеген жұмысына байланысты екеніне тағы да көз жеткізеді. Олар өзінің ғана жақсы жұмыс істеуін жеткіліксіз, жолдасың да сондай жақсы жұмыс істеуі керек, демек, оған дер кезінде көмек көрсету керек екенін түсінеді.

Топтық тапсырмаларды ұйымдастыру және оларды сабақта орындау оқушылардың бірлескен қызметі кезінде ұзақ уақыт бойы топтасып араласуына және коллективтік. сыннан өтуіне мүмкіндік береді.

Жалпы жұмыс үшін топтар құра отырып, балалардың арасындағы жолдастық байланысты, олардың өзара қарым-қатынасын, бірлесіп жұмыс істеуге балалардың әзірлік дәрежесін ескеру қажет. Бірлесіп жұмыс істеуге дағдыланбаған бала ондай жұмысқа дағдыланған балалармен ынтымақтасып жұмыс істейді. Егер класта ұжымдық жұмысқа әзірленбеген балалар көп болса, педагог бүкіл класты топқа бөлуге асықпауға тиіс. Ол балалардың жұмысын мұқият қадағалауға мүмкіндік алу, оларды бірлесіп жұмыс істеуге, әркімнің еңбегін бағалай білуге үйрету үшін алдымен бір топқа, одан кейін екінші топқа тапсырма береді. Пәндік сабақтардағы ойластырылып құрылгаи топтар балалардың бір-біріне адамгершілік игі ықпал жасауының, олардың арасында өзара дұрыс қарым-қатынас қалыптасуының пәрменді құралы бола алады.

Балалардың сөйлеу қабілетін дамыту барлық сабақтарда болатын процесс - бұл мұғалімнің назарында болатын ерекшө обьект. Балалардың сабақта да, сондай-ақ сабақтан тыс уақытта да араласу сарыны көбінесе сөйлеу мәдениетіне байланысты болады. Кейбір балалар өз жолдастарына әр түрлі жалған тағып, дөрекі сөздерді қолданады, қатты сөйлейді немесе заңды талаптарын жоғары сарынмен қояды. Жолдастарына көзқарасын білдірудің осындай сыртқы түрі көбінесе қарым-қатынастың мазмұндық жағын анықтайды. Мұғалім балалардың өзара араласу сарынын қадағалауға және қажет болған жағдайда оны алға қойлыған тәрбиелік міндеттерге байланысты өзгертіп отыруға тиіс. Балалар ұжымында "сыйластық сарыны" басым болса, онда жеке адамның өзара адамгершілік қарым-қатынасы мен қасиетті неғұрлым тезірек әрі оңайырақ қалыптасады.

Сабақта бәрі мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі. Сабақтағы балалардың өзара қарым-қатынасының сипаты көбінесе мұғалімнің жеке өзіне өзінің балалық шағын еске түсіру, баланың кездесоқ жасаған қылықтарын байқамағанси білу, балалармен бірге қуанып, бірге ренжи білу, олардың мүддесімен өмір сүре білу қабілетіне байланысты болады. Мұндай реттерде бала өзінің жақындығын сезініп, класта жолдастарына мұғалім сиқяты қарауға тырысады. Мұндай жағдайда бала мұғалімнің тарапынан, одан кейін кластас жолдастарының тарапынан да демеуді сезінеді. Бұл оның адамгершілік жағынан дамуы үшін де жағдай туғызады.

II класта балалар бірін-бірі жақсы біледі және жолдастық қарым-қатынастан басқа, олардың арасында ынтымақтық пайда болады. Мұғалім оқуға арналган текстерді пайдалана отырып, нағыз жолдастық пен шынайы достық туралы, бұл үшін қажетті қасиеттер (кішіпейілділік, қайырымдылық, әділеттілік және өзара көмек) туралы балалалрдың көзқарасын кеңейтіп, нағыз достыққа не кедергі келтіретінін оларға көрсете алады. К. Д. Ушинекий; " . . . шығармада келтірілген адамгершілік іс-әрекетті, адамгершілік сезімді, адамгершілік ойды сүюге баланы итермелейтін әдеби шығарма өнегелі шығарма" - деп жазған.

Оқу үшін көркем шығармалар таңдау олардың негізінде екінші класс оқушыларының өзара қарым-қатынасында адамгершілік мәдениетін дамытуға болатындай етіп жүзеге асырылады. Әдеби шығармаларды оқи отырып, балалар адамдардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін, іс-әрекеттің болу себебін ажырата білуге, игі істің әдемілігін сезінуге, бұзақылықты, мейірімсіздікті айыптауға үйренеді.

Ұсынылған шығармаларды талқылауға арналған сұрақтар балалардың кейіпкер іс-әрекетін түсінуін бағалай білуін тереңдетеді. Осы шығармалардың негізінде өткізілетін этикалық әңгімелер, егер олар баланың жақын туыстарымен, жолдастарымен қарым-қатынасына байланысты болса, егер мұғалім адамның халық, Отан, табиғат дүниесі алдындағы жауапкершілігі туралы мәселе көтерсе, әдетте. балаларды
өте қызықтырады. Сөйтіп, балалардың алдына қойылған мәселелерді коллективтік түрде шешу адамгершілік көріністерді анықтауға ғана емес, сонымен қатар балалардың өмір тәжірибесін кеңейтуге де жәрдемдеседі. Әңгіме кезінде мұғалім практикалық істерді ұйымдастыру туралы балалармен міндетті түрде сөйлесуге тиіс.

Оқи отырып және оқылған материал бойынша әңгіме өткізе келе, балалар бірте-бірте адамдардың ісі мен әрекетін өнегелік жағын ажырата білуге, адамгершілік норма тарапынана тәртіпті бағалай білуге үйренеді. Балалардың назарын игі көріністерге ғана емес, жаман көріністерге де аударып отыру, оларды әділетсіздікке, қаталдыққа, арамдыққа қарсы күресуге ынталандыру өте маңызды. Әдеби шығармадағы кейіпкердің мінез-құлқын екінші класс оқушысы көбінесе үлгі тұтады, ол арқылы бала жолдастары мен өзінің іс-әрекетіне баға береді.

Тәрбиелік жағынан баланы әңгімеде, өртегіде, өлеңде келтірілген "адамгершілік проблемамен" қызықтыру өте маңызды. Осыған байланысты мұғалімнің мәнерлеп оқуы үлкен роль атқарады, баланың шығарманы ұғыну қабілеті көбінесе осыған қатысты болады.

Мәселелердің бағыттылығы, оқылған шығарманы талқылау қорытындысы бала сезімім оятардай "проблемалы" болуға тиіс. Бұл - екінші класс оқушылары мұғалімнің басшылығымен алға қойылған мәселені өздері шешуге, шешімді дайын түрінде шығармай, ереже жасауға тиіс деген сөз. Шығарманы талқылау баланың білімі мен сезімінің бірлігін қамтамасыз етуге тиіс, сабақта оқыған материал баланы толғандыратындай жағдай тудыруы тиіс.

II класта оқуға арналған әдеби шығармалар төрт бөлімге топтастырылып берілген: адамның асыл мұраты, "Мейірімділік пен қайырымдылық туралы", "Жолдастық пен достық туралы", "Тіршілік атаулыны сүйе біл".

Кластың ерекшелігіне қарай мұғалім тексті іріктеп пайдалануы, адамдардың адамгершілік сезімі, түсінігі мен іс-әрекеті туралы баяндайтын басқа әңгімелер таңдауы мүмкім.

Төменгі класс оқушыларын еңбек қызметіне тәрбиелеуде елімізде жасалып жатқан зкономикалық және әлеуметтік өзгерістер туралы білімдерді жинақтаумен тығыз байланыста жүзеге асыру қажет. Балаларға түсінікті материал арқылы мұғалім оқушыларды еңбекшілерінің алдағы міндеттерімен таныстырады, жалпыхалықтық құрылыстардың маңызы туралы айтады.

Төменгі жастағы оқушылармен «сана», «үнем» «рационализатор-лық», "тиімділік" синяқты ұғымдарды қалыптастыру жөнінде де жүұыс жүргізіп отыру керек. Бұл ұғымдар еңбек процесінде және оның натижелеріне, меншікке, табиғатқа деген көзқарасты анықтайды. ІІ класта мұғалімдер "сапа" және "үнем" деген ұғымдарды терең түсіндіру жұмысын жүргізеді.

Мәселен, балалар чертеж бойынша машина моделін әзірлеуді үйренеді. Модель оқушыларға көрсетіледі, оның негізгі бөлшектері қағазда бейнелену реті белгіленеді, ірі бөлшектерінің жазықтықта бейнелену сипаты анықталады. Мұғалім түсіндіру барысында қандай шартты сақтаған кезде уақыт пен күшті аз жұмсап, сапасы өте жақсы зат жасауға болатынын еске түсіруге көмектеседі. "Сапа" ұғымын түсінудің келесі кезеңі-заттарға баға беру. Баға беру үшін таңдалып алынған қадағалау тобы (әдетте ол үш адамнан тұрады) заттарды үш топқа бөледі: үлгіге сәйкес келеді, ауытқушылық бар, затта өрескел қателер бар. Заттарға ауызша баға беріледі. Еңбек нәтижелерін таңдау тез өтеді, заттың авторы әдетте аталмайды, әңгіме еңбек нәтижелері жайында болады. Балаларды бақылау зат авторларының фамилиялары аталмаса да, әрбір бала өз үлгісінің бағасын қадағалап, табысына қуанатынын немесе сәтсіздігіне ренжитінін көрсетеді. Еңбегінің нәтижесін ұжым мадақтап, еңбек қуанышын сезінген бала іштей күш-қуат алып, еңбек процесінен тағы да қуанышқа бөленсем деген ішкі ниеті пайда болады. Бұл бала бойынша адамдық қасиетті қалыптастыратын, оны парасатты және адамгершілікті түрде жетілдіретін бала еңбегінің екінші "рухани' нәтижесі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру
Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысын қалыптастыру әдiстемесi
Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері
Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдыларын жетілдіруде интерактивті әдістерді қолдану әдістемесінің теориялық негіздерін зерделеу, әдістемесін жасау
Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастыруда жобалау әдісін қолдану
Оқушылардың өздік орындайтын жұмыстарына жалпы сипаттама
Білім алушылардың эксперименттік жұмысындағы проблемалық оқыту технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz