Психология табиғи және гуманитарлы ғылым ретінде


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім жәнә ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы Семей қаласының мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Психология табиғи және гуманитарлы ғылым ретінде.

Тексерген: Едігенова А. Ж.

Орындаған Амирбаева Д. А.

2015- оқу жылы.

Психология табиғи және гуманитарлы ғылым ретінде.

Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты - психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.

Психология ғылым

Психологиялық лабораторияларды жарату бұл методологияға сүйенген адамдарға психологиялық ғылым расында бар нәрсе екендігін тұжырымдайды. Бұл көзқарас мына зерттеу методологиясына сүйенеді:

  1. Гипотезаларды ұсыну
  2. Тәжірибе немесе бақылау
  3. Гипотезаларды түзету, растау немесе қабылдамай тастау
  4. Қорытындылау және бірінші кезеңге қайта өту

Осылай психология статистикалық қайта өндіре алатындай нәтижелерге тіреле алады.

Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар көпшілігімізге өз тәжірибиемізды жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сиақтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми түрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жаткан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция. «Психология» термині гректіқ екі сөзінен тұрады: оның біріншісі - «псюхе» (жан), екіншісі - «логос» (сез, ілім) . Сөйтіп, бұл сөз «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді. Бірақ психологияны «жан туралы ілім» демей, психика туралы ғылым деп түсінген дұрыс. Психология ерте уақыттан келе жатқан ғылымдардың бірі болғанмен, адамның күнделікті қажетін өтеуге оның пайдасы өте аз тиіп келді. Өйткені, сол кездегі көпшілік зерттеулердің философиялық негізі ғылыми жағынан дәйексіз болды да өмірден алшақ мәселелерді сөз етті. Психологияда шын мәнісіндегі ғылыми-зерттеулер тек үстіміздегі ғасырда ғана көріне бастады.

Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша адамда тәуслсіз «жан» болады, мәңгі-бақи жасайтын жан адамның барлық психикалык тіршілігінің (ойынын, сезімініқң, еркінін) иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашкы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды. «Психикалык қүбылыстарды» төл тілімізде «жан қуаттәры» деп алған макұл. Әл-Фараби, Абай еңбектерінде де осылай алынған. Әйтседе ретті жерінде «психика» терминін де қолданған артық болмайды. Олар дуыиеде табнғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын ерекше бір сикырлы куш бар, ал жан болатын болса, еоның бір көрінісі, уйқы кезінде ол денеден уа-кытша ріығып кетеді де, адам оянған кезде кайтып ке-леді, егер келмей калса, адам өледі деп түжырымдадьі Жан туралы осындай акимистік (барлық нәрседе де жан бар дейтін түсінік) пікірлер кейбір тайпалардың ара-сында күні бүгінге дейін кездеседі. Мәселен, Лусан аралының (Филипиин) тұрғындары тағалдар ұйықтап жатқан адамды еш уақытта оятпайды. Өйткені олар ұйқы кезінде адамның жаны басқа жақта жүреді депді. Тасманиялықтардың тілінде жан мен көлеңкенің үғымы бір сөзбен беріледі, өйткені олардың ойынша жан мен көлеңке бір іспеттес нәрсе. Либипон тайпасының индеецтері «доакаль» деген сөз арқылы көлеңкенің, жанның, дыбыс берудің, үғымын береді. Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердің пайда болуы адамдардың өздерінік дене құрылысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде, яғни жан мен тәннің толысуы бір-бірінен байланысын дұрыс ажырата алмай жан өлгеннен кейін денеден шығып кететін, мәңгі бақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың нәтижесі еді.

Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі - шамамен 2500 жылға созылған, көш басы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы түрлі ой пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе философиямен қосақтаса дамып келеді. Оның екінші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В. Вундт (1832-1920) Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, мұның дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды.

Қолданған әдебиеттер:

1 Т. Тәжібаев «Жалпы психология» Алматы 1993 ж

2 Қ. Жарықбаев «Жалпы психология» Алматы 2003 ж

3 Маклаков, А. Г. Общая психология: учебник для вузов / А. Г. Маклаков. -Питер, 2007

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психология пән ретінде. XIX ғ. 60 жылдары мен қазіргі уақыт
Корпоративті мәдениет
Психология табиғи және гуманитарлық ғылым саласы ретінде
Ғылым және білім жүйесіндегі қазіргі жастар
Психология табиғи және гуманитарлық ғылым ретінде жайлы
Эксперименталды психология курсының пәні мен міндеттері
Шет тілдерін оқыту әдістемелік ғылым ретінде
Эксперименталды психология. ДӘРІСТІК КЕШЕН
Білім беру әлеуметтануы пәнінің қарастырылатын мәселелердің ауқымы
Әлеуметтік психологияның мақсаты мен міндеттері жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz