Күрделі қаржы бюджетін оңтайландыру


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті
Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті
ОӨЖ
Тақырыбы : Күрделі қаржы бюджетін оңтайландыру
ОРЫНДАҒАН : Теміртасова И. Т.
ТОП : ФН-207
ТЕКСЕРГЕН : Курманбекова Г. А
Семей қаласы
2015 жыл
Күрделі қаржы бюджетін оңтайландыру
1. Инвестициялық мүмкіншіліктердің графигі
2. Күрделі жұмсалымының оңтайлы бюджетін қалыптастыру
Кіріспе
Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.
Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды фкункциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асады.
Қаржылық жоспарлауда мына тәсілдемелер пайдаланылады:
- автоматтық
- статистикалық
- нөлдік база тәсілдемесі
Жоспарлау кезеңдеріне қарай (жоспарлау кезеңі жоспар жасалатын және оның жүзеге асырылатын уақыт аралығы) ерекшеленеді:
- оперативті жоспарлау-бір жылға дейінгі кезеңге жасалады;
- тактикалық (орта мерзімді) жоспарлау-бір жылдан үш жылға дейінгі кезеңді қамтиды;
- стратегиялық (ұзақ мерзімді) жоспарлау-үш жылдан аса көп кезеңге арналған;
Стратегиялық жоспар 10-15 жылға арналып жасалады және экономикады құрылымдық қайта құруды жүзеге асырудың кезеңдерін, стратегиясын, мақсатын, артықшылықтарын анықтайды. Стратегиялық жоспар мына тараулардан тұрады:
1. Әлеуметтік-экономикалық жағдайларды талдау
2. Әлеуметтік-экономикалық дамудың тұжырымдамасы
3. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
4. Ұлттық бағдарламалар
Стратегиялық жоспар ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларды талдауға, жобалау есептері мен сараптау бағаларына негізделеді, ол мыналарды анықтайды:
-дамудың мақсаты және перспективті мүдделерінің жүйесі
-халық шаруашылығының басты, басым бағыттары және оны жүзеге асыру кезеңдері
-экономикалық өсудің мүмкін қарқыны және макроэкономикалық үйлесімділіктер
-экономикадағы құрылымдық өзгерістер
-ресурс потенциялы, оны қолдану бағыттары мен тиімділігі
-ішкі және сыртқы экономикалық саясаттың негізгі бағыттары
-шаруашылық жүйесіндегі негізгі институттық қайта құрулар.
1. Бюджеттік қор - ол құндық үлестірудің белгілі сатыларын өткен және кеңейтілген ұдайы өндіріс бойынша қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін халықты әлеуметтік - мәдени қамтамасыз ету үшін, қорғаныс және басқару үшін мемлекетке түскен қоғамдық өнімнің және ұлттық табыстың бөлігінің объективті шартталған қозғалысының формасы. Бюджеттік қордың құрылуы және пайдалануы оның бөлінуі мен қайта бөлінуіне байланысты күн қозғалысының процесін көрсетеді.
Бюджеттің мәні мен маңызы оның қызметтерінде анағұрлым айқын байқалады. Оның ең бастылары мыналар:
ұлттық табыстар қайта бөлу;
қоғамдық ұдайы өндіріске араласу;
мемлекеттік әлеуметтік саясатты жүргізу;
монополиялық пайданы жүзеге асыру.
Бюджеттік механизм бұл мемлекеттің ақшалай құралдарының орталықтандырылған қорының құрылуы және пайдалану әдістері мен формаларының принциптерінің жиынтығы. Бюджеттің кірістерін және шығыстарын бөлудің бұрыннан келе жатқан әдістері бар. Кірістік түсімдер өздерінің қалыптасу кезеңінде 2 әдіспен жүзеге асады: салықтарды бекіту, салықтарды үлес бойынша бөлу. Ал шығыстары тек бір әдіспен ғана қалыптасады: атқаратын қызметіне қарай шығыстарды бекіту. Жүйелік талдау және математикалық модельдеудің көмегімен бюджетті қалыптастырудың тиімді шешімін табуға болады.
Қалыптасу жүйесінің буындары мен элементтері өзара байланысты кешендік пайдаланумен сипатталады. Атқаратын қызметіне қарай шығыстарды бөлу сұрағын шешу үшін, алдымен, шығындар мен қызмет көрсетулерді қаржыландыру бойынша әр түрлі мемлекеттік қызметтердің орындалуы мәселесін өкіметтің қай деңгейі шешу керек екендігін анықтап алу қажет. Шығыстық қызметтерді бөлудің басты мақсаты - мемлекеттік қызметтердің тиімділігін қамтамасыз ету және атқаратын қызметтеріне қарай шығыстарды орындай алатын өкіметтің төменгі деңгейіне бекіту. Осы мақсаттың орындалуы түрғындардың әлеуметтік - мәдени қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты және өндірістік емес инфрақұрылымның (білім беру, денсаулық сақтау, түрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жергілікті жолдар, қоғамдық көлік, қоршаған ортаны қорғау, әл-ауқатын жақсарту және т. б) қызметін атқаруын қамтамасыз ететін шығыстар жергілікті басқару деңгейіне тапсыруды көздеп отыр.
Аймақтардың инновациялық әлуетін талдау үшін Қазақстанда шаруашылық жүргізудің объективті шарттарымен, ресурстық-өндірістік әлеуетімен, мамандануымен және шешілетін мәселелер сипатымен ерекшеленетін аймақтарды төрт топқа бөлінуі негізінде, ҚР Экономика институтымен ұсынылған үлгіні алуға болады.
І топ - жоғарғы технологияны талап ететін, өндіріс үшін қолайлы экономикалық шарттары және жоғары ғылыми-техникалық әлуеті бар облыстар. Бұл аймақтар технико-технологиялық озып кетуінде басты сүйеніш болатын, яғни қоғамдық-экономикалық даму үшін жоғары бастапқы деңгейі бар Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары жатады.
ІІ топ - стратегиялық сипаттағы табиғи минералды ресурс қорлары бар және ғылыми-өндірістік әлеуеттің дамуында жоғарғы деңгейдегі облыстар. Бұл аймақтар тобында халық шаруашылығының салалық құрылымы рационалды емес, минералды шикізаттың қазу және өңдеу бойынша салалар абсолютті үстем, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстары жатады.
ІІІ топ - еліміздегі сауда әлуетінде басты орын алатын индустриалды Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Көкшетау, Оңтүстік Қазақстан, Талдықорған, Батыс Қазақстан, Алматы облыстары жатады.
IV топ - рационалды емес салалық құрылымды, экономикалық бейімсіз мүмкіншіліктері шектелген экстремалды технико-технологиялық шарттарымен сипатталатын облыстар және дағдарыс аудандары жатады.
Сонымен, аймақтардың ғылыми-техникалық дамуы үшін бастапқы шарттары әр түрлі, бірақ бұл жағдайлар қоғамдық-экономикалық даму стратегиясының таңдау жолдарын дифференциаланған ізденістермен шартталады.
Жоғарғы ғылыми-өндірістік әлуетті аймақтарға - Солтүстік және Орталық Қазақстан, орташа - Батыс және Шығыс Қазақстан және ең төмен - Оңтүстік Қазақстан аймақтары жатады. Сондықтан, Солтүстік және Орталық Қазақстан кәсіпорындарын инновациялық даму үлгісін өңдеу үшін полигон ретінде таңдау толық мүмкін. Бұл жерлерде индустриалды кешеннің басты салалары, қалыпты ғылыми-өндірістік потенциал, біліктілігі жоғары инженерлік-техникалық әлеует шоғырланған.
Жалпы, аймақтардың экономикалық дамуы және нарықтық трансформация үрдістері құрылымдық-инвестициялық үрдістер деформациясымен, сонымен қатар аймақтардың өзін-өзі қаржыландыру мүмкіншіліктер негізінде қалыптасады [249, С. 70-73] .
Жаңа енгізулерде және өндіріс қарқынында кластерге кіретін фирмалар сатып алушылар қажеттіліктеріне сәйкес және тезірек жауап беруге икемдірек келеді (1 сурет) .
Ал кластер құрамындағы фирма мен сатып алушылардың ағымдағы қажеттіліктеріне келетін болсақ, онда олар сатып алушылардың қажеттіліктерін білетін және олармен тұрақты қарым-қатынаста болатын компаниялар шоғырынан, ұқсас салалардағы фирмалардан, ақпарат жинаудың мамандандырылған құрылымдар шоғырынан пайда алады. Бұл фирмалар тұтынушылық сұраныс тенденцияларын өздеріне бәсекелес фирмаларға қарағанда тезірек анықтайды. Мысалы, Силикон алқабында компьютерлік компаниялар тапсырыс берушілердің қажеттіліктері мен талғамын тез және тиімді анықтайды, олармен бұл қатынаста ешкім жарыса алмайды.
Кластерге қатысу жаңа технологияларға қол жеткізуге, жұмыс әдістеріне және тауарды жеткізуді жүргізу мүмкіншіліктеріне артықшылық береді. Кластерге кіретін фирмалар технология прогресі туралы, жаңа компонеттер мен жабдықтарға қол жеткізу туралы, маркетинг пен қызмет көрсетудің жаңа тұжырымдамалары туралы ақпараттарымен жабдықталады. Өйткені бұл міндеттер кластердің басқа мүшелерінің қатынасымен жеңілдетіледі. Бұған қарама-қарсы жағдай, жекелеген фирманың ақпаратқа жолы болмағандықтан, ол көбірек шығынданады және ол өзінің құрылымы шеңберінде жаңа ақпаратқа жету үшін қосымша қаражат шығарады. Инновацияның мүмкіндіктері үшін кластердің артықшылығы өте зор. Себебі ол нақты қажеттілікте тез жауап тауып алып қимылдауға мүмкіндік береді.
Сурет 1- Аймақтағы технологиялық кластердің құрылу формасы
Шығыс Қазақстан облысының миссиясы минералды ресурстарды терең қайта өңдеу, машина жасау және металл өңдеу өнімдерімен қамтамасыз ету арқылы елдің экспорттық әлеуетін әртараптандыру негізінде оң нәтежилерге қол жеткізу болып табылады. Облыс экономикасының негізі түсті металлургия болып табылатын ИСО - 9000 халықаралық стандартына сәйкес, цинктің, қорғасынның және мыстық концентраттарын, титанның губкасын, атомдық реакторлар үшін отынның, бериллийдің, необийдің, танталдың, сирек жерлік элементтердің экспорттық өнімдерін мүмкіншілігін арттыру болып табылады. Облыста орналасқан 10 ірі және орташа машина жасау кәсіпорындарында жоғары қосымша құн өнімінің үлесін арттыру мақсатында модернизациялау және техникалық қайта қаруландыру үрдістерін жүргізу қажет. Сонымен қатар экспорттық металдар гаммасын шығаратын ғылыми сиымды салаларды құру мәселелері қарастырылуы қажет.
Мұнайдың болжаулық қорлары бойынша бесінші орын алатын, хромит рудасының, тас тұздардың, кобальт, никельдің және т. б. ірі қорлары бар Батыс Қазақстанның республиканың индустриалды-инновациялық дамуында рөлі жоғары. Сондықтан, басымдық негіздегі міндеттер төмендегідей:
- мұнай мен газды өндіру;
- комплекстік қайта өңдеудің жаңа технологияларын енгізу;
- мұнай-химия саласын дамыту;
- аймақтық индустриалды-инновациялық қызметті қалыптастыру және
дамыту;
- инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін жоғары дамыған
инфрақұрылымды құру;
- көмір-сутегі шикізатын тасымалдау және өндірудің интенсивті артуымен байланысты қоршаған ортаны қорғау;
Үлкен аймақтарда табиғи ресурстардың тең бөлінбеуі, кейбір аймақтардың әлеуетінің әлсіздігі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында белгілі бір мәселелер туғызады. Қорытындысында, республикалық және аймақтық билік, жаңа индустриялық саясатты қолдана отырып, аймақаралық шаруашылықты және ғылыми-техникалық байланыс пен құрылымдықтың қалыптасуы негізінде экономикалық элеуетті дамытуға үлкен мумкіншіліктер бар.
Пайда болған даму институттары, инвестициялық және инновациялық қорлар аймақтың әлеуетін әрі қарай толық пайдалануына және дамуына, қаржылық ресурстар көздерінің, отын-энергетикалық ресурстар экспортының табысынан, жоғары технологиялық өнім өндірісінен түскен табысқа біртіндеп орналасуына көмектеседі.
Қазіргі заманғы технологияның негізінде аймақтардың экономикасын қайта қалыптастыру, біріншіден, экономикалық дамудағы басымдық бағыттарды анықтайды, ал ол жоғарыда көрсетілген әлеуметтік-экономикалық жүйе территориясының сапа көрсеткіштерін дамытады. Талдау негізінде өндірістік инфрақұрылымды территориялық ұйымдастыру деңгейі экономиканың сыртқы нарыққа шығу үрдісінде бірінші топ облыстарына кері әсерін тигізетіні анықталды. Эксперттердің баға беруі бойынша, аймақтарда жұмыс істейтін кәсіпорындардың шикізат базасы 10-15 жылға жетеді. Дәл осындай жағдайда «өмір сүруді ұзартатын» ғалымдардың көмегі қажет. Сонда кәсіпорындардың шикізатты өндіріп қана қоймай терең, кешенді өндірісті қолдануды және ғылымды қажет ететін, техногенді шикізатпен жұмыс істейтін өндірістерді ұйымдастырыу қажет. Бұл мәселелер өте маңызды, олар әрбір аймақта, әрбір қаланы қалыптастыратын индустрияларда жүйелі түрде шешілуі керек. Индустриалды-инновациялық қызмет территориялық басқаруға сай келеді. Шет елдерде инновациялық кіші фирмалардың саны 20 % айналысында.
2. Күрделі жұмсалымының оңтайлы бюджетін қалыптастыру .
Индустриалды-инновациялық қызметтің кіші фирмалар арқылы таралуы тиімді болып табылып отыр. Олардың түрлері жеке фирманың спецификасына тән. Сондықтан, кіші бизнесті ынталандыру аймақтық саясаттың тетіктеріне жатады.
Мысал келтірсем, 2015 жылдың қаңтар-мамыр айларында меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар негізгі капиталға 33 716, 9 млн. теңгенің күрделі қаржысын салып, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 63, 2 пайызды құрады. Облыстағы үлесі 58% пайыз.
Қаржының 3270, 4 млн. теңгесі (9, 7%) республикалық бюджет қаржысы есебінен, 1020, 4 млн. теңгесі (3, 0%) жергілікті бюджет есебінен, 27634, 8 млн. теңгесі (82, 0%) жеке қаражаты, 1791, 3 млн. теңгесі (5, 3 %) қарыз қаражаты есебінен игерілді.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 10 146, 7 млн. теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 87, 8 пайызды құрады. Облыста атқарылған құрылыс жұмыстарының 54, 1 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде.
Қаржыландырудың барлық көздері есебінен 2015 жылдың 1 маусымына жалпы ауданы 100 974 шаршы метр, оның ішінде мемлекеттік меншік қаражаты есебінен 18799 шаршы метр, жеке меншік қаражаты есебінен 82175 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 2, 5 есеге артты.
Тұрғын үй құрылысын дамытуға облыстық бюджеттен және Ұлттық қордан барлығы 1195, 4 млн. теңге бөлініп, төмендегідей жұмыстар атқарылуда:
1. «Тұрғын үй құрылысын жинақ жүйесі арқылы салу» бойынша Ұлттық қордан бөлінген 981, 2 млн. теңгеге Арай-2 м/а 80 пәтерлік №1 үй, 50 пәтерлік №2 үй, 40 пәтерлік №3, 4 үйлер, 30 пәтерлік №5 тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Игерілген қаржы көлемі 300, 0 млн. теңге.
2. Облыстық бюджеттен бөлінген қосымша 37, 3 млн. теңгеге Жаппасбай батыр көшесіндегі 60 пәтерлік №6 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
3. Ұлттық қордан бөлінген 87, 8 млн. теңгеге «Ипподром» мөлтек ауданындағы алты 50 пәтерлік (№№1, 2, 3, 4, 5, 6) тұрғын үйлердің құрылысы аяқталып, маусым айында беру жоспарланды (18 799 шаршы метр) . Игерілгені 50, 0 млн. теңге.
4. Облыстық бюджеттен бөлінген 89, 1 млн. теңгеге «СПМК» - 70 мөлтек ауданындағы ипотекалық тұрғын үй құрылысының ЖСҚ-ы мемлекеттік сараптама қорытындысымен әзірленді (КИК) .
Қорытыңды
Нарықтың жоғары дамыған инфраструктурасын құру мақсатында салынатын ірі инвестициялар болмаса, онда көптеген облыстардың халықаралық нарыққа шығуы сәтті болмайды. Индустриалды-инновациялық қызмет негізінде ғана инвестицияны тарту мүмкіншіліктері қарастырылуы қажет, себебі моралді және техника-технологиялық ескірген құрал-жабдықтарды қайтадан өндіріп шығару тиімді емес. Ал индустриалды-инновациялық қызмет белгілі деңгейде оң нәтижеге жетуі үшін міндетті түрде капитал салымы болуы қажет. Сонымен қатар қазіргі өндірістік және әлеуметтік инфраструктураны толығымен ауыстыру қажет. Құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру негізінде кәсіпкерлерге қалыптасып, дамуы үшін экономикалық еркіндік берілуі қажет. Сөз жоқ, стратегияны іске асырғанда, әлеуметтік-экономикалық дамудың теңсіздігін және диспропорцияны минимумға түсіру мүмкіншілігі пайда болады. Сондықтан, әрбір аймақ өзінің ерекшеліктеріне байланысты жаңа ғылыми-техникалық стратегияны қалыптастыруы керек. Ал ол өз уақытында, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жүйенің жоғары дәрежеде орындалуы төмендегі іс-әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіншіліктерді береді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz