Әдеби дәстүр мен жаңашылдық, халықаралық әдеби байланыс туралы ақпарат
Күллі советтік шығыс халықтарының әдебиеттері іспетті, қазақ совет әдебиеті де Октябрьдің қолтума бел баласы. Оның даму заңдылықтары да біздің халықтарымыздың социализмге, ал қазіргі кезеңде коммунизмге қарай алға басқан қозғалысымен тарихи шартты байланыста.
Қазақ совет әдебиеті жарыса аққан арналы қос бұлақтан: ауыз әдебиеті мен жазба профессионал әдебиеттен өмірлік нәр алып келді. Осынау қос бұлақ қосыла ағып, қазақ әдебиетінде әлі де жұптаса өркенін жайып келеді. Олардың даму, дәйектелу сапарының ең бір өзгеше сипаты — бір-бірімен қанаттаса қимылдап, бірін-бірі молықтырып, байытып отыруында. Бұл кездейсоқ құбылыс деуге бола ма? Жоқ, ол заңды құбылыс. Қазақ фольклорының ең асыл дәстүрлері — кең арналы эпикалық толғанысқа, халықтың қаһарман тұлғасын бейнелеуге ұмтылу, поэтикалық шебер тіл — осының бәр-бәрі арғы атасы ұлы ақын Абай Құнанбаев бастаған классикалық қазақ әдебиетіне игі әсерін тигізбей қоймады.
Қазақ фольклорының тамаша білгіші Абай халықтық қара өлеңнің әдеттегі формаларын бұзып, ана тілінің күллі асыл қазынасын өз творчествосына сіңіре білді. Ол дүниежүзінің, ең алдымен орыстың классикалық әдебиетін терең зерттеу нәтижесінде қазақ поэзиясында бұрын болып көрмеген, соны формалар тудырып, жаңашылдыққа жол салды. Гүл жарған жазба поэзия өте-мөте совет дәуірінде ауыз әдебиетінің өрби өсуіне айрықша күшті әсер етті; халықтың жыр дәстүрлерін тал бойына таза сақтаған Жамбыл Жабаевтың құдіретті дарыны осыған айғақ.
Орыс әдебиетінің осынау кәусар бұлағы мен творчестволық ықпалы қазақ совет әдебиетін реалистік көркем өнердің даңғыл жолына жеткізді. СССР халықтарының көп ұлтты әдебиетінің бір жасағы — қазақ әдебиетінің де өзіндік ұлттық стилі туып қалыптасты. Қазақ совет әдебиеті қаз басқан тұңғыш қадамынан ересек шаққа жеткенше қиыр-қиыр жолдан өтті. Ұлтшыл жазушылармен идеялық творчестволық күрес, жоғары көркемдік шеберлікті игеру, социалистік реализм әдісін ойға тоқу, әдебиетті жаңа жанрлармен молықтыру және өткен дәуірдің мәдени мұраларын іріктеп игеру — қазақтың советтік жас әдебиетінің алдында тұрған міндеттері осындай еді.
Әдебиет пен көркем өнердегі ұлттық дәстүрлер ұрпақтың дүниені көркем оймен тану жолындағы озат тәжірибелерінен жасалғаны мәлім. Дәстүр — болмысты көркем образға айналдырудың ғасырлар бойы машықталған тәсілдерінен және айналамызды қоршаған қоғамдық орта мен табиғатты ой таразысына сала отырып бейнелеудің ұрпақтардан ұрпақтарға мирас боп келе жатқан қағидаларынан құралады. Дәстүр тұлғасы — тарих талқысынан өткен, халықтың ой-сезіміне етене болған, халықтың эстетикалық талғамына төтеп бере алатын бейнелеу нақыштары мен күллі ұлттық тіл байлығы арқылы айқын көрінеді.

1.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл
2.Әуезов М. Әр жылдар ойлары. – Алматы: ҚМКӘБ, 1959. – 556 б.
3. Бес ғасыр жырлайды Т. 1. – Алматы: Жазушы, 1989.- 384 б.
4. Дербісәлин Ә. Ыбырай Алтынсарин (өмірі мен қызметі туралы). – Алматы: Қазақстан, 1965. – 226 б.
5.Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Т. 2.– Алматы: Жазушы, 1995. – 384 б

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы:Әдеби дәстүр мен жаңашылдық, халықаралық әдеби байланыс
Орындаған: Қажыбекова Н. Ә.
Тексерген: Құрмамбаева Қ. С.
2015 жыл
Әдеби дәстүр мен жаңашылдық
Күллі советтік шығыс халықтарының әдебиеттері іспетті, қазақ совет әдебиеті де Октябрьдің қолтума бел баласы. Оның даму заңдылықтары да біздің халықтарымыздың социализмге, ал қазіргі кезеңде коммунизмге қарай алға басқан қозғалысымен тарихи шартты байланыста.
Қазақ совет әдебиеті жарыса аққан арналы қос бұлақтан: ауыз әдебиеті мен жазба профессионал әдебиеттен өмірлік нәр алып келді. Осынау қос бұлақ қосыла ағып, қазақ әдебиетінде әлі де жұптаса өркенін жайып келеді. Олардың даму, дәйектелу сапарының ең бір өзгеше сипаты -- бір-бірімен қанаттаса қимылдап, бірін-бірі молықтырып, байытып отыруында. Бұл кездейсоқ құбылыс деуге бола ма? Жоқ, ол заңды құбылыс. Қазақ фольклорының ең асыл дәстүрлері -- кең арналы эпикалық толғанысқа, халықтың қаһарман тұлғасын бейнелеуге ұмтылу, поэтикалық шебер тіл -- осының бәр-бәрі арғы атасы ұлы ақын Абай Құнанбаев бастаған классикалық қазақ әдебиетіне игі әсерін тигізбей қоймады.
Қазақ фольклорының тамаша білгіші Абай халықтық қара өлеңнің әдеттегі формаларын бұзып, ана тілінің күллі асыл қазынасын өз творчествосына сіңіре білді. Ол дүниежүзінің, ең алдымен орыстың классикалық әдебиетін терең зерттеу нәтижесінде қазақ поэзиясында бұрын болып көрмеген, соны формалар тудырып, жаңашылдыққа жол салды. Гүл жарған жазба поэзия өте-мөте совет дәуірінде ауыз әдебиетінің өрби өсуіне айрықша күшті әсер етті; халықтың жыр дәстүрлерін тал бойына таза сақтаған Жамбыл Жабаевтың құдіретті дарыны осыған айғақ.
Орыс әдебиетінің осынау кәусар бұлағы мен творчестволық ықпалы қазақ совет әдебиетін реалистік көркем өнердің даңғыл жолына жеткізді. СССР халықтарының көп ұлтты әдебиетінің бір жасағы -- қазақ әдебиетінің де өзіндік ұлттық стилі туып қалыптасты. Қазақ совет әдебиеті қаз басқан тұңғыш қадамынан ересек шаққа жеткенше қиыр-қиыр жолдан өтті. Ұлтшыл жазушылармен идеялық творчестволық күрес, жоғары көркемдік шеберлікті игеру, социалистік реализм әдісін ойға тоқу, әдебиетті жаңа жанрлармен молықтыру және өткен дәуірдің мәдени мұраларын іріктеп игеру -- қазақтың советтік жас әдебиетінің алдында тұрған міндеттері осындай еді.
Әдебиет пен көркем өнердегі ұлттық дәстүрлер ұрпақтың дүниені көркем оймен тану жолындағы озат тәжірибелерінен жасалғаны мәлім. Дәстүр -- болмысты көркем образға айналдырудың ғасырлар бойы машықталған тәсілдерінен және айналамызды қоршаған қоғамдық орта мен табиғатты ой таразысына сала отырып бейнелеудің ұрпақтардан ұрпақтарға мирас боп келе жатқан қағидаларынан құралады. Дәстүр тұлғасы -- тарих талқысынан өткен, халықтың ой-сезіміне етене болған, халықтың эстетикалық талғамына төтеп бере алатын бейнелеу нақыштары мен күллі ұлттық тіл байлығы арқылы айқын көрінеді.
Ұлттық дәстүрлер көркемдік шеберліктің халықтар жинаған мол қазынасын ғасырдан ғасырға әкеп тапсыратын эстафета іспетті. Бірақ олар ұлттық әдебиеттердің өзара қарым-қатынасының, өзара игі ықпалының нәтижелерін міндетті түрде қамтиды. Сонымен қатар, қоғамдық өзгерістердің және халықтың ұлттық характері дамуының нәтижесінде, ұлттық дәстүрлердің кейбір элементтері күн асқан сайын құри береді. Көне заман творчествосына тән діни мифологиялық образдар мен метафорлар, немесе кейбір ежелгі ақындардың бипаздалған бал көмейлігі мен лұғатты сәуегейлігі -- қазір бағзы архаика ғана. Дәстүрлер шебер суреткерлердің жаңашылдық ізденуі арқасында толысып, түрленіп отырады. Жаңа дәстүрлер туады.
Бұл қағиданың дұрыстығын жас болса да жасағаны мол қазақ совет әдебиетінің өсуі арқылы дәлелдеуге болады. Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейін бұл әдебиет негізінде тек бір жанр -- поэзия саласында ғана дамыды. Прозаның бірен-саран шағын элементтері жаңа пайда бола бастаған. Драматургия мен әдеби сын оның творчестволық арсеналында мүлде болмайтын. Сан ұрпақтың ақындары жасаған қазақ поэзиясы совет жылдарында реалистік естиярлық биігіне ең алдымен поэма жөнінде көтерілді. Көркемдік құндылығы жағынан өте-мөте С. Сейфуллиннің, I. Жансүгіровтің, Ә. Тәжібаевтың, Т. Жароковтың, X. Ерғалиевтің, Қ. Бекхожиннің поэмалары көзге түседі. Талғампаз оқушы қазақ әдебиетінен сюжетті, немесе сюжетсіз лиро-эпикалық және философиялық поэмаларды ғана емес, Шығыстың классикалық поэзиясының ең асыл дәстүріне еліктеген поэмаларды да таба алады.
Абайдан кейінгі қазақ поэзиясының сапа жағынан жаңа белеске шығу себебі, мұнда ақынның дүниені көру, сезінуі, жалпы дүние тануы мен өмірге көзқарасы мүлде өзгеріп кетті. Халықтың ақындық творчествосында туған ең асылдардың бірін, оның азатшыл мотивін, азаматтық патетикасын, тамаша шешендігін өзіне мұра тұта отырып, халық творчествосымен қоян-қолтық араласа өркендей отырып, қазақ сонет поэзиясы (сюжетті, сюжетсізі де, поэма мен лирика да) реалистік бағытты әлем поэзиясының тәжірибесін пайдалана өсті.
Халықтың творчестволық күшінің адам айтқысыз өсуі, халық шабытының шарықтап шыңға шығуы революциядан кейін фольклорға да жаңа сипат берді. Тарихи жағдайларға орай, ауызша және жазба поэзия өзара күрделі байланыс жасап, бір-біріне көмектесуде. Фольклор жазба поэзия үшін сан алуан дәстүрлердің қайнар бұлағы ғана емес, сонымен бірге ол жазба поэзия дәстүрлерін де өз бойына сіңіре бастады.
Қазақ әдебиеті Совет өкіметі жылдарында жаңа жанрлармен -- проза, драматургия және әдебиет сынымен байыды. Бұл жанрлар ұлт топырағында туып, халықтың поэтикалық мәдениеті негізінде жасалған жаңа образдармен молықты. Орыс реализмінің дәстүрлерін ой елегінен өткізіп, неғұрлым терең игерген сайын, бұл образдардың идеологиялық мән-мағынасы соғұрлым күшейе түсті де, көркемдік шеберлік жетілдіріле берді.
Қазақ прозасының табысы тіпті ғаламат, ол осы жылдардың ішінде өзіне тән реалистік дәстүрге ие болды. Оның түрлері молайды: драмалық, күрделі сюжетті шығарма, психологиялық әңгіме, тарихи-революциялық, өмірбаяндық романдар мен бүгінгі күн тақырыбына арналған жауынгер очерктер туды. Өмір талаптарына "жауап" ретінде туған әлеми әдебиеттің мәдени дәстүрлерінен мол нәр алған қазақтың реалистік прозасы новеллашыларымыз бен романшыларымыздың күш-жігері арқасында үдере өсті. Б. Майлиннің өзіндік ерекшелігі мол мұраларында қазақ новелласының аса көркем үлгілері бар. Сәкен Сейфуллин творчествосында өмірбаянды саяси өткір мәселелермен ұштастыра жазу формасы аса игілікті болып шыққан. С. Мұқановтың "Ботагөз", Ғ. Мүсіреповтің "Оянған өлке", Ғ. Мұстафиннің "Шығанақ" романдарында және басқаларда прозаның кесек формалары жасалды. Біз бұл арада қазақ прозасының аса көрнекті туындыларын ғана атап отырмыз, өйткені олар уақыт сынынан мүдірмей өтті. Бұл шығармалар әлі есейіп жетпеген әдебиеттердің бұғанасы қатпаған кезіне тән схематизмнен, геройларды бейнелеудегі арагідік қара дүрсіндіктен, натурализмнен ада болды. Осынау белкүлі өзгеше туындылар, тұтас алғанда, әдебиеттің соны мәдениетін игеруде елеулі табысқа жеткенімізді дәлелдейді.
Реалистік прозаның қазаққа ғана тән, СССР халықтарының көп тілді әдебиетінде анадайдан көзге түсетін ұлттық стилі жасалды. Дегенмен реалистік прозаның бірыңғай ұлттық стилінен әрбір сөз зергерін оның творчестволық дербес қасиеттері бойынша танып алу қиын емес. Мәселен, Майлиннің қазақ аулы өмірінің көркем шежіресі болып саналған новеллалары образдарының нанымдылығы, төрт аяғын тең басқан тамаша формасы арқылы айрықша көзге түседі. С. Мұқановтың "Ботагөз" романында революция қарсаңындағы және одан сәл кейінгі халық бұқарасының өмірі мен қозғалысы сияқты тарихи-әлеуметтік мәні зор ірі уақиғаны суреттеуде лиризм, драматизм, көркем әсемдік жұптасып жатады. Ғ. Мүсіреповтің айрықша өзгешелігі сатиралық серпінінің дәлдігі, стильді мұқият шыңдауы болып табылады.
Драматургия да біздің әдебиетіміздегі тың жанр. Қазақ драматургиясы қойшының құрым үйінде қойылған алғашқы пьесадан бастап, Қазақтың академиялық драма театрының спектакліне дейін көтерілді. Ғ. Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш -- Баян сұлу", "Ақан сері -- Ақтоқты" пьесаларында, немесе Ә. Тәжібаевтың, Ә. Әбішевтің, Ш. Хұсайыновтың және басқа көптеген драматургтердің пьесаларынан шеберлердің кемеліне келген өнері танылды.
Егер әдеби сын мен әдебиеттануды атап өтпесек, онда қазақ совет әдебиетінің өркендеу жайын толық көрсетпеген бол ар едік, өйткені оны калыптастыру және дамыту ісіне жазушылардың өздері де, біздің сыншыларымыз да, филолог ғалымдарымыз да атсалысты ғой. Қазақ әдебиетінің тарихы жайлы алғашқы зерттеу еңбектер 20-жылдардың аяқ шенінде пайда болды. Бұл да біздің халқымыздың жаңа көркемдік жағынан қауырт дамуының айғағы болып саналады.
Соны жанрлардың тууы, көне жанрлардың жаңғыруы, жазбаша және ауызша көркем творчествоның бірін-бірі байытуы, болмысты революциялық даму барысында суреттеу -- міне, әдебиетіміздің тал бойындағы осындай нәрлі, мәнді құбылыстардың бәр-бәріне оның ұлы жүрегі -- коммунистік партиялық, идеялылық, халықтық қасиеті себеп болды.
Осы табыстарымызға орай, қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетінің одан әрі өсу жолдары жайлы мәселелерді қозғағым келеді. Лениннің артта қалған халықтар капиталистік даму сатысына соқпай-ақ, социализмге бірден өтуі мүмкін деген тарихи маңызы жөнінен аса терең қағидасына ой жүгірткен сайын, біз әр уақыт тек экономикалық, әлеуметтік-тұрмыстық жәйттарды ғана еске аламыз. Бұл асқан дана қағиданы бұрын артта қалған елдер мен халықтардың әдебиеті, рухани мәдениеті тұрғысынан да ақыл таразысына салған жөн.
Осыған орай, Октябрь революциясы қазақ халқының рухани мәдениетін қай жолдан сақтандырып, неден сақтап қалғанын қазақ әдебиетінің мысалы арқылы ашып көрсеткен абзал.
Қазақ халқының тарихында дүниежүзілік мәдениеттің, ең алдымен озық ойлы орыс мәдениетінің таңдаулы үлгілері мен дәстүрлерін өз бойына мол жинаған ағартушы-демократтар Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин көрнекті роль атқарды. Олар білім мен ғылымды өрістетуге, адамзат ой-санасының барша жетістіктерін меңгеріп, оны халықты көркейту ісі үшін пайдалануға шақырды.
Алайда діни дәрістерді уағыздаған "жалаң көркемөнер", декоденттікті, символизмді мадақтаған, шынайы болмыстан көрінеу тұра қашып, паңсынған, жалғыздыққа, халықтан, өмірден оқшаулануға шақырған ақындар да болды.
Мұндай идеялармен рухтанған әдебиеттің еңбекші халық мүддесіне, оны көркемдікке дұрыс тәрбиелеу ісіне орасан зор кесел келтіретінін дәлелдеп жатып қайтеміз. Сондықтан да қазақ совет әдебиетінің бүкіл даму барысында осындай идеясымақтар мен олардың уағызшыларына қарсы -- буржуазияшыл ұлтшылдарға, панисләмшілерге, хан менен бай жайлаған керенау кезенді көксеушілерге қарсы бітіспес күрес жүргізіліп келді. Былапыт, эпигондық, кертартпа элементтердің бәрін аластай отырып, қазақ совет әдебиеті реалистік көркемөнердің өміршең, мол сипатты кең арнасына қосылды. Осынау мәдени жеңісіміз үшін де біз Ұлы Октябрь революциясының алдында борыштымыз. Біз, Қазақстан жазушылары, мұны айқын түсінеміз, сондықтан да қазіргі жағдайларымызға дұрыс баға бере отырып, өткен жолымызға орынды мақтаныш сезіммен қараймыз және өз әдебиетіміздің болашағына сеніммен көз тігеміз.
Қазақ әдебиеті туған күнінен бастап осы уақытқа дейін қазақтың әдеби тілін қалыптастырып, дамытуда тарихи роль атқарды. Ақындар мен жазушылар: С. Мұқанов, Ғ. Мұстафин, Ә. Тәжібаев, Т. Жароков, X. Ерғалиев және басқа көптеген адамдар социалистік реализм жолындағы өздерінің жаңашыл творчествосымен қазіргі қазақ тілінің даму процесіне белсене атсалысып келеді.
Жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды шығаруға болады:
1. Халықтың поэтикалық творчествосының ертедегі сатыларынан бастап, жанрлары мен формаларының жүйелері кең дамыған, ақындары мен жазушыларының өзіндік стилі, өзіндік творчестволық сипаты бар осы заманғы профессионал әдебиетке жеткен социалистік реализм жолындағы қазақ әдебиетінің озық дәстүрлері жүздеген жылдар бойына қалыптасты.
2. Қазақтың ұлттық әдебиетінің өзіндік ерекшелік, халықтық реализм іспетті айрықша қасиеттерінің сұрыпталып, сомдану процесі қазақ және орыс әдебиетінің, Шығыс пен Батыс халықтары әдебиеттерінің өзара творчестволық көмегі бірін-бірі игі қасиеттермен молықтыруы жағдайында өсіп келеді. Осы сапа-қасиеттердің өрби өсуіне қазақ әдебиетінде терең тамырлы ішкі процестер жүріп жатыр: озық дәстүрлер мешеу тенденцияларға қарсы, болмысты аңдау және оны игерудегі өресіздік пен тарихи томаға-тұйықтыққа қарсы күресте шынығып, марқаюда.
3. Қазақтың ұлттық әдебиеті әдебиеттің өзегі болып танылатын қазақтың әдеби тілін қалыптастыруда және дамытуда тарихи роль атқарады һәм әлі де атқарып келеді. Халық өркенді жыр өнерімен атсалысса, ақындар, жазушылар адамдар арасындағы қарым-қатынастың құралы болып табылатын тілдегі небір прогрессив жаңалық атаулының бәрін іріктейді, сұрыптайды, жетілдіреді, дәйектендіреді.
Қазақ социалистік ұлтының озық әдебиеті орыс тіліне, Шығыс пен Батыс халықтарының тілдеріне аударылуы арқасында әлемнің барлық елдерінде сансыз достары мен оқушыларын тапты.
Халықаралық әдеби байланыс-белгілі бір ұлт әдебиетінің басқа да әлем халықтары әдебиетімен қарым-қатынасы. Әдебиет әлеміндегі рухани алмасулар -- көркемдік дамудың, әдеби процестің өзіндік заңдылығы. Бүтіндей алғанда, Ә. б-тың әлем әдебиеті тарихында алатын орны зор. Ұлттық әдебиеттердің даму деңгейі сол кезеңдегі Ә. б-тың да бағыты мен көркемдік рөлін анықтайды. Оның түрлері мен жолдары көп және бұл процесте аударманың алатын орны өзгеше. Ә. б. жалпы ұлттық әдеби процеске, онда жаңа көркемдік ағымдардың пайда болуына ықпал етеді. Ұлттық әдебиеттердің өзара қарым-қатынасының негізгі түрі ретіндегі Ә. б-қа әдебиеттану ғылымы 18 ғ-дың ақыры мен 19 ғ-дың басында назар аудара бастады. Сөз өнері ғылымының Ә. б-ты зерттейтін арнаулы саласы -- салыстырмалы әдебиеттану қалыптасты (қ. Салыстырмалы-тарихи әдебиеттану). Бұл мәселеге И. Г. Гердер, И. В. Гете өз еңбектерінде назар аударған. Ұлттық әдебиеттердің бір-біріне әсерін, ықпалын тарихи-әдеби процестің бір бөлігі ретінде тарихи поэтикада қарастырылды (қ. Поэтика). Ресейде А. Н. Веселовский, В. М. Жирмунский, М. П. Алексеев, Н. И. Конрад еңбектерінде бұл құбылыс жан-жақты талданды. Ә. б. соңғы жылдары қазақ әдебиеттану ғылымының да назар аударған, арнайы зерттей бастаған саласы. Қазақ әдебиетінің басқа әлем халықтары әдебиеттерімен өзара байланыс жасау процесінің кезеңдері, өзгешеліктері бар. Мыс.: адамзат өркениетінің дамуына мол үлес қосқан Әбу Наср әл-Фараби Батыс пен Шығысты жалғастыра білді. Ол көптеген шығыс халықтарына ортақ қазына қалдырды. Қазақ әдебиеті көршілес шығыс, туысқан түркі халықтарының мәдениетімен, әдебиетімен ежелден жақын, тығыз байланыста болды. Қырғыз, өзбек, тәжік, түркімен, әзербайжан, татар халықтарының ортақ ежелгі жазба ескерткіштері соның айғағы. Шығыстың классикалық поэзиясы, оның ірі өкілдері Фирдауси, Низами, Науаи, Хұсрау, Физули, Жәми, Сағди, Хафиз, Омар һәйям туындылары, араб халқының "Мың бір түн", үнді елінің "Махабхарата", "Рамаяна", әсіресе "Қалила мен Димна", "Тотынама" сияқты әлемге әйгілі үлгілерінің кейбір тараулары қазақ арасында кең тараған, олардың жекелеген сюжеттеріне өлең, қисса, дастандар шығарылған. 18 ғ-дан бастап қазақ халқының тыныс-тіршілігі, рухани өмірі орыс жазушылары мен қоғам қайраткерлерінің назарына іліге бастады. В. А. Ушаковтың "Қырғыз-қайсақ" (1830), В. И. Дальдың "Бикей мен Мәулен" (1831) повестері жарық көрді. Е. И. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі туралы материал жинау мақсатымен 1833 ж. Орал мен Орынборға сапар шеккен А. С. Пушкин "Қозы Көрпеш -- Баян сұлудың" мазмұнын жазып алды, ақынның "Пугачев оқиғасы" мен "Капитан қызы" атты шығармаларында қазақтар жөнінде мәліметтер кездеседі. Пушкиннің ықпалымен Н.Н. Муравьевтің "Қырғыз тұтқыны" атты романтикалық поэмасы жарыққа (1828) шықты. Қазақстанда саяси қуғында Т.Г. Шевченко, Ф.М. Достоевский, С.Ф. Дуров т.б. болды, олар қазақ халқы туралы жылы лебіздер қалдырды. Л.Н. Толстой Ш. Құдайбердиевпен және қазақ мұғалімі Р.М. Елікбаевпен хат жазысқан. Мұндай әдеби құбылыстардың қазақ әдебиеті байланыстарының тарихында мәні зор. Қазақтың ұлы ғалымы Ш.Ш. Уәлиханов Омбы, Семей, Санкт-Петербург мекемелерінде, Орыс геогр. қоғамында қызмет істеді, орыс зиялыларымен (П.П. Семенов-Тянь-Шанскиймен, Г.Н. Потанинмен, Достоевскиймен, Дуровпен, А.Н. Бекетовпен, Я.П. Полонскиймен т.б.) достық қарым-қатынаста болды. Уәлихановтың еңбектері орыс тілінде жазылып, алғаш рет Санкт-Петербургте жарық көрді, кекйбір еңбектері Батыс Еуропа елдерінде басылды. Уәлиханов әлемдік мәдениет пен ақыл-ой деңгейіне көтерілген ғалым ретінде, қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түркімен, ұйғыр, сібір тайпалары, моңғол, қытай, орыс, украин, грек, неміс, француз, ағылшын т.б. халықтардың тарихы, этнографиясы, мәдениеті, әдебиеті туралы құнды ой-пікірлер қалдырды. Бұл тамаша дәстүрді мәдениетте, әдебиетте, халық ағарту саласында А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш. Құдайбердиев А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М. Жұмабаев т.б. жалғастырды. Абай А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, И.А. Крылов, Ф. Шиллер, Дж. Г. Байрон, И.В. Гете, А. Мицкеевичтің кейбір өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Шығыс аңыздарының сюжеті негізінде "Ескендір", "Масғұт", "Әзім" дастандарын, "Сократ" трактатын жазды, Аристотель, Платон, Гомер туралы пікірлер айтты. Сондай-ақ, Алтынсарин, Құдайбердиев т.б. ірі аудармалар жасады. Жалпы қазақ даласының өзге алыс елдермен, оның ішінде Еуропа елдерімен, әдеби және мәдени байланысының тарихы тереңде жатыр. ибн Фадлан (10 ғ.), ибн Батута (14 ғ.), Марко Поло (13 ғ.), Р.Г. Клавихо (15 ғ.) т.б. шетелдік саяхатшылар қазақ жері, халқы жөнінде түрлі әдеби шығармалар, ғыл. еңбектер қалдырды. Г. Зелинский "Қазақ", "Дала" поэмаларын, А. Янушкеевич "Қазақ даласына саяхат кезіндегі күнделіктер мен хаттар", суретші Б. Залесский "Қазақ даласының көріністері" атты альбом жазды. Француз жазушысы Жюль Верн "Клодиус Бомбарнак" романында қазақ жерін суреттейді. Американдық жазушы Дж. Кеннанның "Сібір және сүргін" кітабында Ертіс маңайының кейбір тіршілік жайы, Семей кітапханасының қоры туралы мәліметтер, деректер келтіреді. Ал, кейінгі кеңес дәуірінде әдеби байланыс аса қарқынды дамып, әлем әдебиетінің ең үздік шығармалары ана тілімізге, қазақ әдебиетінің үздік шығармалары әлем тілдеріне аударылды. Аударма саласында қазақ сөз өнері шеберінің барлығы еңбек етті. Аударма арқылы келген ірі туындылардың ұлттық әдебиетке ықпалы мол болды. А. Құнанбаевтың шығармалары ағылшын, араб, болғар, монғол, қытай, француз, орыс т.б. әлем тілдеріне аударылды. Ж. Жабаевтың шығармалары көптеген тілдерге аударылып, оның суырып салма өнері, айтулы айтыстары туысқан елдерді аралағанда өшпес әсер қалдырғаны туралы жазылды. М. Әуезовтың "Абай жолы" роман-эпопеясы әлемінің 116 тіліне аударылып, сондай-ақ "Әлем әдебиеті кітапханасында" (134, 135 томдары) ірі классикалық романдар қатарында жарық көрді. Ә. Нұрпейісовтің "Қан мен тер" трилогиясы, О. Сүлейменовтың поэзиясы және көптеген қазақ сөз зергерлерінің шығармалары, сондай-ақ, қазақ ауыз әдебиетінің інжу-маржандары эпостар, жырлар әлемінің көп тілдерінде аударылды. Ұлттық әдебиетіміздің әлем әдебиетімен тығыз байланыста дамуына ірі халықар. конференциялар (қ. Азия және Африка елдері жазушыларының конференциясы;Ыстықкөл форумы; Ұлттық әдебиетіміздің онкүндіктері т.б.) мен қаламгерлердің және достық қарым-қатынастары да ықпал етеді. Қай халықтың болсын өнер жағынан дамуында әдеби байланыстар сол ұлт әдебиетінің өркен жая өсуіне, халықтың рухани байлығын, арман-мүддесін, өмір тарихын басқа халықтардың даму тарихымен ұштастыруға дәнекер болады. Қазірде қазақ әдебиетінің басқа әдебиеттермен өзара байланыс жасау процесінің ерекшеліктері пайда болды. Бұл байланыстар жаңа мазмұн, жаңа түр, рең тауып, соны жолдар мен мүмкіндіктерге ұласты, әдебиетіміздің сыр-сипатын айқындай түсті.
Қазақ-араб әдеби байланыстары тамыры өте тереңде жатыр. Оның арғы бастаулары қазақ халқының ислам дінін қабылдаған замандардан арна тартқандығын айтсақ, шындықтан алшақ кетпейм із. Көшпелі елге ислам қағидаларын таратқан қожа -молдалар Құран сүрелерін ұғындырумен қатар араб жұртының ескі ауыз және жазба әдебиетінің нұсқаларын да қоса насихаттай отырған. Бұл үрдіс ғасырлар бойы бірте -бірте кең өріс ала келе, ақыр -аяғында тұрақты дә стүрге айналғаны тарихи факты. Алғашқы кездегі таза діни сарынды аңыз-әпсаналардың аяғын ала әлеуметшіл, азаматтық әуенді тарихи дастандар, жырлар, әфсана-әңгімелер лек-легімен таратылып, олардың көбі кітаби ақындардың жергілікті халық санасына ыңғайланған нұсқалары арқылы ұлттық әдебиеттің төл қазынасына айналып кетті деп айтарлықтай сіңісті болғаны да бекер емес еді. Бірақ кешегі кеңестік тәртіп тұсындағы қатаң атеистік идеология бұл тасқынға тыйым салып, алдынан мықты бөгет тұрғызғаны да белгілі. Мұсылман мәдениеті - адамзат тарихындағы ең көне рухани қазыналардың бірі. Ол дүние жүзіндегі ең ықпалды діни ағымдардан саналатын исламмен тамырлас болып, өмірге қатарлас келген. Сондықтан оның адам санасына тигізетін игі ықпалын Құран сүрелері мен аяттарының уағыздарымен бір тұрғыдан бағалауға болады. Демек, араб әдебиеті мен өзге халықтар әдебиеттері арасындағы байланысты жалпы адамзат әлеміндегі руханият қазыналарынан арна тартатын игілікті бір нәрлі көзі деп қарастыруға хақылымыз. Еңбектің моральдық-этикалық мәнін де осы тұрғыдан бағалауымыз ләзім. Рухани байланыстың нақты көрінісінің бірі, әрі негізгісі - лингво-мәдени байланыстар. Соынң ішінде, бай қазақ әдебиеті шығыстық көркем сөз өнеріндегі жақсылық нышанның қай-қайсысын да жатсынбаған, бойына сіңіре білген. Мұның өзі қазақ әдебиеті мен тілінің әлемдік өркениетке құлаш ұруының, әлемдік мәдениетпен сусындауының және өзгелерге танылуының көрінісі ретінде бағаланады. ҮІІ ғасырда ислам діні Араб халифатының ресми дініне айналғаннан кейін Дамаск, Бағдат, Мысыр сияқты іргелі қалалар арғы жағы Еуропа бергі жағы Азиядан шыққан ғұламалар мен ғылым -білім іздеушілердің ғалымдардың жиналған орталықтарына айналды. Себебі сол кездері Еуропада ғалымдарды дінбұзарлар деп отқа жағып, қамаққа салып қуғындаса, Азияда да жаңа ғылыми жаңалықтарға іштарта қоймаған болатын. Ғылым-білім ерекше құрметтелетін ислам дінінің арқасында әлем ғалымдары Халифатқа қарай ағыла бастады. Біздің жерімізден араб жеріне барған с ол алғашқы толқындардың іші нде алгебраның негізін қалаған әл-Хорезмиді, есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан қазақ даласының асыл перзенттерінің ең жарық жұлдызы - Әбу Насыр әл-Фарабиді айтуға болады.. Олардың еңбектері сол кезден бастап қазіргі таңға дейінгі мың жылдан астам уақыттың ішінде әлем ғалымдарының сусындар кәусәр бұлағына айналды. Ұлы ғұлама лардан қалған ғылыми мұралар ғылымның түрлі саласын қамтиды, әрі өте құндылығымен ерекшеленеді әрі теориялық тұжырымдары Дүние жүзі халықтарының қоғамдық-философиялық ойларына ықпал етті деп айтуға болады. Олардан кейінгі Исмаил әл-Жауһари мен тағы да жиырмаға жуық әл -Фарабилердің, Ахмет Йассауи, Ахмет Йүгінеки, Сүлеймен Бақырғани және басқа да көптеген тұлғаларымыздың еңбектері қазақ-араб әдебиетінің тарихи даму жолында өзіндік өрімімен, рөлімен, маңызымен ерекшеленеді.
Ислам діні пайда болған уақыттан бастап, араб жұртының әдеби жәдігерлері саналатын Мың бір түн , Ләйлі-Мәжнүн, Калила мен Димна кітабының мысалдар жинағындағы дидактикалық хикаяттары мен басқа да ертегі, дастан, мысалдардың көшпелі сюжеттері нің кірігуі, қазақ әдебиетінде қисса, мысал жанрларының қалыптасуына негіз болды деп пайымдауға болады. Осындай себептердің қазақ әдебиетінің жанрлық жағынан баюына, көркемдік үлгілердің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz