Еңбек ресурстарын ұйымдастыру



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Еңбек ресурстарының мәні, мазмұны және қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 Еңбек ресурстарын ұйымдастырудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .5
2 Еңбек ресурстарын реттеудің тиімді экономикалық тетіктері ... ... ... ... ... ... 6
2.1 Қазақстан Республикасы бойынша еңбек ресурстарын басқару
кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
Еліміздің нарықтық экономикаға көшуі экономикамызға көптеген түбегейлі өзгерістер енгізіп, осы өзгерістерге сай жаңа міндеттер қойды. Соның ішіндегі ең маңыздыларының бірі өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында адам потенциалын барынша тиімді пайдалану. Бұл тек Қазақстан қоғамы үшін ғана емес, әрбір өндіріс орындары, ұйымдар, ірілі – ұсақты кәсіпорындар үшінде маңызды мәселе болып табылады. Өйткені, әр уақытта да кез – келген өндіріс ошағы өзінің басты байлығы – еңбек нарығына сүйенеді. Қазақстан соңғы жылдары экономикалық дамудың жоғарылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін экономикалық қайта құрулар және оларды жүзеге асыру бойынша алдыңғы қатардан көрініп келеді. Экономикалық дамудың орта және ұзақ мерзімді болашағын анықтайтын маңызды жәйті еңбек ресурстарын пайдалану болып табылады. Қазіргі жағдайда еңбек талабы өзгеруде, еңбек ресурстарының кәсіптік дайындығы күшеюде. Жұмыспен қамту еңбек нарығының түрі секілді жұмысшы күшін арттыруға арналған және білім жүйесін жетілдіру бағыты ұсынылады. Өзінің тәуелсіздігін алып, егемендігінің он алты жылдан астам уақыт дүниежүзілік қоғамдас деп танылған Қазақстан Республикасының экономикалық жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Қазақстан орталықтандырылған басқару жүйесінен жекеменшік сипаттағы экономикалық дамудың нарықтық реттеу түріне өтті. Мемлекеттік меншік еңбекті бөлу арқылы нарықтық экономиканың қалыптасуы негізінде жеке меншікке айналды. Нарықтық экономика жағдайында аса маңызды мәселелердің бірі қалыптасу, даму және еңбек ресурстарын бөлу мәселесі болып табылады.
1. Дузбаева М. Социально-экономические факторы миграции трудовых ресурсов // Труд в Казахстане – 2004, №12 с 11-15
2. Ахметов Н. Эффективное использование трудовых ресурсов в экономической системе // Транзитная экономика – 2004, №1 с 70-76
3. Гершафт М. Оплата труда, занятость и социальная защита. // Российский экономический журнал. 1992 год. № 3
4. Петренко и др. Экономика сельскохозяйственного производства. Алма-ата: «Каинар». 1992 год.
5. Никифорова А.А. Рынок труда: занятость и безработица. Москва: Международные отношения. 1991 год.
6. Новицкий А.Г. Население и трудовые ресурсы. Справочник. Москва: Мысль. 1991 год.
7. Машкунов В.И. Трудовые ресурсы: проблемы и решения. А.: Знание 1999г
8. Когиляр А.А. Современные проблемы занятости. // Вопросы экономики. 1992 год. № 11
9. Генкин Б.М. Экономика и социология труда: Учебник – М: 1994 г.
10. Дятлов В.А. Управление персоналом: Учебное пособие 1996 г.
11. Маслова Н.Н. Рынок труда. Его формирование. // Экономика - 1993 год.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ
Тақырыбы: Еңбек ресурстарын ұйымдастыру

Тексерген: Тойкин С.Х
Дайындаған: Бағдатова А.Б

Семей
2015 жыл

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Еңбек ресурстарының мәні, мазмұны және қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... 4
1.1 Еңбек ресурстарын ұйымдастырудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .5
2 Еңбек ресурстарын реттеудің тиімді экономикалық тетіктері ... ... ... ... ... ... 6
2.1 Қазақстан Республикасы бойынша еңбек ресурстарын басқару
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

Кіріспе
Еліміздің нарықтық экономикаға көшуі экономикамызға көптеген түбегейлі өзгерістер енгізіп, осы өзгерістерге сай жаңа міндеттер қойды. Соның ішіндегі ең маңыздыларының бірі өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында адам потенциалын барынша тиімді пайдалану. Бұл тек Қазақстан қоғамы үшін ғана емес, әрбір өндіріс орындары, ұйымдар, ірілі - ұсақты кәсіпорындар үшінде маңызды мәселе болып табылады. Өйткені, әр уақытта да кез - келген өндіріс ошағы өзінің басты байлығы - еңбек нарығына сүйенеді. Қазақстан соңғы жылдары экономикалық дамудың жоғарылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін экономикалық қайта құрулар және оларды жүзеге асыру бойынша алдыңғы қатардан көрініп келеді. Экономикалық дамудың орта және ұзақ мерзімді болашағын анықтайтын маңызды жәйті еңбек ресурстарын пайдалану болып табылады. Қазіргі жағдайда еңбек талабы өзгеруде, еңбек ресурстарының кәсіптік дайындығы күшеюде. Жұмыспен қамту еңбек нарығының түрі секілді жұмысшы күшін арттыруға арналған және білім жүйесін жетілдіру бағыты ұсынылады. Өзінің тәуелсіздігін алып, егемендігінің он алты жылдан астам уақыт дүниежүзілік қоғамдас деп танылған Қазақстан Республикасының экономикалық жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Қазақстан орталықтандырылған басқару жүйесінен жекеменшік сипаттағы экономикалық дамудың нарықтық реттеу түріне өтті. Мемлекеттік меншік еңбекті бөлу арқылы нарықтық экономиканың қалыптасуы негізінде жеке меншікке айналды. Нарықтық экономика жағдайында аса маңызды мәселелердің бірі қалыптасу, даму және еңбек ресурстарын бөлу мәселесі болып табылады.

1 Еңбек ресурстарының мәні, мазмұны және қалыптасуы.
Еңбек ресурстары бұл - еңбек етуге дене және интеллектуалдық қабілеті бар, материалдық игіліктер мен қызмет көрсету түрлерін өндіре алатын еңбекке қабілетті тұрғындардың бөлігі, яғни еңбек ресурстары өзінің құрамына бір жағынан, экономикадағы еңбекпен қамтылған адамдар санын жатқызсақ, екінші жағынан еңбекке қабілеті бар бірақ жұмыспен қамтылмаған адамдар санын жатқызамыз. Сонымен, еңбек ресурстары нақты және потенциалды жұмысшылардан құралады.
Еңбек ресурстары - халықтың еңбектік әлеуеті, ел (аймақ) халқының шаруашылық саласында жұмыс істеуге қажетті білім деңгейі бар, дене күші толысқан және дені сау бөлігі; елдің экономикалық әлеуетінің маңызды элементі. Еңбек ресурстарының өлшемі халықтың санына, оның өсіп өнуінің режіміне, демографиялық құрылымына байланысты барлық демографиялық процестерінің қарқындылығына сәйкес болады. Қазақстанда оған I және II топтағы мүгедектерден басқа барлық еңбек жасындағы адамдар (16 -- 63 жастағы ерлер, 16 -- 63 жастағы әйелдер) және жеңілдік жағдайда жасы бойынша зейнетақы алатын зейнеткерлер, еңбек жасынан жоғары және төмен тұрған жұмыс істейтін адамдар жатады. 1999 жылғы халық санағы бойынша, Қазақстанда Еңбек ресурстары бүкіл халықтың 56%-дан астамы болды.
Елдегі бүкіл ресурсын шартты түрде екі топқа бөлуге болады:
1) экономикалық жағынан белсенді халық, бұл құрам жұмыс істейтіндерден және жұмыс іздеп жүргендерден тұрады.
2) экономикалық тұрғыдан бәсең халық, бұл құрам кәмелетке жеткен, бірақ қандай да бір себеппен жұмыс істемейтіндерден және жұмыс іздемейтіндерден тұрады.
Кез келген баға арқылы еңбек қызметінің сұраныс көлеміне (санына) әсер ететін негізгі факторлар:
:: еңбек қызметінің баға деңгейі;
:: еңбек қызметінің көмегімен өндірілген өнімге сұраныс;
:: еңбекке ұсынылатын комплиментарлық ресурстардың бағасы мен көлемі;
:: еңбектің шекті өніміне әсер ететін техникалық өзгерістер;
Әрбір мүмкін деген баға арқылы еңбек қызметінің ұсыныс көлеміне (санына) әсер етуші негізгі факторлар:
:: жұмыскерлердің өз еңбегін сатуға дайындығы және саны;
:: туу, өлу және миграция деңгейі;
:: еңбек ету қабілеттілігі;
:: жалдамалы еңбектің баламалы құны;
:: жалақыдан басқа да табыс көздерінің болуы.

0.1 Еңбек ресурстарын ұйымдастырудың теориялық негіздері

Еңбек ресурстары - халықтың еңбектік әлеуеті, ел (аймақ) халқының шаруашылық саласында жұмыс істеуге қажетті білім деңгейі бар, дене күші толысқан және дені сау бөлігі; елдің экономикалық әлеуетінің маңызды элементі. Мемлекет өмірінде еңбек ресурстары үлкен маңызға ие. 90-жылдардың басында Кеңес Одағы ыдыраған кезде Қазақстанда экономикалық құлдырау басталды. Оның үстіне халыққа алда не күтіп тұрғаны бұлыңғыр болатын. Осы екі себептен Қазақстаннаң үдере көшу басталды. Соның салдарынан Қазақстан көптеген кәсіби мамандарынан айрылып қалды, себебі елден ең адымен өздері барған елде еңбек нарығында бәсекелесе алатын жоғары білікті мамандар кетіп қалды. Сонымен бір мезгілде Қазақстанда әр түрлі бағытта маман даярлайтын оқу орындарының саны өсті. Жас мамандар тәжірибенің есесін жастыққа тән жігермен, шығармашылық құлшыныспен қайтаруға тырысты. Көптеген адамдар еңбек жағдайының өзгеруіне ілесу мақсатында мамандықтарын өзгертті. Өкініштісі, 90- жылдардың басында ел экономикасы құлдырап, кәсіпорындар жабылып қалуы себепті көптеген жоғары білікті мамандар жұмыссыз қалды. Мұның өзі елдегі миграциялық тасқынды одан әрі күшейтып жіберді. Елімізде кәсіпкерлік өтпелі қоғамның күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайына, макроэкономикалық дағдарыс және халықтың әл-ауқытының нашарлауы өрісінде қалыптасты. Кәсіпкерліктің бұдан тезірек қалыптасуы үшін объективті де, субъективті де себептер керек болады. Үкімет әлгіндей қиыншылықтарға қарамастан ел облыстарында орналасқан шағын кәсіпкерліктің аймақтық орталықтарың құру арқылы кәсіпкерлікті қолдау саясатын жүргізді. Мұндай орталықтыр қолдауға ділгер кәсіпкерлерге шұғыл көмек қолын созды. Республикада басталған ірі мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру және реформалау ісі өндіріс көлемін едәуір қысқартып, кейбір жағдайда кәсіпорындардың жабылып қалуына әкеп соқтырды. Ал бұл жағдай өз кезегінде халықты еңбекпен қамту деңгейін төмендетіп, еңбек ресурстарың мемлекеттік экономика секторынан жеке бизнеске қарай ойсуына әкелді. Мұны статистика мәліметтері растайды.40%-дан аса шағын кәсіпорын 1992-1993 ж. қурылған. Экономика макроэкономикалық тұрғыдан тұрақтана бастаған 1994-1995 ж. 38% шамасындағы шағын кәсіпорындар жұмыс істей бастайды. Соңғы жылдары орта таптың табысы үдемелі өсіп келеді, мұның өзі инвестиция салуға қолайлы жағдай туғызуда. Сондықтан және халықтың табысы қызмет көрсету сұранысынан үнемі артып келе жатқандықтан әсірісе қызмет көрсету саласында кәсіпкерлік одан әрі дамып, жеке компаниялар саны көбейе беруі әбден мүмкін.
Ол еңбек ресурстарын әр қырынан сипаттайтын әртүрлі компонеттерден құралады. Оның құрамаларын қарастырайық.
Еңбек ресурстарының білім деңгейі - олардың ең маңызды сапалық сипаттамасы болып табылады. Ол оқу жылының орташа санымен, оқушылардың және студенттердің санымен, жоғарғы білімі бар мамандардың үлестік салмағымен және де тағыда басқа қоғам көрсеткіштерімен анықталады.
Білім деңгейі сауаттылықтың пайыздық мөлшерлемесі, оқу жылының орташа саны, алынған білімге байланысты тұрғындардың топтарға бөлінуі сияқты көрсеткіштермен сипатталады.
Еңбек ресурстарының мөлшерінің сандық өзгеруі абсолюттік өсу, өсу қарқыны және еңбек ресурстарының өсу қарқыны сияқты көрсеткіштермен сипатталады.
Еңбек әлеуметтік-экономикалық қатынастарда күрделі дәрежені құрайды, оны: философиялық, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, мәдени және экономикалық қызмет субъектілерінің басқа тұрғыдағы әрекеттері тұрғысынан жан-жақты қарастыруға болады. Еңбек және оның өркениетті дамудағы рөлін зерттеуде еңбек мәселесін қозғайтын барлық ойшылдар - біреуі қисынды дәйектілікпен, екіншісі - қарама-қайшылықта негізгі екі көзқарас қалыптастырды. Бірінші көзқарас: еңбек - жасампаз және жеке тұлғаның даму көзі. Екінші көзқарас: еңбек - адамның ең ауыр жүгі.

1 Еңбек ресурстарын реттеудің тиімді экономикалық тетіктері

Еңбекке қабілетті халықтың сапалық құрамының маңызды сипаттамасы біліми деңгейі және кәсіптік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек ресурстарын ұйымдастыру жайлы мәлімет
Адам ресурстарын басқару саясаты
Лауазымдық нұсқаулықтың үлгісі
Жерді бағалаудың мәліметтері
Жайықмұнайгаз МГӨБ-дағы кадрларды басқаруды бағалау және талдау
Адам ресурстарының ағымы
Адам ресурстарын басқару стратегиясы
Кәсіпорынның еңбек ресурстары
Қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарындағы адам ресурстарын басқарудың ерекшеліктері
«Персоналды басқару» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Пәндер