Балалар композиторлары


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік

Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Балалар композиторлары

Орындаған: Өндірқан Амангүл

Тексерген: Педагогика . Ғ. К доцент, . Султанова. Н. К

Семей 2015ж

Балалар музыкасы - балалардың орындауына және тыңдауына арналған музыка. Балалар музыкасы нақтылығымен, бейнелі мазмұнымен, қарапайымдылығымен, айқындылығымен ерекшеленеді. Балаларға арналған музыканың негізіне халық ертегілері, табиғат, жан-жануарлар әлемі арқау болады. Балалар музыкасы ән, хор, аспаптық пьеса, оркестрлік шығарма, сахналық-музыка туынды болып бөлінеді. Балалар музыкасы балалардың орындаушылық мүмкіндігіне сай шығарылады. Мысалы, әннің дауыс диапазоны, дыбыс шығару ерекшелігі, дикциясы; аспаптық шығармада орындау техникасының қарапайымдылығы ескеріледі. Аспаптық Балалар музыкасына фольклорға бейімдеу, биге еліктелген, бейнелі әуен тән. Балалар музыкасыертеден белгілі (Ежелгі Грекияда) . Орта ғасырдағы Балалар музыкасы шпильмандар (кезбе музыканттар) өнерімен байланысты. Балаларға арналған пед-музыка шығармалар жасауға 18-19 ғасырлардың классик-композиторлары И. С. Бах (“Шағын прелюдиялар мен фугалар”), И. Гайдн (“Балалар симфониясы”), В. Моцарт, Л. Бетховен, Р. Шуман, П. И. Чайковский, т. б. үлкен үлес қосқан. 20 ғасырда Балалар музыкасы жанрлық, әсерлілік жағынан байыды. Б. Барток, С. М. Майкапара, С. Прокофьевтің шығармалары үлкен беделге ие болды. Фортепьянолық циклдармен қоса балалар операсы, балеті, кантаталар, оркестрлік шығармалар дүниеге келді. Балалар музыкасы Қазақстан композиторларының шығарм-нан айтарлықтай орын алады. Бұл салада композиторлар А. Затаевич, Б. Ерзакович, А. Жұбанов, Л. Хамиди, Д. Мацуцин еңбек етті. Е. Г. Брусиловcкий балаларға арнап фортепьянолық пьесалар, М. Төлебаев “Жастық шақ” хор сюитасын жазды. Олардан кейін балаларға арнайы А. В. Бычков “Жалаңаш король”, Ж. Дастенов “Қаңбақ шал”, Т. Мұхамеджанов “Алдар көсе” операларын, А. Серкебаев “Маугли менің бауырым” атты рок-опера-балет, С. Н. Кибирова “Үш торай” балеті мен фортепьяно үшін жазылған “Балалар альбомы” пьесалар циклын, Т. Қажығалиев “Бақытты балалық шақ”, В. А. Новиков симф. оркестрге арнап “Ойыншықтар” сюитасын, Ж. Тұрсынбаев “Жайлауда” атты хор-кантатасын жазды. Балалар музыкасының дамуы балалардың орындаушылық шеберлігінің, музыка білімінің жүйелі өсуіне, жалпы мәдениеттің көтерілуіне тікелей байланысты.

Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев

Ескендiр Өтегенұлы Хaсaнғaлиев (1940 жылы Орaл облысындa туғaн) - әншi (лирикaлық бaритон), композитор, 1984жылы Қaзaқстaн Республикaсының хaлық aртисi. Құрмaнғaзы aтындaғы Aлмaты мемлекеттiк консервaториясының вокaльды-хорлық фaкультетiн Е. Виногрaдов пен Н. Шaриповaның клaсы бойыншa курсты, Әль-Фaрaби aтындaғы Шымкент мәдениет институтын бiтiрдi. 1970 жылдaн бaстaп, Қaзaқ рaдиосы мен теледидaрының солисi. Е. Хaсaнғaлиевтiң орындaу мәнерi жоғaрғы кәсiби деңгеймен ерекшеленедi. Ол Қaзaқстaнның белгiлi эстрaдaлық әншiлерi орындaйтын көпшiлiкке жaқсы тaнымaл әндердiң aвторы. Құрмет» орденiмен мaрaпaттaлғaн (2000) .

Шығaрмaшылығы

Хaсaнғaлиевтiң "Әдемi", "Aсыл aрмaн", "Өмiрiмнiң жaзы", "Aтaмекен" әндерiн тек Қaзaқстaн тыңдaрмaндaры емес, шетелдерде де ықылaспен қaбылдaйды. Е. Хaсaнғaлиев шығaрмaшылығынa тaқырыптың әмбебaптылығы, мaтериaлды берудiң көп сaлaлығы тән. Ол музыкaны қaзaқ, орыс, ұйғыр, тaтaр, немiс aқындaрының сөзiне жaзды. қaзiргi қaзaқ композиторлaрының ән-ромaнстaрын нaқышынa келтiре, шебер орындaйды. Xaсaнғaлиев - тaнымaл композитор. Оның бiрнеше ән жинaғы жaрық көрдi. Xaсaнғaлиев әндерiнiң тaқырыбы сaн aлуaн. Ол қaзaқ, орыс, тaтaр, немiс aқындaрының туғaн ел, еңбек, жaстық шaқ, мaхaббaт тaқырыбындaғы өлеңдерiне көптеген ән жaзды. Хaсaнғaлиев гaстрольдiк сaпaрмен Моңғолия (1975), Болгaрия (1982), Югослaвия (1968), Aлжир (1969), Сирия мен Ливaн (1973), Швеция және Финляндия (1970), т. б. елдерде болды. Қaзaқстaн Комсомол сыйл. иегерi(1970) . [1] [2]

Фариза Оңғарсынқызы Оңғарсынова (5 желтоқсан 1939 жыл - 23 қаңтар 2014 жыл) - қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақырылымдарының депутаты (1996-2004) .

1939 жылы 5 желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған [1] .

Қызмет жолы

1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, «Октябрьдің 40 жылдығы» қазақ орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеген.

1966-1968 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер міндетін атқарған.

1968-1970 жж. республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі болып еңбек еткен.

1970-1978 жж. республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») журналының бас редакторы, 1978-2000 жылдары «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы болып істеді.

2000-2004 жж. ҚР мәжілісінің депутаты болды.

2014 жылдың 23 қаңтар күні Астана қаласында ұзақ сырқаттан дүниеден өтті [2]

Әдеби шығармашылығы

Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы жарық көрді. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің - Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы.

Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А. А. Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р. Ф. Казакованың, Е. А. Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.

1984 жылы «Үйім - менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Шығармалары

  • Сандуғаш. Өлеңдер. Алматы., «Жазушы», 1966;
  • Маңғыстау маржандары. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1969;
  • Мазасыз шақ. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1972;
  • Асау толқын. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973;
  • Көгершіндерім. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974;
  • Биіктік. Очерктер. А., «Жазушы», 1975;
  • Біздің Кәмшат. Повесть. А., «Жазушы», 1976;
  • Сенің махаббатың. Өлеңдер. А., «Жалын», 1977;
  • Шілде. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1978;
  • Нежность. Стихи. А., «Жалын», 1978;
  • Тревоги. Стихи. М., «Молодая гвардия», 1979;
  • Озарение. Стихи. М., «Советский писатель», 1980;
  • Полдневный жар. Стихи. А., «Жазушы», 1980;
  • Сұхбат. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1983;
  • Жүрек күнделігі. Таңдамалы. А., «Жалын», 1984;
  • Дауа. Өлеңдер. «Жалын», 1985;
  • Алмазный клинок. Стихи. М., «Художественная литература», 1984;
  • Ожидание солнца. Стихи. М., «Молодая гвардия», 1985;
  • Таңдамалы шығармалары. Екі томдық. А., «Жазушы», 1987;
  • 10 томдық таңдамалы шығармалар жинағы. 2004.

Марапаттары

  • «Құрмет белгісі» (1976)
  • «Парасат ордені» (1996)
  • ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1979) .
  • Халыққа білім беру ісінің үздігі (1985) .
  • Қазақстанның халық жазушысы (1991) .
  • Қазақстанның халық ақыны. [3]
  • Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Отбасы

Әкесі - Иманғалиев Оңғарсын.

Анасы - Иманғалиева Қалима.

Ұлы - Оңғарсынов Әнуар (1966 ж туған ) .

Немерелері - Анита (1987 жылы туған ), Алан (1996 жылы туған ), Әнел (1999 жылы туған ) .

Тұрсынғазы Рахимов

Тұрсынғазы Рахимов (1951 жылы 15 қазанда туған) «Өнер - тәңір сыйы» десек, бойға біткен қасиетті танып, оны дамыту, жан дүниені тебіренткен ерекше сезімнен туған ән ырғағын тыңдаушыға жеткізіп, көкірек көзін ояту екінің бірінің қолынан келе бермейді. «Сәби болғым келеді» әнімен танымал, отыз жылдай қазақ даласын шарлап, өз өнермен қалың қауымды сүйсінтіп жүрген, Семейлік әнші, сазгер, Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Тұрсынғазы Рахимов - міне осындай өнер иесі. «Үш бақытым» деп Мұқағали жырлап өтсе, «үш ұстазым бар» деп Тұрсынғазы әркез мақтанышпен айтады. Өнер жолында үш дарын иесінен тәлім-тәрбие алғаны жайлы сөз кезегін сазгердің аузынан тыңдасақ: "Мен Жүсіпбек Елебековтың шәкірті болғаныма бақыттымын. Ол кісі үнемі айтатын, «сен сазгерлікпен айналысасың» - деп. Ол кісінің көрегендігі ме, мен он жылдан кейін ән шығара бастадым. «Сені асырайтын қара домбыраң» дейтін екінші ұстазым Есімхан Обаев. Ол маған талай роль беріп сахнаға шыңдады. Сахнаға шығу үшін де шеберлік керек. Үшінші ұстазым - композитор Теміржан Базарбаев. 1979 жылы алғаш әнім «Сәби болғым келедіні» жазғанда ақ батасын беріп, көп тәрбиелеген тәлімгерім еді . . . » 1993 жылы желтоқсан айының басында Алматыда сазгердің шығармашылық кеші өтті. 1994 жылы Тұрсынғазының «Сәби болғым келеді» деген атпен әндер жинағы шықты. Жинаққа «Әнге ғашық жүрек» деген алғысөз жазған ғалым, зерттеуші Төкен Ибрагимов. Осы жылы әнші Қытай еліне арнайы шақырумен барып, Үрімжіде өнер көрсетіп қайтты. Әр әннің өз тағдыры, өз дауысының бояуы, жүрек лүпілі болады. Иісі қазақ жұртының қан тамырындай бүлкілдеген сол бір нұрлы айшықтың ішінде сазгердің де өз үні бар. Оның әндерінің жол табуына себепкер болған адам - Мұқағали Мақатаев. Арқалы ақынның аруағы Тұрсынғазының талантын әлі күнге жебеп келеді. Осы уақытқа дейін ақынның он беске жуық өлеңін әнге қосты. Оның «Дариға, домбырамды берші маған», «Отыздан асып барамын», «Мен сені сағынғанда», «Санаулы күн», «Нені аңсаймын», «Я, жаратушы Аллам», «Қазағым-ай», «Аягөз ару» т. б. әндері жан дүниеңді тебірентетін дүниелер. Әр әннің өзінің шығу тарихы болады дегендей, сазгердің «Батыр баба - Қабанбай», «Ән атасы - Әміре», Әсетке арналған «Сағынбасқа не шара», Кейін Жәнібектен көз жазып қалған шақта Несіпбек екеуі «Ақбөкен» әнін шығарса, бертінде Есенғали Әділбековтың өлеңіне «Әнің қайда, Жәнібек» әні туды. 2004 жылы Тұрсынғазы Рахимовтың «Нені аңсаймын» деген ән жинағы жарық көрді. Жинақта ақын-журналистердің Тұрсынғазы жайлы туындылары орын алады. Жүсіпбек Елебековтың әншілік мектебін ұрпаққа үйретіп, Семейдегі Мұқан Төлебаев атындағы музыка колледжінде ұстаздық етіп жүрген Тұрсынғазы Рахимов - өнер шырағын келер ұрпаққа жеткізген тәлімгер.

Алтынбек Қоразбайұлы Қоразбаев

Korazbayev.jpg

Қоразбаев Алтынбек [1] 1948 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы Қызылсай ауылында туған. Алтынбек үшінші сыныпта оқып жүргенінде Бескемпір ағасы оған сегіз ішекті мандолинді қаладан әкеліп береді. Оның өзі де орыстың әлде бір частушкаларын, әндерін шебер орындайтын. Алтынбектің тағы да бір серігі гармошка болды. Ол он екі жасынан бастап гармошканы қайда барса, сонда алып жүретін әдет шығарды. Осылай Алтынбек қос музыкалық аспапты игеріп ән салу өнеріне алғаш қадам басты. Ағасы Бескемпір Алтынбекті Тараздағы (ол кезде Жамбыл қаласы) мәдени ағарту училищесіне он бес жасында оқуға тапсырады. Училищенің директоры - Қырғызбай Айнағұлов еді. Осында Алтынбек пианиноны ойнауды үйренсе, ұстазы Әбілахат Төлешов домбыраны тартуды үйретті. Енді ол төрт музыкалық аспапты ойнауды игерді. Алтынбек, әсіресе, күй тартуға құмарлана түсті. Әрине Құрманғазының «Сары арқасы», «Адай» күйлері қай қазақтың делебесін қоздырмаған. Сол жылдары Алтынбек баянда ойнауды да игерді.

  1. Алтынбектің ұстаздарының кейбіреулері оны Мәскеу немесе Ленинград музыкалық жоғары оқу орындарына баруға үгіттейді. Училищені сол жылдары Шора Теміров басқарды. Шора Теміров Алтынбекті жетелеп әкеліп консерваторияның дирижерлік бөліміне оқуға орналастырады. Мұндағы ұстазы - Алдаберген Мырзабеков. Ұстаз Алтынбекті оқып жүрген кезінде-ақ, Құрманғазы атындағы оркестрге өткізеді. Сонда ол 1973 жылға дейін домбырашы болады. Алтынбек оркестр құрамында Финляндия, Қазақстан мен Ресейдің біраз қалаларына, елді мекендеріне барып өнерін көрсете бастайды. Оның есінде әсіресе Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевпен бірге Гурьев облысына 1972 жылы баруы өнерінің бір белесі болып танылады. Сол жылдары ол Кененнің «Бозторғайын» «Базар-Назарын» және «Қайран жастық» әндерін орындаған. 1973 жылдан Жамбыл облыстық «Алатау» эстрадалық ансамблінің көркемдік жетекшісі, сонан соң облыстық филармония директоры болып істеді. Халық сүйіп тыңдайтын «Қара кемпір», «Қара шал», «Шашбаулым», «Сырғалым», «Аяулы Таразым», «Кенен ата», «Сағындым Кенен атамды» әндерінің авторы. [2]
  2. Мәдениет саласындағы жоғары жетістіктері үшін А. Қоразбаевқа 1993ж Қазақстан Республикасының, 1994ж Қырғызстан Республикасының халық әртісі атағы берілді.

Серікбай Оспанов

301-324-38.png

Серікбай Оспанов - 1945 жылы 1 сәуірде Торғай (қазіргі Қостанай облысы) облысындағы Жангелдин ауданының «Шилі» кеңшарында, «Балдай» қонысында туған.

1968 жылы Қазақ ұлттық факультетін бітірген. 1968 - 1978жж. Қазақ радиосында, республикалық «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі болып қызмет істеді. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, доцент қызметтерін атқарған. Қазір Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі.

Алғашқы топтама өлеңі

  • 1967 жылы «Жер жүрегі»,
  • 1969 жылы «Жас керуен» атты ұжымдық жинақтарға енген.

Бірнеше жыр жинақтарының, аударма өлеңдердің, балаларға арналған тақпақтардың авторы.

Шығармалары:

  • Жүрек лүпілі. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1971;
  • Жарқын жастық. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975;
  • Қайнар бұлақ. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1977;
  • Қоңырау гүл. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1979;
  • Ай гүл. Өлеңдер. А., «Жалын», 1981;
  • Алтын арқау. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1982;
  • Батыр туралы баллада. Өлеңдер. А., «Жалын», 1984;
  • Тіршілік тамыры. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1985;
  • Назқоңыр. А., «Жалын», 1987;
  • Балдай таудың баурайында. А., «Жалын», 1990;
  • Шашу. А., «Жалын», 1992;
  • Бесік. А., «Өнер», 1992;
  • Қадір түні. А., «Жалын», 1995;
  • С. Мәуленов - журналист, публицист. А., «Ғылым», 2001;
  • Публицистика. А., «Сага», 2001;
  • Ахмет өскен ақындық орта. А., 2004;
  • Қараторғай. А., «Жазушы», 2004;
  • Алтынсариннің айналасындағы адамдар. 2006;
  • Ең жақын кім адамға?. А., «Балалар әдебиеті», 2007;
  • Сағындым Алматымды. Қостанай. «Шапақ», 2009.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТМД елдерінде музыкалық тәрбие беру облысында озат тәжірбиелердің қолдануы
«Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру»
XIX ғасырдың екінші жартысы Қазақстанның музыка өнерінің дамуы
Шетелдерде балалар музыкалық тәрбиесінің дамуындағы негізгі бағыттар мен беталысы (тенденциялары) (Австрия, Венгрия, Болгария, Германия, Жапония, АҚШ және т.б)
Қазақ халық музыкасы арқылы мектепалды даярлық тобы балаларына патриоттық тәрбие берудің әдістемесін жасау
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы
Қазақстанның саксофонда орындаушылық өнері
Қазақ композиторларының балаларға арналған шығармаларының педагогикалық маңызы мен тәрбиелік мәні
Қазақстандағы камералық-аспаптық жанрдың қалыптасуы мен дамуы
XХ ғасырдағы батыс еуропа музыкасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz