Оқушылармен жүргізетін музыкалық жұмыста кездесетін өнердің жақын түрлерінің өзара байланысы


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Мәдениет, спорт жәнеалғашқы білім беру факультеті

Музыка кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҮРГІЗЕТІН МУЗЫКАЛЫҚ ЖҰМЫСТА КЕЗДЕСЕТІН ӨНЕРДІҢ ЖАҚЫН ТҮРЛЕРІНІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ

Ғылыми жетекші

аға оқытушы

«»20__ ж

Кафедра меңгерушісі,

п. ғ. к, доцент

«»20__ ж

Орындаған 4 «А» тобы

cтуденті 20__ ж

Норма бақылаушы

20__ ж.

КІРІСПЕ

Зерттеу көкейтестілігі. Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болып, әлеуметтік қоғамдық, экономикалық, рухани-мәдениеттік күрделі жаңарулар жүзеге асуда. Осыған орай ұлттық мектебіміз елеулі өзгерістерге бет алып, реформалық қайта құрулар жүргізілуде. «Білім туралы» заң қабылданып, Қазақстан Республикасындағы барлық жалпы білім беретін мектептерге арналған ортақ тұжырымдамалар айқындалуда. Онда жалпы білім беретін мектептің мақсаттары, міндеттері, қызметі, құрылымы мен түрлері қаралған.

Жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттың мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып, оқыту, тәрбиелеу, арқылы әрбірінің жеке тұлғалық сапаларын Жан-жақты дамыту жаңа мектептің басты мақсаты деп танылды [1, 28 б. ] .

Мектепті қайта құру жайында жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру үрдісіне эстетикалық тәрбиенің маңызы өзектілік сипатқа барған сайын ие болуда. Қазіргі ұлттық мектебіміздегі оның мақсаты нақтылана түсуде: жеке оқушыны эстетикалық білім арқылы оны рухани құндылықтарға, көркем шығармашылық әрекеттерге тарту басым бағыт алуда.

Эстетикалық білім арқылы адам бойында эстетикалық, этикалық, ұлттық, отансүйгіштік, экологиялық сананы тәрбиелеуге, сол арқылы адамгершілік мұраттарына, мінез-құлық әсемдігіне, жалпы сұлулық атаулыға эстетикалық көзқарасты қалыптастыруға қызмет етеді. Эстетикалық тәрбиелеу оқушының бейнелі ойлауын, көңіл-күй қабілетін, әсемдік және шығармашылық заңдылықтары негізінде дамытуға ықпал етеді.

Ол негізінен, көркем өнер құралдары арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге эстетикалық тәрбие сапасына табиғат, тұрмыс, еңбек, қоршаған орта, қоғамдық-әлеуметтік қатынастар мен көзқарастар, жеке адамдар арасындағы қатынастардың эстетикалық құбылыстары зор әсер етіп отырады.

Сондай-ақ эстетикалық тәрбие мен өнер түрлерінің өзара байланысын жұптастырып, оның оқушыларға беретін тәлім - тәрбиесін, білімін, жалпы саналы тұлға қалыптастыруға ықпал ететін факторлар мен міндет - мүдделер диплом жұмысымның тақырыбында ұсынылмақ.

Жастарға рухани - мәдени тәрбие берудегі эстетикалық тәрбиенің құрамдас бөлігі ретінде мектепте музыка пәнін оқыту барысында оқушы бойында ізгілік құндылықтарының қалыптасу белсенділігі күшейеді.

Бұқаралық ақпарат құралдарының кең тарауына, компьютер мен техниканың адам өмірінде шешуші қызмет атқарып отыруына байланысты жас ұрпақтың эстетикалық сауаттылығын, санасын, мәдениетін арттырудың, көкейкестілігі барған сайын күшейе түсуде. Оның өзі негізінде, өнер арқылы жүзеге асатындықтан, өнердің қоғамдық мән-мақсаты маңыздылыққа ие болуда. Ол ұрпақтардың өмірлік тәжірибесін жинақтап, қоғамдық сұраныстың жаңа қажеттіліктеріне жауап бере отырып, адамды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың ықпалды құралы қызметін атқарады.

Эстетикалық тәрибенің құрамдас бөлігі ретінде музыкалық тәрбие мектептің оқу жоспарында қарастырылады. Музыка пәнін оқыту дұрыс қойылған жағдайда балаларды музыкаға сүйіспеншілік пен музыкалық талғам қалыптасып, музыкалық сезім оянады, музыкалық есту мен музыкалық есте сақтау қабілеттері артады. Осы орайда музыкалық көркем туындыны толыққанды қабылдай алу, болжай білу әрекеттері музыкалық тәрбиенің алғышарты ретінде маңызды болады. Бұл ретте музыкалық қабылдау әрекеттерін арттыру өнердің басқа түрлерін кешенді үйлесімде қолдануды қажет етеді.

Атап айтқанда, музыкалық шығармалар мен әдеби туындылардың байланысы, музыкалық шығармалардың мазмұнын бейнелеудегі сурет салу өнері мен байланысы, музыкалық шығармаларға тән ырғақ пен қимыл-қозғалыс жасаудағы би өнерімен байланысы оқушыларды тәрбиелеуге, музыканы қабылдауға дайындық ретінде пайдаланудың маңызы зор. Жеке адамның үйлесімді дамуының музыкалық - эстетикалық тәрбиеге қатыстылық мәселелері А. Нұғыманова, П. М. Момынова, С. А. Ұзақбаева, Н. З. Өтемісов, М. Х. Балтабаева, Т. А. Қысқашбаев, Р. К. Дүйсенбінова және басқа ғалымдар зерттеулерінде өзінің ғылыми-теориялық шешімін тапты.

Олар ұлттық музыкамыздың (ән, күй, терме, айтыс, т. б. ) тәрбиелік мүмкіндіктерін жан-жақты Аша алды, оларды оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану жолдарын көрсетті. С. Ұзақбаеваның «Сырлы саздар тағылымы» (А, 1999), «Өміршең өнер өрісі» (А, 1988) «Тамыры терең тәрбие» (А, 1995), т. б. еңбектерінде Қазақстанда музыкалық-эстетикалық тәрбиенің қалыптасып, даму жолына жүйелі талдау жасалып, 1917-1980 жылдар аралығындағы мектептегі музыка пәні бағдарламалары, жалпы музыка-эстетикалық тәрбие беру мәселесі тұрғысынан сарапталған.

Зерттеу мақсаты. Музыка мен өнер түрлерінің байланысы арқылы оқушылардың музыкалық қызығушылықтарын қалыптастырудың ғылыми - педагогикалық негізін анықтап, әдістемелік тұрғыдан дәлелдеу, ұсыныстар жасау.

Зерттеу объектісі. Жалпы орта білім беретін мектептерінде эстетикалық тәрбие беру жүйесі.

Зерттеу пәні . Музыка мен өнер түрлерінің байланысы арқылы оқушылардың музыкалық таным қызығушылықтарын қалыптастыру үрдісі.

Зерттеу болжамы. Егер, музыка мен өнер түрлерінің байланысы арқылы оқушылардың музыкалық қызығушылықтарын қалыптастырудың ғылыми - анықталса және оның әдістемесі жасалса, онда оқушылардың музыкалық қызығушылық деңгейлер көлемінің артуына мүмкіндік туып, ұлттық рухани, мұраға деген сүйіспеншіліктері артады.

Зерттеу міндеттері.

- қазақ халық педагогикасында музыка мен өнер түрлерін байланыстыру дәстүрлеріне сипаттама беру;

- оқушылардың музыкалық қызығушылықтарын қалыптастыруда музыка мен өнер түрлерінің байланысының ғылыми - теориалық негіздерін анықтау;

- оқушылардың музыкаға қызығушылықтарын қалыптастырудағы музыка мен өнер түрлерінің байланысының мүмкіндіктері мен оның мазмұнын айқындау;

- мектептегі музыка пәнін оқытудағы музыка мен өнер түрлерінің байланысын қлоданудың әдістемелерін анықтау;

- тәжірибелік жұмысын жүргізу, оның нәтижесін қорытындылау.

Зерттеудің жетекші идеясы . Музыка мен өнер түрлерінің байланысын оқыту үрдісі мен сыныптан тыс жұмыстарға енгізу оқушылардың музыкалық қызығушылықтарын арттыруға ықпал жасайды.

Зерттеу әдіснамалық және теориялық негізі. Мәдениеттану қағидалары, қоғамдық орта мен жеке тұлғаның даму заңдылықтарының байланыстылығы теориясы, жалпы адамзаттық құндылықтар теориясы, жеке тұлға іс-әрекеті теориясы, музыкалық бейім, қабілет жайлы психологиялық, педагогикалық тұжырымдар.

Зерттеу әдістері. Зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, фольклорлық, мәдениеттану, шығармашылық еңбектерге тарихи - педагогикалық талдау жасау, оқушылардың музыкалық қызығушылықтарын қалыптастыруға арналған ғылыми - әдістемелік оқулықтар мен оқу құралдарын, бағдарламалар, музыка мұғалімдерінің озық тәжірибелерін зерттеп талдау; әңгіме, сауалнама жүргізу, іс-тәжірибе нәтижелерін бағалау, бақылау, салыстыру әдістерін қолдану.

Зерттеу кезеңі. Өнер түрінің бір саласы - күй музыкасының оқушыларға музыкалық - эстетикалық тәрбие беру жүйесін зерттеу мақсатында пысықтауыш сабақ жүргіздім.

Бірінші кезең: (2003-2004) Диплом жұмысының ғылыми аппаратын құру жұмыстары атқарылды. Зерттеудің мақсаты, міндеттері, болжамы белгіленді. Белгіленген тақырыпқа қатысты тарихи-теориялық еңбектер, мектеп тәжірибелері зерделенді.

Екінші кезең: (2004-2005) Нақты деректерді жинау және жөндеу, әлеуметтік-педагогикалық зерттеу мен бақылау әдістері арқылы және бақылау сыныптардағы оқушылардың музыкалық қызығушылық деңгейлері анықталды. 2004 жылы Павлодар қаласында өткен 2 Республикалық «Үздік музыка мұғалімі» атты конкурсқа қатысып «Орыстың халық музыкасы және қазақстан композиторларының шығармалары» атты тақырыбын ұсынып оқушыларға сабақ жүргіздім. Студеттердің ғылыми конференциясына қатыстым. Курстық жұмыс осы тақырып деңгейінде қорғалды. Осы негізде оқушыларға музыкалық-эстетикалық тәрбие беру арқылы музыканы қабылдау, бағалау, пайымдау, талғамдау, жалпы музыкалық әрекеттер мәселелерінің оқушылар бойындағы көріністері, нәтижелері ретінде анықталып, оларды талдау, сұрыптау, тұжырымдау жүргізілді.

Үшінші кезең: Курстық жұмыс тақырыбы кеңейтіліп диплом жұмысының тақырыбы анықталды. Ғылыми тұрғыдан обьективті және сенімді теориялық тұжырымдар, практиканың қорытынды нәтижелері түзіліп, ұсыныстар жасалынды, жетілдіру жолдары айқындалды.

Зерттеудің практикалық маңызы:

- зерттеу идеяларының нәтижелері республикалық жалпы білім беретін мектептердің 2-5 сыныптарына арналған білім мазмұнында, мемлекеттік білім стандарты, бағдарламалар, оқулықтар мен хрестоматиялар пайдаланылады;

- зерттеу идеялары мен нәтижелері мектептегі музыка сабағы мен сыныптан тыс жұмыстарда қолдануға арналған;

- зерттеу музыкатану ғылымында музыка мен өнер түрлерінің байланысының оқушыларға музыкалық - эстетикалық тәрбие беру жүйесіне негіз бола алады.

Зерттеу барысы. Зерттеу базасы болған мектеп: Өскемен қаласы №20 Ахмет Байтұрсынов атындағы гуманитарлы эстетикалық қазақ орта мектебі.

Диплом жұмысының құрылымы. Кіріспеден, негізгі екі бөлімнен және қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімімен қосымшадан тұрады:

Кіріспеде зерттеудің көкейтестілігі, мақсаты, міндеті, нысаны, пәні, зерттеу болжамы, зерттеу әдістері мен зерттеудің негізгі кезеңдері айқындалып, практикалық мәні, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар баяндалады.

«Музыка мен өнер түрлерінің байланысы арқылы оқушылардың музыкалық қызығушылықтарын қалыптастырудың ғылыми - педагогикалық негіздері» атты бірінші бөлімде жалпы білім беретін мектепте оқушылардың музыкалық қызығушылықтарын қалыптастырудағы музыка мен өнер түрлерінің өзара байланысының біртұтас табиғаты, олардың байланысының ұлттық дәстүрі, мүмкіндіктері қарастырылады.

«Музыка мен өнер түрлерінің байланысы арқылы оқушылардың музыкалық қызығушылықтарын қалыптастырудың әдістемелері» атты екінші бөлімде, 2-5 сыныптарда музыка пәнін оқытуда музыка мен өнер түрлерін байланыстыру бағдарламасы, оны ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдері, әдістемені жүзеге асыру жолдары, тәжірибелік - педагогикалық жұмыстар сипатталады.

Қорытындыда теориялық зерттеулер мен жұмыстардың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар жасалды.

1 ӨНЕР ТҮРЛЕРІНІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Оқушыларға мектепте музыкалық эстетикалық тәрбие беруде өнер түрлерінің өзара байланысының орны

Қазақстандағы ХХІ ғасыр басындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер адамдар санасында күрделі жаңарулар туғызып, іргелі және жан-жақты білім беруді қайта ойластырып дамытуды қажет етуде. Бүгіндері білім беру өндіріс мүдделерін қамтамасыз ету қызметінен арыла отырып, мәдени-шығармашылық мұратқа бағыт алуда. Жеке тұлғаның дамуында бір жақтылықтан, шектіліктен босанып, әрбір дара тұлғаны өзінің ішкі қуатының ашылу мүмкіндіктерін кеңейтіп, азаматтық беталысын айқындауда ізгілік білім адамның әлеуметтік-мәдени болмысын жүзеге асыру тәсілі ретінде қолданылады. Ізгілік білім қоғамдағы демократиялық ағартушылықты мақсат ете отырып, адамдардың әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқына, этника аралық, әлеуметтік-топтық, мемлекет аралық қатынастарға тікелей ықпал етеді, жаңа мемлекеттік түсініктер, азаматтардың құрмет тұтатын құндылықтар мен өмірлік мәнді бағдарлар жүйесін қалыптастырады, қоғамдық ізгі руханияттың негізін құрады.

Әлеуметтік өркениеттіліктің негізгі өлшемі адам болып отырған ХХІ ғасыр талабы адамзат қоғамының ізгілік сипатта даму жолын айқындайды.

Бүгінгі әлемде, ізгілік мәселенің аса өзектілікті сипат алуы бірқатар көрініп отырған күнделіліктерімен түсіндіріледі. Әлемдегі жас ұрпақ бейнесінің құндылық және дүниетаным бағдарлары өзгеруде, олардың адамгершілік-эстетикалық мұраттары тоқырауға ұшырауда. Бүгінгі жастар санасында қатігездік, өріс алған, ізгілікке, адалдыққа, инабаттылыққа сенімсіздік басым. Олар әлеумет мүддесіне қайшы құбылыстар мен әрекеттерді жақтауға бейім, онысын азат тұлға өзінің өмір жолын өзі таңдауы тиіс дейтін қастерлі құндылық ұғымын қате ұғынулармен ақтауға тырысады.

Жастардың қазіргі бұл түрі түбегейлі құлдырай қоймағанмен, қарама-қайшылықтары көп тұлғаға айналуда. Өйткені олар өздерін азат тұлғамыз деп тануға ұмтылғанымен, ізгілікті көзқарастағы адам болудан тым алыс, өзін-өзі рухани жетілдіруден алшақ тұр. Бұл жағдайда себептер көп, өмір болғандықтан қиыншылықсыз болмайды. Дегенмен түрлі олимпиадалар, конкурстар, дебаттар, кездесулер, түрлі шаралардың өтуіне байланысты қазіргі проблемаға қарсы мектеп ұжымы, мекемелер, т. б. өз алдына күресуде. Соның арқасында біз ізгілік парасатқа, ақылгөй даналыққа, ұлтжандылық сияқты қасиеттерге жетуге мақсат қойылуда.

Мұндай мақсаттарға жету, ең алдымен, жас ұрпаққа білім беру ісін ізгілендіру арқылы жүзеге аспақ. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның қабылдаған келешек білім беру мақсаттарының бағдарламасы қазіргі дүниедегі білімжүйесінің даму бағдарын айқындай алады. Онда ең басым мақсаттар ретінде өмір сүруге үйрену, білім жинақтауға үйрену, жұмыс жасауға үйрену сияқты сапалар белгіленген [2, 9 б. ] .

«Ізгілендіру принципі тікелей оқушының жеке тұлғасына оның қабілеттерінің дамуы үшін жағдайлар жасауға, оның жеке басының ерекшеліктерін анықтауға, оқыту барысында тәрбиелеуге бағдарланады»- деп көрсетілген Қазақстан Республикасының орта білім жүйесінің дамуының мемлекеттік тұжырымдамасында [3, 6 б. ] .

Ол міндетті шешуде ең үлкен басымдық білім мазмұнын құруда Қазақстан халықтарының мәдени-тарихи құндылықтарының таным үрдісіндегі сабақтастықтарын жалпы адамзаттық қазыналармен үйлесімділікте пайдалану көзделеді. Сөйтіп білім берудің дамуының әлемдік тенденциясында орнығып отырғандай, дүниенің бейнесінің тұтастықта қабылдануы арқылы шәкірттердің дүниетанымын қалыптастыру мақсаты қойылады. Ол білімдердің интеграциялануы, пәнаралық байланыс сондай-ақ интеграциялық кешендер арқылы жүзеге асатын болады.

Білім беру ісін ізгілендірудің жаңа сипаты оның түпкі мұратымен айқындалады: бұған дейінгі «білімді адамды дайындаудан «мәдениетті», «әрекетшіл» адамды қалыптастыру басты мақсат болуда. Адамның білімділігінің өлшеуіштері жаңарды. Білімді Адам деп ендігі жерде ғылыми білімді меңгерген, тіпті дүниетанымы да қалыптасып жеткен қоғам мүшелері емес, өз бетінше өмір сүруге дайындығы бар, осы заманғы мәдениеттің күрделі мәселелерін еркін зерделей алатын, өмірдегі өзінің орны мен қызметін көре, сезіне білетін тұлға ғана саналынады.

Сөйтіп мектеп өзінің ізгілікті мәніне ие бола бастады: ерікті де еркін тұлғаны және оның бізге әлі де беймәлім сырларын дамытып қалыптастыру - бүгінгі күн талабына айналды.

Ізгілік болмысын жүзеге асыратын, оқушының танымдық мүмкіндіктері мен шығармашылық қуатының мейілінше ашылуына жағдай жасайтын болуы үшін білім беру төмендегідей методологиялық ұстанымдарға негізделінеді:

- жеке оқушының дамуына бейімділік;

- білім мазмұнының ізгілік болмысы мен сабақтастығы;

- оқытудың саралану және даралану сипаты;

- білім мазмұнының, оқу-тәрбие үрдісінің біртұтастық (интеграциялық) сипаты;

- ізгілендірілген білім мен тәрбие берудің Қазақстан Республикасының ұлттық тарихына, мәдениетіне, дәстүрлеріне негізделуі, олардың жалпы өркениеттік мақсаттар шоғырында әлемдік және ұлттық мәдениеттермен бірлікте қаралуы;

- ізгілендірілген білім берудің үздіксіз сипаты;

- уақыт сынынан өткен дәстүрлі іргелі оқу-тәрбие әдістерімен бірге ең озық жаңа оқыту түрлерін, технологияларын, әдіс-тәсілдерін, ақпараттық және техниклық құралдарын пайдалануға бағатталу.

Елімізде жас ұрпаққа білім беруді ізгілендірудің мемлекетті тұжырымдамасы жасалған [4, 7 б. ] . Ол ҚР «Білім туралы» Заңда белгіленген [5, 3-46 б. ], бұл бағыт Қазақстан Республикасы білім қызметкерлерінің 2001 жылы Алматыда өткен екінші құрылтайының құжаттарында көрініс тапқан.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатында ізгілік мәселесіне үлкен орын беріледі. «Қазақстан - 2030» Даму стратегиясында Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың: «Барлық қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын, денсаулығын, білімі мен мүмкіндіктерін ұдайы жақсарту» [6, 38 б. ] . Деп, ізгілікті салауатты өмір қалпын даму бағыты ретінде көрсетуі бұған айғақ.

ҚР гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында (1994ж. ) Қазақстан Республикасындағы осы күнге дейін қызмет етіп келген білім беру жүйесінің әлемдік деңгейге де, өзектілікті практикалық қажеттілікке де сәйкес еместігі көрсетілген. Егер де әлемнің дамыған елдерінде білім берудегі дағдарыс білім рыногы саласындағы технологиялыардың тез ауысып отыру жағдайындағы ақпараттар тасқынымен байланысты болса, біздің елімізде ол дағдарыстардың табиғаты біршама басқа болып келеді.

Біздің бұрынғы білім жүйеміз идеологизацияланудың жоғары дәрежесінде жүзеге асты. Қоғамдық пәндер адам табиғатын, оның өмірлік мүдделері мен қажеттіліктерін, мәдениеттің шынайы құндылықтарын жеткілікті ескермеді, тек бұрынғы ғылыми білім үлгілеріне ғана бағдарланды. Білім беруді оқшаулау оны бірыңғай қалыптар мен табынушылықтан шығармау, әлемдік өркениеттен бөліп ұстау рухани өмірдің жұтандауына әкеп соқты.

Халықтың мәдени-тарихи қазыналарының бүтіндей қабаттары ұмыт қалдырылды.

Бірақ соңғы кезде Қазақстан Республикасының білім жүйесінде ұлттық дәстүр, тарих қайта оралуда. Қоғамда әрбір ұлт пен ұлыстың мәдени тілдік қажеттіліктерін қанағаттандыруда оң көзқарас қалыптастыруды. Ұзақ жылдар бойы идеологиялық институтқа айналып кеткен мектеп қайтадан мәдениет ошағына айналып келеді. Республика мектептерінің өміріне кеңінен еніп келе жатқан «Атамекен», «Кәусарбұлақ», «Елім-ай», «Мұрагер», «Жұлдыз» бағдарламалары мектеп оқушыларының халық мәдениетімен, озық дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен сусындауына мүмкіндік туғызуда. Заман мен қоғам қаншалықты өзгергенімен, Адам санасынан мәдени құндылықтар жойылмауы тиіс. Төл мәдениетінен нәр алған, әлемдік мәдениеттен сусындаған тұлға ғана қоғамның тұтқасы бола алады [7, 35 б. ] .

Қазіргі ұлттық мектебімізде білім берудің негізгі міндеттері ретінде - жан-жақты, мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу, тұлғаның өзінің төл мәдениетінен сусындауы, және өзге мәдениеттерді ұғыну үшін жағдай жасау, мәдениеттер алмастығына бірін-бірі байытуына бағдар ұстау ұсынылады. Жан-жақты мәдениетті тұлға де өз мәдениетіне де, өзге мәдениетке де тәнті адамды деп танимыз. Төл мәдениетті терең білу оған басқа мәдениетке қызығушылыққа іргетас қаласа, көпмәдениетті білу өз мәдениетін мақтан тұтуға негіз салады.

Музыкалық әдебиеттерде халықтық аспаптар мәдениетін, халықтық ән мәдениетін, халықтық сөз мәдениетін сәндік қолданбалы мәдениетті, халықтық би мәдениетін дәстүрлі көркем мәдениетінің жүйе түзуші сыңарлары деп танып, оларды жалпы түрде Қазақстанның дәстүрлі көркем мәдениеті деп атайды [8, 47 б. ] .

Біздің Республикамыздың дәстүрлі көркем мәдениеті Қазақ халқының ежелден келе жатқан көп жанрлы мәдениетіне негізделеді және ол Қазақстанда өркен тапқан әртүрлі этникалық мәдениеттерді қамтиды. Олар біздің жалпы мемлекеттік мағнадағы Қазақстан мәдениетінің құрамдас бөлігі бола отырып, бір-біріне оң ықпал етеді, әрі өзара байланыста гүлдейді.

Дәстүрлі көркем мәдениетте Қазақстан халықтарының өзара келісімі мен түсіністігін құрастырушы фактор ретінде әлеумет қауымының адамгершілік, ізгілік, эстетикалық, танымдық-тұрмыс мәндері көрініс тапқан. Сондықтан да ұлттық мектебімізде музыка пәні мазмұнды қазақ халқының дәстүрлі көркем мәдениетінің негізінде қамтуы көздейді. Ол ұлттық мәдениетіміздің жалпыадамзаттық мәдениетпен, құндылықтар мен үндестік сипатын жеткізуге, сол арқылы жеке тұлғаның бойында халықтар арасындағы түсіністік сезімдерін нығайту көзі ретінде де қызмет етеді.

Мәдениетті, оның барлық байлығын толық қанды сезіну гуманитарлық бағдардағы пәндерде алған білім, түсініктерді кең түрде интеграциялап, пайдалануға да зор мүмкіндіктер ашады.

Қай халық болмасын өз өнерін рухани тілі ретінде қолданғанын ескертсек өнер де анна тілі сияқты халық тілін құрайтын сыңар бола алады. Сондықтан Д. Ушинский айтқандай, баланы халық тіліне ендіру арқылы біз оны халықтың рух саласына, халықтың ой-сезіміне, халықтың өмірінің ішкі дүниесіне ендіреміз [9, 34 б. ] . Өнер сабақтарының оның ішінде музыка пәнінің басқа да мектеп пәндер мен психологиялық, педагогикалық ортақтығы мол, түпкі мұраты бір, ол мәдениетті тұлғаны дамытып, қалыптастыру. Дей тұрғанмен, музыка сабақтары әсерлі қуатының молдылығы мен көркемдік дамытушылық мүмкіндіктерінің байлығымен ерекшеленеді. Музыка пәні өзіне тектес өнер пәндері сияқты көркем өнерді танып білудің жалпы эстетикалық заңдарын ұстанады. Сұлулық заңдылықтары негізінде музыкалық мәдениеттің қалыптасуы барысында эстетикалық, этикалық, экологиялық, руханияттық мәселелер өз шешімін тауып отырады. Сол жинақталған қатынастар мен сезімдердің ізгілікті игі тәжірибесінің материалдық көрінісі ретіндегі көркем өнердің бір саласы музыка арқылы мектеп оқушысы өмірге, табиғатқа, қоршаған айнала дүниені адаммен жалпы адамзатқа ізгілікті қатынас жасау тәжірибесіне қанығып, үйренеді. Бұның өзі ғылыми түсініктердің сабақтастығы тұрғысынан келгенде, оқушылардың эстетикалық тәрбиесінің мазмұны мен мәні деп танылады. Сондықтан да эстетикалық тәрбие күрделі педагогикалық жүйе ретінде қаралады.

Ал мұндағы «жүйе» ұғымы зерттеліп отырған музыка мен өнер байланысын да қамтиды. Педагогикалық «жүйенің» үлкен жүйелерге тән тұтастық, өзара іштей байланыстық және сыртқы ортамен қатыстық сапалары болады.

Педагогикалық құбылыстарды жүйелі көзқарас тұрғысынан қарастыру үлгісі Т. А. Ильинаның [10, с. 200], П. Ф. Талызина [11, 14 б. ], Ф. Р. Королев еңбектерінде көрініс тапқан. Олар жүйелілікті белгілі бір мақсаттарға бағындырылған және қызымет етіп тұрған құрылым деп нақтылайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардың музыкалық әсерлерін қорытындылау
Музыкалық тәрбиенің тенденциялары
Музыкалық білім берудің әдістемесі пәнінің ВУЗ – дық музыка педагогикалық мұғалімін дайындау жүйесінде алатын орны
Музыка мен әдебиеттің байланысы
Мектептегі музыка сабағында ұлттық музыканы игеру мәселелері
Сыныптан тыс музыкалық қызмет кіші сынып оқушыларының музыкалық мәдениетін қалыптастыру тәсілі ретінде
Музыка пәнінің құрылымы мен құрылысы
Музыкалық ойлаудың шығармашылық сипаты
Мектептерде музыка пәні арқылы халықтың тәрбие берудің мән-мағынасы
Оқушы тұлғасын дамытудағы сыныптан тыс жұмыстар жүргізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz