Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденістері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті

СӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ: Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденістері

Орындаған: Мухтарова Айгерім

Тексерген: Құрмамбаева Қ. С

Семей қ., 2015 жыл

Төл әдебиетімізде проза жанры өз деңгейінен аса дамыған. Оған дәлел болатын 90 жылдардан бері қарай жазылған көркем туындыларды атауға болады. Тәуелсіздіктен кейінгі жылдары ұлттық драматургияда өмірдің өзекті мәселелерін көтерген Ә. Тарази, Д. Исабеков, С. Балғабаев, Б. Мұқай, Т. Ахметжан, Ш. Мұртаза, Қ. Ысқақ, И. Сапарбай, Т. Әбдік т. б қаламгерлер замандастары тап болған өмір құбылыстарын әртүрлі аспектіде қарастырды.

Әлі де қоғамдық дертке айналған келеңсіз жағдайларды шамалары жеткенше қағазға түсіріп жатыр.

Әр заманның өзіне тән бас көтерер тың тақырыптары болғаны мәлім. Мысалы үшін, соғыс уақытында Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» сынды романдары жарық көрсе, соғыс уақытынан кейін тың игеру, колхоздастыру, ұжымдастыру сынды тақырыптарға арналған шығармалар жазушылардың қаламына арқау болды. Бұл әр заманның талабы. Ал қазіргі тәуелсіздік жылдарында ше? Біздің бейбіт заманның бейбіт туындылары техника тілі, әлеуметтік желілер, психологизм, фантастикалық тақырыптар төңірегінде жазылуда. Мысалы үшін, Роза Мұқанова да қоғамымыздың толғақты мәселелеріне дер кезінде үн қосып, бүгінгі күннің өте зәру тақырыптарын батыл қозғауда. Атап айтсақ, «Мысықтар патшалығы», «Шатыр астындағы Мен», «Муза», «Сен» атты драмалары адамдарды сын тезіне салар бар шындығымен атойлаған уытты пьесалар. “Мысықтар патшалығы” мен “Шатыр астындағы Мен” пьесаларында билік маңындағы мансапқорлық, сыбайластық, көре алмаушылық, жәдігөйлік, екі жүзділік, сатқындық деген кеселді дертке ұрынған науқас жандар кейіпін шебер бейнелейді. Қоғамда адам қандай іс атқарса да, соңында оның өздеріне не игілік, не індет боп қайтарын драматург шығармаларынан аңғару аса қиын емес. Осындай, ішкі қайшылықтары ұшқыр драматизмге мол өткір пьесалардың сахнада салтанат құра алмай жүргеніне таңымыз бар. Кісі жалықтыратын жаттанды сарында жазылған шығармаларға әбден әуес болып алған режиссерлеріміз «драматургтер жоқ, жазбайды» деп, дамылсыз дабыл қаға бермей, жоғарыда аталған тәуір дүниелерге түйсік-таныммен көз салса дұрыс болар еді.

Қазіргі қазақ прозасында Т. Шапайдың «Үйдің иесі» атты туындысы − гротескілік әңгіме. Бұл әңгіме ә дегенде ұсақ-түйек оқиғаға құрылғандай көрінеді. Кейіпкер өзі туралы айтқанда, «орташа» деген ұғымға екпін түсіреді. Бұл ойдың астарында иллюзия бар. Т. Шапай прозасы − қазақ әдебиетіндегі саяси гротескінің ерекше үлгісі. Қазіргі қазақ прозасындағы жете зерттелмеген саланың бірі - сарындар, соның ішінде айқай сарыны. Т. Нұрмағанбетовтің «Айқай» повесі сонау грек-түрік соғысы тақырыбына арналған. Өткенге көз жіберіп, шегініс жасау арқылы әңгіменің ішіндегі әңгіме желісі өрбиді. Автор айшықты прозаның өрнектерін қолданады. Т. Нұрмағамбетовтің бұл шығармасындағы түрлік ерекшелігінің бірі ­осы «айқай» сарынынан танылады. Қазіргі қазақ прозасына өз үнімен «айқайлап» келген Оралхан Бөкейдің Айқайы қандай еді? Абайдың айқайы­ жартасқа барып соғылып, кері жаңғырып қайтқан − сол Баяғы айқай еді. Ал, Оралхан Бөкейдің айқайы ­ − Алтай тауын жаңғыртқан, қайта-қайта жаңғырығып тұрар - Анаулардың айқайы еді. Т. Нұрмағамбетовтің айқайы − алапеспен ауырған тіліне, нәсіліне, ұлтына қарамайтын адамдардың, яғни тәніне ғана емес жан-жүрегіне, жан-дүниесіне алапес дағы түскен адамзаттың баласының айқайы.

Қорытындылай келе, әр кезеңнің өз жазушылары, өз дарындары болатыны хақ. Ендеше қазіргі уақытта проза жанрына қалам тербеп жүрген жазушылардың еңбегін бағалап оқу-біздің міндет!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

СӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ: Көркем шығармадағы психологизм

Орындаған: Мухтарова А

Тексерген: Құрмамбаева Қ. С.

Семей қ., 2015ж

Психологизм - көркем шындық пен өмірдің шынайы тұсы, «көркем шығармадағы өмір шындығының кепілі - психология да, соны жеткізу амал-тәсілдерінің жиынтығы немесе идеялық-эстетикалық шығарма феномен - психологизм», сонымен қатар, кейіпкердің ойы мен іс-әрекетінің кереқарлығы, сана қақтығысынан тұратын ерекше көркемдік жүйе. Психологизм алғашқы көркем туындымен кіндіктес болғанымен оның әр дәуірдегі көрініс беруі әрқилы. Олай дейтін себебіміз, бірқатар ғалымдарымыз оның бастау арналарын Күлтегін жазбаларымен, ауыз әдебиеті үлгілерімен («Ер Тарғын», «Қыз Жібек» жырларымен, айтыстармен) ұштастыра келе, Х-ХІІ ғасырлардағы көптеген ғұламалар еңбектерінде кездесетіндігін алға тартып, Әл-Фараби еңбектеріндегі («Өлең өнері туралы трактат»), Жанақ, Махамбет, Абай, Шәкәрім шығармаларындағы ішкі сезімдердің көрініс табуы ғасырлардан ғасырларға көркем әдебиетпен бірге өркендеп келе жатқан психологизмнің заңды жалғасы екендігін сөз етеді. Бұл туралы әдебиеттанушы-ғалым Б. Майтанов: «Психологизм - көркем әдебиеттің тұтас болмысынан ажырамас қасиет. Біз ол жағдайды байқай бермейміз. Сонымен бірге психологизм - көркемдік бейнелеу принципі, ойлау типі, жазушы талантының төл белгісі, әрі стиль көрінісі», - деп тұжырымдайды. Егер әдебиетті адам сезімдерінің сыртқа тепкен көрінісі деп қабылдасақ, оның көркем әдебиеттің ажырамас қасиеті болуы заңды да, бірақ психологизмнің бүкіл көркем әдебиетке тән жалпылық қасиетіне қоса, стильдік құбылыс ретіндегі даралық қасиеті де бар. Бұл туралы орыстың әдебиеттанушы ғалымдары А. Б. Есин, Л. Я. Гинзбург, Л. С. Выготский өз зерттеулерінде біршама тоқталып өткен. Біз осы зертеулерге сүйене отырып, саралап қарасақ, жоғарыдағы шығармаларда психологизм элементтері кездескенімен, барлығының бірдей толыққанды стиль ретінде қалыптасқан психологизм талаптарына жауап бере алмайтындығына көз жеткіземіз, бұл шығармалардың кейбіріне психологизмнің жалпылық қасиеті тән болса, кейбірінде психологизмнің даралық сипатының алғышарттары қалыптаса бастағанын байқай аламыз. Біздің қарастыратынымыз көркем шығармалардағы психологизмнің даралық қасиеті. Ал, оның даралық қасиетінің өзіне ғана тән жанрлық, көркемдік, стильдік ерекшеліктері бар.

Ұлттық әдебиеттегі психологизм аясында әңгіме қозғасақ, поэзияда адам жанының құпияларын, сезімдердің нәзік иірімдерін психологиялық бейнелеу әдіс-тәсілдерін байыта отырып, сөз сиқырымен оқырманына жеткізудегі ең алғашқы қадамды Абай жасады десек, қателеспейтін тәріздіміз. Абайға дейін адам психологиясында болатын өзгерістерді суреттеудің екі түрі (психологиялық параллелизм, әр түрлі монологтар) бар болатын дей келе, «өзіне дейінгі әдебиеттің өрістей алмаған жағын толықтырып, сезім дүниесінің сөз арқылы терең суреттеу әдісінің тамаша үлгілерін көрсеткен Абай қазақта бірінші ақын болды». Поэзияда адамның сезімінде болатын әртүрлі құбылыстарды тікелей суреттеу әдісін алғаш Абай енгізді. Ал, прозадағы психологизмнің алғашқы нышандарының әдебиет зерттеушісі, ғалым Майтанов ХІХ ғасыр соңында «Дала уәлаяты» газетінде жарияланған «Бәти» әңгімесінен көрініс беретінін айтады. Яғни, психологизм ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында қазақ көркем прозасының пайда болып дамуымен бірге ілесе дамып келе жатқан көркемдік әдіс-тәсілдер деп тұжырымдауға негіз бар. Енді қалыптасып келе жатқан проза жанры ауыз әдебиеті мен өзге елдер әдебиетінен үйрену, өз табиғатымызға лайықтап сіңіре білу үдерісі үстінде болды. Жазуы ерте дамыған елдердегі осы игі дәстүрді қазақтың алғашқы жазушылары өз шығармаларында қолданысқа ендірді.

Бұл тәсілдерді пайдалану тәжірибесі прозада Ж. Аймауытовтың «Ақбілегі», «Қартқожасы», М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі», М. Әуезов «Қорғансыздың күні», «Қаралы сұлуы», т. т. шығармаларынан бастау алады. Әдебиеттегі психологизмді зерттеудің алғашқы нышандарын А. Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» еңбегінен байқауға болады. Аталмыш еңбектің «дарынды сөз» деген тарауында көркем шығармалардағы ішкі әлемнің көрінісін «толғау» деп атай келіп, оған былай деп анықтама беріп өтеді: «Толғағанда айтатын нәрсесін толғаушы тысқарғы ғаламнан алмай, ішкергі ғаламнан алады. Толғаушы ақын әуелі көңілінің күйін-мұңын, мүддесін, зарын, күйінішін, сүйінішін айтып, шер тарқату үшін толғайды. Екінші ішкергі ғаламында болған халдарды, нәрселерді тысқа шығарып, басқаларға білдіріп, басқаларды сол көңілдің күйіне түсіріп, халын түсіндіру мақсатпен толғайды. Толғау, қысқасын айтқанда, іш қазандай қайнаған уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құсының сайрауы, жанның тартатын күйі, ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып, толғай алуда».

Қазіргі қазақ прозасында психологизм жанрына қалам тербеп жүрген жазушылардың ішінде Мадина Омарова, Төлен Әбдік, Айгүл Кемелбаеваны ерекше атауға болады. Әсіресе маған қатты әсер еткен шығарма Т. Әбдіктің «Оң қол» әңгімесі. Алма атты жас қыздың психологиясындағы өзгерістер ақыры трагедиямен аяқталуға итермелейді.

Қорыта келгенде, психологизм оқырманға ерекше әсер беретін жанрлық бағыттың бір түрі. Прозалық шығармалардың шоқтығының биіктей түсуіне әсер етері сөзсіз!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

СӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ: Тарихи тақырыптағы қазақ романдары

Орындаған: Мухтарова А

Тексерген: Құрмамбаева Қ. С.

Семей қ., 2015ж

Жоспар.

І. Кіріспе. Көркем шығармадағы тарихилық ұғымы

ІІ. Негізгі бөлім:

1. Қазақ прозасындағы тарихилық

2. Қазақ романдарындағы тарихи көріністердің стпат алуы.

ІІІ. Қорытынды

Тарихилық - әдеби шығарманың тарихи әлеуметтік ортамен, белгілі бір халықтың мәдени тарихы, салт дәстүрі, ырым-нанымдары, ұлттық мінезі, ойлау ерекшеліктері, аңсаған арманы, тамырлас болып келетін құбылыс. Осы ұғым суреткер дүниетанымының шартараптылығына, асқан білімдарлығына яки мынадай таным кезеңдерінің
1) өткенді"ретрогноз",
2) бүгінгі"пре-зентогноз",
3) болашакты "прогноз" жетік, жан-жақты меңгергеніне тікелей қатысты. Әдебиеттегі тарихилық. және зерттеу саласындағы методикалық әдіс ретіндегі тарихилық өмірдегі, ақиқат болмыстағы әрбір құбылысты тексеру мен бейнелеу жалпы тарихипроцестің бір бөлшегі, яғни тарихи сабақтастық негізінде қарастырылуы тиіс. Соныменен, тарихилық белгілі бір заманның нақты тарихи жағдайларын, қайталанбас келбеті мен өзіндік қасиеттерін, мән-мағынасын, болмысын, ұлттық тарихи және өмір шындығын, идеялық танымдық тереңдігін көркемдік тұрғыдан баяндап, тарихтың көркемдік философиясын шеберлікпен жеткізу

1960 - 90 ж. iшiнде Қазақ әдебиетінде тарихи тақырып ерекше қарқынмен дамыды. Ұлттар тарихына жасалған тұсау алынғаннан кейiн қазақ жазушылары елдiң тәуелсiздiгi мен бостандық идеясын тарихи материалдарға сүйене отырып, көтеруге мүмкiндiк алды. Бұл тұрғыда I. Есенберлиннiң («Қаһар”, «Алмас қылыш”, «Жанталас”, «Алтын Орда”), Мұртазаның («Қызыл жебе”), Мағауиннiң («Аласапыран”), Кекiлбаевтың, («Үркер”, «Елең-алаң”) Ә. Әлiмжановтың («Жаушы”, «Ұстаздың орлауы”, «Махамбеттiң жебесi”), Жүнiсовтiң («Ақан Серi”), С. Сматаевтың («Елiм-ай”) тарихи романдары Қ. ә-нiң қомақты табыстарына айналды. Тарихи романдар үлгiсi бүгiнгi күн тақырыбына шығарма жазушылар үшiн де мектеп болды. Б. Соқпақбаевтың, Жұмадiловтiң, З. Қабдоловтың, Тоқтаровтың, Ысқақовтың, Таразидiң, т. б. жаңа романдары дәуiр шындығының қайшылықты жақтарын кең ашып бейнелеуде, оқырманға заман мен адам туралы ой салуда едәуiр әдеби-көркемдiк жетiстiктерге ие болды. Осы жылдарда театр сахналарында Ахтановтың «Әке мен бала”, «Жоғалған дос”, Әбiшевтiң «Нұрлы жаңбыр”, Жүнiсовтiң «Ай тұтылғанда”, Ысқақтың «Таңғы жаңғырық”, Исабековтiң «Әпке”, «Мұрагерлер”, М. Хасеновтiң «Пай-пай, жас жұбайлар-ай”, Қ. Мұхамеджановтың «Бөлтiрiк бөрiк астында”, Н. Оразалиннiң «Шырақ жанған түн”, Р. Сейсенбаевтың «Түнгi диалог”, «Нартәуекел” пьесалары табыспен жүрдi. 80-жылдардың соңына қарай, қазақ жазушылары бұрын айтылмай келген халық басынан кешкен аштық, қуғын-сүргiн оқиғаларын жазуға мүмкiндiк алды. Соңғы он жылдықтағы әдеби құбылыстар тақырыбы бүгiнгi күннiң өзектi мәселелерiн қозғауымен, тарихи ойымен, психологизм мен әлеум. iшкi өзара байланысымен, адамның iшкi жан дүниесiне, мiнезiне үңiле назар аударуымен, экол., урбанизация, ғыл. -тех. жетiстiктер көкейтестi, т. б. жайларға көңiл аударуымен ерекшеленедi. Тәуелсiздiк жылдарының рухани нәтижесi Нұрпейiсов («Соңғы парыз”), Қабдолов («Менiң Әуезовiм”), Мұртаза («Ай мен Айша”), Мағауин («Сары қазақ”), Жүнiсов («Аманай мен Заманай”), Нұршайықов («Жазушы мен оның достары”), Ысқақ («Ақсу туралы аңыз”), Тоқтаров («Абайдың жұмбағы”), Сматай («Жарылғап батыр”), С. Елубай («Тағзым”), Мұратбеков («Ай туар алдында”), Исабеков («Ай-Петри ақиқаты”), Тарази («Қара жұлдызға сапар”), Жұмадiлов («Тағдыр”), А. Жақсыбаев («Тiрек”), Қ. Исабаев («Шоң би”), Д. Досжан («Құм кiтап”), Б. Мұқай («Өмiрзая”), Ә. Сарай («Едiл-Жайық”), О. Сәрсенбай («Шеңбер”), т. б. көрнектi жазушылардың роман, повесть, әңгiмелерiнде көрiнiс тапты. Әдеби онжылдықта Қ. ә-нiң дәстүрлi жанры поэзияда ұлттық үн мен азаматтық әуен жоғары деңгейге көтерiлдi. Барлық уақыт қабаттарына барлау жасау, поэтик. қиялдың ауқымдылығы, лирик. баяндаушылық, публицистик. және сыншылдық көңiл-күйдiң байлығы, суреттеу тәсiлдерi мен құралдарындағы батыл iзденiстер осы жылдар поэзиясына тән болды. Мүшайра, айтыс, әдеби-поэтик. байқаулар шығарм. iзденiстердiң молаюына түрткi болды. 20 ғ-дың 90-жылдарында ұлттық драматургияның ең басты нысанасы болған Кекiлбаевтың «Абылай хан”, Ш. Құсайыновтың «Томирис”, М. Байсеркеновтың «Абылай ханның ақырғы күндерi” тарихи драмалары ендi ғана тәуелсiздiк алған елдiң егемендiгiн сақтап қалудағы қиын күрестiң тiрегiн iздеудiң ерекше түрi iспеттi болады.

Тарихи тақырыпқа деген қызығушылықтың артуы, халықтың өткен өмірін, бастан кешірген тағдырын суреттеуге арналған шығармалардың көптеп дүниеге келуі, бір жағынан, ұлттық сезімнің күшеюіне байланысты өз мүмкіншілігін сезіну, бүкіл адамзат тағдырын бейнелейтін тарихи шығармашылыққа өз үлесін қосу болса, екінші жағынан, өткен дәуір елесіне бүгінгі күн биігінен қарап, кешеден бүгінге жету соқпағының бастауында не тұрғаны туралы ой сүзгісінен өткізе отырып, жан-жақты бейнесін жасау жатқандығында. Бұл, әрине, ұлттық әдебиеттің өсіп-өркендеу биігіне байланысты болатыны да шындық. Дей тұрғанмен, қазіргі әдебиеттегі тарихи тақырып туралы сөз еткенде оның бастау-көзі көне фольклор мен ежелгі әдебиетте жатқандығын естен шығармау ләзім. Тарихилық мәселесі тарихи тақырыпқа жазылған қазіргі дәуір әдебиетіне ғана тән емес, тіпті халық ауыз әдебиетіне, фольқлорлық шығармаларға да қатысты болатыны белгілі. Ол туралы фольклорист-ғалымдар Р. Бердібаев, С. Қасқабасов, Ш. Ыбыраев еңбектерінде жан-жақты талданған.

Стильдік кестесі, баяндау формалары сан алуан түрдегі, тақырып ауқымы жағынан бағзы заманнан бастап бүгінгі күн мәселелеріне дейін қамтитын, көркемдік биігі жоғары, бояулары айшықты, ішкі иірімдері мол романдар шоғыры дүниеге келді. Бұл құбылыс әсіресе жетпісінші-сексенінші жылдары ерекше қарқын алды. Д. Әбілов, А. Тоқмағамбетов, І. Есенберлин, Ә. Әлімжанов, С. Жүнісов, Ә. Кекілбаев, М. Мағауин, Д. Досжанов, С. Сматаев, Қ. Салғарин, З. Ақышев, Б. Жандарбеков және басқалардың тарихи романдары жарық көруі сан жағынан да, сапа жағынан да өсіп, арнайы зерттеу объектісі болатын дәрежеге жетті.

Бұл кезең тарихи роман жанрының ерекше дамып, гүлденген, жоғары биік белеске көтерілген жылдары болды. Дей тұрғанмен, осы биік белеске бір-ақ күнде қол жеткізіп, көтеріле қойған жоқ. Әр кезеңдегі саяси жағдайға орай, бірде қақпай көріп бәсеңдеп, өшуге таяп барып, енді бірде қайта күш алып, өз бетін айқындай алға ұмтылып келді. Соған орай тарихи романдарды зерттеу мәселесі де уақыт ерекшелігіне сәйкес әр түрлі деңгейде көрініс тапты. Тарихи тақырыптағы шығармалар, оның сыны мен зерттеу ісінің жолы әрқашан жіңішке болды. Соған қарамастан, жазушылар өзі діттеген мақсатқа жол табуға тырысты, оған бар қажырын жұмсады. Оның айқын дәлелі - М. Әуезовтің тәжірибесі. Бірақ М. Әуезов те бұл биікке үлкен қиындықпен, соқтықпалы, соқпақсыз ауыр жолмен жеткені белгілі. Ал бүкіл Кеңес Одағының тарихы «аға халықтың» - құқығы мол орыс халқының тарихына сай орайластыра жазылғандықтан, орыс тарихи романдары ерте жазылып, ол туралы әдеби-зерттеу жұмыстары да сол 20-30-жылдардың өзінде-ақ жан-жақты қолға алына бастаған. Біз бұл жерде тек тарихи романдарға қатысты еңбектерді ғана еске алып отырмыз. Жалпы әдебиеттің тарихында, поэзия, проза, драмалық жанрларға жеке-жеке арналған, роман теориясына қатысты еңбектер өз алдына сала-сала болып кете беретіні тағы белгілі. Бұған қоса мерзімді баспасөзде жарияланған пікірталастар мен мақалалар қаншама! Бұл сын-зерттеулердің қай-қайсысы болса да өз кезіндегі әдеби процестің деңгейін аңғартатын, уақытқа сай мәні бар еңбектер екені даусыз. Солай бола тұрса да, шығармада аталған ғылыми жұмыстардың ішінде қазақ әдебиетіндегі тарихи тақырыпқа жазылған шығармаларды, қазақ тарихи романдарын сөз ететін еңбектердің көпшілігі әдебиет пен тарихтың арақатынасын монографиялық зерттеу объектісіне айналдырмай, тек поэтиканың бір қыры ретінде тілге тиек етеді. Бұл орайда Л. М. Әуезованың «Исторические основы эпопеи «Путь Абая», «История Казахстана в творчестве М. Ауэзова», Р. Бердібаевтың «Қазақ тарихи романы», «Тарихи роман», Ж. Дәдебаевтың «Өмір шындығы және көркемдік шешім», Т. Жұртбаевтың «Бейуақ», Т. Сыдықовтың «Қазақ тарихи романы» тәрізді санаулы еңбектерден басқа ауыз толтырып айтарлықтай іргелі зерттеулер аз. Ал аталған ғылыми еңбектерде қазақ тарихи романына қатысты мәселелер түгел қамтылды, шешімін тапты десек, әсіре қызылдық болар еді. Ғылымның ілгері басуы дегеніміздің өзі қол жеткізген мәселені жаңа ойлармен толықтырып, жалғастыра беру екені кімге болса да аян. Бұл орайда зерттеушілердің бірін-бірі қайталамауы деген сөз бір автор шығармасын қатар алмауында емес, көтерген мәселе, зерттеу нысанасының өзгешелігінде болса керек. Бұл мәселені орындауда бір автор шығармаларын жеке алып та, бірнеше автор туындыларын ортақ ой төнірегінде біріктіріп те зерттеу тәсілі жүзеге асатын құбылыс. Қазақ әдебиетіндегі тарихи шығармалар, ондағы дәстүр жалғастығы, авторлық идея, ой-нысана, образ жасау жолдары, тарихи дерек, мұрағат материалы, аңыз желілерін пайдаланудағы жазушылық мақсат пен ой түю ерекшеліктері, оны қазіргі заман көріністерімен сабақтастыру сипаты - тұтас күйінде бұрын терең зерттелмеген, қазіргі қазақстанның әдебиеттану ғылымы үшін зәру әрі көкейтесті проблеманы қозғайтын тақырып. Сондықтан өнер туындысындағы жазушының тарихқа көзқарасын тарихи шығармадағы көркемдік таным тұрғысынан пайымдау қазіргі әдебиеттану ғылымындағы өзекті мәселе деп қараймыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ прозасының зерттелуі
«20 ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)» пәні бойынша әдістемелік нұсқау
Төлен Әбдіковтің прозалық шығармаларының жанрлық, тақырыптық және көркемдік ерекшеліктері
Т. Әбдіковтің прозасын жанрлық, тақырыптық тұрғыдан кең көлемде қарастыру, қазақ прозасының түрлі жанрында жазылған шығармаларындағы көркемдік-идеялық ерекшеліктерді, қоғамдық-әлеуметтік көзқарастарды адам мәселесі тұрғысынан саралау, қаламгердің дара стильдік белгілерін көрсету
Жазушы прозасындағы тұлғаның психологиялық болмысы
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымының даму бағдары
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы
А.КЕМЕЛБАЕВА ПРОЗАСЫНДАҒЫ ПОСТМОДЕРНИЗМ
Жаяу қазақ - жартылай қазақ
Қазіргі қазақ повесть - әңгімелеріндегі лиризм
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz