Ж.аймауытов шығармашылығы. ғ.қарашев шығармашылығы. б.күлеев - лирик ақын. с.сейфуллин, і.жансүгіров, б.майлин шығармашылықтары



Жүсіпбек Аймауытовтың қаламынан туған мол мұраны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен арада 60 жылдан астам уақыт өткенде қайта табысты. Ол қазақ әдебиетінде көркем прозада алғаш лиризм әкелген, сондай-ақ пейзаждың үздік үлгісін, психологизмнің терең иірімдерін тамыршыдай дәл басқан нәзік стилист суреткер. 1918 —19 ж. М.Әуезовпен бірге Семейде «Абай» журналын шығарып, «Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, №2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, №3) деген мақалалар жазды. А-тың көркем шығармалары эстет. бояуының қашықтығымен, көркемдік қуатымен, стильдік даралығымен қазақ әдебиетінде соны бағыт қалыптастырды. А. пед. оқу орындарында қызмет істей жүріп, жас ұрпақтың жан-жақты білім алуын көздеген еңбектер, оқу құралдарын жазды. Оның пед., псих. және методика саласында жазған ірі еңбектері өз уақытында елеулі рөл атқарды. Олардың ішінде «Тәрбиеге жетекші» (1924), «Психология» (1926), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926) т.б. бұл бағыттағы ғылымның бастауында тұрған ірі ғылыми еңбектер Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, құнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансап қорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген.
1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.
2. С. Сейфуллин, Ө. Тұрманжанұлы. Көркем әдебиет, 1935.
3. С. Сейфуллин. Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары, 1931.
4. Т.Кәкішев. Өнегелі өмір. –Алматы, 1975.
5. Мағжанның ақындығы туралы. Жүсiпбек Аймауытұлы. “Лениншiл жас”, журналы, 1923 жыл.
6. Произведения Сакена Сейфуллина.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Ж.Аймауытов шығармашылығы. Ғ.Қарашев шығармашылығы. Б.Күлеев - лирик ақын. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин шығармашылықтары.

Орындаған: Нұрғалиева А.М.
Тексерген: Жүндібаева А.Қ.

Семей 2015
Ж.Аймауытов шығармашылығы.
Жүсіпбек Аймауытовтың қаламынан туған мол мұраны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен арада 60 жылдан астам уақыт өткенде қайта табысты. Ол қазақ әдебиетінде көркем прозада алғаш лиризм әкелген, сондай-ақ пейзаждың үздік үлгісін, психологизмнің терең иірімдерін тамыршыдай дәл басқан нәзік стилист суреткер. 1918 -- 19 ж. М.Әуезовпен бірге Семейде Абай журналын шығарып, Екеу деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, Абайдың өмірі және қызметі (1918, №2), Абайдан кейінгі ақындар (Абай, 1918, №3) деген мақалалар жазды. А-тың көркем шығармалары эстет. бояуының қашықтығымен, көркемдік қуатымен, стильдік даралығымен қазақ әдебиетінде соны бағыт қалыптастырды. А. пед. оқу орындарында қызмет істей жүріп, жас ұрпақтың жан-жақты білім алуын көздеген еңбектер, оқу құралдарын жазды. Оның пед., псих. және методика саласында жазған ірі еңбектері өз уақытында елеулі рөл атқарды. Олардың ішінде Тәрбиеге жетекші (1924), Психология (1926), Жан жүйесі және өнер таңдау (1926) т.б. бұл бағыттағы ғылымның бастауында тұрған ірі ғылыми еңбектер Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, құнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен Нұр күйі поэмасы, Рабиға, Мансап қорлар, Сылаң қыз, Ел қорғаны, Қанапия Шәрбану, Шернияз атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен Қартқожа, Ақбілек романдары, Күнікейдің жазығы повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген.
Бұлардың сыртында Тәрбиеге жетекші (1924 ж.), Психология (1926 ж.), Жан жүйесі және өнер таңдау (1926 ж.), т.б. ірі ғылыми еңбектері бар.
Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған мұралардың қай қайсысы да оның кесек дарын иесі екендігінің, гуманист суреткерлігінің, жалтақсыз ұлтжандылығының жарқын айғағы. Оның шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ қарасын парықтауға арналған. Сөйте тұра көркемдік тегеуріннің қуаттылығы, идеялық ұстанымдарының сонылығы, сөз қолданудағы шеберлігі Жүсіпбек шығармаларының өміршеңдігіне кепіл болмақ.
1917-1919 жылдары Алаш партиясына кірсе, 1919 жылы бірінші желтоқсанда Семейде кеңес өкіметі орнап, Губревком құрылған мезгілде көптеген қазақ жастарымен бірге мүше болады. Жүсіпбек Аймауытұлы 1920 жылы Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай сиезіне делегат болып қатысса, 1921 жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, Қазақ тілі газетінің редакторы және журналистер бюросының хатшысы қызметін атқарды. 1922-24 жылдары Қарқаралыда мектеп мүғалімі, 1924-26 жылдары Ақ жол газетінде бөлім бастығы міндетін атқарды. Қазақ институтында істеді (Ташкент), 1926-29 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының оқытушысы әрі директоры болды. Осының аз-ақ алдында, яғни алапат аштық қарсаңында ұлт жанашырлары күйзелген елге қолұшын беру мақсатымен Семейде Жанар атты ұйым құрды. Ұйымның негізгі мақсат-міндеті: қарапайым халыққа көмектесу, ұлт бостандығы жолындағы жастарды қамқорлыққа алып, білімге, саясатқа тарту болды. Халыққа қасірет әкелген алапат аштық тұсында - Ж.Аймауытұлы мұраттас серіктестіктерімен бірге қол ұшын береді. Мәдени-рухани түрғыдан, әлеуметтік жағынан қолдап, көмек етеді. Отызыншы жылдардың ойранына, НКВД-нің қанды шеңгеліне түскен қайран ер таланты кемелденіп, үлкен шығармашылық кезеңге бет бұрған шағында - 1930 жылдың 21 сәуірінде Мәскеудегі Бутырька түрмесінде атылды. Жүсекеңнің, Жүсіпбек Аймауытұлының рухани өмірі аяқталған жоқ. Ж.Аймауытұлы ұлттық сөз өнерінің әр алуан саласында ерен еңбек етті. Оның қаламынан туған, әсіресе ақындық әлемін танытатын (Сарыарқаның сәлемі, Көшу, Нұр күйі, т.б.), кемел прозашылығын (Әнші, Елес, Жол үстінде, Қара бақсы - әңгімелер), Күнікейдің жазығы, (повесть), Қартқожа, Ақбілек (романдар), белгілі драмашылығын (Сылаң қыз, Мансапқорлар, Рабиға, Ел қорғаны, Қанапия - Шәрбану, Шернияз), айтулы аудармашылығын (Сараң сері, Тас мейман (А.С.Пушкин), Бақылаушы (Н.В. Гоголь), Бейшаралар (В. Гюго), Дәмелі, (Ф. Дюшен), Тау еліндегі оқига (С. Чуйков), сындарлы сыншылығын - Мағжанның ақындығы туралы, Аударма туралы, Сұңқар жыры, жан жүйесінің білікті білгірі екендігін - Тәрбиеге жетекші, Психология, Комплекспен оқыту жолдары, Жаңа ауыл т.б. еңбектері табиғи талант қырларын жан-жақты жарқырата көрсетті. Балаларға арналған - Жаман тымақ, Көк өгіз, Шал мен кемпір, Үш қыз сынды ертегілер қарапайым мәтін мен көркем суреттің табиғи тұтастығы мен үндескен үлгісін терең танытады. Ең маңыздысы, бұл еңбектер бүгін де рухани-тәлімдік қырларымен мәнді.
Ғ.Қарашев шығармашылығы.
Көрнекті Алаш қайраткері, діндар-ақын Ғұмар Қараш 1875 жылы ішкі Бөкейліктің (қазір Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы) Қырқұдық деген жерінде дүниеге келген. Ауыл молдасынан хат танығаннан кейін, Жалпақталдағы Ғ.Ғәлікейүлы үстаған медреседе оқиды. 1902-1910 жылдары жиған білімімен ауылында, Тіленшісайда жәдитше бала оқытады. Сол шамада әйгілі Шәңгерей Бөкейүлының шақыруымен Көлборсыға мүғалім болып келеді. Жаңалыққа жаны құмар, имандылық пен дәстүрдің жібін үзбеген әдеби орта қалыптастыруға себепші болады. Қайраткер 1907 жылдан бастап татар және қазақ тіліндегі мерзімді басылымдарға мақала жариялай бастайды. 1911-1913 жылдары алғаш Ордада, кейін Оралда басылған Қазақстан газетін шығарысуға, оның саяси-мәдени әлуетін көтеруге атсалысты. Осы кезеңде қазақтың саяси көзін ашатын, рухани байытатын Ойға келген пікірлерім, Бала тұлпар, Аға тұлпар, Қарлығаш, Өрнек, Тумыш, Бәдел қажы атты кітаптар жарияланды. Ол Ғабдолла Мүштақ (Алланың зерделі құлы) атты бүркеншікпен Айқап журналы мен Қазақ газетіне мақалалар жазып тұрды. Орынборда Шайыр... және Коксілдер... атты жинақ шығарды. Ғ.Қараш - ұлт идеясын көтеру мен елшілдік мәселесін талдап-таразылауды бірізді және жүйелі жазған қаламгер. Ол XIX ғасырда мұсылмандық Шығысқа ерекше серпін берген, тіпті Қазақ даласындағы Абай сынды даналардың рухани ниегтесіпе айналған Мысыр мүфтиі Мүхамед Абдо мен пәлсапашы Жәлелатдин Афғани реформаларынан хабардар еді. Мысалы, ол "Ойға келген пікірлерім" атты фәлсафалық еңбегінде (1910) Мысырда оқыған, бірақ ізденгісі келмеген бір мұғалімге: "Рух туралы торт кітап оқығаннан гөрі, Мухаммед Ғабдудың (Абдо - Д.Қ.) Бахра сүресі туралы тәфсірін оқығаның дұрысырақ шығар", - деп айтқанын жазады. Әлбетте, Ғұмар бүл жерде басты ислам кітаптарын оқыма деп түрған жоқ. Оның айтпағы - канондарды таптаурын етпей, тазарту һәм тарату турасында болып отыр. Осы ретте рухты оңалту мәселесін түбірлеп зерделеген Ғұмардың ойлары аса бағалы. Санаткер Өрнек аталынған еңбегінде (1911): Адамдар эр ісінде Алланың көрсеткен жолымен жүрмесе, яғни себебіне кіріспесе, ыждағат етпесе, ғылым-әнер үйреніп, орнына қолданбаса, ол адам иман келтіріп, бой ұсынған болып шықпайды. Бұл екпей егін күту һәм әкесіз перзент үміт ету секілді нәрсе, - дейді. Бұрынғы-кейінгі қазақ шындығын осы қағидатпен сараптап жіберсек, эй, қап!-қа үн қосып жіберетін жағдайымыз жоқ та емес. Мүны Ғ.Қараш та жақсы аңғарса керек, аталған кітабында: Өнерсіз, жалқау халықтардың ақырында көрешегі өз алдына, дүниеде-ақ бек ащы жаза тартады. Тартқаны сол: басқа өнерлі, ғылымды елдерге қүл болады. Қара басының билігі, ықтияры болмайды. Адамдар ретінде кіре алмайды, хайуан деуге сорты келмейді. Екі аралық жануар ретінде аяқ астында тапталып, күні мен дінінен бірдей айырылып, ғақпетінде әлек болады, - деп жазады. Мұндағы ғақпет - өмірдің сын сәті деген мағына береді. Ағартушының пайымынша, ұлттың күйреуі - оны сақтай алмағандардың ісі ретінде бағаланып, олар Жаратқан алдында күнәсіне қарай жаза тартады. Қайраткер-ақынның ұлт бірлігіне қатысты да айрықша ойлары бар. Бұл орайда Ж.Афғани пайымына сүйене отырып айтқан Ғ.Қараштың мына пікірі аса маңызды деп білеміз: Әрбір адам сол милләттің бір ағзасы болғандығы үшін өзіне тиіс болған өнер сұнғатты біліп, дәйім милләтке пайда келтіріп, оның арқылы өз басының тірлігін сақтауға міндетті. Мұны бүгінгі танымға түсінікті етіп айтсақ, мемлекет халқы бір ағза , бір үлт болып, елді көтеретіндей кәсіппен айналысуы қажет. Осының нәтижесінде қоғамның әрбір мүшесі өз орнын анықтайды. Бұл қағидаттың адамзат дамуына ешқандай қайшылығы жоқ. Елін, жерін аса қадірлеген, сол үшін азаматтықта да, ақындықта да аянып қалмаған Ғұмар адамзат пен ұлтқа ең ділгір қасиет ретінде ар-ожданды атайды. Татардың "Шора" журналында 1911 жылы жарияланған "Ар-ождан - сенім өлшемі" атты мақаласында ол: Әрбір жағдайда ар-ождан биік тұруы керек. Сонда ғана оның қасиеті жоғары болмақ,-деп жазады. Әлбетте, Ғ.Қараш сыны - ұлтқа шын жаны ашыған адамның сыны. Оның елге, замандастарына айтқан ақылын да осы өреде түсінеміз. Заманаға шынайы көзбш қарайтын ақын: Дүниеде не арзан? деп сұраушыға Біздің қазақ жігіттерінің ғұмыры деп жауап берілсе, бек дұрыс жауап болмақ дейді. Бұл пәлсапалық сұрақ пен жауап бүгін де көкейкесті естіледі. Қайраткер 1916 жылы бөкейліктер атынан Петерборға барып, Астрахан қазағы басып алған жерді және тиесілі жерді қазаққа орнымен бөліп бер деген өтініш хатты бас министрге тапсырады. 1917 жылы Ордада өткен Бөкей қазақтарының съезіне қатысады. 1917-1919 жылдардағы Алаш козғалысына белсене араласады. Алаш партиясы құрылатын бірінші жалпықазақ съезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ съезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. Өмірлік мәселелер мен діни ахуалды күн тәртібіне қойған Алаш орда үкіметі - Ұлт кеңесі анықталатын екінші сиезде қази болып сайланды. 1918 жылы Ордадағы педагогика техникумында сабақ береді. Сол жылы қыркүйекте Бөкей губерниясының мүғалімдер сиезіне катысады. 1918-1920 жылдары губерниялык кеңестердің төрт съезіне делегат болады. Мұнда мағыналы сөз айтады. 1919 жылы Бөкей губаткомында істейді. Ордада үйымдастырылған айына екі рет шығатын Мұғалім атты журналды шығарушылар алқасына кіреді. Ол осы журналда Педагогика атты еңбегін жариялайды. 1919 жылы Дүрыстық жолы газетінің алқа мүшесі әрі тілшісі болады. 1920 жылы маусымда Бөкейдің II губерниялык партконференңиясында губкомның пленум мүшесі, ал сол жолы I пленумда губкомның үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі болып сайланды. Қайраткер жаңа қоғам жүмысына белсене араласып, халық қамқоршысы ретінде танылды. Сөйткен тұлға 1921 жылы 12 сәуірде Қүнаншапқан деген жерде қашқын әскерилер қолынан қапияда мерт болды.Ғұмар Қараш - ойшыл ақын, қоғам қайраткері. Жастайынан жетім қалып, ағайын-туыстарының қамқорлығымен ауыл молдасынан оқып, сауат ашады. 1902 ж. өз ауылында бала оқытады. 1911-13 ж. Қазақстан газетінің жұмысына атсалысқан. Сол жылдары Орынбор қаласында Шәңгерей Бөкеевтің қамқорлығымен ел аузынан жинаған әдеби мұраларды құрастырып, Шайыр, Көксілдер атты екі жинақ жариялайды. Ғұмap Қараштың Бала тұлпар (Уфа, 1911), Қарлығаш (Қазан, 1911), Тумыш (Уфа, 1911), Ағатұлпар (Орынбор, 1914), Тұрымтай (Уфа, 1918) аталатын бес поэзиялық, Ойға келген пікірлерім (Орынбор, 1910), Өрнек (Уфа, 1911), Бәдел қажы (Қазан, 1913) дейтін үш зерттеу кітабы жарық көрген. Ғұмap Қараш өлең-толғауларында, көсем сөздері мен мақалаларында заман, өмір, дін-шариғат, табиғат, махаббат, т.б. мәселелер туралы толғанады, патша үкіметінің отарлаушылық саясатын, жергілікті әкімдердің екіжүзділігін сынап, халыққа адал қызмет етуге үндейді. Өз тілі мен мәдениетін сақтай отырып, ғылым, білімге ұмтылуды, мәдениетті елдерден үлгі алуды насихаттайды. Өлең-толғаулары философия ой-пікірлерге бай, бейнелі, әсерлі келеді. Ғұмар қаласы 1917 ж. Ақпан ревкомынан кейін ұйымдасқан Алаш партиясына, Алашорда үкіметіне үлкен үмітпен қарап, Алаштың азаматтарына атты арман мен үмітке толы өлеңдерін жариялайды. Ол қоғамды қан төгіспен, күшпен, зорлық-зомбылықпен өзгертуді қаламаған. Бірақ амалсыздан кеңестік кезеңге икемделуге тура келгенін сезініп, рухани толғанысқа түседі. 1917 ж. мамырда Ордада өткен Бөкей қазақтарының съезіне, сол жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен 2-жалпықазақ съезіне қатысып, баяндама жасайды. 1918 ж. Ордадағы педтехникумда сабақ береді, Бөкей губерниясы мұғалімдерінің 1-съезіне (24 қыркүйек, 1918), 1918-20 ж. өткен сол губерния кеңестерінің 1, 2, 3, 4-съездеріне делегат болып қатысады. 1919 ж. Бөкей губерниясы атқару комитетінде қызмет істейді, коммунистік партия мүшелігіне өтеді. Қазақтың тұңғыш педогогика журналы Мұғалімге басшылық етеді, сол журналда Педагогика атты еңбегін жариялайды. 1920 ж. Бөкей губерниясы атқару комитетіңде бөлім басқарады. 1921 ж. 12 сәуірде Құнаншапқан деген жерде қарақшылар қолынан қаза тапты. Ғұмар қаласы -- 20 ғасырдың бас кезіндегі Қазақ дұрыстығы, Қазақстан, Айқап, Дұрыстық жолы, Шора, Абай сияқты газет-журналдарда мақалаларын жариялаған. Ғұмар қаласы шығармаларын Ғұмар Қараш баласы, Ғұмар Қарашұлы, Ахунд Ғұмар Қарашұлы, Ғұмар әл-Қараши, Бөкей елінің бір баласы, Ғұмар Қараш, Ғ.Қ., Ғ. Мұштақ, Ғабдолла Мұштақ, Оразақай, Қазақаев, Ғұмар Қарашев деген есімдермен жариялап отырған. Ғұмар қаласы шығармалары мектеп оқулықтарында, орыс тілінде жарық көрген Қазақ поэзиясының антологиясы (1958) мен Қазақстан ақындары (Ленинград, 1978) жинағында, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған. Өлең, толғаулары мен философия ой-толғамдары және әңгіме, мақалалары Замана деген атпен (А., 1994) жарық көрді.
Б.Күлеев-лирик ақын.
Бернияз мұраларың ішінде ерекше орын алатын шығармалары - оның поэмалары. Ақынның бізге жеткен төрт поэмасы бар. Олар: Жердің жүзі жаз еді, Қайда екен?, Жорық және соңғы аяқталмай қалған туындысы Гүл поэмасы. Поэма деп атап келгенімізбен кей жазушылар мен зерттеушілер әлі күнге дейін біройлы пікіре келмеген. Бірі расымен де поэмалары десе бірі баллада деп топшылайды. Сөзге дәйек етіп алар болсақ: зерттеуші К. Шәменов еңбегінде бұл туындылар балладак деп көрсетіліпті. Ал Ы.Дүйсенбаев өзінің Эпос және ақындар мұрасы еңбегінде поэма дей келе, бір шығармасын баллада ма не болмаса қиял поэмалар ма, өзім білмедім-деп жазғаны бар. Бұл туындыларды , шын мәнінде, арнасынан ағытылған ақынның ішкі сезім күйін паш ететін, сол сезімдерді лиризмдерді лрикалық сипатта кеңінен толғаған шынайы лирикалық толғаулар десе де болғандай. Олардың сюжетсіз, лирикалық жоспарда жазылуының өзін ақын стиліндегі қуатты лиризммен, оның шығармашылық болмысындағы осы сипаттың алабөтен ерекше күштілігімен түсіндіруге болатын секілді. Асылында Бернияздың поэма деп отырған кесек туындылары іштей астасып, бір ақындық стильдің болмысын айғақтайды. Мұны ақын шығармашылығың ішкі даралығын, өзіндік ақындық қолтаңбасын айғақтайтын жәйттер деп түсінген жөн. Енді осы шығармаларға қысқаша тоқталалып өтейік. Жердің жүзі жаз еді атты поэмасы сюжетсіз үлкен лирикалық толғанысқа құрылған. Онда ақынның аыл-тегіл сезім күйі жарқырап көрінеді. Лирикалық кейіпкердің басынан өткен үлкен сүйіспеншілік сезімінің сырлары жария етіледі. Осы сезім жүелері табиғаттың сұлу көрінісімен әсем жарастықта өріліп отырады. Табиғаттың сұлу бітімі мен әсем құбылысын фон етіп алып, ақын өзінің жалындаған жастық сыры мен махаббат шерін тебіреністі күйде баяндаған.Шығармада автор: Қандай қиын бұралаң соқпақтар өмірімізге із салса да, тағдыр теперіші , өмір жолы жолдарымызды екі айырса да, сүйген жүрек өз дегенінен қайтпайды. Оның жалын оттай қызулы лебі әлсіремейді. Қанщама күдік қаумаласа да ақыр соңында сен деп сүйген жүрегімнің қызуы өзіңе ғана арналады.Басқа амал жоқ. Тағдыр теперіші осы болса сүйген жүрек үшін өзіңнің дегеніңе көндім,-деген ойлар айтады. Ақынның келесі бір поэмасы Қайда екен? деп аталады. Шығармаға ақынның өзі қияли поэма деп айдар тағыпты. Алты бөлімнен тұратын лирикалық дастан не болмаса толғаныс. Бұл поэма да - ғашықтық, сүйіспеншілік сезімдерін ағы- тегіл жыр ғып толғаған қте көркем лирикалық туынды. Лирикалық толғаудың өзегіндегі негізгі мазмұн-сүйіктісінен алмағайып ауыр кезеңдерде көз жазып қалған ғашық жанның зар наласы, ащы өксігі, өн-бойды тербеген тәтті мңы мен сағынышқа толы қамырықты көңіл - күй сезімдерінен туындаған мұңлы сыр. Осы сырды паш ете отырып, лирикалық қаңарман сүйіктісімен кездескен бейқам, алаңсыз шақты еске алып, өткенге шолу жасайды. Мұны ақын лирикалық шегініс ретінде жеткізген. Бейқам шақтың тестен кетпес суреттері ақын жүрегінен ұмытылмас сыр боп төгіледі. Ақынның үшінші поэмасы Жорық деп аталады. Бұл шығарманың негізгі идеясы - ерлікті жырлау. Поъэма ауыз әдебиетіндегі батырлар жырының әсерімен жазылған. Ақынның бқл шығармасы -ауыз әдебиетінің пэтикалық дәстүрін ұстана отырып, ерлік, батырлық тақырыбын өзекті нысана ету арқылы асқақ пафостық рухта берілген сюжетсіз өршіл романтикалық туынды. Ақынның төртінші поэмасы Гүл. Поэмадағы астарлы ойлардың түп-қазығы сол ақын өмір сүріп отырған дәуірдің күрделі де қиын түйткілді болмысымен астасып жатса керек. Алғашқыда бостандық, теңдік деп жаңа өмірге құлаш ұрған ақын өмірінің соңғы жылдарында жаңа өмірге басқаша көзбен қарай бастады.сол арқылы шығарманың идеялық арқауында үлкен әлеуметтік ойлар жатқандығы байқалады. Астарлау арқылы өзі өмір сүріп отырған жаңа заманның күштеу саясатының сипаттарын түйсіне отырып суреттеген сыңайлы.
Б.Күлеев - шығармашылық жолын ағартушылық бағытта бастаған ақын. Бірақ сыршылдық, сыр мен сезім толғанысы, жалпы өнерпаздық болмысына тән нәрсе. Бұл ақынның алғашқы дүниелері Ойдағым, Өзім секілді өлеңдерінен-ақ көзге шалынады. Өзім - ерекше бір идеялық жүк көтеріп тұрған өлең. Оның өн бойынан лирикалық кейіпкердің өзіндік характері, болмыс бітімі бірден танылады. Өзім деймін, өзгелерді көрмеймін, Өзімсіздік, ай, баырымға көнбеймін. Өзім патша, өзім төре, өзім хан, Өз ойымды сан сабазға бермеймін! Бернияз - алғашқы өлеңдерінен-ақ бастап өзінің рухани жан-дүниесіне терең үңіліп, жүрек түкпіріндегі құпия сырын ашып, өзіндік болмысын тануға ұмтылған сыршыл да өршіл ақын. Өлеңді негізінен 1913-1914 жылдары жаза бастағанымен, шығармашылығының ең бір жемісті кезеңі - 1918-1922 жылдар аралығы. 40-қа жуық өлең жазған 1918жылдары жарық көрген Аңқыған гүлдің иісінен, Көңіліме, Қиял сөзі, Қайтер едің, Жастық күнім т.б өлеңдерінде лирикалық қаһарманның сыршыл-сезім күйін көркем бейнелеуге ұмтылады. Жастық ой-тебіреністер, толғамдары ақынның шынайы суреткер ретінде қалытасқанын танытады. 1919жылдары ақын 20-ға тарта өлең жазды. Лирикалық кейіпкердің көңіл-күй сезімдерін білдіретін Жүрегің жанып, Жырла да зарла,көңілім, неге т.б өлеңдері ақын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ж. Аймауытов Ғ. Қарашев Б. Күлеев С. Сейфуллин І. Жансүгіров Б. Майлин шығармашылықтары
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Қазақстандағы кеңестік мәдениет ошақтарының қалыптасуы
Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы қалыптасуы
Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы өкілдерінің қызмет кезеңі (1917-1925 жж)
Бес арыс
Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті
Қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани мұрасы
Қазақ кеңес өнерінің калыптасуы
Отызыншы жылдардағы әдеби сынның негізгі бағыттары
Пәндер