Зонд. Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу



I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім:

1) Бір бөлімді қарын, көп бөлімді қарын;
2) Зонд;
3) Асқазанның ас қалдығын алу;
4) Зондтың құрамына кіретін негізгі заттар;
5) Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу;
6) Тақия қарынды тексеру;
7) Күйіс кайтаратын малдың карындарының аурулары;

III. Қорытынды бөлім.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Малдәрігерлік тәжірибеде оны көбінесе асқазандағы ас қалдықтары мен оның сөлін алып зерттеу үшін пайдаланады. Олардың құрамын анықтау тиісті нұсқауларға сүйене отырып жүргізіледі. Асқазанның сөлін зерттеу үшін оны бір рет немесе фракциялы түрде көп рет алуға болады.

Малдәрігерлік тәжірибеде әртүрлі зондтар жылқылардың, шошқалардың және иттердің асқазандарын; күйіс қайыратын малдардың алдыңғы қарыншақтарын тазалап жуу үшін, олардағы ас қалдықтарын алып тексеру үшін, дәрілік немесе қоректік заттарды жіберу үшін, ағзалардың жирылуын жазып тексеру үшін және т.б. іс-рекеттер үшін қолданылады. Асқазанның ас қалдығын алу үшін әртүрлі аспаптар ұсынылған.

Қарын, асқазан (лат. ventriculus - гр. gaster — қарын) — азық (ас) қорыту жүйесінің қапшық тәрізді кеңейген қуысты ағзасы. Бөлімдерінің санына қарай қарын — бірбөлімді және көпбөлімді қарындар болып бөлінеді. Бірбөлімді қарын өз кезегінде: безсіз қарын, безді қарын және безді-безсіз немесе аралас қарын болып үш түрге бөлінеді.
1. Коробов, А.В. Применение нового высокоэффективного магнитного зонда (ЗМК-21) и магнитных блокаторов. Методические указания /А.В.Коробов, Р.В.Обойшев. - М.:ФГОУ ВПО МГАВМиБ им. К.И.Скрябина.- 2004.- 18 с.
2. Қожанов К.Н. және т.б. Малдың ішкі жұқпалы емес ауруларының практикумы. – Астана, 2009. – 150 бет.
3. Шишков, Н.К. Травматический ретикулит у коров/ Н.К. Шишков, А.Н. Казимир, А.З. Мухитов//Ветеринарный врач, Казань.-2013,-№5.-С.26-27.
4. Хайруллин И. Н., Шишков Н.К., Казимир А.Н., Богданов И.И., Мухитов А.З., Лазуткин А.Н., Богданова М.А. Методическое пособие по дисциплине «Клиническая диагностика с основами рентгенологии», раздел «Рентгенология» для студентов очной и заочной формы обучения ветеринарного факультета.- Ульяновск: УГСХА, 2010.-42с.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті.

БӨЖ
Тақырыбы: Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу.

Орындаған: Сабырғалиева А.Қ.
Тексерген: Ахметжанов О.Н.

Семей 2015.
Жоспар:

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім:

1) Бір бөлімді қарын, көп бөлімді қарын;
2) Зонд;
3) Асқазанның ас қалдығын алу;
4) Зондтың құрамына кіретін негізгі заттар;
5) Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу;
6) Тақия қарынды тексеру;
7) Күйіс кайтаратын малдың карындарының аурулары;

III. Қорытынды бөлім.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.

Малдәрігерлік тәжірибеде оны көбінесе асқазандағы ас қалдықтары мен оның сөлін алып зерттеу үшін пайдаланады. Олардың құрамын анықтау тиісті нұсқауларға сүйене отырып жүргізіледі. Асқазанның сөлін зерттеу үшін оны бір рет немесе фракциялы түрде көп рет алуға болады.

Малдәрігерлік тәжірибеде әртүрлі зондтар жылқылардың, шошқалардың және иттердің асқазандарын; күйіс қайыратын малдардың алдыңғы қарыншақтарын тазалап жуу үшін, олардағы ас қалдықтарын алып тексеру үшін, дәрілік немесе қоректік заттарды жіберу үшін, ағзалардың жирылуын жазып тексеру үшін және т.б. іс-рекеттер үшін қолданылады. Асқазанның ас қалдығын алу үшін әртүрлі аспаптар ұсынылған.

Қарын, асқазан (лат. ventriculus - гр. gaster -- қарын) -- азық (ас) қорыту жүйесінің қапшық тәрізді кеңейген қуысты ағзасы. Бөлімдерінің санына қарай қарын -- бірбөлімді және көпбөлімді қарындар болып бөлінеді. Бірбөлімді қарын өз кезегінде: безсіз қарын, безді қарын және безді-безсіз немесе аралас қарын болып үш түрге бөлінеді.

Бір бөлімді қарын.
Бір бөлімді қарын күйіс қайтармайтын жануарлардың құрсақ қуысында, көкеттен кейін орналасады. Оның сол жағында өңешпен жалғасатын кардиальды тесігі, ал оң жақ ұшында он екі елі ішекке ашылатын пилорикалық (қақпақтық) тесік болады. Қарынның қабырғасы түтікше ағза ретінде үш қабықтан: ішкі -- кілегейлі қабықтан, ортаңғы -- етті қабықтан және сыртқы -- сірлі қабықтан тұрады. Қарынның өңеш тәріздес кілегейлі қабығын -- көп қабатты жалпақ эпителий, ал ішек тәріздес кілегейлі қабығын -- жалаң қабат призма тәрізді эпителий астарлайды. Безді қарынның кілегейлі қабығында қарын бездері болады. Олар орналасу орындары мен құрылыс ерекшеліктеріне байланысты кардиальды, фундальды (қарын түбі) және пилорикалық (қақпақтық) бездер болып үш топқа бөлінеді. Олар аталуына сәйкес қарынның кілегейлі қабығының кардиальды, фундальды (қарын түбі) және пилорикалық (қақпақтық) аймақтарында орналасады.
Қарынның етті қабығы өз кезегінде ішкі -- қиғаш қабаттан, ортаңғы -- сақинаша қабаттан және сыртқы -- ұзынша қабаттан, ал сірлі қабығы борпылдақ дәнекер- ұлпалық қабаттан және жалаң қабат жалпақ эпителий (мезотелий) қабатынан тұрады. Қарынның сірлі қабығынан үлкен және кіші шарбылар түзіледі.
Көп бөлімді қарын.
Көп бөлімді қарын күйісті жануарларда болады. Ол өз кезегінде: мес қарын, жұмыршақ, қатпаршақ және ұлтабар бөлімдерінен құралған. Бұлардың алдыңғы үшеуінің кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен, ал ұлтабардың кілегейлі қабығы бірқабатты призма тәрізді эпителиймен астарланған. Ұлтабар -- безді қарын. Қарындағы азық механикалық және биологиялық өңдеулерден өтіп, химиялық жолмен қорытылады. Қарындағы биологиялық өңдеу нәтижесінде түзілген газ тәрізді және кейбір ерітінді заттар алдыңғы қарын бөлімдерінің қабырғалары арқылы-ақ қан және лимфа тамырларына сіңіріле бастайды.
Зонд.
Зондты қолдану арқылы іш қуысын, қуыс органдарды, ішкі жараны т.б. зерттеп, емдейді. Зонд қай органға қолданылуына қарай металдан (күміс, болат) не жұмсақ серпімді заттан, әр түрлі пішінде жасалады. Зондтың өңешке, асқазанға қолданылатын түрі - диаметрі 10 - 12 мм, ұзындығы 60 - 70 см, резинадан жасалған түтік. Оны ауыз арқылы қарынға жеткенше жұтып, одан қарын сөлін алып зерттейді. Сондай-ақ, асқазанды жуып-шаюға да қолданады. Ұлтабарға қолданылатын зондтың 1 - 1,5 м резина түтігінің ұшында металдан жасалған сорғыш болады. Зондпен жараның тереңдігін, көлемін, т.б. анықтап, қарын сөлін, өт алады. Диагностикалық және емдік дәрілерді жібереді.
Асқазанның ас қалдығын алу үшін әртүрлі аспаптар ұсынылған. Кейбір малдарға зондты қолдануға болмайтын жағдайлар туындауы мүмкін. Ондай жағдайлар:
* ауыз қуысының, жұтқыншақтың, көмекейдің қабынуларында;
* өңештің және кардиналды сфинктрдің тарылуы мен спазмасында;
* өңештентнемесе өкпеден қан кеткенде;
* жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметтерінің жеткіліксіздігінің ауыр түрлерінде.

Ірі қара малдарының арасында жиі кездесетін жарақатты аурулардан сақтандыру үшін көптеген магнитті зондтар ұсынылған.

Зондтың құрамына кіретін негізгі заттар:
1. Ұзындығы 50 мм, диаметрі 32 мм, сыртқы бетінде ұзынынан 6 жолағы бар, резина манжеткамен жабдықталған, темір шынжырлы, Алнико маркалы, сопақша келген магнит;
2. Ұзындығы 2,5 м келген өте жұмсақ, ішінде екі қабат капронды бауы бар, екі басында резбалы латунды муфталары бар резина түтікше;
3. Зонды өңешке кіргізіп және одан алып шығу үшін қолданылатын, бір жақ басы имек, екінші жақ басында резбасы бар, ұзындығы 75 см, диаметрі 8 мм никелді құрыш таяқша;
4. Магниттің қай жерде екенін анықтау үшін қолданылатын компас.

Өңешке түскен магнит мал жұтынғаанда алдымен месқарынға, одан кейін тақия қарыншаққа барады. Егер малдың жұтынуы нашар болса, онда бөтелке арқылы су ішкізуге болады. Компас арқылы магниттің қай жерде екенін анықтауға мүмкіншілік бар. Егер магнит тақия қарыншаққа бармай месқарында шөгіп қалатын болса, онда оны кардиналды сфинктерге дейін кері тартып, месқарынның үстіңгі қабы жирылған кезде қайтадан жібереді.
Зондты аурудан сақтандыру үшін 30 - 60 минутқа, ал емдеу үшін 24 сағатқа дейін қалдыруға болады. Ол уақытта мал организмінде болатын физиологиялық процеске ешқандай кері әсерін тигізбейді. Зондты танау қуысы арқылы артып шығарады. Зондты шығарарда күш жұмсауға болмайды. Егер өңеш қатты жирылып зондты босатпаса, онда малға бөтелке арқылы су ішкізу керек. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу туралы ақпарат
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу жайлы ақпарат
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу жайлы мәлімет
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу жайлы
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу. Зонтты қолдану ережелері
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу туралы мәлімет
Күйіс қайыратын малдың қарындарының аурулары
Жануарлардың ішкі аурулары кезінде көрсетілетін алғашқы ветеринарлық көмек жайлы
Күйіс қайтаратын малдың қарындарының аурулары
Пәндер