Абайдың ақындық мектебінің қалыптасуы
Абай мектебі деген ұғымды екі мағынада алып қарастыру бар. Бірі - кең мағына, яғни Абайдан кейінгі қазақ поэзиясы өкілдерінің дені ақынның әдебиеттегі дәстүрін ұстанушылар, демек поэзия жолындағы шәкірттері. Екінші - мектеп ұғымы тар, әрі нақты мағынада. Бұл тұрғыдан келгенде Абаймен күнделікті қарым-қатынаста болған, ақынның алдын көріп, тәрбиесін алған ақын шәкірттерге қатысты айтылады. Жалпы «Абайдың ақындық мектебі» концепциясына қатысты 1950 жылдардағы даудың негізгі себебінде саяси астар жатқанмен, әдеби айтыстың өршіп кетуінің екінші бір себебі «Абайдың ақындық мектебі» деген ұғымға қай тұрғыда келу керектігінің нақты межесі анықталмағандығында да жатыр. Дәлірек айтқанда әлгі кең мағына мен тар мағынада қарастырудың ара жігі сақталмай, араласып кетті. Тағы бір әсер еткен фактор «ақындық мектеп» деген батыс пен орыстың әдебиетіндегі ұғымды Абай мен оның айналасындағы ақын шәкірттерге қатысты қоданудан барып туындағанын да ескерте кету керек.Әдебиеттану ғылымында әдеби мектеп ұғымы жалпы мағынада алынып, оның аясында ағым, бағыт, ұйым, топ, бірлестік категориялары да қарастырылады. Орыс зерттеушісі В.И.Кулешов «бағыт», «ағым», «мектеп» ұғымдарын біртектес ұғым ретінде қарайды....[1]. Ағым-бағыт пен мектеп бір ұғымның аясында немесе синонимдік қатарда қоланыла беретіні тағы бар. Көркемдік әдіс туралы пікір білдіруші Л.Тимофеев пен С. Тураев былай дейді: « ...мы говорим о художественных методах как наиболее общем понятии, о направлениях и о течениях как о его различных историко-литературных проявлениях и о школах и группах как наиболее частных его формах» [2, 90-б.]. Абайдың айналасына шәкірт жинауы әлемдік әдебиеттану үрдісінде табиғаты жағынан әдеби топ, үйірмелерге жақын. Мәселен, әдеби үйірмелерге төмендегідей анықтама беріледі: «Литературные кружки, творческого объединения литераторов на почве единства взглядов, интересов, направления творчества. К ним относятся также литератуные салоны и «вечера»...» [3, 192-б.]. Әдебиеті әлі де ауызша үлгідегі Абай заманындағы ақын маңына шоғырланған әдебиет өкілдері белгілі бір ағымның тууына себепкер болды деп нақты айту қиын. Бұл тұрғыда М.Әуезов былай деген: «Әрине, қазақ әдебиеті сол күнде баспа жүзіне шығып, сол күнде оқушы тауып отырарлық жайға жетсе, Абай айналасынан, Абай мектебінен шыққан ақындар түгелімен Абайдың ізін баса шыққан үлкен әдебиет ағымын көрсеткен болар еді» [4, Б.155-156].Ал енді, әлем әдебиетіне көз жүгіртсек, әдеби мектеп атауына жақын әртүрлі әдеби үйірмелер, бірлестіктер мен салон-клубтар ертеден-ақ болған. Олардың бәріне анықтама беріп, тоқталып жату мақаланың мақсаты емес.
Бауыржан Ердембеков, Филология ғылымдарының докторы, профессор
«Абай-ақпарат»
1 Кулешов В.И. Натуральная школа в русской литературе ХІХ века. - М:. Просвещение, 1982. - 224 с.
2 Тимофеев Л.И и Тураев С.В. Краткий словарь литературоведческих терминов. - М.: Просвещение, 1978. 223 с.
3 Литературный энциклопедический словарь. - М.: Сов. Энциклопедия, 1987. - 752 с.
4 Әуезов М. Абайды білмек парыз ойлы жасқа. - Алматы: Санат, 1997. -416 б.
5 Кәкішев Т. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі ағымдар. // Әдебиеттану. - Алматы: Рауан, 1997. -216 б.
6 Чернышевский Н.Т. Полное собран. Сочинение. 3 т. -М., 1947.
7 Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері. - Алматы: Санат, 1997. - 448 б.
8 Сильченко М. Об основных тенденциях и направлении казахской литературы 80-90 гг. ХІХ века. // Әдеби мұра және оны зерттеу. - Алматы: ҚССР ҒА бас, 1961. - 375 б.
9 Мұқанов С. Абайдың шәкірттері туралы // Абай. - 1992. - №4. - Б. 57-70.
10 Смаилов Е. Кемеңгер Абай // Әдебиет және искусство. -1940. - №9. - Б.3-9.
11 Сералиев Ғ. Қазақ халқының данышпан ақыны // Ленин туы. -1940, 15 қазан.
12 Жиренчин А. Абай и его русские друзья. - Алма-Ата: Казгосиздат, 1949. - 127 с.
13 Жиреншин Ә. Абай және орыстың ұлы революцияшыл демократтары. -Алматы: ҚМКӘБ, 1959. - 266 б.
14 Мұхамедханұлы Қ. Абайдың ақын шәкірттері. 2-кітап. - Алматы: Дәуір, 1994. - 336 б.
15 Ысқақов Ә. Абайдың өмір жолы // Жүрегімнің түбіне терең бойла. -Алматы: Жазушы, 1995. - 296 б.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
МӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Абайдың ақындық мектебінің қалыптасуы.
Тексерген: Сабырбаева Раушан Койшановна
Орындаған: Нұрланқызы Талшын
Семей
2015 ж.
Абайдың ақындық мектебінің қалыптасуы
Абай мектебі деген ұғымды екі мағынада алып қарастыру бар. Бірі - кең мағына, яғни Абайдан кейінгі қазақ поэзиясы өкілдерінің дені ақынның әдебиеттегі дәстүрін ұстанушылар, демек поэзия жолындағы шәкірттері. Екінші - мектеп ұғымы тар, әрі нақты мағынада. Бұл тұрғыдан келгенде Абаймен күнделікті қарым-қатынаста болған, ақынның алдын көріп, тәрбиесін алған ақын шәкірттерге қатысты айтылады. Жалпы Абайдың ақындық мектебі концепциясына қатысты 1950 жылдардағы даудың негізгі себебінде саяси астар жатқанмен, әдеби айтыстың өршіп кетуінің екінші бір себебі Абайдың ақындық мектебі деген ұғымға қай тұрғыда келу керектігінің нақты межесі анықталмағандығында да жатыр. Дәлірек айтқанда әлгі кең мағына мен тар мағынада қарастырудың ара жігі сақталмай, араласып кетті. Тағы бір әсер еткен фактор ақындық мектеп деген батыс пен орыстың әдебиетіндегі ұғымды Абай мен оның айналасындағы ақын шәкірттерге қатысты қоданудан барып туындағанын да ескерте кету керек.Әдебиеттану ғылымында әдеби мектеп ұғымы жалпы мағынада алынып, оның аясында ағым, бағыт, ұйым, топ, бірлестік категориялары да қарастырылады. Орыс зерттеушісі В.И.Кулешов бағыт, ағым, мектеп ұғымдарын біртектес ұғым ретінде қарайды ... [1]. Ағым-бағыт пен мектеп бір ұғымның аясында немесе синонимдік қатарда қоланыла беретіні тағы бар. Көркемдік әдіс туралы пікір білдіруші Л.Тимофеев пен С. Тураев былай дейді: ...мы говорим о художественных методах как наиболее общем понятии, о направлениях и о течениях как о его различных историко-литературных проявлениях и о школах и группах как наиболее частных его формах [2, 90-б.]. Абайдың айналасына шәкірт жинауы әлемдік әдебиеттану үрдісінде табиғаты жағынан әдеби топ, үйірмелерге жақын. Мәселен, әдеби үйірмелерге төмендегідей анықтама беріледі: Литературные кружки, творческого объединения литераторов на почве единства взглядов, интересов, направления творчества. К ним относятся также литератуные салоны и вечера... [3, 192-б.]. Әдебиеті әлі де ауызша үлгідегі Абай заманындағы ақын маңына шоғырланған әдебиет өкілдері белгілі бір ағымның тууына себепкер болды деп нақты айту қиын. Бұл тұрғыда М.Әуезов былай деген: Әрине, қазақ әдебиеті сол күнде баспа жүзіне шығып, сол күнде оқушы тауып отырарлық жайға жетсе, Абай айналасынан, Абай мектебінен шыққан ақындар түгелімен Абайдың ізін баса шыққан үлкен әдебиет ағымын көрсеткен болар еді [4, Б.155-156].Ал енді, әлем әдебиетіне көз жүгіртсек, әдеби мектеп атауына жақын әртүрлі әдеби үйірмелер, бірлестіктер мен салон-клубтар ертеден-ақ болған. Олардың бәріне анықтама беріп, тоқталып жату мақаланың мақсаты емес. Әйтсе де, біразын атап өтейік. Мәселен, ертедегі үнді елінде санскрит әдебиетінің ірі өкілі Ашивагхошидің ақындық мектебі жөніндегі деректер бұл құбылыстың тарихын тереңге әкетеді. Он бірінші ғасырдағы Әзербайжан әдебиетіндегі Ширвани мектебі, ХІІІ ғасырдағы Италиядағы алғашқы ақындық мектептердің бірі - Сицилия мектебін Джакамо де Лентино басқарған. XVI ғасырдағы франция әдебиетіне үлкен бетбұрыс әкелген Жан Дораның (1508-1588) Жұлдыз деген ақындық мектебі болған. Әдебиет пен театр өнерінің қосындысынан туған XVIІІ ғасырдағы Испан классиктері мектебін атауға болады. Геттинген алқабы (Геттингенская роща), Көлді мектеп (Озерная школа), Ресейдегі Арзамас атты әдеби ұйым, Жасыл шам (Зеленая лампа) әдеби-саяси үйірмесі, Франциядағы Парнас ақындар ұйымы тағы-тағылар. Әр мектептің, ұйымның ұстанған бағыты, мақсаты бар. Әрқайсысы қоғамдағы түрлі жағдайларға байланысты туып, өз міндеттерін атқарды. Бірінің ғұмыры ұзаққа барды, екіншілері қоғамнан, халықтан қолдау таппай немесе тағы басқа жағдайлармен тарап кетіп жатты.Ал, нақты ұстаз бен шәкірт арасындағы байланыстарға келетін болсақ, қазақ әдебиеті, одан бұрын жалпы түркі әдебиетінде тарихында Абайға дейін де ондай құбылыстардың болғаны анық. Әл-Фараби сияқты ойшылдардың маңайына топтасқан шәкірттері болған. Ахмет Иассауи ұстазы Арыстан бабты ерекше құрметтеп жырына қосса, кейіннен Иассауидің өзінің сопылық мектебі оның қасына көптеген шәкіртер үйірді. Кейінгі әдебиетте Жамбылдың пірі Сүйінбай болса, Ақмолла ақынның ұстазы - башқұрттың Маржаниы. Кез-келген ақын ұдайы ұстазының қасында жүрді демесек те, алдындағы ақыннан үлгі алары хақ. Абайдың да нағыз ақындық биікке жетуіне алдымен маңайы, ортасы ықпал етті. Ең алғаш қара өлеңнің уызын өз ауылындағы Байкөкше, көрші Сыбан еліндегі Дулат, Қарқаралыдағы Шөжелерден татты, асыл сөздің маржанын ел ішіндегі би мен шешеннен естіп, кеудесіне тұндырды. Кейін өзі игерген орасан білім мен өнерді елге тарату үшін қасына талантты шәкірттер жинап, тәрбиеледі. Алдындағылардай емес Абайдікі неше өнердің сәулесін шашқан бір қауым өнерлі жасты тәрбиелеген нағыз әдебиеттің мектебі болды. Және ол мектептің қазақ әдебиетіндегі атқарған қызметі орасан, тарихтан алар орны ерекше.Қашанда орысқа, одан батысқа қарап бой түзеп үйренген, қалыптасып қалған евроцентристік көзқарастар бізді ең әуелі Абайдың ақындық мектебі деген концепцияны қабылдауға жүрексіндіргені жасырын емес. Өйткені, әлем әдебиетінде шәкірт тәрбиелегендер некен-саяқ кездескенмен, дәл Абай сияқты бірнеше ақынның басын құрап, тақырып беріп, өлең жазғызып, жазғанын ортаға салып талдап, түзеп дегендей шын мәнінде осындай әдеби іс жосығын (процедураларды) жүзеге асырғандары кемде-кем. Өзімізге етене жақын орыс әдебиетіне назар аударсақ, А.Пушкин де, М.Лермонтов та әдеби мектеп ашып, шәкірт тәрбиелемепті. ХІХ ғасырдың 50-жылдарында орыс әдебиетіне Н.Гогольдің әсері зор болғаны белгілі. Әйтсе де, Біз Гогольдің Шинелінен шыққанбыз деген кейінгі қаламгерлердің қанатты сөзі жазушының тікелей шәкірттері емес, оның дәстүрін жалғастырушылардың айтқаны екенін естен шығармау керек. Сол себепті орыс әдебиетінде кең өріс алған Гогольдік бағыттың өзі - мектеп дегенде әуелде біз айтқан кең мағынадағы мектеп, яғни, әдеби дәстүрге жақын дүние. Ұлы халықтың бетке ұстар ақын-жазушыларында кездесе бермейтін тікелей әдеби қарым-қатынастың айғағы болған ақындық мектеп, ақын шәкірттер қазақ әдебиетіне, оның ішінде Абайға тиесілі болуы кеңестік танымның қалыбына сыя бермеді. Осы арада ғалым Т.Кәкішевтің төмендегі ойы өте орынды айтылған: Еуропа мен орыс әдебиеттеріндегі құбылыстардың бәрін қазақ әдебиеті қайталауы, солардың ізімен жүруі шарт емес, тіпті қажет те емес. Бірақ көркемдіктің жалпыға ортақ заңдылықтарын игеріп, шын кәсіби жолға түсуге міндетті. Өрелі әдебиеттерден бой тасаламай, пайдалысынан үйрену барысында еш уақытта өз ерекшелігімізден көз жазбауымыз керек [5, 55-б.].Қасына шәкірт ертіп, көркем дүниені қалай жазу керектігін ежіктеп отырмағанмен, шын таланттың әдебиетке өзінің дәстүрін әкелетіні ақиқат. Жаңағы Пушкин де, қара сөзден қаймақ қалқыған Николай Гоголь де, біздің Абай да сондай ақындардың қатарында. Орыс сыншысы Н.Чернышевский: Гоголь өзінің данышпан жазушылығымен ғана емес, сонымен бірге әдеби мектептің - орыс әдебиетінде мақтан бола алатын бірден-бір мектептің атасы болуымен бағалы [6, 20-б.] ,- деген екен. Орыс әдебиеттану ғылымында Гогольдік бағыт (Гогольевское направление) деген термин қалыптасқан десек, бұл кейінгі Гоголь дәстүрлерін ұстанушылардан бөлек, сонау ХІХ ғасырдың 50-жылдарында дүниеге келген. Орыс жазушысы өзінің журналистік ағымдағы шығармалармен ұлттық әдебиетте белгілі бір мектеп қалыптастырды дегенімізбен, Абай сияқты нақты қаламгер тәрбиелеп, тақырып беріп, жазғанын сынап отырмағаны белгілі. Гогольдікі дәстүр, бағыт болады да, Абайдікі ұстаз бен шәкірт арасындағы тікелей қарым-қатынастың көрінісін байқататын тура мағынасындағы мектеп болады. 1951 жылы Әуезовтің ...Можно ли сомневаться в том, что у Абая была сформированная им среда за 60 лет его жизни? По-моему, нельзя сомневаться. И вопрос о школе его сейчас ставиться лишь, как о школе в узком смысле, а не ставиться вопрос о влиянии его на всех последующих поэтов и на всю последующую казахскую литературу. Это последнее обьемлет очень широкое понятие ясное и простое. Речь идет о людях, которые окружали его, были около него непосредственно и в той или иной мере были творческими личностями. Но, одно дело учитель, другое - ученик. Пусть они не стали талантливы, как Абай (так было на самом деле). Пусть ими созданы произведения гороздо менее значительные, чем Абаем... Однако, учениками они были [7, 119-б.] ,- деген пікірін ескерсек, Абайдың ақындық мектебі дегенді осы тура, тар мағынасында алып қарағанда ғана Абайдың ұстаздық қарекеті айқындала түседі.Елуінші жылдары Абайдың әдеби мектебі концепциясының зиянды деп танылып, әдебиет тарихынан аластатылуының бір себебі мектеп деген ұғымның өзі әр-түрлі мағынада қарастырылғандығында жатыр. Қ.Мұхамедханұлы диссертациясының тақырыбы ғана емес, жалпы Абай мектебі деген атау түп-тамырымен өзгертіліп, Абайдың ұстаздық қыры көлегейленді. 1959 жылы қазақ әдебиетінің негізгі проблемаларына арналған 5 күндік ғылыми-теориялық конференция өтті. Осы арада назар аударуымыз керек, әлгіндей кең көлемде әдебиетке арналған конференция бұған дейін де, кейін де болмағанын ескерсеңіз қалай деген күнде де сол кездегі әдебиетке деген назардың қаншалықты салмақты болғанын байқай беріңіз. Об основных тенденциях и направлении казахской литературы 80-90-х годов ХІХ века деген тақырыпта баяндама жасаған М. Сильченко Абай мектебі туралы былай дейді: Неясным, вызывающим разноречивые толки, остается до сих пор вопрос о так называемых абаевских традициях в казахской литературе. В дискуссии 1951 года была отвергнута концепция поэтической школы Абая... Из-за неясности и неразрешенности проблем традиции и влияния, понятий о школах и направлениях в общесоюзной науке, и у нас возникают затруднения в трактовке этих проблем. Есть неоспоримые факты, которые, тем не менее, трудно обьяснить научно. Бесспросно, что Абай имел много последователей,- деп Абай шәкірттеріне тоқтала келіп: Нам надо отказаться схоластических толков и споров по этому вопросу уже потому, что в истории нет и не было такого случая, чтобы литературное направление или школа объединяли писателей, поэтов совершенно идентичных по своим общественно-эстетическим воззрениям и творческой манере, - деп, Абай мектебі өкілдерінің шығармашылық мұралары батыс пен орыстың әдеби бағыт, әдеби мектепке қоятын талабына, дәлірек айтқанда аға ұлт өкілдері шығарған анықтамаға сай келмейтіндігін тілге тиек етеді.Жалпы болмысты, соның ішінде әдебиетті белгілі бір қалыпқа салып машықтанған кеңестік жүйе әдебиетіміздің ұлттық ерекшеліктері мен Абайдай дарынның оқшау қасиеттерін ескермеген-ді. Сөйтіп, Сильченконың түйіні мынау: Отказывались от термина школа Абая, мы ввели понятие поэтического окружение Абая. Следует прямо сказать, что оно не соответствует действительному положению вещей. Ведь для истории литературы важны не пассивные отношение, а творческое взаимодействие поэтов, писателей одного исторического периода, единого в своей основе направления. Поэтому разрешите предложить на обсуждение понятие, принятое и в истории русской литературы,- поэзия (или поэты) абаевской поры [8, Б. 128-129]. Осы мәселеден кейін Абай айналасындағы шәкірттерге қатысты мектеп ұғымы алынып, Абайдың өз айналасына тигізген әсері, әсіресе нақты істелген тағылымдық қарекеттері тұмшалана берді.Саяси қысымның салдарынан Абайдың шәкірттерінің мұрасын ғылымда қорғауына мүмкіндік ала алмаған Қ.Мұхамедханұлы 1959 жылы диссертациясының атын ғана емес, идеясын өзгертуге тура келді. Абай шәкірттері деген ұғым еріксіз ақынның төңірегіндегі ақындар деп ауыстырылды. 1951 және 1959 жылғы екі диссертацияның құрылымында айтарлықтай өзгешеліктер бар. Саяси сынның салдарынан кейінгі еңбек біраз қысқарған. Алдыңғысында Турағұлдың аты аталмаса да бірнеше өлеңдері мен аудармаларына шолу жасалса, кейінгі диссертацияда ол жоқ. 1951 жылғы еңбектегі даудың үлкені Көкбай Жанатайұлына, оның атышулы Сабалақ дастанына байланысты болғандықтан, Абайдың қасында 25 жыл дос болған, талантты ақын Көкбай да кейінгі еңбегіне енбей қалды. Сөйтіп, Шәкәрімсіз, Көкбай мен Турағұлсыз, ал бар ақындардың өзі тек советтік шеңберге сиятын шығармалары арқылы танылып, бір сөзбен айтқанда, құйрық-жалы күзеліп, Абай мектебі ғылымда қорғалып шықты. Оның өзінде Қ.Мұхамедханұлының бірбеткей табандылығының, төзімділігінің арқасында. Сөз арасында айта кетуіміз керек, 2005 жылдан бастап шыға бастаған зерттеушінің көп томдық шығармалар жинағына ғалымның 1959 жылғы екінші қорғаған диссертациясы ғана енген. Қайталау делінген бе, 1951 жылғы еңбек жинаққа енбеген, тек Көкбай туралы тарау ғана 1959 жылғыға қосылған. Кеңестік сүзгіге іліне қоймаған, кезінде үлкен айтыс тудырған 1951 жылғы еңбекті де жинаққа кіргізсе, көп томдықтың салмағы артпаса, кемімейтін еді. Абай мектебімен қосаМ.Әуезовтің 1950 жылы жарияланған Ақын аға романы да сынға ұшырап, жарыққа шықпай жатып жойылды. Бұл жайында арнайы мақалада сөз еткен болатынбыз (қараңыз: Керуен, 2009, №3) ...Бүгінгі таңда Абайдың әдеби ортасы тақырыбын сөз еткенде біз төмендегідей түйінді мәселелерге баса назар аударуымыз керек. Өткен ғасырдың 40-50 жылдары Абай мектебі деген ұғым әдебиетке келгенде оны кең мағынада, әдеби дәстүр аясында қабылдау және тар мағынасында ақынның айналасындағы күнделікті тәрбиесін көрген шәкірттеріне қатысты зерттеу ғылыми ортаны екіге жарды. Екі түрлі айтылған пікірлерді сол кездегі кеңестік идеология сәтті пайдаланып, өршітіп, үлкен дауға айалдырды. Методологиялық жағынан дұрыс бекімеген ақындық мектеп концепциясының төңірегіндегі дау-дамай Абай айналасындағы шәкірттердің өз дәрежесінде зерттелуіне үлкен кедергі болды. Жалпы қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрін жалғастырушылар мен Абайдың маңайындағы шәкірттерін нақты бөліп көрсетпеген соң, мектеп өкілдерінің саны әр зерттеушінің өз пайымы бойынша белгіленіп, бірде артып, бірде кеміп отырды. Абай мектебін сынға алушы С.Мұқановтың: Сонымен, 1934 жылы Әуезовтің мақаласында төрт адамнан ғана құралатын Абай шәкірттерінің тізіміндегі адам саны 1951 жылы жиырма бес-отызға жетеді [9, 59-б.] ,- деген пікірімен келіспеу қиын. Олай дейтініміз, Абай мектебі мәселесін маңайындағы шәкірттерімен байланыста қарайтын зерттеушілер пікірінің өзі бір тоқтамға келе алмады. М.Әуезов Абайдың ақын шәкірттері ретінде Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Шәкәрім, Әріп, Әсеттерді атайды. Абай шәкірттерінің негізгі зерттеушісі Қ.Мұхамедханұлы 1951, 1959 жылдары қорғаған диссертацияларында Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Шәкәрім, Әріп, Әсет, соларға қосымша Халиолла, Кәкітай, Мұхамеджан, Бейсембай, Баймағамбет, Мұқа, Әлмағамбет, Әубәкір сияқты өнерпаздар бар барлығы он үш адамды жатқызады. Шәкәрім мен Турағұлдың ол кезде халық жауы боп үлгерген кезі, ал Көкбайды шәкірттер қатарына қосқаны, ең үлкен саяси қателік болып, соңы үлкен дауға айналғаны белгілі. Қ.Мұхамедханұлы кейінгі Абайдың ақын шәкірттері кітабына Ақылбай, Мағауия, Турағұл, Кәкітай, Көкбай, Уәйіс, Әсет, Әріп, Мұқа, Әубәкір, Тайыр Жомартбаев, Баймағамбет, Иманбазар, Әрхам сынды ақындарды кіргізеді. Бұл кітабына Шәкәрім енбегенмен, Абай мұрагерлері еңбегінде Абай шәкірттері ретінде зерттелген. Сонда, ұзын-саны - он бес шәкірт. Абай шәкірттеріне Е.Ысмайлов Ақылбай, Мағауия, Кәкітай, Әубәкір, Нарманбет, Әбсалық, Көкбай, Әріптерді Абайдың тура шәкірттері деп, ал Абайдан үйренген деп Сұлтанмахмұт, М.Ж.Көпеев, С.Дөнентаев бастатқан он бір ақынды атайды [10, 8-б.]. Ғ.Сералиев деген Қазақ халқының данышпан ақыны деген мақаласында: Оның (Абайдың Е.Б.) школасынан қанаттанған: ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz