Сопылық ілім мен қазақ лирикасындағы үндестік



Соңғы уақыттарда сопылық ілімінің айналасында айтылып, жазылып жүрген пікірлер көп. Олардың арасында Исламның негізгі үш ұстынының бірімен астасып жатқан сопылық институтын бақсылық, шырақшылық секілді ұғымдармен қатарластырып тар шеңберде қарап жүргендер де бар. Ал, негізінде, бұл ілім әу бастан адамды түбегейлі аздырып, жолдан тайдыру мақсатында қалыптасқан деп үстірт ойлау қате. Бұл, әрине, шын сопылық не екенін дұрыс меңермегеннен туындаған пікірлер болса керек. Рас, кешегі кеңес кезінде сопылықты философиялық тұрғыдан ғана қарап, оны адам ойынан шыққан жасанды ілім деп көрсетуге тырысқандар болды. Тіпті, сопылық ілімінің мүршиді, жетекшісі өзін пайғамбарлармен тең санайды, ал оның соңынан ерушілер «әулиелікті» пайғамбарлықтан жоғары қояды деген мазмұндағы жаңсақ пікірді де кездестіруге болған. Әрине, түбінде шариғат ілімі жатпайтын болса, кез келген жолда діннен ауытқушылық орын алары даусыз. Бірақ бұған қарап, жалпы сопылық жолы туралы асығыс шешім шығаруға болмайды. Түркі жұртының, соның ішінде қазақ даласының діни жолында сопылықтың алар орны үлкен. Алысқа бармай-ақ хәкім Абайдың, Шәкәрімнің, Мәшһүр Жүсіптің шығармашылық мұрасына сәл ғана ден қойсақ, олардың өмір тіршіліктеріне сопылық дүниетанымның қаншалық әсері болғанын байқаймыз. Қазақтың ділін жан-жақты зерттеп жүрген академик Ғарифолла Есім еңбектерінің бірінде Абай шығармаларында сопылық әдебиеттің белгісі мен дүниетанымының көріністері де байқалатын тұстары баршылық екенін айта келе, Мұхтар Әуезовтің 1945–1946 оқу жылында университетте абайтанудан оқылған лекциясында айтқан: «Шығыс ақындарының шығармаларында үлкен орын алған үлгі – сопылық» деген пікірін дәлелге келтірген .
Сопылықтың мақсаты діннің талаптарын жоғары деңгейде орындату болғандықтан, рухани кемелденуді мақсат еткен әрбір мүрид, шәкірт бірінші кезекте шариғат білімімен сусындаған болуы керек.
1. «Қазақ әдебиетіндегі сопылық поэзия» кітабы 2011 ж, Алматы қаласы «Қазақ университеті» баспасы. Кітап авторы/құрастырушысы — А. Ахметбекова. — 312б

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Конспект

ТАҚЫРЫБЫ:

Сопылық ілім мен қазақ лирикасындағы үндестік

Орындаған: Ағали Әйгерім
Тобы: ФИ-201

Тексерген: Жүндібаева А.Қ

Семей 2015ж

Соңғы уақыттарда сопылық ілімінің айналасында айтылып, жазылып жүрген
пікірлер көп. Олардың арасында Исламның негізгі үш ұстынының бірімен
астасып жатқан сопылық институтын бақсылық, шырақшылық секілді ұғымдармен
қатарластырып тар шеңберде қарап жүргендер де бар. Ал, негізінде, бұл ілім
әу бастан адамды түбегейлі аздырып, жолдан тайдыру мақсатында қалыптасқан
деп үстірт ойлау қате. Бұл, әрине, шын сопылық не екенін дұрыс
меңермегеннен туындаған пікірлер болса керек. Рас, кешегі кеңес кезінде
сопылықты философиялық тұрғыдан ғана қарап, оны адам ойынан шыққан жасанды
ілім деп көрсетуге тырысқандар болды. Тіпті, сопылық ілімінің мүршиді,
жетекшісі өзін пайғамбарлармен тең санайды, ал оның соңынан ерушілер
әулиелікті пайғамбарлықтан жоғары қояды деген мазмұндағы жаңсақ пікірді
де кездестіруге болған. Әрине, түбінде шариғат ілімі жатпайтын болса, кез
келген жолда діннен ауытқушылық орын алары даусыз. Бірақ бұған қарап, жалпы
сопылық жолы туралы асығыс шешім шығаруға болмайды. Түркі жұртының, соның
ішінде қазақ даласының діни жолында сопылықтың алар орны үлкен. Алысқа
бармай-ақ хәкім Абайдың, Шәкәрімнің, Мәшһүр Жүсіптің шығармашылық мұрасына
сәл ғана ден қойсақ, олардың өмір тіршіліктеріне сопылық дүниетанымның
қаншалық әсері болғанын байқаймыз. Қазақтың ділін жан-жақты зерттеп жүрген
академик Ғарифолла Есім еңбектерінің бірінде Абай шығармаларында сопылық
әдебиеттің белгісі мен дүниетанымының көріністері де байқалатын тұстары
баршылық екенін айта келе, Мұхтар Әуезовтің 1945–1946 оқу жылында
университетте абайтанудан оқылған лекциясында айтқан: Шығыс ақындарының
шығармаларында үлкен орын алған үлгі – сопылық деген пікірін дәлелге
келтірген .
Сопылықтың мақсаты діннің талаптарын жоғары деңгейде орындату
болғандықтан, рухани кемелденуді мақсат еткен әрбір мүрид, шәкірт бірінші
кезекте шариғат білімімен сусындаған болуы керек. Қожа Ахмед әзірет сұлтан
шариғатсыз тариқаттың болмайтындығын, тариқаттың бар мәселесі шариғатсыз
шешілмейтідігін, тариқатқа кірудің алғышарты – шариғат білімі екенін
айрықша атап көрсеткен:
Айтпақ үшін тариқаттың ең талаптарын,
Әуел қадам шариғатқа қоймақ керек.
Шариғаттың шешімдерін тауысқан соң,
Содан кейін, сол шешімді қылмақ керек.
Шариғатсыз шешім болмас Тариқатта,
Тариқатсыз шешілмейді Хақиқат та.
Үшбу жолдар айқындалар шариғатта,
Барлығын да шариғаттан білмек керек.
Әбу Бәкір Кердері де өз кезегінде сопылық жолдың ауыр екенін, сопы
болу үшін, ең әуелі, көп оқыған ғалым болу қажеттігін қадап айтқан:
Сопылық жол ауыр жол,
Ұстансаң оны тәуір жол.
Ұстансаң егер сопылық,
Оқығаны көп ғалым бол.
Шариғатты білмеген адам тариқатқа кірсе, орта жолда шатасып,
жарты жолда жалығып, аяғында адасып кетуі, шайтанның ермегіне айналуы бек
мүмкін. Кейбір зерттеушілердің сопылық ілімді сынға алуына осындай білімсіз
сопылық қылушылар себеп болса керек. Әйтпесе сопылық атаулы мұсылмандарды
қараңғылық түнегіне бастамаса керек. Данышпан Абай бірінші қара сөзінде
қалған өмірін қалай өткізу тұрғысынан өзіне мынадай таңдау нұсқасын қояды:
Сопылық қылып, дін бағу. Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не
көңілінде, не көрген күнінде бір тыныштық жоқ, осы елде, осы жерде не
қылған сопылық?. Сопылық жаман болса, хәкім атамыз оны өмірлік маңызы бар
іс ретінде ойға алар ма еді?! Ал тариқат шейхтары өзіне рухани ем қабылдап,
ақиқатқа сапар шегуге бел буып келген мүридтерінің әр қайсысының жеке
жағдайына, табиғи мінезіне, бойындағы аурына қарай Алла елшісінің мыңдаған
хадистері мен шариғат қағидалары ішінен оған қажетті дәрісін тауып емдеуге
тырысады. Міне, осылайша дәруіштің қолынан ұстап, ақиқат межесіне қарай
рухани сапарға жол бастайды.
Абай Құнанбайұлы адам - анадан туғанда екі түрлі мінезбен
туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар тәннің
құмары. Біреуі - білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен демеклік. Мұның
бәрі - жан құмары" деп ұйқыны тән құмарлығына жатқызған. Демек, ұйқы
кісінің рухын тәрбиелеуге емес, тәнін семіртуге үлес қосады деген сөз.
Жүсіп Баласағұнның Құтты білігінде мынадай шумақ бар:
...Тәннен — нәпсі, құмарлықты сығарсың,
Сонда ибадат дәмін татып шығарсың.
Не дегенін есті ойшылдың ірісі:
Нәпсіменен үйлеспейді дін ісі.
Нәпсі, құмар — жауы ұлықтың, жандырар,
Осы екеуі ісші құлды аздырар.
Сондай-ақ тағы бір шумағында тән мен нәпсінің кісінің менін, Абайша
айтқанда, рухы мен жанын құл, тұтқын етіп алатынын анық бедерлеген:
Құмарға ерген көрер нәпсі тұтқынын,
Тән тояттап, алар мені құл қылып.
Нәпсіге ерме, ақылмен кес түбірден,
Бас көтерсе — тәніңді бас біліммен!
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858-1931) медреседе оқып, Бұхарада діни білім
алғандықтан, сопылық поэзиямен таныс екендігі сөзсіз. Сондықтан
Ғибратнама деп аталатын поэмасының персонаждары кең тараған бұлбұл –
гүл сопылық мотивіне қатысты. Бұл мотивтің Жалғанда ынтазарым – бір қызыл
гүл мәні мына шумақтарда кең көрініс тапқан:
Өткіздім мен әрбір түнді сайрауменен,
Басымды тікенекке байлауменен.
Көрем деп қызыл гүлдің ашылғанын,
Ұзын түн зығырданым қайнауменен.

Қызыл гүл мен ұйықтамай ашылмайды,
Көзімше аузы ашылып шашылмайды.
Оянсам ұйықтап кетіп, ашылады,
Қасіретім бір көре алмай басылмайды[9, 245].
Нағыз сопылық поэзия үлгісі! Бірақ ақын туындыны сопылық тұрғыда
интерпретация жасауға тосқауыл қойғандай бес шумақ кіріспе сөз береді.
Кіріспе өлеңінде көзі ашық, қызыл тілді болғандығынан, көп машақат
тартқанын хабарлайды. Дегенмен поэмада лашын сияқты тойғанына риза болып,
үндемей қалғаннан, азап шегіп зарлаған бұлбұл артық деген ой айтылады.
Шындығына келсек, поэма идеясы мен мотивте үйлесім жоқ. Бұлбұл – гүл
мотивінің сопылық мазмұнмен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сопылық ілім мен қазақ лирикасындағы үндестік туралы ақпарат
Жоқтау өлеңдердерінің көркемдік аспектілері
Шәкәрім өлеңдеріндегі тұлға мәселесінің дәстүрлік негіздері
Шәкәрім және Гете: поэзиядағы көркемдік пен таным үндестігі
Шәкәрім және Хафиз: өнер философиясындағы үндестік
Сопылық поэзия
Ортағасырлық мәдени туындылары
Шәкәрім лирикасы
Абайдың ақындық кітапханасы
Ортағасырдағы түркі мұсылмандық дүниетанымы
Пәндер