Баспасөздегі ақпараттық соғыс



Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Қаржы министрінің екі бірдей орынбасары баспасөз мәслихатын өткізді. Онда «Нұрлы Жол» бағдарламасын қаржыландыру мен оны дұрыс игеру мәселелері сөз болды. Осы жайт арқау болған мақала «Егемен Қазақстан» газетінің сенбілік нөмірінде «Қаржы секторында тексеру қатаң» деген тақырыппен берілді. Басылымның жазуынша, «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан осы жылға 686 млрд. теңге бөлінеді екен. «Бағдарламаның бюджеттік қаржыландыру көлемі 423,5 млрд. теңгені құрайды. Бюджеттік қаржыландыру бүгінде басталып та кетті. Тіпті 23 млрд. теңге игеріліп те болды. Яғни, ол қаражат республикалық деңгейдегі автожолдарды салу жұмыстарына бағытталды. Негізі, инфрақұрылымдық жобаларға - 207,8, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға - 112,5, ал халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлескен жобаларда Қазақстанның үлесін қаржыландыруға - 39,2, агро¬өнеркәсіп кешенін қолдауға - 20, мектептер салуға - 17,3, «Балапан» бағдарламасына 12,7 млрд. теңге қарастырылған. Бұлармен бірге, ЖОО-лар мен ғылыми мекемелердің материалдық-техникалық базасын қалыптастыру ісіне - 8, ал геологиялық барлау жұмыстарын жүзеге асыруда 6 млрд. теңге игерілмек», - деді Қаржы вице-министрі Руслан Дәленов. Басылымның жазуынша, баспасөз мәслихатында бұқараға жағымды жаңалық та айтылды. Үкімет автокөлік сатып алу үшін қазақстандықтарға жеңілдетілген несие беруге қаржы бөлмек көрінеді. «Еліміздің азаматтары жеңілдетілген несиемен тек отандық көліктерге қол жеткізе алады. Оның мөлшерлемесі 3 пайыздан аспайды және 3-5 жыл мерзімге негізделген. Несие теңгемен ғана беріледі. Бұл мақсатқа 15 млрд. теңге бөлінеді. Бұл қаржы шамамен 4-6 мың автокөлікті сатып алуға жетеді деп ойлаймыз», - деді Р.Дәленов.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Баспасөздегі ақпараттық соғыс
Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Қаржы министрінің екі бірдей орынбасары баспасөз мәслихатын өткізді. Онда Нұрлы Жол бағдарламасын қаржыландыру мен оны дұрыс игеру мәселелері сөз болды. Осы жайт арқау болған мақала Егемен Қазақстан газетінің сенбілік нөмірінде Қаржы секторында тексеру қатаң деген тақырыппен берілді. Басылымның жазуынша, Нұрлы Жол бағдарламасы аясында Ұлттық қордан осы жылға 686 млрд. теңге бөлінеді екен. Бағдарламаның бюджеттік қаржыландыру көлемі 423,5 млрд. теңгені құрайды. Бюджеттік қаржыландыру бүгінде басталып та кетті. Тіпті 23 млрд. теңге игеріліп те болды. Яғни, ол қаражат республикалық деңгейдегі автожолдарды салу жұмыстарына бағытталды. Негізі, инфрақұрылымдық жобаларға - 207,8, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға - 112,5, ал халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлескен жобаларда Қазақстанның үлесін қаржыландыруға - 39,2, агро-өнеркәсіп кешенін қолдауға - 20, мектептер салуға - 17,3, Балапан бағдарламасына 12,7 млрд. теңге қарастырылған. Бұлармен бірге, ЖОО-лар мен ғылыми мекемелердің материалдық-техникалық базасын қалыптастыру ісіне - 8, ал геологиялық барлау жұмыстарын жүзеге асыруда 6 млрд. теңге игерілмек, - деді Қаржы вице-министрі Руслан Дәленов. Басылымның жазуынша, баспасөз мәслихатында бұқараға жағымды жаңалық та айтылды. Үкімет автокөлік сатып алу үшін қазақстандықтарға жеңілдетілген несие беруге қаржы бөлмек көрінеді. Еліміздің азаматтары жеңілдетілген несиемен тек отандық көліктерге қол жеткізе алады. Оның мөлшерлемесі 3 пайыздан аспайды және 3-5 жыл мерзімге негізделген. Несие теңгемен ғана беріледі. Бұл мақсатқа 15 млрд. теңге бөлінеді. Бұл қаржы шамамен 4-6 мың автокөлікті сатып алуға жетеді деп ойлаймыз, - деді Р.Дәленов.

Кеше Қазақстан президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабы мүшелерінің ел өңірі бойынша үгіт-насихатының сапары басталды. Олардың бірінші кезекте Қарағанды облысына баруының символдық маңызы ерекше. Өйткені, Елбасының еңбек жолы тап осы өңірден бастау алған болатын, - деп жазады Егемен Қазақстан газеті. Басылымның жазуынша, қарағандылықтар Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа индустриялық-инновациялық бағдарламаны жеделдеткені үшін алғыстарын білдірді, тек соңғы 5 жылда ғана оның шеңберінде облыста 59 кәсіпорын іске қосылып, 5000 жұмыс орны құрылды.
***
Астанада өткен Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттерінің ресми басқосуында, Ресей басшысы Владимир Путин ортақ валюта жайын ойластыру ұсынысын білдірді. Оның алдында ғана Мәжіліс депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің басшысы Мәулен Әшімбаев: Ресейде болған девальвацияға, олардың тауарларының біздің нарықтағы арзандығына байланысты біздің тауарлардың бәсекелестігіне әсер ететін факторлар бар. Қазіргі заманда осыны талқылау керек, осыны шешу керек. Сондықтан қазіргі уақытта ортақ бір валютаны талқылау ешқандай перспективасы жоқ деп түсінемін, деген болатын. Осы орайда Айқын газеті Қоғамдық саясатты зерттеу орталығының директоры, экономист Меруерт Махмутованың ойларымен бөліскен. Басылым тілшісінің сауалдарына тұшымды жауап берген ол: Бізге ортақ валюта енгізудің қажеті жоқ. Әсіресе, бүгінгідей ресейлік валюта құлдырап жатқанда пайдасы емес, зияны көп. Бұл мәселені 2014 жылдың наурыз айында Ресейдің бірінші вице-премьері Игор Шувалов ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлем журналистикасының тарихы
Репортаж түрлері
Түркия журналистикасы
Адамзат өзекті мәселелері және БАҚ
Дене шынықтыру және спорт саласындағы ақпараттық құралдардың негізгі құралдары
Жарнама нарығы туралы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ БАҚ-ТАҒЫ КӨТЕРІЛУ ДЕҢГЕЙІ
Жарнама тілі мен стилі
Көркем деректі жанр түрлері
Ресми құжат тілінің функциональдық формасы жазба тілі
Пәндер