Әдеби көркемдеу құралдары және әдеби көркем тіл
1. Әдеби көркемдеу құралдары
2. Әдеби көркем тіл
2. Әдеби көркем тіл
Мәдениетті адам сөйлеу мәнері құлаққа жағымды әрбір ойын лайықты әуенмен, әрбір сөйлемді өзінің сазымен сөйлейді. Ән сияқты дұрыс айтылған сөз де құлақтан кіріп бойды алады. Міне, сондықтан сөзді қалай болса солай айта салмай, сөйлеу мазмұнына үйлесімді ырғақ, екпін, әуен тауып, дауысты түрлендіріп сөйлеудің үлкен мәні бар. Сөйлеуде дауыс ырғағының құбылмалы қасиеті, логикалық екпінді, интонациялық ерекшелігі бар құбылыстарды ескеріп отырғанда ғана тыңдаушыға әсер етпек. Қазақ халқы келістіріп сөйлей алатын кісіні «сөзі мірдің оғындай екен», «сөздің майын тамызып, кісінің айызын қандырып сөйлейді екен» деп дәріптейді. Ондай қабілеті жоқ адамды «ынжық, аузынан сөзі қойнынан бөзі түсіп тұр» деп сынайды. Кейбіреулер маңғазданып, қатымырланып сөйлеуді сән көреді, оны артықшылық, мәдениеттілік деп біледі. Ал шын мәдениеттілік- шынайылықта, айтатын ойына сай келетін үн, әуен, ырғақ, екпін тауып сөйлей білуде. Сөйлеушінің сөйлеу дағдысы, дауысы тыңдаушыға жағымды болса, онда зер сала тыңдайды. Ал оның үстіне айтайын деген ойын мазмұнды болса, тыңдаушының көкейіне қонып, жүрегіне ұялайды.
Тыңдаушыларды еліктіре білу, олардың назарын сөйлеп тұрған ой-пікіріне аудара алу – сөйлеушіге (мұғалімге, баяндамашыға, үгіттеушіге) жүктелген міндеттің нәтижелі болуының басты шарты.
Сонымен бірге жұрт алдында сөйлеуші мына қағидаларды ескеруі тиіс.
1.Жұрттың бәріне белгілі жайларды тәптіштеп айтып беру жөнсіз. Нәрсіз, дәмсіз сөзді сөйлемеген жақсы. Нәрсіз сөз көбінесе өзі жақсы білмеген жайды баяндаудан анық байқалады. Міне, сондықтан көп қателеседі.
2. Өзін өзгеден артық санап, дауласып, мақтана сөйлеген адамның айтқаны далаға кетеді. Тыңдаушылар ондайды қабылдамайды, сөзіне күле қарайды. Мен білгенді тыңдаушыларым білмейді, олар білімсіз дегендей пиғыл білдіріп, білгішсініп, мақтана сөйлеу жұртты теріс қаратады.

1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
2. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС,

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ №8
Тақырыбы: Әдеби көркемдеу құралдары және әдеби көркем тіл.
.
Орындаған:Иманбаева М.Е.
Тобы:Қ-317с
Тексерген: Құрмамбаева Қ.С.
Семей 2015жыл
Әдеби көркемдеу құралдары және әдеби көркем тіл
Жоспар
1. Әдеби көркемдеу құралдары
2. Әдеби көркем тіл
Мәдениетті адам сөйлеу мәнері құлаққа жағымды әрбір ойын лайықты әуенмен, әрбір сөйлемді өзінің сазымен сөйлейді. Ән сияқты дұрыс айтылған сөз де құлақтан кіріп бойды алады. Міне, сондықтан сөзді қалай болса солай айта салмай, сөйлеу мазмұнына үйлесімді ырғақ, екпін, әуен тауып, дауысты түрлендіріп сөйлеудің үлкен мәні бар. Сөйлеуде дауыс ырғағының құбылмалы қасиеті, логикалық екпінді, интонациялық ерекшелігі бар құбылыстарды ескеріп отырғанда ғана тыңдаушыға әсер етпек. Қазақ халқы келістіріп сөйлей алатын кісіні сөзі мірдің оғындай екен, сөздің майын тамызып, кісінің айызын қандырып сөйлейді екен деп дәріптейді. Ондай қабілеті жоқ адамды ынжық, аузынан сөзі қойнынан бөзі түсіп тұр деп сынайды. Кейбіреулер маңғазданып, қатымырланып сөйлеуді сән көреді, оны артықшылық, мәдениеттілік деп біледі. Ал шын мәдениеттілік- шынайылықта, айтатын ойына сай келетін үн, әуен, ырғақ, екпін тауып сөйлей білуде. Сөйлеушінің сөйлеу дағдысы, дауысы тыңдаушыға жағымды болса, онда зер сала тыңдайды. Ал оның үстіне айтайын деген ойын мазмұнды болса, тыңдаушының көкейіне қонып, жүрегіне ұялайды.
Тыңдаушыларды еліктіре білу, олардың назарын сөйлеп тұрған ой-пікіріне аудара алу - сөйлеушіге (мұғалімге, баяндамашыға, үгіттеушіге) жүктелген міндеттің нәтижелі болуының басты шарты.
Сонымен бірге жұрт алдында сөйлеуші мына қағидаларды ескеруі тиіс.
1.Жұрттың бәріне белгілі жайларды тәптіштеп айтып беру жөнсіз. Нәрсіз, дәмсіз сөзді сөйлемеген жақсы. Нәрсіз сөз көбінесе өзі жақсы білмеген жайды баяндаудан анық байқалады. Міне, сондықтан көп қателеседі.
2. Өзін өзгеден артық санап, дауласып, мақтана сөйлеген адамның айтқаны далаға кетеді. Тыңдаушылар ондайды қабылдамайды, сөзіне күле қарайды. Мен білгенді тыңдаушыларым білмейді, олар білімсіз дегендей пиғыл білдіріп, білгішсініп, мақтана сөйлеу жұртты теріс қаратады.
3. Сөйлегенде, әрбір сөз анық, дәл, айқын естілетін болсын. Сөйлеушінің даусы құбылмалы әрі жайлы болуы тиіс. Сөз әуенінен байсалдылық, сенім, табандылық, қайрат сезілетін болсын.
4. Ойды жеткізудің тілден тыс элементтерін, атап айтқанда, ым, ишара, мимика, понтомимика, дауыс күші, дауыс темпі т.б. жақсы меңгеруі қажет.
5. Жұрт алдында сөйлеуші қағаздан көзін алмай қатып қалма, тыңдаушылардың жеке тобына, жеке кісілерге көз жіберіп отырғаны мақұл. Сонда тыңдаушы да соған қарайды, сөзіне назар аударады.
6. Сөзді әбден жауыр болған сөздерден бастаған болмайды. Ой-пікірді әдеби тілге тән сөздермен, әсерлі де қызықты етіп жеткізуге тырысу қажет. Сөз арасында мақал-мәтелді, нақыл сөздер мен қанатты сөздерді келтіре отырып сөйлеу нәтижелі болмақ.
7. Айтылатын ой қысқа да нұсқа, тұжырымды болсын. Аз сөз алтын, көп сөз көмір деген мақалды басшылыққа алған мақұл.
8. Сөйлеу жүйелі болуы тиіс. Жүйелі сөздің арқауы, өзара тығыз байланысты желісі болады. Сөйлем мен сөйлем арасында, ой мен оййдың арасында табиғи байланыс болмаса, тыңдаушы ондай сөзден қанағат ала алмайды.
Жұрт алдында жақсы сөйлеудің ең негізгі шарты - дайындық. Алдымен жоспар түзіледі. Жоспарда қамтылуға тиісті мәселелер реттелген тақырып күйінде жазылады. Одан кейін сол жоспар бойынша баяндаманың тезисі жасалады. Онда айтылуға тиісті жайлардың негізгі қағидалары, мазмұны тұжырымдалады.
Жоспар бойынша баяндауға керекті материалдарды толықтыру, ретке келтіріп қағазға түсіру үшін конспект жасалуы қажет. Конспект - болашақ баяндаманың ықшам түрі.
Сөз қолдану мәдениеті сөздің мағынасына орай дұрыс қолдану мен қатар оны әсем де, әсерлі, көркем образды етіп айту (жазу) мен бейнелеу тәсілдеріне тікелей байланысты екені белгілі. Ал бейнелеу тәсілдері тілімізде сан алуан. Тіліміздің көркемдегіш тәсілдері негізінен көркем әдебиет тіліне тән. Көркем шығарма тілінде сөз өзінің барлық баяу - нышанымен, сыр-сипатымен, құпия астарымен, құдірет-қасиетімен көрінеді. Метафора, метонимия, синекдоха, теңеу, эпитет, поэтикалық тіркестер, мақал-мәтелдер және тұрақты тіркестер айтылайын деген ойды анық беру, баяндап отырған әлеуметтік шындықтың шынайы көрінісін ашық көрсету сөйлеушінің негізгі қаруы.
Мәселен, Жел соқты, қар жауып, боран болды деп айтуда ешбір әсер жоқ. Ал сөз зергерлерінің қолдануында сөз әдеттегі қызметінен басқа күйге көшіп, тосын құбылысқа тап болады. Мұндай қолданыстың әсері айрықша болып, шығарма тіліне шырай беріп отырады. Боран үскіріп соғып тұр. Асау жел ащы күйінен жаңылған жоқ, ойнақ салып ысқырып тұр. Аң, дала меңіреу болып түкіруде. Қайғысы сары бел борап әкеліп тұрған ақ киімін қымтай түсіп, жата берді. (М.Әуезов)
Мұнда асау сөзінің ерекше сипат алғандығын бірден аңғаруға болады. Сондай-ақ сөз арасында бір бірімізге сары бел киімін қымтады десек, жансызға жан бітіріп болмысы нақты, дәл бейнелеудің айрықша тәсілі.
Сөз мағыналарының ауысуы, келтірінді мағынада жұмсалуы әр түрлі тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сөздің ауыспалы мағынада қолдануы метафора, метонимия және сенекдоха тәсілдері арқылы жасалады. Енді осы тәсілдерге қысқаша тоқталайық.
1. Метафора тәсілі арқылы атаудың ауысу белгіленген заттардың тұлға, түс, қимыл ерекшелігінің ұқсастығына негізделеді. Метафора - грек тілінде metaphora ауысу деген мағынаны білдіреді. Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың басқа бір заттың не құбылыстың атауымен атауының негізінде сөз мағынасының ауысуы метафора деп аталады. Метафора құбылысының сөздің мағынасынан орын тепкені және әбден үйреншікті болып кеткені соншалық, метафораның негізінде туған қосымша мағынасының көп жағдайында туынды, келтірінді мағына екені бірден аңғарыла бермейді. Мысалы, істің төркіні, мәселенің төркіні, сөздің төркіні дегендердің төркін мен қыздың төркіні дегендегі төркін сөзін салыстырсақ, соңғы мысалда бұл сөз қыздың ата-анасы, туған-туыстары дегенді білдіреді де, алдыңғы мысалда түп негізгі, тегі, мәнісі, сыры дегенді білдіреді.
2. Метонимия. Бір заттың немесе құбылыстың атауының екінші затқа не құбылысқа олардың өзара іргелестігі, шектестігі негізінде атау болып ауысуы, осыған орай, сөздің ауыспалы мағынада жұмсалуы метонимия деп аталады. Метонимия - грек тілінде metanymia атын өзгерту, қайта ат қою деген мағынаны білдіреді. Мысалы, үйі мәз боп, қой сойды, шүйіншіге шапқанға (Абай) деген сөйлемдегі үй деген сөз өзінің негізгі мағынасы баспана дегенді емес, бір үйдің адамдары, үй іші, отбасы дегенді білдіреді. Дәрі қосқан аяқты ішкеннен соң, Әзім барып жығылды шалқасынан... (Абай) Бұл сөйлемде аяқ сөзі ыдыс дегенді емес, сусын деген мағынаны білдіреді.
3. Синекдоха. Бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, үлкеннің орнына кішіні қолданудың негізінде сөз мағынасының ауысуы синекдоха деп аталады. Мысалы, кейде, отбасыңда неше жан бар? - деудің орнына басың нешеу? дейміз. Бұл арада бас сөзі бөлшек ретінде (адамның дене мүшесі) бүтіннің орнына қолданып тұр. Синекдоха грек тілінің synecdoche бірге жобалап түсіну деген сөзден жасалған термин. Кейде мал дегеннің орнына тұяқ бөлшек ретінде сөзі қолданылады. Мысалы, төрт-бес тұяғымыз бар дегендегі тұяқ сөзі малдың тұяғы деген тіркестегі өзінің негізгі мағынасынан алшақтап, басқа бір мағынаны - мал дегенді білдіреді.
4. Теңеу де зат пен құбылыстың біріне бірінің ұқсастығына қарай сөздер алмасады. Мысалы,
Ажарың ашық екен атқан таңдай,
Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай,
Апаңнан сені туған айналайын,
Күлімкөз, оймақ ауыз, жазық маңдай. (Сегізсері)
5. Эпитет. Бір заттың, не бір құбылыстың айырықша сипатын, сапасын анықтау
үшін қолданылатын бейнелі сөзді эпитет деп атайды. Мысалы,
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. (Абай)
Күздің күні көк әлемін торлаған бұлт жазғы бұлттан өзгеше сұр бұлт жай сұр
бұлт емес, түсі суық сұр бұлт. Күздің айнымас тағы бір серігі - тұман, бұл
жай тұман емес, дымқыл тұман. Ұлы ақын күздің басқа жыл мезгілінен
айырмашылығын ашық, айқын таныту үшін осындай анықтауыш сөздерді
әдейі қолданып отыр.
Қорыта айтқанда, сөз ауыспалы, келтірінді мағынады қолданылуы арқылы мағыналық жақтан түрленіп, өзгеріп отырады. Айтайын деген ойды образды да әсерлі беруге икемді болады. Міне, сондықтан сөйлеуші (жазушы) өз сөзінде тілдің лексикасындағы көптеген сөздердің келтірінді, образды мағыналарды суреттеудің ең ұтымды құралы ретінде пайдаланады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қабдолов З. Сөз өнері Алматы , Мектеп 1976, 374 бет
2. Қаратаев М.,- Әдебиет және эстетика Алматы Жазушы 1970, 351 бет

СӨЖ №9
Тақырыбы: Өлеңдегі ырғақ, тармақ, шумақ және өлең айшықтары.
.
Орындаған:Иманбаева М.Е.
Тобы:Қ-317с
Тексерген: Құрмамбаева Қ.С.
Семей 2015жыл
Өлеңдегі ырғақ, тармақ, шумақ және өлең айшықтары
Жоспар
1. Өлең туралы жалпы түсінік
2. Шумақ
3. Өлең ырғағы
4. Тармақ
5. Өлең айшықтары
1.Өлең туралы жалпы түсінік
Өлең - шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Өлеңнің түрлері мен жанрлары әр алуан: ода, элегия, баллада, сонет, т.б. Кең мағынасында өлең қысқа көлемді поэзиялық туындылардың жалпы атауы болса, тар мағынада музыка өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды, яғни ән өлеңі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі халық өлеңдері еңбек-кәсіпке орай (аңшылық, төрт түлік, наурыз өлеңдері), ескілікті наным-сенімге байланысты (бақсы сарыны, арбау), әдет-ғұрып негізіндегі (салт, үйлену, мұң-шер өлеңдері), қара өлең, тарихи өлең, айтыс өлеңдері болып бөлінді. Өлең сөздердің болмысы, жаратылысы аса күрделі, оған ишара, меңзеу, салыстыру, жұмбақтау, астарлау, бейнелеу, теңеу, ұқсату, т.б. тән. Өлең лирика жанрында кең тарады, тақырыбы жағынан саяси, көңіл күйі, табиғат, махаббат және философия түрлерге жіктеледі.
Өлең құрылысы - өлең өлшемдерінің жасалу жүйесі, дыбыс үндестігі мен ырғағына тән ерекшеліктерді белгілейтін шарттар мен заңдылықтар. Өлең-жырдың күнделікті айтылатын жай сөз, қара сөздерден басты айырмасы олар мөлшерлі жеке жолдарға, яғни тармақтарға бөлінеді. Өлең тармағының құрылыс жүйесі әр халықтың поэзиясында өзінше қалыптасқан. Дүниежүзілік әдебиетте орын тепкен өлең құрылымы 4 түрге бөлінеді:
1) Метрикалық өлең жүйесі өлең ырғағында ұзын буын мен қысқа буынның кезектесіп келуіне негізделеді. Мысалы, ежелгі грек және рим поэзиясында кең орын алған ямб, хорей, т.б.
2) Силлабо-тоникалық өлең жүйесінде екпінсіз буын мен екпінді буындар кезектесіп келеді. Ол орыс, неміс, ағылшын халықтары поэзиясында кездеседі.
3) Тоникалық өлең жүйесі орыстың халық поэзиясында қолданылған. Оны жазба әдебиетте орнықтырған A.Маяковский болды. Мұнда ырғақ екпінді буындарға негізделеді, екпін түспейтін буындар есепке алынбайды. Кейбір қосарланып келетін сөздер болмаса, тармақтағы әр сөз бір екпінмен айтылып, дербес ырғақтық бөлшек құрайды. Мұның өзі өлеңді мәнерлеп, тақпақтап оқуға мүмкіндік береді.
4) Силлабикалық өлең жүйесі буын санының мөлшерін тұрақты сақтауға негізделген. Бұл өлең құрылысы француз, чех, итальян және барлық түркі тілдес халықтардың поэзиясында қолданылады. Бұл өлең құрылысының басты сипат-белгілерін қазақ өлеңдерінің құрылымынан анық аңғаруға болады. Өлең құрылысының ұлттық сипат белгілері ұлт тілімен тамырлас. Қазақ өлеңі, алдымен буынға негізделіп, ырғақ пен тармақ та, ұйқас пен шумақ та буынға бағынады; қысқышы Қазақ өлеңдерінің құрылысы
Байтұрсынов енгізген Қазақ өлеңдерінің құрылысы атауларының үлгісі:
* өлең кестесі - айшық, оның төрт түрін анықтайды;
* өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының арасы - бунақ;
* бунақ ішінде - буын;
* бунақ араларындағы дауыс толқынының жіктері - кезең;
* өлең кестесінің реті - тармақ және шумақ.
Өлең өлшемі - біркелкі ырғақ сақтау үшін қолданылатын өрнек. Өлең өлшемінің негізгі атаулары ежелгі грек поэзиясынан келген, көне грек, рим әдебиетінде бұл өлшемдер ұзын буын мен қысқа буынның кезектесуі арқылы жасалған. Араб, парсы, қазақ поэзиясындағы өлең өлшемі буын санын тұрақты мөлшерде сақтау арқылы жасалады. Мысалы, қазақ жыр үлгісінің тармақтары көбіне 7 не 8 буынды болып келеді, сондай-ақ 6 буынды өлең өлшемі қолданылады. Ең көп тараған өлшемнің бірі 11 буынды. Тармақта буын саны төрттен асса, ол ырғақтың құрылысы жағынан бірнеше бунаққа бөлінеді. Мысалы, алты буынды тармақта екі бунақ болады (3 буын + 3 буын). Поэзияда орныққан өлең өлшемдері ауызекі тілде күнделікті айтылатын сөзге тән ырғақтың ең жеңіл, ықшам түрлерін саралап, екшеп, соларды бір жүйеге түсіру негізінде жасалған. Қазақ поэзиясында аралас буынды өлең өлшемдері де жиі қолданылады. Абайдың "Сегіз аяғы" осындай үлгімен жазылған. Мұнда 5 және 7 - 8 буынды тармақтар белгілі ретпен кезектесіп отырады. Өлең өлшемі сөздердің тек сыртқы өрнегі ғана емес, ол ойдың өрістеуі, сөздердің мағыналық өзара байланысына, қиюласуына орайлас келеді.
Өлең ұйқасы - тармақтың соңындағы бірнеше буынның келесі тармақтарға сәйкес буындармен үйлесуі. Ұйқас өлеңдегі әр тармақтың жігін айқындап, өлең сөздің ырғағын күшейтуге себін тигізеді, әуезділігін арттырады. Ұйқас түрлерін ажыратқанда, алдымен, оның сапасы, яғни ұйқасқан сөздердің өзара үйлесімі еске алынады. Ұйқас өзара үйлескен тармақтардың кезектесу ретіне қарай сан түрлі болып келеді: ең көп кездесетін ұйқастар: егіз ұйқас (аа), шалыс ұйқас немесе кезекті ұйқас (абаб), қаусырма ұйқас немесе орама ұйқас (абба). Соңғысы орыс поэзиясында жиі қолданылады, ал қазақ поэзиясында көп кездесетіні - қара өлең ұйқасы деп аталатын ақсақ ұйқас (ааба). Бұл 11 буынды өлең өлшемінде үнемі дерлік қолданылады. Қазақ поэзиясындағы жыр ұйқасы кейде шұбыртпалы ұйқас деп те аталады, ол бір ұйқасты ұзақ сақтап, бірнеше тармақтарды бірыңғай үйлестіруімен ерекшеленеді. Көбінше негізгі ұйқасқа (желілі ұйқас) қосымша, жанама ұйқас ілесіп, қосарланып отырады. Абай қолданған ұйқастың жаңаша түрлері: алты тармақты ұйқас (алты аяқ, аабввб) және "Сегіз аяқтың" ұйқасы (аабввбгг).
Өлең ырғағы
Өлең ырғағы - өлеңдегі белгілі ырғақты үлгі-өрнекті қолданудан туатын өлшемділік. Ол алдымен өлеңнің жеке жолдарға, яғни мөлшерлі тармақтарға бөлінуіне байланысты болады. Өлең тармақтарының көлемі әдетте тұрақты. Мысалы, қазақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz