Стенобионттық және эврибионттық организмдер. негізгі абиотикалық факторлардың-жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т.с.с. экологиялық мәні. абиотикалық факторлардың сигналдық мәні. организмдердің индикаторлық мәні



Организмге қатысты факторлардың әсерінен бірнеше жалпы заңдылықтарды бөліп көрсетуге болады. Ондай заңдылықтарға оптимум ережесі, шектеулі факторлар ережесі, факторлардың өзара әсері ережесі және т.б. жатады. Стенобионттық және эврибионттық организмдер.Стенобионттық тек белгілі бір орта жағдайларында ғана тіршілік ете алатын организмдер. Олар стенотермді тек температураның аз ғана ауытқуына шыдамды (теңіз маржандары), стеногалинді су тұздылығының өзгеруіне төзе алмайтындар (ұлу) стенобатты қысымның ауытқуына шыдай алмайтындар стенофагтар азықтың белгілі бір түрлерімен ғана қоректенеді, стенотоптар тек белгілі бір тіршілік ортасында ғана өмір сүре алады және т.б Эврибионттар (грек. eurys - кең, ауқымды және bіontos - тіршілік ететіндер)- сыртқы орта факторларының ауқымды түрдегі өзгерістеріне лупиімделе тіршілік ететін өсімдіктер немесе жануарлар. Қоңыржай белдеулердегі құрлықта мекендейтін жануарлардың көпшілік түрлері температураның, ылғалдылықтың, Күнрадиациясының, т.б. қоршаған орта факторларының едәуір ауқымды өзгерістерін елемей тіршілік ете береді. Эврибионттардың сыртқы орта факторларының ауқымды түрдегі ауытқуларға лупиімделуі олардың жоғары деңгейлік төзімділігімен немесе оларда болатын орфофизиологиялық механизмдер арқылы анықталады. Мұндай лупиімделушілік белгілер мен қасиеттер арқылы Эврибионттар өздерінің ішкі орта жағдайларыныңгомеостазын белсенді түрде сақтай алады.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырып: Стенобионттық және эврибионттық организмдер. Негізгі абиотикалық
факторлардың-жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және
т.с.с. экологиялық мәні. Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні.
Организмдердің индикаторлық мәні.

Тексерген: Жексенаева А.Б.

Группа: ХН-501

Орындаған: Тлеш М.А.

Семей 2015 ж.
Эврибионтты Стенобионтты организмдер. Организмге қатысты факторлардың
әсерінен бірнеше жалпы заңдылықтарды бөліп көрсетуге болады. Ондай
заңдылықтарға оптимум ережесі, шектеулі факторлар ережесі, факторлардың
өзара әсері ережесі және т.б. жатады. Стенобионттық және эврибионттық
организмдер.Стенобионттық тек белгілі бір орта жағдайларында ғана тіршілік
ете алатын организмдер. Олар стенотермді тек температураның аз ғана
ауытқуына шыдамды (теңіз маржандары), стеногалинді су тұздылығының
өзгеруіне төзе алмайтындар (ұлу) стенобатты қысымның ауытқуына шыдай
алмайтындар стенофагтар азықтың белгілі бір түрлерімен ғана қоректенеді,
стенотоптар тек белгілі бір тіршілік ортасында ғана өмір сүре алады және
т.б Эврибионттар (грек. eurys - кең, ауқымды және bіontos - тіршілік
ететіндер)- сыртқы орта факторларының ауқымды түрдегі өзгерістеріне
лупиімделе тіршілік ететін өсімдіктер немесе жануарлар. Қоңыржай
белдеулердегі құрлықта мекендейтін жануарлардың көпшілік түрлері
температураның, ылғалдылықтың, Күнрадиациясының, т.б. қоршаған орта
факторларының едәуір ауқымды өзгерістерін елемей тіршілік ете береді.
Эврибионттардың сыртқы орта факторларының ауқымды түрдегі ауытқуларға
лупиімделуі олардың жоғары деңгейлік төзімділігімен немесе оларда болатын
орфофизиологиялық механизмдер арқылы анықталады. Мұндай лупиімделушілік
белгілер мен қасиеттер арқылы Эврибионттар өздерінің ішкі орта
жағдайларыныңгомеостазын белсенді түрде сақтай алады. Эврифагтар - әртүрлі
азықтармен қоректене беретін организмдер, эвритоптар - әр түрлі тіршілік
орталарында кең таралған организмдер. .Либихтің минимум және Шельфордтың
максимум заңдары.1913 жылы В. Немiс ғалымы Юстус Либих 1840 жылы Минимум
заңын ашты. Ол өсiмдiктерге тәжiрибе жасап, өсiмдiктiң өсуi топырақтағы
жетiспейтiн ең аз микроэлементтiң мөлшерiне байланысты болатынын
дәлелдеген.Нәтижесiнде өсiмдiктiң өсiп-дамуын олар ең аз мөлшерде қажет
ететiн микроэлементтер анықтайтыны белгiлi болған. Бұл Либихтың минимум
заңы деп аталады.  Либихтын минимум заны
Неміс ғалымы Юстус Либих 1840ж Минимум заңын ашты.Кез келген организм
топтарының өмір сүруі белгілі бір комплексті жағдайларға байланысты.
Мысалы:өсімдік ылғал ауаны жарықты қоректік заттарды қажет етеді ал осы
қоректік заттардың бірі жетіспеген болса онда организмнің жағдайы
төмендейді
Ю.Либих өсімдіктерге тәжірибе жасап өсімдіктің өсуі топырақтағы жетіспейтін
ең аз микроэлементтің мөлшеріне байланысты болатынын дәлелдеген. Бұл
элементтің орнын басқа элементтермен толықтырса да,өсімдіктер дұрыс
жетілмеген. Нәтижесінде өсімдіктің өсіп-дамуын олар ең аз мөлшерде қажет
ететін микроэлементтер анықтайтыны белгілі болған.Бұл Либихтың Минумум
заңы деп аталады.Ю.Либих организнің төзімділігі оның экологиялық
мұқтаждығының ішіндегі ең осал буынына тәуелді болатындығын айтты.Одан
шығатын қорытынды,экологиялық факторлар жиынтығына төзімділік шегіне ең
жақын фактор күшті әсер етіп,басты фактор болып саналады
1913ж В.Шелфорд лимиттік әсерлердің минимум заңына сай Максимум заңын
,яғни төзімділік шек заңын ашты.Оны Шелфордтың толеранттылық зыңы деп
атайды, (латын тілінен аударғанда tolerantia-шыдау,төзу ).
Экологиялық факторлар оптималды жағдайдан ауытқығанда организм тіршілігінің
төмендеуінің жоғарғы шегі, организмнің тіршілігін сақтау
ұстамдығы,төзімділігі төзімділік шек деп аталады.Әрбір организмнің өзіне
тән төзімділік шегі болады.Кез-келген жағдайдың толеренттық шекке жақындауы
немесе одан жоғарылауы лимиттік жағдай немесе лимиттік(шектеуші )факторлар
деп аталады.Төзімділік шегінен шығып кетсе, организм тіршілігін жояды.
Организм үшін максимальды және минимальды жағдайда қауіпті,органимзде
өзгерістер жүріп,оның тіршілігін жояға дейін алып барады,оны летальді
жағдай деп атайды, Летальді жағдайға жетпеу үшін организмге әсер ететін
заттың белгілі бір шекті концентрациясы белгіленеді Толеранттық шек болатын
факторлардың түрлері өте көп.
1840 жылы Ю.Либих (1803-1873) ағзалардың төзімділігі оның экологиялық
қажеттіліктерінің тізбегіндегі ең әлсіз звеносымен анықталатынын дәлелдеді.
Ол ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін анықтауда қоректік заттарға
деген сұранысын зерттеуге бағытталған тәжірибелер жүргізді. Ю. Либих
бидайдың өнімділігі оған көп мөлшерде қажет (СО2 Н2О және т.б.) жеткілікті
мөлшерде бар қоректік заттарға емес, оған аз мөлшерде қажет және топырақта
жеткіліксіз болатын (мысалы, бор) заттарға тәуелді екенін анықтайды.
Қазір Либих ережесі шектеуші факторлар заңы немесе Либихтің минимум заңы
деп аталады. Бұл заңды былай тұжырымдауға болады: экологиялық факторлар
жиынтығында төзімділік шегіне ең жақын фактор күшті әсер етеді.
Экологиялық фактордың тек жетіспеуі (минимум) ғана емес, оның артық мөлшері
де (максимум) шектеуші әсер ете алады.
Максимум заңы. 1913 жылы В. Шельфорд лимиттiк әсерлердiң минимум заңына сай
максимумзаңын, яғни төзiмдiлiк шек заңын ашты. Оны Шельфордтың
толеранттылық заңы деп атайды (латын тілінен аударғанда tolerantia - шыдау,
төзу).
Шелфорд ережесі— экология ғылымы негізгі қағидаларының бірі. Мұны
толеранттылық заңы (лат. tolerantіa — шыдамдылық) деп те атайды. Бұл
бойынша қандай да бір организм популяциясының тіршілік етуі немесе таралуы
өзін қоршаған ортаның кешенді экологиялық факторларына тәуелді болады да,
әрбір организмнің өзіне тән шыдамдылық ауқымы айқындалады. Шыдамдылық
ауқымы, организмдер тіршілік ете алатын, әрбір фактордың ең төмен және ең
жоғары деңгейімен шектеледі. Мұны түрдің экологиялық стандарты деп атайды.
Популяцияның немесе түрдің тіршілігіне қолайлылық деңгейі әсер ететін
фактордың қарқындылығына байланысты ең жоғары қолайлылық деңгейі негізінен
күмбез пішінді сызық түрінде көрініс береді. Шелфорд ережесін 1913 жылы
америка экологы В.Э. Шелфорд (1877 — 1968) өзінің жәндіктерге әр түрлі
қарқындылығы бар физикалық әсерлер арқылы жүргізген тікелей тәжірибесінің
негізінде ұсынды. Шелфорд ережесі Либихт заңымен (минимум заңы) бірге
шектеуші факторлар қатарына жатады. Кез келген экологиялық фактор шектеуші
фактор болуы мүмкін (мысалы, құстар үшін ұя салуға жарамды орындардың саны,
т.б.). Дегенмен, маңызы бар факторларға темперература, су, қоректік заттар
(өсімдіктер үшін топырақ құрамындағы биогенді заттардың болуы) жатады.
Шелфорд ережесі басқа да қосымша қағидаларға сүйенеді: шыдамдылық ауқымы
жеке факторлар мен олардың әрқалай ұштасуына байланысты әр түрлі болады;
сыртқы ортадағы кез келген жағдайларда тіршілік ете алатын (шыдамдылық
ауқымы жоғары) организмдер (эврибионттар) өте кең тараған; егер бір
фактордың деңгейі шыдамдылық шегінен артып кетсе, онда организмнің басқа
факторларға шыдамдылық ауқымы тарылады. Организмдердің шыдамдылық ауқымын
ажырату үшін көптеген терминдер қолданылады. Мысалы, температураның әлсіз
ауытқуын — стенотермділік; темпетураның кең деңгейде ауытқуын —
эвритермділік; қоректік заттардың аз болуына шыдамдылығын — стенофагтық;
қоректік заттардың көп болуын — эврифагтық деп атайды.
Фактордың ең төменгі немесе ең жоғарғы мәндерінен асып,организмнің
тіршілігін тоқтатуы туралы ұғымды ғылымға 1913ж американдық зоолог
В,Шелфорд енгізді,Бұл максимум немесе төзімділік(толеранттық) заңы деп
аталады,Кейде мұны Шелфорд ережесі деп те атайды.
Экологиялық валенттілік –организмдердің орта факторларының белгілі бір
шамадағы өзгерісіне төзімділігі,яғни түрлердің қоршаған ортаға
бейімделуі,Организм орта жағдайының ауытқуына неғұрлым төзімділік
көрсетсе,оның экологиялық валенттідігі де соғұрлым жоғары
болады.Эврибионтты же стенобионтты организмдер.Экологиялық толеранттылыққа
бты организмдер екі типке бөлінеді. Эврибионттар- факторлардың кең
диапазпонында тіршілік ете алатын организмдер.
Кез келген жағдайдың толеранттық шекке жақындауы немесе одан жоғарылауы
лимиттiк жағдай немесе лимиттiк (шектеуші) факторлар деп аталады.
Төзiмдiлiк шегiнен шығып кетсе, организм тiршiлiгiн жояды.Оптимум және
пессимум аймақтары мөлшерінің спектры организмнің сол экологиялық фактор
әсеріне деген төзімділігін (толеранттылығын) анықтаушы аспект болып
саналады да, экологиялық валенттілік не толеранттылық деп аталады.
Жарық

Жарық өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіне тікелей қатысты, әртүрлі рөл
атқаратын экологиялық маңызды фактор. Жер шарындағы барлық тірі материяның
пайда болуы мен тіршілігі осы космостан келетін күн жарығына байланысты.
Физикалық тұрғыдан қарайтың болсақ жарық энергия түрі,  толқынды түрде
сәулеленетін электромагниттік табиғаты бар фактор.
Қөрінетін жарық ағзаларға әр түрлі әсер етеді: қызыл сәулелер –жылулық, көк
және күлгін – биохимиялық реакциялардың жылдамдығы  мен бағытын өзгертеді.
Жалпы алғанда жарық өсімдіктердің  даму жылдамдығына, белседілігіне,
қоршаған ортаның ылғалдылығы мен температурасының өзгеруіне әсер етеді,
тәуліктік және маусымдық циклдерді қамтамасыз ететін маңызды фактор болып
табылады. Әрбір мекен ету ортасы жарық күшімен, мөлшерімен және сапасымен
анықталатың белгілі бір жарық режимімен  сипатталады.
Экологиялық фактор ретінде жарыққа қатысты өсімдіктердің төмендегі топтарын
бөліп көрсетуге болады: гелиофиттер (грек тілінен
аударғанда helios – күн, phyton — ө сімдік), сциофиттер  (грек тілінен
аударғанда skia – көлеңке), және  көлеңкеге төзімді өсімдіктер
— факультативті гелиофиттер (латың тілінен
аударғандаfacultatis – мумкіндіғі бар).
Жарық сүйгіш түрлер (гелиофиттер) –жарық жақсы түсетін ашық жерлерде өседі
(бидай, қарағай, майқарағай, күнбағыс, итошаған, қойжелкен.
Көлеңке  сүйгіш өсімдіктер (сциофиттер) – күшті жарықты көтере алмайды,
үнемі (всегда, постоянно) көлеңкеде, орманның көлеңкесінде өседі (орманда
өсетін шөптесін өсімдіктер, папортниктер, мүктер). Кесілген орманның
орнындағы шөптер тіршілігін сақтай алмайды.
Көлеңкеге төзімді өсімдіктер (факультативті гелиофиттер) – жақсы жарық
жағдайында өседі, бірақ көлеңкені де жақсы көтереді (орманның көптеген
өсімдіктері, шалғындық өсімдіктері, орман шөптері мен бұталары).
Жануарлар күндізгі, түнгі және қас қарайғанда тіршілік ететін жануарлар
болып бөлінеді. Сонымен қатар жарық күнді қөтере алмайтын, тек қараңғыда
тіршілік ететін (топырақ жануарлары, үңгірлер мен терең жерлерде
мекендейтін) жануарлар, жануарлар мен өсімдіктердің ішкі паразиттері де
бар.
Температура.
Организмдегі зат алмасу процестерінің интенсивтлігіне әсер ететін аса
маңызды экологиялық факторлардың бірі – температура. Ол тірі организмдердің
биосферада таралуына үнемі әсер етуші фактор. Жылудың тек  абсолюттік
мөлшері ғана емес, сондай-ақ оның уақыт бойынша  таралуы, яғни жылулық
режим маңызды болып табылады. Өсімдіктердің денесінің өзіндік температурасы
болмайды. Олардың жылу реттунің анатомо- морфологиялық және физиологиялық
механизмдері ағзаны қолайсыз  температуралардан қорғауға бағытталған.
Ылғалдылық жетіспейтін жоғары температуралы белдеулерде тарихи даму
барысында жапырақ бетінің ауданы кіші немесе жапырақтары болмайтың
өсімдіктердің морфологиялық типі қалыптасқан.  Көптеген шөл өсімдіктерінде 
ақшыл-түкті (белесый- волосяной) жабыны болады. Бұл бейіделушілік күн
сәулелерін шағылыстырып, өсімдікті шектен тыс қызып кетуден қорғайды (құм
қарағайы).
Пойкилотермді ағзалардың (грек. тілінен аударғанда poikilos —  алуан түрлі)
зат алмасу деңгейі тұрақсыз, денесінің температурасы тұрақсыз, жылу реттеу
механизмдері жок. Олардың денесінің  температурасы қоршаған ортаның
температурасына тәуелді болады. Пойкилотермді жануарларға омыртқасыздар,
балықтар, қосмекенділер жатады.
Гомойотермді ағзаларға (грек. тілінен аударғанда homoios –бірдей) –зат
алмасу  денгейі жоғары және тұрақты, зат алмасу нәтижесінде жылу реттелуі
жүзеге асырылады. Мұның өзі олардың денесінің температурасының салыстырмалы
түрде турақты болуын қамтамасыз етеді.
Салқынқынды жануарлардың зат алмасуының  жылдамдылығы сыртқы ортаның
температурасына  тура пропорционал, ал жылықанды жануарларда керісінше,
температура төмендегенде жылу  бөліну артады, яғни зат алмасу процестерінің
жылдамдығының артуы жылу өндірудің артуына әкеледі
Пойкилотермді жануарлардың өзін салыстырмалы түрде кең ауқымды температура
аутқуында белсенді тіршілік ететін эвритермді және температураның
айтарлықтай ауытқуын көтере алмайтын стенотермді деп бөлуге болады.
Пойкилотермді жануарлар температура бірден төмендеп кеткен жағдайда анабиоз
жағдайына өтеді. Анабиоз вирустарда, бактерияларда, омыртқасыздарда,
қөсмекенділерде, бауырымен жорғалаушыларда, қыналарда, мүктерде байқалады.
Гомойотермді ағзаларда жылу реттеулінің механизмдері химиялық және 
физикалық болып бөлінеді. Химиялық механизмді ағзадағы реакциялардың
интенсивтілігі қамтамасыз етеді де, рефлекторлық жолмен жүзеге асады. Жылу
реттеулінің физикалық  механизімін жылу  сақтау жабыны (қаурсындар,  жүн,
май қабаты), тері бездерінің қызметі, тыныс алу кезіндегі ылғалдың булануы,
қан айналудың қан тамырлық реттелуі қамтамасыз етеді.
Пойкилотермді және гомойотермді  жануарлар арасында аралық
жағдайда гетеротермді  жануарлардың орналасады. Оларда белсенді жағдайда
дене  температурасы салыстырмалы түрде жоғары және тұрақты болса, ал
тыныштық қүйінде дене температурасының сыртқы орта температурасынан
айырмашылығы болмайды. Бұл жануарларда ұйқыға кеткен кезде  зат алмасу
деңгейі төмендейді де, денесінің температурасы қоршаған орта
температурасынан аздап қана жоғары болады. Гетеротермді жануарлардың
өқілдері ретінде –сарышұнақ, кіріп, жарғанат, аю, үйректұмсық , кенгурулар
мысал бола алады.

• Ылғалдылық.
Су тірі ағзалардың өмірдегі маңызды экологиялық фактор және олардың тұрақты
құрам бөлігі болып табылады.Қоршаған ортаның ылғалдалығы ағзалардың жер
шарында таралуы мен санын шектейтін маңызды фактордың бірі. Жануарлар үшін
олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стенобионттық және эврибионттық организмдер. Негізгі абиотикалық факторлар туралы ақпарат
Стенобионттық және эврибионттық организмдер жайлы
Стенобионттық және эврибионттық организмдер. негізгі абиотикалық факторлардың – жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың экологиялық мәні
Стенобионттық және эврибионттық организмдер жайлы ақпарат туралы
Стенобионттық және эврибионттық организмдер.Абиотикалық фактордың сигналдық мәні туралы ақпарат
Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні
Стенобионттық және эврибионттық организмдер Негізгі абиотикалық факторлардың-жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және тсс экологиялық мәні Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні туралы ақпарат
Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні жайлы ақпарат
Стенобионттық және эврибионттық организмдер. абиотикалық фактордың сигналдық мәні
Стенобионттық және эврибионттық организмдер. Негізгі абиотикалық факторлардың – жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың экологиялық мәні. Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні
Пәндер