Ш. Бейсенованың Сүзгенің соңғы күндері хикаятындағы лиризм мен психологизм. А. Кемелбайдың Қоңыр қаз шығармасын талдау. Е. Раушановтың Ғайша - бибі поэмасының құрылымдық ерекшелігі. Е. Раушановтың Аспанға көшіп кеткен ел поэмасының сипаты. Е. Раушановтың Қызық емес оқиға атты поэмасының діни- мифологиялық сюжеті. Ақын Н. Айтұлының Тоғыз тарау поэмалар кітабына қысқаша талдау


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

ҚР Білім және Ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: «Ш. Бейсенованың «Сүзгенің соңғы күндері» хикаятындағы лиризм мен психологизм. А. Кемелбайдың "Қоңыр қаз" шығармасын талдау. Е. Раушановтың « Ғайша - бибі»поэмасының құрылымдық ерекшелігі. Е. Раушановтың «Аспанға көшіп кеткен ел» поэмасының сипаты. Е. Раушановтың «Қызық емес оқиға» атты поэмасының діни- мифологиялық сюжеті. Ақын Н. Айтұлының «Тоғыз тарау» поэмалар кітабына қысқаша талдау»

Орындаған: Мұхаметжанова Арайлым К-319 С

Тексерген: Сабырбаева Р. Қ

Семей қ, 2015 ж

Шәрбану Бейсенова «Сүзгенің соңғы күндері» аталатын хикаят жазып отыр. ХVІ ғасырда қазақ даласынан ханаралық қарым-қатынастың құралына айналып уыз жас Сүзге Сібірдің кексе тартқан көкшуланы Көшім ханға қатын үстіне ұзатылып кете барады. Аз уақыт тұрып, өзінің ақылымен қадірін асырған, бірақ перзент сүйіп үлгермеген Сүзге. Сібірді жаулаушы Ермак жасауылдарының шабуылынан Көшім хан шегіне қашып, оның екі ордасының біріне айналған «Сүзге турада» ханшайымдық етіп тұрып жатқан, асқан сұлулығымен аты шыққан Сүзге халқы үшін құрбан болар еді. Шығарма фабуласы осы ғана. Аз күндік оқиға. Ғұмырлық қасірет.

Шығармада Сүзгені соншалықты аяулы етіп тұрған - оның айналасындағы қарашасын қиын-қыстау сәтте тас­тай қашпай, солардың жолында құрбан болуы. Ол - Сүзгедейін әйелдің қасиетінен туған қасірет. Шынын айт­қанда, кермеге келіп қалған жаудан сытылып шығып, ығысып кете баруға барша мүмкіндігі жетіп-ақ тұр. Алайда, ол өзінің жеке басын күйттемей, өзіне сенген, тіпті ханша деп тіршілік етіп жатқан Кіші Орданың қараша халқын қоршаған жаудан құтқарып, құтқару жолында айласын асырып, жанын тонатпай, тәнін қорлатпай, өзін солар үшін құрбан етуі - қасіретті өлімін қасиетті өр рухты өлімге айналдырып даңққа бөлеп тұр. Ол осы ақық өлімімен өзі өле-өлгенше төбесіне көтеріп өткен Көшім ханнан да биіктей түседі көз алдымызда. «Түйедей тас, түймедей асыл тас…» дегендей шап-шағын дүние, шып-шымыр туынды ойға орап жаратылыпты.

Қазақ сахарасынан Көшім ханға жасау-жабдығымен ұзатылып барған Сүзгенің жалын атқан жастығы, асқан сұлулығы мен бейкүнә аңғалдығы…бәрі-бәрі айналасына күдік ұялата бастайды. Кәдімгі күнді көре алмайтын байғызбейілдік, көреалмаушылық, күндестік, қызғаныш. Күндестерінің көз алдында жүрсе көзтүрт­кі боларын білген Сүзге содан да бір алабы өзінің төркін жұртына ұласып кете баратын Ертістің бір жарлауыт қабағындағы биік шоқыға Хан иесінің көңілін тауып қалашық салдырды. Ол «Сүзге тура» (кей мәліметте «Сүзген») аталды. Өзін-өзі алдауға жарады. Жанын жегідей жеген Жалғыздықты алдауға жарады. Өсек-ғайбаттан аулақ болуға жарады. Хан иесінің көңілін өзіне аударуға жарады. Алайда, атақты Сібір жаулаушысы Ермактың шабуылы Көшімді «Үлкен хан ордасынан» жел көтерген қаңбақтай ауа көшуге мәжбүр етті. «Сүзге тураға» қарайлауға, Сүзге сұлуға қайырылуға мұршасы болмады. Ермактың тарихтан белгілі екі қолбасшысы Иван Кольцов пен Иван Гроза болса, Жармақ тапсырмасымен Иван Гроза «Сүзге тураға» қол бастап келді. Жау ниеті белгілі. Көшім үшін «Сүзге тураны» шаппақ. Көшім үшін Сүзгедейін сұлуды қолға түсіріп, патша ағзамға сый етіп тартпақ. Осы бір қысылтаяң сәтте басқа-басқа, хан иесі - Көшім жасай алмаған ерлікке Сүзге барды. Хан иесі қайырыла алмай кеткен халқын аман алып қалып, ақылды айласымен оларды құтқарып, өзін өлімге қиды… Сүзгенің бір қарағанда, шағын ғана ерлігін тарихтағы талай ұл-қыздың патетикалық тұрғыдан нұсқаланған ерлігімен салыстыруға да болар, бәлкім. Бірақ, бірақ жазушы Шәрбану бейнелеуінде Сүзге ерлігінің табиғаты олардан бөлек.

Шығарма көп желілі емес, бір желілі. Эпилог іспеттес қосымшаны есепке алмасақ, Кіші орданы басқыншы жаудың қоршаған үрейлі сәтінен басталып Сүзге өлімімен аяқталады. Олай болса, шығарманы - Сүзгенің жан байлығына құрылған хикаят десе де болады. Ол: «Сүзге ханым тұла бойын зіл басқандай еңсесін жанышқан азапты күйден ұзақты күнге еш серпіле алмай қойғаны» деп психологиялық ауыр күйден басталады. Ол сөйлемді «Абажадай сарай іші, міне, тапа-тал түсте күңгірт тартып, зілмауыр ауа ұйып қалған­дай» деп онан сайын ауырлата түседі.

Шығарма осындай психологиялық алаңдаулы ауыр ахуалды берумен бастап өрістейді.

Әрі қарай Сүзгенің жан-әлемін жөргемдей түседі жазушы. Сүзгенің тағдыры шиыршық жіптей суыртпақталады кеп. Бірыңғай баяндауға ден қоймай, Сүзгенің көңіл-күйімен, ішкі жан бұлқынысымен сюжет өзара сабақтас өріледі. Бірде түс көруі, келесіде ішкі монолог, тағы бірде бір жанның екіге жарылып айтысуы (періштесі мен сайтаны) сипатында көрінеді. Оның жанын жегідей жеп бара жатқан Жалғыздық қысылтаяң сәтте оқ жыландай бас көтереді. Сүзгені жан қайғысы - Жалғыздық қинайды. Өзі де байқамаған. Ал шындығында Жалғыздық - Сүзгені бір сәт те тастап кетпепті, бейтарап қалдырмапты бір сәт те. Жалғыздықтың жанына тереңдей ұя салып алып, ажырамастай жандасып, тіпті мұң кеулеп тұрар жансерігіне айналғанын тек өзі білмеген. Сол, сол Жалғыздық әрдайым ішінен бұлқына бас көтереді. Жанындағы жара болып мазалайды Сүзгені.

Сүзге Жалғыздықты жан-жарым деп таныған хан иесіне деген ақ-адал ықыласпен тұншықтырып тастағысы келеді. Ол қиын-қыстау сәтте де хан иесін ауызға алдымен алып, соның тілеуін тілеп отырады.

Бір желілі хикаятта Сүзгені осылайша сезім сергелдеңіне салып, іштей шарпыстыру - табиғи қалыпты адам-пендеден табиғи бояумен жасалған көркем образ дәрежесіне көтеріп алып бара жатады.

Асылы, сюжет өрімінде кейіпкер психологиясын орайын келтіріп ашу бар да, шығарманың бар болмысын психологиялық талдауға құратын шығарма бар. Шәрбану мына қолымыздағы шығармасын бастан аяқ психологиялық талдауға құрған дер едік.

«Терезеден сыртқа телміріп қарай-қарай көзі талып, сілесі қатқан шақта төсегіне барып қисайған. Көзі ілініп бара жатыр екен, әлде бір шудан, үздіксіз дүрсілден шошып оянғаны. «Қалың кәпір ат ойнатып, қалаға басып кіргеннен құдайым сақтағай! Бұл неғылған шу, не деген тарсыл?» Қатты шошынған ол ызы-қызы шудан тұнған құлағын екі алақанымен баса қойды. Алайда толастар емес. Сөйтсе, шулаған өз құлағы да, дүрсіл - кеудесінен шығып кетердей атқақтай соққан өз жүрегінің соғысы екен. «Қорыққанға қос көрінеді», - деген осы да. «Бисмилләһи» - деп үш қайталап, білетін дұғаларын оқып, суылдаған көңілін әрең тоқтатқаны». Сарайды жау қоршаған қиын сәттегі Сүзге психологиясы. Қатерді күту - қатерге берілу! Ел шетіне жау тигенде үлкен орданы алып ішкі аймаққа шегініп кеткен Хан иесінен пәрмен жоқ, пәрмен түгілі хабар жоқ шарасыз ханымның жаумен бетпе-бет келіп қиналып тұрған сәтіндегі Жалғыздық психологиясын жазушы осылай береді. Сүзге психологиясындағы барынша шарықтап, психологиядан психикалық құбылысқа айналып бара жатқан сәт те Сарай сыртындағы тегеурінді жау дүмпуі мен шарасыз күйдегі ханым тірелген тығырықты ситуация арасында табиғи көрінеді.

Кейіпкер жанын жазушылық талдаудың аса бір шарықтап шырқап шыққан сәті ретінде Мұхаметқұлдың Сүзгені таяп келіп қалған жау қоршауынан алып шығып кету үшін келген сапарындағы Кіші Ордадағы жүздесуін айтар едік.

Ханым мен ханзаданың кездесуі бір сәт ханымның есіне алғаш Көшім шаңырағына түскен кезіндегі ойын көрсету үстінде қызыға қарап, оны күндестері байқап қалып, қарадай кінәсіз кінәлі, күнәсіз күнәлі болып қала жаздаған бір қиырға ала жөнеледі. Расында, жас ханымның ханзадаға көңілі кетіп-ақ қалған екен. Оны Сүзге үлкен ханымдардан жасырғанымен өзінен жасыра алмады. Өзі мойындап та мойындамай сытылып кеткен сол бір сезімі құрғыр мына кездесу тұсында лыпып көңіл төріне қалқып шыға келгені. Заматында сытылып кеткенімен, біржолата құтылып кетпеген екен.

«Мұхаметқұлдың атын естігенде жүрегі оқыс шоршып, солқ ете түскендей. «Неге келді екен?» Ол орнынан ебелектей ұшып тұрды. Ханымға тән байсалдылығынан айырылып, жеңіл етек әлдекімдердей шошаң ете қалғанына өзінен-өзі қуыстанып, қысылып қалды» деп суреттейді осы бір сәтті.

Одан әрі Сүзгенің жан күйзелісін, сезім шарпысуын әзәзіл мен періште елесті өзара айтыстыру арқылы шебер жеткізіпті. Әрі диалог, әрі монолог дерлік шарпысулар соншалық табиғи, соншалық нәзік пси­хологиялық тебіреніске ие. Өзара тайталасқан шарпысуға басу айтар кейуана сөздері ше? «Сезімге ерік берген солқылдақтықтың аяғы сор болмасын десең, намысыңды ойла». «Айбынды хан иеңнің абыройына дақ салып қана қоймай, артыңдағы өзіңнің қалың еліңді де жерге қаратқаның». «Сен таза періштең бар жан­сың, періштеңді қорлатпа…» секілді ойлар орайы табылып айтылып, қалауы табылып қолданылып жатады. Сүзгені әзәзілдің азғыруынан аман алып шығар осы үн, осы дауыс (марқұм күтуші кейуана кейпі) Кейуананы тың кейіпкер-елес етіп көрсетеді. Ол Сүзге қасиетіне қасиет үстейді, оны көркем образ райында көркейте түседі.

Шәрбану шығармасын оқып отырғанда әйел рухының мықтылығына қайран қаласың. Сүзгені қиын-қыстау ситуацияда шырылдатып ой ойпаңына түсіріп, одан рухын көтеріп алып шығып оны ең ақыры өзін бәленбайыншы тоқалдыққа алған Көшім ханнан да азаматтығы, халықтық ойы мықты әйел етіп тұлғалап отыр. Ол Көшім хан секілді ел-жұртын жауға тастай сала бой тасалап қашпады, қиын-қыстау сәтте өзінің сұңқар басын өлімге тігіп халқын құтқарды.

Сүзге рухы, шынында, сұмдық мықты рух! Сібірдің Көшім ханына жетінші әйел болып алты әйелдің үстіне келіп отыр. Уыздай жас қыз бала, ай дидарлы ажар қандай, көрікті әйел, заты әйел демесең ақылдың кені дерлік Сүзгені… хан иемнен алты «бәйбіше» бірдей қызғанбағанда қайтсін?! «Екі әйел - екі ел!» Ал Сүзге тағдырында алты әйел енді жетінші жас қалыңдық және бар. Жайшылықта бақкүндес алты әйел енді келіп бірігіп кетіп жас тоқалды таламақ. Бейне жас тоқал олардың ері - Көшім даңқы мен байлығына қызығып келгендей-ақ. Әйтпесе ай дидарлы ажарымен Көшімді бөлектей иіп алып кетердей-ақ. Сүзге - «бел құда - белді құда» аталатын қазақы билік институтының құрбаны. Сүзгеден Көшімнің алты әйелінің үстіне әйел болып барасың ба деп сұраған жан бар ма екен, сірә?! Жоқ қой. Алты әйелдің үстіне келген Сүзге сұлу и болып кетер жер осы еді. Тығырықтан нұрлы ақылы алып шықты. Әйел психологиясын жете білетін, әйел психологиясына бойлай еніп, нәзік пернелерді басып, нәзік жан иірімдеріне тереңдей бойлай жазатын жазушы Сүзгені осы тығырықтан кейіпкерін зерек те ерек ете тұлғалап тамаша алып шығады. Өзге кісі болса Сүзгенің сұлу келбеті мен тән азабын қызықтап, мәселені «төсектің» айналасында шешер ме еді, қайтер еді?! Шәрбану мәселені басқаша шешкен. Ол мүсіндеген Сүзге тән азабынан бұрын жан азабымен арпалысып жүрген мұңдық. Жан азабы Сүзге үшін алдындағы алты бәйбішенің мұның артықшылығын күндеп өсектеп, жанын шоққа қаруы, ері - хан иемнің мың-сан елдік шаруадан бұған уақыт таппауы… міне осының бәрі Сүзге жанын Жалғыздық болып қариды, айналасы толы нөкер, күтуші келіншектер, күзетушілер… солай бола тұра Сүзге Жалғыз. Бәрі бар, тек жан шәрбаты жоқ. Жан қалауының жоқтығы ел шетіне жау тигенде Сүзгеге қайырылуға шамасы келмей, алты әйел, бала-шағасымен «Хан ордасынан» шегініп ала жөнелуі тұсында (осындай ұрымтал тұстарда) бір селт етіп шыға келіп, біразға дейін жанын алау-далау етіп алаң күй кештіреді, жанын табаға салып қуырғандай күйге ендіреді. Соның бәрін де жеңеді. Жеңетіндіктен де Сүзге рухына қайран қалып, оны көркем образ райында құлай қалап отырмыз. Ол жазушы қаламының құдіреті. Жазушы қаламының құдіреті бізге Сүзгені сан қырынан көрсете біледі. Сол үшін де Сүзгені қуаттай қолдап отырмыз.

Сүйіндіктің сүт кенжесі - сұлулықтың символы - Сүзге!

Асқан парасаттылықтың эталоны - Сүзге!

Хан күту, оны жар тұту - ханшайымдықтың тап-таза үлгісі - Сүзге!

Ханшайымның көшпелі хандық қоғамдағы алар орнын өзін құрбан ете жүріп аса асқақ биікке көтерген - Сүзге!

Өзін ғана ойламай, айналасындағы қараша мен алашасын ойлайтын, не ойласа да хан иесі - Көшім ханның асыл басының амандығымен сабақтастыра, сонымен ғана байланыстыра ойлайтын Сүзгені бай сүйіп байыптанбаған, бала тауып ана атанбаған қалыпта-ақ ел анасы биігіне көтерілген көркем образға балай­мыз. Қасіреттің уын жұтып, өзімен-өзі «майдандасқан» Сүзгенің жап-жас басына осыншама қасиет дарыта отырып, оны жіңішке жіп суыртпақтағандай етіп түрлі жағдай, түрлі ситуацияға орай ой кештіріп, көшпелі қоғамдағы ханым орнына орай сезімін бүркеп ұстайтын, өзін тежеп ұстайтын, өзінің жан сезімін жеңіп, адал­дық, пәктік, тазалыққа жеңдіріп ұстайтын, сондықтан да іштей арпалысты күй кешіп өтетін Сүзгедейін кейіпкер сомдау, оның жанына табиғи еніп, қойма ақтарғандай аяусыз ақтарып, жанының қылын өте нәзік шертіп кісі сүйсінерлік жан қалтарысы мол көп бояулы көркем образға айналдырып алып шығу, соны көр­кем образ сомдау - сөз жоқ, шын суреткерлік. Бұл жерде Сүзге бойындағы барды талдау ғана емес, ол өмір сүрген ХVІ ғасырдағы көшпелі қоғамға тән, сол қоғамға сыйымды іс-әрекет, мінез-құлықты, ой-парасатты Сүзге бойына жинақтау арқылы оны оқып отырып риза болатын, жаны жадыраса бірге жадырайтын, жаны күйсе бірге күйрейтін шарықтау шегіне жеткізе бейнелей білу - сөз жоқ, шын шеберлік үлгісі. Әдетте қайрат тұрған жерде нәзіктік тұра бермесі мәлім. Ал Сүзге жанындағы нәзіктік оны қайратқа бастап алып барады. Ол қайрат - өз сезімін өзі тежеп ұстау, ол - жанын жегідей жеген Жалғыздықты хан иесіне деген сенімі мен сезіміне арқа сүйей тежеп отыру, ол - қайсар да батыр тұлғалы ханзада - Мұхаметқұлға деген ішкі бұл­қынысты сүйіспеншілікті байлап ұстау, байлап ұстау аз, қолдан зорлап тұншықтыру, ол - қиын-қыстау сәтте (жау шапқанда) - өзін құрбандыққа шалып, өзіне ақ-адал қызмет еткен қарашасы мен алашасын құтқаруы… Осының бәрі Сүзгенің бойындағы нәзіктіктің қайратқа ұласуы. Әйел жанындағы нәзіктік өзін сан рет алдап-арбайтын, сезім жетегіне ертіп желеңдетіп, сендіре де төндіре сөйлейтін өз ішіндегі әзәзілге жол берсе, сайтан азғырған әйел болар еді де шығар еді. Бір тән екіге жарылып, сайтаны мен періштесі өзара арбасып, ырғасқанда да нәзік те қайратты парасатты өзіне жан серік етіп ала білді Сүзге! Өте нәзік, жаны жаралы, көңілі қаралы әйел бойындағы нәзіктіктен қайраттылық осылай туып еді. Абай айтатын «өзін-өзі жеңіп ұстамаған - құлдың» қапысыз шындық екеніне осы сәт тағы бір рет көз жеткізесің. Өзін-өзі жеңіп ұстау… Апыр-ай, басқа-басқа, тап Сүзгедейін ер мейіріне мелдектеп қанбаған, балауса бойжеткеннен келіншектік кейіпке, келіншектік кейіптен байырқаланған ханымдық өреге сезім дариясын жанымен ғана емес, тәнімен де жүзіп өтіп жетпеген жанға тіпті қиын-ау. Қиын деп шамалайсың… Солайы солай! Адамға тән сүйіну мен күйіну - оған да тән. Ол сан рет өртеніп барып басылмас па?! Солай! Сөйте тұра, Сүзге өз бойындағы сезім атаулыны өзін хан иесінің жары - қазақ қоғамындағы, Сібір жұртындағы бәйбішенің рөліне енгізді де, өз бой­ындағы тәнін шарпыр ыстықты да, жанын қарыр суықты да сол рөлді ойнай жүріп, парасатқа жеңдіре білді.

Әңгімені тарихтан бастап, тарихқа жақындай аяқтағалы отырмыз. Көшім хандығы - қазақ тарихшылары тара­пынан жете зерттеле қоймаған тақырып. (Соңғы кездері ғана қолға алына бастады. ) Енді, міне, сол олқылықтың орнын Шәрбану Бейсенованың «Сүзгенің соңғы күндері» аталатын хикаяты толтырып отыр. Әрине «Етімді шал сипаған құрт жесін…» деп өзін мерт ететін қыздар образы бар еді қазақ әдебиетінде. Ол өз басы үшін ғана күрес. Ондай кейіпкер бүгінгі таңда бізді қанағаттандырмаған болар еді. Тәуелсіздіктен кейін қазақ прозасының кәсіптік деңгейі қайта төмендеді. Міне, осындай шақта туған «Сүзгенің соңғы күндері» бізді ерекше сүйсіндірді. Тарихи белгілі бір кезеңде (ХVІ ғасырда) өмір сүріп, халық жадынан шығып ұмыт болған есімді қайта оралтуымен бір қуантса, екіншіден, қазақ прозасында тамаша психологиялық ішкі иірімдерге толы туынды жаратып қазіргі қазақ прозасының кәсіптік деңгейін көтеруімен ерекше сүйіндіріп отырған жайы бар Шәрбану Бейсенованың!

«Сүзге …» әдеби туынды райында әдемі пішім. Пішімге сай мағыналы мазмұн. Іші-сырты (пішімі мен мазмұ­ны) бірдей үйлескен бүтін бітім. ХVІ ғасырда қазақ сахарасынан құдалық қана емес, құдандалық мақсатпен Сі­бірдің көкшуланы Көшім ханға жасау-жабдығымен ұзатылған, Сүйіндіктің мұңлық қызы - Сүзге оптимистік мұңға оранып, көп бояулы көркем образға айналып, арамызға бес ғасыр салып оралды. Сол жап-жас, сұлу қалпы. Отызға да жетпеген. Сол жас та болса ақылды қалпы. Қазақ әдебиетіндегі соңғы кездердің жемісі болып, психологиялық жан тебіренісімен туған соны бір образ - қаракөзайым Сүзге! Көзайым, ағайын, ендеше, көзайым!

А. Кемелбаеваның «Қоңыр қаз» әңгімесі де А. Алтайдың «Кентаврындай» фантастикалық антропологияға жатады. Автор бұл жерде құс мүсіндерін көркемдік деталь ретінде алып отырғанымен, артынша бірден символдық рәмізге айналдырады. Қаламгер анасы мен қызының басындағы көрер көзге көрінбейтін трагедиясының, қасіретінің жан дауасын адамзат санасынан тысқары жұмбақ - құстар әлемінен іздейді. Сюжет желісін де сол арнаға қарай бұрады.

Е. Раушановтың « Ғайша - бибі»поэмасының құрылымдық ерекшелігі.

Фольклорлық үлгілердегі қиссалар үрдісін, сондай-ақ, дастан сарынын жаңаша қалыпта түрленткен ақын Есенғали Раушановтың «Ғайша бибі» поэмасы құрылымы, көркемдік-эстетикалық құндылығы мен өзек еткен оқиғасы тұрғысынан алғанда өз алдына ерекше көркем дүние. Қазіргі қазақ поэмасының даму деңгейі, көркемдік-эстетикалық сапасы, поэма жанрының зор поэтикалық мүмкіндігі, тың ізденіс пен жаңашылдық төңірегінде ой өрбітсек, алдымен ойға оралып, назар аудартары - осы «Ғайша бибі» поэмасы. Мазмұндық, пішіндік, стильдік тұрғыдан алғанда поэма жанрында көш бастарлықтай салмағы бар бұл туынды ақын Есенғали Раушановтың талантын жаңа қырынан таныт­қанын, оны таланты тегеурінді ұлт ақыны ретінде мойындатқанын айта кеткен абзал. Ең әуелі бұл поэманың романтикалық туынды екенін айтқан жөн. Романтизмге тән басты белгі ретінде ерекше жағдайда ерекше әрекет, мінездерімен танылатын ерекше қаһармандар екенін ескерсек, аталмыш поэмаға осы сипат тән. Поэманың мазмұндық-құрылымдық сипаты өте күрделі болғандықтан, талдауды жекелеген бөлімдерге ретпен жүргізгенді жөн көрдік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ш. Бейсенованың «Сүзгенің соңғы күндері» хикаятындағы лиризм мен психологизм. А.Кемелбайдың "Қоңыр қаз" шығармасын талдау
Ш. Бейсенованың «Сүзгенің соңғы күндері» хикаятындағы лиризм мен психологизм
Е. Раушановтың Ғайша бибі поэмасындағы көркемдік ерекшеліктер
Лирикалық проза. Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік философиялық мәні. Мемуарлық шығармалар
Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік, философиялық мәні. Лирикалық проза. Мемуарлық шығармалар
Ш. Бейсенованың «Сүзгенің соңғы күндері» хикаятындағы лиризм мен психологизм. Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша поэмасының» көркем тілі
Есенғали Раушанов поэзиясының поэтикасы
ӨЛЕҢНІҢ ҚАРА БАУЫР ҚАСҚАЛДАҒЫ
Қазіргі қазақ поэзиясының зерттелуі
Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік философиялық мәні. Мемуарлық шығармалар. Лирикалық проза
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz