Жануарлар ресурстарын қорғау шаралары туралы ақпарат


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СРО
Такырыбы: Жануарлар ресурстарын қорғау шаралары
Орындаған: Айдарханова А. Б
Тобы: Бл-209
Тексерген: Жилкыбаева С. Д
«Семей-2015»
Жоспар
- Қорықтар.
- Қорғалжын қорығы. Жануарлар мен өсімдіктері.
3. Наурызым мемелекеттік қорығы.
Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шаққанда корықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау коғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.
Қорықтардың табиғи ұлттық парктерден айырмашылығы; табиғи парктерде кіріп серуендеуге мүмкіндік бар. Ал қорықтарда оған тыйым салынған.
Ақсу-Жабағылы қорығы
Ақсу-Жабағылы қорығы
1926 жылы ұйымдастырылды. Бұл - Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық. Қорық Оңтүстік Қазақстан облысыныңТалас АлатауыменӨгем жотасында131, 9 мың гектар жерді алып жатыр. Қорық төрт биіктік белдеуді қамтиды. 1500 м биіктікке дейінгі төменгі белдеу өзіне тән өсімдіктері мен жануарлар дүниесі бар ла, 1500-2000 метр - даланың шалғынды, бұталы ағаш өсімдіктері өседі. Мұнда ағаш тәріздіарша(биіктігі 20 м аралығында), бадам бұтасы, жабайы жүзім, жабайы алмажәне басқа да оңтүстік өсімдіктері өседі. Жануарлардан мұндаелік, қарақұйрық, борсық, бұғы, қабан, ақ тырнақты және т. б. жануарлар кездеседі.
2000-2300 метр биіктікте субальпілі шалғыны жатыр. Бұл белдеуде төселіп өсетін түркістан аршасынан басқа ағаш өсімдіктері жоқ. Онда таутеке, ілбіс, суыр, шақылдақтар, ал құстарданұлар, кезеген торғай, шауқарға, . Қорыктың 1404 түрібар, оның 47 түріҚазақстанның Қызыл кітабынаенген. Құстардың 239 түрі, 9 51 түрі, балықтың 2 түрібар екені есепке алынды. Сүтқоректілерден қорғауға алынған аса бағалысыарқар, сібірдіңтаутекесі, бұғы, елік, жыртқыштарданілбіс, ала мысық, борсық. Ең жоғарғы белдеу -биік таулы қарлы және мұзды шыңдар. Бұлардан аңғарларға құлап ағатын көбікті сарқырамалы тау өзендері басталады. ҚорықтыңҚаратаужотасы беткейлерінде палеонтологиялық филиалы бар. Бұл өңір120 млн жыл бұрын теңіз түбі болған. Қазір оның орнында әр түрлі сирек кездесетін балықтар мен былқылдақ денелілердің, юра таңбалары сақталған. Қорықтың бұл бөлігінің органикалық дүние эволюциясын зерттеу үшін ғылыми маңызы бар. Қазіргі таңда қорықтар мәселесі ауқымды. Нақтырақ айтсақ біз Қазақстан өркениетіне өз үлесімізді қосу үшін, ең алғаш ашылған қорықтарды дамытқанымыз жөн. Ақсу жабағылы қорығы ең алғаш ашылғандықтан ең алғашқы жұмысты осы жерлерден бастағанымыз абзал.
Наурызым қорығы
1934 жылы ұйымдастырылған. БұлҚостанай облысыныңНаурызым ауданында орналасқан. Мұның аумағы191, 4 мың гектаржерді алып жатыр. Қорықта көптеген көлдер бар, бетегелі тың дала корғауға алынып зерттелуде, бұл көлдердің жағасында бұрыннан шоқ-шоқ карағай сақталып келген. Қорық көлеміне Наурызымдағы Қарағай мен Тірсек орманы да кіреді. Ең оңтүстіктегі cop топырақта қарағай сирек өскен. Қорықтағы cop топырақта алуан түрлі кайың ағаштар, тек Қиыр Шығыста ғана кездесетінмалиус бокатаалмасының жабайы түрлері өседі. Табиғат жағдайының әртүрлілігіне байланысты, таяу жатқан аз ғана үлескінің өсімдігі мен жануарлар дүниесі әр алуан келеді. Мұнда даланы, орманды және суаттарды мекендейтін жануарлар кездеседі. Поляр фауналары мен флораларының өкілдері жылылықты сүйетін өсімдіктер және жануарлар сияқта жерсініп кеткен. Онда тұяқтыларданқабан, елік, кеміргіштерденсуырлар, ақ қояндар және жыртқыштарданқарсақ, түлкі, борсық, күзен, ақкіс кездеседі. 42 түрі, құстардың 60-тан астам түрі, балықтың 6 түрі, 687-ге жуық өсімдіктүрі кездеседі. Аппақ қардайаққулар, шағалалар, жүреді
Алматы қорығы
Алматы қорығы
1964 жылы құрылған. Аумағы71, 7 мың гектарғажуық, әр түрлі ландшафт зоналарында жатыр. Бұған мәңгі қар мен мұз жамылған, беткейлері шөптер мен ағашқа байІле Алатауымен жағасында құмды шөлі бар Іле өзенінің атақты «әнші тауы»Аққұм-Қалқан(биіктігі 100 м-ден асатын құм төбе) жатады. Көктеректі нудан тұратын жапырақты ормандар, долана, жабайы алма және өрік ағаштары 1800-2000 м биіктікке дейін көтеріледі. 2500 м биіктіктен жоғарыда Тянь-Шань шыршасынан тұратын шыршалы орман белдеуі орналасқан. Одан да жоғары, қарлы-мұзды белдеуде, субальпі және альпі шалғындары болады. Қорықтың жануарлар дүниесі алуан түрлі, мұнда 39 түрге жуық сүтқоректілер мен 200-ден астам құстардың, 965 өсімдік түрі бар. Шыршалы ормандабұғы, елік, Тянь- Шань сілеусіні, барыс, борсық, түлкі, қасқырлармекендейді. Орман шекараларындағы биік шыңдар мен . Соңғы уақыттарда қорықтатиін, сасық күзенөсірілетін болды. Қорықта құстардың ең көбі:ұлар, кекілік, бұлдырық, Іле өзенінің бойындағы тоғайлардақырғауылдар, тарғактақшар мекендейді.
Барсакелмес қорығы
Арал теңізініңсолтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Қорық 1939 жылы ұйымдастырылған. Жалпы көлемі160, 8 мың гектар. Ондағы мақсат - жалпы табиғат кешенімен қатар саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрыкты қорғау болды. Бұрын Аралда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 257 түрі өссе, соңғы кезде олардың саны тіпті азайып, кейбіреулері жойылып кету қаупінде. Қорыққа шөлді аймаққа тіршілік етуге бейімделген жануарлар тән. Негізгі қорғалатын аңдар: ақбөкен, қарақұйрық және құлан. 1953-1964 жылдар аралығында 9 құлан Түрікменстанның Бадхыз қорығынан осында әкелініп жіберілген. Соңғы жылдары биологиялық жүргізілген сынақтардың салдары да Аралдың экологиялық жағдайын күрделендіріп, қорыктың біраз жануарларын көшіруге тура келді (мысалы, құланды) .
Қорғалжың қорығы
Қорғалжың қорығы
1968 жылы құрылған. ҚорыкАқмола облысының259 мың гектаржерін алып жатыр. Оған тың даланың (38 мың гектар) қол тимеген, түрен түспеген жерлері, сондай-ақҚорғалжыңжәнеТеңіз(199 мың гектар) көлдері кіреді. Бұл жерлер дүниежүзілік маңызы бар су қоймасы мен жайылымдар тізіміне енгізілген. Қорықтың жануарлар дүниесі дала зонасына тән. Сүткоректілердің 41 түрі, құстардың 299 түрі, балықтың 14 түрі, өсімдіктің 343 түрі кездеседі. Олар:суыр, дала алақоржыны, су егеуқұйрығы, қосаяқтаржәне басқалар. Қорғалжың көлінің қамыс нуларында қабандар мекендейді. Құстың 120 түрі ұя салады. Көл жиегінің кара суларында үйрек, қаз және басқа суда жүзетін құстар сансыз көп. Теңіз көлінде мыңдаған қоқиқаз ұя салады. Бұл дүние жүзінде сирек кездесетін, ең солтүстікке ұя салатын құс. Қорғалжың көлдерінде үшкір тұмсықты сұқсыр мекендейді, ол балапандарын суда қалқып жүзіп жүрген ұяда басады. Содан кейін балапандарды ұзақ уақыт аркасына салып жүзеді, тіпті олармен бірге суға да сүңгиді. Теңіз-Қорғалжың көлдеріне көктем кезінде көптеген су құстары жиналады. Осының аркасында бұл қорық дүние жүзіне әйгілі болып отыр. Ол ЮНЕСКО-ның тізіміне ерекше корғалатын батпақты-шөлділандшафтретінде енген. Қорықта суда жүзетін құстардың тіршілігін зерттеу жөнінде үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, мұражайлар, хайуанаттар бағына арналған материалдар жинастырылады.
Марқакөл қорығы
Марқакөл
1976жылы құрылған. Қорық солтүстігінде Қазақстан АлтайыныңКүршімжотасы мен оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1447 м аралығындағы аса әсем Марқакөл шегінде орналасқан. Қорықтың жалпы ауданы75 мың гектар, оның 44 мыңын көл айдынықұрайды. Өкінішке орай, шығысында 1, 5 мың гектар жер көлдің аса маңызды бөлігі бола тұрса да, қорыққа енбеген. Қорық ауданындағы климат қатаң континентті. Мұндағы Қазақстан аумағы үшін ең төмен қаңтардың орташа температурасы -26°-27°С, ал кейде аяз -55°С -қа дейін жетеді. Шілденің орташа температурасы 14°-17°С, ең жоғарғысы 30°С-қа жетеді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 400 мм-ге жуық түседі. Көлге 27 кішігірім өзендер, жылғалар құяды, ал одан бір ғана өзенЕртістіңоң саласы -Қалжырағып шығады. Дәрілік «алтынтамыр»кездеседі. Қорықта сүтқоректілердің 39 түрі мекендейді, оның ішіндеаю, сілеусін, бұғы, арқар, қасқыржәне құстың 200-ге жуык түрі, оның ішінде қарақұтан, аққу, суқұзғындар, 5 түрлі балық кездеседі. Көлде балықтың бірнеше түрі: мөңке, майқан, талма, теңге бар. Бұлардың ішінде ең бағалысымөңке, оның еті өте дәмді. Өсімдіктің 721 түрі кездеседі.
Үстірт қорығы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz