Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің түрі


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің түрі.

Орындаған: Ілиясова Ж. Д

Тексерген: Темірғалиева А. С.

Тобы: ГУ - 307

Семей, 2015

Жоспар:

I. Кіріспе

1. 1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық мәні.

II. Негізгі бөлім

2. 1. Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары.

2. 2. Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі түрлері

III. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе.

Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, комсомолдық кәсіпкерлік басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша қымбат алынып, арзан қайтарылды.
Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы заңы алғаш рет ресмилендірді. 1988 жылы Кооперация туралы заң қабылданды. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары жалға беру, бірлескен кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар экономикалық жағдайды біршама ырықтандырды. Тұтастай алғанда, негізгі меншік мемлекеттікі болып қала бергенімен, жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы (1991), Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15, 7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01. 10. 1998 ж. Шағын кәсіпкерліктің субьектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1, 2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты.

1. 1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық мәні.

Кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір істі істей білу. Іс істеу - адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік, және іскерлік адамдардың еркін өмір сүру түрі.

Кәсіпкерлік - ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.

Кәсіпкерлік қабілеттілік - адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.

1. Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.

2. Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың (кәсіпорынынның) іс бағытынайқындайды.

3. Кәсіпкер - бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.

4. Кәсіпкер - бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей -тегжейін айқын талдап, қортындысында не болатынын білген жөн (капитализм совет өкіметі емес, ешкім әншейін көмек көрсетпейді) . Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.

2. 1. Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары.

Кәсіпкерлік қатысушы - меншік иелерінің санына байланысты келесі нысандарға бөлінеді: жеке және ұжымдық.

Кәсіпкеріліктің бұл нысандары, өз кезегіндегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі реттейтін кәсіпорынның белгілі ұйымдасытыру құқықтық нысандары шегінде жүзеге асады.

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдасытыру нысаны кәсіпорынның әріптестері арасындағы қатынас және мемлекеттік ұйымдарымен және басқа кәсіпорындармен қатынас туралы белгілі нормалар жүйесі.

Кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқықтың нысандарын дұрыс таңдау көптеген факторларға байланысты:

  • Жеке капиталдың болуы немесе оны тарту мүмкіндіктері;
  • Кәсіпкерлік қызметтің сипаты және масштабы;
  • Кәсіпкерлік жобаны іске асыру мерзімі;
  • Кәсіпкердің жеке тәжірибесі және ұйымдастыру қабілеттері;
  • ·Нарық жағдайы және басталатын бизнестің көптеген негізгі ерекшеліктері, сонымен қатар осы және басқа кәсіпорын нысандарының қасиеттері.

Ұйымдастыру-құқықтық нысанды таңдау кәсіпкерлік жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет. Оны толығырақ қарастырайық. Заңды тұлғаны құрусыз кәсіпорындар түріндегі жеке нысандар бастамалық жеке кәсіпкерлікке жатады. Жеке кәсіпкерлікте меншік бір жеке тұлғаға жатады. Әдетте жобаны жүзеге асыру жеткілікті ресурстары бар индивидум және шешім қабылдау процесін жеке өзі бақылауға бейім, толық материалдық және заңдық жауапкершілік алуға дайын, фирманың дара иесі болып, жеке кәсіпкерлік нысанын қалайды.

Кәсіпкерліктің осы нысанының артықшылықтары бар, олар тәуелді болмау, ұтқырылық, материалдық қызығушылық және т. б.

Жеке кәсіпкерлік өндірістік секторда шамалы орын алады, көптеген жағадайларда қол еңбегі мен өндірістің әмбебап өнімділігі аз құралдарын қолданады, ҒТП жетістіктерін жеткіліксіз деңгейде пайдаланады. Жеке кәсіпкерлікте капиталды тарту иесінің өзінің жеке қаржысын салуына негізделген?

Жеке кәсіпкер өзінің кәсіпорынының міндеттеріне барлық өзінің жиынтық мүлігімен, жеке меншігімен жауапкершілік алады. Жеке кәсіпкерлікте пайда болған тәуекел оның барлық дәулетіне таралады. Кәсіпкерліктің осы түрінен пайда иесіне тиесілі.

Кәсіпкерлік қызметтің бұл нысаны соңғы жылдары ерекше қарқында дамуда, Қазақстанда 1998 жылы 40433 жеке кәсіпкерлік тіркелген болатын, оның ішінде өнеркәсіпте 1950 адам (4, 8 %), саудада - 29992 (74, 2 %), қала және жол көлігінде - 4020 (10 %), қонақ үй мен мейрамханаларда - 1815 (4, 5 %), және қызметтің басқа сфераларында 2656 (6, 5 %) адам істейді. Өз кезегінде кәсіпкерлік нысандарын ұйымдастыру-құқықтық және ұйымдастыру-экономикалық деп бөлуге болады.

Ұйымдастыру-құқықтық нысанына серіктестікті, қоғамдарды, кооперативтерді жатқызуға болады.

Бірақ үлкен көлемдегі қаржы ресурстарын қалаумен қатар, жеке материалдық жауапкершілік жоғары және тәуекел өседі, сондықтан үлкен жобаларды жүзеге асыру үшін негізінде “меншік иелерінің саны” белгісі бар, ұжымдық кәсіпкерлік нысанын таңдаған жөн.

Ұжымдық кәсіпкерлікте меншік бір уақытта әрбірінің белгілі, үлесі бар және белгісіз үлесі бар (біріккен меншік) бірнеше субъектілерге жатады. Оларға серіктестік, акционерлік қоғам, кооператитерді жатқызуға болады.

Серіктестік екі және одан көп әріптестердің қатысуымен құрылады. Серіктестіктің артықшылығы қосымша капиталды тарту мүмкіндігі және кәсіпорын ішінде әрбір әріптестің білім және қабілеті негізінде мамандануды жүзеге асыру болып табылады.

Осы нысанның кемшілігі: әрбір қатысушы өзінің салымының мөлшеріне байланыссыз тең материалдық жауапкершілік алады; бір әріптестің әрекеті барлық қалғаны үшін, егер олар осы әрекеттерге келіспесе де міндетті болып саналады.

Серіктестіктің қатысушылары екі топқа - толық серіктестік (жауапкершілігі шектелмеген серіктестік) және коммандиттік серіктестер жауапкершілігі шектелген серіктестікке бөлінеді.

Коммандиттік серіктестікте әріптестердің бір бөлігінде шектелмеген, ал бір бөлігінде шектелген жауапкершілік болуы мүмкін.

Қоғам екіден кем емес азаматтар немесе заңды тұлғалардың келісімі бойынша шаруашылық қызметті жүзеге асыру мақсатында, олардың салымдарын (ақшалай және натуралды түрде) біріктіру жолымен құрылады.

Жауапкершілігі шектелген қоғам (ЖШҚ) қатысушылары оның міндеттері бойынша жауап бермейді. Олар тек енгізген салымдарының құны шегінде жауапкершілік алады. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам қатысушылары өздерінің барлық мүліктерімен жауапкершілік алады.

Ең көп таралғаны акционерлік қоғам (АҚ) . Олардың ерекшелігі оларға құнды қағаз - акция шығару жолымен қажет қаржыны тарту құқығы берілген. Акционерлік қоғам қатысушылары оларға тиісті акциялар құны шегінде оның қызметінің нәтижелеріне жауапкершілік алады.

Кооперативтер - мүліктік пай жарналары негізінде біріккен өндірістік және шаруашылық қызмет үшін тұлғалар тобы құрған кәсіпорын.

Кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастыру-экономикалық нысандарына: концерндер, ассоциациялар, консорциумдар, синдикаттар, картелдер, қаржы-өнеркәсіптік топтарды жатқызуға болады.

Концерн - қатысу жүйесі арқылы кәсіпорынды бақылайтын көп салалық акционерлік қоғам. Концерн өзіне еншілес әртүрлі компаниялардың, акцияларының бақылау пакетін алады. Өз кезегінде, еншілес компаниялар басқа акционерлік компаниялардың, (басқа елдерде орналасқан) акциялардың бақылау пакеттерін иелену мүмкін.

Ассоциация - экономикалық еркін кәсіпорындардың, ұйымдардың өз еріктерімен бірігу нысаны.

Ассоциация құрамына белгілі террторияда орналасқан маманданған кәсіпорындар және ұйымдар кіреді.

Ассоциацияны құрудың негізгі мақсаты - ғылыми-техникалық өндірістік, экономикалық, әлеуметтік және басқа міндеттерді бірігіп шешу.

Консорциум - ірі қаржы операцияларын бірігіп жүргізу масатында кәсіпкерлердің бірігуі (мысалы, ірі өнеркәсіп жобасына үлкен инвестицияны жүзеге асыру) .

Кәсіпкерлердің мұндай бірігуі ірі жобаға қаржы салу мүмкіндігін береді, мұнда ірі салымдар кезінде туатын тәуекел біршама азаяды. Өйткені жауапкершілік қатысушылардың көпшілігіне бөлінеді.

Ғылыми-техникалық революция жағдайында консорциумдар жаңа салаларда және әртүрлі салалардың түйіскен жерінде пайда болады, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізуді қарастырады.

Синдикат - бір сала кәсіпкерлерінің арасындағы артық бәсекені жою мақсатымен өнімді өткізуге бірігуі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсіпкерлікті талдау
Кәсіпорындағы кәсіпкерліктің атқаратын қызметтерінің мәнін ашу
Ұсақ бизнес
Кәсіпкерлік және оның Қазақстанда даму ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу
ҚР-дағы кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу құқығы
Кәсіпкерлік әрекеттің Қазақстанда даму ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері, мәселелері
Шағын кәсіпкерлік қызметінің қазіргі замандағы құқықтық жағдайын бағалау
Кәсіпкерлік. кәсіпкерлік түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz