Ауыл шаруашылығында қолданатын бактериалды препараттар туралы ақпарат



1. Ауыл шаруашылығында қолданатын бактериалды препараттар
2. Бактериялы препараттарды егіншілікте қолдану
Мәдени өсімдіктер түрлі зиянды шөптерден, кеміргіштерден, жәндіктерден, нематодалардан, фитопатогенді бактериялардан, саңырауқұлақтардан, климаттың жағымсыз жағдайларынан зардап шегеді. Қазіргі кезде көптеген елдерде 30дан аса энтомопатогенді(жәндіктер үшін патогенді) препараттар өндіріледі. Олар белгілі бір жәндіктердің түрлерінің жоғарғы телімділігімен және адамға, жануарлар мен құстарға қауіпсіздігімен сипатталады. Микроорганизмдер негізінде алынатын энтомопатогенді препараттар биоценоздарда жағымсыз өзгерістерді болдырмайды және аймақтағы экологиялық жағдайды өзгертпейді. Бактериалды энтомопатогенді препараттардың маңызды көзі болып Bacillus thuriagiensis табылады. Бұл топтың бактериялары бірнеше жүздеген зиянды жәндіктерге үшін, соның ішінде жапырақжейтін жәндіктер үшін – алма, жүзім, орамжапырақ, орман ағаштарының зиянкестері үшін патогенді болып келеді. Оларға тән қасиеті – жасушада жәндіктер үшін токсикалық кристалды қоспалардың болуы. Токсин гусеница ішегінің параличін туғызып, оның эпителиінің ыдырауына әкеледі. Препараттардың өндірісінде Bac.thuringiensis-нің 4 түрінің маңызы бар: I) var.dendrolimus - дендробациллин препараты; 2) var. galleriae - энтобактерин препараты; 3) var. insectus - инсектин препараты; 4) var. alesti - алестин. Микробты препараттар порошок(ұнтақ) және дуст түрінде шығарылады. Алу технологиясы негізделген: тереңдік культивирлеу: себінді материалды лабораторияда арнайы аппараттарда өсіру, ферментерде өндірістік культивирлеу, культуралды сұйықтықты концентрлеу, кептіру, дайын препаратты стандарттау және орау. Микроскопиялық саңырауқұлақтар негізіндегі препараттардың көптеген зиянды жәндіктерді жою мүмкіндігі бар, жәндіктерде микоз ауруын туғызады. Саңырауқұлақтық энтомопатогенді препараттар Beaveria саңырауқұлағын(ақ мускардина қоздырушысы) культивирлеуге негізделеді. Саңырауқұлақ жасанды орталарда оңай культивирленеді. Спораларын центрифугалайды да, толтырғышпен(тальк, бор, т.б.) араластырады. Зиянды жәндіктермен күресу үшін жәндіктердің вирустарын қолдануға болады. Жәндіктердің ауруларын туғызатын 300 вирус белгілі. Вирусты препараттарын дайындау қиынға соғады, себебі вирустар тек тірі жасушаларда ғана көбееді.
1. Беккер М.Е. Введение в биотехнологию. М.: «Пищевая промышленность». 1976г. 272с.
2. Сельскохозяйственная биотехнология. Под редакцией В.С. Шевелухи, -М.: Высшая школа, 1998. -416с.
3. Егорова, Т.А. Основы биотехнологии: учебное пособие для высш. пед. учеб. заведений/ Т.А. Егорова, С.М. Клунова, Е.А. Живухина. – 2-е изд., стер. –М.: Академия, 2005. – 208 с.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БАӨЖ
Тақырыбы: Ауыл шаруашылығында қолданатын бактериалды препараттар

Орындаған:Төкенқызы Аяулым

Тексерген:Мирашева Г.О.

Семей-2015ж

Жоспар
1. Ауыл шаруашылығында қолданатын бактериалды препараттар

2. Бактериялы препараттарды егіншілікте қолдану

Ауыл шаруашылығында қолданатын бактериалды препараттар

Мәдени өсімдіктер түрлі зиянды шөптерден, кеміргіштерден, жәндіктерден,
нематодалардан, фитопатогенді бактериялардан, саңырауқұлақтардан, климаттың
жағымсыз жағдайларынан зардап шегеді. Қазіргі кезде көптеген елдерде 30дан
аса энтомопатогенді(жәндіктер үшін патогенді) препараттар өндіріледі. Олар
белгілі бір жәндіктердің түрлерінің жоғарғы телімділігімен және адамға,
жануарлар мен құстарға қауіпсіздігімен сипатталады. Микроорганизмдер
негізінде алынатын энтомопатогенді препараттар биоценоздарда жағымсыз
өзгерістерді болдырмайды және аймақтағы экологиялық жағдайды өзгертпейді.
Бактериалды энтомопатогенді препараттардың маңызды көзі болып Bacillus
thuriagiensis табылады. Бұл топтың бактериялары бірнеше жүздеген зиянды
жәндіктерге үшін, соның ішінде жапырақжейтін жәндіктер үшін – алма, жүзім,
орамжапырақ, орман ағаштарының зиянкестері үшін патогенді болып келеді.
Оларға тән қасиеті – жасушада жәндіктер үшін токсикалық кристалды
қоспалардың болуы. Токсин гусеница ішегінің параличін туғызып, оның
эпителиінің ыдырауына әкеледі. Препараттардың өндірісінде Bac.thuringiensis-
нің 4 түрінің маңызы бар: I) var.dendrolimus - дендробациллин препараты; 2)
var. galleriae - энтобактерин препараты; 3) var. insectus - инсектин
препараты; 4) var. alesti - алестин. Микробты препараттар порошок(ұнтақ)
және дуст түрінде шығарылады. Алу технологиясы негізделген: тереңдік
культивирлеу: себінді материалды лабораторияда арнайы аппараттарда өсіру,
ферментерде өндірістік культивирлеу, культуралды сұйықтықты концентрлеу,
кептіру, дайын препаратты стандарттау және орау. Микроскопиялық
саңырауқұлақтар негізіндегі препараттардың көптеген зиянды жәндіктерді жою
мүмкіндігі бар, жәндіктерде микоз ауруын туғызады. Саңырауқұлақтық
энтомопатогенді препараттар Beaveria саңырауқұлағын(ақ мускардина
қоздырушысы) культивирлеуге негізделеді. Саңырауқұлақ жасанды орталарда
оңай культивирленеді. Спораларын центрифугалайды да, толтырғышпен(тальк,
бор, т.б.) араластырады. Зиянды жәндіктермен күресу үшін жәндіктердің
вирустарын қолдануға болады. Жәндіктердің ауруларын туғызатын 300 вирус
белгілі. Вирусты препараттарын дайындау қиынға соғады, себебі вирустар тек
тірі жасушаларда ғана көбееді. Препараттар: вирин - ЭНШ (против непарного
шелкопряда), вирин-ЭКС (против капустной совки) и вирин - АББ (против
американской белой бабочки). Биологиялық (бактериалды)
тыңайтқыштар. Нитрагин – Rhizobium туыстығының белсенді түйнек
бактериялардың негізінде дайындалған бактериалды тыңайтқыш, ол бұршақ
тұқымдастардың(бұршақ, фасоль, соя, клевер, люцерна, т.б.) өнімін
жоғарлатуға арналған. Нитрагиннің өнеркәсіптік өндірісі асептикалық
биотехнологиялық өндіріске негізделген. Культивирлеу үшін жүгері экстракты,
меласса, минералды тұздар сияқты компоненттері бар қоректік ортаны
қолданады. Азотобактерин – Azotobacter chro-ococcum микроорганизмнің
культурасының негізінде алынған бактериалды тыңайтқыш. Bacillus megaterium-
нан алынған фосфобактерин препараты күрделі органикалық қосылыстарды
қарапайым қосылыстарға дейін ыдыратады.Биотынайтқыштар.Атмосфера лық азотты
фиксациялайтын микроорганизмдер өсімдіктерді азотпен байыту көзі ретінен
басқа олардың өсуін ширататын гормондар түзеді, фитопатогенділерге
антагонизмдік байқатады.Жерді тынайтататын түйнек бактерияларының
биомассасы бар препараттар ауыл шаруашылығында 100 жылдан астам қолданы-лып
келеді, егінді 5-20% (соя, үрме бүршағы, бүршақ) жоғарла-тады.

Келесі микроорганизмдер топтары қолданылады:

- түйнекті бактериялар туыстары - Rhizobium (жылдам өсетіндер) және
Bradyrhizobium (бәсеңдеп өсетіндер); нитрагин препараты; бүршақ дақылдары
(Rh. trifolii - жоңышқа, Rh. japonicum -соя, Rh. faseoli - үрме бүршағы,
Rh. lupini- люпин және басқа);

- Frankia, актиномицеттер, ризобий секілді ағаштар тамырла-рында және
бүталарда симбиозды азотты фиксациялайды;

- Azotobacter, азотобактерин препараты, негізінен оранжерея-лык, және
парниктегі өсімдіктерде кездеседі, бос күйде тіршілік ететін
микроорганизмдер, симбиоздық емес азотты фиксациялайды;

- Agrobacterium, Arthrobacter, Azospirillum және басқа прокариоттар
симбиозды емес, ассоциативті азотфиксациялау жүргізеді (ризосферада,
ризопланда - тамырлар бетінде). Осы топ бактериялар арасында
фитопатогендері кездеседі, мысалы, Agrobacterium tumefaciens;

- Көк-жасыл балдырлар (цианобактериялар) Tolypothrix tennis, Anabaena
cylindrica, Nostoc linckia және т.б. Вегетациялық кезең уақытында 1 га 50
кг дейін атмосфералық азот байланысады, бірақ, оларды дақылдандыру үшін өте
көп су мен күн сәулесі қажет.

Биотыңайтқыштар Германияда алғашқы тыңайтқыш - нитрагин жасалган кезде 1896
жылдан бастап ауылшаруашылығында өндіріліп, қолданыла бастады. Қазіргі
уақытта егіс алқаптарында әртүрлі биотыңайтқыштар қолданылады, солардың
ішінде:

- ризоторфин (Rhizobium), ақуыз және витаминдер мөлшерін көтеріп бүршақ,
соя, асбүршағының және т.б. өнімдерінін шы-ғымдылығы 5-20% дейін артырады;

- азотобактерин (Azotobacter), жылыжайлық және парникті өсімдіктерде
биотин, гетероауксин, гиббереллин, никотин және пантетен қышқылының
синтезін күшейтеді;

- цианобактерияларды колдану - альголизация (азот бекітетін көкжасыл
балдырлардың 130 жуық түрі) - Anabaena, Nostoc, Toly-pothrix және т.б.,
күріштік және суармалы eric алқаптарында.

Бактериалық тыңайтқыштарды биореакторларда ферментация нәтижесінде алады,
биомассаны сепарациялайды, концентрация-лайды, кептіреді және себу алдында
топыраққа енгізіледі.

Цианобактерияларды инсоляция жагдайында арнайы бассейн-дерде
дақылдандырады, 3 аптадан кейін 1 га су бетінен суарылған және күріштік
егіс алқаптарында колданылатын 15 тоннаға жуық биомасса жиналады.

Егер азот бекітетін прокариоттар өсімдіктердің азотқа қажетті-лігін
қанағаттандырса, сондықтан топырақтагы байланысқан азот-қа тәуелді болмаса,
онда саңырауқүлақтар оларға фосфор жеткі-зуді қамтамасыз етеді.
Саңырауқүлақтар және өсімдіктер симбиозы нәтижесінде микориза түзіледі.
Саңырауқүлақтар тамырлық жүйеде көбейіп, оның көлемін үлғайтады және
фосфаттарды өсім-діктермен жеңіл сіңірілетін ерігіш қосылыстарға ауыстыра
алады.

Микроорганизмдер өсімдіктер клеткаларына дейін азот пен фосфорды жеткізуді
жеңілдетумен қатар циклді қүрылыстың томен молекулалы, азотсыз қосылыстары
болып табылатын өсуді реттеуші синтез жолымен өсімдіктердің өсуі мен дамуын
реттейді:

- ауксиндер, саңырауқүлақтармен (Nectria galligene), бактерия-лармен
(Azotobacter, Rhizobium) синтезделеді;

- гиббереллиндер, саңырауқүлақтармен (Fusarium moniliforme, Collybia
conigens), актиномицеттермен (Actinomyces chromogenes, A. flavus),
бактериялармен (Azotobacter, Agrobacterium, Rhizobium) синтезделінеді;

- цитокининдер, саңыраукүлақтармен (Nectria galligene, Taph-rine spp.,
Cytospora spp.), актиномицеттермен (Streptomyces spp.), бактериялармен
(Azotobacter, Agrobacterium, Rhizobium) өндіріледі.

Арпа, күріш, бидай, қонақ жүгері (сорго) дәндерін өңдеуде инокуляторлар
ретінде Azospirillum (A. brasielense, A. lipoferum) бактерияларын қолдану
кезінде өнім 10-30%-ға жоғарылайды.

Фитопатогендердің өсуі мен көбеюін тежеу субстратка бәсеке үрдісінде немесе
антибиотикалық заттар өнімдерімен қамтамасыз етіледі: -ризосфераға тақау
топырак қабатында болатын, темірдін көп бөлігін байланыстыратын
сидерофорлар синтезі. Фитопатогендер сонымен қатар сидерофорларды
синтездейді, бірақ ризосфералық бактерияларға қарағанда темірге
байланғыштығы төмен. Ризосфе-ралық бактериялар субстратқа бәсекеден тыс
қалады;

- фитопатогендердің өсуі мен көбеюін тежейтін антибиотик-тердің өндірілуі.
Мысалы, псевдомонадалар, агробактериялар және т.б. фитопатогендерді
тежейтін агроциндер, гербиколин, оомицин, феназин, пирролнитриндерді
синтездейді.

Кейбір микроорганизмдер (псевдомонадалар, энтеробактерия-лар және т.б.)
патогенді саңырауқұлақтардың клетка қабырғасын бұзатын ферменттерді
(липазалар, хитиназалар, протеазалар) син-тездейді.

Бактериялы препараттарды егіншілікте қолдану. Ауыл шаруашылық дақылдарын
өсіруге қажетті агротехникалық шаралардың бірі — бактериялы тыңайтқыштарды
қолдану.

Бүл тамыр айналасындағы топыракты микроорганизмдердің пайдалы топтарымен
байытып, өсімдіктердің қоректенуін жақсартады. Сөйтіп дақылдар өнімділігін
арттырады. Біріншіден — бактериялы тыңайтқыштардағы микроорганизмдер
өсімдіктерге аса қажетті физиологиялық активті заттар да (ауксиндер,
витаминдер, түрлі органикалық қышқылдар т. б.) түзеді, екіншіден —
микроорганизм-дердің бір тобымен тотіырақты әрқашан байыту нәтижесінде,
олар-дың басқа топтарының тіршілігін жандандыруға және жақсартуға болады.
Соның нәтижесінде өсімдіктерде косымша қоректік заттар түзіледі. Мәселен,
бұған фосфоробактериннің нитрификация процесін жақсартатыны жатады.
Үшіншіден— ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығында қолданатын бактериалдық препараттар
Бациллдар немесе спора түзуші бактериялар тұқымдастары
Ауыл шаруашылығында колданатын бактериалды препараттар
Рекомбинантты ДНК технологиясы негізіндегі жаңа буынды вакциналар
ДНҚ вакциналарын алу технологиясы
Биотехнология дамуының негізгі бағыттары және анықтамасы жөнінде
Сүт қышқылды өнімдердің ассортименті, пайдалылығы
Баз және олардың ассоциаттарының ауыл шаруашылықтың дамуына әсері
Антибиотик түзуші микроорганизмдер
Түйнек бактериялары препараттарын жасау технологиясы
Пәндер