Қауіпті және көлемді жүктермен жұмыс істеуге қойылатын талаптар. Қызметкерлердің жеке басын қорғау құрал жабдықтары


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Қауіпті және көлемді жүктермен жұмыс істеуге қойылатын талаптар. Қызметкерлердің жеке басын қорғау құрал жабдықтары

Орындаған: Хусаинова С. О.

Топ: БЖ-315

Тексерген: Бейсебаев Ш. Т.

Семей 2015

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Қауіпті және көлемді жүктермен жұмыс істеуге қойылатын талаптар.
  3. Қызметкерлердің жеке басын қорғау құрал жабдықтары
  4. Қорытынды
  5. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қауіпті жүк - өздеріне тән қасиеттеріне қарай көлік процесінде адамдардың және жануарлардың өліміне, жарақаттануына, улануына, сәулеленуіне, ауруға шалдығуына, сондай-ақ жарылысқа, өртке, құрылыстардың, көлік құралдарының бүлінуіне әкелуі мүмкін заттар, материалдар және бұйымдар. Көлемі бойынша қауіпті жүктерді алтыншы топқа жатқызады. Ал аса қауіпті жүктерді жетінші топқа жатқызады.

Жеке қорғану заттары - қызметкерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, соның ішінде арнайы киім.

қауіпті жүк - тасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу және сақтау кезінде қоршаған ортаға зиян тигізуі, әуе кемесінің, құрылғылардың, ғимараттардың және құрылыстардың жарылуына, өртіне немесе бұзылуына, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың және құстардың өлуіне, жарақаттануына, улануына, күюіне немесе ауыруына себеп болуы мүмкін өндіріс және өзге де қызметтің заттары, материалдары, өнімдері, қалдықтары.

Қауіпті және көлемді жүктермен жұмыс істеуге қойылатын талаптар.

Көлемі бойынша қауіпті жүктерді( алтыншы топ) механикаланды-рылған әдіспен тасымалдайды; Қолмен сирек тиейді, оны көлікке немесе трактор принципіне көлбеу қойылған жазықтық арқылы, жіп көмегімен орын-дайды.

Ағаштарды немесе басқа ұзын жүктерді тиеу кезінде келесі қауіпсіздік ережелерін сақтау керек;

- көтергіш механизмнің ілмегін жүктің ауырлық ортасына қою керек; - жүкті екі жерінен тең ілу қажет; жүк ілетін арқандарды бекіту, ағытуды- жүк толық тоқтағанда және арқандар босағанда ғана орындау керек.

- жүк арқандарын тақтай, бөрене байламдары астынан арнайы ілгектермен өткізу қажет.

Егер көлік немесе автоприцеп платформаларының тіректері болса, ағаш, құбырларды тиегенде араларына төсем қою керек. Тіректерді, жүкті тиеген соң жоғары жағынан сыммен байлайды. Бөрене және құбырларды тиеу, түсіру кезінде көлбеу жазықтықпен домалатады. Жұмысшылар тиеу және түсіру кезінде көлік кузовынан немесе прицептен алшақ тұрулары керек.

Ұзын заттарды түсіру кезінде берік ұстағыштарды пайдалану керек. Ұзын жүктерді тасымалдағанда жұмысшылар иық жапқыш кию керек. Түсіргіш көліктер арасындағы қашықтық 5 метрден кем болмау керек.

Пиломатериалдардың штабильдерін қою кезінде келесі қауіпсіздік шараларын орындау керек;

- көтерілетін пакеттен, оныңқозғалысына қарама қарсы 3 метрге қашық тұру ; - пакетті ілгекпен бағыттау, оның сабы 1 метрден қысқа болмау керек; - ұстаушы құралдарды жүкті штабильге түсірген соң ғана алу;

- пакет астындағы темір арқанды тек қолмен суырып алу.

Бөрене штабелінің биіктігі 6 метрден, үлкен диаметрлі темір құбырлардан жасалған штабельдер - 1, 2 м, кіші диаметрлері - 2, 2 м; шойын құбырлары - 1 м. аспауы керек. Бөренелердің домалап түсуін алдын алу үшін қалыңдығы 40 мм-ден кем емес аралық төсемдерді және сыналарды қолдану керек.

Орман штабелдерінен бөренені түсіру үшін жұмысшыларға штабель үстіне көлбеу жазықтық арқылы немесе бөренелердің бас жағына қойылған баспалдақ арқылы шығуға рұқсат етіледі. 6 баллдан асқан жел кезінде, нөсер жаңбыр, тұман кезінде штабельдерді жинауға немесе алуға тиым салынады.

Аса қауіпті жүктер (жетінші топ) тек жарақат қаупі болып қоймай, умен улану қаупін тигізеді. Сондықтан өте абай болу керек. Тиеу және түсіру тек арнайы оқыту және инструктаждан өткен тәжірибелі жұмысшыларға тапсырылады. Жұмысшылардың респираторлары және противагаздары болуы керек. Улы химикаттармен бірге басқа заттарды тасымалдауға тиым салынады.

Улы заттарды механикаландырылған әдіспен тиеу мен түсіруді арнайы қоймада немесе платформаларда жүргізу керек, олардың едені вагонның еденімен бір деңгейде болу керек. Жүк тиеуші құрылғының машинисі және жұмысшылар нормада көрсетілген арнайы киімдермен, жеке қорғану құралдарымен қамта-масыз етілулері қажет.

Қауіпті жүктерді тасымалдау жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

53. Қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде оларды тасымалдауға және олармен жұмыс істеуге қатысты тұлғалар осындай жүктің болуы туралы хабардар болуы тиіс.

54 Қауіпті жүктерге жүк көлік тіркеме қағазы "Жүк жіберушінің қауіпті жүкке арналған декларациясы" ресімделуі тиіс.

55. Қауіпті жүктермен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы шектелгендерге, 18 жасқа дейінгі жеткіншектерге, жүкті және емшектегі баласы бар әйелдерге рұқсат етілмейді.

56. Қауіпті жүктерді тасымалдау ыдыста, сыйымдылықтарда, әмбебап немесе арнайы контейнерлерде жүргізілуі тиіс

57. Ыдыстардың, сыйымдылықтардың және контейнерлерің құрылымы герметикалық болуы, жүктің жоғалуын, төгілуін болдырмауды қамтамасыз етуі, қауіптілік белгілері болуы тиіс. Ыдыстардың, сыйымдылықтардың және контейнерлердің материалы тазалануы және дезинфекциялануы тиіс.

58. Қауіпті жүктерді түсіргеннен кейін әуе кемелерінің жүк қоятын орындар қаралуы және зарарсыздануы, кейінірек тазалану нәтижесі зертханалық тексерілуі тиіс.

59. Контейнерлер тасымалдау кезінде туындайтын жүктемеге төзімді болуы тиіс.

60. Тиеу-түсіру жұмыстары арнайы тұрақтарда жүргізілуі тиіс.

61. Қауіпті жүктерді тиеу, түсіру және қауіпті жүктерді сұрыптау тиеу-түсіру машиналарын және механизмдерін қолдану арқылы жүргізіледі.

  1. Қауіпті жүктермен жұмыс желдің жылдамдығы секундына 3 м артық емес кезде күндізгі уақытта орындалады
  1. Жүктерді тиеу, түсіру кезінде ыдыстың (сыйымдылықтар, контейнерлер) бүтіндігі бұзылмауы тиіс.
  1. Тасымалданатын қауіпті жүктер туралы, жүк жіберушіге немесе өңделу үшін жіберілетін қауіпті жүктердің кері қайтарылатын ыдыстарының жағдайы туралы ақпарат қауіпсіздік мақсатында жүк көлік тіркеме қағазында жазылады.
  1. Әртүрлі санаттағы қауіпті жүктерді, қауіпті емес жүктермен бірге қауіпті жүктерді бірге тиеуге, таңбаланбаған қауіпті жүктерді тиеуге және түсіруге рұқсат етілмейді.
  1. Қауіпті жүктерді тиеу және түсіру алдында ыдыстардың жарамдылығын тексеру жүргізіледі.
  2. Шашылған қауіпті жүк сыйымдылыққа жиналады, кәдеге жаратылуы үшін шығарылады, шашыраған орын өңделеді.
  3. Көлік апаты немесе ластануы нәтижесінде жарамсыз болған қауіпті жүктердің қалдықтары қайта оралады, арнайы алаңқайларда зарарсызданады, көму полигондарда жүргізіледі.
  4. Радиоактивті жүктерді тасымалдау Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2198 болып тіркелген "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша санитарлық-гигиеналық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 31 талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
  5. I, II, III көліктік санаттағы радиациялық орамдарды тиеу кезінде, әуе кемесінде және оларды сақтау орындарының көліктік индекс сомасы 50-ден артпауы тиіс.
  6. Әмбебап контейнерлерді жүгімен радиоактивті заттар көлемі 5 текше метрден жоғары болғанда үлкен тоннажды әуе жүк кемесіне тиеу жүргізіледі.
  7. Радиоактивті орамдарды тиеу және түсіру, тиеу және түсіру кезінде апаттық жағдайды жою қауіпсіздік ереже талаптарына сәйкес жүргізіледі.
  8. Өнім әкелу, өндіру, сату және қолдану кезінде радиациялық жағынан қауіпсіз болуы, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарына сай және тиісті нормативтік-техникалық құжаттары болуы тиіс. Өнімдердің радиациялық қауіпсіздігі санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болғанда расталады.
  9. Барлық әуе кемелері радиациялық фактор бойынша нормаланатын жүктерді тасымалдағаннан кейін олардың одан әрі пайдаланылуына қарамастан радиациялық бақылауға жатады.
  10. Радиоактивтік жеңіл ластанған әуе кемелері немесе тарату көздері анықталған кезде оларды дезактивация бойынша жұмыстар жүргізіледі
  11. Тірі штамдары бар микроорганизмдерді, оның ішінде бактерияларды, вирустарды, рикетсияларды, паразиттерді, саңырауқұлақтарды, олардың кері комбинацияларын, генетикалық өзгеріске ұшыраған микроорганизмдерді, сондай-ақ шығу тегі биологиялық материалдар, құрамында бар немесе болуы мүмкін ауру жұқтыратын агенттерді, құрамында тірі микроорганизм штамдары бар, жануарлар мен адамдардың жұқпалы аурулар диагностикасы және иммундық алдын алуға арналған биологиялық препараттарды тасымалдау Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2692 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 21 қаңтардағы N 63бұйрығымен бекітілген "Микробиологиялық, вирусологиялық және паразитологиялық зертханаларда жұмыс істеу кезінде құрылысқа, техника қауіпсіздігіне, өндірістік санитарияға, індетке қарсы режимге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары талаптарына сәйкес болуы тиіс
  12. Жұқпалы заттарды жүк орнының ішінде тасымалдау кезінде ішкі сыйымдылық пен сыртқы ыдыс арасында ішіндегі заттардың тізімі орналастырылады. Сұйық жұқпалы заттармен жүк орындарында екі қарама-қарсы жағынан, жүк орнының үстіңгі бетін көрсететін манипуляциялық белгі салынады.
  13. Эпизоотикалық қолайсыз аудандар мен елдерден кеміргіштер терілерін тасуға рұқсат етілмейді.
  14. Жаңбыр кезінде сумен әрекеттеніп от шашырататын қауіпті жүктерді, сондай-ақ найзағай уақытында, двигательдер жұмыс істеп тұрған кезде, әуе кемесін жанар-жағармай материалдарымен және арнайы сұйықтықтармен толтыру кезінде, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету кезеңінде кез-келген өрттен қауіпті, қауіпті жүктерді тиеу және түсіруге рұқсат етілмейді.
  15. Қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде апаттық жағдайлар туындаған кезде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына хабарлайды.
  16. Әуе кемесінің экипажы және қауіпті жүктермен жұмыс істейтін адамдар қорғаныш құралымен, индикациямен, (тасымалданатын жүктің түріне байланысты) зарарсызданумен қамтамасыз етіледі. Қорғаныш құралынсыз жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.
  17. Қауіпті жүктермен жұмыс істеу кезінде тамақ ішуге, су ішуге, темекі тартуға, сондай-ақ арнайы киімсіз жұмыс жүргізу аумағында болуға рұқсат етілмейді. Химиялық уытты және радиоактивтік материалдарды, заттарды тасымалдаумен айналысатын адамдар жеке гигиена ережесін сақтауы тиіс.

Қызметкерлердің жеке басын қорғау құрал жабдықтары

Арнаулы киім тұрмыстық және ө ндірістік киім болып екіге бөлінеді.

Өндірістік арнаулы киімдер 4-ке бөлінеді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қауіпті және көлемді жүктермен жұмыс істеуге қойылатын талаптар туралы мәлімет
Қауіпті және көлемді жүктермен жұмыс істеуге қойылатын талаптар
Автокөлікті пайдалану кезінде еңбекті қорғау
Кәсіпорындағы еңбек қорғауды басқару жүйесінің құрылымы
Резервуарларды жөндеу, құрып орнату
Кәсіпорындағы логистикалық процестерді жетілдіру ( БП Жамбыл бөлімшесінің мысалында)
Ақпаратты қорғау
Таспалы шөмішті элеватор
Жылжымалы жөндеу шеберханасы
Персоналдарды басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz