Трассаны күрделі жерлерін нивелирлеу


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

«Геодезия және құрылыс» кафедрасы

БӨЖ

Тақырыбы: «Трассаны күрделі жерлерін нивелирлеу»

Тексерген: Кудеринов С. М.

Орындаған: Қажимқан Н. Қ.

Тобы: ГК-213

Семей

2015

Трасса - деп жобаланатын созылған құрылыстың жергілікті жерде белгіленген немесе жердің берілген модельіндегі топографиялық, стереоскопиялық, цифрлық) осі. Трассаның негізгі элементтері болып мыналар есептелінеді: жобаланатын сызықтық горизонталь жазықтығы проекциясы-планы және оның вертикаль қимасы-бойлық профилі. Трассаға перпендикуляр етіп қөлденең профильдер жасалынады.

Трасса кеңістіктегі күрделі сызық. План жүзінде ол әр түрлі бағытта бір-бірімен түйісіп жатқан тұрақты және ауыспалы қисаю радиусы бар түзу проекциалардан тұрады. Бойлық профильде трасса бір-бірімен вертикаль қисықтар арқылы қосылып жатқан әртүрлі ылди сызықтардан тұрады. Бірнеше трассаларда (электрбергіш жүйе, канализация) горизонталь және вертикаль қисықтар жобаланады, мұнда трасса кеңістіктегі сынық сызықтықтардан тұрады.

Трасса оны жобалау жағдайына сәйкес техникалық талаптарды қанағаттандыруы тиісті. Мәселен, ең үлкен немесе ең кіші бойлық ылдилықтар, горизонталь және вертикаль қисықтардың ең кіші радиустары және т. б, беріледі.

Трассалау. Оңтайлы трассаны таңдау үшін жүргізілетін кешенді инженерлік-ізденіс жұмыстарды трассалау деп атайды.

Егер трассаны жердің топографиялық пландары, аэротүсіріс материалдары және цифрлы модельдер бойынша анықтаса, онда кемеральдық трассалау ал егер ол жергілікті жерде жүргізілсе - онда далалық трассалау делінеді.

Трассаның орны тегіс жерлерде контур, яғни ситуация арқылы анықталады. Планды мүмкіншілігінше берілген бағыт (азимут) бойынша жасауға тырысады. Бірақ кей-кезде су ағып жатқан жер, батпақ, үлкен жыралар және де елді мекендер, егін аймақтары трассаны бұзуды талап етеді. Мұнда әрбір бұру бұрышы трассаны бірсыпыра ұзартады. Мұндайда трассаны ұзартпау үшін бұрылу бұрышы 300градустан асырылғаны жөн.

Трассаның орны таулы аймақтарда жер бедерінің биіктіктері арқылы анықталады.

Камеральды трассалау.

1:М масштабты карта және бедер қимасының биіктігі бойынша трассалау ылдилығының жатысы анықталады:немесе карта масштабы бойынша мәселен, 1:50 000 масштабтағы карта үшін, қимасы һ 10м ылдилығы 20 промиль болғанда i = 1 000 см/0. 020 50 000=1 см.

Анықталған жатыс арқылы картадан трассалаудың сипаттамасынан ерекше (еркін және кернеуші) учаскелер анықталады. Кернеулі жүріс ұзындығы 3-5 км. ден кем емес және ылдилығы трассаның берілген ылдилығынан асып түсетін жер учаскелер. Ылдилығы берілген трасса ылдилығынан кем учаскілерді-еркін жүрістер деп атайды.

Нольдік жұмыстар сызықтары берілген жобалау ылдилығы ешқандай ойықсыз және үйіндісіз сақталатын учаскелер. Кернеулі жүрістер учаскелеріндегі нольдік жұмыстар сызықтарын циркуль арқылы ұзындығын L-ге тең етіп, көрші горизонтальдар арасын біртіндеп белгілейді және табылған нүктелерді сызық кесінділерімен қосады.

Нольдік жұмыстар сызығын жүргізіп болғаннан кейін транспортир арқылы трассаның бұрылу бұрышын өлшейді және қисықтық радиусын анықтайды. Одан кейін трасса бойынша пикетаж бөлінеді.

Нүкте биіктерімен пикетаж арқылы бойлық (қара) профиль, одан кейін болашақ жолдың профильі (қызыл) сызылады.

Далалық трассалау

Жол трассасы тура және қисық сызықтық учаскелерден тұрады. Пландағы тура сызықтық учаскелер тұрақты және ауыспалы R - радиусты қисықтар арқылы жалғасады, қисықтарды учаскенің басы-бастапқы қисық, (БҚ) және соңы - соңғы қисық (СҚ) деп аталатын нүктелері болады.

Трассаның пландық орны пикетаж болған кезде, ал биіктік белгілері нивилирлеу нәтижесінде анықталады.

Трассаны рекогносцировкалау-болашақ трассаның бойымен жерін тексеру.

Пикетаж және көлденеңдікті бөлу- трассаның басынан соңына дейін жерді 100 м. сайын пикеттер деп және ерекше нүктелер деп белгілеу.

Нүктелердің биіктігін техникалық нивелирлеуді қолданып геометриялық нивелирлеумен анықтайды. Геометриялық нивелирлеу ортадан және алға қарай нивелирлеу әдістері болып бөлінеді.

Трассаны нивелирлеуді пикетажды бөлу жұмыстарынан кейін екі нивелир және екі жақты рейкамен бірден орындайды. Бірінші аспаппен трассаның барлық нүктелерін нивелирлейді: пикеттер, плюс нүктелер, реперлер, қисықтың негңзгң нүктелері. Екінші нивелирмен тек пикеттерді байланыстыратын нүктелер мен трассадағы поперечниктерді, геологиялық өнімдерді нивелирлейді. Километрлік пикеттер мен реперлерді байланыстыру нүктелері есебінде екі нивелирмен де нивелирлейді. Байланаыстыру нүктелері деп екі нивелир тұрағына ортақ нүктелерді атайды. Трассадағы қалған нүктелер аралық деп аталады.

Трассаны нивелирлеу бірнеше станциядан тұратын трасса бойына қойылған нивелирлік жүріс жүргізу жолымен жасалынады.

Нивелирлік жүрісті әдетте көзбен иық деңгейін қойып, ортадан нивелирлеу әдісімен жүргізеді. Осылайша, байланыстыру нүктелерін көру дүрбісінің ұлғайту көрсеткішіне қарай әр 100 немесе 200 м сайын алуға болады. Бірінші жағдайда барлық пикеттер қызмет етеді, ал екіншісінде - 50 % (әр пикет сайын) . Байланыстыру және пикеттік нүктелер арасындағы айырмашылықты рейканың қара және қызыл жағынан, ал бір жақты рейкамен жұмыс істеген уақытта - нивелирдің екі горизонты арқылы анықтайды.

Трассаны нивелирлеу кезінде жұмыстың келесідей реті ұсынылады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ НИВЕЛИРЛЕУ туралы
Нивелирлік рейкалар
Геометриялық Нивелирлеу
Трассаны нивелирлеу
Геометриялық нивелирлеу жайлы
Геодезиялық практика материалдары
Автомобиль жолдарын салу кезіндегі геодезиялық жұмыстар
Нивелирлеу туралы
Трассаны нивелирлеу туралы
Реттік нивелирлеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz