Қорқыт атаның даналық сөздері


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Ғылыми жоба

Тақырыбы: «Қорқыт атаның даналық сөздері»

Жоба авторлары:Рахымбек Моншақ

Советханова Мадина

Мырзағалиева Ақбота

Мырзаханова Нұрқыз

Ахмер Біржан

2015 жыл

Жоспар

I Кіріспе

II Ғалымның хаты өлмейді

2. 1. Қорқыт атаның мақал-мәтелдері

2. 2. Қорқыт атаның философиялық сөздері

2. 3. Қорқыт атаның қанатты сөздері

2. 4. Қорқыт атаның өсиет сөздері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Зерттеу объектісі :Ғасырлар бойы халық санасы мен өмірінде өлшеусіз орын алатын әдебиет әлемі, қазақ халқының мол қазынасы- қазақ әдебиеті зерттеу жұмысының негізгі объектісі болып табылады. Ұрпақ сабақтастығына айналған әдебиет майталмандары, мифологиялық наным- сенімнің бейнесі іспеттес Қорқыт өмірі мен шығармашылығы бүгінгі жас студенттердің көз қарасы бойынша бағаланады. Тақырыптың өзектілігі: Түркі халықтар әдебиетінің негізін салушылардың бірі -Қорқыт ата шығармашылығының, соның ішінде өсиет сөздерінің идеясын түсіндіру арқылы бүгінгі жастар мен ертеңгі ұрпақ бойына шын патриоттық сезімді дарыту, адамгершілік құндылықтарды ескере отырып, саналы адам образын қалыптастыру, адам мәселесі, оның өмір сүру қағидалары, мақсат-мұраттары және қоғам мен ұлттық болмыс хақындағы әлеуметтік- тұрмыстық толғаныстарына алып келеді. Онда халқының болашағы, жалпы адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерді сақтау, тәлім-тәрбие, ата салтын, дәстүрін құрметтеу мен қастерлеу мәселелері сөз болды. Қорқыттың этикалық әлемі-бұл қазақ халқы қоршаған табиғатқа, ұлы Отанға және оның батырлық өткеніне деген сүйіспеншілігін жиған ұрпақтардың жалғастырушы желісі, әдептілік дәстүрлердің тірі жалғасы, болашаққа сеніммен қараудың таусылмас қайнар көзі және даналықтың қазынасы. Жоғарыда аталған Қорқыт ата өсиет сөздерінің негізгі идеясы мен мақсаты қазіргі қоғамда зиялы азаматтар қалыптастыру жолында өзекті болып табылмақ. Зерттеу нысаны: Тәлімдік мәні күшті афоризмдер, қанатты сөздер мен тағылымдық-танымдық идеялар, өсиет сөздер шығармашылығынан белең алған Қорқыт еңбегі, мәңгілік ұлт пен мәңгілік өмірді жалау еткен Қорқыт идеологиясы зерттеуге арқау болмақ. Жобаның мақсаты: Мәңгілік елдің өшпес ізін қара сөзбен көмкере жеткізген, мәңгілік ойдың иесі Қорқыт атаның нақыл сөздерін зерттеп, замана ағымына сәйкес қолданыстағы орнын айқындап, салмағын саралау. Жоғарыда аталған мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер алдыға қойылды:

-Қорқыт ата өсиет сөздерін ғылыми жүйеге келтіру;

-Өсиет сөздерінің мән-мағынасын, негізігі идеясы мен тәрбиелік мәнісін ашу;

-Әдеби сабақтастықтың көрінісі болған бүгінгі, ертеңгі ұлт санасына дұрыс әрі дәл ғылыми тұрғыда жеткізудің жолдарын ұсыну. Зерттеудің кезеңдері:

Бірінші кезең - cтуденттердің зерттеу жұмысына кіріспес бұрын жас ұрпақтың Қорқыт өмірі мен шығармаларына қатысты білімдерін саралап, тексеру бөлімінен яғни, сауалнама жүргізу арқылы бастау алды. Екінші кезең- тақырыпқа сәйкес Қорқыттың нақыл сөздерін кітап әрі ғаламтор беттерін іздестіріп, жинақтап, бір жүйеге келтіру және мән-мағынасы мен тірбиелік мәнісін терең зерттеу бөлімімен жалғасты . Үшінші кезең- жобаны әзерлеу үшін жинақталған мәліметтермен тұжырымдарға сүйене отырып, бір болжам мен ғылыми тұжырым жасау, яғни зерттеуді қорытындылау . Зерттеудің ғылыми болжамы: ҮІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген Қорқыт Ата-ежелгі түркілердің көрнекті ағартушысы, ойшылы, әрі ақын, сазгер, әрі күйші, тарихта ерекше рухани із қалдырған, халық даналығын жинаушы. Өзінің философиялық толғамдарында өмір мәселелерін көтерді. Мәңгі өлмеудің жолын қиялымен іздестіреді. Қорқыт ата поэма, күйлер шығарып, оны қобызда орындайтын болады. Сол себепті де “Қорқыт ата шығармаларын” “Қорқыт Ата кітабы” деп атайды. Себебі, Қорқыт Ата айтқан жырлар, дастандар жинақталып, 12 тараудан тұратын кітапта батырлық, елдік, адамгершілік туралы оқиғалар жырланады. “Қорқыт Ата кітабы”- бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ аса көрнекті жазба ескерткіші. Бұл еңбекте тәлімдік мәні күшті афоризмдер, қанатты сөздер мен тағылымдық-танымдық идеялар, өсиет сөздер көптеп кездеседі. Кең даланы еркін мекендеп, салтанатты, салауатты өмір кешкен көшпенділер “Адамзат өмірінің мәні неде?” деген философиялық мәселеге ұрпақтар сабақтастығы адамзат тіршілігінің мақсаттарының бірі екендігі туралы түсінікке әкеліп салған. Қорқыт Ата мұрасындағы адам мәселесі, оның өмір сүру қағидалары, мақсат-мұраттары және қоғам мен ұлттық болмыс хақындағы әлеуметтік- тұрмыстық толғаныстарына алып келеді. Онда халқының болашағы, жалпы адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерді сақтау, тәлім-тәрбие, ата салтын, дәстүрін құрметтеу мен қастерлеу мәселелері сөз болды. Қорқыт Атаны жалпы түркі халықтарының мәдени-дәстүрінің негізін салушылардың бірі деп қарастыруға болады. Қорқыт ата дана-ақылшы ретінде, біріншіден, даналық толғаныстары мен тұжырымдары, өсиетнамалардан, ғибратнамалар арқылы көрінсе, екіншіден, жырларының идеясы мен ішкі формасынан, үшіншіден, әрбір жыр соңындағы қорытынды сөздерінің ақыл-кеңестері мен батасынан сезімдік сипатты тәлімдік-тәрбиелік ой толғаныстарынан байқатады. Қорқыттың этикалық әлемі-бұл қазақ халқы қоршаған табиғатқа, ұлы Отанға және оның батырлық өткеніне деген сүйіспеншілігін жиған ұрпақтардың жалғастырушы желісі, әдептілік дәстүрлердің тірі жалғасы, болашаққа сеніммен қараудың таусылмас қайнар көзі және даналықтың қазынасы. Ойшыл- сәуегейге жас та, кәрі де және одан өмірлік ауыртпалықтардан айығуға, жанына тыныштық және жүрек- теріне жылылық таба білді. Қорқыттың кеңестері далалықтардың қоғамдық өмірінде үлкен рөл атқарды, олар күні бүгінге дейін халық даналығы шоғырланған мақал мен мәтелдер ретінде қабылданады. Зерттеудің практикалық мәні: Ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес, Қорқыт ата нақыл сөздерінің мағнасына терең бойлап, практикалық қолдаста көркейуіне үлес қосу негізгі мақсатымыз. Іс жүзінде Қорқыт ата нақыл сөздерін терең зерттеп, ұрпақ бойына дарыту қажеттілігі туындап отыр. Біздің тұжырымға сәйкес, Қорқыт атаның нақыл сөздерін қолданысқа кеңінен енгізу мақсатында төмендегі жағдаяттар мен шешу жолдарын ұсынамыз:

  • Қорқыт атаның Нақыл сөздер атты және сол бөлімді қамтамасыз ететін кітап жарық көру;
  • Ғаламтор беттерінде қажетсіз жарнамалар орнына тәрбиелік мәні зор Қорқыт атаның нақыл сөздері қатыстырылған шағын видеомен қанатты сөздер жазылған парақшаларды көбейту;
  • Мектеп бағдарламасында қосымша сағат бөлініп, Қорқыт атаның қанатты сөздері мен оның идеясының қатпар қатпарымен таныстыру үшін, қосымша сабақтар өткізу;
  • Қорқыт атаның негізгі идеологясын түсінідру мақсатында семинар тренингтарын өткізу.

Қорқыттың мақал -мәтелдері

Қорқыт ата - түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеулердің көпшілігі Қорқыт ата Сырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды. Рашид әд-Дин “Жамиғ Ат-Тауарих” атты тарихи шежіресінде Қорқыт атаны қайы тайпасынан шыққан десе, Әбілғазының “Түрік шежіресінде” оның тегі баят екендігі, оғыздардың елбегі болып, 95 жасқа келіп қайтыс болғандығы айтылады. Сыр жағасына жақын жерде Қорқыт атаның зираты болғанын Ә. Диваев, т. б. ғалымдар өз еңбектерінде атап өтеді. Ә. Қоңыратбаевтың зерттеулерінде Қорқыт ата 11 ғасырдың басында дүниеден өткен делінсе, Ә. Марғұланның еңбектерінде ол 7 - 8 ғасыр аралығында өмір сүрді деген пікір айтылады. Қазақ философиясы тарихында Қорқыт ата- ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде көрінеді. [1. 16-20б] Бала кезден білетініміз, Қорқыт ата - өмірде болған адам. Дей тұрғанмен, жырдағы Қорқыт - аңыз-әңгімеге толы мифтік бейне. «Қорқыт ата былай деген екен…» деп басталатын нақыл сөздер көбіне-көп халық арасындағы мақал-мәтел мен қанатты сөздерге тым ұқсас келеді. Осының өзі-ақ дана бабаның атынан қарапайым халықтың өз арман-мұңдарын, ой-тілектерін қағазға түсіріп отырғанын аңғартады. [11. 40б] Сөзіміз дәлелді болуы үшін «Жазушы» баспасынан 1986 жылы жарық көрген «Қорқыт ата кітабы» атты жинақтағы «Қорқыттың нақыл сөздері» деген кіріспесін қарастырдық. Оның өзінде мақал мәтелерін жік-жікке бөліп қарастыруға болады. Әуелі Тәңір жайлы мақал -мәтелдерін айта кеткен жөн секілді. «Тәңірісі құрамаса, ешкімнің бірі екеу болмайды» дейді Қорқыт ата. Рас, басқа берген бақ та, бар да Тәңірінің жазуына байланысты. Сен қанша тыраштансаң да, Алла қаламаса, еңбегің өспейді де, өңбейді де. Осы тұста Қорқыт ата Жаратқанның құдіреті шексіз екенін дәріптеп тұрғандай. Заман ағымына ілесіп кеткен небір кеуделі адамдар «бірлерін» екеу қыла алмай, өз-өздерімен әлегіп, дал болып жатады. Тәңірдің қалауы олар үшін сенгісіз дүние себебі. Данагөй Қорқыт ата сондай адамдар үшін ақыл ретінде осы бір сөзін қалдырып кеткендей. [2. 37-43б] Келесіде «Менмен, тәкаппар адамды Тәңірі сүймейді» десе, енді бірде «Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға Тәңірі бақ бермейді», дейді. Өте орынды айтылған өсиет! « Қара жерге қара да бір, хан да бір» дегендей, жер басып жүргесін бәріміздің де дәрежеміз теңдей. Ал өзінің алдында меңмеңсіп, өркөкіректенетін адамдарды Алламыздың ұнатпасы анық. Жаратқан өзі жаратқасын адамдарға бақ бере ме, сор бере өз қалауында. Әрине, иманы жоғары ибалы жанға нұрын шашары анық. Қорқыттың да айтпағы осы іспеттес. Көпті көрген, көрегенді адам өзінің өмір айнасынан әр құбылысты саралай келе, шындықты осылай көрсетсе керек. Ол, сөзсіз, таза шындық. [1. 16-22б] «Тәңірі бәндесінің пешенесіне не жазса, сол болады». Дана Қорқыттың бұл сөзі «Адамның басы-Алланың добы» дегенмен пара-пар. Осы тұста тағы да Тәңірінің шексіз құдіретін тілге тиек еткен. «Бәнде»- біздіңше «пенде». Пешене-тағдыр. «Тағдырдан асып ешқайда кетпейсің» деген нақ осы! Сондай-ақ, өзге де тақырыптарға сай сөздері қалған: «Жігіт тірісінде Қаратаудай қылып, бір күн тыным көрмей дүние жияды, байиды. Бірақ соның ішінен ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді». Қорқыт атаның бұл сөзінен бір жағынан адам баласының еңбекқорлығын, тіршілік жасауын көрсек, екінші жағынан дүниеқоңыздылығын, ашкөздігін байқаймыз. [2. 33-35б] «Күлді қаншама үйгенмен төбе болмас». Адамның жақсы-жаман қасиеттеріне сай өте орынды айтылған сөз. Сөздің мән-мағынасын кез-келген нәрсемен теңестіріп қарауға болады. Мысалы, балаңды жұрттан қалдырмай қаншы асырап-бақсаң да, дұрыс тәрбие болмаса ол ертең дұрыс адам болмасы анық. Сол секілді, мал-мүлік, дүниені қанша жисаң да, ол адал түрде болмаса, ол сенің пайдаңа асары, қажетіңе толықтай жарары әсте мүмкін емес. Қорқыт ата өмірдің осындай кетіктерін көп сөзбен созбай-ақ, қысқа да нұсқа сөз өрнегімен жеткізсе керек. [1, 50б] Тағы бірде «Қара есектің басына жүген таққанмен-тұлпар болмас» дейді. Сөздің төркіні тереңде жатыр. Нақылды тура мағынасында алып қарасақ та айтайын деген ой жоғалмайды. Ауыспалы мағынада қарасақ та, ашты шыңдықты әдемі теңеумен астарлап бейнелейді. «Қорқыттың нақыл сөздері» атты кіріспедегі «Бисмиллаһи Рахмани Рахим» деп басталатын қасиетті сөздер Баку нұсқасында алынып тасталғандықтан, қазақша аудармасына да енгізбеуді жөн санағандарын қос ғалым ғылыми түсініктемелерінде ескерте кеткен. Бәлкім советтік қызыл идеологиядан қаймығулары оларды осы әрекетке итермелеген болар?![12. 13-14б] Демек, жырдың түпнұсқасы мен В. Бартольд аудармасы - Құранның қасиетті сөздерімен басталған деген сөз. Енді аталған кітаптағы «Қорқыттың нақыл сөздері» атты кіріспесінен тағы біраз мысал келтіріп көрелік:«…Қорқыт ата тағы не айтқан екен: «Аузымды ашсам, тіліме кәлима келеді. Аллаға - шексіз құрмет! Алланың досы, дініміздің егесі Мұхаммедке - құрмет!Сол Мұхаммедтің оңында тұрып дұға оқыған Әбубәкірдің аты өлмесін!…Құранның бетін ашып, «Ясин» сүресін оқығандарға құрмет!… Сөзі көктен түскен, ретімен тізіліп, тілімізді кәлимаға келтірген Құранға - құрмет!…Аласа жерге салынған Алланың үйі - Меккеге-құрмет!… Күндердің жақсысы - жұма өлмесін!… Бүкіл ғаламды жаратқан, теңдесі жоқ Аллаға - құрмет! Хан ием, көкте тұрған сол Алла бізге рахым етіп, жар болсын!» деген екен Қорқыт ата. [2. 80-88б] Иә, қазақ халқы үшін, жоқ, тегіс түркі халқы үшін өлмес, өшпес зор мұра қалдырған Қорқыт атаның нақыл сөздері, мақал-мәтелдері адамзат баласын ақылдылыққа, өмір сүруге жетелері анық. Тіпті, әр сөзінен қазіргі заманың бейесін көргендей боларымыз және бар. Осыған қарап Қорқыт атаны «Сол заманның көріпкелі» деп айтсақ та болады. Түрлі-түрлі мақалдарымен, нақылдарымен адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерін дәріптеп кеткендей.

Қорқыт атаның философиялық сөздері

Рухани өміріміздің тарихында бір дәуірдің болмыс-бітімін, таным- түсінігін айшықтай түсетін айрықша тұлғалар болды. Исламға дейінгі Тәңірлік дүниетанымның шашырап жатқан дерек көздерінің негізінде пайымдап, бас- аяғын жинақтауға әрекеттенер болсақ, оның бел ортасында тұрған дара тұлғаларды айналып өту мүмкін емес. Солардың бірі, бірегейі-түркі халықтарының арасында есімі ежелден танымал-Қорқыт ата. Шығыс Түркістаннан бастап Кіші Азияға дейінгі түркі халықтарының ауызша да, жазбаша да жәдігерлерінен ойып орын алған Қорқыт бейнесі бір ғана көркемдік дүниенің жеміс еместігі, мұның астарында берісі нақтылы тарихи тұлға, арысы тұтас қоғамдық-әлеуметтік, саяси, діни дүниетаным тамыр тартып жатқан дәуірлік құбылыс жатқандығы даусыз. Байыптап қарасақ, исламнан бұрынғы идеология мен таным-түсінікке қатысы бар тұлғалардың қуаттысы да, жұртшылыққа кеңінен мәшһүр болғаны да Қорқыт есімі. ҮІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген Қорқыт Ата-ежелгі түркілердің көрнекті ағартушысы, ойшылы, әрі ақын, сазгер, әрі күйші, тарихта ерекше рухани із қалдырған, халық даналығын жинаушы. Өзінің философиялық толғамдарында өмір мәселелерін көтерді. Мәңгі өлмеудің жолын қиялымен іздестіреді. Қорқыт ата поэма, күйлер шығарып, оны қобызда орындайтын болады. Сол себепті де “Қорқыт ата шығармаларын” “Қорқыт Ата кітабы” деп атайды. Себебі, Қорқыт Ата айтқан жырлар, дастандар жинақталып, 12 тараудан тұратын кітапта батырлық, елдік, адамгершілік туралы оқиғалар жырланады. “Қорқыт Ата кітабы”- бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ аса көрнекті жазба ескерткіші. Бұл еңбекте тәлімдік мәні күшті афоризмдер, қанатты сөздер мен тағылымдық-танымдық идеялар, өсиет сөздер көптеп кездеседі. Кең даланы еркін мекендеп, салтанатты, салауатты өмір кешкен көшпенділер “Адамзат өмірінің мәні неде?” деген философиялық мәселеге ұрпақтар сабақтастығы адамзат тіршілігінің мақсаттарының бірі екендігі туралы түсінікке әкеліп салған. Қорқыт Ата мұрасындағы адам мәселесі, оның өмір сүру қағидалары, мақсат-мұраттары және қоғам мен ұлттық болмыс хақындағы әлеуметтік- тұрмыстық толғаныстарына алып келеді. Онда халқының болашағы, жалпы адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерді сақтау, тәлім-тәрбие, ата салтын, дәстүрін құрметтеу мен қастерлеу мәселелері сөз болды. Қорқыт Атаны жалпы түркі халықтарының мәдени-дәстүрінің негізін салушылардың бірі деп қарастыруға болады. Қорқыт ата дана-ақылшы ретінде, біріншіден, даналық толғаныстары мен тұжырымдары, өсиетнамалардан, ғибратнамалар арқылы көрінсе, екіншіден, жырларының идеясы мен ішкі формасынан, үшіншіден, әрбір жыр соңындағы қорытынды сөздерінің ақыл-кеңестері мен батасынан сезімдік сипатты тәлімдік-тәрбиелік ой толғаныстарынан байқатады. Қорқыттың этикалық әлемі-бұл қазақ халқы қоршаған табиғатқа, ұлы Отанға және оның батырлық өткеніне деген сүйіспеншілігін жиған ұрпақтардың жалғастырушы желісі, әдептілік дәстүрлердің тірі жалғасы, болашаққа сеніммен қараудың таусылмас қайнар көзі және даналықтың қазынасы. Ойшыл- сәуегейге жас та, кәрі де және одан өмірлік ауыртпалықтардан айығуға, жанына тыныштық және жүрек- теріне жылылық таба білді. Қорқыттың кеңестері далалықтардың қоғамдық өмірінде үлкен рөл атқарды, олар күні бүгінге дейін халық даналығы шоғырланған мақал мен мәтелдер ретінде қабылданады. Оның қанатты сөзге айналған нақыл сөзі мынадай:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорқыт ата кітабы шығармасының зерттелуі
Қорқыт туралы ақиқат және аңыз
Қорқыт ата өмірі мен аңыздары
«Қорқыт ата кітабы» - тарихи мұра
Қорқыт жырлары
Қорқыт ата дастанындағы ұлттық идея
Қорқыт Атаның нақыл сөздерінің тағылымы және тәрбиелік идеялары
Түркі дүниесін зерттеп даңқы шықты. Академик В.В. Бартольдтің шығармашылық жолы, азаматтық келбеті
Қорқыт Ата жайында аңыздарда жетерлік
Қазақ мәдениетіндегі күй өнері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz