Білім беру мекемелері менеджментінің ғылыми қағидалары



1. Қазіргі менеджмент негізінде мектепті басқару принциптері
• Басқару принципі ұғымы, басқарудың негізгі және арнайы принциптері
• Қазіргі менеджменттің бастапқы принциптері

2. Мектепiшiлiк басқарудағы педагогикалық талдау

3. Білім менеджерінің басқарушылық функциялары
• Басқару принциптеріне түсінік, оларды жіктеу.
Басқару принципі дегеніміз – менеджмент субъектісінің басқару функцияларын жүзеге асыруда жетекшілікке алатын негізгі идеялары мен ережелері. Принциптердің сақталуы басқару заңдылықтарының орындалуын қамтамасыз етеді. Басқару принциптерін теориялық тұрғыдан айқындаған Ф.Тейлор, А.Файоль (20ғ.басы). Бұл ғалымдардың ұсынған принциптері: еңбек бөлінісі және мамандандыру, өкілеттіліктер, тәртіптілік, басқаруды орталықтандыру, іс-әрекеттер бірлігі, жеке мүдделердің ортаққа бағыныштылығы, еңбекке сыйақы төлеу, т.с.с. Басқару теориясының өзгерістерге ұшырап, әлеуметтік менеджменттің қалыптасу барысында (80-90 ж.ж.) жаңа принциптер пайда болды. Олар басқару ісіндегі негізгі бағытты әкімшілік ықпалдардан адамаралық қатынастарға ауыстырып, әлеуметтік-психологиялық тәсілдердің маңызын арттырды. Аталған принциптерді негізгі ала отырып, ғалымдар педагогикалық менеджмент теориясында бірқатар принциптерді ажыратып көрсетеді: мақсат нақтылығы (жоспарлау, ұйымдасытру, бақылау істерінің негізі ретінде); басқаруды гуманизациялау және демократиялау; біртұтастық және жүйелілік; ғылыми негізділік, объективтілік; т.б. Бұл принциптерді шартты түрде төрт үлкен топқа бөлуге болады:
1) Негізгі принциптер:
- жүйелілік – менеджменттің жүйеқұрушы компоненттерінің құрылымдық (мақсат, коммуникация, мазмұндық-ұйымдастырушылық, талдау-жинақтау) және функционалдық (жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау) бірлігін қамтамасыз етуді көздейді;
- мақсат нақтылығы – түпкілікті мақсаттың анық белгіленуін қамтамасыз етіп, барлық басқару функцияларының негізі болып табылады; (оны сақтамау оқыту процесіне үлкен пед.ж.әлеум.зиян келтіреді; «100пайыздық үлгерім» лозунгтік мақсат пен нақты жағдай арасындағы қайшылық). Мақсат болжауда ескерілетін маңызды факторлар: тиімділік, шынайылық (ақиқатқа сәйкестік), әлеуметтік маңыздылық, перспективтілік. Принциптің аспектісі – басқару объектісінің нақты жағдайы туралы толық және объективті ақпараттың болуы;
- ізгіліктік н/е гуманизм принципі – адамның тұлғалық құндылығын, оның құқығы мен бостандығын, қадір-қасиетін құрметтеуді талап етеді (өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік беру);
- кешенділік – басқару функцияларының (жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау) толық орындалуын қамтамасыз етеді; (практикада жоспар жақсы жазылып, орындалуы ұйымдасытырылмайды н/е реттеу ж. бақылау жүзеге асырылмайды);
- өзін-өзі жүйелі жетілдіру принципі – менеджменттің жаңа технологиялары мен озат тәжірибелерін пайдалану арқылы басқару жүйесін үнемі жетілдіруді көздейді (қазіргі кезде аса маңызды).
1. БАЯРЫСТАНОВА Э.Т. «БІЛІМДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ НЕГІЗДЕРІ»

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология факультеті
Қазақ тілі теориясы мен методикасы кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Білім беру мекемелері менеджментінің ғылыми қағидасы.

Орындаған: ФИ-311 тобының студенті
Рашкенова Айнұр
Тексерген: Жумашбекова С. К.

Семей
2015
Жоспар:
1. Қазіргі менеджмент негізінде мектепті басқару принциптері
* Басқару принципі ұғымы, басқарудың негізгі және арнайы принциптері
* Қазіргі менеджменттің бастапқы принциптері

2. Мектепiшiлiк басқарудағы педагогикалық талдау

3. Білім менеджерінің басқарушылық функциялары

1. Қазіргі менеджмент негізінде мектепті басқару принциптері

* Басқару принциптеріне түсінік, оларды жіктеу.
Басқару принципі дегеніміз - менеджмент субъектісінің басқару функцияларын жүзеге асыруда жетекшілікке алатын негізгі идеялары мен ережелері. Принциптердің сақталуы басқару заңдылықтарының орындалуын қамтамасыз етеді. Басқару принциптерін теориялық тұрғыдан айқындаған Ф.Тейлор, А.Файоль (20ғ.басы). Бұл ғалымдардың ұсынған принциптері: еңбек бөлінісі және мамандандыру, өкілеттіліктер, тәртіптілік, басқаруды орталықтандыру, іс-әрекеттер бірлігі, жеке мүдделердің ортаққа бағыныштылығы, еңбекке сыйақы төлеу, т.с.с. Басқару теориясының өзгерістерге ұшырап, әлеуметтік менеджменттің қалыптасу барысында (80-90 ж.ж.) жаңа принциптер пайда болды. Олар басқару ісіндегі негізгі бағытты әкімшілік ықпалдардан адамаралық қатынастарға ауыстырып, әлеуметтік-психологиялық тәсілдердің маңызын арттырды. Аталған принциптерді негізгі ала отырып, ғалымдар педагогикалық менеджмент теориясында бірқатар принциптерді ажыратып көрсетеді: мақсат нақтылығы (жоспарлау, ұйымдасытру, бақылау істерінің негізі ретінде); басқаруды гуманизациялау және демократиялау; біртұтастық және жүйелілік; ғылыми негізділік, объективтілік; т.б. Бұл принциптерді шартты түрде төрт үлкен топқа бөлуге болады:
1) Негізгі принциптер:
- жүйелілік - менеджменттің жүйеқұрушы компоненттерінің құрылымдық (мақсат, коммуникация, мазмұндық-ұйымдастырушылық, талдау-жинақтау) және функционалдық (жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау) бірлігін қамтамасыз етуді көздейді;
- мақсат нақтылығы - түпкілікті мақсаттың анық белгіленуін қамтамасыз етіп, барлық басқару функцияларының негізі болып табылады; (оны сақтамау оқыту процесіне үлкен пед.ж.әлеум.зиян келтіреді; 100пайыздық үлгерім лозунгтік мақсат пен нақты жағдай арасындағы қайшылық). Мақсат болжауда ескерілетін маңызды факторлар: тиімділік, шынайылық (ақиқатқа сәйкестік), әлеуметтік маңыздылық, перспективтілік. Принциптің аспектісі - басқару объектісінің нақты жағдайы туралы толық және объективті ақпараттың болуы;
- ізгіліктік не гуманизм принципі - адамның тұлғалық құндылығын, оның құқығы мен бостандығын, қадір-қасиетін құрметтеуді талап етеді (өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік беру);
- кешенділік - басқару функцияларының (жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау) толық орындалуын қамтамасыз етеді; (практикада жоспар жақсы жазылып, орындалуы ұйымдасытырылмайды не реттеу ж. бақылау жүзеге асырылмайды);
- өзін-өзі жүйелі жетілдіру принципі - менеджменттің жаңа технологиялары мен озат тәжірибелерін пайдалану арқылы басқару жүйесін үнемі жетілдіруді көздейді (қазіргі кезде аса маңызды).
2) Басқарудың арнайы принциптері:
- Басқаруды орталықтандыру мен өкілеттендіруді тиімді үйлестіру принципі - басқару шешімдерін қабылдауда өкілеттіліктерді дұрыс (тиімді) бөліп белгілеу;
- Бірыңғай басқару мен алқалық басқаруды дұрыс қолдана білу - түрлі деңгейдегі басшылардың пікірі негізінде ұжымдық шешім қабылдай білу;
- Ғылыми негізділік принципі - барлық басқару әрекеттері ғылыми бағыттар (ғылыми бағыт - НОТ, ғылыми фундамент, іріктеу; стратегиялық - келешекке бағыттау; антропоцентрлік - адамды құрметтеу, олардың сенімін, жауапкершілігін арттыру, потенциалының дамуына жағдай жасап барып, пайдалану) мен әдістерді (әкімшілік, әлеуметтік-психологиялық, экономикалық) қолдану негізінде жүзеге асырылуы тиіс;
- Жоспарлылық принципі - ұйымның келешекте даму жоспарын құру, оған жету жолдарын, бағыттарын, міндеттерді жоспарлау қажеттігі;
- Құқықтар мен міндеттердің, жауапкершіліктің үйлесімділігі - ұйымдағы әрбір қызметкердің атқаратын нақты іс-әрекеттері белгіліп, өз міндеттерінің орындалуы үшін жауапты болуы тиіс;
- Ынталандыру принципі - менеджер тарапынан мадақтау және жазалау жүйесі неғұрлым мұқият жүзеге асырылса, қызметкерлерді мақсатты іс- әрекетке ынталандыру бағдарламасы соғұрлым нәтижелі болады:
- Басқаруды демократияландыру принципі - басқару ісіне барлық қызметкерлерді қатыстыру.
* Қазіргі менеджменттің бастапқы принциптері
Білім мекемесін басқару туралы қалыптасқан дәстүрлі түсінік: басқару субъектісінің басқарылатын жүйені (объектіні) жаңа сапалы дәрежеге көшіру, жаңа жағдайға икемдеу үшін осы жүйеге әсер етуі; педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру элементтерін енгізу, т.б. Қазіргі кезде әсер ету философиясы өзара әсер ету, әрекеттестік, рефлексивті басқару философиясымен ауысып 32 отыр. Менеджмент теориясы, ең алдымен, өзінің тұлғаға бағыттылығымен ерекшеленеді: менеджер қызметі шынайы құрметтеу, әріптестерге сенімділікпен қарау, оларды табысты еңбекке ынталандыру негізінде жүзеге асырылады. Менеджмент үшін аса маңызды жағдайлар мыналар:
1. Ұйым - бұл ішкі және сыртқы орта факторларының бірлігінде қарастырылатын ашық жүйе.
2. Өнім мен қызметтің көлеміне емес, сапасына, тұтынушыларды қанағаттандыруға бағдарлану.
3. Басқаруға ситуациялық (жағдаяттық) көзқарас, сыртқы орта жағдайларына жылдам бейімделуді қамтамасыз ететін жедел және сәйкес әрекеттер басымдылығы.
4. Ұйым табыстылығының негізі көзі - қызметкерлердің білімі мен іскерліктері және оларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін еңбек жағдайлары.
5. Ұйымдық мәдениет пен жаңашылдықтың ролін арттыруға, қызметкерлерді ынталандыруға бағыттылған басқару жүйесі. Осындай жағдайларға байланысты қазіргі менеджменттің мынадай жаңа принциптерін атап көрсетуге болады:
- сыртқы ортадағы өзгерістерді мезгілінде есепке алу; бұл - басқарудың икемділігін қамтамасыз етеді;
- бейімделушілік іскерлік қарым-қатынас - өнім тапсырушылармен, тұтынушылармен, орындаушылармен, тапсырыс берушілермен нәтижелі қарым-қатынас орната білу;
- ниеттілік - қызметкерлердің қабілеттерін ашуға ықпал жасайтын жағымды атмосфера қалыптастыру;
- коммуникативтілік - ұйымда жоғарыдан төмен және көлденеңінен таралып жатқан нәтижелі коммуникациялар;
- жылыжүзділік - менеджерлердің қызметкерлермен адамаралық қатынастыр теориясы негізінде жылыжүзділікпен (жұмсақтықпен) әрекеттесуі;
- ынталандару - адамдармен әрекеттесуде олардың жұмыстан қанағаттанушылық сезімін тудыратын әдістерді қолдану;
- жауапкершілік - тиімді басқару мен корпоративтік мәдениеттіліктің міндетті шарты ретінде әрбір қызметкердің жауапкершілігін қалыптастыру;
- патернализм - қызметкерлердің ауқаттылығын арттыруға және олардың еңбек өмірінің сапасын көтеруге әкелік қамқорлық жасау;
- перспективтілік - ұйымның келешектегі орны мен рөлін анық түсіну; стратегиялық жоспарға сәйкес жұмыс жасау;
- өзін-өзі дамыту - жеке жұмыстың сапалылығын және тұлғаның өзін-өзі үнемі жетілдіруін қамтамасыз ету;
- келісімділік - менеджерлердің топтық жұмысқа тікелей қатысуы - өзара келісімділік пен біртұтастықтың негізгі шарты;
- табысқа (кіріске) үлестілік - әрбір қызметкердің жалпы нәтижелердегі (премия, девиденд, бонус) үлесі - материалдық мүдделілік құралы;
- адалдық - қоғамдық мораль нормаларын сақтау, адамдарға адалдықпен және сеніммен қарау;
- әдептілік - іскерлік әдептілік пен ұйымның ішкі философиясын сақтау.
2. Мектепiшiлiк басқарудағы педагогикалық талдау
Тұтас педагогикалық процестi басқару функцияларының бiрi педагогикалық талдау болып табылады. Педагогикалық талдау функциясын қазiргi ұғымда алғаш рет қолданып, мектепiшiлiк басқару теориясына енгiзген Ю. А. Конаржевский едi. Ғалымның пікірі бойынша, педагогикалық талдаудың мектептi басқару функциясы ретiндегi негiзгi қызметi педагогикалық процестiң даму тенденциялары мен жағдайын зерттеу, оның нәтижелерiн объективтi 34 бағалап, соның негiзiнде басқарылатын жүйелi жақсарту туралы ұсыныстар дайындау болмақ. Бұл функция - басқару циклының құрылымындағы ең күрделiсi, өйткенi, талдау зерттеу объектiсiн бөлшектеудi, оның әрқайсы-сының орны мен рөлiн бағалауды, жеке бөлiктен тұтас объектiнi тани алуды, жүйе құрушы факторлердiң байланысын анықтауды қамтиды. Педагогикалық талдау басқару циклы құрылымында ерекше орын алады: бiр- бiрiмен байланысқан функциялардан тұратын кез-келген басқару циклы талдаудан басталып, талдаумен аяқталады. Басқару қызметiнiң жалпы тiзбегiнен педагогикалық талдауды алып тастау оның күйреуiне жол бередi, өйткенi жоспарластыру, ұйым-дастыру, бақылау, реттеу функцияларына өз кезегiнде талдау жасалмаса ол логикалық қорытындыға жете алмайды. Педагогикалық талдау педагогикалық басқару процесiнде тiкелей емес, оқу- тәрбие барысында iске асырылатын болғанықтан мұғалiм сабақ, тәрбиелiк туралы өткiзер алдында соған тiкелей қатысты болатын педаго-гикалық жағдайдың негiзгi элементтерiн ескеруi және жан-жақты талдауы тиiс. Уақытынан кеш немесе шала-шарпы жүргiзiлген талдау мектеп директорының мақсатын белгiлеп, мiндеттердi айқындау кезеңде қателiкке, шашыраңқылыққа, көбiне негiзсiз шешiм қабылдауға душар етедi. Педагогикалық немесе оқушылар ұжымында шынайы жағдайды бiлмеу педагогикалық процесте және өзара қарым-қатынастарда дұрыс жүйе қалыптастыруда қиындықтар тұғызады. Педагогикалық талдаудың түрлерi мен мазмұны Мектепiшiлiк басқарудың теориясы мен практикасында Ю. А. Конаржевский, Т. И. Шамова және т.б.) педагогикалық талдаудың негiзгi түрлерi анықталған. Талдаудың субъектiсiне (не талданады) қарай оның көп-теген түрлерi кездеседi. Солардың арасынан параметрлiк, тақырыптық және қорытынды талдау деп аталатын үш түрдi бөлiп атауға болады. Параметрлiк талдау оқу процесiнiң барысы мен нәтижесi туралы күнделiктi мәлiмет жинап, ондағы кемшiлiктердiң себебiн анықтауға бағытталды. Параметрлiк талдау барысында тұтас педагогикалық процестiң барысына өзгерiстер мен түзетулер еңгiзiледi. Параметрлiк талдаудың мазмұны ағымдағы сабақ үлгерiмi, сыныптағы, мектептегi бiр күндiк, бiр апталық тәртiп, сабаққа, сыныптан тыс шараларға қатысу, мектептiң санитарлық жағдайы, сабақ кестесiнiң сақталуы және т.б. сияқты мәселелердi қамтиды. Соның iшiндегi мектеп директоры мен оның орынбасарларының негiзгi жұмысы сабаққа және сыныптан тыс шараларға қатысуы. Параметрлiк талдау нәтижелерiн тiркеп, жүйелеп, қорыту тақырыптың педагогикалық талдауға негiз қалайды. Осы тұрғыдан алғанда параметрлiк талдау - фактiлердi атап көрсету емес, оларды салыстыру, жинақтау, оның қалыптасу себебiн анықтап, соңғы салдарын болжау. Осындай талдау нәтижелерi және соның негiзiнде қабылданған шешiм шұғыл түрде iске асыруды қажет етедi. Тақырыптық талдау педагогикалық процестiң барысында барынша тұрақты ағымдар мен нәтижелердi зерттеуге бағытталады. Тақырыптық талдау мазмұны мынадай кешендi мәселелердi қамтиды: оқытудың озық әдiстерiн үйлестiру, оқушылардың бiлiм жүйесiн қалыптастыру; мұғалiмдердiң, сынып 35 жетекшiлерiнiң адамгершiлiк, эстетикалық, дене, ақыл-ой тәрбиесiнiң жүйесi; мұғалiмнiң педагогикалық мәдениетiнiң деңгейiн көтеру; мектепте инновациялық орта қалыптастырудағы педұжымның рөлi және т.б. Параметрлiк талдау негiзiне сүйене отырып, тақырыптық талдау барысында мектеп басшылары қорытынды талдаудың мазмұны мен технологиясын негiздейдi. Қорытынды талдау уақыт, кеңiстiк және мазмұн жағынан да барынша кең көлемдi қамтиды. Ол оқу тоқсаны, жарты жылдық, оқу жылының қорытындысымен өткiзiлiп, қол жеткен нәтижелер, олардың алғышарттарын оқып-үйренуге бағытталады. Қорытынды талдау басқару циклының барлық функцияларын қамтиды. Қорытынды талдау үшiн мәлiметтер параметрiн, тақырыптық талдау тоқсандық, жарты жылдық бақылау жұмыстары, мұғалiм- дер, сынып жетекшiлерi, қоғамдық ұйымдар ұсынған ресми есеп, анықтамалардан құралады. Педагогикалық талдаудың негiзгi объектiлерi Өз бойына балаларды оқыту мен тәрбиелеудiң барлық мақсаты, мiндетi, мазмұны, түрлерi мен тәсiлдерiн жинақтаған педагогикалық талдаудың негiзгi объектiсi ең алдымен сабақ, сыныптан тыс шаралар және мектептiң оқу жылының қорытындысы. Педагогикалық талдаудың барлық объектiсiн бiрiктiрушi - ортақ әдiстемелiк жүйе болып табылады. Мектептi басқарудың қызметi ретiнде педагогикалық талдаудың жүйелiк ыңғайының әдiстемесi мен қисыны мынадай әрекеттердiң сабақтастығынан аңғарылады:
- сабақты, тәрбиелiк шараларды немесе оқу жылына барынша жалпы жүйелiк бөлiгi ретiнде қарастыру, яғни олардың рөлiн сабақтар, тәрбиелiк шаралар жүйесiндегi және осы оқу жылын өтпек, болашақ оқу жылдарымен салыстырғанда алатын орнымен айқындау;
- педагогикалық ұжым, оның педагогикалық мәдениет деңгейi, мектептегi моральдiк-психологиялық ахуал және т.б.) тиiмдiлiгiн айқындайтын жиынтық факторларды табу;
- оқу жылында жоспарластырған жұмыстардың негiзгi бағыттарының мазмұны мен түрiн, әдебиеттiң мақсаттылығы мен негiздiлiгiн айқындау;
- оқу жылы бойындағы жұмыстың, сабақ, тәрбиелiк шаралар нәтижесiн талдау;
- оларды ұйымдастырудағы кемшiлiктер мен жетiстiктердiң негiзгi себептерiн айқындау;
- жаңа оқу жылында жүргiзiлетiн кешендi жұмыстарды жақсартуға ұсыныстар мен қорытындылар жасау. Мектеп басшыларының үнемi назарында болатын нысан - сабаққа қатысу және оған педагогикалық талдау жасау. Қатысқан сабақтың соңы оған жасалған талдаудың сапасына тiкелей әсер етеді. Мектеп басшыларының басқару қызметiнде сабаққа талдау жасаудың кеңейтiлген, қысқа және кезендiк түрлерi кеңiнен қолданылады. Сабаққа кеңейтiлген педагогикалық талдау жасау сабаққа қойылатын тәрбиелiк, дидактикалық, психология-лық, санитарлық-гигиеналық 36 талаптардың барлығына тоқталуды қажет етедi. Талдаудың бұл түрi жұмысты жаңа бастаған мұғалiмдерге, белгiлi бiр қиындыққа тап болған мұғалiмдерге немесе iс-тәжирибесi арнайы зерттелетiн мұғалiмдердiң сабағына баға беруде қолданылады. Сабаққа қысқа талдау жасау директор, оқу iсiнiң меңгерушiсi немесе әдiскер тарапынан ұсыныс не ескертпенi барынша объективтi етiп берудi талап етедi. Сабаққа қысқа талдау жасау - атүстi талдау, немесе сабаққа көз алдау үшiн қатысу емес, талдаудың бұл түрi мұғалiм тұлғасын жақсы бiлу, жоғары әдiстеменiң және басқару мәдениетiн талап етедi. Кезеңдiк талдау сабақтың белгiлi бiр кезеңiн, мысалы оқушылардың таным белсендiлiгiн артыруда көрнекiлiк қолдану, немесе мұғалiмнiң үй тапсырмасын тексеру жұмысы, немесе сабақ барысында оқушылармен топтық жұмыс жасау еркшелiгiн қамтиды. Мектеп басшысының талдамалық қызметiнде тәрбиелiк шараларға педагогикалық талдау жасау маңызды орын алады. Бұрын атап өтiлгендi, тәрбиелiк шаруалар iске асу процесiнде балалар қатысатын ұйымдық, пәндiк, шығармашылық әрекеттер сияқты бiр-бiрiмен өзара байланысты бiрнеше кезеңдерден тұрады. Тәрбиелiк шараларға педагогикалық талдау жасаудың қисыны оның кезендерiнiң бiрiздiлiкпен iске асуынан көрiнедi. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
“Білім беру мекемелері менеджментінің ғылыми қағидасы”. Баяндама. Оқу-танымдық үдерісінің және оқу-тәрбие үдерісінің менеджеріне қойылатын талаптар
Білім беру мекемелері менеджментінің ғылыми қағидасы. Педагогикалық менеджмент міндеттері
Білім беру мекемелері менеджментінің ғылыми қағидасы
Білім беру мекемелері менеджментінің ғылыми қағидасы жайлы
Нарықтық экономикадағы фирма менеджменті
Активті несиелік операциялар банк қарыз алушыға ссуда берген кезде
Менеджменттің ғылыми қағидалары; оқу-танымдық және оқу-тәрбие үдерісінің менеджерлеріне қойылатын талаптар
Банктің несиелік ресурстарын қалыптастырудың теориялық негізі
Сапа менеджментінің жүйелері
Банктік тәуекелді басқару
Пәндер