Бұқар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай (тарих және көркемдік шындық)



І. Бұқар жырау
ІІ. Бұқар шығармаларындағы абылай бейнесі
ІІІ. Абылай жайлы тарихи шындық
ІV. Қолданылған сілтемелер
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668-1781) – қазақтың ұлы жырауы, 18ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.
Бұқар жырау қазақ халқының Жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білді. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салды. Өзінің саяси-әлеум. мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналды. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап қалатын көсем тұрғысында үлкен сенім артты. Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет етті. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасады. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлады:
“Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай, Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай, Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай. Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам, Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай!”.
Осы бір шумақ жырда халық пен ханның байланыс-бірлігін қиыннан қиыстыра білген. Жыраудың “Абылай ханның қасында”, “Ал, тілімді алмасаң”, “Ай, Абылай, Абылай”, “Қазақтың ханы Абылай”, “Ханға жауап айтпасам”, “Басыңа біткен күніңіз”, “Ай, Абылай, сен он бір жасыңда”, “Ал, айтамын, айтамын” атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталады. Ал, “Садыр, қайда барасың?”, “Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға” деген жырларында ол ел болашағы, татулық мәселелерін сөз етеді. Бұқар Жыраудың Абылай хан саясаты жөніндегі байламды пікірлері де орнықты, әділ. Ол қасындағы Қытай мен Ресей туралы да ұстамды бағыт ұстанады
1. https://kk.wikipedia.org/wiki/Бұқар_жырау_Қалқаманұлы
2.http://www.writers.kz/journals/?ID=11&NUM=130&CURENT=1773&ARTICLE=3811
3. http://bigox.kz/kazak-ordasynyn-xany-abylaj-xan/

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Бұқар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай (тарих және
көркемдік шындық)

Тексерген: Қадыров А.К.
Орындаған: Мәсәлім Н.И.
Тобы: ФИ-403

Семей 2015
Жоспар
І. Бұқар жырау
ІІ. Бұқар шығармаларындағы абылай бейнесі
ІІІ. Абылай жайлы тарихи шындық
ІV. Қолданылған сілтемелер

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668-1781) – қазақтың ұлы
жырауы, 18ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы
әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.
Бұқар жырау қазақ халқының Жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы
қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі
мәселелерге өз жырларымен жауап бере білді. Осындай ауыр сәттерде Абылай
ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте
біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салды. Өзінің саяси-әлеум.
мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналды. Осы
мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық
бірлігін сақтап қалатын көсем тұрғысында үлкен сенім артты. Абылай хан да
сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай
қызмет етті. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір
ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың
өшпес әдеби бейнелерін жасады. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен
даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ
жырлады:
“Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай, Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-
ай, Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай. Үш жүзден үш кісіні құрбан
қылсам, Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай!”.
Осы бір шумақ жырда халық пен ханның байланыс-бірлігін қиыннан қиыстыра
білген. Жыраудың “Абылай ханның қасында”, “Ал, тілімді алмасаң”, “Ай,
Абылай, Абылай”, “Қазақтың ханы Абылай”, “Ханға жауап айтпасам”, “Басыңа
біткен күніңіз”, “Ай, Абылай, сен он бір жасыңда”, “Ал, айтамын, айтамын”
атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі,
алғырлығы мен білгірлігі сипатталады. Ал, “Садыр, қайда барасың?”,
“Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға” деген жырларында ол ел
болашағы, татулық мәселелерін сөз етеді. Бұқар Жыраудың Абылай хан саясаты
жөніндегі байламды пікірлері де орнықты, әділ. Ол
қасындағы Қытай мен Ресей туралы да ұстамды бағыт ұстанады. Соның арқасында
ата жауы Жоңғарлардың іштей іріп, азып-тозуы үшін ұтымды саясат қолдана
отырып тарих сахнасынан кетуіне қолайлы жағдай жасағанын мақтанышпен
жырлайды. Бұл орайда жырау Абылай ханды “әділдігі Наушаруандай, жомарттығы
Хатымдайдай” деп бейнелейді. Тіпті, ханның әділдігі мен адамгершілік
қасиеттерін де жоғары бағалай келіп, оның байлық-салтанатын “қырық мың атан
тарта алмас” деп сипаттайды. Мұның бәрін жырау ханның жас кезеңдерімен
тығыз байланыста алып қарастырады:
“Қырық жасқа келгенде, Алтынды тонның жеңі едің. Қырық беске
келгенде, Жақсы-жаман демедің. Елу жасқа келгенде, Үш жүздің баласының,
атының басын бір кезеңге тіредің!”.
Жырау жас мөлшерін сипаттағанда, бұрыннан келе жатқан дәстүрді ұстанып,
оның күш-қайратқа байланысты екенін, әсіресе, жастықтың шыңы жиырма бесті
шалқыта жырлайтыны бар. Алайда ол адамның жас кезеңдерін үнемі сол қалыпта
сипаттай бермей, оның ақыл-парасат, толысу, кемелдену тұрғысынан да алып
суреттейтінін де көреміз. Бұл орайда жырау жас сипаттамаларын Қожа Ахметше
жырлайтынын аңғартады:
“Отыз жасқа келгенде, Дүниедей кең едің. Отыз бес жасқа келгенде, Қара
судың бетінде, Сығылып аққан сең едің. Қырық жасқа келгенде, Алтынды тонның
жеңі едің... Елу бес жасқа келіпсің, Елу бес жасқа келгенде, Жақсы болсаң
толарсың,Жаман болсаң, маужырап барып соларсың”...
Жыраудың “Он екі айда жаз келер”, “Абылай ханның қасында”, “Ханға жауап
айтпасам” атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау,
отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғайды.
Бұл жырлардың үгіт-насихаттық, дидактикалық сипаты басым. Жыраудың табиғат
пен адам өмірін астастыра суреттейтін жырлары да мол: “Бұл, бұл үйрек, бұл
үйрек”, “Әлемді түгел көрсе де”, т.б. Осының бәрі жыраудың кәнігі шеберлігі
мен талғампаздығын танытады. Бұқар Жыраудың толғаулары, шын мәнінде, Абылай
дәуірінің айнасы. Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына
дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан да
қасынан бір елі қалдырмаған. Ақыл-ойға кемел “Көмекей әулие” Абылай ханның
дұрыс шешім, парасатты пайым қабылдауына, қос бүйірдегі екі алып
мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстауына, әскери дипломатиялық қарым-
қатынастарды реттеуге барынша ықпал жасайды. Заман келбеті, Отан тағдыры,
болмыс шындығы, ел тұтқасын ұстаған асқан қолбасшы, біртуар баїадүр, үздік
мәмілегер, зерделі мемлекет басшысы Абылай ханның жортуыл-жорық
күндеріндегі іс-қимылдары, ұлтының ұлы мұраттар жолындағы ізгі, жалынды
күресі — жырау мұраларында шынайы шыншылдықпен суреттеледі. Әсіресе, Бұқар
жырау толғауларында Ресей империясының отарлаушылық, басқыншылық саясаты,
зұлымдық әрекеттері әшкереленеді. 
Бірақ оның негізгі толғауларының көпшілігі Абылай хан жайлы болғанын
ұмытпайық.
Ай, Абылай, сен он бір жасыңда
Әншейін-ақ ұл едің.
Он бес жасқа келгенде
Арқада Әбілмәмбет төренің
Түйесін баққан құл едің,
Абылай атың жоқ еді,
Сабалақ атпен жүр едің.
Оны да көрген жерім бар.
Жиырма беске келгенде,
Бақыт берді басыңа,
Тақыт берді астыңа.
Отыз жасқа келгенде,
Дүниеге кең едің.
Отыз беске келгенде,
Қара судың бетінде
Шайқалып аққан сең едің.
Қырық жасқа келгенде
Алтын тонның жеңі едің.
Қырық беске келгенде,
Жақсы-жаман демедің.
Елу жасқа келгенде
Үш жүздің баласының
Атының басын бір кезеңге тіредің.
Елу бес жасқа келгенде,
Жақсы болсаң толарсың,
Жаман болсаң, маужырап барып соларсың.
Алпыс бес жасқа келгенде,
Әрбір атқа қонарсың.
Жыраудың осы толғауы адамның ішкі жан дүниесін еріксіз тербейді, ханның
қарсы алдында тұрып, оның кеше кім болғанын, қаймықпай жырлайды. Тіпті,
Сабалақ деген атпен түйе баққанын да, әншейін-ақ екінің бірі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай жайлы мәлімет
Бұқар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай тарих және көркемдік шындық туралы ақпарат
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
ХVІІІ ҒАСЫРДАҒЫ АҚЫН – ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ АБЫЛАЙ ХАН БЕЙНЕСІ
Жыраулар поэзиясындағы Абылай хан бейнесінің көрінісі
Бұқар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай
Қазақтың ханы Абылай
Бұқар жырау шығармаларымен таныстырудың әдістемесі
Асан қайғының шығармаларының зерттелуі
Қазақ әдебиетінде Абылай хан тұлғасының жасалу ерекшеліктері
Пәндер