Сұрыптау есептері, қою арқылы сұрыптау


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СРО

Тақырыбы: Сұрыптау есептері, қою арқылы сұрыптау .

Орындаған: Русланова А. Т-341

Тексерген: Болсынбекова Ш. Ж.

Семей қаласы,

2015 жыл

Жоспар:

  1. Сұрыптау.
  2. Таңдау, қою, алмастыру арқылы сұрыптау.
  3. Тізімді реттеу. Мысалдар.
  4. Сұрыптау әдістері

Сұрыптау (Селекция; selection; Сортировка; sorting) - массив элементтерін белгілі бір заңдылықпен орындарын ауыстырып реттеу процессін айтамыз. Мысалы, сандар массивін өсуі, кемуі бойынша сұрыптау, жолдар массивін алфавит бойынша сұрыптау және тағы басқа.

Сұрыптаудың мақсаты - элементтерді сұрыпталған жиында іздеуді жеңілдету. Массивтерді сұрыптау әдістеріне қойылатын негізгі талап - жадыны тиімді пайдалану.

Тиімді алгоритмі - in site (орнында) . Мынадай параметрлерді қамтиды: С (compare) - кілттерді алыстыруға қажетті сан. M (move) - элементтердің қажетті сілтемесі. С~N∙logN (салыстыру), мұндағы N - сұрыпталатын массив элементтерінің саны. C~N*N салыстыруды талап етеді. «Орнында» әдісін үш негізгі класқа бөлуге болады:

- таңдау арқылы сұрыптау;

- қою арқылы сұрыптау;

- алмастыру арқылы сұрыптау.

Таңдау арқылы сұрыптау - кілтінің мәні үлкен элемент таңдалады және соңғымен орын ауыстырылады. s-1 элемент үшін қайталанады. Табылған элемент соңғының алдындағы элементпен орын ауыстырады және т. б.

Қою арқылы сұрыптау - элементтер дайын реттелген және реттелмеген тізбекке бөлінеді. Реттелген бөлік басында бір ғана элементті сақтайды. Реттелмеген бөліктегі кезекті элемент реттелген бөліктегі жөні келетін орынға қойылады. Осылайша процесс реттелмеген бөлік босап қалғанға дейін жүреді. Оны былай көрсетуге болады:

for(i=2; i<size1; i++)

{

copy=arr[i] ;

/* arr[0], . . . , arr[i-1] массивінің сұрыпталған элементтерінің арасында қажетті жерге copy қою; */

}

Алмастыру арқылы сұрыптау - екі көршілес элементтердің орындарын алмастырып қою, алдымен көрші екі элемент салыстырылады.

Тізімді реттеу

Сұрыптау кез-келген түрдегі кестелерді (массивтерді) өңдеу алгоритміне жатады. Бұның мәні мынада: кесте элементтерін белгілі бір ретпен орналастыру. Сандық кестені сұрыптау - ондағы элементтерді оның нөмірінің өсуі немесе кемуі мәнімен орналастыру.

Мысалы

Мысал 1:
Мысал 1:: Элемент нөмірі
: 1
: 2
: 3
: 4
: 5
Мысал 1:: Кестенің бастапқы түрі
: 5
: 69
: 1
: 36
: 13
Мысал 1:: Өсу бойынша реттелген кесте
: 1
: 5
: 13
: 36
: 69
Мысал 2:
Мысал 2:: Элемент нөмірі
: 1
: 2
: 3
: 4
: 5
Мысал 2:: Кестенің бастапқы түрі
: 4
: 2(1)
: 17(1)
: 2(2)
: 17(2)
Мысал 2:: Өсу бойынша реттелген кесте
: 2(1)
: 2(2)
: 4
: 17(1)
: 17(2)

Мұндағы жақшада көрсетілген индестер бір мәнді элементтердің ретін көрсетеді.

Литерлік кестені сұрыптау - әдетте ондағы мәндерді алфавит бойынша орналастыру дегенді білдіреді.

Мысал 3:
Мысал 3:: Элемент нөмірі
: 1
: 2
: 3
: 4
: 5
Мысал 3:: Кестенің бастапқы түрі
: мир
: сон
: тур
: коль
: ель
Мысал 3:: Өсу бойынша реттелген кесте
: ель
: коль
: мир
: сон
: тур

Егер реттеген кезде бірдей мәнді элементтердің реті өзгермесе сұрыптаудың бұл түрі тұрақты болып табылады.

Сұрыптау әдістері

Сұрыптаудың бірнеше әдістері бар. Бұлардың барлық алгоритмдерден таңдап алыну себебі, біріншіден, жиі қолданылады, екіншіден, көптеген басқа алгоритмдер осылардың түрлі модификациялары болып табылады. Олар:

  • Сұрыптаудың көпіршікті әдісі
  • Сұрыптаудың шейкерлі әдісі
  • Сұрыптаудың хоор әдісі

Сұрыптаудың көпіршікті әдісі (ағылш. bubble sort ) - Сұрыптаудың жеңіл түрі.

Алгоритм

Мына сандармен массив алайық «5 1 4 2 8» және оларды өсуі бойынша сұрыптайық, әрине ол үшін көпіршік әдісін қолданамыз. Қарамен белгіленген элементтер, кмына этапта салыстырылып отырылған элементтер.

Бірінші жол:

( 5 1 4 2 8) ( 1 5 4 2 8), Мұнда алгоритм бастапқы екі элементті салыстырып, орындарын ауыстыруда.

(1 5 4 2 8) (1 4 5 2 8), Орындарын ауыстыруды, себебі 5 > 4

(1 4 5 2 8) (1 4 2 5 8), Орындарын ауыстыруды, себебі 5 > 2

(1 4 2 5 8 ) (1 4 2 5 8 ), Енгді әрбір элемен өз орнында тұрған себебінен (8 > 5), алгоритм алгоритм олардың орнын ауыстырмайды.

Екінші жол:

( 1 4 2 5 8) ( 1 4 2 5 8)

(1 4 2 5 8) (1 2 4 5 8), Орындарын ауыстыруды, себебі 4 > 2

(1 2 4 5 8) (1 2 4 5 8)

Енді алгоритм толықтай сұрыпталды, бірақ программа оған көзі жеткен жоқ. Сол себепті Программа тағы бір толыл жол өткізеді.

Үшінші жол:

( 1 2 4 5 8) ( 1 2 4 5 8)

(1 2 4 5 8) (1 2 4 5 8)

Сұрыптаудың шейкерлі әдісі - ретсіздіктен құтылу арқылы сұрыптау

Бұл әдіс 1959 жылы Donald Lewis Shell авторының атынан ұсынылды. Бұл алгоритмнің негізгі мәні мынада:

  • Массивтегі ретсіздіктен құтыламыз;
  • Бір-бірінен алшақ орналасқан элементтерді салыстырамыз;
  • Салыстырып отырған интервалдар бірте-бірте кемиді;
  • Соңғы қадамдарды элементтер жай ғана орые алмастырумен шектеледі.

Сұрыптаудың хоор әдісі - сұрыптаудың әдісі.

Бұл әдісті 1962 жылы Charles Antony Richard Hoare ұсынды. Оны басқаша лездік сұрыптау деп те атайды. Бұл әдістің мәні мынада: тізбектің оны екі бөлікке бөлетіндей элементін табу; бөлгіштен кіші және бөлгіштен кіші емес элементтерге. Бұл әдісті көптеген жолдармен іске асыруға болады.

Қолданылған әдебиеттер:

  • «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев - Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  • Бурин Е. А. Программирование на языке Турбо Паскаль. А., 2000.
  • Вирт Н. Алгоритмы инструктуры данных.
  • Досмайлов Т. К. Паскаль программалау тілі. А., 1996.
  • Кнут Теория алгоритмов.
  • Матросов В. Л. Теория Алгоритмов.
  • Семашко Г. Л., Салтыков Г. Л. Программирование на языке Паскаль. М., 1988.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұрыптау есептері. Таңдау арқылы сұрыптау
Сұрыптау есептері. қою арқылы сұраптау
Сұрыптау есептері
Массивтерді сұрыптаудың қарапайым алгоритмдері
Информатика пәнінен лекциялық сабақтардың тезистері
Сұрыптау есептері. Сұрыптау алгоритмдері
Сұрыптау есептері. Сұрыптау алгоритмі
Аталық малды ұрпағының сапасы бойынша сұрыптау
Сұрыптау есептері, сұрыптау алгоритмдері туралы ақпарат
Бір өлшемді массивтерді сұрыптау алгоритмдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz