Оқушыларға құқықтық тәрбие беруге байланыстыжүргізілген педагогикалық тәжірибе жұмыстары



МАЗМҰНЫ

1.Тарау. Құқықтың тәрбиелік мәні.
1.1. Қазақ ауыз әдебиетіндегі құқықтық нормалар

1.2. Қазақ халқының салт.дәстүрлеріндегі құқықтық тәрбие мәселесі.

2.Тарау. Оқушыларға құқықтық тәрбие

беруге байланыстыжүргізілген

педагогикалық тәжірибе жүмыстары.

2.1. Оқушылардың құқықтық және ұжымдық дәстүрлері.
2.2.Құқықтық әдеп және тәрбие туралы оқушылардың білімдерін анықтау, қалыпқа келтіру.

3.Қорытынды.

4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
К І Р І С П Е.

Тақырыптың өзектілігі:
Еліміздің егемендік алып,қоғамдық өмірдің барлық салаларында,соның ішінде,білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті қазіргі кезеңдегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Қазақстан Республикасы Президентінің халқымызға арналған Жолдауында басшылықпен бүкіл қауымның алдына қойған өрелі талаптары да осы жөнінде: «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп,кемелденеді,біздің бабаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ата-бабасынан алған мұрасын игеріп, өз ұрпағының жауапты да, жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады.Олар бейбіт,абат,жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады,»-делінген.
ХХІ-ғасыр елімізге айтарлықтай өзгеріс әкеліп, қоғамымыз дамудың сан-қилы сатысынан өтіп, өркениетті елдерінің қатарына қосылады деп күтілуде.
Жеке тұлғаның қалыптасып, ой-өрісінің дамуында белсенділігінің артып, қоршаған ортаны танып, білуінде және алған білімдерін іс-тәжірибеде қолдана білуінде негізгі орын алып, оқушыларды шығармашылыққа жетелейтін іс-әрекеттердің бірі – оқушылардың сабақ барысында және сабақтан тыс кездерде орындайтын өзіндік жұмыстары.
Егеменді ел болып, өркенниетті даму жолын таңдаған қазақ мемлекетінің мақсатының алдында тұратын негізгі мақсаттарының бірі – жас ұрпақты,білімді,тәрбиелі және қазақ халқының адал азаматтары етіп тәрбиелеу болып табылады. Соның бірі қазақ халқының қазақ халқының ғасырлар бойы дамып қалыптасқан құқықтық нормалары, негізінен, еркіндік әдебі мен тыйым, талап қою дәстүрлерімен ұштасып жатады. Әдептілік, имандылық, қайырымдылық, мейірімділік әрекеттері салтқа айналған халқымыздың құқықтық санасы оны иманды халық дәрежесіне жеткізген болатын.
Бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қатысты ең күрделі мәселе ұлттық және жалпы адамзаттың мәдени мұраларды жас өспірімнің бойына ізгі қасиеттерді сіңіріп, ұлттық сана сезімін қалыптастыру, рухани байлығын өсіру болып отыр.Сондықтан, бүгінгі таңда жас ұрпақты халықтың тәрбие негізінде тәрбиелеу үшін халқымыз соған сәйкес құқықтық жүйе қалыптастырды да, құқықтық идеологияны (насихат, өсиет, өнеге) өмір биігіне ту етіп көтере біліп, қазақ мектебінің сыныптарына енгізу мүмкіндіктерін зерттеу өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Осыған орай, қазақ халқында құқықтық парыз – ұлттық салт-сананың тәлімдік әдептілік әерлі үрдісі. Ата-анаға, Отанға қызмет ету парызы – перзенттік парыз деп аталады. Ата-ананың, халқының адал перзенті болу - әрбір азаматтың ар-ұждандық міндеті, өмірдегі бақыты. Әрбір перзенттің ата-ана мен Отан алдындағы міндеттері ықыласты, жауапкершілік арқылы күрделене қалыптасып, заңды іс-әрекеттің қажеттілік мәніне – парызға айналады. Біздің мақсатымыз әркімнің ар-ұжданы перзеттік парызды өтеуге бейімделіп қалыптасқан адамгершілік қасиеттерді халық педагогикасынан айқын көріп, бүгінгі күн тұрғысынан ғылыми-теориялық сипаттама беру, олардың өзара үндестігін айқындау болып отыр.
Әр қоғамның өзіне тән идеологиясы болатындығын ескерсек, біздің әлі күнге дейін қол жеткізе алмай келе жатқан кемшіл тұсымыз дүниетанымы мен көзқарасы өзгерген жастар қауымын жетелеп, дұрыс жолға салып жіберетіндей жаңа тәлім-тәрбие бағытының осалдығы дер едік. Жастар тәрбиесімен түбегейлі айналысып жүрген мамандар қауымы да мұны жоққа шығармайды. Жылдан-жылға күрделеніп бара жатқан жастар арасындағы тәлім-тәрбие жұмыстарын заман талабына сай жүйеге бейімдеу мақсатында өткізіліп жүрген алқалы жиындардың да оңды нәтижеге қол жеткізбей, жай әңгіме деңгейінен аса алмай қалатындығының астарында айналып өтуге болмайтын осындай ақиқат себептер бар сияқты, осының барлығы қоғамдағы әл-ауқат деңгейінің ахуалына көп байланысты. Сондықтан да халықтың әдет-ғұрыптары, жөн-жоралғылары, кәделері ұжымдық, қауымдық, топтық дәстүрлері құқықтық міндеттер мен уәждерді орындау қажеттілігін іске асыру тәжірибелері өмірге айқын ендіру қажеттігі туындайды.
. Құқық – жеке тұлғаның өз ерік-қайрат, жігерімен еркіндік ниетін іске асыруы, ол қоғам қабылдаған шешім, әлеуметтік өмірде қалыптасқан әдеп, ереже, нұсқа бойынша іске асатын әрекет еркіндігінің көрінісі.
Еркіндік ерікті қозғалыстан басталады. Саналы тіршілік иесінің іс-әрекеті мақсатты болады. Мақсатты тірлік өмір сүріп отырған ортаға байланысты қисынды ой шешімімен орындалады. Әрбір іс-әрекет еркіндікке кедергілерді жеңу жолында тәуелді, тәуелсіз қимылдар жасап, иесін мақсатқа жеткізеді. Адамның іс-әрекеті ерікке, санаға тәуелді. Еріктің беріктігін тәрбиелеу үшін, еркіндіктің саналы әрекеті өмір тәжірибесіндегі гумандық (адамгершілік) іс-әрекеттер арқылы қалыптасады. Сөйтіп ол әлеуметтік мәнде құқықтық сана болады.
Ерік – адамның қажеттілікті саналы түрде танып, сол қажеттілікке жету әрекеті үшін шешім қабылдауы, өзін-өзі билей алуы. Ол үшін адамның іс-әрекетінде жүйелі тәртіп болу керек. Қалыптасқан жүйелі тәртіп ережелері – құқықтың негізі болып табылады. Құқық - өмір заңына айналған, заңды құбылыс.
Әрине, құқықтық әкімшілік, тұрмыстық, мүліктік қатынасқа байланысты, отбасылық, еңбектік, діндік қасиеттері бар. Бұлардың бәрі құлдық, феодалдық, капиталистік, демократиялық қоғамда таптық ерекшеліктерін көрсетеді. Ал,қазақтың ұлттық салт-сана дәстүрлері мен әдебиетінде таптықтан гөрі ұлттық, жалпы адами және адамгершілікке бейімделген құқықтық нормаларды айқындап айта аламыз.
Салауатты болашақтың ұрпақтарына білім мен тәрбие беретін ұстаздар жоғары оқу орындарында білім алып сезініп,жақсы маман болып шығу үшін оқыту әдістеріне «әдеп әліппесі», «әдептілік негіздері», «әдеп және жантану» дәстүрлері құқықтану, дүниетану сабақтарымен сабақтасып құқықтық тәрбиелік мақсаттарын мазмұнды орындауға себепші болады. Келешек ұрпаққа құнды мен құнсыздың айырмашылығын таныстыру біздің міндетіміз, ұрпағымыздың болашағы жарқын болуы үшін өнегелі тұлға қалыптастыруда рухани құндылығымызды таныта білейік.
Өйткені Абай үмітін болашаққа жүктеп:»Арттағыға сөз қалсын,мендей ғарып кез болса,Мойын салсын,ойлансын, Қабыл көрсе сөзімді,Кім таныса сол алсын» дейді.

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ.

Ғылыми жұмысты комплексті жоспарлау ең алдымен тақырыптың мазмұнын, ерекшелігін ашу, осы тақырыпқа байланысты қызығушылығын арттыру, оқушылардың жеке ерекшелігіне, яғни меңгеру мүмкіндіктеріне,тәрбиелік жағына ерекше көңіл бөле отырып, бүгінгі күн тұрғысынан ғылыми-теориялық сипаттама бере отырып, ұлт мектептеріндегі оқу – тәрбие жұмысының ерекшеліктерін ашып көрсету.

Зерттеу жұмысының міндеті.

1.Психологиялық-педагогикалық әдістемелерге шолу жасау.
2.Қазақ халқының ауыз әдебиетінің, салт-дәстүрлерінің құқықтық және тәрбиелік мәнін көрсетіп, бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік талаптарға байланысты ғылыми-теориялық талдау жасау.
3.Жинаған әдебиеттерге сүйене отырып, жұмыстың теориялық бөлімін жүзеге асыру,қорытындылау.
4.Дипломдық жұмыстың методологиялық негізіне сүйене отырып,тиімді әдіс тәсілдерді қолдана отырып, практикалық білімін жүзеге асыру, қорытындылау.
5.Қазіргі кездегі адамдардың құқықтық нормаларын іздестіруге арналған философиялық, психологиялық, этикалық және педагогикалық әдебиеттерді талдай отырып, оларда көтерілген мәселелердің мән-жайына шолу жасау.
6. Оқушылардың өзара қарым-қатынасын құқықтық міндеттер негізде ұйымдастыру істерін бақылай отырып, оларды теориялық жағынан талдау.
7. Оқушылардың ар-ұждан құқығын меңгеруде бірлесіп жүргізетін істерін онан әрі өрістетіп отыруда қолданылған тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1.Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. –А.,1991.
2.Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. –Алматы,Қазақ университеті, 1989.
3.Айтмамбетова Б., Бозжанова К.,т.б. Балаларды семьяда адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. –Алматы, 1985.
4.Айғабылова Н.Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары.-А., Өнер. 1972.
5.Әбенбаев С.Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі.-А., 1999.
6.Әбдіразақов Е.Адамгершілік, имандылық тәрбиесі.-Шымкент 1994.
7.Әбілова З.Этнопедагогика. –А.,1997.
8.Бержанов Қ.Б.,Мусин С. Педагогика тарихы. А.,1971.
9.Бержанов Қ.Тәрбие мен оқытудың бірлігі. –Алматы,1973.
10.Безкаравайный С.,Жұмабаев А.Мектепте өткізілетін тарихи әдеби кештер. –А.,Мектеп,1968.
11.Дүйсенбинова. Адамгершілік тәрбиесіне айқын бағыт. Қазақстан мектебі. 7-1991.
12.Егембердиев Ж.Мектеп жұмысын жоспарлау. /Методикалық ұсыныстар/. –А., -Мектеп,1975.
13.Жақыпов А.Өнеге өрісі –А.,Мектеп,1975.
14.Ильина Т.Педагогика, -М.,1984.
15.Қалиев С,Базилов Ж.Қазақ халқының салт-дәстүрлері. –Алматы ,1993.
16.Қазақ совет энциклопедиясы. Ғылым 1976-1980.
17.Қалиев С.Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздерімен тарихы. А.,Рауан,1988.
18.Қоянбаев Ж,Қоянбаев Р. Педагогика. – Астана,1998.
19Мурзалин С. Рухани байлық –А., /Қазақстан,1998.
20.НұрлановаГ. Орта ғасыр ғұламаларының тәрбие тағылымдары.-Алматы, //Қазақстан мектебі,№7.2003.
21.Нысанбаев Ә.,Әбжанов Т. Ой. Ақыл. Адамгершілік.-А.,Білім,1994.
22.Нұрғалиев Р. Алыптар қайта оралғанда.Қазақ коммунисі журналы.1985.
23.Қазақтың тәлімдік ой-пікірлер антологиясы. І –том.
24.Педагогическая энциклопедия. М.Просвещение,1966.
25.Симбаев А. Қазақстан мектебінің тарихы. Алматы.,Мектеп,1973.
26Харламов И.Ф. Педагогика.2000.
27.Сабыров Т.С. Ақыл-ой тәрбиесі. –А.,Мектеп,1973.
28.Ушинский К. Адам – тәрбие нысанасы.Таңдамалы шығармалары.Орыс тілінде,8 т.
29.Ұстаздың шеберлікке жету жолдары. Нұржанова Ж.-А.,1991.
30.Табылдиев Ә. Халық тағлымы. Алматы.1992. Әдеп әліппесі. Алматы,1997; Қазақ этнопедагогикасы. Алматы, 2001.
31.Жарықпаев Қ.,Табылдиев Ә. !деп және жантану. Алматы,1994.
32.Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасындағы құқық тәрбиесі. Алматы,2003.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

1.Тарау. Құқықтың тәрбиелік мәні.
1. Қазақ ауыз әдебиетіндегі құқықтық нормалар

2. Қазақ халқының салт-дәстүрлеріндегі құқықтық тәрбие мәселесі.

2.Тарау. Оқушыларға құқықтық тәрбие

беруге байланыстыжүргізілген

педагогикалық тәжірибе жүмыстары.

2.1. Оқушылардың құқықтық және ұжымдық дәстүрлері.
2.2.Құқықтық әдеп және тәрбие туралы оқушылардың білімдерін анықтау,
қалыпқа келтіру.

3.Қорытынды.
4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

К І Р І С П Е.

Тақырыптың өзектілігі:
Еліміздің егемендік алып,қоғамдық өмірдің барлық салаларында,соның
ішінде,білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті қазіргі
кезеңдегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Қазақстан Республикасы Президентінің халқымызға арналған Жолдауында
басшылықпен бүкіл қауымның алдына қойған өрелі талаптары да осы жөнінде:
Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп,кемелденеді,біздің бабаларымыз бен
немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ата-бабасынан алған мұрасын
игеріп, өз ұрпағының жауапты да, жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы
мықты өкілдері болады.Олар бейбіт,абат,жылдам өркендеу үстіндегі, күллі
әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады,-делінген.
ХХІ-ғасыр елімізге айтарлықтай өзгеріс әкеліп, қоғамымыз дамудың сан-
қилы сатысынан өтіп, өркениетті елдерінің қатарына қосылады деп күтілуде.
Жеке тұлғаның қалыптасып, ой-өрісінің дамуында белсенділігінің артып,
қоршаған ортаны танып, білуінде және алған білімдерін іс-тәжірибеде қолдана
білуінде негізгі орын алып, оқушыларды шығармашылыққа жетелейтін іс-
әрекеттердің бірі – оқушылардың сабақ барысында және сабақтан тыс кездерде
орындайтын өзіндік жұмыстары.
Егеменді ел болып, өркенниетті даму жолын таңдаған қазақ мемлекетінің
мақсатының алдында тұратын негізгі мақсаттарының бірі – жас
ұрпақты,білімді,тәрбиелі және қазақ халқының адал азаматтары етіп тәрбиелеу
болып табылады. Соның бірі қазақ халқының қазақ халқының ғасырлар бойы
дамып қалыптасқан құқықтық нормалары, негізінен, еркіндік әдебі мен тыйым,
талап қою дәстүрлерімен ұштасып жатады. Әдептілік, имандылық, қайырымдылық,
мейірімділік әрекеттері салтқа айналған халқымыздың құқықтық санасы оны
иманды халық дәрежесіне жеткізген болатын.
Бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қатысты ең күрделі мәселе ұлттық және жалпы
адамзаттың мәдени мұраларды жас өспірімнің бойына ізгі қасиеттерді сіңіріп,
ұлттық сана сезімін қалыптастыру, рухани байлығын өсіру болып
отыр.Сондықтан, бүгінгі таңда жас ұрпақты халықтың тәрбие негізінде
тәрбиелеу үшін халқымыз соған сәйкес құқықтық жүйе қалыптастырды да,
құқықтық идеологияны (насихат, өсиет, өнеге) өмір биігіне ту етіп көтере
біліп, қазақ мектебінің сыныптарына енгізу мүмкіндіктерін зерттеу өзекті
мәселенің бірі болып табылады.
Осыған орай, қазақ халқында құқықтық парыз – ұлттық салт-сананың
тәлімдік әдептілік әерлі үрдісі. Ата-анаға, Отанға қызмет ету парызы –
перзенттік парыз деп аталады. Ата-ананың, халқының адал перзенті болу -
әрбір азаматтың ар-ұждандық міндеті, өмірдегі бақыты. Әрбір перзенттің ата-
ана мен Отан алдындағы міндеттері ықыласты, жауапкершілік арқылы күрделене
қалыптасып, заңды іс-әрекеттің қажеттілік мәніне – парызға айналады. Біздің
мақсатымыз әркімнің ар-ұжданы перзеттік парызды өтеуге бейімделіп
қалыптасқан адамгершілік қасиеттерді халық педагогикасынан айқын көріп,
бүгінгі күн тұрғысынан ғылыми-теориялық сипаттама беру, олардың өзара
үндестігін айқындау болып отыр.
Әр қоғамның өзіне тән идеологиясы болатындығын ескерсек, біздің әлі
күнге дейін қол жеткізе алмай келе жатқан кемшіл тұсымыз дүниетанымы мен
көзқарасы өзгерген жастар қауымын жетелеп, дұрыс жолға салып жіберетіндей
жаңа тәлім-тәрбие бағытының осалдығы дер едік. Жастар тәрбиесімен түбегейлі
айналысып жүрген мамандар қауымы да мұны жоққа шығармайды. Жылдан-жылға
күрделеніп бара жатқан жастар арасындағы тәлім-тәрбие жұмыстарын заман
талабына сай жүйеге бейімдеу мақсатында өткізіліп жүрген алқалы жиындардың
да оңды нәтижеге қол жеткізбей, жай әңгіме деңгейінен аса алмай
қалатындығының астарында айналып өтуге болмайтын осындай ақиқат себептер
бар сияқты, осының барлығы қоғамдағы әл-ауқат деңгейінің ахуалына көп
байланысты. Сондықтан да халықтың әдет-ғұрыптары, жөн-жоралғылары, кәделері
ұжымдық, қауымдық, топтық дәстүрлері құқықтық міндеттер мен уәждерді
орындау қажеттілігін іске асыру тәжірибелері өмірге айқын ендіру қажеттігі
туындайды.
. Құқық – жеке тұлғаның өз ерік-қайрат, жігерімен еркіндік ниетін іске
асыруы, ол қоғам қабылдаған шешім, әлеуметтік өмірде қалыптасқан әдеп,
ереже, нұсқа бойынша іске асатын әрекет еркіндігінің көрінісі.
Еркіндік ерікті қозғалыстан басталады. Саналы тіршілік иесінің іс-
әрекеті мақсатты болады. Мақсатты тірлік өмір сүріп отырған ортаға
байланысты қисынды ой шешімімен орындалады. Әрбір іс-әрекет еркіндікке
кедергілерді жеңу жолында тәуелді, тәуелсіз қимылдар жасап, иесін мақсатқа
жеткізеді. Адамның іс-әрекеті ерікке, санаға тәуелді. Еріктің беріктігін
тәрбиелеу үшін, еркіндіктің саналы әрекеті өмір тәжірибесіндегі гумандық
(адамгершілік) іс-әрекеттер арқылы қалыптасады. Сөйтіп ол әлеуметтік мәнде
құқықтық сана болады.
Ерік – адамның қажеттілікті саналы түрде танып, сол қажеттілікке жету
әрекеті үшін шешім қабылдауы, өзін-өзі билей алуы. Ол үшін адамның іс-
әрекетінде жүйелі тәртіп болу керек. Қалыптасқан жүйелі тәртіп ережелері –
құқықтың негізі болып табылады. Құқық - өмір заңына айналған, заңды
құбылыс.
Әрине, құқықтық әкімшілік, тұрмыстық, мүліктік қатынасқа байланысты,
отбасылық, еңбектік, діндік қасиеттері бар. Бұлардың бәрі құлдық,
феодалдық, капиталистік, демократиялық қоғамда таптық ерекшеліктерін
көрсетеді. Ал,қазақтың ұлттық салт-сана дәстүрлері мен әдебиетінде
таптықтан гөрі ұлттық, жалпы адами және адамгершілікке бейімделген құқықтық
нормаларды айқындап айта аламыз.
Салауатты болашақтың ұрпақтарына білім мен тәрбие беретін ұстаздар
жоғары оқу орындарында білім алып сезініп,жақсы маман болып шығу үшін оқыту
әдістеріне әдеп әліппесі, әдептілік негіздері, әдеп және жантану
дәстүрлері құқықтану, дүниетану сабақтарымен сабақтасып құқықтық тәрбиелік
мақсаттарын мазмұнды орындауға себепші болады. Келешек ұрпаққа құнды мен
құнсыздың айырмашылығын таныстыру біздің міндетіміз, ұрпағымыздың болашағы
жарқын болуы үшін өнегелі тұлға қалыптастыруда рухани құндылығымызды
таныта білейік.
Өйткені Абай үмітін болашаққа жүктеп:Арттағыға сөз қалсын,мендей
ғарып кез болса,Мойын салсын,ойлансын, Қабыл көрсе сөзімді,Кім таныса сол
алсын дейді.

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ.

Ғылыми жұмысты комплексті жоспарлау ең алдымен тақырыптың мазмұнын,
ерекшелігін ашу, осы тақырыпқа байланысты қызығушылығын арттыру,
оқушылардың жеке ерекшелігіне, яғни меңгеру мүмкіндіктеріне,тәрбиелік
жағына ерекше көңіл бөле отырып, бүгінгі күн тұрғысынан ғылыми-теориялық
сипаттама бере отырып, ұлт мектептеріндегі оқу – тәрбие жұмысының
ерекшеліктерін ашып көрсету.

Зерттеу жұмысының міндеті.

1.Психологиялық-педагогикалық әдістемелерге шолу жасау.
2.Қазақ халқының ауыз әдебиетінің, салт-дәстүрлерінің құқықтық және
тәрбиелік мәнін көрсетіп, бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік талаптарға байланысты
ғылыми-теориялық талдау жасау.
3.Жинаған әдебиеттерге сүйене отырып, жұмыстың теориялық бөлімін жүзеге
асыру,қорытындылау.
4.Дипломдық жұмыстың методологиялық негізіне сүйене отырып,тиімді әдіс
тәсілдерді қолдана отырып, практикалық білімін жүзеге асыру, қорытындылау.

5.Қазіргі кездегі адамдардың құқықтық нормаларын іздестіруге арналған
философиялық, психологиялық, этикалық және педагогикалық әдебиеттерді
талдай отырып, оларда көтерілген мәселелердің мән-жайына шолу жасау.
6. Оқушылардың өзара қарым-қатынасын құқықтық міндеттер негізде
ұйымдастыру істерін бақылай отырып, оларды теориялық жағынан талдау.
7. Оқушылардың ар-ұждан құқығын меңгеруде бірлесіп жүргізетін істерін онан
әрі өрістетіп отыруда қолданылған тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар
жүргізу.

Зерттеу әдістері
1.Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау.
2.Логикалық, аналитикалық талдау, архив құжаттарын, сирек кездесетін
қолжазбаларды жинақтау, жүйелеу, сұрау, сауалдамалық, салыстырмалы талдау.
3.Бақылау, әңгіме, мектеп құжаттарын талдау.
4.Педагогикалық эксперимент.
ЗЕРТТЕУ ОРНЫ.
Төле би атындағы №8 қазақ орта мектебінің 4 сыныбы.
ЗЕРТТЕУ НЫСАНАСЫ.
Шәкірттердің пәнаралық байланыста құқықтану мен әдептілік
дәстүрлерінің мақсатты өзектестігін ұғынуына, оқуда пайдалануына арналған
жүйе. Қазақ халқының құқықытық санасын қалыптастыруда , ұлттық құқықтық
мәдениетін дамытудағы рөлін көрсетеді.
ЗЕРТТЕУ БОЛЖАМЫ.
Егер,ұлттық педагогика тарихында құқықтық мәдениеттің ұлттық
құндылығын, әсіресе, асыл қазына ұлттық құқықтық заңдар мен ережелерін
айқын көрсетіп, соған байланысты құқықтық міндеттерді сөзсіз орындау
жолдары көрсетілсе, тәлім-тәрбие мұралары мен оны жалғастырушы
шәкірттерінің педагогикалық еңбектері қазіргі заман талабына сай жан-жақты
зерттелсе, соның негізінде курстық бағдарламалар,оқу-әдістемелік кешендер
жасалып, оқу-тәрбие үрдісіне қолданылса, онда жақсы әдет әдепке, әдеп
дәстүрге, дәстүр әдет-ғұрыпқа, әдет-ғұрып салт-санаға айналып, заңдылықпен
қалыптасып, құқықтық заң болып өмір қолданысына айналар еді.
Құқықтық міндеттер, уәждер, борыш, парыз ұғымдары қазақ халқының әдет-
ғұрпында құқықтық өмір заңы болып зерттелуі туралы оқушылардың
қызығушылығын ояту үшін кіріспе жұмысын тиімді әдіс-тәсілдер арқылы
ұйымдастыру:
Обал, сауап, ысырап, үнем ұғымдары бойынша қалыптасқан халықтық
құқықтық міндеттерді айқындап, ол үрдістерді оқу-тәрбие ісінде пайдалана
білу және сыныптан тыс тәрбие жұмыстары арқылы оқыту.
Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін арттыру.
Зерттеу кезеңдері.
Бірінші кезең – зерттеу мәселесі анықталды, тақырыбы аталады,
зерттеудің нысанасы, пәні анықталды, оның мақсаты, міндеттері, болжамы және
әдісі өңделе бастады. Бұл кезеңде таңдалған мәселе бойынша арнайы әдебиет
оқылды, зерттеу процедурасы жасалады, эмпирикалық материал жинақталған
керекті құжаттар дайындалды.
Екінші кезеңде – фактілік тарихи, философиялық, тарихи педагогикалық,
психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге шолу жасау. Сирек кездесетін
қолжазбалар мен архив материалдарымен танысу, жинақтау және тәжірибелік
зерттеу жұмысын жүргізу.
Үшінші кезең – зерттеу нәтижелері жинақталып және өңделіп аяқталды,
оларды тәжірибеге ендіру жүзеге аса бастайды. Халықтық әдет-ғұрыптары, жөн-
жоралғылары, кәделері ұжымдық, қауымдық, топтық дәстүрлері құқықтық
міндеттер мен уәждерді орындау қажеттілігін іске асыру тәжірибелері туралы
сараланған деректер негізінде Оқушыларға құқықтыұ тәрбие беру атты
зерттеу жұмысын аяқтау.
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан,қолданылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
І тарау. Оқушыларға құқықтық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері.
1.1. Қазақ ауыз әдебиетіндегі құқықтық нормалар.
Қазақ халқының құқықтық санасын қалыптастыруда ең әуелі, оның ауыз
әдебиеті зор әсер етіп, ұлттың құқықтық мәдениетін дамытудағы өз рөлін
көрсетті.
Құқықтық мәдениеттің ұлттық құндылығын арттыруда, әсіресе, шешендік
сөздер ерекше орын алады. Бұл асыл қазына ұлттық құқықтық заңдары мен
ережелерін айқын көрсетіп, соған байланысты құқықтық міндеттерді сөзсіз
орындау жолдарын көрсетеді.

Шешендік сөздердің құқықтық мәні.

Шешендік сөздер – ел құралып, халық қалыптаса бастағаннан бері
халықтың өнеге тұтып, өмір тәжірибесіне пайдаланып келе жатқан, билер мен
хандардаң, ақындар мен шешендердің, ел ағасы болған данышпандардың,
жастайынан жалындап өскен өткір ойшылдардың аузынан шыққан дуалы, өнегелі,
қисынды, қасиетті сөздер : өмір заңдылығының көрсеткіші.
Тарихта Тәуке хан, Төле би, Қазбек би, Әйтеке би, Сырым батыр тағы
басқа белгілі адамдармен қатар, Жиренше шешен аңыздары және Досбол,
Жидебай, Сауытбек, Қылышбай, т.б. шешендердің аты белгілі. Халық шешендік
сөздерді заман өткен сайын әрлеп, әсерлі етіп, ұрпақтан-ұрпаққа құқықтық
кодекс ретінде жеткізуде. Қазақ ауыз әдебиетіндегі шешендік сөздерді
мазмұнына қарай: шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау деп үш топқа
бөлуге болады, өлеңмен айтылған шешендік сөздер – термелі, қара сөзбен
айтылғандары пернелі деп аталады.
Қазақ халқының бірлігін қалыптастыруға қажырлы қайратпен, даналық пен
дарқандықтың, шешендіктің асқан үлгісін көрсеткен үш дара – үш дана Төле
би, Қазбек би, Әйтеке би қазақ халқында қалыптасқан құқықтық нормаларды
өмір заңдылықтарымен байыптай байланыстырып, өмірдегі күрмеулі түйіндерді
шешендікпен шешіп, құқықтық мәдениет үлгісін дамыта білді. Басшы болмаса
ел жетім, баласы жаманның дәрмені кетер, бірлігі кеткен ел жаман деп
өмір заңдылықтарын ұлттық құқықпен байланыстырып, тұқыра тұжырымдайды.
Шешендік сөздер шешендікке үйретеді, адамгершілікке тәрбиелейді,
ұлттық мақтаныш сезімді оятып, ұрпақтың тілді, асыл сөздерді қадірлеу
борышын баянды етеді. Құқықтық мәдениетті қалыптастыруда, шешендік
сөздердің әсері – мол.
Тұрмыс-салт жырларындағы құқықтық әдет пен әдеп.
Тұрмыс-салт жырларында ең әуелі еңбек ету құқығы төрт түлік мал
туралы жырлардан және тақпақтардан айқын көрінеді. Той бастар, жар-жар,
беташар, сыңсу, қоштасу, наурыз жырларынан жеке тұлғалар мен жалпы халықтың
және отбасы мен туыстас адамдардаң әлеуметтік-теңдік құқықтары, сыйласымдық
және туыстық, жекжаттық қарым-қатынастағы өаңды құқықтары жырланады. Той
жасау, некелесу, жақын жандарды сыйлау, туған жерді, өскен елді құрметтеу,
т.б. құқықтық нормалар мен әлеуметтік әдеп, құқықтық міндеттерді жырға қосу
арқылы құқықтық идеология мақсаттары орындалады.
Ертегілердегі құқық мәселесі белгілері және тәрбие.
Ертегілерде, әсіресе, тұрмыс-салтқа байланысты ертегілер мен батырлық
ертегілерде еңбек ету құқығы, ел қорғау құқығы басым көрсетіледі де,
олардың тәрбиелік мәні халықтың тілек-мақсаттарына сәйкес арта түседі.
Ертегілерде құқықтық міндеттер, діни қадистер, құқықтық уәж айқын көрінеді.
Күлдіргі ертегілерде құқықтық нормаларды бұзған кейіпкерлер әжуаланады.
Ертегілерде ата-бабаның, ата-ананың, отбасы үйелмендердің, ел
басының, батырлар мен пақырлардың құқықтық міндеттері, құқықтық парызы
әрбір кейіпкердің іс-әрекеті арқылы айқын көрінеді де тәрбиелік әсер
береді.
От басында ертегілер күнін белгілеп, сол күні әженің, не атаның
ертектерін тыңдау немесе ертегі оқу, ертегілерді теледидардан көру, ертегі
айтысу т.б. тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру міндет. Әсіресе, бүлдіршіндер
мен балдырғандар, өрендер ертегілерді құмарта тыңдайды, үлкендердің ертегі
айтып беруін өтінеді, ондайда баланың сағын сындырмай, бағын қайтармай,
оларға ертегі айтып беруді үлкендер борышым деп түсінуге міндетті.
Ертегілердің құқықтық мәнін айқындап, тәрбиелік әсерін пайдаланудың
жолдары мен тәсілдері мол. Әрбір ертегідегі құқықтық үрдістер мен тәрбиелік
мақсаттарды айқындап, оны оқу-тәрбие жұмыстарына пайдаланудың нәтижелігі
ұстаздар мен тәрбиешілердің ұстаздық шеберліктеріне байланысты.
Аңыз әңгіменің құқықтық-тәрбиелік маңызы.
Құқықтану ғылымында шындықты айқындау үшін теңдік, уәж, әдеп, парыз
сияқты құқықтық ұғымдардың аңыз әңгімелерге алтын арқау болғанын көреміз.
Осы құқықтық ұғымдардың бәрі де, әсіресе, Аяз би атты аңыз әңгімеде айқын
көрінеді. Онда құқықтық дәрежеге ие болған Аяз би халыққа қызмет етеді.
Халық һз ұрпағының ұлағатты, білгір, батыл, батыр, ойшыл,
еңбеккер, өнерпаз болып өсуі үшін, оған үлгі-өнеге етіп аңыз әңгімелерді де
бардан құрып, сары алтындай сақиап келеді.
Отбасында аңыз әңгімелердің сан салалы, алуан түрлі үзінділерін айта
біліп немесе қызықты аңыз әңгімелерді кітаптан балаларына оқытып, тыңдауды
ұйымдастыру – ата-ананың міндеті. Аңыз әңгімелерді айту - әсерлі, тыңдау –
ықыласты болса, оның тәрбиелік мақсат-мүддесі өтеледі.
Мектепте, әсіресе тарих, әдебиет сабақтарында және ол пәндердің
үйірме жұмыстарында аңыз әңгімелерді пайдалана білу оқытушының білімдарлығы
мен жауапкершілігіне байланысты. Өнерпаздар мен ой тапқыштар жарысында да
аңыз әңгімелерді пайдалану тәсілдерін оқытушы білу керек.
Батырлық жырлардың құқықтық және тәрбиелік мәні.
Батырлық жырларда отан қорғау құқығы, әділеттілік сияқты құқықтық
нормалар (мысалы, жекпе-жекке шығу, жеңілгенін мойындау), ерлік жасау,
еңбек ету құқығы, қылмыстық (жаулау,адам қыру, жер ананы өртеу, қаланы
қирату) кодекстік мәселелер басты орын алады. Ұрпақты тәрбиелеу үшін де осы
үрдістер кеңінен пайдаланылады.
Қандай шығарма да, оның негізгі мақсаты – тәрбие. Ауыз әдебиеті –
халықтың ой-санасы мен мінез-құлқын қалыптастыратын тарихи мектебі.
Батырлық жырлар – сол мектептің маңзды құралы.
Ерлік – құқықтық міндет деп есептеген. Қара түнекті, қайғылы,
қасіретті заманда эпостық шығармалар халықтың көңілін сергітті, ерлікке
құлшындырды, ойын өрістетті, келешекке сенімін арттырып, намысын қозғады.
Жарқын жырлардағы парасатты ой сәулелері жалпы жұрттың жанын жадыратты.
Ондай шығармаларды жұрт жалықпай тыңдап, жан азығы етті.
Оқу, жазу жоқ кезде эпостық шығармаларды жаттап алуға тырысатын.
Эпостық шығармаларды жатқа айтуға құлшыну тыңдаушының ынтасын арттырса, оны
жатқа айту арқылы ақыл-ойдың дамуына үлкен себепші болатын жай.
Ақыл-ой ұжданы, тұрмыстық, өмірлік ережелер мен заңдылықтар – жеке
тұлғаның құқықтық міндеттерін орындауы – ақыл-ой тәрбиесінің қуатты құралы.
Халық Отан қорғауын құқықтық міндет – перзенттік борыш ретінде
көрсетіп, адамгершіліктің асқар шыңы деп тұжырымдайды. Ел үшін ерлік
жасаудан артық адамгершілік болмасқа керек. Сондықтан халықтың арман-
мүддесін айқындайтын батырлардың ауыздан-ауызға мәңгі жатталған бейнелері
өздерінің үлгі-өнегелік құнын еш уақытта бәсеңдетпейді. Қобыланды, Ер
Тарғын, Қамбар бейнелері қазіргі жастарға да үлгі.
Эпостық шығармалардағы әрбір кейіпкердің мінез-құлқы, іс-әрекеті,
адамдармен қарым-қатынасы, бәрі де адамгершілік тәрбие үшін айқын
суреттелінеді, ұнамды және ұнамсыз мінез-құлықтар мен іс-әрекеттерді халық
тәрбие үшін мысалға келтіріп, тәрбие құралы ретінде пайдаланады, эпостық
шығарма арқылы әрбір адамға тәрбиелік ықпал жасалынады. Бұл – құқықтық
сананың көрінісі.
Ғашықтық жырлардағы құқықтық әдеп.
Ғашықтық жырлардағы негізгі құқықтық мәселе - әйел теңдігі, махаббат
бостандығы. Халық әйел – ана деп, әйел теңдігін ежелден аңсап, емірене
жырға қосқан болатын. Әсіресе, махаббат бостандығы құқықтық мәнде болмай,
жалынды жастардың жарқын өміріне қиянат келтірген. Ғашықтық жырларда осы
құқықтық әдеп, үлгі-өнеге ретінде жырланады. Онда ескілікке қарсы күресіп,
махаббат еркіндігін, құқыұтық махабатты әйелдің бас бостандығын аңсаған
жалынды жастар бейнесі суреттелінеді. Олар ескіліктің шырмауын бұзып,
жаңаша өмір сүруді армандайды, сол арманға жеті үшін жан аямай күреседі,
күрес үстінде махаббат құдіреті, ерлік салтанаты, жанқиярлық достық
көрінеді, заман ағамына байланысты, олар қанша күрессе де, көбінесе өз
мақсаттарына жете алмай мерт болады.
Мектепте эпостық шығармалар белгілі программа бойынша оқытылады.
Сондықтан программалық материалдарды байыта түсіп, олардың тәрбиелік мәнін
ашу пән оқытушысының ғана емес, бүкіл оқытушылар коллективінің міндеті
болып табылады.
Ұлттық ойындардағы құқықтық мәселе.
Қазақ халқының ұлттық ойындарында құқықтық нормалар берік сақталады:
ойында одақтасу құқығы, марапатталу құқығы, теңдік құқығы бұзылмауы тиіс.
Ойында жеке тұлғаның құқықтық мәртебесіне нұқсан келтіргендер айып тартады.
Дуандық ойындарда ұлттық, ұжымдық, топтық намысты қорғау құқығы – жеке
тұлғаның мәртебелік абыройы болып табылады.
Қазақтың халық педагогикасында ойын да көп орын алады. Халық болашақ
ұрпағын шыныққан, ойлы, сергек етіп тәрбиелеу үшін ойынның алуан түрін
ойлап шығарған. Оларды спорттық ойындар, миды шынықтыратын, яғни ой жүйесін
дамытатын ойындар, еңбекке, өнерге баулитын ойындар деп бірнеше топқа
бөлуге болады.
Қазақтың халық ойындары, кейінгі уақытта заңды жалғасын тауып,
тәрбиелік мәнін арттыра түсті. Ұлттық ойындар арқылы халық ұрпағына
құқықтық нормаларды, құқықтық әдепті үйретеді.

1.2.Қазақ халқының салт-дәстүрлеріндегі құқықтық тәрбие мәселесі.
Қазақ халқының ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан мәдени мұралары -
әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері, рәсімдері мен рәміздері, жөн-жоралғылары
құқықтық заң, бұлжымайтын ереже ретінде өмірлік қолданысқа айналған.
Халықтың ізгі әдеттері құқықтық әдеп болып қалыптасып, ол ғұрыпқа,
яғни құқықтық заңдылыққа – дәстүрге, санаға сіңіп салтқа айналған. Ұлттық
салт-сана мен дәстүрлер құықтық нормалар арқылы әлеуметтік әдеп – яғни
құқықтық мәдениет болып қалыптасқан.
Дара тұлғаның өзіне-өзі қызмет ету құқығы, сәлемдесу әдебі, ата-
ананы, жалпы адам баласын сыйлау сияқты құқықтық мәдениеті, Отанға, ата-
бабаға, ата-анаға, ұжымға қызмет етуі сияқты құқықтық парызы халықтың салт-
дәстүрлері арқылы орындалып, өмір заңдылықтарымен өзектескен қасиетті
құбылыс.

Жеке тұлғаның өзіне-өзі қызмет ету құқығы.
Қазақта Тірі адам тіршілігн жасайды деген мақал бар. Тіршіліктің
қисыны, тірліктің тәртібі, әдебі бар. Әрбір адамның негізгі тірліктері:
ұйықтау, ояну, киіну, жуыну, сергу, еңбек ету, тынығу. Әрбір тірліктің өз
тегі, қалпы, құқықтық мәні, тәртібі бар.
Әділет басқанды ұйқы басады деп, халқымыз бекер айтпаған. Ұйқы
қалпынан асса, ол – ауру. Әрине әсіресе жас баланың ұйқысы қанық болуы
қажет, бірақ ол қалпынан аспау керек. Әрбір әдепті адам, уақытысында жатып,
дер кезінде тұрып, тіршілік жасамаса, адамдық қасиетінен айырылып қалады.
Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық, ерте тұрған еркектің ырысы артық деп,
халық ерте тұрудың мәнін ерекше бағалайды. Ерте тұру үшін, ерте жату
ләзім. Қазіргі заманда еліктеткіш теледидар көріп немесе бос сандалып
көше кезіп, уақытысында ұйықтамау көп баланың әдетіне айналып барады. Ол
құқықтық мәдениетке қайшы келетін, келеңсіз жағдай.
Әрбір адамның сымбатын, әдемілігін киім айқындап тұрады. Киімнің
жарасымды, үйлесімді болуы, көбінесе, жеке бастың киіне білуіне байланысты.
Жазда, күзде, қыста, көктемде киетін киімдерді өз ретімен кимесе, жарасым
болмайды. Сән қуып, тән азабына ұшырап жүргендер аз емес. Ал талғамсыз,
жарасымсыз сән күллі жүрттың алдында күлкіге ұшыратады. Қыста сәнді деп,
жалаңбас жүру – денсаулыққа зиян. Жақсы киіну үшін сол киімді күте білуді
үйренуіміз қажет. Киімін таппай, күйініп, киімін тапса, үстіне қалай-болса
солай іле салатын салақ бала салауатты бола алмайды. Тәрбие құқықтық
нормаларды қалыптастырады.
Тіршілік кезінде көшеде, көпшілік ортасында әдеп сақтау да жеке
адамның өзіне-өзі қызмет етуіне жатады. Жеке тұлғаның өзіне-өзі қызмет ету
құқығын шәкірттерге жан-жақты түсіндіріп, олардың құқықтық санасын арттыру
ісінің нәтижелігі тәрбиешінің ұстаздық шеберлігіне байланысты.

Сәлемдесу – құқықтық міндет.
Сәлем - әдептіліктің белгісі. Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем
қылу сияқты түрлері бар. Сәлемдесу – кездескен адамдардың бір-бірінің
амандығын біліп, қуанышқа бөленуі, бір-біріне аман-саулық тілеп,
тілектестігін, ниеттестігін білдіруі, яғни ізеттілік пен әдептілік нышанын
көрсетіп, амандыққа ақ жарқынданып, жақсылыққа жадырауы. Амандасу
адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады. Амандасқан адам
қазақ салтында он алақанын жүрегінің үстіне қойып, басын изейді. Не қолын
алып амандасады. Ол Сізді шын жүректен құрметтеп, амандығыңызды тілеп,
өзіңізге бас иемін деген мағынаны білдіреді.
Үлкен адамға сәлем беру – кіші адамны құқықтық міндеті. Қазақта
Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жастағы қария сәлем береді
деген әдеп бар. Алыстан келген адамға сәлем беру тәртібі жасқа, үлкен-
кішіге байланысты емес. Ал кездескен кезде кіші адам үлкен кісіге сәлем
бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік болады. Сәлем беру – имандылық,
инабаттылық, көргендік, мәдениеттіліктің белгісі. Сәлем қылу кезінде
инабаттылық көрсетіп, үлкенге мүмкіндігінше күлімдеп, жылы шырай көрсете,
иман жүзділікпен қарап, құрмет көрсету ниетін білдіру қажет. Үлкен адамдар
сәлем қылған келінге бірауыз сөзбен батасын береді. Сонымен қатар, амандасу
кезінде негізгі сөзде дауыс ырғағы инабаттылықпен ерекше құбылып, құрметтеу
белгісін, сыйласым нышанын білдіру керек. Өйткені амандасудың өзі құқықтық
мәдениеттілікті көрсетеді. Сәлемдесу – жеке тұлғаның құқықтық мерейін үстем
ететін қасиетті іс-әрекет.

Аялаған ана, әлпештеген әкені құрметтеу – құқықтық міндет.
Әке – отбасының пірі, қара шаңырақтың қожасы. Әке – үй ішінің
тірегі, баласының жүрегі. Әкесіз бала – панасыз балапан дейді халқымыз.
Әрбір баланың әке алдында құқықтық борыштары мен парыздары, міндеттері бар.
Әке алдындағы міндеттер: тілін алу, сөзін тыңдау, ізет көрсету, әдеп
сақтау; парыздар: балалық міндеттерді орындауды дәстүрге айналдырып, әкеңе
көмекші, демеуші, сүйеуші болып, оны әрқашан да қуанышқа бөлеп отыру;
кәмелетке жеткен соң, әкеге біржола қызмет көрсетіп, оның қартайған шағында
асыраушысы болу, әкеңнің әкелік еңбегін өтеу.
Әкесін сыйламаған балада сезім жоқ. Ол – бақытсыз. Өйткені ондай
нақұрыста адамгершілік мейірім, қайырым болмайды. Мейірімсіз, қайырымсыз
жанда адамгершілік қасиет қалмайды.
Ең әуелі бала әкесінің алдында әдеп сақтай білу білу керек. Мысалы,
яаулы ана ас дайындап, дастархан мәзірін жасайды, сонда анаға көмектесе
жүріп, әкені ас-дәмге щақырып, ас алдын әзіз әке татқан соң ғана, басқа
балалар асқа сумаңдап, сұғынбай, әдеппен алыңыздан бастап дәм татады. Бұл
ұлттық әдеп, құқықтық сана.
Әсіресе ер бала - әкемен сырлас, жолдас, дос. Сондықтан да ол әрқашан
да өзінше бір әрекет жасау үшін әуелі әкемен ақылдасып отырғаны жөн. Халық
ішінде әлеуметтік дәстүрлер атадан әкеге дарып, қалыптасып, дамиды, жеке
дәстүріне мұрагер болу – құқықтық борыш. Мысалы : әке күйші, әнші баланың
да өнерге бейімі бар дейік. Ал бала сол әлеуметтік дәстүрге немқұрайды
қараса, онда әлеуметтік намыс жоқ, яғни ол ұлттық қасиетін құқықтық
мәдениетін жоғалтып алатын керғайсаң кесірлі жан болып шығады.

Ұлағатты ұстазға инабатты шәкірт бола білу құқығы.
Абай атамыз:Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз – тұл деп, адам
баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты екенін ерекше
атап айтқан. Ұстаз - әмбебап білімдар, салауатты, салтанатты, маман кісі.
Ол – адам жанын терең түсініп, жақсы білетін қадірлі де қастерлі, қасиетті
мамандықтардың иесі, өз ісінің шебері, әрі өнерлі, кішіпейіл, мейірімді,
қайырымды, ізетті, инабатты адам.
Ұстаз шәкіртінің жан саулығын, тән саулығын зерлей зерттеп, оның
адамдық асыл қасиеттерінің жақсара беруін қадағалап, қамқорлық жасап
отырады. Ол шәкіртін өзінің туған баласындай көріп, адамдық асыл
қасиеттерді оның бойына сіңіреді. Шәкірт ата-анасынан гөрі ұстаздардаң
қарауында көбірек болады. Ұстаз ата-анаға қарағанда балаға қамқорлықты
анағұрлым арттыра түсіп, білім беру, тәрбиелеу ісіне арнайы күш-жігерін,
уақытын бөліп, шәкіртіне бар білгенін, өнерін үретіп, тәрбиелейді.
Бар білімін, қайрат-жігерін аямай, бізге білім беріп, өнер үйретіп,
өмірімізге жол ашып берген құқықтық санамызды қалыптастырған ұлағатты
ұстаздарға бас иіп, тәжім етеміз!

Әдеппен сөйлеп әдеттену – құқықтық мәдениет.
Әрбір адамның әдептілігі оның сөзінен, көзінен, өзінен байқалады.
Яғни иман жүзді, әдепті адам күндей күлімдеп, жарық дүниедей жадырап
сөйлейді, сөзі арқылы да, өзі арқылы да тыңдаушының есту сезімін
сүйсіндіріп, көңіліне нұр шашады,әдемі әсер беріп, әңгімеге тартады.
Халық әдебі Сіз деген сөзден басталады. Бұл сөз – сыйласымды,
құрметтеуді, ардақтауды білдіретін қасиетті сөз. Жеке адамның іс-қимылына
тәуелденіп айтылғанда бұл сөз ыңыз,іңіз қосымшалары арқала сыпайылық
мәнін арттырады.
Өмірінде қателеспейтін адам жоқ, аңғалдық жасап, байқамай қалатын
кемшіліктер әркімде бар. Мұндай кемшіліктер екінші бір адамның көңіліне
қаяу салып, кейіту мүмкін, жеке адамның әдептен озып, опықтану басқаға да
әсерін тигізеді. Осындай жағдайда кешіріңіз,ғапу етіңіз деген сөздерді
айтып, өз кемшілігін мойындаған адам әдептілік көрсетеді. Ол әдепті
сөздерге оқасы жоқ деп жауап беру де әдептілік болып табылады.
Әдепті сөздерге неше алуан жанашыр сөздер мен аяныш сөздер де жатады.
Ондай сөздерді әдепті адам шын ниетімен адал жүрегінен айтып, басқаға
әсерлендіре жеткізуі қажет.
Әдепті сөздер – ақылдан шыққан аялы сөздер. Әдепке үйреніп, әдепті
сөздерді айтуға жатыққан адам – құқықтық мәдениеті дамыған адам. Ол үшін
жеке тұлғаның құқықтық әдебін қалыптастыру керек.

Отбасындағы сыйласым құқығы.
Отан отбасынан басталады дейді халық. Отбасының екі тірегі -
әлпештеген ата мен аялаған ана. Әке-шеше арқылы өрбіген тұқымның туыстық-
адамгершілік қатынастары жүйеленіп, әлеуметтік, қоғамдық құрылысқа
байланысты қалыптасқан.
Әрбір отбасында әкеге байланысты әкеге байланысты: баба, кейуана,
ата, әже, әке, аға, іні, қарындас,; ал шешеге байланысты: түп нағаша,
нағашы ата, нағашы әже, нағашы әпке, нағашы іні, нағашы қарындас дегн
туыстық ұғымдар және оған бйланысты құқықтық қарым-қатынас ғұрыптары бар.
Бір үйде қаншау болсаң – бір-біріңе меймансың, Бір-біріңді жаттай
сыйла, жат жанынан түңілсін деп, халық отбасындағы сыйласымды жоғары
бағалайы. Әке, жәке, көке, ата, әже, апа, апатайым, ағатайым, айым, күнім,
панам, алтыным, т.б. ізетті сөздермен сыйласым рәсімдерін іске асырып отыру
– отбасындағы әрбір адамның құқықтық парызы. Отбасындағы сыйласым – қуаныш,
бақыт, қызықты өмір!

Кісі күту – құқықтық мәдениет белгісі.
Кіс күту, қонақжайлылық – қазақ халқының ұлттық салтқа айналған
дәстүрі. Бұл – халықтың әлеуметтік, кеңмекендік, тұрмыстық жағдайына
байланысты қалыптасқан қастерлі дәстүр. Қонақ десе, қоң етіп кесіп беретін
қазақпыз деп, халық бекер айтпаған. Қонақты қарсы алу: қонақты күту,
қонақты шығарып салу рәсімдерін халық ұрпағына ұлағатпен үйретіп, үлгі-
өнеге ретінде оны тәрбиенің ең негізгі бір саласы деп қараған.
Қоақкәде жасау, яғни қонақтың көңілін көтеру үшін ауылдың алты
ауызын айту, одан соң қонақтың өнерін байқау дәстүрі халықтың өнерпаздығын
дәлелдейді.
Құтты қонақ келсе қой егіз табады, Қонақ қойдан жуас, Бір күн
қонған қонақ – құт деп, халық қонақ күту мен мейман сыйлауды бақыттың
нышаны деп қараған. Қонақ күту, мейман сыйлауды көрсететін шағын той
іспеттес. Мейманмен танысу, оған сәлем беру, оны күту рәсімдерін
инабаттылық көрсетіп, имандылықпен орындау – отбасы мүшелерінің, әсіресе,
балалардың салт-саналық парызы.

Имандылық, мейірімділік, қайырымдылық дәстүрлері – құқықтық мәдениет
негәздері.
Иман – арабша сенім деген ұғымды білдіреді. Өмір заңдылықтарына
айқын сеніммен қарап, адамгершілік рәсімдері мен уәждері, міндеттері мен
мақсаттарын бұлжытпай орындайтын ақ ниетті, адал жүректі, көпшіл адамды –
иманды адам дейміз. Иманды адам – айналасындағыларға және бүкіл адамзатұа
тек жақсылық ойлайды, оларға мейірім-шапағатын төгіп, жанашырлық, қаиқорлық
жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, инабатпен қарайды. Сондықтан
да иманды адамды бет бейнесінен танып, халық оны иман жүзді адам дейді.
Тура биде туған жоқ, туысты биде иман жоқ деп халық иманды адамның
әділетті, шыншыл болатынын уағыздайды. Халқымыздың қонақжайлылығы,
кеңпейілділігі, дос көңілділігі - әлеуметтік имандылықтың белгісі.
Имандылық дәстүрін қастерлей біліп, иманды адам болу – кісілік борыш.
Иман кәміл адам мейірімді болады. Мейірімділік – адам бойындағы
қасиетті сезім. Ата мейірімі, әке мейірімі, ана мейірімі, отбасындағы
адамдардың бір-біріне деген мейір-шапағаты - әдептік әсем құбылыс, түйсікті
баурап алатын түсінік, ұлағатты ұғым, адамгершіліктің асқар шыңы. Мейірім
адамның мерейі үстем болу үшін, ол ойлаған жақсылық, әсерленген әдептілік,
жақсы көрген адамдарының жан саулығы мен денсаулығы оны қуанышқа бөлеуі
тиіс.
Мейірімділіктің іс жүзінд бір көрінісі – қайырымдылық. Қайырымдылық –
мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға, табиғатқа, жан-жануарларға іс-
жүзінде жақсылық жасау. Байда қайыр, кедейде пейіл де жоқ, аңдастырған
екеуін, құдайым-ай! деп Абай атамыз қайырымсыз байды қатты сынады.
Қайырымдылық жылу беру, сыйлық ұсыну, демеуші болу, сый-сыбаға тарту,
көрімдік, байғазы, бәсіре т.б. жөн-жоралғылар арқылы іс жүзінде
ізеттілікпен, ілтипаттылықпен, инабаттылықпен, сыпайылықпен орындалады.
Табиғатты қорғау, тал егу, гүл өсіру, жер суару, құстарға қамқорлық
жасау, аңдарды аялау – қайырымдылықтың қалыптасқан халықтық үрдісі, оны
орындай білу – құқықтық парық. Ол үшін әрбір әдепті адам өзінің
қайырымдылық борыштарын терең сезініп, тебірене іс-қимыл жасауға міндетті.
Халқтың құқықтық мәдениеті осындай ізгі іс-әрекеттер арқылы дамып, құқықтық
сана қалыптасқан.

Туған жердің табиғатын қорғау құқығы.
Халқымыз ұрпақтарына табиғатты аялауды әрқашан да әдеппен аңғартып,
құқықтық идеологияны (насихатты) іске асырып отырған.
Туған жерімізде әулие тал, әулие бұлақ, әулие көл, хан
тәңірі, сұлу төр, бесік тау деген қасиетті атаулар бар. Атынан көрінп
тұрғандай, бұл әулие әрі киелі жаратылысқа дақ салмай, аялап күтіп,
ардақтап сақтау - әрбір адамның перзенттік парызы, құқықтық міндеті.
Бұлақ көрсең, көзін аш, Жол үстінде тас жатса, алып таста, Гүлді
жұлма, Ағашты жастай қырықпа, Қүмырсқаның илеуін бұзба,Судың да сұрауы
бар ,От шығарып ойнама,Артыңнан мал қалғанша, тал қалсын, Жеті күн
жауған жаңбырда желіп өткен су артық т.б. тыйымдар мен мәтелдер табиғатқа
байланысты әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің құқықтық санада ертеден
қалыптасқанын көрсетеді.
Үйде, мектепте гүл өсіру, табиғат мүйісін ұйымдастыру, мал, құс
өсіріп, еңбектеніп, қызығын көру - әрбір жастың ықыласты іс-әрекеті болып
қалыптасуға тиіс. Мектептегі табиғатты қорғаушылар клубтары мен үйірмелері
жер-ана жүзіндегі жеткілікті қызықтардың рақатын көруге әрбір оқушыны
бейімдей білетіндей болуы қажет. Ата-бабамыздың аялап келген кереметтері
бар туған жердің топырағын тыңайтып, суын тұнықтап, әсемдігін өркендету -
әрбір адамның қастерлі борышы, құқықтық міндеті болып табылады.

Ата текті ардақтау құқығы.
Қазақта Жеті атасын білмеген – жетесіз деген мақал бар. Жылқы
жеті тегіне тартып туады деп, халық адамның да арғы тегіне тартып туатынын
айқындап, Біреу әкеге тартып туады, біреу әкеден артып туады дейді де,
ұрпағының мейлінше артып туғанын тілейді.
Жеті атаға дейін жақсы білудің әдептілікке әсері мол, яғни бабасына
дейінгі туыстық тегін жақсы біліп, халықтық салт-сана бойынша, туыстық
қатынаста қалыптасқан құқықтық парыздарын орындап, перзенттік борыштарын
өтеуге міндетті.
Ата текті білуде туыстық , жақындыққа байланысты: баба, ата, әке,
бала, немере, шөбере, шөпшек, туажат, жүрежат деген ұғымдар бар. Атаның
баба алдындағы зор міндеттері баланың, немеренің, шөберенің, туажаттың,
жүрежаттың алдында жалғасады, ол әдептік қарым-қатынас ру, ел, ұлт,
ұлтаралық, бүкіладамзаттық мәдени дами қалыптасып, адамгершілік парыздарды
өтеуге міндеттейді. Дәріпті дәстүрлердің мәнін біліп, оны орындай білу –
құқықтық парыз.

Аталы сөз бата, өсиет, өнеге және құқықтық сана.
Ата-бабаларынмыз болашақ ұрпақтарымыздың адал жанды, әдепті, иманды,
батыл да батыр, инабатты, ізетті болып өсуі үшін өсиет айтуды, өнеге
көрсетуді, бата беруді, тілек айтуды әлеуметтік әдепке, ата-бабалық
дәстүрге айналдырған. Ата дәстүрін ардақтау – қазақ халқының ұлттық ұжданы.
Ат тұяғын тай басар деп кейінгі ұрпақтың ата салтын бұзбауын талап еткен.
Осының арқасында әуелі отбасылық, содан кейін әлеуметтік, ұлттық тағылымдар
ата дәстүріне айналып, ұрпақтардың санасына сіңіп, әдет-ғұрыпқа, салт-
санаға айналған.
Ата-бабаларымыз тәжірибелерінен, халықтық әдет ғұрып болып
қалыптасқан дәстүрлерінен үлгі нұсқаларды өне бойы өнеге етіп, құқықтық
нормалар ретінде ұрпақтарына үйретіп отырған, тілек тілеп, бата беріп,
жастарды жақсы жолға бастаған. Бата – адам баласына тек жақсылық тілеу,
халық тарихында ертеден қалыптасқан дәстүр. Кейіннен тілек айту, сол
тілекке жету құдіретке байланысты деген сеніммен батаның нұсқалары
қалыптасты. Үйің құтты болсын, Сапарың оң болсын, Жайлы жатып, жақсы
тұрыңыз деген тілекиер – қысқа да нұсқа баталық сөздер. Бата қарт адамның
ризалық сезімін, өсиетті ой-тұжырымдарын, жақсы тілектерін білдіреді.
Арттағы ұрпағына сөзімен де, ісімен де, ақаламен де, парасатымен де үлгі-
өнегесін қалдырған ата-бабаларымыздың аруағын ардақтап, мұрасын мақтан
тұтамыз.
Елге бірлік, тыныштық тілеп, халқының қадірлі қасиетті болуын
армандаған данышпан ата-бабаларымыздың жолын қуып, жоралғысын жасау – біз
үшін міндет, құқықтық парыз, ұрпақтық борыш. Бұл қасиет ұлттық әдептілік
деп аталады. Ата-баба дәстүрлері құқықтық мәдениеттің бір негізі болып
табылады.

ІІ ТАРАУ. Оқушыларға құқықтық тәрбие беруге байланысты жүргізілген
педагогикалық тәжірибе жұмыстары.
2.1. Оқушылардың құқықтық және ұжымдық дәстүрлері.
Ұжым – мақсаты бір, бірімен-бірі тең құқықты, сыйлы, сыйласымды қатынас
жасаушы адамдардың бірлестігі. Яғни мүдделес, тілектес адамдардың
тіршіліктегі бірлігі – ұжымы. Ұжым мен жеке адамның мақсат-мүддесі үйлесіп
отырады. Жеке адамның адамгершілік қасиеттері айналасындағы адамдармен игі
қатынас жасай білуі арқылы қалыптасады. Мектепте жеке адамды ұжым арқылы
тәрбиелеу дәстүрлері қалыптасқан. Мектептегі қоғамдық дәстүрлері, іс-әрекет
дәстүрлері, қоғамдық мүдде дәстүрлері – жеке орындаушыларды жан-жақты
тәрбиелеудің қуатты құралы.
Қоғамдық дәстүрлер – ұжым (сынып, топ, т.б.) бойынша оқушылардың
жалпымектептік, мемлекеттік, бүкіл дүниежүзілік мерекелерді, түрлі кештер
мен жарыстарды, байқауларды ұйымдастырып, өткізу әрекеті кезінде
қалыптасады. Қоғамдық дәстүр негізінде ұжымдық іске ұжым мүшелерінің бәрі
аса зор жауапкершілікпен қатысуға міндетті. Мұндайда ұжымдық намыс пен
абырой үшін күресе білмеген адам өзінің жігерсіздігін, құқықты міндеттерді
орындаудағы олақтығын көрсетеді. Мысалы, Наурыз тойында дайындық ісіне,
оны өткізуге сынып оқушылары түгел қатысып, әркім өз үлесін қосуға
міндетті. Жұмыла көтерген жүк жеңіл, Жеке жүріп жол тапқанша, көппен
жүріп адас, Көп түкірсе, көл, т.б. мақалдар арқылы халық қоғамдық іс-
әрекеттің жемісті болуы бірлікке байланысты екенін дәлелдеп, қоғамдасу
дәстүрін ертеден қалыптастырған. Жылу, асар, қауымдастық рәсімдері
содан шыққан.
Салтанатты жиындар мен кештерді өткізу дәстүрі әрбір мектепте сол
мектептің ішкі жағдайына және ұстаздар мен оқушылардың ұйымдастыру
қабілетіне байланысты қалыптасады. Мысалы, Ана тілің – арың бұл,
Өшкеніміз жанды, өлгеніміз тірілді сияқты тақырыптар төңірегінде кеш
өткізу үшін ең әуелі ұжым мүшелері мәжілісте ақылдасып, істі жоспарлайды,
содан кейін әркім өз ықыласын білдіріп, дайындық жұмыстарына
жауапкершілікпен қатысады. Ана тілін ардақтау, өткен ұлы адамдардың
еңбектерін қастерлеу рәсімдерін дәстүрге айналдырған оқушылар ұжымы үшін
әрі мереке, әрі өнерсайыс, әрі мектеп-ананың мерейін көру қуанышы болып,
олардың талаптарын тасытады.
Іс-әрекет дәстүрлері оқушылардың құқықтық міндеттерді орындаудағы
дәлді дағдыларын, инабаттылығын, ілтипаттығын, әдептілігін , ізеттілігін
қалыптастырады. Келісу, уағдаласу, ықылас көтеру әрекетімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының зейінін бағалау ерекшеліктері
Оқушыларға сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізу жолдарын практикада жүзеге асыру
Жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруді диагностикалау
Тұлғаны қалыптастырудағы адамгершілік тәрбиесінің маңызы
Қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие беру
Ұлт мәдениетінің жеке тұлғаның дамуына тигізер әсері
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми -теориялық негіздері
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің жолдары
Педагогиканың жалпы негіздері (Дәріс,тақырып бойынша тест сұрақтары, әдебиет тізбесі т.б.)
Мектептің оқу процесінде оқушыларға құқықтық білімді қалыптастыру
Пәндер