Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері туралы ақпарат


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ.

«Ветеринариялық санитария » кафедрасы

БӨЖ

Тақырыбы: 1. Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар. 2. Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері.

Орындаған: Раймишова Г. Б

Топ: ВС-303

Тексерген: Омарбеков. Е. О

Семей 2015

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар.

2. Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері.

ІІІ. Қорытынды

І. КІРІСПЕ

Микробиология - арнайы аспапсыз көзге көрінбейтін, микроорганизмдер немесе микробтар деп аталатын өте ұсақ тіршілік иелерінің систематикасын, биологиялық қасиеттерін, экологиясын, жер бетін мекендейтін басқа да организмдермен қарым-қатынасын және табиғаттағы зат айналымындағы маңызын зерттейтін ғылым. Аталмыш ғылымның аты үш грек сөзінен құрастырылған: «micros» - кішкене немесе майда, «bios» - өмір және «logos» - ілім. Микроорганизмдер - жиынтық ұғым. Олардың қатарына жай көзге көрінбейтін, яғни мөлшері 0, 07-0, 08 мм-ден (70-80 мкм-ден) аспайтын тіршілік иелері, атап айтсақ, микроскопиялық саңырауқұлақтар, балдырлар, актиномицеттер, бактериялар, микоплазмалар, риккетсиялар, вирустар және басқа да организмдер жатады. Міне, сондықтан да оларды тек арнайы үлкейткіш құралдардың (жарық немесе электрон микроскоптарының) көмегімен ғана көруге болады. Микроорганизмдер табиғатта өте кең тараған. Олар Арктиканың мәңгі тоңынан, Сахара құмдарынан, жер астынан шығып жатқан ыстық су көздерінен, жер бетінен 10 шақырымдай биіктіктен алынған ауа үлгілерінен, атом реакторларынан алынған су сынамаларынан табылған. Кейбір ғалымдардың есебі бойынша (I. Alcamo and L. Elson, 1996) жер бетіндегі микробтардың жалпы салмағы барлық өсімдіктер мен жануарлардың массасынан басым түседі екен. Тіршілігіміздің тірегі жер анамыздың топырағында микроорганизмдер органикалық заттарды толассыз шірітіп, өсімдіктер пайдалана алатын химиялық қосылыстарға айналдырып отырады. Кейбір микробтар атмосферадан азотты сіңіріп, топырақтың құнарлығын арттырады. Микроорганизмдер болмаса жер бетінде тіршілік те болмас еді, өйткені планетамызды өсімдіктердің қалдықтары мен жан-жануарлардың өлекселері басып кетер еді. Малдың азық қорыту үрдісі де микробтардың қатысуынсыз өтпейді. Айталық, күйіс қайырушы жануарлардың қарнында клетчатка целлюлоза ыдыратушы бактериялардың көмегімен өзгеріске ұшырайды. Орташа есеппен алғанда, сиырдың мес қарнындағы микробтардың салмағы 3 кг-ға дейін барады екен. Жануарлар бұл микроорганизмдердің тіршілік өнімдерін, ал кейіннен өздеріне қоректік материал ретінде қолданады. Қысқаша қайырғанда, микробтардың тіршілік әрекеттерінің арқасында табиғатта зат айналымы іске асып, жануарлар мен өсімдіктердің өміріне қолайлы жағдайлар туындап отырады. Жер қойнауындағы шымтезек, көмір, мұнай сияқты қазба байлықтардың түзілуі де микробтардың тіршілік әрекеттерімен тікелей баланысты екендігі ғылыми түрде дәлелденгенін айта кеткеніміз де артық болмас. Адамзат микроорганизмдердің ашылуына дейін олардың биохимиялық әрекеттерін нан пісіруде, шарап ашытуда, сыра қайнатуда, сонымен қатар сүт қышқылды тағамдарды даярлауда қолданып келді. Қазіргі кезде микроорганизмдер спирт, ацетон, глицерин, лимон қышқылын, амин қышқылдарын, әртүрлі антибиотиктер мен вакциналарды және тағы басқа пайдалы заттарды алуда, сонымен қатар, мал азығының құнарлығын арттыруда, ағынды суды және ластанған топырақты тазартуда, биогаз алуда және басқа да бағыттарда баға жетпес көмекшілер ретінде танылып отыр. Одан қалды, микробтар протеиндерді өндіру бойынша ешбір тіршілік иесіне дес бермейді. Мысалы, салмағы 500 кг сиыр тәулігіне небәрі 0, 5 кг протеин түзсе, осы салмақтағы ашытқы жасушалары сол уақыт ішінде 50 тоннадай, яғни 100 мың есе көп өнім түзеді (Н. Р. Асонов, 1989) . Соңғы 20 жылда микроорганизмдер гендік инженерия деп аталатын молекулярлық биологияның жаңа бағытында кеңінен қолданыс тауып келеді. Қазіргі кезде медицинаға қажет инсулин, интерферон, өсу гормоны және тағы басқа биологиялық белсенді заттарды өндіре алатын бактериялардың штамдары алынды. Олар мұндай қасиетке өздерінің ДНҚ молекуласына «тігілген» адам гендерінің «жұмыс істеуі» (экспрессиясы) арқасында ие болып отыр. Сонымен қатар, микробтар мен өсімдіктердің геномына бактериялардың азотты сіңіруге жауапты генін орналастыру бағытында ізденістер жүргізіліп жатыр. Микроорганизмдер арасында, сонымен қатар, адам мен жануарларға және өсімдіктерге зиянды түрлері де кездеседі. Айталық, олар әртүрлі жұқпалы ауруларды қоздырады және тағам өнімдерінің бүлінуін тудырады. Міне, сондықтан да ауыл шаруашылығы саласының болашақ мамандары үшін микроорганизмдердің пайдалы қасиеттерін мал шаруашылығынан алынатын тағам өнімдері мен шикізаттарды өңдеуде, мал азығын даярлауда, жұқпалы аурулардың алдын алуда қолдана білу өте маңызды.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар

Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдер қоршаған ортаның, азықтар мен тағамдардың сапасын бағалауда маңызды рөл атқарады. Оларға түрлі нысандардың биологиялық ластануын анықтауда пайдаланылатын микроорганизмдердің белгілі бір түрлері ғана жатады. Санитарлық микробиология саласының мақсаты - қоршаған орта объектілерінен санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерді анықтап қана қоймай, олардың сандық көрсеткіштеріне де сипаттама беру қажет. Қоршаған орта нысандарындағы, азықтар мен тағамдардағы санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдердің концентрациясы жоғарылаған сайын олардың адамдар мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндіруі де арта түседі. Осы бағыттарда жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерге қойылатын талаптар әзірленген. Санитарлық - көрсеткіш микроорганизмдер туралы түсінік. Инфекциялық аурулар қоздырғыштарының таратушысы адамдар мен жануарлар болып табылады. Олардан қоршаған ортаға микроорганизмдер ауа-тамшысы және нәжісі арқылы көп мөлшерде бөлінеді. Қоршаған орта нысандарында қауіпті микроорганизмдердің барын немесе жоқ екендігін санитарлық-микробиологиялық зерттеу жүргізу арқылы айқындау қажет. Қоршаған орта объектілерінен инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын тікелей анықтауға арналған көптеген әдістер (тікелей, жеделдетілген және сандық) әзірленген. Санитарлық микробиологтардың негізгі қызметі инфекциялық аурулардың алдын алуға, қоршаған орта нысандарының патогенді микроорганизмдермен ластану жағдайларын ескертуге бағытталған. Сондықтан қоршаған ортаның түрлі нысандарына санитарлық-микробиологиялық баға беру жұмыстары тікелей әдіспен емес, тек жанама әдістерді қолдана отыра, олардың адамдар мен жануарлардан бөлінген заттармен ластануын нақты анықтау арқылы жүзеге асырылады. Адамдар мен жануарлардың организмінде қалыпты микрофлоралар көптеп кездеседі. Ауыз қуысы немесе ішек көптеген микроорганизмдер түрлерінің негізгі тіршілік ететін ортасы - биотипі болып саналады. Сондықтан аталмыш микробтардың организмнен тыс жағдайда анықталуы, қоршаған ортаның адамдар мен жануарлардың экскреттерімен ластанғандығының дәлелі бола алады. Зерттеуге алынған материалдардан ауыз қуысында тіршілік ететін микроорганизмдердің өкілдері анықталған жағдайда сыртқы орта нысандары тыныс жолдарының кілегейлі заттарымен ластанғандығын, сонымен қатар олардың құрамында аэрогенді инфекциялар қоздырғыштарының болуы мүмкін деген қорытынды жасауға болады. Ал ішекте тіршілік ететін қалыпты микрофлоралар анықталса, қоршаған ортаның нәжіспен ластанғандығын көрсетеді. Бұл жағдайда асқазан-ішек жолдарында ауру қоздырғыштарының болуы мүмкін деген шешім жасауға болады. Осындай жағдайларда бөлініп алынған микробтар зерттеуге алынған объектілердің санитарлық жағынан қауіпті екендігін көрсетеді, міне, сондықтан олар санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдер деп аталады. Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерге қойылатын талаптар. Адамдар мен жануарлардың организмінде болатын қалыпты микрофлоралардың барлықтары бірдей санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдер қатарына жатқызылмайды.

Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерге келесі талаптар қойылған:

  • адамдар мен жануарлардан бөлінетін заттарда әрдайым кездесіп, қоршаған ортаға көп мөлшерде түсіп отыруы;
  • адам мен жануарлардың организмінен басқа табиғи резервуарының болмауы;
  • сыртқы ортада тіршілігін сақтау мерзімі патогенді микроорганизмдердің тіршілік ету мерзімімен сәйкес келуі;
  • сыртқы ортада көбейе алмауы;
  • қоршаған ортада өздерінің биологиялық қасиеттерін сақтай алуы; Оларды бір-бірінен ажыратып балауға мүмкіндік беретін типтік қасиеттерінің болуы. Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдер қатарына ішекте мекендейтін қалыпты микрофлоралардың ішінен - ішек таяқшасы тобының бактериялары, энтерококтар, сульфитті редукциялаушы анаэробтар (көбінесе Clostridium perfringens), Proteus туысына жататын бактериялар, ішек бактериофагтары, ал жоғарғы тыныс жолдарының кілегей қабықшаларында тіршілік ететіндерден - Streptococcus viridans, Streptococcus haemolyticus және Staphylococcus aureus жатады. Ішек таяқшасы санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерге қойылатын барлық негізгі критерийлерге сәйкес келеді. Олар адамдар мен жануарлардың ішегінде тіршілік ететін қалыпты микрофлораларға жатады, қоршаған ортаға нәжіс арқылы бөлінеді, сыртқы ортада тірі қалуы мен төзімділігі патогенді энтеробактериялардың қасиеттеріне ұқсас, су мен топырақта көбейе алмайды. Сонымен қатар ішек таяқшаларының тағы бір артықшылығы басқа ішек флорасына қарағанда, ластанған нысандарда өте көп мөлшерде кездесуі. Ішек таяқшасы тобының бактериялары (ІТТБ) қоршаған ортаның нәжіспен ластанғандығын білдіретін негізгі көрсеткіш және эпидемиологиялық (эпизоотиялық) қауіптіліктің индикаторы болып табылады. Жүргізілген дезинфекциялық шаралардың сапасын бақылау мақсатында санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің (ІТТБ, стафилококтар және т. б. ) тірі жасушаларының мал қораларында, жабдықтар мен басқа да нысандарда болуын немесе болмауын, сонымен қатар коли-титр мен микробтардың жалпы санын анықтайды.

Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері.

Санитарлық - микробиологиялық зерттеу принциптері. Санитарлық-микробиологиялық зерттеу жұмыстарының принципі зерттеу объектілерінен патогенді микроорганизмдерді немесе олардың токсиндерін анықтауға, сонымен қатар тексеріске алынған материалдардың (әсіресе тағам өнімдерінің) бұзылу дәрежесін айқындауға және бағалауға негізделген. Санитарлық-микробиологиялық зерттеу жұмыстарының бірінші принципі - әрбір зерттеу объектілеріне тиісті регламенттерді сақтай отыра сынамаларды дұрыс алу болып табылады. Сынамаларды алу кезінде жіберілген қателіктер зерттеу нәтижелерінің шынайылығына кері әсерін тигізеді. Алынған сынамаларды орау және тасымалдау кезінде ондағы микроорганизмдердің бір жағынан сақталуына, ал екіншіден көбеюіне жол берілмеуі қажет. Осыған орай негізгі ережелердің бірі - зерттеуге алынған үлгілерді тез арада тексерістен өткізу болып табылады. Қажет жағдайда материалдарды тоңазытқышта 6-8 сағатқа дейін ғана сақтауға болады. Алынған әрбір сынамаға жеке құжат толтырылады. Онда сынаманың атауы, нөмірі, алынған уақыты мен орны, нысанның сипаттамасы көрсетіледі және сынаманы алған қызметкердің қолы қойылады. Екінші принцип - сериялық талдаулар жүргізу. Әдетте су, топырақ, ауа және басқа да нысандардың құрамында алуан түрлі микроорганизмдер кездеседі, бірақ олардың таралуы біркелкі болмайды. Сондықтан сынамаларды әртүрлі нысандардың әрбір жерлерінен алу қажет. Зерттеуге араластырылған үлгілердің орташа мөлшері алынады. Үшінші принцип - сынамаларды қайтадан алу. Әдетте патогенді микроорганизмдер қоршаған ортаға (су, ауа, т. б. ) аз мөлшерде түсіп, онда біркелкі таралмайды. Сондықтан сынамаларды қайтадан алу нысандардың биологиялық контаминациясын дәл анықтауға мүмкіндік береді. Төртінші принцип - бекітілген тиісті стандарттар мен нұсқауларға сүйене отыра, стандартты және унификацияланған зерттеу әдістерін қолдану. Бұл принцип әртүрлі зертханаларда шынайы нәтижелерді алуға мүмкіндік береді. Бесінші принцип - зерттелетін объектілерге жан-жақты санитарлық-микробиологиялық сипаттама жасау үшін кешенді тесттерді қолдану. Патогенді микроорганизмдерді анықтауда тікелей және жанама әдістер пайдаланылады. Бірінші әдістер зардапсыз микроорганизмдерді тікелей анықтауға негізделген. Екінші әдістер адамдар мен жануарлардың нәжістерімен қоршаған орта нысандарының ластану дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Жанама тесттерге микробтардың жалпы санын, санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдердің сандық және сапалық көрсеткіштерін анықтау жатады. Жанама әдістерді қолдану арқылы сыртқы орта нысандарының патогенді микроорганизмдермен ластануына баға беруге болады. Алтыншы принцип - зерттеуге алынған нысанға тексеріс нәтижелерінің жиынтығымен қатар басқа да гигиеналық көрсеткіштерімен бірге есепке ала отыра баға беру. Санитар микробиолог қалыпты жағдайда зерттеу объектілерінде (шикізат, тағам өнімдері, дайын өнімдер, т. б. ) жүріп жатқан биохимиялық процестерді, өндіру технологиясын, сырттан келіп түсетін микробтардың келтіретін зиянын және олардың алдын алуда қолданылатын шараларды жақсы білуі қажет. Жетінші принцип - зерттеу нәтижелеріне сүйене нақты қорытындылар мен тұжырымдамалар жасауда санитарлық қызметтегі дәрігерлердің жауапкершілігі. Санитарлық-микробиологиялық зерттеу жұмыстарында тағамдық өнімдердің бұзылу дәрежесі, пайдалануға жарамдылығы, пайдаланған жағдайда денсаулыққа тигізетін зияны анықталады. Тағам өнімдерін, су қоймаларының суын пайдалануға тыйым салу, санитарлық сапасы төмен өнеркәсіп орындарын жабу, сатуға тыйым салу экономикаға белгілі бір мөлшерде зиянын тигізеді. Мұндай шешімге санитарлық қызметтегі дәрігерлер жауап береді.

Санитарлық - микробиологиялық зерттеу әдістері .

Заманауи санитарлық микробиология қоршаған орта нысандарында санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдер мен басқа да микроорганизмдерді анықтау және идентификациялау жұмыстарында микробиологиялық зертхананың балау әдістерін пайдаланады.

Қоршаған орта объектілерінің жалпы микробтармен ластану дәрежесі мен санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдердің саны көбейген сайын ондағы патогендердің де болу ықтималдығы да жоғарылай түседі. Осыған байланысты қоршаған орта объектілерінің микробтармен жалпы ластану дәрежесі және санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдердің рұқсат етілген деңгейі анықталады.

Микробтармен жалпы ластануының рұқсат етілген деңгейі судың (м. ж/мл), ауаның (м. ж/м3) және тағамдық өнімдердің (м. ж/г) санитарлық жағдайларына қарай баға беруде қолданылады.

Санитарлық-микробиологиялық көрсеткіштер бойынша тағамдық шикізаттар мен тағам өнімдерінің қауіпсіздігін белгілеуде рұқсат етілмейтін микроорганизмдердің болуы тиіс емес көлемі (мөлшері) анықталады. Басқа жағдайларда 1 г (мл) өнімдегі колония түзуші бірлік (КТБ/г, мл) мөлшерінің нормативі көрсетіледі.

Әдетте, зерттеуге алынған үлгілердің санитарлық-микробиологиялық сипаттамасын анықтау үшін кешенді тесттер бір уақытта қолданылады: жалпы микробтармен ластануын анықтау (микробтардың жалпы саны) ; санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерді анықтау және оларды титрлеу.

Жалпы микробтармен ластануы немесе зерттеу үлгілеріндегі микробтардың саны 1 мл сұйықтықтағы немесе 1 г қатты заттағы микроорганизмдердің жалпы санымен анықталады. Микробтардың санын анықтау жанама әдіс болып табылады және зерттеуге алынған үлгілерде патогенді микроорганизмдердің барын немесе жоқ екендігін болжауға мүмкіндік береді. Үлгінің микробтармен ластануын анықтайтын екі әдіс бар. Оның біріншісі микробтарды тікелей санау әдісі, ал екіншісі зерттеуге алынған сынамалардың түрлі сұйылтымдарын қоректік орталарға себу әдісі. Бірінші әдіс - Горяев камерасында немесе бактерияларды санауға арналған камераларда микроскоп көмегімен жүргізіледі . Гомогенді масса дайындау үшін зерттеуге алынған сынамаларды өңдеуден өткізеді. Бактерияларды дұрыстап санау үшін зерттелетін суспензияға бояғыш заттарды, әдетте эритрозинді қосады. Микробтарды тікелей санау үшін мембраналық сүзгілерді де қолдануға болады. Ол үшін зерттеуге алынған сұйықтықты мембраналық сүзгіден өткізіп алады. Тікелей санау әдісін шұғыл жағдайларда, яғни су құбырларының апаты немесе тазарту құрылымдарының нәтижелеріне баға беру кезінде, т. б. жағдайларда пайдаланады. Микробтарды тікелей санау әдісі қарапайым және ыңғайлы болғанымен, оның біраз кемшіліктері де бар. Айталық, топтасқан бактерияларды зерттеуге алынған субстраттардың түйіршіктеріне жабысып қалғандарын, ұсақ микроорганизмдерді санауға және өлілерін тірілерінен ажыратуға бұл әдіс мүмкіндік бермейді. Қазіргі кезде фотоэлектрлік және электронды есептегіш құралдары орнатылған автоматты аспаптар арқылы сынамалардың микробтармен жалпы ластану деңгейін тікелей санау мүмкіншілігі туып отыр. Екінші әдіс - зерттеуге алынған сынамалардың белгілі бір мөлшерін тығыз қоректік орталарға себу әдісі тәжірибеде жиі қолданылады. Он еселенген сұйылтымдарда дайындалған сұйықтықты немесе суспензияны 1 мл-ден стерильді Петри табақшаларына құяды да (ең жоғарғы сұйылтымнан бастайды, әрбір сұйылтымға жеке түтікше қолданады), оның үстіне балқытылып, 45-50°С температураға дейін салқындатылған ет-пептонды агарын қосады. Суспензияның біркелкі таралуын қамтамасыз ету үшін Петри табақшаларын баяу шайқап, тегіс жерде қатырғаннан кейін термостатқа қояды. Инкубация уақыты аяқталған соң өскен колониялардың санын, зерттеуге алынған сынама сұйылтымының бірлік көлемін есепке ала отыра үлгінің 1 мл-дегі микробтардың санын анықтайды. Бұл әдіспен тек ет-пептонды агарда өсе алатын мезофилді аэробты немесе факультативті-анаэробты бактерияларды анықтауға болады. Алайда микробтардың жалпы санының жоғары болуы зерттеу нысандарының санитарлық деңгейінің төмен екендігінің дәлелі болып табылады. Дегенмен бұл әдіс шынайы нәтиже бермейді: нысандағы микроорганизмдердің сандық көрсеткіші зерттеу нәтижесінен айтарлықтай жоғары болып келеді. Бұлай болуының себебін барлық микробтарға ортақ әмбебап қоректік ортаны әзірлеу мүмкіндігінің жоқтығымен түсіндіруге болады. Сонымен қатар, микроорганизмдер ассоциациясына енетін барлық түрлер үшін оңтайлы инкубация режимін ұстау мүмкін емес. Түйіршіктелген микробтар өсе алмайды, ал олардан колониялар пайда болғанның өзінде оның бір немесе одан да көп жасушалардан пайда болғанын анықтау қиынға соғады. Одан қалды зең саңырауқұлақтар мен актиномицеттердің колониялары 3-4 тәуліктен кейін пайда болатындықтан есепке алынбайды. Қорыта айтқанда, ет-пептонды агарда өсіп шығатын микробтардың саны себінді жасауға алған сынаманың құрамындағы микроорганизмдердің нақты санынан әлдеқайда төмен болады. Агар бетіндегі микроорганизмдерді санау кезінде, олардың саны 1 г немесе 1 мл-дегі колония түзуші бірлігімен (КТБ/г, мл) көрсетіледі. Сонымен, жоғарыда аталған екі әдісте де нысандардың микробтармен жалпы ластануын дәлме-дәл анықтау мүмкін емес. Салыстырмалы нәтижелерді алу мақсатында зерттеуге алынған үлгілердегі микробтың жалпы санын анықтау тиісті стандарттармен регламенттелінген әдістердің көмегімен іске асады. Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерді анықтау қоршаған ортаның патогенді микробтармен биологиялық контаминациялануының жанама көрсеткіші болып табылады. Ондағы санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдердің сандық көрсеткіштерін есепке ала отыра, қоршаған ортаның жалпы микробтармен ластану дәрежесін және белгілі бір патогеннің болуын болжамдауға мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы
Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері. Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы
Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар.Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері
Санитарлық көрсеткіш микрооргагизмдердің сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар.Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері
Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы жайлы ақпарат
Микроорганизм ұғымына жалпы түсінік
Оларға қойылатын талаптар. Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері
Санитарлық микробиологиялық зерттеу
Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар
Хроматографиялық әдістердің жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz