Адьюванттар, иммуномодуляторлар



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.
2.2. Вакцина және оның түрлері
2.3. Вакцина дайындау принциптері.
2.4 Адтюванттар, иммуномодуляторлар.
2.5 Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Жұқпалы аурулардың алдын алудың жалпы қағидаларына сай вирустың инфекциялардың профилактикасы да енжар (пассивті) және белсенді (активті) иммундау тәсілдерінен тұрады.Вирустық инфекциялардың профилактикасы індеттерге қарсы қолданылатын өте маңызды шараларға жатады. Оның мәнісі - адам организімінде вирустар қоздыратын жұқпалы ауруларға қарсы жасанды иммунитет қалыптастыру, жасанды жолмен қалыптасқан жүре пайда болатын белсенді және енжар қабылдамаушылықты (иммунитетті) табиғи резистентіліктен ажырата білу керек. Организмге әдейі енгізілген препараттардың (антигендер мен антиденелер) қасиетіне байланысты белсенді және енжар иммундау әдістерін ажыратады.

Вирустық аурулар — вирустар арқылы таралатын жұқпалы аурулар мен қатерлі ісіктер.
Жануарлардың, өсімдіктер мен бактериялардың жасушаларына енген вирустар көптеген қауіпті аурулар туғызады. Мысалы, тұмау, полиомиелит, шешек, аусыл, құтыру және т.б. аурулар вирус арқылы таралады. Тұмаудың нағыз қоздырғышы 1933 жылы анықталды. Бұл ауру ертеден белгілі. Тұмау індеті адамзатқа шешек пен обадан артық болмаса, кем залал тигізбеген. 1918-1920 жылдары тұмаумен 500 миллиондай адам ауырып, оның 20 миллионға жуығы қайтыс болған
Індеттен сақтандырудың негізгі жолы – арнамалы дуалау, вакцинамен немесе қан сарысуымен егу. Егудің арқасында организмнің арнамалы қорғану факторлары және механизмдері іске қосылады. Ауруға қарсы қолданған шаралардың салдарынан қоздырушымен ауруға шалдығатын организм арасында папуляциялық – экологиялық өзара байлаланыстар өзгерді. Аурудың өршуі, вирустардың әр түрлі қасиеттері де өзгеріске түсті. Қоздырушының бір малдан екінші малға өту жолдары да өзгерді. Осындай жағдайларда вирустардың орталыққа байланысты күшейген түрлері пайда болып, олардың иммунитетке қарсы тұрарлық қасиеттері бар түрлері дүниеге келді. Сонымен қатар, вирустардың уыттылығы төмендеген түрлері де пайда болды. Вирустардың өзгеруіне сәйкес аурулардың жаңа түрлері пайда болды. Олармен күресу де күрделі бола бастады.
1. Мырзабекова Ш.Б, Ветеринариялық вирусология Оқулық 2004 -368б.
2. Құлдыбаев М. Шоқанов Н.К. Микробиология пәнінің практикалық сабақтары Алматы : Бiлiм, 1995. - 120 с
3. Толысбаев, Б.Т. Ветеринариялық санитарлық микробиология.- Алматы, 2008

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.

БӨЖ

Тақырыбы: 1)Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.Вакцина дайындау принциптері.Адьюванттар,иммуномодул яторлар
2)Құтырық,Аусыл,Шмалленберг,Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары

Орындаған: Кенжебай А.А.
Тобы: ВМ-301
Тексерген: Омарбеков Е.О.

2015 ж.
Жоспары:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.
2.2. Вакцина және оның түрлері
2.3. Вакцина дайындау принциптері.
2.4 Адтюванттар, иммуномодуляторлар.
2.5 Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Жұқпалы аурулардың алдын алудың жалпы қағидаларына сай вирустың инфекциялардың профилактикасы да енжар (пассивті) және белсенді (активті) иммундау тәсілдерінен тұрады.Вирустық инфекциялардың профилактикасы індеттерге қарсы қолданылатын өте маңызды шараларға жатады. Оның мәнісі - адам организімінде вирустар қоздыратын жұқпалы ауруларға қарсы жасанды иммунитет қалыптастыру, жасанды жолмен қалыптасқан жүре пайда болатын белсенді және енжар қабылдамаушылықты (иммунитетті) табиғи резистентіліктен ажырата білу керек. Организмге әдейі енгізілген препараттардың (антигендер мен антиденелер) қасиетіне байланысты белсенді және енжар иммундау әдістерін ажыратады.

Вирустық аурулар -- вирустар арқылы таралатын жұқпалы аурулар мен қатерлі ісіктер.
Жануарлардың, өсімдіктер мен бактериялардың жасушаларына енген вирустар көптеген қауіпті аурулар туғызады. Мысалы, тұмау, полиомиелит, шешек, аусыл, құтыру және т.б. аурулар вирус арқылы таралады. Тұмаудың нағыз қоздырғышы 1933 жылы анықталды. Бұл ауру ертеден белгілі. Тұмау індеті адамзатқа шешек пен обадан артық болмаса, кем залал тигізбеген. 1918-1920 жылдары тұмаумен 500 миллиондай адам ауырып, оның 20 миллионға жуығы қайтыс болған
Індеттен сақтандырудың негізгі жолы - арнамалы дуалау, вакцинамен немесе қан сарысуымен егу. Егудің арқасында организмнің арнамалы қорғану факторлары және механизмдері іске қосылады. Ауруға қарсы қолданған шаралардың салдарынан қоздырушымен ауруға шалдығатын организм арасында папуляциялық - экологиялық өзара байлаланыстар өзгерді. Аурудың өршуі, вирустардың әр түрлі қасиеттері де өзгеріске түсті. Қоздырушының бір малдан екінші малға өту жолдары да өзгерді. Осындай жағдайларда вирустардың орталыққа байланысты күшейген түрлері пайда болып, олардың иммунитетке қарсы тұрарлық қасиеттері бар түрлері дүниеге келді. Сонымен қатар, вирустардың уыттылығы төмендеген түрлері де пайда болды. Вирустардың өзгеруіне сәйкес аурулардың жаңа түрлері пайда болды. Олармен күресу де күрделі бола бастады.
Сондықтан, вирус қоздыратаын аурулардан сақтандыру үшін ең алдымен індеттік процесті, вирустардың індетаралық кездерінде өз түрлерін сақтау үшін тірі клетка ішінде болуы шарт. Демек организмге енуі қажет. Вирустар мал организіиінде ұзақ уақыт сақтала алады. Кейбір жіті түрде өтетін аурулардың, мысалы, аусыл, шошқаның африкалық және европалық обасы, Ауески ауруы, құтыру т.б. созылмалы, жасырын түрге ауысуы осы вирустардың өзгеруіне және олардың індет аралық кездерінде ортаға ыңғайланып сақталуын көрсетеді және керісінше,вирустардың уыттылық түрінің пайда болуы мал организімінің ауруға қарсы төзімділігінің яғни иммунитеттің төмендеуіне байланысты жайт. Бұл вирустық аурулардың тез таралуына әкеп соғады.
Мал ауруын қоздыратын вирустардың осылайша өзгеріп отыруы, вирустардың вируленттік түрі пайда болғанда аурудың таралуы, вируленттігі төмендеген кезде індеттің сақталуы, яғни вирустардың табиғатта айналысқа түсуі осы қоздырушылардың биологиялық түрі ретінде табиғатта сақталуына негіз жасайды.
Арнамалы дауалау. Арнамалы дауалау дегеніміз малды жұқпалы аурулардан вакцина немесе гипериммунды қан сарысуы арқылы сақтандыру. Ауырып жазылған малда және вакцина егілген соң вирусқа қарсы пайда болған иммунитет әр түрллі дамиды. Мұнда гуморальдық және клеткалық факторлар әр түрлі роль атқарады.
Вакцина (лат. vacca -- сиыр, vaccіnus -- сиырдікі) -- микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т.б.) алынып, адам мен жануарлар организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар.Азиялық көшпелілер ежелгі дәуірден-ақ адам мен малға шешекті, ешкіге кебенекті, сиырға алаөкпені егу арқылы оларды қатерлі аурулардан сақтандырып отырған.
Тарихы.1796 жылы ағылшын дәрігері Э.Дженнер алғаш рет сиыр шешегін адамға егу арқылы алды.
Классификация.Вакцина тірі, өлтірілген, химиялық, анатоксиндер, ассоциацияланған болып ажыратылады.
Тірі вакцина.Тірі вакцина -- микробтардың уыттылығын әлсіретіп, ауру тудырғыш қабілетін жою, иммунитет қалыптастыру үшін алынады. Алғаш рет француз микробиологы Л. Пастер тірі вакцинаны түйнемеге (1881) және құтыру ауруына (1885) қарсы қолданды. Ал 1926 жылы француз ғалымдары А. Кальмет пен К. Гереннің ашқан тірі туберкулез (БЦЖ) вакцинасы ғылымдағы үлкен жаңалық болды. Тірі вакциналар шешек, құтыру, оба, туляремия, т.б. ауруларға қарсы пайдаланылады. Өлтірілген Вакцина.Өлтірілген Вакцина -- микроорганизмдерді физикалық (қыздыру арқылы) және химиялық жолмен (фенол, ацетон және спиртпен өңдеу) өлтіру әдістері арқылы алынады. Бұлардың қорғаныштық қабілеті тірі вакцинаға қарағанда төмендеу болғандықтан бірнеше рет егіледі.
Химиялық вакцина.Химиялық вакцина -- микроорганизмдерден бөлінетін активті антигендерден алынады. Бұл вакциналар паратиф, іш сүзегі, т.б. ауруларға қарсы пайдаланылады. Анатоксиндер -- улы токсиндерді формалинмен өңдеу арқылы алынған усыз вакциналар. Бұларды алғаш рет (1923 -- 1926) француз ғалымы Г. Рамон алды. Анатоксиндер дифтерия (күл), ботулизм, сіреспе, т.б. ауруларға қарсы қолданылады.
Ассоциацияланған вакцина.Ассоциацияланған Вакцина -- 2 -- 3 ауруға бірден қолданылатын вакциналар. Мысалы, сиырларды қараталақ пен қарасан (эмкар) ауруына қарсы бір вакцинамен егіп тастау өте тиімді. Вакциналарды организмге әр түрлі әдіспен енгізеді. Мысалы, шешек, туберкулез вакцинасын тері үстіне (тырнап), полиомиелитке қарсы ауыздан, гриптікін танау қуысынан құяды. Сүзек, тырысқақ, топалаң, құтыру вакцинасын тері астына, қызылша мен қарасан вакцинасын бұлшық етке егеді. Вакцина егілген организмде ауруға қарсы иммунитет 2 -- 3 аптадан кейін қалыптасып, бірнеше жылдар бойы сақталады.[2][3]
Адъюванттар -- шығу тегі және химиялық табиғаты әртүрлі тәнді емес заттар. Адам және жануарлар денесіне антигендермен бірге енгенде, иммуногенезге жағдай жасап оның ұзақ жүруіне әсер етеді. Бұл ұғымды алғаш рет 1925 ж. Рамон енгізген. Адъюванттар ретінде алюминий калилі ашута- сы, кальций хлориді, минералды майлар, бактерия полисахариді, сапонин, латекстің, акрилаттың, бентониттің қатты бөлшектері және әртүрлі поли- электролиттер, оның ішінде ДЕАЕ -- декстран қолданылады. Бірақ Адъюванттар адам организміне енгізу олардың неше түрлі жағымсыз қосалқы әсерлері болғандықтан шектелген. Адам үшін Адъюванттар тек алюминий мен кальций тұздарыныц гелі қолданылады. Кейінгі кезде липосомдар мен кейбір уытсыз полиэлектролиттерге көбірек көңіл бөлініп жүр.
Иммунокоррекция (иммуномодуляция) - иммундық жүйенің функционалдық белсенділігін өзгерту үшін фармакологиялық заттарды қолдану әдісі. Бұл фармакологиялық заттар екі бағытта өзгерту туғызады:
* Үдетеді - иммуностимуляция;
* Тежейді - иммуносупрессия.
Арнайы иммунокррекция бір антигеннің әсерімен шектеледі, ал арнайы емес - иммундық жауапта жалпы өзгерістер тудырады және әртүрлі антигендердің әсерлерінен организмнің реактивтілігі өзгереді.
Иммуномодуляторлар үш топқа жіктеледі:
* Физиологиялық заттар - цитокиндер.
* микробтардан алынған препараттар - вакцина БЦЖ.
* Синтетикалық заттар.
Әрбір топтың препараттарының әсер ету механизмдерінің де ерекшеліктері бар. Олар негізінен торшалардың иммунологиялық белсенділігін жоғарылатуға бағытталған. Цитоплазматикалық нуклеотидтердің дисбалансысына байланысты әсер етеді.
Иммуностимуляторлар. Тимус гормондары. Т-торшаларды белсендендіретін стимуляторлар. Олар претимоциттерді тимусқа бағыттауға дайындайды. Одан оларды торшалардың иммун жүйесінің шеткергі ағзаларына бағыттайды. Оған жататындар: тимозин, альфа-тимозин, тимопоэтин, тимулин. Иммуносупрессивті әсер ететін гуморалды тимустық фактор.
Опиоидты пептидтер. Эндофиндер гипофизбен, энкефалиндер бүйрек үсті безімен синтезделеді. Лимфоциттердің функцияларын қуаттандырады. Т- және В-торшалардың пролиферациясын жоғарылатады, иммундық жауаптың деңгейін ұстап тұрады, Т- және В-торшалардың кооперациясын қамтамасыз етеді, организмнің стресс реакциясын жеңілдетеді.Тимустық факторлар мен опиоидты пептидтерге қосымша ретінде иммунокомпотентті торшалармен иммундық реактивтіліктің жергілікті медиаторы цитотоксин синтезделеді. Бұл медиатор тимозин мен эндофиндердің бақылауында болады Бұл гормондар торшааралық кооперацияны және антигендік стимуляцияны да бақылауға алады.Қуаттандырылған лимфоциттермен және макрофагтармен бөлінетін лимфокиндер мен монокиндер жергілікті қоршаудағы басқа торшалардың белсенділіктеріне қатты әсер етеді.
Интерферон және интерлейкиндер. Интерферондардың әсері тек вирустарға қарсы белсенділігі мен антибластомдық эффектісімен ғана шектеліп қоймайды. Оның иммунды модуляциялық әсері де белгілі. Ол макрофагтарды белсендендіру, В-торшаларды қуаттандыру, табиғи киллерлер мен цитотоксикалық Т-торшалардың қорғаныс күшін нығайту арқылы иммундық жүйенің торшаларын белсендендіреді. Лимфоциттердің бластогенезін тежейді, иммуносупрессивті эффект тудыруы мүмкін. Иммуностимуляциялық тиімділігі препараттың дозасы мен әсер ету уақытына, антигеннің түріне, интерферонның өзінің кейбір сипаттамаларына байланысты болады.Интерлейкиндер арнайы емес препараттар, Т-торшаны коррекциялауда терапевтік препарат ретінде мүмкіншілігі интерферонға қарағанда әлдеқайда жоғары. Олар иммундық жауаптың медиаторлары. Иммундық жүйенің Т- және В-торшаларын және басқа да торшаларды белсенділіктерін жақсартып реттеу үшін, дифференциация үшін өте қажет. Интерлейкиндер жүйесі иммундық жауапты реттеуге де қатыстырылады. Цитокиндік торшамен интеграцияланған. Ол жүйке және эндокринді жүйелермен тығыз байланыста.
Левамизол мен изопринозин. Левамизол имидазол туындысы, фенилмидотиазолдар тобына жатады. Оның иммуномодуляциялық қасиеті пролиферацияны, миграцияны, лимфоциттердің, макрофагтардың және нейтрофилдердің секреттік функцияларын өзгертумен байланысты. Т- лимфоциттердің алдыңғы түрлерін жетілдіреді, цитокин өнімін ұлғайтады, Т-супрессорларға қарағанда Т-хелперлердің санын көбейтеді. Қарсы денелер түзуге тікелей әсер етпейді, бірақ иммуносупрессивтік пациенттердің торшалық иммундық жауабын үдетеді. Левамизол сау малдарға әсер етпейді.
Изопринозин вирусқа қарсы әсер ететін препарат, иммуномодуляциялық қасиеті бар. Ол лимфоциттерде және макрофагтарда цГМФ - ны көбейтеді. Соның салдарынан лимфоциттерде пролиферация өзгереді, табиғи киллер, спрессорлардың, цитотоксикалық Т-торшалардың белсенділіктері жоғарылайды. Ол цитотоксиннің өнімін көбейтеді және макрофагтардың әртүрлі функцияларын өзгертеді. Медицина
Құтырықтың қоздырушысы - Rabies lyssavirus - рабдовирустар тұқымдастығының лиссавирустар туыстығына жатады.Барлық рабдовирустар секілді оқ пішінді. Вириондарының ұзындығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері жайлы
Вакцина және оның түрлері
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.Вакцина дайындау принциптері.Адьюванттар,иммуномодуляторлар.2)Құтырық,аусыл,шмалленберг,блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Вирустық аурулар жайлы ақпарат
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу туралы мәлімет
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адьюванттар, иммуномодуляторлар. Құтырық, аусыл, шмалленберг, блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу
Вирустық аурулар туралы мәлімет
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.Вакцина дайындау принциптері. Құтырық,аусыл,шмалленберг,блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері
Пәндер