Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру



Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. Оқу.тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері

1.1. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

1.2. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18

1.3. Оқушыларға сабақта және сыныптан тыс жұмыста экологиялық тәрбие беру үлгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

ІІ. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірибелік жұмысы

2.1. Оқу процесінде сабақта экологиялық білім мен тәрбие беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37

2.2. Сыныптан тыс жұмыста оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..43

2.3. Тәжірибелік . эксперимент жұмысының нәтижелері ... ... ... .57

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .63

Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..65
Кіріспе

Ғылыми-техникалық прогрестің жедел даму барысында, қоғам мен табиғаттың қарым-қатынас мәселесіндегі күрделі шиеленістерді дұрыс шеше білу, бүкіл жер шарының болашағын, әрбір азаматтың өмірін сақтауға мүмкіндік туады. Өйткені, өндірістің дамуы барысында табиғи қорлардың дағдарысқа ұшырауына, қоршаған табиғи ортаның ластануына себепші болып, жаңа дағдарыстардың туындауына ұйытқы болды.
Табиғат әлемі адамдардың тіршілік ету ортасы. Ал, адамдар табиғатсыз өмір сүре алмайды. Соңғы жылдардағы мемлекеттік жоспарларды орындау, өндірісті өркендету негізгі міндет болып, табиғатты (ауаны, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін) қорғап, ядролық жарылыстар, табиғат байлықтарын орынсыз пайдалану, табиғатты ауруға ұшыратты. Жұтатын ауамыз, ішетін суымыз, жейтін тамағымыздың құрамында улы заттар көбейді. Заводтардан шығатын қалдықтар сүзгіден дұрыс өткізбестен ауаға таралып, осының нәтижесінде өкпе, рак, жүрек, психикалық аурулар саны көбейіп барады. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, аурулардың 80-90% ішетін ас суынан және жұтатын ауадан туындап отырғаны көрінеді.
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету мақсатымен, Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» атты өз халқына жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту, ауруларды болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін экологиялық проблемаларды шешу қажеттігі атап айтылған Президенттің жолдауында: «Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20%-ке себеп болып отыр, ол кейбір аймақтарда жағдайы мұнан да қиын, отандастарымыздың үштен бірі сапасыз тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеп соғады; - деді [1].
Озон қабатының жұқаруы, улы тұзды жаңбырлардың жаууы, химиялық заттармен ластануы – адамның іс-әрекетінен жасалған қасірет болып табылады. Табиғаттың осындай күйге ұшырап, еліміздің көптеген жерлерінің апат аймағына айналуының бір себебі – экологиялық білім мен тәрбиенің төмендігі.
Ғылыми-техникалық прогрестің өркендеуі, адамдардың шаруашылық іс-әрекетінің дамуы артып, өндірістің өсуіне қарай табиғаттан алынатын шикізат пен өндіріс қалдықтарының көлемі арытып, айналадағы ортаны бүлдіруде. Қазіргі кезде табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынасты дұрыс жолға қойып, табиғат байлықтарын, көздің қарашығындай сақтап, оны үнемдеп пайдалануда.
Соңғы ХХ ғасырдың екінші жартысында адам баласынан алдынан шыққан, табиғатты қорғау мәселесі, жастарды соған сай оқыту мен тәрбиелеудің қажеттілігі туып, экологиялық мәселелер қазір әлемде өзінің қоғамдық мәні жоғалған алдыңғы қатардағы мәселенің біріне айналды. Сондықтан жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір қажетті кезек күттірмес екендігі 1991 жылғы «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында» және 1992 жылғы «Қазақстан Республикасының білім беру туралы» заңында, 1996 жылғы «Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында» көрсетілген. Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-шы бабы жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттің меншігі екендігі, олардың мемлекет қорғауында болатындығын мәлімдейді, осы конституцияның 38-ші бабы Қазақстан Республикасының азаматтарына табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндеттейді.
Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының 89 бабының әрқайсысы еліміздің болашағын экологиялық жағынан қамтамасыз ету шараларына арналады. Заңда басқа салалармен қатар педагогикалық жағынан шешілуі тиісті міндеттер белгіленіп, экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілу қажеттілігі көрсетіледі[2,3,4].
Өйткені табиғатты аялау, соның негізінде имандылыққа, ізгілікке баулу бала тәрбиесіндегі ұлттық тамырдан нәр алады, яғни, экологиялық ой-тұжырымдар баланың қоршаған табиғат ортасымен және өмір сүріп отырған қоғамындағы қалыптасқан ғылыми ұғым түсініктерімен байланыстырса, соғұрлым өз туған жерін, елін қорғауға тәрбиелейтіндігін ашып көрсеткен. Табиғат арқылы балалардың имандылық сезімдерінің алғашқы нышандарын педагогикалық құндылығын қалыптастыру жайлы Коменский ескерткен.
Табиғаттың сұлу көріністері арқылы жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерін табиғатты қорғау, сүю сезімдерін тәрбиелеу туралы қазақ халқының ағартушылары мен зиялы қоғам қайраткерлері Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев,
Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев еңбектерінде көп көңіл бөлінген. Ұлы Абай өз өлеңінде табиғат пен адам өмірін, тіршілігін, ажырамайтын, бөліп қарастыруға келмейтін біртұтас дүние ретінде қарастырған[5]. Белгілі педагог-психолог Жүсіпбек Аймауытов балаға ең қымбат, ең жақын туған жері, туған жерінің табиғаты, оның құбылыстарын білу өте қызық. Мұндай оқыту жүйесі өмірге, табиғатқа теңеу мазмұнының берік, баланың санасын жандандырып, төңіректегі әлемге терең көзбен қарауға үйретеді.
Ғылыми-техникалық прогрестің өркендеуі адамдардың табиғатқа жасаған бір жақты қарым-қатынасымен табиғат заңдылықтарымен сипаттайды, салдарынан, табиғаттың экологиялық тепе-теңдікнің бұзылуы, экологиялық дағдарыстың болу себептерін Е.Мамбетқазиев, Е.Қонақбаев, Ю.Жданов т.б. өз еңбектерінде атап өткен.
Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі жөнінде Ә.Е. Бейсенова, Ә. Бірмағамбетов, Х. Жүнісова, Ж.Б. Шілдебаев т.б. еңбектерінде жазылған[6].
Табиғат қорғауға байланысты конференциялар ұйымдастырылып шығарылды. Алғашқы рет мектептер мен орта арнаулы жоғарғы оқу орындары үшін эколог мамандар дайындау туралы тұжырымдама жасалынды. Осының нәтижесінде Алматы, Өскемен, Шымкент, Семей, Атырау, Ақтау университетінде экологиядан мамандар дайындайтын бөлімдер ашылды. Елімізде тұңғыш рет (1987 жылы) эколог мамандар дайындау мәселесін көтеріп, экологиялық білім мен тәрбие берудің тұжырымдамасын жасаған географ-ғалым Ә.С. Бейсеновваның еңбегі айрықша болды.
Мен осы дипломдық жұмысымды орындау барысында оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру саласында ізденіс зерттеулер жүргізген ғалым-педагогтар И.Д. Зверев, М.Н.Сарыбеков, Н.Е.Ильинская тағы басқалардың ой-пікірлерін басшылыққа алдым[7].

Зерттеу пәні: орта мектептердегі 8-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру.
Зерттеу нысанасы: орта мектептердегі оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу мақсаты: 8-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруде теориялық жағынан негіздеу.
Зерттеу міндеттері:
- орта мектептерде 8-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негізін айқындау;
- экололгиялық білім мен тәрбие берудің деңгейін анықтау;
- сабақта және сабақтан тыс уақытта экологиялық білім мен тәрбие беру жолдарын анықтау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: 8-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру тиімді және нәтижелі болуы мүмкін, егерде:
- орта мектепте оқушылардың табиғатты қорғауға байланысты гумандық қасиеттерін қалыптастырудың теориялық негізі дәлелденсе;
- сабақ және сабақтан тыс жұмыстардың бірлігі мазмұндық, ұйымдастыру және әдістемелік жағынан қамтамасыз етілсе;
- экологиялық тәрбие мазмұны туған өлке және қазақ этнопедагогика материалдарымен толықтырылса,
Зерттеудің практикалық маңызы:
- Жоғарғы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруде туған өлке және қазақ этнопедагогика материалдары ендірілген қосымша бағдарламалар жасау;
- жоғарғы мектептерде биология пәні негізінде экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми-практикалық ұсыныстары.
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезең (2005 жылы). Дипломдық жұмысының тақырыбы алынып, осы тақырып бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, оқу әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынып, теориялық негіздері анықталды.
Екінші кезең (2006 жылы). 8-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірибелік жұмыстар жүргізіліп, аяқталды.
Зерттеу жұмысының негізгі базасы:
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Тараз қаласы №30 орта мектепте өткізілді.
Зерттедің құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тарудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
Әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы (баптары бойынша
түсіндірмелері) оны жүзеге асыру жөніндегі құжаттар. – Астана, 2000
1. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңы. //Егеменді Қазақстан, 1997.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995- А: Жеті Жарғы, 1998 6бап -8б
3. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан 2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. А: Білім, 1997
4. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А: Ана тілі, 1995.-6б.
5. Ә.С.Бейсенова,Ж.Б. Шілдебаев, Г.З.Сауытбаев Экология Алматы «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2001. -555б.
6. Сарыбеков Н.С, Сарыбеков М.Н, Сарыбеков Д.Н. Қазақ халқының табиғат қорғау дәстүрлері.- Алматы, 1996.-45с.
7. Руссо Ж.Ж. Педагогические сочинение т. 2-М.,1977.-465с.
8. Белинский В.Г, Чернышевский А.И, Добролюбов Педогогические наследие. – М., 1954.-25с.
10.Герцен А.Н. Диалетизм в науке. Письмо об изучении природы (1842-1846) собр. Сочин в 30-томах.-М.,1954.-24с.
11.Писарев Д.И. Педагогика –М., 1977.-46с.
12.Қасабеков А., Алтаев Ж. Қазақ философиясының тарихына кіріспе. – А: Ер Дәулет, 1994.-84б.
13.Люблинская А.А. Формирование нравственной позиции начинается в детстве. М: Начальная школа, 1982.-85с.
14.Мұқанов М. Ақыл-ой өрісі. –Алматы: Қазақстан, 1980.-72б.
15.Тихонова А.Е. Дидактические и методические основы экологического образования и воспитания школьников. Хабаровск, 1984.-81с.
16.Дарвин Ч. Происхождение видов.- М: Госсельгиз, 1952. -98с.
17.Геккель Э. Естественная история мировозрения Лейпциг: соб. 1908 1т.- 274 с
18.Ушинский К.Д. Собр. Соч. Том 10-М.-Л:1950.-87с.
19.Сухомлинский В.А. Балаға жүрек жылуы. А: Рауан, 1992.-82б.
20.Зверев И.Д. Экология в школьном обучении. М.: Изд-во Знание, 1982-82с.
21.Құрсабаев А.Р. Атамекен тәлім тәрбие бағдарламасы, А: Жалын, 1991.
22.Балтабаев М.Х. Кәусар бұлақ //Қазақстан мектебі, №4, 1999.
23.Балтабаев М, Ұзақбаева С, Қышқышбаев П, Быковский М, Әлмұхамбетов Б, Жолымбетов К, Елім-ай ән-күй пәнінің бағдарламасы. – А: Рауан,1991.-36б.
24.Бозжанова К.Б. Оқушылармен жүргізілетін кластан және мектептен тыс жұмыстар жүйесі. А., 1991.
25.БолдыревН.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы А: Мектеп, 1987.-32б.
26.Жалпы білім беретін мектепте табиғат қорғау жұмысын күшейту туралы (әдістемелік хат) мектептегі тәрбие жұмысы. – Алматы, 1978.-55б.
27. Сәтімбекова Р. Табиғат қорғау. А: Рауан, 1992.-92б.
28. Нұғыманов И, Орынбеков С. Экологиялық білім берудің
педогогикалық негізі. //Қазақстан мектебі, 1996.-127б.
29.Жарықбаева Қ.Б. Психология А: Білім, 1993.-69б.
30. Ильина А.Н. Педогогика А: Мектеп, 1977-175с.

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .3

І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің
теориялық негіздері

1.1. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

1.2. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..18

1.3. Оқушыларға сабақта және сыныптан тыс жұмыста экологиялық тәрбие беру
үлгісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 25

ІІ. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірибелік жұмысы

2.1. Оқу процесінде сабақта экологиялық білім мен тәрбие
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .37

2.2. Сыныптан тыс жұмыста оқушыларға экологиялық білім және тәрбие
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..43

2.3. Тәжірибелік – эксперимент жұмысының нәтижелері ... ... ... .57

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..63

Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 65

Кіріспе

Ғылыми-техникалық прогрестің жедел даму барысында, қоғам мен
табиғаттың қарым-қатынас мәселесіндегі күрделі шиеленістерді дұрыс шеше
білу, бүкіл жер шарының болашағын, әрбір азаматтың өмірін сақтауға
мүмкіндік туады. Өйткені, өндірістің дамуы барысында табиғи қорлардың
дағдарысқа ұшырауына, қоршаған табиғи ортаның ластануына себепші болып,
жаңа дағдарыстардың туындауына ұйытқы болды.
Табиғат әлемі адамдардың тіршілік ету ортасы. Ал, адамдар табиғатсыз
өмір сүре алмайды. Соңғы жылдардағы мемлекеттік жоспарларды орындау,
өндірісті өркендету негізгі міндет болып, табиғатты (ауаны, суды,
өсімдіктер мен жануарлар дүниесін) қорғап, ядролық жарылыстар, табиғат
байлықтарын орынсыз пайдалану, табиғатты ауруға ұшыратты. Жұтатын ауамыз,
ішетін суымыз, жейтін тамағымыздың құрамында улы заттар көбейді.
Заводтардан шығатын қалдықтар сүзгіден дұрыс өткізбестен ауаға таралып,
осының нәтижесінде өкпе, рак, жүрек, психикалық аурулар саны көбейіп
барады. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек,
аурулардың 80-90% ішетін ас суынан және жұтатын ауадан туындап отырғаны
көрінеді.
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатының артуын
қамтамасыз ету мақсатымен, Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан 2030
атты өз халқына жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту, ауруларды
болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін экологиялық
проблемаларды шешу қажеттігі атап айтылған Президенттің жолдауында:
Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20%-ке себеп болып отыр, ол
кейбір аймақтарда жағдайы мұнан да қиын, отандастарымыздың үштен бірі
сапасыз тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеп соғады; - деді
[1].
Озон қабатының жұқаруы, улы тұзды жаңбырлардың жаууы, химиялық
заттармен ластануы – адамның іс-әрекетінен жасалған қасірет болып табылады.
Табиғаттың осындай күйге ұшырап, еліміздің көптеген жерлерінің апат
аймағына айналуының бір себебі – экологиялық білім мен тәрбиенің төмендігі.
Ғылыми-техникалық прогрестің өркендеуі, адамдардың шаруашылық іс-
әрекетінің дамуы артып, өндірістің өсуіне қарай табиғаттан алынатын шикізат
пен өндіріс қалдықтарының көлемі арытып, айналадағы ортаны бүлдіруде.
Қазіргі кезде табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынасты дұрыс жолға
қойып, табиғат байлықтарын, көздің қарашығындай сақтап, оны үнемдеп
пайдалануда.
Соңғы ХХ ғасырдың екінші жартысында адам баласынан алдынан шыққан,
табиғатты қорғау мәселесі, жастарды соған сай оқыту мен тәрбиелеудің
қажеттілігі туып, экологиялық мәселелер қазір әлемде өзінің қоғамдық мәні
жоғалған алдыңғы қатардағы мәселенің біріне айналды. Сондықтан жас ұрпаққа
экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір
қажетті кезек күттірмес екендігі 1991 жылғы Қазақстан Республикасының
жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында және 1992 жылғы Қазақстан
Республикасының білім беру туралы заңында, 1996 жылғы Қазақстан
Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-шы бабы жер және оның қойнауы,
су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар
мемлекеттің меншігі екендігі, олардың мемлекет қорғауында болатындығын
мәлімдейді, осы конституцияның 38-ші бабы Қазақстан Республикасының
азаматтарына табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға
міндеттейді.
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау туралы заңының 89
бабының әрқайсысы еліміздің болашағын экологиялық жағынан қамтамасыз ету
шараларына арналады. Заңда басқа салалармен қатар педагогикалық жағынан
шешілуі тиісті міндеттер белгіленіп, экологиялық тәрбие мен білім берудің
жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілу қажеттілігі көрсетіледі[2,3,4].
Өйткені табиғатты аялау, соның негізінде имандылыққа, ізгілікке баулу
бала тәрбиесіндегі ұлттық тамырдан нәр алады, яғни, экологиялық ой-
тұжырымдар баланың қоршаған табиғат ортасымен және өмір сүріп отырған
қоғамындағы қалыптасқан ғылыми ұғым түсініктерімен байланыстырса, соғұрлым
өз туған жерін, елін қорғауға тәрбиелейтіндігін ашып көрсеткен. Табиғат
арқылы балалардың имандылық сезімдерінің алғашқы нышандарын педагогикалық
құндылығын қалыптастыру жайлы Коменский ескерткен.
Табиғаттың сұлу көріністері арқылы жас ұрпақтың бойына адамгершілік
қасиеттерін табиғатты қорғау, сүю сезімдерін тәрбиелеу туралы қазақ
халқының ағартушылары мен зиялы қоғам қайраткерлері Ш.Уәлиханов,
А.Құнанбаев,
Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев
еңбектерінде көп көңіл бөлінген. Ұлы Абай өз өлеңінде табиғат пен адам
өмірін, тіршілігін, ажырамайтын, бөліп қарастыруға келмейтін біртұтас дүние
ретінде қарастырған[5]. Белгілі педагог-психолог Жүсіпбек Аймауытов балаға
ең қымбат, ең жақын туған жері, туған жерінің табиғаты, оның құбылыстарын
білу өте қызық. Мұндай оқыту жүйесі өмірге, табиғатқа теңеу мазмұнының
берік, баланың санасын жандандырып, төңіректегі әлемге терең көзбен қарауға
үйретеді.
Ғылыми-техникалық прогрестің өркендеуі адамдардың табиғатқа жасаған
бір жақты қарым-қатынасымен табиғат заңдылықтарымен сипаттайды, салдарынан,
табиғаттың экологиялық тепе-теңдікнің бұзылуы, экологиялық дағдарыстың болу
себептерін Е.Мамбетқазиев, Е.Қонақбаев, Ю.Жданов т.б. өз еңбектерінде атап
өткен.
Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі жөнінде Ә.Е. Бейсенова, Ә.
Бірмағамбетов, Х. Жүнісова, Ж.Б. Шілдебаев т.б. еңбектерінде жазылған[6].
Табиғат қорғауға байланысты конференциялар ұйымдастырылып шығарылды.
Алғашқы рет мектептер мен орта арнаулы жоғарғы оқу орындары үшін эколог
мамандар дайындау туралы тұжырымдама жасалынды. Осының нәтижесінде Алматы,
Өскемен, Шымкент, Семей, Атырау, Ақтау университетінде экологиядан мамандар
дайындайтын бөлімдер ашылды. Елімізде тұңғыш рет (1987 жылы) эколог
мамандар дайындау мәселесін көтеріп, экологиялық білім мен тәрбие берудің
тұжырымдамасын жасаған географ-ғалым Ә.С. Бейсеновваның еңбегі айрықша
болды.
Мен осы дипломдық жұмысымды орындау барысында оқушыларға экологиялық
білім мен тәрбие беру саласында ізденіс зерттеулер жүргізген ғалым-
педагогтар И.Д. Зверев, М.Н.Сарыбеков, Н.Е.Ильинская тағы басқалардың ой-
пікірлерін басшылыққа алдым[7].

Зерттеу пәні: орта мектептердегі 8-шы сынып оқушыларына экологиялық
білім мен тәрбие беру.
Зерттеу нысанасы: орта мектептердегі оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу мақсаты: 8-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие
беруде теориялық жағынан негіздеу.
Зерттеу міндеттері:
- орта мектептерде 8-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие
берудің теориялық негізін айқындау;
- экололгиялық білім мен тәрбие берудің деңгейін анықтау;
- сабақта және сабақтан тыс уақытта экологиялық білім мен тәрбие беру
жолдарын анықтау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: 8-шы сынып оқушыларына экологиялық білім
мен тәрбие беру тиімді және нәтижелі болуы мүмкін, егерде:
- орта мектепте оқушылардың табиғатты қорғауға байланысты гумандық
қасиеттерін қалыптастырудың теориялық негізі дәлелденсе;
- сабақ және сабақтан тыс жұмыстардың бірлігі мазмұндық, ұйымдастыру
және әдістемелік жағынан қамтамасыз етілсе;
- экологиялық тәрбие мазмұны туған өлке және қазақ этнопедагогика
материалдарымен толықтырылса,
Зерттеудің практикалық маңызы:
- Жоғарғы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруде туған
өлке және қазақ этнопедагогика материалдары ендірілген қосымша
бағдарламалар жасау;
- жоғарғы мектептерде биология пәні негізінде экологиялық білім мен
тәрбие берудің ғылыми-практикалық ұсыныстары.
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезең (2005 жылы). Дипломдық жұмысының тақырыбы алынып, осы
тақырып бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, оқу әдістемелік
әдебиеттерге талдау жасалынып, теориялық негіздері анықталды.
Екінші кезең (2006 жылы). 8-шы сынып оқушыларына экологиялық білім
мен тәрбие берудегі тәжірибелік жұмыстар жүргізіліп, аяқталды.
Зерттеу жұмысының негізгі базасы:
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Тараз қаласы №30 орта мектепте
өткізілді.
Зерттедің құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тарудан,
қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің
теориялық негіздері

1.1. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің
педагогикалық негіздері

Қоғамның дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ғылыми-техникалық
прогрестің даму барысында қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым-
қатынастың қарама-қайшылығы арта түсуде. Осы қарама-қайшылық негізінде
табиғаттың тепе-теңдігі бұзылып, табиғи жүйенің өзін-өзі реттеп отыру
ырқынан шығып кетті. Демек, адам баласы өмір сүріп отырған қоршаған ортаны
бүкіл ғалам бойынша өзгеріске ұшырату қаупі төнді.
Сонымен бірге, қазіргі кезде адам мен табиғат арасындағы қарама-
қайшылықтарды шешіп, жол табу және жастарға экологиялық тәрбие беру
педагогика мен мектептің басты борышына айналуда.
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру жалпы білім берудің бір тармағы
ретінде оқушыны жан-жақты дамытуға, оның адамгершілік қасиеттерін
тәрбиелеуге бағыттайды. Кезінде орта ғасыр ғұламалары Әл-Фараби, Ж.
Баласағұн, Қ.А. Яссауи, М. Қашқари, А. Иүгінеки, С. Бақырғани және т.б. өз
шығармаларында табиғатты аялап, қорғауға байланысты көзқарастарын білдіріп,
жаратылыстану жайында бағалы пайымдаулар мен ғылыми тұжырымдар жасаған.
Мәселен, Әл-Фараби Ғылымдардың шығуы туралы трактатында табиғаттану
ғылымдарының шығу төркінін, себептерін ашып көрсетуге тырысады.
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру мәселесін шешуде прогресшіл
педагогтарымыздың орны ерекше.Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, Г.Песталоций,
А.Гумбольдт классикалық педагогикада баланың табиғатпен қатынасы арқылы
білім беру, тәрбиелеу, дүниетанымын қалыптастыру заңдылықтарын негіздеді.
Чех халқының атақты педагогы Я.А.Коменский Тәрбиенің негізі – табиғат, ал
адам табиғаттың бір бөлігі және оның заңдылықтарына бағынушы,- деді.
Француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо өзінің педагогикалық еңбектерінде Баланы
табиғатпен байланыста тәрбиелеу керек, табиғат баланың ересектігінен бұрын
бала болғанын қалайды, - деп жазды. Ол тәрбиенің үш қайнар көзі: табиғат,
адамдар, заттар деп есептеді[8].
ХІХ ғасырдағы орыс ағартушылары В.Г. Белинский, Н.Н.
Герцен,Л.А.Добролюбов, Д.И.Писарев т.б. мектепте табиғатты немқұрайлық
оқытуға және оған мейірімсіздік қатынасқа қарсы шықты[9,10,11].
Н.Н.Герцен жас баланың жан дүниесін қалыптастырудағы табиғаттың
маңызын көрсете отырып: Біз адам дүниесін табиғат дүниесінен тас қабырға
арқылы бөліп тастауға әдеттендік, бұл әділетсіздік,- деді[10]. Д.И.Писарев
патриотизмді қалыптастырудағы табиғаттың мәнін ерекше бағалап, өз денесін
сүю және қорғауға адамға тән қасиет болғаны сияқты, дәл солайша өзінің
балалық шағының 1-ші күнінен үйренгендерін, жақсы көрген сол адамдарды, сол
жерді, сол өмір құрылымы мен ұғымды қорғауда оған тән қасиет, - деген
болатын[11]. Орыс ағартушылары жас ұрпаққа табиғат туралы сапалы білім беру
және адамның табиғи мінез-құлқын айқындайтындықтан, моральдық сапалардың
қалыптасуына әсер ететіндіктен айрықша мән берді.
Белгілі философтар В.Г. Афанасьев, В.В. Журавлев, А.Г. Спиркин, Г.С.
Смирнова, А. Қасабеков, Ж. Алтаев т.б. жасөспірімдерге экологиялық білім
мен тәрбие беруде қоғам-адам-табиғат арасындағы дүние-танымдық сана
формаларын саралау тұрғысынан қарастырады. Себебі, адамның тұрмыс-
тіршілігінің әлеуметтік мәнге ие болуының нәтижесінде санасы дамып,
жетіледі. Сана – адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын реттеп, бағыт-бағдар
беріп отырады. Ол әрекетінен көрініс табады. Жеке адамның басқа адамдармен
– табиғи ортамен көрініс табады. Жеке адамның басқа адамдармен – табиғи
ортамен қарым-қатынаста болып, сана-сезімінің дамуы, өзіне басқа адамдарға
қоршаған заттық дүниеге көзқарас-пікірінің қалыптасуы жеке адамның
жетілдірудің негізгі факторы болып саналады. Сонымен, адамның ақыл-ойы мен
сана-сезім бірлігін дәлелдейтін тұжырым жеке тұлғаны экологиялық
проблемаларға жаңама көзқараспен қарауға бағыттады[12].
Психологтар А.А.Люблинская, М.Мұқанов, Қ. Жарықбаев, т.б. өз
еңбектерінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру жұмысы, қоршаған
ортамен қарым-қатынаста психологиялық жас ерекшеліктерін ескергенде ғана
нәтижелі болады деген пікірлер айтқан[13,14]. С.Л. Рубенштейн әрбір жеке
адамның қоршаған ортамен байланысының басты компоненттерінің бірі қарым-
қатынас деп санайды. Ол табиғатқа адамгершілік қатынасын қалыптастыру,
мінез-құлық нормаларын қалыптастыру екенін көрсете отырып, басқа
адамдармен жарамды қатынасқа ену, басқа адамдардың адамша тіршілік етуіне
жағдай жасай білу тек толы бағалы адамның ғана қолынан келуі мүмкін, ал ол
дегеніміз дүниеге, өмірге, табиғатқа мың дос қатынастағы адам, - дейді.
Оқушылардың адамгершілік қасиетін дамытып, оларды парасаттылыққа
тәрбиелеуге экологиялық тұрғыдан келудің де маңызы зор. Балалардың
мейірімділік, қайырымдылық, аяушылық, мүсіркеушілік және басқа гуманистік
ерекшеліктерін дамыту бағытында табиғатпен сырласу жеткіліксіз болса, олар
парасаттылық тәрбие алуда белгілі бір мөлшерде қысым көру мен шектеушілікке
душар болады.
Табиғат арқылы экологиялық тәрбие берудің маңызын бағалай келіп, А.Е.
Тихонова табиғатты эмоциялық сезіммен қабылдау, оған деген эстетикалық
қатынастың бастапқы негізі болып саналады. Мұғалімнің маңызды міндеті
эстетикалық сезімді байыту ғана емес, сонымен бірге табиғатқа адал
қатынастағы адамгершілік-эстетикалық жағын дамытуды, оның сұлулығын
молайтуға ұмтылдыруда болып табылады, - деді[15].
Сондықтан да адамның табиғат сұлулығына қатынасы эстетикалық қатынас
деп қана емес экологиялық аспектідегі адамгершілік-эстетикалық қатынас деп
қарастырған жөн. Табиғат пен көркем шығармалар арқылы бейненің ішкі
үйлесімдігі экологиялық пен эстетикалық үйлесімділігін қамтамасыз етеді.
Демек, табиғатқа эстетикалық қатынасты оған деген адамгершілік қатынасты,
эстетикалық тәрбиені экологиялықтан бөліп қарастыруға болмайды.
Табиғат – сұлулықтың мәңгі бақи таусылмас қайнар көзі, ол эстетикалық
тәрбие берудің ең маңызды құралдарының бірі саналады. Ал, бұл экологиялық
тәрбиемен іштей жалғасып, табиғаттың күйзеліп, күйреуіне қарсы тұратындай
адамның қалыптасуына ықпал етеді. Қандай жұмыстың болса да, экологиялық
жағы еске алынбаса, табиғат пен адам арасындағы зат алмасуды заңды түрде
үйлестіріп отыратын, еңбекке үйрету мен тәрбиелеу саласында орны толмас
олқылықтар пайда болады.
Ч.Дарвин Түрлердің шығуы деген еңбегінде органикалық дүниенің
дамуына байланысты көптеген экологиялық байқауларын келтірген[16].
Дегенмен, ғылымда Экология деген ұғымды алғаш айтқан адам Эрнест Геккель.
Ол Экология деген сөзге анықтама беруге тырысты. 1866 жылы немістің
табиғат зерттеушісі Эрнест Геккельдің өмірге енгізген экология сөзін
дәлме-дәл аударғанда үй туралы ілім, тұрақ (мекен) туралы ғылым, деген
грек сөзінен шыққан[17]. Келесі бір экологиялық сөздікте экология (гректің
ойкос – үй, мекен, тұрақ және логос – білім, ғылым, зерттеу деген екі
сөзінен құралған) – қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі, тірі
организмдердің өмір сүру жағдайларын, олардың өзара қатынастарын, табиғи
ортамен байланыстарын зерттейтін ғылым.
Экологияның танымал сөзге айналғаны соншалық, оны не болса соған –
тазарту ғимараттарын салуға, жерді пайдалануды аймақтық деңгейде
жоспарлауға, қағазды қайта өңдеуге, көкөністерді органикалық тыңайтқыштарды
пайдалана отырып өсіруге айдар етіп таға салатын болды. Осы іс-әрекеттің
әрі аса қажет екендігіне ойынды әдеттегі талай сыннан өткен ережелер
бойынша жүргізбей, табиғат заңдарын сорақылықпен бұзғанымыз үшін табиғаттың
өзі үкімімен бізге берер соққысын жеңілдету мен лайықты аз жазаны аз да
болса кешеуілдетуге тырысуымыз жатыр, - деп атап көрсеткен болатын Америка
экологы Р.Риклефс.
Жоғарыда айтылғандардан шығаратын қорытынды айқын: адамдарды құтқару
жолындағы әрекетті табиғаттың тіршілік ету және даму заңдылықтарын оқып
үйренуден бастау қажет.
Экологиялық тәрбие жұмысы балалардың жас ерекшеліктеріне сай және
табиғатқа жақын қарым-қатынаста жүргізілсе ұтымды болатындығына К.Д.
Ушинский назарын аударған. Оның Детский мир, Родное слово атты
кітаптарында табиғат және онда тіршілік ететін хайуанаттар мен құстардың
тіршілігі, адам және оның еңбегі жөнінде көптеген деректер келтіріледі. Ол
адам мен табиғат арасындағы қатынасты педагогикалық аспектіде қарастырып,
Табиғат даусын ата-аналар да, қоғам да, тәрбиешілер, заң шығарушылар да
аяғына дейін тыңдауы тиіс. Табиғатпен егесу жақсы емес, адамға тек оның
заңдылықтарын білу және олардың күшін пайдалану ғана қалады, - дейді. Ол
табиғаттың тәрбиелік күшіне берік сене отырып, оны ой ұрығы, ұлы
тәрбиеші деп бағалады. Өзінің жастық шақ өмірінің негізінде қорытынды
жасай отырып: Мейлі мен педагогикада тағы деп атаңдар, бірақ өзімнің
өмірлік әсерімнен жер бетінің әсем көріністерінің баланың жан дүниесін
дамытуда ересек мол тәрбиелік мәні, ықпалы бар, тіпті ойымен тәрбиесінің
ықпалынан да бәсекелесуі қиын деген терең шешімге, - келдім деген
болатын[18].
Р.Г.Лемберг, А.С.Макаренко, Ш.Т.Шацкий т.б. өздерінің еңбектерінде
адамның табиғи ортаға деген қарым-қатынасының қалыптасуы күнделікті қызмет
барысында жүзеге асатынын атап көрсеткен.
Табиғаттағы эстетикалық түйсінуге балаларды жүйелілікпен,
мақсаттылықпен тәрбиелеу идеясын Н.Н. Рыбников, В.А.Сухомлинский т.б.
еңбектері арқылы негізделді. В.А.Сухомлинский табиғат адам оны танып
білгенде себеп-салдарын байланыстыра ой-жеткізуде ғана тәрбиенің қуаты
қайнар көзі бола алады, - деп табиғаттың заңдарын жете меңгеруге ғана,
табиғаттың жай-күйін түсінетіндігіне ерекше мән береді. Ол баланың бойына
табиғатқа сүйіспеншілік сезімін дамытуды ешнәрсеге айырбастауға болмайтын
эстетикалық, адамгершілік эстетикалық тәрбиені экологиядан бөліп
қарастыруға болмайды [19].
Бар өмір тіршілігі табиғатпен араласып өтетін, оның аясында өскен
халқымыздың туған жерге қатынасы туралы халықтық педагогикада, ақын-
жырауларымыздың, ағартушыларымыздың даналық сөздеріне қанып өскен Ш.
Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың еңбектерінде табиғатқа
көзқарастарының ғылыми әрі тәрбиелік мәні мол. Ш.Уәлиханов туған халқының
табиғатпен қатынасындағы әдет-ғұрыпын, дәстүрін, этикасын зерттей отырып,
қазақтар арасындағы сенім олардың табиғатты шексіз қадірлеуінен туған, -
табиғаттың сұлулығын тану адамдарға рухани күш беретіндігін айтқан болатын.
А.Құнанбаевтың қара сөздеріндегі философиялық ой-пікірлері, оның
табиғат заңдылықтарын терең пайымдау алумен бірге оған байланысты ғылыми
көзқарастарын танытады. Ол табиғаттың бір байлығын адам баласының ауызына
тосып, таусылмас азық болып отырғандығын көрсете келіп, Кім өзіңе махаббат
қылса, сен де оған махаббат қылмағың парыз, - деп өсіп келе жатқан ұрпақты
табиғат ананы аялап сүйе білуге үндейді[5].
Қазіргі экологиялық мәселелер бүкіл адамзат баласын ойландырып
отырған кезде халқымыздың бұл салада қалдырған тағылымдық та, тәрбиелік те
мәні зор асыл мұраларына көңіл бөлу керек. Халықымыздың табиғатқа деген
сүйіспеншілігі және оны көздің қарашығындай сақтап келуі жайында қазіргі
ұрпаққа өнеге-үлгі боларлық жыл мұралар, даналық ұғымдар, мақал-мәтел,
нақыл сөз, аңыз әңгіме арқылы жетіп отырған. Осындай әрбір асыл мұраның
өзінде қаншама терең ой, әрі тәлім-тәрбие өнегесі жатыр. Сондықтан да әрбір
ұстаз, әр тәрбиеші өзінің күнделікті жұмысында халықтық педагогиканың асыл
маржанына үнемі көңіл бөліп, әрі оны пайдаланып отырса, оқушылардың
экологиялық түсінігінің қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Аңыздардағы Қорқыт бабаның жерді бүлдіріп қаза беруден сақтандырып,
...уы шығып кетер, - деп безектеді, Асанқайғы атамыздың халқына жайлы
қоныс іздеп, желмаясымен жеті жыл кезуі, тіпті М. Әуезовтың Америкаға
барған бір сапарында сол жақта тағдыр талабымен тұрып жатқан Әбілсәмәд
деген қазақтың қонақ үйге іздеп келіп: Сыр ағып жатыр ма? – деп сұрауының
өзі туған жерге, туған жер табиғатына деген сүйіспеншіліктің белгісі.
Халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып,
оларды жоюға болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адамды
біртұтас, бірінен-бірін бөлуге болмайды деп қараған. Сондықтан адам
табиғаттың өз керегін ғана алып, қалғанына еш уақытта зиянын тигізбеген
Ш.Уәлиханов: табиғат пен адам: өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап,
олардан құпия не бар? – дей келе қазақтар киеге үлкен мән береді.
Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті
заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет тұту, ырымын жасап
тұру, адам баласына байлық пен бақыт, құт әкеледі, - деп атап көрсеткен.
Халық табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді Әулие бұлақ, Әулие
ағаш деп атап, оларды көздің қарашығындай қорғап, Бұлақ көрсең көзін аш,
Аққуды атпа, Құстың ұясын бұзба, Көк шөпті жұлма деп өсиет етіп
отырды. Ал қарлығаш, аққу, ұлар т.б. құстар жақсылықтың жаршысы, бақыттың
бастауы, игіліктің иесі, сұлулықтың символы деп ұясын бұзуға, балапанын
алуға, өлтіруге мүлде рұқсат етпеген.
Ертедегі табиғат жайындағы нақыл сөздер, өнегелі өсиеттер, жырау мен
ақындар жырларындағы ойлы пікірлер – экологиялық тәрбие беруде және
экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өте құнды құрал. Ертеден қалған:
Көзіңді қалдыр бұлақ көзін аша жүр,
Ізіңді қалдыр жақсы істен мұра шаша жүр,
Өзіңді қалдыр бақша өсіріп, жаса нұр – деген өсиетінде зор мағына
жатыр.
Табиғат – ананың сырларын бойға сіңіріп алмайынша онымен тең отырып
сөйлесу қиын. Ең бірінші, табиғатты – туған анаңдай түсіну, екінші,
табиғатқа – туған бабаңдай табыну, үшінші, табиғатты туған ұлыңдай қорғауың
қажет. Түсінбей тұрып табыну, табынбай тұрып қорғаудың қисыны жоқ. Табиғат
пен адамзат баласы дүниенің бірінсіз-бірі тұл болатын – ажырамас
бөлшектері. Адам үшін жері мен суы, орманы мен тасы, жануары мен
өсімдіктері тіршілік ететін басты көздері болса, табиғат үшін адам оның
бағбаны іспеттес.
Бүкіл түркі дүниесінің бабасы Қорқыт Ата Қаратауларың бұзылмасын,
саялы ағаш сынбасын, қанаттарың қырқылмасын, - деген қасиетті сөздері –
туған жер табиғатын аялауға шақырған аталы ұғымдар. Мысалы: Атаңнан мал
қалғанша, тал қалсын, Сулы жер – нулы жер, Жері байдың елі бай - деген
сөздер бала санасына сіңіп, адамгершілік өлшем қалыптасады.
Белгілі ғалым-эколог И.Д.Зверев педагогикалық практиканың негізгі
жағдайында барлық оқу пәндерін экологияндыруға байланысты мұқият ойланып
істелген жұмыстар қажет - деп пәндерді экологияландыруға басты назар
аударды[20].
Қазіргі кезде мектептегі экологиялық тәрбие беру саласында себептен
гөрі сандарға көбірек көңіл бөлініп отыр. Нәтижесінде табиғат пен қоғамда
орын алатын күрделі байланыстарды талдаудың орнына, адамзат бар күшін
табиғатты ұтымды пайдаланбаудың жағымсыз салдарын жоюға жұмсауда.
Экологиялық тәрбие беру жұмысы жанұяда, балалар бақшасында, мектепте,
орта арнаулы және жоғары оқу орындарында, жұмыс істеуге көшкен кезде де
үздіксіз жүргізілген жағдайда адам санасында табиғатты қорғап, оның
байлықтарын сақтау жөніндегі тиянақты көзқарасты қалыптастырып, жүйелі
білім беруге болады.

1.2. Оқушыларға экологиялық білім мен
тәрбие берудің жағдайы
Қазіргі уақытта экологиялық тәрбие беру жер бетінің әрбір
тұрғынын қамтуға тиісті бүкіл халықтың мәселеге айналып отыр. Қоршаған
ортаны қорғау мен оның байлығын тиімді пайдаланудың Қазақстан
Республикасының Конституциясынан орын алуға, арнаулы өкіметтік қаулы
қабылдануы, экологиялық тәрбие беру қажеттілігінің күннен-күнге арта түсуі
– бұл істі жүзеге асыруды бала бақшадан бастап жоғары оқу орындарына
дейінгі тәрбие орындарында оқу-тәрбие жұмыстарының әр түрлі формалары мен
әдістерін пайдалануды міндеттеп отыр. Мұның мәні – оқушыларды табиғатқа
ұқыпты қарауға үйретіп, оның байлықтарын үнемді пайдаланудың маңызды мәселе
екенін ұғындыру табиғатқа дұрыс қарым-қатынас жасау жөніндегі қажетті
біліммен икемділік, дағдыларымен қаруландыру. Біздің елімізде әрбір азамат
табиғатты аялауға, оның байланыстарын қорғауға міндетті деген талаптар
барлық уақытта бірдей дәйектілікпен жүзеге асырылып отырымағаны мәлім.
Жалпы білім беретін мектептерде табиғат қорғау жұмыстарын күшейту
туралы әдістемелік хатта оқыту процесінде экологиялық тәрбие берудің
маңыздылығын ашып көрсетуі, оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасын
тәрбиелеу ісіне қорғау салады. Қазіргі әлемдік экологиялық мәселелердің
туындап отырған кезеңінде оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасын
қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр.
Адамдар табиғатты билеп – тың игеру жылдарында қаншама жерді тілім-
тілім етіп жыртып, эрозияға ұшыратты. Мақта мен күріш өсіреміз, шөл даланы
гүлдендіреміз деп каналдар салып, суды бөгеп табиғаттың бұзылуына әкеліп
соқтырдық. Адам мен табиғаттың өзара қатынасындағы пайда болған бұл қарама-
қайшылықты жою қазіргі кезде, барлық қауымды ойландыруда. Сондықтан қазір
ол дүние жүзі халқының, экологтардың, ғалымдардың, педагогтардың, саясат
қайраткерлерінің назарын ерекше аударып, Біріккен Ұлттар ұйымының таңдап
талқылайтын ең маңызды мәселелердің біріне айналды.
Біріккен Ұлттар ұйымы біздің планетамыздағы экологиялық жағдайды
жақсарту жөнінде барлық елдердің қоян-қолтық тізе қосып, бірлесіп жасаған
кең көлемді бағдарламасында мазмұндалған табиғат қорғаудың әлемдік
стратегиясы деп аталатын, халықаралық мәні зор құжатты жариялады. БҰҰ-ның
қоршаған орта мен даму мәселесі жөніндегі конференциясы 1992 жылы Рио-де-
Жанейро қаласында болып өтті. Онда 108 мемлекет пен үкімет басшылары қол
қойған ХХ ғасырдағы күн тәртібінде деп аталатын құжат қабылданды. 1998
жылы аталған бағдарламаның шешімінің орындалу барысын қараған Б.Ұ.Ұ-ның Бас
Ассамблеясының арнаулы 19 сессиясы Нью-Йоркте болып өтті. Оған БҰҰ-ға мүше
185 елдің басшылары мен делегациясы қатысты.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы мектептерінде экологиялық білім
мен тәрбие беруге көңіл бөлініп келеді. 1997 жылы тамыз айынан бастап
Қазақстан Республикасында табиғатты қорғау туралы жаңа заң қабылданып
күшіне енді. Заң адамның өмір мен денсаулық үшін айналадағы қоршаған
ортаның қолайлы болуын қамтамасыз етіп табиғатты қорғаудың экологиялық
құқықтық және әлеуметтік негіздерін белгілейді.
Ол мынадай тармақтардан тұрады:
1. Республиканың халыққа білім беру органдары табиғатты қорғау
жөнінен халықтың барлық топтарын қамтитын тәрбие мен білім беру жүйесін
жүзеге асырады.
2. Жалпыға бірдей кешенді және үздік экологиялық білім мен тәрбие
беру жүйесі мектепке дейінгі, мектептегі тәрбие мен білім берудің, жоғарғы
және арнаулы оқу орындарында кадрларды, мамандарды кәсіптік жағынан
даярлаудың, олардың білікті болуын қамтамасыз етіп, табиғатты қорғаудың
экологиялық құқықтық және әлеуметтік негіздерін белгілейді[2].
Ал, 1992 жылы Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі
тұжырымдамасы қабылданды. Бұл заң 19 тарау, 89 баптан тұрды.
Тұжырымдаманың 15 тарауы қоршаған ортаны қорғау санасындағы экологиялық
білім мен тәрбие беру, ғылыми зерттеулер, - деп, 73 бабы экологиялық
білім мен тәрбие беру, ғылыми жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілуі -
деп аталады. Осы 74 бап оқу орындарында экологиялық білім беру, 75 бап
қоршаған ортаны қорғау саласындағы зерттеулер мәселесіне арналады.
Осыған байланысты Республикаға білім беру мекемелерінің алдында
көптеген міндеттер қойылып отыр. Онда экологиялық білім мен тәрбие беру
жұмысын бүлдіршіндер бақшасынан бастап, мектеп оқушыларына арналып пән
Экология негіздерін жүргізу қолға алына бастады. Республиканың жоғарғы
оқу орындарында экологияға байланысты арнаулы курстар, семинар
ұйымдастырылды.
Мектепте оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру Атамекен Л.Р.
Курсабаев, Елім-ай М.Х.Балтабаев, Кәусар бұлақ З.Ахметова бағдарламасы
ерекше орын алды[21,22,23].
Атамекен бағдарламасы жалпы білім беретін мектептегі оқу-тәрбие
процесінің, сыныптан тыс жұмыстардың өзіндік ұлттық ерекшеліктерін
айқындайтын, қазақ халқы педагогикасының тәлім-тәрбие ұстанымдарына
негізделген ғылыми-педагогикалық және әдістемелік бағдарлама. Оның негізгі
мақсаты – оқу-тәрбие жұмысының жаңа үлгідегі жобасын жасау, әрбір мектепте
балалар мен үлкендерді біріктіретін кеңес, топ, бірлестік құру, бүкіл
мектептік Елім-ай атты ұлттық этнографиялық ойын жобасын жүзеге асыру,
әрбір мектепте халықтық ұлттық тарихи-этнографиялық мұражаймен бірігіп, әр
жыл сайын дәстүрлі бүкіл мектептік, қалалық, облыстық, республикалық
Атамекен тойын салтанатты түрде өткізу болып табылады.
Оның негізгі міндеті 26 бағыттан тұрады. І-ХІ сынып аралығында қазақ
халқының педагогикалық тәлім-тәрбие ұстанымдарын негізге ала отырып
жүргізу.
Оның 15-ші Заман-ай бағытында Атамекен бағдарламасын жүзеге
асыруды, қоршаған табиғатты қорғау мәселелері, үгіт-насихат жұмыстарын
жүргізу болып табылады [22].
Келешек ұрпақты табиғат апатынан сақтап, қоршаған ортаға деген
мейірімділік сезімін сақтап, қоршаған ортаға деген мейірімділік сезімін
оятып, табиғатты қорғау жұмысына белсене араласатын ұрпақ тәрбиелеу үшін
ғалым М.Н. Сарыбеков алты кезеңнен тұратын жанұя, бала-бақшадан, есейген
азаматқа деген экологиялық салауатын ашып тәрбие беру жолын ұсынады.
1. Сәбиді табиғат қорғауға тәрбиелеу әр жанұяда басталып, оған әр
жанұяда қалыптасқан табиғат қорғау дәстүрі көмектеседі. Ұяда не көрсең,
ұшқанда соны ілерсің,- деген мақалды еске ала отырып тәрбие іске асу тиіс.
2. мектепке дейінгі сәбиді тәрбиелеу мекемесінің оқу, тәрбие
жұмысының мазмұнына түгелдей табиғатты аялауға үйрету бағытымен беру керек.
Бала үшін бала-бақша бағдарламасына жүйелі түрде сәбиге түсіндіріп,
табиғатты аялау идясын ұсынады. М.Н.Сарыбековтың пікірінше табиғатты
қорғап, аялайтын тәрбие жұмысына арналған оқулықтар, әдістемелік және
қосымша әдебиеттер, оқыту мен тәрбиелеуге арналған дидактикалық материалдар
болуы қажет. Ол үшін бала-бақша ауласы таза, гүлденіп, бөлмелері әсем
безендіріліп, үйде өсетін гүлдерге арнаулы қамқорлық жасай алатындай бояуы
керек. Әр сәбиді табиғат, табиғат тазалығы, денсаулық, сұлулық,
гүл, жасыл желек, мөлдір су, көгілдір аспан, торқалы топырақ,
сайраған құс, жүгірген аң, менің ауылым, менің отаным т.б. деген
сөздердің мазмұнын жақсы түсіндіріп, сол түсініктерді іске асыруға
тәрбиелеу тиіс.
3. Түрлі типтегі мектептің оқу-тәрбие жұмысына табиғатты қорғау
мазмұны тұрақты енуі тиіс оның ішінде ІХ-Х сыныптың бірінде барлық оқу
жұмысының қорытындысы ретінде арнаулы Экология және табиғатты қорғау
пәнін оқытуды ұсынады.
4. Арнайы кәсіптік техникалық оқу орындары мен арнаулы орта білім
беретін оқу орындарына жоспарлы табиғат қорғауға тәрбиелеу барлық пәндерді
оқытудың негізінде жүргізілуімен қатар, осы типтегі оқу орындарында да
жоспарға терең арнайы білім беретін Экология және табиғатты қорғау пәнін
оқытуды ұсынады.
5. Жоғары білім беретін оқу орындарында Экология және табиғатты
қорғау пәнін оқытудың екі бағытын ұсынады:
- мамандығына қарамай Экология және табиғатты қорғау пәнін барлық
студенттер оқып үйренуі керек.
- экология және табиғатты қорғау мәселесіне арнайы білім беретін мамандар
дайындау үшін факультеттер ашу.
6. Жұртшылыққа табиғат қорғауды түсіндіріп, мамандар мен басшылардың
білімдерін экологиялық даярлық орталықтарын ашуды ұсынады[7] .
1996 жылы Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі
тұжырымдамасы қабылданды. Бұл заң 19 тарау, 89 баптан тұрады.
Тұжырымдаманың 15 тарауы қоршаған ортаны қорғау саласы экологиялық тәрбие
мен білім беру, ғылыми зерттеулер, - деп, 73 бабы экологиялық білім мен
тәрбие беру, ғылыми жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілуі - деп аталады.
Осы 74 бап оқу орындарында экологиялық білім беру, 75 бап қоршаған ортаны
қорғау саласындағы зерттеулер мәселесіне арналады.
Сондықтан, зерттеуге негіз етіп отырған 8-шы сынып оқушыларына
экологиялық білім мен тәрбие беруге, қазіргі қоғам талабы қаншалықты әсер
еткенін, оны іске асырудың қазіргі хал-жайын анықтаудың үлкен маңызы бар.
Тақырып бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар Тараз қаласындағы №30
орта мектепте жүргізілді.
Білімді терең меңгеруге оқушылардың практикалық дағдыларын
қалыптастыру әр түрлі танымдық міндеттерді мақсатты және жүйелі түрде
шешуге мүмкіндік жасалды. Әрбір сабақта, әр түрлі оқу әдістерін, оқыту
құралдарын пайдалану қажет. Мысалы, лекциялар, әңгімелесу, семинарлар,
оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары олардың рефераттар және қысқаша
баяндамалар және т.с.с. ұйымдастыру оқушылардың танымдық қызығушылықтарын
арттырып, оқу белсенділіктерін іс-әрекеттерін дамытады.
Жалпы қорыта келгенде оқушыларға білім мен тәрбие беру, оның
интегралды сипаты жаратылыстану, қоғамдық-тарихи, гуманитарлық-эстетикалық
еңбек циклды оқу пәндерінің барлығында дәрежеде бейнелеуін қамтамасыз
етеді.
Көптеген ғалымдар, оның осы ерекшелігін негізге ала отырып,
экологиялық тәрбиені әр түрлі дүниетанымдық, саяси, адамгершілік,
эстетикалық құқықтық, еңбек, т.б. тәрбие элементтерінен тұратын, өзара
тығыз байланысқан жүйе ретінде қарастырады. Бұл экологиялық білім мен
тәрбие беру мәселесін қандайда болмасын бір ғана мектеп пәні арқылы шешілуі
мүмкін емес, тек мұны пәнаралық байланыс арқылы қарастырылады.
Мектептегі экологиялық тәрбие беру ісінің педагогика теориясы мен
мектеп тәжірибесінде жаңа сала ретінде қазіргі кезде дамып келе жатқандығын
байқатады. Бұл саладағы теория мен практиканы дамытудың қажеттілігі жалпы
теориялық және жеке әдістемелік бағыттағы зерттеулерді кеңейту және
тереңдету қажеттілігін дәлелдейді. Менің ойымша, қазіргі мектеп практикасы
шын мәнінде уақыт талабынан кейін қалып, ол экологиялық сауатты тәрбиеге
оқушыларды дайындауды қамтамасыз ете алмайды. Өйткені, зерттеуші
ғалымдардың пікірінше мұндай жағдайдың туындауында басты себептердің бірі –
экология идеясын ұғындырудың жеткіліксіздігі табиғи ортаның бағалылығы
көпшілігінде пайдакүнемдік негізде түсіндіруі, экологиялық мазмұндағы
білімдерінің өзара тығыз бірлігінің болмауы деп саналады.

1.3. Оқушыларға сабақта және сыныптан тыс жұмыста
экологиялық тәрбие беру үлгісі

Қазіргі кезде халықаралық экологиялық білім беру жүйесінде
педагогикалық теориясы мен практикасында қалыптасқан үш жағдайы бар.
Біріншісі – көп пәнді үлгі. Бұл жағдайда дәстүрлі пәндердің оқыту
мазмұндарына экологиялық мәселелердің жеке бөлімі, жекелеген тақырыптар
енгізіледі және бұрынан оқытылып келген тақырыптардың мазмұндары қосымша
жаңа экологиялық мәліметтермен баяндалады.
Екіншісі – бір пәнді үлгі. Мұның бір ерекшелігі орта мектептердің
экологиялық оқу топтарына арнайы экология курсын оқыту арқылы іс-жүзінде
асады.
Үшіншісі – аралас сабақтар үлгісі. Мұнда 8-шы сынып оқушылары үшін
экологиялық білімнің жеке мәселелері дәстүрлі пәндерде қарастырылады. Содан
соң, ол сабақтардың бастарын біріктіріп, қорытындылайтын арнайы сабақ
өткізіледі.
Біз, ендігі кезекте оқушыларға экологиялық тәрбие берудің мақсат,
міндеттері, ұстанымдары мен мазмұндарында І тарауда айтқанбыз.
Экологиялық мақсат, міндет және ұстанымдар жайлы ұғым, түсініктерге
байланысты ойымызды келтіруді орынды деп санаймын. Экологиялық тәрбие
берудің мақсаты – оқушылардың қоршаған ортаға байланысты жауапты және
аяушылық сезімде болып, іскерлік қарым-қатынас жасайтын ғылыми білім
көзқарастар мен сенімдер жүйесінің біркелкі қалыптасуын айтамыз.
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі негізгі міндеттер:
1. Экологиялық идеяларды, негізгі түсініктерді, ғылыми дәлелдерді іріктеп
саралай біліп, білім құрамын көбейту, табиғат заңдылықтарын ұғыну;
2. Табиғат – ресурстардың, өндірістік өнімдерді және адамзат мәдениеттерін
дамытудағы негізгі көз екендігін білу, оларды пайдаланудың ғылыми-
техникалық немесе ғылыми-экономикалық технологиясынан хабардар болу;
3. Табиғатты ұтымды пайдаланудың жолдарына байланысты қолданбалы білім,
практикалық іскерліктер мен дағдыларды меңгеру;
4. Қоршаған ортаға саналы көзқараспен қарап, оның бүгінгі жағдайы мен
болашағы жайлы бағалай білу, зиянды құбылыстардың алдын алу, оны жақсартуда
дұрыс шешімдер қабылдап, өндіретін және қоғамдық еңбектердің әсерлерін
түзету;
5. Табиғи ортаға зиян келтірмейтін, ластамайтын, бұзбайтын нормаларды
саналы түрде сақтап, табиғатты қорғау идеяларын насихаттау;
6. Әрбір оқушының табиғатпен қарым-қатынас жасауға десек рухани қажеттілік
дамыту, оның адам жандүниесінің экологиялық, талғам-сезімдерін
қалыптастырудағы ықпалын ұғыну.
Жалпы, эколог-ғалымдардың экологиялық тәрбие беру ұғымына берген
анықтамаларынан туындайтын және өзіміздің пікірімізше экологиялық тәрбие
берудің мәні – табиғатқа сыншы қарым-қатынас жасайтын, қоршаған табиғи
ортаны қорғайтын, табиғи қорды тиімді пайдаланып, әсемдігін көрсететін
қасиеттер адамгершілік-эстетикалық тұрғыдан ұғындырып, оқушылардың
экологиялық-лирикалық серпін тудыру арқылы мақсат, міндеттерге жетумен
мінезделінеді.
Сонымен, 8-шы сынып оқушыларында экологиялық білім мен тәрбие
берудегі мазмұна кіретін оқыту материалдары төмендегідей ұстанымдардағы
негізделіп құрылды:
1. Экологиялық білім мен тәрбие берудің бір жүйелілігі және үздіксіздігі;
2. Оқу мазмұнында әлемдік, ұлттық және туған өлке мәселелерінің өзара
байланыстылығы;
3.Оқушылардың экологиялық дүниетанымдарын қалыптастырудағы пәнаралық
бірлігі;
4. Табиғи ортаны қорғау жайлы білім алып, оны аялау, сақтау, көркейту
туралы интелектуальдық және эволюциялы адамгершілік негіздегі іс-
әрекеттерінің бірлігі.
Жоғарыда оқушыларға экологиялық тәрбие беру мақсат, міндеттері,
оларды іс-жүзіне асыруға ұйымдастырғанда басшылыққа алынатын ұстанымдарды
атап шықтық. Енді, мектептегі 8-шы сынып оқушыларына берілетін экологиялық
тәрбие оқу-тәрбие процесінде екі бағытта жүргізілуі керек:
1. Оқушылардың мінез-құлқында және әртүрлі іс-әрекеттерінде, қызметтерінде
табиғи ортаға деген жауапкершілік қатынас нормаларын қажеттілігіне
тәрбиелеу;
2. Қоршаған ортаны қорғау және жақсарту, табиғат байлығын ұқыптылықпен
пайдалану, ысырапшылық пен немқұрайлыққа төзбестей күрес жүргізуге
тәрбиелеу.
Бұл бағыттар негізінде оқушылардың экологиялық білімін танымдық
іскерліктері мен әдет-дағдылары, айналасымен адамгершілікті имандылық қарым-
қатынастарда болып, сана-сезімдері көзқарастары, мінез-құлықтары ізгілікті
түрде қалыптастыруға жағдай жасайды.
Жеке пән экологиялық арнайы курс 8-шы сынып оқушылары үшін Тараз
қаласындағы №30 мектепте жүргізілді.
Ал, енді сол арнайы курстың мазмұнын қарауға келгенде қиындықтарға
кездестік, сонда да экологиялық тәрбие берудің мазмұндарының қисынды
құрылымдық жүйесін жасауға талпындық.
Экологиялық курстың бірінші мазмұны – қоғам мен табиғаттың өзара
байланысы, экологиялық құндылықтар, адамдар мен табиғат қарым-
қатынастарындағы ережелер мен шектеулер, табиғаттан үйрену және қорғау
жайлы іскерліктер мен дағдылар болып табылады. Мұнда оқушыларға адам мен
қоғам және табиғат қарым-қатынастарының әлеуметтік мәні, бір-біріне
тәуелділігі мен ықпалдарының тарихи қалыптасуы, әр қоғамдық формациялардың
ерекшелігіне тәуелділігін әлеуметтік ғалымдар тұрғысынан ұғындырылады.
Табиғат туралы деректер, ұғымдар мен заңдарды жаратылыстану ғылымдары
береді. Бұл заңдарды білу адамның табиғатқа ықпалын ұтымды шектеп, оны
үнемді пайдаланудың мүмкіндіктерін түсінеді.
Үш фактордың өзара байланысы заттардың биохимялық айналым арқылы
жүзеге асырылу жаратылыстану ғылымы негізінде экологиялық ұғымдар жүйесі
құрылады. Олар: тірі ағза, экологиялық жүйе, факторлар, биосфера және
басқалары. Тірі ағза, зат алмасу және тірі материяны сипаттайтын
белгілерімен ерекшелінеді.
Жер бетіндегі тіршілік жасайтындар биологиялық жүйе биосфера құрайды.
Экологиялық тәрбие берудің екінші оқушылардың мінез-құлықтарына
экологиялық құндылықтарды қалыптастыру, соның негізінде экологиялық сананы
тәрбиелеу. Өйткені, табиғат – қоғамның сондай-ақ әр адамның қажеттілігін
өтейтін қазына байлық негізі екені белгілі. Адамның қажеттілігі
материалдық, рухани және парктикалық тұрғыда болуы мүмкін. Практикалық
қажеттілігін өтеу арқылы адам өмір сүріп, тіршілік етеді, ал материалдық
қажеттілігін өтеу барысында өндірісті, ғылымды, техниканы қамтиды. Ал,
рухани қажеттілігін өтеу негізінде ақыл-ойын және адамгершілік, эстетикалық
талғам-сезімін қалыптастырып, дамытады.
Экологиялық тәрбие берудің үшінші мазмұны – оқушылардың бойында
экологиялық этиканың қалыптастырумен анықталады. Ұзақ жылдар бойы қоғамның,
адамның табиғатқа қарым-қатынасы, тек тұтыну жағы басым болғандықтан, пайда
табу мақсатында алып құрылыстар, өндірістік орындар ысырапты игерілуде,
соның барысында Арал қасіреті, Семей полигоны, Лабнор полигоны, Чернобыль
АЭС-ң жарылуы туындады. Мұның салдарын адамзат түсінгендіктен, өлкелік
мәселелер әлемдік проблемаға ұласты.
Экологиялық тәрбие берудің төртінші мазмұны оқушыларды қоғам мен
табиғат арасындағы өзара қарым-қатынасты әрекеттерді түсіндіру, оны қорғау
мен сақтауға практикалық іс-әрекеттермен қаруландыру болып табылады. Олар,
табиғаттағы заттармен құбылыстарды жәй-күйін бақылау, экология жайлы
білімді жетік меңгеріп, оны жұртшылық арасында кеңінен насихаттау.
Жоғарыда көрсетілген оқушыларға экологиялық тәрбие беру мазмұндары
оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру формасы сабақ және сабақтан тыс жұмыстар
арқылы іс-жүзіне асырылады[24,25,26].
Баршамыздың елімізде ұстайтын жәй – экологиялық тәрбие беру үздіксіз
және жүйелі жүргізу барысында ғана өз нәтижесін береді. Ал, экологиялық
нәтиже болса, оқушылардың әдет-дағдыларында, іскерліктерінде байқалынады.
Сонда, оқушылардың табиғатты қорғау, аялау, сақтау, жетілдіру
қатынастарын, іскерліктерін есепке алуды мынадай ерекшеліктеріне назар
аударуымыз керек:
- оқушының табиғатқа деген қатынасын бағалау;
- табиғатты қорғауды, аялауды және жетілдіруде қосқан үлесіне,
нәтижесіне талдау беріп, әр оқушының еңбек санасының қорытындысын
шығару;
- табиғат объектілерін зерттеп, оның құбылыстарын тану, оған сипаттама
беру;
- оны жақсартуды жетілдіруде дұрыс шешім қабылдау қабілеттерін есепке
алу;
- табиғи ортаны қорғауға байланысты нормаларды сақтау;
- табиғатқа қамқор болу идеяларын насихаттау.
Егер де аталған іскерліктер табиғатқа деген жауапкершілік,
жанашырлық, сүйіспеншілік т.б. қасиеттер балалардың мінез-құлықтарында
болып, былайша айтқанда, адам-қоғам-табиғат арасындағы алуан түрлі
диалектикалық байланыс және бір-біріне тәуелділік деңгейлерді бағалайтын
өлшемдер мен көрсеткіштер сұрыпталып, оларға ғылыми-әдістемелік
сипаттамалар жасаймыз.
Қазіргі кезде барлық дәстүрлі ғылымдар экологияландырылып,
экологиялық туындаған мәселелерді әлеуметтік-экономикалық, техникалық,
технологиялық мәселені психологиялық, педагогикалық жағынан зерттеу
барысында бірнеше жаңа ұғымдар қалыптасты. Олар экологиялық білім,
экологиялық сауаттылық, экологиялық мәдениет, экологиялық этика,
экологиялық сана, экологиялық ойлау, табиғатқа экологиялық қатынасы
т.б. Бұлардың мазмұндарына қарай ортақ құрамдас түсініктер, бір бірімен
байланысқан, бірі екіншісінің салдары болып табылатын сабақтас ұғымдар.
Осылар оқушылардың көзқарастарында, мінез-құлқында, табиғатқа
қатынастарында қандай орын алады.
Соның мазмұнын анықтау үшін аталған ұғымдарға қысқаша мінездеме берсек.
Экологиялық сана – қоғамдық және жеке адам санасының бір бөлігі,
адамның табиғатқа өзара қатынасындағы білімі, сенімі және дағдысының
жиынтығы.
Экологиялық ойлау – табиғаттағы алуан түрлі өзгерістердің бір-бірімен
экологиялық факторлар мен себеп-салдар байланысын ашып түсіну. Ойлау арқылы
экологиялық заңдылықтар жүйесі және оның құрылысының күрделі анықталып,
жаңа заңдылықтарды игеруге жол ашады.
Экологиялық сауаттылық – жас өспірімдерді табиғатты қорғаудың ғылыми
негіздерімен қаруландыру 1970 жылдардан бастап, бұл мәселе барлық пәндерді
оқытуда, солардың ішінде биологияны оқыту процесінде назар аударылып
келеді.
Экологиялық этика – айналадағы табиғи ортамен қарым-қатынастағы мінез-
құлық нормалары мен ерекшеліктерін білу және оны сақтау.
Экологиялық мәдениет күрделі ұғым болғандықтан ғылыми жағынан да,
оның мазмұны, кешені әр түрлі деңгейде айқындалып бір ізге түспей келеді.
Экологиялық мәдениет – экологияның білім беру жүйесінің міндетті бір
бөлігі, адамның материалдық және рухани тіршілігін қамтиды. Екіншіден,
экологиялық мәдениет – табиғатты танып білу, пайдалану және жаңартумен
байланысты, іс-әрекет түрлерінің негізі.
Жеке адамның экологиялық мәдениеті дегеніміз – табиғатты аялау
талабына сай келетін білім, іскерлік және дағдысы, іс-әрекете әзірлігі мен
оны жүзеге асыруы жатады.
Ал, экологиялық мәдениет пен этиканың құрамына: табиғатты қорғау
қажеттілігін түсіну, табиғатқа тигізетін өзінің пайдасын болжамай білу,
табиғатпен қарым-қатынасында заңды, ережелерді сақтау.
Сонымен, анықтамада берілген ұғымдар экологиялық сана, ойлауы,
сауаттылығы, этикасы және мәдениеттілігі экологиялық тәрбиенің нәтижесінде
оқушылардың мінез-құлықтарында қалыптасады.
Оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасын қалыптастыру мақсатымен
әрбір сыныптың қабілетін ескере оқытудың барынша жаңаша әдістері мен
тәсілдерін таңдау сабақ арқылы экологиялық тәрбие беру ісін сыныптан тыс
жұмыстарымен тығыз байланыстыра оқушылардың табиғатқа жауапкершілік
қатынасын жүйелі түрде қалыптастыра, әрбір сабақтың білімділік, тәрбиелік,
дамушылық міндеттерін шеше отырып, оқытудың нәтижесінде тәрбие берудің
адамгершілік эстетикалық сипаты артты. Экологиялық тәрбие беру ісінің
тәрбиенің басқа салаларымен өзара бірлікте және бірін-бірі толықтыру
бағытында жүргізілді, әрбір оқушының жеке басы және жас ерекшелігін ескере
отырып, оқушылардың мектептегі қоғамдық ұйымдар іс-әрекетінің табиғи
бірлігінің қамтамасыз етілуі, әртүрлі пән мұғалімдерінің арасындағы
байланыстың сақталуы экологиялық тәрбиеліктің нәтижесін айқындайтын
міндетті[29,30]. Шарт болып оқушының табиғатпен қатынасында өз іс-әрекетіне
өздері талдай жасай білу дағдысын қалыптастырады. Жоғарыда айтылғандар
зерттеп отырған проблемаларымызды түгелдей қамтымаса да, біздің ойымызша –
экологияны оқыту процесінде 8-шы сынып оқушыларына экологиялық тәрбие
берудегі тәжірибелік-педагогикалық жұмысымыздың тиімділігіне арттырудың
басты жолдары болып табылады.
Педагог (А.Н. Захлебный, И.Д. Зверев, Е.М. Кудревцева) педагогикалық
процесс арқылы табиғатқа жауапкершілік қатынасының қалыптасуы оқушының
табиғат пен орталық элементтік факторлары туралы білім мен оны
әсерленушілікке жетелейтін сөзім арқылы қабылдануының және табиғатты
жақсарту үшін парктикалық үлес қосуға ұмтылыс тудыруының органикалық
бірлігі болған жағдайда ғана іске асады- деп қортындылайды[20]. Сондықтан,
тәрбиенің салаларын зерттеуде қолданылып жүрген дәстүрлі жіктеулер:
- интеллектілік;
- эмоциональдық;
- практикалық өлшеулерді негізге ала отырып, жасаған анықтамаларыңызға
сүйендік.
Атап айтқанда: интеллектілік өлшем – экологиялық білімнің болуына,
оны игеріп, меңгеру арқылы практикада қолдана алуын, өз пікірін қорғап,
басқаларға бере білуін анықтайды.
Эмоционалдық өлшем – экологиялық білімге қызығушылығын, табиғат пен
оның әлемдік бейнелеуіндегі үйлесімділікті сақтауды, оны сұлулық заңымен
жақсарта түсуі, табиғатты адамгершілік, эстетикалық тұрғыдан ұғына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері
Оқыту процесіндегі экологиялық тәрбие
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру
Экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасы
Экологиялық білім экологиялық тәрбие экологиялық сана
Сабақтан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің жүйесі
Экология есептерін компьютерлік модельдеу
Экологиялық тәрбие жүргізу және оның мәні
Оқушылардың экологиялық білімін жетілдіру жұмыстары
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие
Пәндер