Білім берудегі АКТ сауаттылығы Білім беруді ақпараттандырудың тарихи алғы шарттары



1. Білім берудегі АКТ сауаттылығы.
2.. Білім беруді ақпараттандырудың тарихи алғы шарттары .
3. Пайдаланылған әдебиеттер.
“АКТ-ның орта білім берудегі маңыздылығы”
“Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім алу өте қажет”, - деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім және тәрбие беру жолында ақпараттық-коммуникациялық технологияны оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор.Білім берудің ақпараттандыру процесі пән мұғалімдеріне, әдіскерлерге, білім мекемелерін басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды. Қазіргі ақпараттық қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.
ХХІ ғасыр - жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс. Ал теориялық білімді практикамен ұштастыру үшін компьютердің қажет екендігі даусыз.
Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық-психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешілмегені.
Ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне – оның іргелігі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады. Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыттарының бірі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білім беру саласына енгізу жұмыстары болып саналады. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады.
Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім беру үрдісіне шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Ғылыми білім мен ақпарат көздерінің мөлшері тез өсуде. Ақпараттандыру – жеке және заңды тұлғалардың ақпаратқа деген талаптарын қанағаттандыру мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде ақпараттық қорлармен мен жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс.
1. ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Республикалық мұғалімдер съезінде» жасаған баяндамасы.
2. Е.Қ. Балапанов, Б.Б. Бөрібаев, А.Б. Дәулетқұлов. «Жаңа информациялық технологиялар. Информатика 2003 жыл.
3. Г.К. Абдрашева «Информатика: Оқу құралы»-Астана, 2007 жыл.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ №2

Тақырыбы: Білім берудегі АКТ сауаттылығы Білім беруді ақпараттандырудың тарихи алғы шарттары

Орындаға:Қарымсақова Н.
Топ: П - 409 у
Тексерген: Тлеубаева А.Б.

Семей 2015 ж.
Жоспар.
1. Білім берудегі АКТ сауаттылығы.
2.. Білім беруді ақпараттандырудың тарихи алғы шарттары .
3. Пайдаланылған әдебиеттер.

"АКТ-ның орта білім берудегі маңыздылығы"
"Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім алу өте қажет", - деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім және тәрбие беру жолында ақпараттық-коммуникациялық технологияны оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор.Білім берудің ақпараттандыру процесі пән мұғалімдеріне, әдіскерлерге, білім мекемелерін басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды. Қазіргі ақпараттық қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.
ХХІ ғасыр - жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс. Ал теориялық білімді практикамен ұштастыру үшін компьютердің қажет екендігі даусыз.
Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық-психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешілмегені.
Ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне - оның іргелігі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады. Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыттарының бірі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білім беру саласына енгізу жұмыстары болып саналады. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады.
Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім беру үрдісіне шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Ғылыми білім мен ақпарат көздерінің мөлшері тез өсуде. Ақпараттандыру - жеке және заңды тұлғалардың ақпаратқа деген талаптарын қанағаттандыру мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде ақпараттық қорлармен мен жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы алдыңғы қатарлы жетістіктерді пайдаланып, білімнің жаңа деңгейі мен сапасына қол жеткізуге ұмтылатын педагогтық және ғылыми қауымдастықтың түрлі елдер іскерлік ортасы өкілдерінің басын қосатын үшінші Халықаралық Қазақстан мен ТМД елдерінің білімді ақпараттандыру форумы өтті. "Қашықтықтан оқыту - үздіксіз білім формасы: тәжірибе және даму болашағы" оқытуға арналған бағдарламалық құралдар жасау әдіснамалық атты ғылыми секциялар жұмыс жасап, тұңғыш рет білім берудің барлық деңгейлеріне арналған электрондық басылымдар ұсынылды.
Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты:
- үйренушінің шығармашылық әлеуметін дамыту, коммуникациялық әрекеттерге қабілетті болуды дамыту, сараптамалық - зерттеу қызметі дағдыларын дамыту, оқу қызметі мәдениетін дамыту;
- оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін қарқындандыру, оның тиімділігі мен сапасын арттыру;
- қазіргі қоғамның ақпараттануымен байланысты пайда болатын әлеуметтік тапсырысты өткізу.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдаланудың мәні компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін баланың жеке тұлғасын дамыту проблемасының маңына топтасқан дидактикалық-әдістемелік проблемалық міндеттерді шешуге бағындыру болып табылатындай. Сондай-ақ педагогтың компьютерлік сауаттылығы ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдаланудағы жеке тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады. Қазіргі жағдайда педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығы кәсіби мамандықтың құрамды бөліктері болып табылады.
Қазақстан Республикасы орта білім жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында "... ҚР дүниежүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген оқыту жүйесін жасау керек", - делінген. Осы тұжырым білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты болып табылады. Бұл бағдарламалардың міндеттерінің бірі - мектептерді компьютерлендіру.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қазіргі кездегі заман талабы болғандықтан оған басты назар аударуымыз қажет. Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үдерісінде қолдану біршама жетістіктерге апаратын жол. Яғни ақпараттық-коммуникациялық технологияны білім беруде маңызды құрал деп айтсақ та болады. Басты мақсат - ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жетік меңгеру және оқушыларға меңгерту. Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары оқушыларға жаңа ақпарат көздеріне жол ашады, жеке жұмыс пен білім алудың нәтижелілігін, тиімділігін көтереді, кәсіби дағдыларды қабылдау және бекіту үшін мүмкіндіктер береді, қашықтықтан оқытудың жаңа формалары мен әдістерін жүзеге асыруға мүмкіндіктер ұсынады. Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары, ашық білім беру жүйесінде, мұғалімдерге осы уақытқа дейін қол жеткізе алмаған, оқыту мазмұнын жылдам жаңарту және жаңа білім мен технологиялар пайда болған сайын оқыту жүйесін жаңадан құру мүмкіндіктерін береді. Ақпараттық технологиялар мұғалімді дәстүрлі оқыту жүйесіне тән күнделікті оқыту материалын баяндау сияқты қызмет түрлерінен босата отырып, мұғалімге еңбек етудің интеллектуалды формаларын ұсынады.
Педагогтың сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы ақпараттық тәрбие беру барысында оқушы бойына төмендегі дағдыларды қалыптастыра білуі қажет:
- Оқушы ақпарттық-коммуникациялық технология мүмкіндіктерін жете түсінуі;
- Білімді қабылдап, сыни ойлау қабілеттерінің дамуы;
- Оқушының үздіксіз ізденушілікте ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдануы;
- Инновациялық қағидаларды үйреніп, оны практикалық тұрғыда қолдана білуі;
- Жаңа ғасыр ағымына бейімделе білуімен айқындалады.
Кез - келген педагог тұлғаны тәрбиелеуде сыныпта өзара ақпарат алмасу, оларды бір - бірімен бірлесе отырып, білімдер мен дағдыларын қалыптастыруға және өз ойларын еркін жеткізіп, ортаға салып, талдап, нәтиже шығара білуге бейімдеу үшін ақпараттық орта құруы қажет.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану мұғалімге де оқушыға да қолайлы. Біз сабақта теория мен практиканы ұштастырамыз. Бұл екеуі бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады. Тәжірибелік жұмыс жасау барысында бала теориялық білімін шыңдайды. Конфуций: Маған айтып берсең - ұмытып қаламын, көрсетсең - есте сақтаймын, өзіме жасатсаң - үйренемін деген. Конфуций айтпақшы бала қолымен жасағанда ғана жақсы түсінеді, есте сақтайды. Сондықтан да сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қажеттілігі туындайды. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тек қана сабақ кезінде ғана емес, сабақтан тыс уақытта да қолданамыз. Өйткені кез келген деректерді интернеттен алуымызға мүмкіншілігіміз бар. Қазіргі кезде қашықтан оқыту тәсілі қолға алынған. Кез келген ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген адам қашықтан оқи алады, білімін шыңдап, әрі қарай жетілдіре алады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны сабақта қолдану оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттырады, сыни ойлауға, басқалармен ой бөлісуге, өз тәжірибесін шыңдауға, ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану машықтарын арттыруға көмектеседі. Сабағымда ақпарттық-коммуникациялық технологияларды қолдану міндетім, өйткені күнделікті өтетін сабағымыз ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық технологиялардың пайдалану ерекшеліктері
Ақпараттық өріс
Математиканы оқып үйренудегі компьютерді пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері
Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі
Қашықтықтықтан оқыту (қо) технологиясын ұйымдастыру
Бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігі
Педагогикалық технологияға педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың әдістемлік құралы
Жаңа ақпараттық - коммуникативтік технология
«Е-learning» – электронды оқыту жүйесіне болашақ информатика мамандарын даярлау әдістемесі
Интерактивті тақтаның шығу тарихы
Пәндер