ИСО 14001 2004 Экологиялық менеджмент жүйелері. Талаптар және қолдану бойынша нұсқаулық туралы ақпарат


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

БАӨЖ

Тақырыбы: ИСО 14001:2004 "Экологиялық менеджмент жүйелері. Талаптар және қолдану бойынша нұсқаулық

Орындаған: Тілесова Д. А.

Тобы: CM-405

Тексерген: Төлеубекова С. С.

Семей 2015

Жоспар

Кіріспе

  1. Экологиялық менеджмент жүйесі
  2. Экологиялық менеджмент жүйесіне қойылатын талаптар
  3. Сəйкестікті бағалау

Кіріспе

Əр түрлі ұйымдар өзінің экологиялық саясаты мен экологиялық мақсаттарын есепке ала отырып қоршаған ортаға қызметінің, өнімінің жəне қызмет көрсетуінің нəтижелерінің əсер етуін бақылау арқылы экологиялық тиімділікке қол жеткізуге жəне оны көрсетуге барынша мүдделі бола бастады. Бұл заңнаманы қатаңдандыру, экономикалық саясат пен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған басқа да шараларды дамыту, сондай-ақ қоршаған орта мəселелеріне мүдделі тараптардың назарының көтеріңкі болу жəне тұрақты даму шарттарымен жүзеге асырылады. Көптеген ұйымдар экологиялық тиімділігін бағалау үшін экологиялық «талдау» немесе « аудиттер» жүргізеді. Дегенмен өздігінен осы «талдаулар» мен « аудиттер» ұйымның өзінің экологиялық тиімділігі заңнамада қарастырылған талаптар мен экологиялық саясатына жауап беріп қана қоймай, болашақта оларға сəйкес келетініне сенімділікпен қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. Тиімділігін қамтамасыз ету үшін «талдаулар» мен «аудиттер» менеджмент жүйесі аясында жүргізілуі жəне ұйымның жалпы əкімшілік қызметімен біртұтас бірігуі тиіс. Экологиялық менеджментке таратылатын халықаралық стандарттар экологиялық жəне экономикалық мақсаттарға қол жеткізуде ұйымдарға көмектесу үшін менеджменттің басқа элементтерімен біріктіріле алатын экологиялық менеджменттің тиімді жүйесінің элементтерімен ұйымдарды қамтамасыз етуге арналған. Осы стандарттар басқа халықаралық стандарттар сияқты саудадағы тарифсіз кедергілерді жасау мақсатында пайдалагуға не ұйымның құқықтық міндеттемелерін қатаңдандыруға немесе өзгертуге арналмаған. Осы стандарт ұйымның заңнамалық талаптарды жəне маңызды экологиялық аспектілер туралы ақпаратты ескеретін экологиялық саясат пен мақсаттарды əзірлей жəне енгізе алуы үшін экологиялық менеджмент жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді. Оны географиялық жағдайы, мəдени жəне əлеуметтік ерекшеліктері əр түрлі, барлық түрдегі жəне көлемдегі ұйымдар қолдана алады. Экологиялық менеджмент жүйесінің үлгісі 1-суретте берілген. Жүйенің табысты болуы барлық деңгейдегі жəне ұйымның барлық бөлімдері, əсіресе, жоғарғы басшылық өзіне алған міндеттемелеріне байланысты. Осы типті жүйе ұйымға экологиялық саясатты қалыптастыруға, экологиялық саясатта қарастырылған міндеттемелерді орындау үшін мақсаттар мен процестерді белгілеуге, сондай-ақ экологиялық менеджмент жүйесінің тиімділігін жақсарту үшін қажетті əрекеттерді қабылдауға жəне аталған жүйенің осы стандарт талаптарына сəйкестігін көрсетуге мүмкіндік береді. Осы стандарттың негізгі мақсаты - қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жəне əлеуметтік экономикалық қажеттіліктермен балансты сақтау кезінде оның ласталуының алдын алу. Осы стандарт талаптарының көпшілігін кез келген уақытта қарауға немесе қайта қарауға болатыны еске сақтау керек. Стандарттың жаңа нұсқасында бірінші басылымның түсіндірілуіне көңіл аударылды жəне пайдаланушылардың мүдделеріне байланысты екі стандарттың үйлесімділігін арттыру үшін Исо 9001 ережелеріне ерекше көңіл аударылады. Осы стандартың 4-тарауындағы жəне А қосымшасындағы тараушалардың нөмірлері қарапайым пайдалану үшін біріктірілген. Мысалы, 4. 3. 3 жəне А. 3. 3 тармақтары мақсаттарға, міндеттерге жəне бағдарламаға(ларға) қатысты, ал 4. 5. 5 жəне А. 5. 5 тармақтары ішкі аудитке қатысты. Бұдан басқа, В қосымшасы ИСО 14001:2004 жəне ИСО 9001:2000 арасындағы байланысты белгілейді жəне керісінше. Экологиялық менеджмент жүйесіне қойылатын талаптар жазылған жəне ұйымның экологиялық менеджмент жүйесін сертификаттау/тіркеу жəне/немесе өзі декларациялау үшін қолданыла алатын осы стандарт пен сертификаттау мақсатына жарамсыз жəне ұйымдарға экологиялық менеджмент жүйесін əзірлеу, енгізу немесе жетілдіру кезінде көмек көрсетуге арналған басшылық нұсқамалары арасында маңызды айырмашылық бар. Экологиялық менеджмент стратегия мен бəсекеге қабілеттілікке қатысты мəселелерді қоса, мəселелердің тұтас спектрін қамтиды. Осы стандарттың табысты енгізілуін көрсетуді мүдделі тараптардың ұйымда тиісті экологиялық жүйенің бар екеніне сенуі үшін ұйымның өзі пайдалана алады. Экологиялық менеджмент əдістерін қамтамасыз ету жөніндегі басшылық басқа стндарттарда, əсіресе ИСО/ТК 207 шығарылған экологиялық менеджмент жөніндегі құжаттарда жазылған. Басқа стандарттарға берілген кез келген сілтеме ақпараттық қана болып табылады.

Е с к е р т у - Осы стандарт Plan-Do-Check-Act (PDCA) ретінде белгілі методологияға негізделеді. PDCA циклін мынадай тəсілмен қысқаша сипаттауға болады: - Жоспарлау: тұтынушылардың талаптары мен ұйым саясатына сəйкес нəтижелерге қол жеткізуге қажетті мақсаттар мен процестерді əзірлеңіздер. - Жүзеге асыру: процестерді енгізіңіздер. - Тексеру: саясатпен, мақсаттармен жəне өнімге арналған талаптармен салыстыруда процестерді жəне өнімді үнемі бақылаңыздар жəне өлшеңіздер. - Іс-əрекет: процестердің көрсеткіштерін үнемі жақсарту жөнінде іс-əрекеттер қабылдаңыздар. Көптеген ұйымдар процестер жүйесін жəне олардың «процестік тəсіл» ретінде қарастырылатын өзара əрекеттесуін қолдана отырып, өз жұмысын жүзеге асырады. [2] процестік тəсілді қолдануға жағдай жасайды. Өйткені PDCA циклін барлық процестерге қолдануға болады, осы екі методология бірлестірілген методологиялар ретінде қарастырылады. Осы стандарт əділ аудиторлық тексеруден өткізіле алатын талаптардан ғана тұрады.

Экологиялық менеджмент жүйесі

Экологиялық менеджмент жүйесіне қатысты мəселелердің кең спектрі бойынша жалпы басшылықты талап ететін ұйымдардың пайдалануы керек. Осы стандарттың қалыптасқан саясаттағы заңнамалық талаптарға жəне қоршаған ортаны ластаудың алдын алуға жəне жүйені үнемі жетілдіруге қатысты ұйымға таратылатын басқа талаптарға сəйкестік туралы міндеттемелерден басқа экологиялық тиімділіктің асолют талаптарын белгілемейді. Осылайша ұқсас қызмет атқаратын, бірақ əр

үнемі жақсарту экологиялық саясат басшылық тарапынан талдау жоспарлау тексеру енгізу жəне жұмыс істеу түрлі экологиялық тиімділігі бар екі ұйымның екеуі де осы стандарт талаптарына сəйкес келе алады.

Экологиялық менеджмент жүйесіне қойылатын талаптар қатарын қабылдау жəне жүйелі орындау барлық мүдделі тараптар үшін оңтайлы нəтижелермен қамтамасыз етеді. Дегенмен осы стандартты қолдану қоршаған ортаны қорғаумен байланысты оңтайлы нəтижелерге жетуге кепілдік бермейді. Экологиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін экологиялық менеджмент жүйесі ұйымды бір тұтастыққа, экономиялық жəне экологиялық тиімділікке сүйене отырып, прогрессивті технологияның енгізілуіне ынталандыруы тиіс. Осы стандарт экологиялық менеджмент жүйесінің элементтері басқа жүйелердің элементтерімен қиюласа немесе біріге алатынына қарамастан, сапа менеджментінің, еңбекті, қаржыны жəне қауіп-қатерден қорғау жүйесі сияқты басқа да менеджмент жүйелері үшін талаптар белгілемейді. Ұйым осы стандарт талаптарына сəйкес келетін экологиялық менеджмент жүйесін құру үшін өзінде бар менеджмент жүйесін(лерін) пайдалана алады. Сонда да менеджмент жүйесінің əр түлі элементтерін қолдану қойылған мақсаттар мен тартылған мүдделі тараптарға байланысты айрықшалана алатынын ескеру керек. Экологиялық менеджмент жүйесінің күрделілігі жəне оны бөлшектеу деңгейі, құжаттама мен жұмсалатын ресурстардың көлемі жүйені қолдану саласы, ұйымның өлшемі жəне оның қызметінің, өнімінің жəне қызмет көрсетуінің сипаты сияқты факторлар қатарына байланысты. Бұны, əсіресе, шағын жəне орта кəсіпорындарға қолдануға болады.

Экологиялық менеджмент жүйесі (environmental management system) : Экологиялық саясатын əзірлеу жəне жүзеге асыру жəне оны экологиялық аспектілермен басқару үшін пайдаланылатын, ұйымның менеджменті жүйесінің бөлігі.

Е с к е р т у л е р

1 Менеджмент жүйесі саясат пен мақсаттарды белгілеу үшін жəне оларға қол жекізу үшін пайдаланылатын өзара байланысты элементтердің жиынтығын білдіреді.

2 Менеджмент жүйесіне ұйым құрылымы, қызмет етуді жоспарлау, жауапкершілік, практикалық қызмет, процедуралар, процестер мен ресурстар кіреді.

Экологиялық менеджмент жүйесіне қойылатын талаптар

Жалпы талаптар

Ұйым осы стандарттың талаптарына сəйкес экологиялық менеджмент жүйесін əзірлеуге, құжаттауға, енгізуге, жұмыс қалпында ұстауға жəне үнемі жақсартуға тиіс жəне осы талаптарды орындау тəсілдерін анықтауы тиіс. Ұйым экологиялық менеджмент жүйесінің қолданылуы саласын анықтауы жəне құжаттауы тиіс.

Экологиялық саясат

Жоғарғы басшылық ұйымның экологиялық саясатын анықтауы жəне осы саясат экологиялық менеджмент жүйесін қолданудың белгілі бір саласы аясында: а) ұйым қызметінің, өнімнің немесе қызмет көрсетудің сипатына, масштабына жəне қоршаған ортаға əсер етуіне сəйкес келуі; b) қоршаған ортаның жай-күйін үнемі жақсарту жəне оның ластануының алдын алу жөнінде міндет кіруі; с) сəйкесті заңнамалық талаптарды жəне ұйымға таратылатын, оның экологиялық аспектілерімен байланысты басқа талаптарды орындау міндеті кіруі; d) экологиялық мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін негізді қамтамасыз етуі; e) құжатпен ресімделуі, енгізілуі, жұмыс жағдайында тұруы; f) ұйымға немесе оның атынан жұмыс істейтін барлық тұлғалардың барлығы мағлұматталуы; g) қоғамдық көпшілік үшін қол жетімді болуы үшін қамтамасыз етуі тиіс.

Экологиялық аспектілер

Ұйым мынадай процедураларды: а) өзі басқара алатын жəне оларға жоспарланған немесе жаңа əзірлемелерді, не жаңа жəне түрлендірілген қызмет, өнім жəне қызмет көрсету түрлерін есепке ала отырып əсер ете алатын, экологиялық менеджмент жүйесін қолданудың белгілі бір саласы аясында өз қызметінің, өнімінің жəне қызмет көрсетуінің экологиялық аспектілерін сəйкестендіру; b) қоршаған ортаға едəуір əсер(лер) тигізетін немесе тигізуге қабілетті аспектілерді ( яғни, маңызды экологиялық аспектілерді) анықтау процедураларын белгілеуі, енгізуі жəне жұмыс жағдайында ұстап тұруы тиіс. Ұйым осы ақпаратты құжаттауы жəне көкейкестілендіруі тиіс. Ұйым маңызды экологиялық аспектілердің экологиялық менеджмент жүйесін əзірлеу, енгізу жəне жұмыс қалпында ұстау кезінде ескерілгенін кепілдендіруі тиіс.

Заңнамалық жəне басқа талаптар

Ұйым:

а) қолданыстағы заңнамалық талаптарға жəне ұйымға таратылатын, оның экологиялық аспектілерімен байланысты басқа талаптарға қол жеткізуді сəйкестендіру жəне алу;

b) осы талаптардың ұйымның өзінің экологиялық аспектілеріне қалай қолданылады, сонны анықтау процедураларын белгілеуі, енгізуі жəне жұмыс қалпында ұстап тұруы тиіс. Ұйым қолданыстағы заңнамалық талаптардың жəне ұйымға таратылатын басқа да талаптардың өзінің экологиялық менеджмент жүйесін əзірлеу, енгізу жəне жұмыс қалпында ұстап тұру кезінде ескерілгеніне кепілдік беруі тиіс.

Мақсаттар, міндеттер жəне бағдарлама(лар)

Ұйым осы ұйымның шеңберінде сəйкесті бөлімшелер мен деңгейлер үшін құжатпен ресімделген экологиялық мақсаттар мен міндеттерді белгілеуі, енгізуі жəне жұмыс қалпында ұстап тұруы тиіс. Мақсаттар мен міндеттер мүмкіндігіне қарай өлшенуі жəне ластаудың алдын алу, қолданыстағы заңнамалық талаптарға жəне ұйымға таратылатын басқа да талаптарға сəйкес келу жөніндегі, үнемі жақсарту жөніндегі міндеттерді қоса, экологиялық саясатпен келісілуі тиіс. Өз мақсаттары мен міндеттерін белгілеу жəне талдау кезінде ұйым заңнамалық жəне ұйымға таратылатын басқа да талаптарды жəне маңызды экологиялық аспектілерді ескеруі тиіс. Мұнан басқа, технологиялық, қаржылық, өндірістік жəне коммерциялық талаптарды жəне мүдделі тараптардың пікірін ескеруі тиіс. Ұйым мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін бағдарлама(лар) белгілеуі, енгізуі жəне жұмыс қалпында ұстап тұруы тиіс. Бағдарлама(лар) ға: а) ұйым шеңберінде сəйкесті бөлімшелер мен деңгейлер үшін мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге жауапкершілікті бөлу; b) құралдар мен осы көрсеткіштердің қол жеткізілуге тиісті мерзімі кіруі тиіс.

Сəйкестікті бағалау

Міндеттемемен байланысты ұйым қолданыстағы заңнамалық талаптарға сəйкестігін жүйелі түрде бағалау процедурасын(ларын) белгілеуі, енгізуі жəне жұмыс жағдайында ұстап тұруы тиіс. Ұйым жүйелі түрде бағалау нəтижелері туралы жазбаларды сақтауға тиіс.

Сəйкесссіздік, түзету жəне алдын алу əрекеттері

Ұйым нақты жəне əлуетті сəйкессіздікті(терді) қарауға арналған жəне түзету жəне алдын алу əрекеттерін орындауға арналған процедура(лар) ды белгілеуі, енгізуі жəне жұмыс жағдайында ұстап тұруы тиіс.

Процедура(лар) да:

a) сəйкесссіздікті(терді) сəйкестендіру жəне түзету жəне экологиялық əсер етуді жеңілдету əрекеттерін орындау;

b) сəйкессіздікті(терді) зерттеу, оның(олардың) себебін (себептерін) анықтау жəне олардың қайта пайда болдыртпау əрекеттерін орындау;

c) сəйкессіздіктің(тердің) алдына алу əрекеттеріне қажеттілікті бағалау жəне олардың пайда болмауы үшін əзірленген тиісті əрекеттерді орындау;

d) қабылданған түзету жəне алдын алу əрекет(тер) і нəтижелерінің жазбалары;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Райымбек Агро» ЖШС-те СМЖ және қаупсіздік жүйесін дайындау
ИСО 14001:2004 "Экологиялық менеджмент жүйелері. Талаптар және қолдану бойынша нұсқаулық жайлы
Кәсіпорынның экологиялық менеджменті
Исо 14001:2004 "экологиялық менеджмент жүйелері. талаптар және қолдану бойынша нұсқаулық"
OHSAS менеджмент жүйесіне қойылатын талаптар
Менеджмент жүйелері
Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің ұйымдық сұлбасы
Сапа менеджмент жүйесін сертификаттау
Сапа менеджментінің жүйелері
«Стандарттың ISO 9001:2015 жаңа нұсқасын ISO 9001:2008 нұсқасымен салыстыру»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz