М. Сералин шығармашылығы туралы ақпарат


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: М. Сералин шығармашылығы

Орындаған: Жумаханов Бекзат,

ІІІ курс студенті, Фи-311 топ.

Тексерген: Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, PhD - Арай Қанапияқызы

Семей 2015

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Өмірі мен шығармашылығы
  3. Қоғамдық қызметі
  4. М. Сералин жайлы зерттеулер
  5. Қорытынды

Сералин Мұхамеджан (1872-1929) - жазушы, ақын, публицист, журналист. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Өрнек ауылында дүниеге келген. Троицкідегі медреседе оқып, Қостанайдағы 2 кластық орыс-татар мектебін бітірген. 1911-1915 жылдары Троицкіде «Айқап» журналын шығарды.

Қостанай облысында туып өскен. Мұхамеджан Сералин - ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының үлкен қоғам қайреткері, белгілі санаткері, көрнекті ақыны, танымал көсемсөзшісі. Қазқша-орысша білімді болған. Оның «Топ жарған»(1900), (гүлкәшим»(1903), поэмалары қазақ жазба әдебиетіне елеулі үлес болып қосылды. М. Сералин өлеңдері қазақ өмірінің, әлеуметтік тұрмыстың шындығын танытады («Бай, патша Һәм кедей», «Бай, қасқыр, аңшы»т. б. ) .

«Топ жарған» поэмасында Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілістің нақты шыңдығы көрініс табады. Поэманың басты кейіпкері Адай жігіттің бостандығы көксеген ой-арманы кенесары көтерілісімен желілес беріледі. Поэмада Кенесары-Наурызбай көтерілісін қалың бұқрараның жақтауы жеке кейіпкерлер сөздері арқылы беріліп, шындықты ашудың жақсы тәсілі қолданыс тапқан. «Топ жарған» поэмасында Кенесары көтерілісінің қазақ бұқарасының иүддесін қорғаған көтеріліс екендігі қилы тағдырлар тоғысы арқылы көрініс табарды. Адай жігіт бейнесі - көтерілісті жұрек қалауымен жақтаған ерлер бейнесінің жинақтық образы.

Поэманың композициялық құрылымының ерекшелігі - ақынның орыс классикасынан үйренуінің дәлелі. «Топ жарған» поэмасында тіл сонылығы бар. Тарихи шындықты, нақты өмірді тың теңеу, көркем суреттермен бере білген ақын поэмасының тарихи мәні өте зор.

М. Сералиннің «Гүлкәшима» атты шығармасы (1903) - қазақ өмірінен алынып жазылған лирикалық поэма. Поэманың негізгі идесы бас бостандығын аңсаған жастар мен әйел теңсіздігін жырлау болып табылады. «Гүлкәшима» поэмасы - махаббатты жырлауда жазба кәсіптік әдебиет деңгейінде жазылған, өмір шындығын нақты көрсететін шынайы көркем туынды. Поэмада жекелеген бөлімдердің жүйелілігі мен тұтастық желісі бар.

Ақын ескілікті әдет-ғұрыптарға және қазақ қоғамының кертартпа күйіне баскейіпкердің (Баймағамбет) өлімі арқылы наразылық білдіреді. Поэмада еркінен айырлған адал жардың сезім тазалығы жырланады. Шығарма сюжеті авторлық шешім арқылы жаңа жүйеде құрылған. Оқиғаның өрбуі көбіне хат арқылы беріліп, авторлық көзқарас арқылы түйінделіп отырады. Поэманың публицистикалық сипаты басым. Онда ауыз әдебиеті дәстүрінің белгілері де кездеседі. Поэмада қазақ тұрмыс-салты кең көрініс тапқан. М. Сералиннәң «Гүлшахим» поэмасы ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ поэзиясының ірі табысы саналады. М. Сералин «Рустам-Сухраб» дастанын орыс тілінен аударған (Жуковскийден) . Шығыстың классикалық шығармасы «Шаһнаманың» тұңғыш рет қазақ тілінде аударылуыныі тарихи маңызы өте зор.

М, Сералин журналистік қызметі «Айқап» журналын шығарумен тығыз байланысты. Журналдың бас редакторы ретіндегі идеялық көзқарастарының қазақ ұлтыың санасын оятуда мәдени-эстетикалық маңызы бар. М. Сералин - көсемсөзші ретінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан қаламгер. Журналдың қазақ мәдениеті мен әдебиетін дамытудағы іс-әрекеттерінде М. Сералинның басшылық қызметінің әсері мол болды. Өзінің жеке мақаларалында («Аштық хаһында», «Келешек заманымыздың қамы», «Қазақ халқының мұң-мұқтаждығы», «Қазақ жастары»және т. б. ) қазақ қауымының жоғын жоқтап, отырықшылдық, оқу-ағарту секілді басты мәселелерді нақты көтерді. Мақалаларында тілдік тұрғыдағы жетістіктер де кездеседі. М. Сералин жалпы ұлттық сананы ояту тұрғысында еңбек етіп, ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамсының көрнекті санаткерлерінің қатарына көтерілді.

1919-1920 жылдары - «Ұшқын» газетінің қызметкері. 1921-1922 жылдары - Қостанайдағы Шұбар болыстық атқару комитетінің төрағасы. 1922-1923 жылдары - Қостанай губерниялық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1923-1926 жылдары - «Ауыл» газетінің редакторы қызметтерін атқарған.

М. Сералиннің журналистік қызметі екі кезеңге бөлінеді. 1- кезеңіне «Айқап» журналында төңкеріске дейін басылған 40-қа жуық мақалалары жатады. 2 кезең 1918-1928 жылдар аралығын қамтиды, бұл кезеңде «Ұшқын», «Еңбекші қазақ», «Ауыл» газеттерінде саясат, шаруашылық, мәдениет мәселелері жайында мақалалары жарияланды. 1900 жылы алғашқы жарияланған «Топжарған» поэмасы қазақ әдебиетіндегі тарихи шығармалар қатарына жатады. Поэмада ХІХ ғасырдың 30-40- жылдарындағы қазақ өмірі, Кенесары, Наурызбай бастаған қозғалыс бейнеленген. 1909 жылы жарық көрген «Гүлқашима» поэмасы әйел теңсіздігі мәселесіне арналған. М. Сералин Ы. Алтынсариннің ағартушылық-демократиялық идеяларын қолдады. Ол Фердоуси «Шаһнамасының» «Рүстем - Зораб» бөлімін В. Жуковский нұсқасынан, сондай-ақ А. Сорокиннің «Жусан» повесін қазақ тіліне аударған.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде қоғамдық ғылымдар маркстік-лениндік методология мен партиялық принциптердің үстемдігінен арылып, өркениеттілік ұстанымдарға негізделген методологияның арнасына түсті. Соған орай ХХ ғасыр басындағы ұлттық саяси элита өкілдерінің өмір жолы мен қызметіне қатысты объективті пікірлер айтылып, тұжырымдар жасала бастады. М. Сералиннің мұрасы мен қоғамдық-саяси қызметіне байланысты зерттеулер жүргізудің қарқыны арта түсті. Белгілі әдебиетші-ғалымдар Ү. Субханбердина мен С. Дәуітовтың құрастыруымен «Айқап» журналына еңген мақалалардың жинағы жарық көрді. Осы жинақта «Айқап» журналының редакторы М. Сералинге қатысты объективті пікірлер білдірілді. Заңгер-ғалым Қ. Ыдырысовта М. Сералиннің шығармалар жинағын құрастыру бағытында жұмыстар жүргізіп, 2002 жылы М. Сералиннің мақалалары мен публицистикалық шығармалары, поэмалары мен аудармалары енген кітапты жарыққа шығарды. Осы жинаққа «Ұлт тарихындағы ұмытылмас есім» деген тақырыпта алғы сөз жазған Қ. З. Ыдырысов мынадай орындағы пікір білдіреді: «Еліміз тәуелсіздік алып, ұлтын егемендікке жеткізу жолында құрбандыққа болса да, ар жолынан таймай беделін биік, абыройын жоғары ұстап, халыққа қызмет етудің үлгісін көрсеткен әрбір Алаш азаматы өмірінің мемлекетіміз үшін қайталанбас құндылық болып табылатынын түсіну, М. Сералин шығармашылығын зерделеуге жете мән беруімізді талап етеді».

Белгілі әдебиетші-ғалым С. Ергөбек М. Сералиннің шығармашылығына байланысты «Қайраткер-қаламгер Мұхамеджан Сералин» атты еңбегін 2004 жылы жарыққа шығарды. Бұл еңбекте М. Сералиннің мұрасы үш топқа бөлініп қарастырылды. Бірінші бөлімде - қайраткердің әдеби мұрасы, екінші бөлімде - публицистикалық мұрасы, үшінші бөлімде - аудармалары. Автор М. Сералиннің шығармалары мен аудармаларын зерделеумен шектелгенімен зерттеулерге мынадай құнды ой-пікір білдіреді: «Жаңаша бағалап-бағамдауды қажет ететін тұлғаның бірі - ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ірі өкілі, қоғам қайраткері - Мұхамеджан Сералин. Бұған дейінгі зерттеулерде М. Сералин коммунист ретінде мадақталып, кейбір түрікшілдік, исламшылдық пікірлері не бүркемеленді, не қателік ретінде саналды. М. Сералин қазақ мәселесінде ұлтшыл, тұтас түрік жұрты жөнінде түрікшіл, тіпті исі ислам бірлігін аңсаған азамат. М. Сералинді исламдық, түрікшілдік, ұлтшылдық көзқарасы үшін сынау қате. Бұл - М. Сералин дүниетанымынан туған көзқарасы, наным-сенімі, шығармаларында ту етіп ұстайтын темірқазық идеясы».

М. Сералиннің қаламгерлігі тәуелсіздік жылдары қазақ әдебиетшілеріне ғана емес, өзбек әдебиетшілерінің де назарына ілінді. Өзбек әдебиетші-ғалымы О. Шарафуддинов өзбек ақыны, әрі жазушысы Шолпанның шығармалар жинағына «Әдебиет жасаса - ұлт жасайды» деген тақырыпта алғы сөз жазып, онда М. Сералиннің шығармашылығына да назар аударады. Оның пікірінше, М. Сералиннің «Тіл мен әдебиет халықтың рухы» деген ұстанымы өзбек қаламгеріне, соның ішінде Шолпанға да елеулі ықпалын тигізген.

Қазақ тарихшыларының 1991 жылдан бергі еңбектерінде де М. Сералинге қатысты тың ой-пікірлер білдірілуде. Көрнекті тарихшылар К. Нұрпейісов пен М. Қойгелдиевтің алаш қозғалысына байланысты жазылған еңбектерінде М. Сералинге және оның жетекшілігімен шыққан «Айқап» журналына байланысты тың тұжырымдар бар. К. Нұрпейісов: «Қазақ зиялылары халықтың қалың бұқарасын туған өлкені қайта құрып, түрлендіру ісіне жұмылдыруда ұлттық газеттер мен журналдар, поэзиялық жинақтар мен көпшілікке арналған әр алуан тақырыптар бойынша жинақтар шығарудың маңызын жақсы түсінді. Қазақтың ұлттық баспасөзінің толыққанды алғашқы екі басылымы 1911 жылы дүниеге келді», - дей отырып, бұл істегі М. Сералиннің қайрат-жігеріне назар аударады.

Деректанушы-ғалым Қ. Атабаевтың еңбегінде М. Сералиннің қазақ баспасөзін шығару ісіндегі қызметіне назар аударылған. Автор М. Сералиннің 1906 жылдан бастап қазақ баспасөзін шығару жолында әрекеттенгенін, бірақ қайраткердің ондай әрекеттері сәтсіз аяқталып отырғанын негіздеумен қатар, қайраткердің «Айқап» журналын шығару жолында сіңірген еңбегін нақтылы деректермен дәйектейді. Сондай-ақ автор «Айқап» журналының ХХ ғасыр басындағы Қазақстан тарихының дерек көзі ретінде қарастырып, М. Сералиннің бұл басылымдағы мақалаларын деректанулық тұрғыда талдауға алады.

М. Сералиннің қоғамдық-саяси қызметінің кейбір қыры Башқортстан мен Қырғызстан ғалымдарының еңбектерінде де көрініс табуда. Башқортстандық ғалым Л. С. Тузбекованың еңбегінде М. Сералиннің Уфадағы «Ғалия» медресесінің ұстаздарымен және шәкірттерімен байланысы мәселесі қарастырылған. Автордың көрсетуінше М. Сералин «Ғалия» медресесінде оқыған шәкірттер арасына «Айқап» журналын насихаттап, шәкірттердің біразын осы журналға тілші ретінде тартқан. Л. С. Тузбекованың бұл мәліметін қырғыз ғалымдары Э. Манаев пен А. Османкулов та нақтылай түседі. Бұл авторлардың кітабында ХХ ғасыр басындағы қырғыз ағартушысы И. Арабаевтың М. Сералинмен тығыз байланыс орнатып, «Айқап» журналында қырғыздардың сол тұстағы өміріне, тыныс-тіршілігіне қатысты мақалалар жариялағаны айтылады.

Батыс зерттеушілері А. Беннингсен мен Ш. Ламарсье-Келькежейдің еңбегінде М. Сералиннің келбеті қазақтың көрнекті журналисі ретінде беріледі. Сондай-ақ М. Сералин «Айқап» журналы қазақтар арасындағы ұлттық қозғалысқа дем берді деп түсіндіріледі. Мұндай пікір С. Зенковскийдің еңбегінде де көрініс тапқан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XX-ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі ұлт зиялылары
М. Сералиннің шығармашылығы
Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқан идея - жанның мәңгілігі
Сералин Мұхамеджан шығармашылығы
Қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеудегі қазақ зиялыларының үлесі
Қазақ публицистикасының өткені мен бүгіні
Мұхамеджан Сералиннің шығармашылығы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕРЗІМДІ БАСПАСӨЗІ
М.Сералин шығармашылығы туралы
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz