Табиғи фонды сәулелену мөлшері жайлы


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік-технологиялық факультеті
ТФ және ЖЭ кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Табиғи фонды сәулелену мөлшері
Орындаған: Аскарова А. Е
ТФ-205
Тексерген: Нургалиев Д. Н
Семей 2015
Мазмұны1 Табиғи фонды сәулелену мөлшері2
1. 1 Бета-сәулелену4
1. 2 Өздігінен сәулелену4
1. 3 Жылулық сәулелену5
1. 4 Сәулелену ауруы5
Қорытынды7
Пайдаланылған әдебиеттер8
1 Табиғи фонды сәулелену мөлшеріТабиғи фон - иондаушы сәулелену, ол ғарыштық сәулелену және еркін бөлінген табиғи радионуклидтердің (Жердің үстіңгі қабатында, ауада, тамақ өнімдерінде, суда, адам организмінде т. б. ) иондаушы сәулеленуінен тұрады.
Фон (французша fond, латынша fundus - түбі, негізі), орта, ая, табиғи фон - бір нәрсеге табиғи концентрацияның немесе табиғи заттардың әсер ету дәрежесі. Фон өзінің орналасу орнына және мөлшеріне қарай тірі организмдерге жағымды және жағымсыз болып бөлінеді. Табиғатта қалыпты табиғи Фон болады. Мұндай Фондар, негізінен адам организміне қауіп тудырмайды, бірақ кейде табиғатта кездесетін әр түрлі заттардың мөлшеріне байланысты (аз не көп болуынан) эндемия туғызуы мүмкін. Мыс., йодтың жетіспеушілігінен эндемиялық бұғақ (қ. Бұғақ ауруы) дамиды. Радиоактивті табиғи Фонның организмде мутагенезді күшейтіп, тератоген (организмнің дамуында аномалия тудыратын заттар) бола алатын қабілеті болады.
Иондаушы сәулелену, бұл адам синтездеген көптеген химиялық заттар сияқты, бұрын табиғатта болмаған, адамға әсер ететін қандай да бір жаңа фактор емес.
Адамды қоса есептегенде, әрбір тірі ағза, жеке өмір сүруі кезінде (онтогенез) және бүкіл тірі табиғаттың дамуы барысында (яғни филогенез үрдісі) табиғи радиациялық фон деп аталатын, ИС әр түрлі табиғи көздерінен сәулеленуге ұшырайды. Табиғи радиациялық фон - бұл, қоршаған ортаның ажыратылмайтын бір бөлігі (фактор) . Ғалымдардың ТРФ-ға қызығушылығының пайда болуына салыстырмалы түрде көп уақыт өткен жоқ, негізінен, адам атом энергиясын басқаруды үйренгеннен кейін пайда болды және ол кездейсоқ болған жоқ. Атом энергиясын пайдаланудың ауқымы кеңіген сайын, ИС-тің әр түрлі көздерінен сәулелену әсеріне ұшырайтын адамдар саны көбеюде. Сондықтан, ИС-тің қауіптілігін бағалау және сәулеленудің әсер ету шегін орнату кезінде, сәулеленудің әр түрлі табиғи көздерінен сәулеленуге ұшырау деңгейін және сипатын білу өте маңызды.
Бірақ, ТРФ тірі ағзалар тіршілігіндегі ролі әлі соңына дейін анықталаған жоқ. Кейбір зерттеушілер, аз дозаларда сәулеленуге ұшыраудың пайдалы рөлі туралы айтады, яғни оның өмір үшін маңызды үрдістерді ынталандыратын әсері (гормезис құбылысы) туралы айтады. Эксперименттік бақылауда әлі де жеткілікті дәрежеде дәлелденбеген бұл көзқарас, радиациялық фактордың адам денсаулығына да, басқа да жануарлар мен өсімдіктердің ағзасына да ешбір қолайлы әсері жоқ деген қазіргі кездегі көзқарасқа сәйкес келмейді. БҰҰ атом радиациясының әсері жөніндегі ғылыми комитеттің (АРӘҒК) және ХРҚК мәліметтері бойынша, радиациялық фактордың, тіпті фон деңгейінің өзінде, адам денсаулығы үшін аз да болса, қауіп-қатері бар екені көрсетілген. В. А. Книжниковтың айтуы бойынша, ТРФ есебінен қатерлі ісіктен өліммен аяқталу қауіп-қатері, шамамен 1% құрайды. Сол сияқты, обырдың спонтанды пайда болуы мен тұқым қуалайтын аурулардың бір бөлігі осы табиғи көздерден сәулеленуге ұшыраумен байланысты болуы мүмкін. Бұлардың барлығы оларды жете зерттеуді қажет ететіндігінің айғағы.
ТРФ ерекше айырмашылығы - жер бетіндегі барлық халыққа түгел әсері етуі және ұзақ уақыт бойына оның деңгейінің салыстырмалы түрде тұрақты болуы. Сонымен бірге, табиғи сәулеленудің әсер ету деңгейлерінің әр түрлі аймақтарда және теңіз деңгейінен әр түрлі биіктікте, бір-бірінен едәуір айырмашылығы бар.
Сәулелену мөлшері (Доза облучения; грек. dosis - мөлшер) - радиоактивтік көзден сәуле шығу шамасы.
Халықаралық өлшем бірліктері жүйесінде греймен (Гр) белгіленеді. (Жүйеден тыс бірлігі - рад - жұтылған сіңірілген сәулеленудін рентгендік дозасы) .
Сәулелену - сәулешығарудың кез келген түрінің обьектіге әсері.
Сәулелену Атом сәуле шығара бастауы үшін, оған белгілі мөлшерде энергия берілуі керек.
Сәуле шығару түрлері:
- Жылулық сәуле шығару
- Электролюминесценция
- Катодолюминесценция
- Хемилюминесценция
- Фотолюминесценция
Жарық шығаруға жұмсалған атом энергиясы сәуле шығарушы дене атомдарының жылулық қозғалысының энергиясы есебінен компенсацияланады Электролюминесценция атомдар жарық шығаруы үшін қажетті энергияны жылу көздері болып табылмайтын денелерден алады Катодолюминесценция қатты денелерді электрондармен атқылағанда жарық шығаруы Хемилюминесценция энергия бөліп шығару арқылы жүретін химиялық реакцияларда энергияның жарты бөлігі жарық энергиясына айналады. Фотолюминесценция түскен жарық әсерінен дененің жарық шығаруы.
1. 1 Бета-сәулелену
Бета-сәулелену
Бета-сәулелену - радиобелсенді өзгерістер кезінде атомның ядросынан бөлініп шығатын, иондандырғыштық қасиеті бар электрондар мен позитрондар ағыны.
(
ыдырау),
(
ыдырау),
(электрондық басып алу) .
Өздігінен сәулелену - қозған күйдегі кванттық жүйе өздігінен шығарылатын электромагниттік сэулелену.
1. 3 Жылулық сәулеленуЖылулық сәулелену -дене бөлшектері, жылулық қозғалыстарының сәулелену энергиясына түрленуінің салдарынан пайда болатын электромагниттік сэулелену.
Сәулелену ауруы - ионданған сәулелердід зиянды биологиялық әсерінен туатын аурулар.
Адам сәулелену ауруымен тұтас денесінің немесе оның көпшілік белігінің сәулеленуі нәтижесінде ауырады, сондай-ақ ішкі ағзаға радиоактивтік заттардыд сумен, тамақпен және ауа жұту аркылы кетуімен де ауырады. Сәулелену аурулары бір рет үлкен дозамен сәулеленуден болатын қатты сәулелену ауруларына және ұзақ уақытқа созылған, үнемі аз дозамен сәулеленуден дамитын сәулелену ауруына бөлінеді.
Аурудың клиникалық көрсеткіштеріне байланысты қатты сәулелену аурулары 1-ші (жеңіл) дөрежелі 1-2 Дж/кг (100-200 рад) дозамен сәулеленуден болатын, 2-ші (орташа ауыртпалықты) дәрежелі - 2-4 Дж/кг (200-400 рад) дозамен сәулелену, 3-ші (ауыр) - 4-6 Дж/кг (400-600 рад) және 4-ші (өте ауыр) дәрежелі - 6 Дж/кг аса (600 рад) дозамен сәулелену болады.
1-ші дәрежелі қатты сәулелену ауруында сәулеленудің алғашкы реакциясы мүлде көрінбейді немесе өлсіз байқалады.
Ал 2-ші және 3-ші дөрежелі сәулеленуде екі тәулік бойы адам жүрегі айнып, құсады, жалпы әлсіздік, бас ауруы пайда болады. 3-4 тәуліктен кейін ауру белгілері байқалмай кетеді де, 15-20 тәуліктен кейін жағдайы қайта нашарлап, елсіздік басады, дене қызуы көтеріледі, қандағы лейкоциттер саны құрт төмен түседі.
Өте ауыр дәрежелі (4-ші) сәулеленуде аурудың жасырын кезеңі болмайды. Бірден аурудың белгілері біліне бастайды, асқазан мен ішек кызметі және қан айналым бұзылады. Аурудың 2-ші аптасында науқастың өлуі мүмкін. Мұндай жағдайда арнайы стационарда емделген жағдайда ғана жазылуы мүмкін. Алғашқы медициналық көмек - қосымша сырттай сәулеленуден бой тасалау, құсуға қарсы, тыныштандыратын, жүрек пен буын препараттарын қолдану болып табылады.
Қорытынды ... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz