Қазіргі цивилизацияның мәселелері, биологиялық және ландшафттық әралуандық туралы ақпарат


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университет

СӨЖ

Тақырып: Қазіргі цивилизацияның мәселелері. Биологиялық және ландшафттық әралуандық.

Орындаған: Ұзақбай Ә.А.
Тексерген: Нуржуманова Ж.М.

Семей қ. 2015ж
Жоспар:
І Кіріспе
Цивилизация термині
ІІ Негізгі бөлім
а)Қазіргі заманғы цивилизациялық мәселелер
ә)Цивилизациялы дамудың типтері
б)Биологиялық әралуандық.
ІІІ Қорытынды
Биологиялық алуантүрлілікті сақтау
ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Цивилизация термині латын тілінің сivilas деген сөзінен шыққан, оның мағынасы: 1) азаматтық, 2) азаматтық қоғам, мемлекет, 3) қала. Сондықтан да тарихшылар, археологтар қоғамның өркениеттік кезеңін зерттеуді ең алдымен урбанизациямен тығыз байланыстырады.
Неміс оқымыстысы О. Шпенглер болса, цивилизациялы мәдениеттің құлдырауынан туындайтын құбылыс ретінде қарастырады, яғни цивилизация адамзат мәдениетінің жаңару, жетілу нәтижесі емес, белгілі мәдениеттің ішкі мүмкіндіктерін сарқып, одан әрі даму деңгейі шектеліп, күйреуге бет алып, жаңа өркениетке жол салуы болып табылады деген тұжырым жасайды. Әрине, цивилизацияны яғни өркениетті бұлай түсіну дұрыс емес.
Қазіргі заманға әлеуметтік өмірді экономика және саясат аспектілерінен ғана шектеп, оны мәдениеттен бөліп тастауды мақсат етеді.
Өркениет (цивилизация) ұғымы гуманитарлық әлемде ежелгі дүниеден бері белгілі. Тек XVIII ғасырдан бастап қана айналымға ене бастады. Оған дейін адам баласының дамуында варварлық дүниенің антонимі ретінде белгілі болып келген-ді. Адамзат тарихында ол ұзақ мерзімге созылды. Варварлық қоғамның өркениетке яғни цивилизацияға ұласуы кейінірек жүзеге асты. Алғашқы кезеңнен дамудың бұл сатысы аса ұзақ болмады. Адамзат баласы дамуының варварлық кезеңінен кейін келген бұл дәуірді алғашқысынан айыру үшін өркениет (цивилизация) деген атау берілді. Өркениеттің белгілері жеке адам, қоғам деңгейінде танылып, қабылданды.

Қазіргі цивилизацияның екінші мағынасы: тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде дүниеге келген қоғамның ерекше бір типі болып табылады. Бұл терминді осы мағынада Арнольд Тойнби де қолданған. Ол адамзат тарихында цивилизацияның әртүрлі типтерін арнайы қарастырды. Цивилизацияның 21 түрін ол атап көрсетті. Цивилизацияның бұл екінші мағынасында бұл ұғым әлеуметтік организмнің ерекше бір түрі ретінде қабылданды. Бұл мағынаны еске алғанда, өркениет пен мәдениет бір-біріне қарама-қарсы дүние емес, кез келген өркениет мәдениеттің айрықша түрі деп қарастырылады.
Қазіргі кезде цивилизацияның әртүрлі типтеріне тән кейбір жалпы ортақ сипаттарды бөліп көрсетудің маңызы зор. Бұлар цивилизацияның мәдени-генетикалық кодының ортақ белгілері болып табылады. Адамзат тарихында адам баласы варварлық заманнан қазіргі цивилизацияға көшкеннен бергі кезеңде өркениетті дамудың екі типін қарастыруға болады:

Цивилизациялы (өркениетті) дамудың типтері:
Техногендік өркениет
Дәстүрлік тип
Батыстық тип

Қазір батыстық типке батыс елдері ғана қамтылмай отырғандықтан, бұл цивилизация техногендік деп аталады. Өйткені бұл цивилизацияның дамуында жаңа технологияларды іздестіріп, дүниеге әкелу басты роль атқарады. Мұнда экономикалық өрлеу ғана емес, әлеуметтік басқару мен әлеуметтік коммуникацияның да озық технологияларын іздестіру көзделген. Ал қазіргі цивилизация негізінен техногендік болып табылады.
Цивилизация мәселелері.Бүгінгі жаһандану үдерісін академик В.Степин техногендік цивилизация экспансиясының жемісі деп бағалайды. Қазір экологиялық дағдарыс әркімнің көз алдында өтіп жатыр. Ал антропологиялық дағдарыс тұтынуды қоғамның негізгі өсу өлшемі деп бағалаумен тікелей байланысты дүние. Әлемдегі халықтың 5 пайызын құрайтын американдықтар дүниежүзіндегі энергетикалық шығынның 45 пайызы , қоршаған ортаны ластайтын қалдықтардың үштен екісі солардың үлесіне тиіп отыр. Бүгінгі посиндустриялық қоғам техногендік өркениеттің одан әрі жай жалғасуы емес, бұл цивилизация дамуының жаңа белгсі, жаңа биігі болып табылады. Дамудың жаңа сатысын қалыптастыру үшін қазіргі мәдениет бірден-бір алғышарт бола ма? Деген сұррақ туындайды. Бұл үшін табиғатқа деген бұрынғы көзқарасты қайта қарай керек болар. Адамның табиғатқа үстемдік ету идеясынан бас тарту болары сөзсіз. Академик В.Степин цивилизацияны жеке сөз етпей, бүгінгі жағдайда оны дамудың фармациялық жолдарымен қатар алып сөз етеді. Цивилизацияның жетістіктері мен кемшіліктерін қоса көрсетіп, бүгінгі посиндустриялық кезеңде өркениеттік дамудың жаңа белесіне көтерілуді қажет деп отыр. Бұл жаңа цивилизация болмақ, атақты философтың тұырымы бойынша, жаңа заман құндылықтарының жаңа үлгісін дүниеге әкеліп, өркениеттік жаңа кезеңге аяқ басудың алдында отыр.
Қазіргі цивилизацяны ұшқыр уақыттың өзіне шаң қаптырған өнеркәсіптің шарықтап дамуы, ғылыми-технологиялық прогресс, шойын табанынан шоқ шашыраған жүрдек пойыздар, құс қанаты жетпейтін құрлықаралық ұшақтар, ғарыштық технологиялар, орасан үлкен метропольді қалалар мен зәулім ғимараттар, ғаламат су бөгеттері, алып зауыт-фабрикалар, атомдық станциялар, т.б. деп түсінетіндер де баршылық. Ал, осындай материалдық игіліктерге қол жеткізген елдері өркениет өркешіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі цивилизацияның мәселелері. биологиялық және ландшафттық әралуандық
Қызылорда қаласының табиғи – экологиялық жағдайлары
Өлкетану жұмыстарының мақсаттары
Ландшафттық типологиялық карталарды құрастыру мен ауыл шаруашылық жерлердің территориясын ұйымдастыру
ГЕОЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА ПӘНІ БОЙЫНША ИНТЕРНЕТ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Сырдарья өзенінің алабының табиғи жүйесінің табиғи және табиғи-техникалық жағдайын жан-жақты бағала
Агроландшафттық жүйесінің экологиялық жағдайын бағалау
Ландшафттық дизайнның мәні және қазіргі кездегі маңызы
Қала саябақтары
Қазақстан Республикасындағы ормандар. Орман экономикалық ресурсы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz