Карталардың класификациялары



Кіріспе
.Карта туралы жалпы түсінік
.Карталардың жіктелуі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жер бетін зерттеуде адамзат баласы әрқашан үлкен назарын аударған. Территорияны зерттеу кезінде картасыз жұмыс өтпейді. Картаны тіпті ең жақсы жасалған территория сипаттамасы да ауыстыра алмайды. Картасыз қала құрылыстарын, жолдарды, каналдарды жобалау, елдің шаруашылық дамуын жүргізе алмаймыз. Картографиялық оқытуынсыз жаңа жерлерді және табиғи байлықтарды игеруге, табиғатты қорғау және ресурстарды рационалды қолдану, ғарышты және Әлемдік мұхитты игеруге болмайтынын айтуымыз жөн. Карта біздің өмірімізге етене енді: біз карталарды күнделікті газеттерде, журналдарда, телебағдарламаларда, мысалы ауа райын сипаттағанда, спорттық шараларда, халықаралық жағдайларда да көреміз. Электронды және цифрлық карталар, атластар, топографиялық пландар, картографиялық анимациялар, және т.б. геологтар, экологтар, геоморфологтар және т.б көптеген мамандар өз салаларында белсенді қолданады. Ал оқыту үрдісінде карталар көптеген маңызға ие: - карта географияда ең алдымен көрнекілік құралы ретінде қолдануда; - кеңістіктегі құбылыстардың орналасуын нақты бейнелеуде; - карта шартты белгілердің тек орналасуын ғана емес, сонымен қатар суреттердің сипаттамасын, олардың жағдайын ғана емес, қоз,алысы, дамуы мен өзгерісін бейнелеуде үлкен маңызға ие; - карта географияны оқыту үрдісінде маңызды психолого- педагогикалық рөл атқарады, яғни білімдерін реттеуде, білімді меңгеруде және есте сақтауда жеңілдетеді.
1. К.А. Салищев. Картоведение: уч. 3-е изд. М.: Изд-во МГУ, 1990 – 400 с.
2. Л.А. Вахромеева. Картография. М.: Недра, 1981.
3. К.А. Салищев. Картография: Учеб. для географических спе- циальностей ун-тов. – М.: Высш. шк., 1982. – 272 с.
4. Берлянт A.M. Картография: Учебник для вузов. – М.: Аспект Пресс, 2002. – 336 с.
5. Комиссарова Т.С. Картография с основами топографии. Учеб. для студентов высш. пед. учеб. заведений, обучающихся по географическим и естественно-научным спец. / Т.С. Комиссарова. – М.: Просвещение, 2001. – 181 с.
6. Лабораторный практикум по картографии с основами топографии [Электронный ресурс]: учеб. пособие для студ. вузов гегр. спец. / Курдин С.И. – Минск: Экоперспктива, 2003. – 208 с.
7. Топография с основами геодезии: Учеб. для студентов геог- рафических спец. ун-тов / А.П. Божок, К.И. Дрич, СА. Евти-феев и др. / Под ред. А.С. Харченко и А.П. Божок. – М.: Высш. шк., 1986. – 304 с.
8. Южанинов B.C. Картография с основами топографии. Учеб. пособие. – М: Высш. шк., 2001. – 302 с.
9. Левицкий И.Ю., Евглевская Я.В. Решение задач по географическим картам. – М.: Просвещение, 1996. – 159 с.
10. Берлянт A.M. Образ пространства: Карта и информация. – М.: Мысль, 1986. – 240 с.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ.

СӨЖ

Тақырыбы: Карталардың класификациялары

Орындаған: Хуантай А.Ж
Тексерген:Аубакирова С.М

Семей 2015 жыл
Жоспар
Кіріспе
-Карта туралы жалпы түсінік
-Карталардың жіктелуі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Жер бетін зерттеуде адамзат баласы әрқашан үлкен назарын аударған. Территорияны зерттеу кезінде картасыз жұмыс өтпейді. Картаны тіпті ең жақсы жасалған территория сипаттамасы да ауыстыра алмайды. Картасыз қала құрылыстарын, жолдарды, каналдарды жобалау, елдің шаруашылық дамуын жүргізе алмаймыз. Картографиялық оқытуынсыз жаңа жерлерді және табиғи байлықтарды игеруге, табиғатты қорғау және ресурстарды рационалды қолдану, ғарышты және Әлемдік мұхитты игеруге болмайтынын айтуымыз жөн. Карта біздің өмірімізге етене енді: біз карталарды күнделікті газеттерде, журналдарда, телебағдарламаларда, мысалы ауа райын сипаттағанда, спорттық шараларда, халықаралық жағдайларда да көреміз. Электронды және цифрлық карталар, атластар, топографиялық пландар, картографиялық анимациялар, және т.б. геологтар, экологтар, геоморфологтар және т.б көптеген мамандар өз салаларында белсенді қолданады. Ал оқыту үрдісінде карталар көптеген маңызға ие: - карта географияда ең алдымен көрнекілік құралы ретінде қолдануда; - кеңістіктегі құбылыстардың орналасуын нақты бейнелеуде; - карта шартты белгілердің тек орналасуын ғана емес, сонымен қатар суреттердің сипаттамасын, олардың жағдайын ғана емес, қоз,алысы, дамуы мен өзгерісін бейнелеуде үлкен маңызға ие; - карта географияны оқыту үрдісінде маңызды психолого- педагогикалық рөл атқарады, яғни білімдерін реттеуде, білімді меңгеруде және есте сақтауда жеңілдетеді.

Карта (немісше Karte - түпнұсқа; грекше chartes - жазуға пайдаланылатын папирус парағы) - Жер бетінің,жұлдызды аспанның немесе оның бөліктерінің картографиялық проекцияларды пайдалана отырып, шартты белгілер арқылы жасалған кішірейтілген бейнесі (үлгісі). Картадан өзен арнасының, топырақ жамылғысының, жыралардың өзгеруін, батпақтанудың, елді мекендер мен жолдардың сипатын, т.б. анықтауға болады. Масштаб бойынша нысандардың өзара орналасуы мен байланысын, саралық және сандық сипаттарын анықтайды. Картаның өндіріс пеншаруашылықта, ғылым мен елдің қорғанысында маңызы зор. Сонымен бірге іздестіру жүргізуде, жоспарлауда, әр түрліқұрылыс ғимараттарын жобалауда кеңінен қолданылады; [[1]]
Карта -- Жер шарының бетін немесе оның бөліктерін белгілі бір картографиялық проекцияда жазықтыққа кішірейтіп және жинақтап бейнелеу. Қолданылу мақсатына қарай керекті мәліметтер көрсетіледі.
Карта: аумақты қамтуына (дүниежүз., құрлықтық, жеке елдер, т.б.)
мазмұнына (жалпы геогр. және тақырыптық, т.б.)
масштабына (ірі масштабты - 1:200 000 және одан ірі, орта масштабты- 1:200 000-нан 1:1000 000-ға дейін және кіші масштабты - 1:1000 000-нан кіші), т.б. белгілеріне қарай бөледі. Географиялық Картаны жасаудың ерекше математикалық заңы болады. Оны картографиялық проекция деп атайды. Картаның көмегімен жер бетіндегі объектілердің орны, пландағы мөлшері және пішіні туралы дәл деректер алуға болады. Картографиялық белгілерді картаның ерекше тілі ретінде пайдаланады. Географиялық Картада көрсетілген құбылыстарды іріктеудің және қорытындылаудың, яғни картогр. генерализациялаудың зор маңызы бар. Географиялық Карта планетамыздың және оның бөліктері - құрлықтар мен мұхиттар, олардың географиялық жағдайы, табиғат байлықтары, халқы, экономикасы, мәдениеті мен тарихи дамуы туралы жаңа деректерді алуда, таратуда, сақтауда аса бағалы құрал болып табылады.
Географиялық Карта -- Жер бетінің кішірейтіліп, жинақы түрде жазықтықта шартты белгілермен бейнеленуі.[[1]]
Бұлайша көрсетілген Географиялық Карта Жердің географилялық қабығындағы табиғат және қоғамдағы әлеум.-экон. құбылыстардың арасындағы әр түрлі жағдайдағы байланыстардың бір-бірімен ұштасуы мен олардың қандай мақсатқа арналатыны ескеріліп, осы тұрғыдан іріктелініп алынғанын көрсетеді. Географиялық Карта Жердің геогр. қабығының кеңістіктегі ерекше модельдік бейнесі ретінде көруге болады. Картаны аумақты қамтуына (дүниежүз., құрлықтық, жеке елдер, т.б.), мазмұнына (жалпы геогр. және тақырыптық, т.б.), масштабына (ірі масштабты -- 1:200 000 және одан ірі, орта масштабты -- 1:200 000-нан 1:1000 000-ға дейін және кіші масштабты -- 1:1000 000-нан кіші), т.б. белгілеріне қарай бөледі. Географиялық Картаны жасаудың ерекше матем. заңы болады. Оны картогр. проекция деп атайды. Картаның көмегімен жер бетіндегі объектілердің орны, пландағы мөлшері және пішіні туралы дәл деректер алуға болады. Картогр. белгілерді картаның ерекше тілі ретінде пайдаланады. Географиялық Картада көрсетілген құбылыстарды іріктеудің және қорытындылаудың, яғни картогр. генерализациялаудың зор маңызы бар. Географиялық Картаның құндылығы -- олардың толықтығында, дәлдігінде, пайдаланылған деректердің жаңалығында, сонымен қатар, Географиялық Картаны жасаудың негізіне алынған ғылыми принциптер мен идеяларда. Географиялық Карта планетамыздың және оның бөліктері -- құрлықтар мен мұхиттар, олардың географиялық жағдайы, табиғат байлықтары, халқы, экономикасы, мәдениеті мен тарихи дамуы туралы жаңа деректерді алуда, таратуда, сақтауда аса бағалы құрал болып табылады.
* Бірінші, картографиялық проекциялардың көмегімен карта жасау жер бетіндегі объектілердің орны, пландағы мөлшері және пішіні туралы дәл деректер алуға мүмкіндік береді.
* Екінші, картографиялық белгілерді картаның ерекше тілі ретінде пайдалану:
а) жер бетінің бір бөлігін, немесе оны түгел қамту үшін қажетті масштабта кішірейтіп алуға мүмкіндік береді және картада алынған масштабта кішірейтіп көрсетуге келмейтін, ал өзінің маңызы жағынан қалдырып кетуге болмайтын объектілерді көрсетуге жағдай жасайды;
ә) картада жер бедерін көрсетуді, яғни белгілі бір жердің ойлы-қырлы екендігін кескіндеуді жеңілдетеді;
б) Географиялық картада заттардың сыртқы бейнесімен қатар, олардың ішкі қасиеттерін де (мысалы, теңіз картасында судың физико-химиялық қасиеттерін, ағыстарды т.б.) көрсету оңайға түседі;
в) адамның сезім мүшелері қабылдай алмайтын құбылыстардың (магнит бұрылысы, ауырлық күшінің аномалиясы т.б.) таралуын, тікелей көруге қиын байланыстар мен қатынастарды (шикізат көзі мен оны өңдейтін кәсіпорындардың арасындағы) көрнекі түрде көрсетуге болады;
г) жеке объектілердің ұсақ-түйек жақтарын алып тастап, бәріне ортақ және ең маңызды белгілерін (елді мекендерді халқының саны мен әкімшілік маңызы жағынан сипаттау) көрсетуді оңайлатады, яғни абстракция әдісін қолдануға мүмкіндік береді.
* Үшіншіден, географиялық картада көрсетілетін құбылыстарды іріктеудің және қорытындылаудың, яғни картографиялық генерализациялаудың зор маңызы бар. Географиялық карта адамның тіршілік әрекетінің барлық саласында пайдаланылады. Ол - жол көрсеткіш, өнеркәсіп, энергетика, транспорт құрылыстарын барлау-іздеу, жобалау және инженерлік жобаны нақты іске асырудың негізі. Ауыл шаруашылығын жерге орналастыру, мелиорация және барлық жер қорын есепке алып, оны тиімді пайдалану ісіне керек. Халыққа білім беруде, дүние туралы білімді таратуда, жалпы мәдениетті көрсетуде өте маңызды көрнекі құрал. Территорияныңкартографиялық жағынан зерттелуі әскери іс үшін де маңызды. Соц. құрылыс жағдайында жалық шаруашылығын көптеген міндеттерін - географиялық жағдайларды дұрыс бағалау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қалпына келтіру және табиғатты өзгертудің жоспарларын жасау, өндіргіш күштерді дұрыс орналастыру, экономикалық аудандарды комплексті дамыту т.б. - географиялық картаның өте сапалы болуын керек етеді. Географиялық карта ғылыми-зерттеу құралы болып табылады. Мысалы, геологиялық карта белгілі бір жердің геология құрылысын көрсетумен қатар, қазбалардың таралу заңдылығын анықтауға мүмкіндік береді. Ол - құбылыстардың кеңістегі өзара байланысы мен дамуын зерттеуде және болжауда да аса қажетті құрал.

Физикалық карта
Картаның тақырыбы мен мақсатына қарай картографиялық кескіндеу бірқатар географиялық элементтерден тұрады. Мысалы, бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Карталардың классификациялары
Қоршаған ортаның мониторингі. Қоршаған ортаның жағдайын бақылау үшін экологиялық мониторингті ұйымдастырудың негізгі жолдары
Зиянды өндірістік факторлар,олардың жұмысшыларға және қоршаған ортаға әсері жарықтандырудың адамның еңбек қабілетілігіне әсері туралы ақпарат
«Картография мен топография негіздері» пәніне арналған жинақ
Франция Республикасының қабырғалық физикалық картасын құрастыру және жобалау
Картаның номенклатурасы жайлы ақпарат
Пластикалық карта
Географиялық карталарды топтастыру
Тақырыптық карталардың мазмұнының элементтері
Топографиялық карталар және олардың қасиеттері
Пәндер