Сұрыптау есептері. Сұрыптау алгоритмі



1. Сұрыптау алгоритмі.
1.1. Алгоритм деген не
1.2. Сұрыптау алгоритмі, түрлері.
2. Сұрыптау есептері, мысалдары.
Алгоритм(ағылшынша: algorіthm, algorіsmus — Әл-Хорезмидің атынан шыққан) — бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.) тәсілдерінің дәл сипаттамасы. Алгоритм — математика мен кибернетиканың негізгі ұғымдарының бірі. Агоритмді орындау алгоритмдік процесс деп аталады.
Жалпы Алгоритм деп алдын ала не істеу керек екені дәл көрсетілген есептеу процесін айтады. Есептеу процесі қандай болса да алғашқы мәндерден бастап, сол арқылы толық анықталған қорытынды шыққанша жүргізіледі. Алгоритм ұғымының алғышартына алгоритмдік процеспен қатар мүмкін болатын алғашқы деректер жиынтығының нұсқауы және қорытынды алуға байланысты жүргізілген процестің аяқталғандығын көрсететін ереже енеді. Белгілі бір бастапқы деректердің жиынына қолданылған Алгоритм тиянақты қорытындыға келмеуі немесе есептеу барысы аяқталмай тоқталуы мүмкін. Егер есептеу процесі белгілі бір қорытынды алумен аяқталса (не аяқталмай қалса), онда Алгоритм мүмкін болатын бастапқы деректерге қолданылады (не қолдануғаболмайды) деп ұйғарылады.
Алгоритм — қазіргіматематикада, оның ішінде электронды есептеуіш машинада қолданылатын негізгі ұғымдардың бірі. Белгілі бір теңдеу түбірінің жуық мәнін кез келген дәлдікпен табу оған арналған Алгоритммен есептеледі. Компьютердің кең қолданылуына байланысты Алгоритм жаңа мағынаға ие болды. Берілген есепті шешу барысында орындаушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау керектігін түсінікті әрі дәл көрсететін нұсқау да Алгоритм деп аталады. Алогритмді орындаушы — адам, ЭЕМ немесе робот. Әрбір нұсқау — бұйрық. Ал орындаушының жүзеге асыра алатын бұйрықтар жиыны бұйрықтар жүйесі деп аталады.
1. Могилев А.В., Пак Н.И., Хеннер Е.К. Информатика: Учебное пособие для студентов пед. Вузов.-М., 1999.- 816 с.
2. Вирт Н. Алгоритмы + структуры данных = программа./Н.Вирт. – М.: Мир, 1985.
3. Вирт Н. Алгоритмы и структуры данных./ Н.Вирт. – М.: Мир, 1989. – 360 с.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Сұрыптау есептері. Сұрыптау алгоритмі.

Орындаған: Сапенова Ш.
Тобы: Т-341
Тексерген:Болсынбекова Ш.Ж.

Семей қаласы,
2015 жыл.
Жоспар:
Сұрыптау алгоритмі.
Алгоритм деген не
Сұрыптау алгоритмі, түрлері.
Сұрыптау есептері, мысалдары.

Алгоритм (ағылшынша: algorіthm, algorіsmus -- Әл-Хорезмидің атынан шыққан) -- бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.) тәсілдерінің дәл сипаттамасы. Алгоритм -- математика мен кибернетиканың негізгі ұғымдарының бірі. Агоритмді орындау алгоритмдік процесс деп аталады.
Жалпы Алгоритм деп алдын ала не істеу керек екені дәл көрсетілген есептеу процесін айтады. Есептеу процесі қандай болса да алғашқы мәндерден бастап, сол арқылы толық анықталған қорытынды шыққанша жүргізіледі. Алгоритм ұғымының алғышартына алгоритмдік процеспен қатар мүмкін болатын алғашқы деректер жиынтығының нұсқауы және қорытынды алуға байланысты жүргізілген процестің аяқталғандығын көрсететін ереже енеді. Белгілі бір бастапқы деректердің жиынына қолданылған Алгоритм тиянақты қорытындыға келмеуі немесе есептеу барысы аяқталмай тоқталуы мүмкін. Егер есептеу процесі белгілі бір қорытынды алумен аяқталса (не аяқталмай қалса), онда Алгоритм мүмкін болатын бастапқы деректерге қолданылады (не қолдануға болмайды) деп ұйғарылады.
Алгоритм -- қазіргі математикада, оның ішінде электронды есептеуіш машинада қолданылатын негізгі ұғымдардың бірі. Белгілі бір теңдеу түбірінің жуық мәнін кез келген дәлдікпен табу оған арналған Алгоритммен есептеледі. Компьютердің кең қолданылуына байланысты Алгоритм жаңа мағынаға ие болды. Берілген есепті шешу барысында орындаушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау керектігін түсінікті әрі дәл көрсететін нұсқау да Алгоритм деп аталады. Алогритмді орындаушы -- адам, ЭЕМ немесе робот. Әрбір нұсқау -- бұйрық. Ал орындаушының жүзеге асыра алатын бұйрықтар жиыны бұйрықтар жүйесі деп аталады. Мысалы, у = (ax + b) (cx - d) функциясын есептеу ЭЕМ-да мынадай әрекеттерден құралады:
а-ны x-ке көбейту R1 деп,
оған b-ны қосу нәтижесі R2 деп,
с-ны х-ке көбейту R3 деп,
сх-тан d-ны алу R4 деп,
R2-ні R4-ке көбейту у деп белгіленеді.
Алгоритмнің бұйрықтары бірінен кейін бірі кезекпен орындалады. Бағдарлама Алгоритм тілінде жазу, бейнелеу мағынасын береді. Компьютерде Алгоритмнің сызықты, тармақты, циклді, логикалық, модельдік, параллельдік, тізбекті т.б. түрлері қолданылады.

Алгоритмдерді әдетте сандық (есептеу) және сандық емес (есептеусіз) деп бөледі. Сандық алгоритмдер сандармен математикалық есептеулер жүргізуге арналған, ал сандық емес алгоритмдер әртүрлі құрылымданған мәліметтермен жұмыс істейді. Ең маңызды есептеусіз алгоритмдердің бірі болып сұрыптау және іздеу табылады. Объектілердің берілген тізбегін қандай да бір анықталған ретпен қайта топтастыратын үрдісті сұрыптау деп атайды.
Сұрыптау (Селекция; selection; Сортировка; sorting) - массив элементтерін белгілі бір заңдылықпен орындарын ауыстырып реттеу процесін айтамыз. Мысалы, сандар массивін өсуі, кемуі бойынша сұрыптау, жолдар массивін алфавит бойынша сұрыптау және тағы басқа.
Сұрыптау барлық программалау саласында қолданылады. Сұрыптау бұл ақпараттық объектілердің мәндерін өсу немемсе кему бойынша реттелуін іске асыратын процесс. Мысалы, егер i= i=... = i болса, онда n - элементтеріндегі i тізімдері өсу бойынша сұрыпталады. Сұрыптау алгоритмнің екі түрі бар: операциялық жадыда немесе дискідегі файл түрінде орналастырылған массивтердің сұрыпталуы және магниттік ленталардағы немесе дисктерде орналасқан кезекті файлдардың сұрыпталуы.
Массивтерді және кезекті файлдарды сұрыптаудың негізгі ерекшелігі - массивтің әрбір элементі әр уақытта жеңіл беріледі. Ол әр уақытта массивтің кез келген элементі басқа бір массивтің элементімен салыстырылады да, массивтің кез келге екі элементтері орындарымен ауыстырылуы мүмкін. Ал кезекті файлда әрбір уақытта тек қана бір элемент беріледі. Осындай айырмашылықтардан сұрыптаудың тәсілдерінде бір-бірінен үлкен өзгерістері бар.
Кестелермен жұмыс істегенде оның негізгі операциялары - ол жазбаларды реттеу және берілген шарт бойынша жазба кестелерінде барлау жасау.
Сұрыптау - бұл кейбір критерийлері бойынша жазбаны кестелерде нақты бір тәртіппен реттеуоперациясы. Сұрыптау барлық жазбалар кілттерінің мәндерімен сәйкес іске асады (мыс., алфавит бойынша аттарын реттеу немесе сандарды өсу бойынша реттеу). Сұрыптаудың көптеген бір-бірінен айрықша тәсілдері бар. Егер де кесте бүтіндей ЭЕМ-нің жедел жадында орналасса, онда оның реттелуі ішкі деп аталады. Ал егер де реттелген мәліметтерді сақтау үшін сыртқы есте сақтау құрылғысы пайдаланса, онда бұндай реттелу сыртқы деп аталады. Операцияларды салыстырудың орташа саны, сұрыптаудың тәсілінен байланысты, және де рационалды тәсілді таңдаған кезде кейбіреулері минимумға жетеді. Ішкі сұрыптау тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:
Резервтік жадыны қажет ететін тәсілдер
Резервтік жадыны қажет етпейтін тәсілдер
Бірінші топқа таңдау, енгізу, көпіршік (пузырька), Шелл тәсілдері жатса, екінші топқа квадраттық таңдау, қосылу тәсілі және т.б жатады. Қарапайым сұрыптау тәсілдері (таңдау, енгізу, ауыстыру) шамамен n**2 салыстыруынталап етеді. Әдетте одан да қиынырақ алгоритмдер орташа n*log2(n) салыстыруларында нәтиженің берілуін қамтамасыз етеді. Бірақ та кез келген жағдайларда қолайлы сұрыптау жоқ, себебі олардың тиімділігі кестедегі кілттердің түріне және олардың алдын ала реттелуіне байланысты.
Сұрыптаудың мақсаты - сұрыпталған тізбекте қажетті элементтерді іздестіруді жеңілдету.
Ішкі сұрыптаулар алгоритмдері - бұл ішкі жадтағы мәліметтерді сұрыптау алгоритмдері, бұл жағдайда қолайлы құрылым - массив. Массивтерді сұрыптау алгоритмдеріне қойылатын басты талап - жадтың экономды пайдаланылуы. Элементтерді in situ (яғни элементтерді қайта топтастыруды жадтың сол жерінде жүргізеді) сұрыптайтын қарапайым сұрыптау алгоритмдері бар: кірулермен сұрыптау, таңдаумен сұрыптау, алмасумен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика пәнінен лекциялық сабақтардың тезистері
Сұрыптау есептері. Сұрыптау алгоритмдері
Массивтерді сұрыптаудың қарапайым алгоритмдері
Сұрыптау есептері
Сұрыптау есептері, сұрыптау алгоритмдері туралы ақпарат
Сұрыптау есептері. қою арқылы сұраптау
Сұрыптау есептері. Таңдау арқылы сұрыптау
Сұрыптау есептері, қою арқылы сұрыптау
Delphi бағдарламасындағы массивтер
Қолданбалы есептерге параллельді алгоритмдерді қолдану
Пәндер