Омбыдағы білім ордаларындағы қазақ жастары


Мазмұны
Кiрiспе
Тарау-I. Омбы қаласы - дала генерал-губернаторлығының 1882-1917жж
әкiмшiлiк- саяси орталығы
Тарау-ІІ. Омбы қаласының қазақ қоғамының экономикалық өмiрiне әсер етуi және Сiбiр темiр жолының ролi (1891-1917жж. )
Тарау- IIІ. Омбыдағы білім ордаларындағы қазақ жастары.
Тарау ІУ. Омбы ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың алғы
ширегіндегі қазақ интелиигенциясының қалыптасуы мен
саяси-рухани орталығы.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Кiрiспе
Тақырыптың өзектілігі. Туған республикамыздың тәуелсіздік алуы қоғамдық өмірде үлкен өзгерістерге жол ашты. Тарихымыздың тармағы сан алуан екені белгілі.
ХIХ ғасырдың ортасынан бастап Қазақстан Ресей өнеркәсіп орындары үшін өнім өткізетін рынок және бай шикізат көзіне айналғаны мәлім. Капиталистік қатынастардың пайда болуына және дамуына алғышарттар жасалып, алғашқы өнеркәсіп орындары да ашыла бастады. Ауылдағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың өзгеруі, Ресейдің ішкі аудандарындағы таптық қайшылықтардың шиеленсуі және жердің жетіспеушілігінің салдарынан малшы-шаруалар біртіндеп отырықшылыққа көшіп, жер өңдеумен айналысады.
Қоныс аударушылар Ресейдің еуропалық бөлігінен ғана емес, сондай-ақ басқа облыстардан да келді. Өйткені қазақ даласы ұлан-ғайыр кеңдігімен, кең-байтақ жердің егін шаруашылығына да жарамдылығымен қызықтырды. Мәселен: 1900 жылғы халық санағы бойынша, тек Қазақстанның бес облысынада (Ақмола, Орал, Торғай, Жетісу, Семей) 3463598 адам өмір сүрсе, оның 247 мыңы еуропалық Ресейден, 42119-ы Сібірден, 235 мыңы Орта Азиядан, 1191-і Польшадан, 1672-сі Қапқазадан және 3557 адам басқа жерлерден қоныс аударған еді. [1]
Патша өкіметі Қазақстанның кең даласынадағы байлық көзін өзінің шикізат қоймасына, елді өндіріс тауарларын сататын сауда аймағына айналдырды. Су тегінге мал, жүн, тері сатып алып, өте қымбат бағаға өндіріс тауарларын сатып, жергілікті халықты аяусыз қанайды. Жерден қысымшылықтың болуы, яғни жайылымдық жерлердің азаюы шаруашылықтың негізгі көзі болып отырған мал шаруашылығының дамуына өте қолайсыз жағдай туғызды.
Революцияға дейiнгi дәуірдегі қазақ орталықтарының бірі Омбы қаласының тарихы ХIХ ғасырдың II жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан қалалар тарихының ең бір маңызды бөліктерінің бірі болып табылады. Себебі, тәуелсіз Қазақстан жағдайында Омбы қаласының тарихы жөнінде көптеген сауалдар мен жан-жақты зерттеу маңызды да қажетте. Сондықтан да зерттеу жұмысының өзектілігін екі аспектіде қарастырумызға болады: біріншіден - патша өкіметінің отарлау саясатының қала тарихындағы маңызы, екіншіден ұлттық қазақ зиялыларының қалыптасуының орталығы ретінде.
Омбы қаласы, қазақ даласы мен Батыс Сiбiр жазығымен шекаралас орналасқан, Дала генерал-губернаторлығының әкiмшiлiк орталығы болып белгiленген, осы жерде көптеген оқу орындар орналасқан, мұнда қазақ жастары бiлiм алған. Орынбор және Ташкент қалаларымен қатар Омбы қаласыда ұлттық интелигенцияның қалыптасуы мен қоғамдық қызметпен айналысқан қазақ элитасының жиналған ордасы ретінде танылады.
Омбыда өз ағартушылық қызметін бастаған Шоқан Уәлиханов, Әлихан Бөкейханов, Мағжан Жұмабаев, Мiржақып Дулатов, Айдархан Тұрлыбаев, Мұсылманбек Сейтов, Мыржақып Дулатов болса, ал Омбы оқу орындарында: Смағұл Садуақасов, Сәкен Сейфуллин, Асылбек Сейiтов, Мұхтар Саматов, Мұқан Айтпенов, Аспандияр Шорманов тағы да басқа қазақтың зиялы интеллигенттерi білім алған. Сондықтан да жастар ұйымының яғни «Бiрлiктің» құрылуымен қала аты байланысты, оған көптеген дарынды жастар кiрдi, олардың терең iшкi мақсаттары өз халқының жағдайын жақсарту едi, сол үшiн тынбай еңбек еттi.
Омбы қаласы «Үш жүз» партиясының құрылған жерi екендігімен де белгілі ол жөнінде - Омбы кеңес депутататарының органы болған «Революционная мысль» газеті: «Қазақ соцалистік партиясы «Үш жүз» құрылды, ол өзінің орталық комитетін сайлады, тұрағы Омбы қаласы» - деп жазды. [2]
Омбы қаласы Батыс Сiбiрдегi ең iрi әскери қамал, Сібір бөлімінің казак әскерiнiң әкiмшiлiк орталығы, Батыс-Сiбiр генерал-губернаторлығының орталығы ретiнде, одан кейiн, Дала генерал-губернаторлығы болған Дала өлкесiндегi саяси-әкiмшiлiк орталығы ретінде белгілі. Сібір темір жол құрылысының салынуы қаланың саяси-экономикалық маңызын одан әрі арттыра түсті. Міне осы жерден қазақ халқының тағдырын ондаған жылдар алдын-ала болжаған жарлықтар мен циркуляциялар, бұйырықтар шығарылды. «Сiбiр қазақтарының жарғысының» авторы М. Сперанский осы жерде көп уақыт тұрды.
Тақырыптың деректік негізі. Омбы қаласын зерттеудің тарихнамалық ертеден келе жатқан дәстүрi бар. Оларды революциядан бұрынғы, кеңестік және тәуелсіз Қазақстанның тарихнамасы ретінде қарастыруға болады.
Революцияға дейiнгi кезеңде Омбы тарихын зерттеуде, ең алдымен, орыс ғалымдары және қоғам қайраткерлерiнiң еңбектерін атауымызға болады. Мәселен: алғашқы зерттеушілердің бірі Ресей академиясының ғалымы Г. Ф. Миллер өзінің «Истории Сибири» деген еңбегін Омбы қаласының құрылғанына 18 жыл толуына арнаған болса Камчатка экспедициясының мүшесі Витус Беринг қаланы аралап - «В бытность мою там, в 1734 году крепость была четрехугольная и только палисадом обнесенная, из которых кажлдая содержала в дилине по сто сажень, назвали ее по сея положению Омской крепостью» - деп жазды. [3]
Омбы туралы маңызды мағұламтты Петербург ғылымдар Академиясының мүшесi - немiс географы және саяхатшысы П. С. Паллас зерттеулерінен танысамыз. Ол 1768-1774 жж. бірқатар Ресей облыстарының экспедициясын басқарды, соның нәтижесiнде өзінің «Путешествие по разным местам Российского государства по велению Санкт-Петербургской императорской Академии наук» атты еңбегін толықтырып, 1771ж. ғалым өзiнiң Омбы қамалы туралы көзқарасын еңбегiнiң екiншi бөлiмiне енгiздi. Мұнда Омбы қамалының оранласқан географиялық орны мен қала-қамалдың жаңа әскери архитектуралық бағытты дұрыс қаланғандығы айтылады.
Швед дәрігері П. С. Паллас экспедициясының мүшесі Иоганн Петер Фальктың ғылыми қызметіндегі Омбы туралы мәліметін жеткізбеске болмайды, ол өз жазбаларында Омбы қамалы мен жақын маңдағы көшпелі қазақ халықтарының сауда қатынастарын, орыс-қазақ қатынастарын жеткізеді. Оның бұл еңбегін кейін толықтырып И. Георги өзінің «Записки академика Фалька» деген еңбегін шығарады.
Капитан П. П. Рычковтың зерттеуiн бағалау керек, ол осы өлкені аралап, қазақ дәстүрiн, қазақ-қалмақ арасындағы өзара қарым-қатынасын бейнелеген. Ол қазақ ұрпақтарын бабалар рухына табынатын айта келе, былай деп жазды - «искатели сокровищ суть русские люди, живущие в Сибири, которые собираются большими артелями, ходят в степь для соискания богатсва, погребнного в могилах древних народов. Киргизцы же, напротив, почитают за крайнее беззаконие искать сокровище в прахе умерших людей». [4]
Капитан И. Г. Андреевтiң зерттеулерi де маңызды, өзiнiң 5 жыл (1785-1790 ж. ) Ресей мен қазақ даласының арасындағы шекараның құрылуы мен нығаюын, қазақтардың өмірімен әдет-ғұрыпын, салт дәстүрін бақылаған оның еңбектерi аз ғана тиражбен жарық көрді. Бұл еңбекте Омбы қамалы туралы үзiндi берiлген. Ол былай деп жазды: «Омбы қамалы Ертiс өзенiнiң оң жағында сағасында, Ом өзенiне құяр жерiнде жатыр» - дей келе «Ресей байлығының көбеюі жаңа территориялармен» қосылумен екендігі айтылады[5] .
Этнограф П. И. Небольсиннiң еңбегiне назар аударсақ, алдыңғы зерттеу секiлдi, қазақ даласына саяхат шекен ол, Ресейдiң Орта Азия мен Қазақстан арасындағы сауда қатынасын, Сiбiрдi зерттеген.
Үш ғасыр бойы өмiр сүріп келе жатқан шағын ғана қала Омбы, «ақ» Ресейдiң астанасы болған. Омбы Ертiс бойына халықты қоныстандыруда, Сiбiр шекарасын құруда, мемлекеттiк шекара қорғауда, қазақ-орыс қатынасын дамытуда үлкен рөл атқарған.
Белгiлi қазақ ғалымы Ш. Ш. Уәлихановтың ғылыми зерттеулерi де маңызды. Омбыға барып, Уәлиханов даладағы жергілікті басқару ісін қайта ұйымдастыру жөніндегі шараларға тікелей қатысты және бірқатар практикалық ескертпелер мен ұсыныстар енгізді. Оның негізгі ойлары өкімет орындарына берілген бірқатар жазбаларында баяндалған, олардың қатарында «Қырдағы мұсылманшылық туралы», «Қырғыздардың көші қоны туралы», «Сот реформасы туралы жазба» т. б. еңбектері бар. Ш. Ш. Уәлихановтың ең жақын досы белгілі ғалым, географ және Сiбiр мен Орталық Азияның этнографиясын зерттеуші Г. Н. Потанин Сiбiр қалалары туралы көптеген мәлiметтер береді, сонымен қатар өзi 1856- 1964 жылдар аралығында өзі үзіліспен өмір сүрген қаласы Омбы туралы көптеген мәлімет қалдырған. [6]
ХIХ және ХХ ғ. ғ. Омбы қаласының тарихы жөнінен, яғни қазақ даласының әкімшілік-саяси және экономикалық орталығы ретiнде баяндаған И. И. Завалишин, И. П. Лаптевтiң, Н. В. Турчановтың, А. Митаревтiң, П. А. Словцовтың және т. б. еңбектерiн атаумызға болады.
Сібір қалаларының ірі орталықтарының бірі ретінде, бұл өлкенің игеріле бастауына байланысты мәселен: кейбір монографиялық жинақтарда орыс офицерлерінің, әкімшілік қызметкерлердің, халықтардың тарихы мен этнографиясымен қызғушылардың, Сібірге қоныстанушылардың және Қазақстан территориясына жақындаушылардың көптеген еңбектер де шыға бастады. Солардың бірі 1869ж Сібір әскери округінің штаб бастығы (инфантерия) әскери генерал И. Ф. Бабаков, «Сибирь» газетінің алғашқы редакторы тарихшы - публицист В. И. Вагин, атақты географ және қоғам қайраткері, екі рет 1856 және 1857 жылдары өз саяхатында Омбыға сапар шеккен П. П. Семенов-Тянь-Шаньский еңбектерін айтуымызға болады. Мұның басшылығымен дайындалған «Ресей. Отанның толық географиялық сипаттамасы» деген еңбектің «Қырғыз өлкесі», «Түркістан өлкесі» атты екі томы Қазақстан мен Орта Азияға арналған. Саяхатшы ғалым Верный, Семей және басқа да Қазақстан қоныстарында болып, өлке туралы ұлы саяхатшының сипаттамасы мен тарихи шолуында қазақ халқының тарихын, материалдық мәдениетін мен тұрмыс- салтын, өмірін зерттеді. Қазақстанды игеру қажеттігі және қазақ-орыс қатынастарының тереңдеуі өлкені зерттеу барысына да әсер етті.
Сібір өлкесінің, соның ішінде Омбы қаласының революцияға дейінгі тарихнамасына арналған кейбір монографиялар мен мақалалар, Сібір және қазақ даласы туралы берілген зерттеушілердің тарихи мақалалары ғылыми зерттеулерден гөрі тарихнамалық дерек болып табылады. Көптеген фактілер әсіресе қазақ халқының тарихына байланысты тарихи жағдайларға баға беруде дерекнамалық сын мен басқа да деректермен салыстыруды көп қажет ететін еңбектер баршылық, бұлай дейтін себебіміз зерттеулердің көбін орыс интеллигенциясының өкілдері жазғандықтан олардың көзқарастарында патша империясының идеологиясы мен саясаты басымырақ болғаны байқалады. Мәселен Жаңа реформаны әзірлеуді патша сол жылдары белгілі либералдық пиғылдағы қайраткер граф М. М. Сперанскийге жүктеді. Оның сан қырлы қызметінің өзегі дәстүрлі хан мемлекеттілігін жойған жаңа актілерін енгізу болды. [7]
Аз зерттелген аудандарды неғұрлым толық зерттеу және жинақтап көрсету үшін М. М. Сперанский «Сібір жерлерін мәлім етуді» ұсынды . Бұл жазбаны болашақ декабрист Г. С. Батюшков белсене қатысты. Сонымен бірге ол Сібірді басқару туралы заң жобаларына бірқатар қосымша, түсіндірмелік бөлімдер: құрғақтағы жол қатынастары, этаптар құру, жер аударылған «бұратаналар», «Орта Орда даласына» орыс билігін тарату бөлімдерін әзірледі. Бұл жаңалықтар сақаталып қалған жергілікті басқару жүйесін жоққа шығарып, шексіз-шетсіз дала құрылысын ресейлік губерниялық басқаруға біршама жақындатуға тиіс болды.
1822 жылғы 22 маусымда патша «Сібір губернияларына арналған мекемлер», «Бұратаналарды», басқару жарлығы», «Қырғыз-қайсақтарды» басқару туралы жарлығы, Жер міндеткерлігі туралы ережелер, Астық қорлары, шаруалар мен «бұратаналар арасындағы борышкерлік міндеттемелер туралы ережелер үшін негіз болған 10 заңды бекітті. // Міне осы Сперанскийдің «экономикалық либерализміне» негізделген авторлардың еңбектері баршылық. Бұдан басқа да ғалымдардың коллективтік зерттеулерін (ССЭ) Сібір Советтік энциклопедиясы [8] идеясы 1926 жылғы Сібірдегі 1-ші ғылыми-зерттеу съезінде және О. Ю. Шмидт редакциясының басқаруымен Үлкен Совет Энциклопедиясында қаралды. Редколегия мүшесі болып айтулы мамандар мен сібіртанушылыр - М. К. Азадовский, В. Г. Болдырев, П. Л. Дравет тағы да басқалар енді. Бірінші томы 1929 жылы, 2-том 1931 жылы, 3-том 1933 жылы жарық көрсе, ал 4-том 1933 басталып бірақ 1937 жылы тоқататылып, кейінірек жұмыс тіпті тоқтатылды.
Диплом жұмысының негізгі мақсаттарының бірі «Алаш», «Үш жүз» партиясының сол кезеңдегі қазақ өлкесі мен Сібір халықтары үшін қаншалықты маңызды болғандығын көрсету. Сондықтан да (ССЭ) да «Алаш» партиясының соңынан іле-шала құрылған саяси партиялардың бірі - «Үш жүз». Қазақтың тұңғыш социалистік партиясы атанған «Үш жүздің» қоғамдық-саяси қызметі, іс-әрекеті мен олардың жеткеші қайраткерлері туралы мағұлмат бергенімен, олардың нақтылы қызметтері жөнінде толықтай зерттеліп, нақты тұжырым жасай қойған жоқ. Тарихымыздың «ақтаңдақ беттері» болып келген бұл тақырып жөнінде кеңес өкіметі кезінде қозғаудың өзі мүмкін емес еді.
«Үш жүз» партиясы мен «Алаш» партиясының саяси бағыттары бір еді. Олардың негізігі мақсаты - езуші, ескіні көксеген өкімет билігін толығымен жойып, қазақ халқының өз алдына бөлек отау құруын жүзеге асыру. Сондықтан осы мақстатты орындау жолында бұл екі ұлтттық партияның арасында күрес туындады. «Алаш» мүшелері «Үш жүздің» ісін жақтамады. «Үш жүз» де «Алашты» өз газеттерінде ғайбаттап жатты.
«Үш жүз» бен «Алаш» партиясының арасындағы тартысты қазақ зиялыларының қатарынан шыққан алғашқы большевиктердің бірі С. Сейфуллин өзінің «Тар жол, тайғақ кешу» деп аталатын тарихи- публицистикалық еңбегінде толық сипаттап, партияның жүргізген іс-әрекеттерін, оған басшы болған Мұқан Әйтпенов, Көлбай Төгісов және басқа мүшелерінің саяси портреттерін ашық көрсетуге тырысты. Қазақ зиялылары Қошке Кемеңгерұлы мен Біләл Малдыбаевтың басшылығымен Петропавлда шыққан «Жас азамат» газетінде Көлбай бастаған күні кеше діншілдікті, түрікшілдікті көксегендердің ұлттқа қас большевиктер қатарына қосылып жатқандығы жазылды.
«Үш жүз» партиясының қандай мақстатта құрылғандығы жөнінде әртүрлі пікірлер айтылып келеді. Мәселен «Үш жүз» партиясын ғалым
Т. Елеуов «ұлтшыл», «ұсақ буржуазияшы партияның бірі» - деп есептесе[9], ал С. Бейсенбаев пен П. Пахмурныйдың басшылығымен 1973 жылы шыққан «Под знаменем ленинских идей» - кітабында «Үш жүз» партиясы әлеуметтік құрамы жағынан әр текті, «Алаш» партиясына қарама-қарсы құрылған партиялардың бірі деп дұрыс тұжырым жасалынды. [10] Тарихшы - ғалым П. Пахмурныйдың пайымдауы бойынша, «Үш жүз» ұсақ буржуазиялық партия болып «солшыл» эсерлердің позициясын ұстанды.
1990 жылдары «Үш жүз» партиясының тарихын арнайы зерттеген тарихшы Бабан Елкеевтің мақалалары «Қазақстан коммунисі», «Жұлдыз», «Алматы ақшамы» басылымдарында жарық көрді. Ғалым «Алаш» партиясы мен бір мезгілде дүниеге келген партияның негізгі бағыт-бағдарын талдап «Үш жүз» жетекшіліренің бірі К. Төгісовтың саяси қызметіне тоқаталады.
Алаштанушы К. Нүрпейіс «Үш жүз» партиясының құрылуы, олардың көтерген әлеуметтік-экономикалық мәселелері, «Үш жүз» бен «Алаш» арасындағы автономия, ұлтаралық қатынас мәселелері жөніндегі көзқарастары бірде қайшы, бірде жақын екендігін, «Үш жүз» партиясының басшыларының бірі К. Төгісовтың жүргізген қызметі жөнінде нақтылай көрсете келе: «Үш жүз» 1917 жылғы қазан-қараша айларында пайда болды. Әуел баста ол «Алашпен» бірлесе әрекет жасау мүмкіндігі туралы мәлімдегенімен, ол ойынан тез қайтты да, көп кешікпей Қазақстанның қоғамдық-саяси мәселерері жөнінен «Алаштың» басты сынаушысна айналды, - деп жазса, ал М. Қойгелдиев «Үш жүз» өзінің пайда болу негізі жағынан да, әлеуметтік жағынан да толық қалыптасып үлгермеген, бірақ ықпалды саяси күшке айналу ниеті бар ұйым деп көрсетті. [11]
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп өз тархын зерделей қарап, тереңдей зерттей бастаған түста «ақтаңдақ беттер» атанған осы сияқты тың тақырыптарды зерттеуші ғалым ағаларымыз қайта бір сараптауда.
Қазіргі таңда қалалар тарихы жөнінен қазақстандық ғалымдар Ж. К. Қасымбаев, М. Ж. Абдиров, А. С. Елагин т. б еңбектерін атап өтуге болады.
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап өлкеде қалыптасқан қазақ зиялылары және «Алаш» тарихы жөнінде Иманбаева С, Қазамбекұлы Д, Қозыбаев М, Нүрпейсов К, Аманжолов Д, Қойгелдиев М, Омарбеков Т және тағы басқалардың еңбектерінен көреміз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. ХIХ ғасырдың екінші жартысынан Батыс-Сібір генерал-губеранторлығының, кейінен дала генерал-губернаторлығының құрамына Ақмола және Семей облыстары кірген басты орталық - Омбы қаласының тарихын зерделеу.
1917 жылы Батыс Сібірдің ірі орталығы болған, мұнда 140 мың тұрғынының басым бөлігін қазақ және орыс халықтары құрады. Сонымен қатар мұнда барлық Дала генерал-губернаторлығының, Омбы әскери округінің, казак әскери басқармасы мен Омбы теміржол бөліктерінің әскери және азаматтық мекемелерін жинап шоғырландырды. ХХ ғасырдың басынан қала өлкенің ірі әкімшілік-саяси және экономикалық орталығына айналды.
ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында Омбы қаласы - өлкеде қазақ және орыс қатынастарының қалыптасуына және нығаюына, сауда, мәдени, сонымен қатар қазақ ұлттық интеллигенциясының қалыптасуына, революциялық жылдарда қазақ саяси қоғамының белсенді орталығы ретінде маңызды рөл атқарды.
Диплом жұмысының мақсат-міндеттері. Диплом жұмысының негізі мақсат - міндеттерінің бірі ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында Омбы қаласы қазақ қоғамының экономикалық, саяси және рухани дамуының орталығы ретінде тарихын зерттеу арқылы мына мәселереді
- дала генерал-губернаторлығының орталығы Омбы қаласындағы қазақтар мен көрші жатқан халықтардың, яғни қазақ өміріндегі саяси әсерін талдау;
- қазақ халқының өлкемен экономикалық байланыстарын қарастыру;
- қарастырылып отырған кезеңдегі қазақ интеллигенциясының қалыптасуы мен пайда болуындағы Омбы қаласының орнын анықтау;
- қазақ өкілдерінен оқу орындарында мамандар даярлаудағы Омбы қаласының орны;
- саяси партиялар мен олардың қызметін;
- Дала генерал-губернаторлығының патшалық басқару саясатын бағалау;
Зерттеу жұмысының құрылымы. Кіріспеден, екі тарау мен қорытындыдан тұрады.
Тарау-I. Омбы қаласы - дала генерал-губернаторлығының 1882-1917жж. әкiмшiлiк, саяси орталығы.
Омбы қаласы 1839-1882 жылдар аралығында Батыс Сiбiрдiң резиденциясы, 1882-1917 жылдар аралығында дала-генерал-губернаторлығының орталығы, кейiн Омбы облысының, Сiбiр қазақтары облысының, Сiбiр қазақтарының, Сiбiр әскери округiнiң орталығы болған. Ол ғасырға жуық далалық өлкенiң қажеттерiн қанағаттандырып, орыс-қазақ халықтарының саяси және әлеуметтiк-экономикалық байланыстарында маңызды рөл атқарды. Статистика бойынша, 1870 жылдардың екiншi жартысында Омбы қаласының тұрғындары бiршама азайыпты. Мысалы, 1863 жылы қала халқының саны 19, 5 мың болса, 1870 жылы ол 30, 5 мыңға өскен, ал 1877 жылы 25 мыңға дейiн азайған. Қала халқының азаюы әскери қызметкерлердiң оңтүстiкке көшiрiлуiмен түсiндiрiледi.
Омбы - Дала генерал-губернаторлығының 1882-1917жж. әкiмшiлiк-саяси орталығы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz