Картоп және көкөніс зиянкестері


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Картоп және көкөніс зиянкестері.

Орындаған: Нұрпаисов Ернұр

Тексерген: Мухаметжанова. О. Т.

Семей 2015ж

Жоспар:

I. Кіріспе бөлім.

II. Негізгі бөлім

1 Картоптың таралуы, қолданылуы.

2 Картоп зиянкестері. Түрлері морбологиясы және биологиялық ерекшеліктері.

3 Көкөніс дақылдарының зиянкестерінің түрлері. Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Күресу шаралары.

III. Қорытынды бөлім.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Жалпы, ауыл шаруашылығы зиянкестері - қолдан өсірілетін өсімдіктерді зақымдайтын не мүлдем құртып жіберетін жәндіктер мен жануарлар. Оларға омыртқасыз жануарлардан жұмыр құрттар, өсімдік қоректі кенелер, жәндіктер, жалаңаш шырындар және ұлулар, ал омыртқалы жануарлардан - құстар мен сүт қоректілердің кейбір түрлері (кеміргіштер) жатады. Зиянды жәндіктер мен кенелер қоректік заттарына байланысты монофагтар, олигофагтар және полифагтар болып 3 топқа бөлінеді. Монофагтар

өсімдіктердің бір ғана түрімен немесе бір-біріне ұқсас бірнеше түрлерімен (бұршақтың дәнек қоңызы, таңқурай кенесі), олигофагтар өсімдіктердің бір тұқымдасына жататын көптеген түрлерімен (орамжапырақ тұқымдасының бүрге қоныздары мен қандалалары, түйнек бізтұмсықтары, дәннің сұр көбелегі), полифагтар өсімдіктердің көптеген түрлерімен (шегірткелер, шыртылдақ қоңыздар, күздік көбелек) коректенетінеді. Жәндіктер өсімдіктің ұлпасын, жапырақтарын, тамырын, жемістерін кеміріп немесе сорып бүлдіреді. Зақымдалған өсімдіктердің зат алмасу процесі өзгереді, өсуі, қор жинауы тежеледі немесе солып қалады. Көптеген зиянкес жәндіктер өсімдік ауруларын таратады.

Картоптың колорад қоңызы - Leptinotarsa delemlineata Say. Картопты, қызанақты, баялдыны, бұрыш пен темекіні зақымдайды, сондай-ақ олар жабайы өсетін алқа тұқымдастарымен де қоректенеді. Қоңыз сопақша пішінді, ұзындығы - 9-12 мм, алдыңғы арқасы мен қанатының үсті сарғыш түсті. Басында үшбұрышты қара дақ, алдыңғы арқасында он бір қара дақ болады, ортасындағы дақ V рим цифріне ұқсайды, ал әрбір қанат қабағында бес-бестен ұзынша қара жолақтар орналасқан.

Дернәсілдің ұзындығы - 15-16 мм, бүкіл денелі, басы мен аяқтарыь және денесінің бүйіріндегі ұзынша екі қатар дөңестер қара түсті. Бір жастағы дернәсіл қара сұр, екі жастағы - қызыл, үш пен төрт жастағылар - қызғылт сары түсті болады. Қоңыздар топырақта 15-25 см тереңдікте қыстайды. Көктемде 20 см тереңдіктегі топырақ 14-15 С дейін қызғанда, қоңыздар оның бетіне шығады. Олар картоп пен басқа өсімдіктердің жер үсті бөліктермен қоректенеді. Қорек ізлеген қыстап шыққан қоңыздар ұша алады, олар 1-1, 15 км қашықтыққа дейін жетеді. 17 С жоғарғы температурада жұптасып, жұмыртқа салады. Ұрғашы жәндіктер жұмыртқаларын картоптың жоғарғы жапырақтарының астына, әрбір ұяға 30-40 жұмыртқадан салады. Өсімталдығы 900-ден 2000 жұмыртқаға дейін өзгеріп тұрады. Ұрықтық даму қоршаған орта жағдайына қарай 7-14 күнге созады. Колорад қоңызының құрттары 20-30 күн бойы жапырақтармен қоректенеді. Даму кезеңі аяқталғанда, олар топыраққа, 8-10 см тереңдікке кетіп, сонда қуыршақтанады. 1-2 аптадан кейін жаңа ұрпақ қоңыздары пайда болады, олар картоп жапырақтарымен қоректенеді. Бірінші-екінші жастағы құрттар жапырақта қисық формадағы саңылаулар тесіп шығарады. Ересек жастағы құрттар мен қоңыздар жаппай жапырақтар мен сабақтарын жейді де, нәтижесінде өсімдіктің өсуін баяулап, картоптың түсімі төмендейді. Күн қатты ысып құрғақшылық болғанда жекеленген қоңыздар диапаузаға кетеді, ал кейбіреулерінің 2-3 жылдан 5 жылға дейін диапаузаға кете алатын қабілеттері бар. Тіршілік циклінің өзгергіштігі колорад қоңызының жылына 1-3 ұрпақ бере алады.

Күресу шаралары. Картоптың аз зақымданатын сұрыптарын пайдалану. Тыңайтқыштар еңгізу, топырақтың уақытылы қопсыту, картопты түптеу және арамшөптерді отау. Әр түрлі мерзімдерде қатарлар арасына сөлді өсімдіктер егіп, пайдалы этномофагтарға қолайлы жағдайлар туғызу. Кішірек алқаптарда қоңыздарды, құрттарды және колорад қоңызының жұмыртқаларын қолмен жинап, жоюға болады. Гендік инженерия әдістерімен инсектотоксикалық белок синтезін бақылайтын, геномында Bacillis thuringiensis бактериялы гені бар картоптың трансгендік формаларын алу бойынша зерттеулер жүргізілуде. Вегетация кезеңіңде әрбір сынамада 10 қатар түптен 100 ден 500 сынамадан немесе алқап диагоналі бойынша қатарда 2 түптеп келеді. ЭЗШ саны - 5-8% қыстап шыққан қоңыздар мен құрттар орын алған түптер, шанақтау - гүлдену кезеңінде 1 түпке 20 құрттан келетін 10% түп. Картоп егістерін "Тізімге . . . " келтірілген инсектицидтердің бірімен өңдейді

Бұзаубас (Gryllotalpіdae) - түзу қанаттылар отрядына жататын зиянды жәндіктер. Қазақстанда 2 түрі кездеседі. Кәдімгі Бұзаубас (Gryllotalpa gryllotalpa) және біртікенекті Бұзаубас (unіspіna) . Бұзаубастар дымқыл топырақты, ойпаңды жерлерде тіршілік етеді, алдыңғы қанаттары артқыларына қарағанда едәуір қысқа. Жаздың жылы кездерінде індерін топырақтың үстіңгі қабатына таяу, ал қыста 1 м тереңдікке дейін қазады. Даму циклі бір жылдан аса уақытқа созылады. Жұмыртқаларын тереңдігі 10 - 20 см қазылған інге салады. Эмбрионалдық дамуы 10 - 15 күн. Олар көбінесе картоп, көкөніс және бақша дақылдарын зақымдайды. Бұзаубасты жою үшін жүгері, қара бидай, арпа, сұлы дәндерінің уландырылған еліктіргіштерін топыраққа араластырады. Сүдігер терең жыртылып, отамалы дақылдардың қатар аралығы өңделеді. Күздің бас кезінде Бұзаубастар қыста мекендейтін телімге тереңдейді. 70 см ұстағыш ор (70×70 см) қазылып, көңмен толтырылады. Температура 0°С-қа төмендеген кезде көңді шығарып, жиналған Бұзаубастарды жояды.

Бұзаубас - қара шегірткеге жақын, ұзын мұртшалы тікқанатты жәндіктер қатарына жатады. Бұл ірі жәндіктің алдыңғы аяқтары жақсы жетілген, қазуға жақсы бейімделген, сондықтан латынша аты - "шегіртке көртышқан" деп аталады. Денесі қоңыр түсті, ұзындығы 3, 5 - 5 см, денесі қалың ұсақ жылтыраған түктерінің арқасында жібек тәрізді жылтырайды. Ылғалды топырақтарда, көбіне өзен аңғарларында өм ір сүреді. Өсімдік тамырымен, жауын құрттарымен және жәндіктер дернәсілдерімен қоректенеді. Көбею кезінде жабайы және мәдени өсімдіктердің тамырында 5 - 10 см тереңдікте шар тәрізді ұя жасайды. Жаз ортасында бір жатын бөлмесінде 600 жұмыртқалары немесе дернәсілдері болады. Мәдени өсімдіктердің тамырларын зақымдап, бау - бақшаларға зиянын тигізеді. Жердің астында тіршілік етеді. Орта жастағы дернәсілдері және ересек жәндіктері жердің астында 1м дейінгі тереңдікте тіршілік етеді. Өмір сүру циклі бәр жылдан көп уақытта созылады. Мамырдың аяғында маусым айында ұрғашылары 10-20см тереңдікте, арнаулы ұяларға 150-300 данадан жұмыртқа салады. Бұзаубастар алдыңғы аяқтарының көмегімен топырақтың үстіңгі қабатында жолдар салады, 50-ден аса өсімдіктердің тамырын, сабақтарының жер асты бөлігін, өскіндерін және тұқымдарын жеп зиян келтіреді. Олар ылғалды, суармалы жерлерді, негізінен көкөніс алқаптарын мекендейді. Жылы жайларда темекінің, көкөністердің және т. б. өсімдіктердің көшеттеріне өте көп зиян тигізеді. Көп тараған түрлері -кәдімгі (Gryllotalpa gryllotalpaL. ) және бір тікенекті(Gryllotalpa unispina Sauss. ) бұзаубастар.

Ерте күзде сүдігер жырту және отамалы өсімдіктердің қатар аралықтарын өңдеу арқылы бұзаубастардың, шекшектердің және шілделіктердің көбеюіне жол бермеуге болады. Көкөніс өсірушілер бұзаубастармен күресу үшін арнаулы жырашықтарды пайдаланады.

Алтын түстес картоптың жұмырқұртымен зақымданған картоп егістігі

Алтын түсті картоптың жұмырқұртының цисталары.

Картоптың сабақ нематодасы - Ditylenchus destructor Thorne. Картопты, шамалытүрдеасбұршақты, сәбізді, . , . Ұзындығы - 0, 7-1, 3 мм. Личинкаларыкішірек. . Бірұрпағы 15 тен 45 күнгедамиды. .

Картоп екпе материалы арқылы зақымданады. , . . , қалғандарысолып, сарғайыпкетеді. . , алсақтаукезеңінде--қоңырұсақжарықшалар, .

Күресу шаралары. Тек сау түйнектерді ғана отырғызу қажет. Сақтауға жіберу алдында тиянақты іріктеу жүргізіледі. Түптерді сақтау ережелерін орындау қажет (85-90% ылғалдылық, температура +1 - +3 градус денгейде) .

Көкөніс дақылдарының зянкестері.

Капустаның ақ көбелегі-Pieris brassicae L. Капустаны, шомырды, тарнаны, рапс пен басқа крестгүлді дақылдарды зақымдайды.

Көбелегі қанатын жайғанда 50-60 мм дейін жетеді, қанаттары ақ, алдыңғы қанаттарында жоғары бұрыштары қара, артқы қанаттарында- ішкі жақтарын бойлай қара жұғындылар бар. Аталықтарға қарағанда аналықтарында алдыңғы қанаттарының үстіңгі бетінде екі дөңгелек дақтар болады. Жоғары жастағы жұлдызқұрттың ұзындығы40-45 мм жетеді, құрттың үсті сұрғылт-жасыл, асты сары, қылшықтармен, түкпен қапталған; денесінің үстінде көлденең қатарларға топтасқан қара дақтар мен нүктелерден тұратын сурет бар; екі жағы мен артында үш көлденең сары жолақтар өтеді.

Қырыққабаттың ақ көбелегі қуыршақ сатысында талдарда, шарбақтарда, құрылыс қабырғаларында немесе арамшөптерде қыстайды. Ол субстратқа жібек белдікшесімен бекітіледі. Сәуірдің аяғында- мамырдың басында көбелектердің ұшуы байқалады. Аналықтары лимон -сары түстес бөтелке тәрізді жұмыртқаларын қырыққабат жапырақтарының төменгі жағына 15-200 данадан салады. 8-12 күннен кейін соң жұлдықұрттар жапырақтарды жуан тарамыстарын ғана қалдырып тегіс жеп қояды. Құрттар 15-30 күн бойы қоректеніп, одан кейін қуыршақтанады. Қолайлы жағдайларда 10-20 күннен кейін жаңа ұрпақ көбелектері пайда болады. Жаз бойы қырыққабат ақ көбелегінің 2-4 ұрпағы дамиды.

Күресу шаралары

Арамшөптермен күрес жүргізу керек, кішігірім учаскілерінде жұлдықұрттарды қолмен жинау керек. Жұмыртқа салу кезінде үш рет трихограммалар жібереді. Жапырақ дегелек кезеңінде әр қайсысы 5 өсімдік құрайтын 20 сынама тексеріледі. 5% астам өсімдіктерде жұмыртқа табылған жағдайда немесе қауданның түйнектелуі кезеңінде кем дегенде 5-10% егіс танабында 1 өсімдікке шаққанда 5-10 жұлдықұрттан келсе, не болмаса жапырақ үсті 25% зақымданғанда инсектицидтерді қолдану қажеттілігі туындайды. Қырыққабат ақ көбелегінің әрбір ұрпағының кіші жастағы жұлдызқұрттарына қарсы инсектицидтермен өңдеуді ЭЗШ саны асқанда «Тізіс . . . » регламенті бойынша жүргізеді.

Шомырдың ақ көбелегі - Pieris rapae L. Крестгүлді дақылдарды, әсіресе қырыққабатты қатты зақымдайды. Көбелегі капустаның көбелегіне ұқсас, бірақ одан кішірек қанатын жайғанда 40-50 мм жетеді. Көбелектің қанаттары дақ бар, ал аталық көбелекте-бір ғана дақ болады. Артқы қанаттарының алдыңғы жағында қара дақ орын алған. Шомырдың ақ көбелегінің ересек жұлдызқұрттың ұзындығы 20-28 мм. Ол барқыт-жасыл арқасын бойлай сары жолағы бар, денесін қалың қысқа түк басқан.

Шомырдың ақ көлегі қуыршақ кезінде өсімдік қалдықтарында, арамшөптерде, ағаш діңгектерінде, шарбақтарда, үй қабырғаларында қыстайды. Көбелектер қырыққабат ақ көбелегіне қарағанда ертерек пайда болады. Аналықтары ақшыл-сары бөтелке тәрізді жұмыртқаларын крестгүлді өсімдіктердің жапырақтарына бір-бірден салады. Бірінші ұрпақ арамшөптерде дамиды, ал зиянкестің кейінгі ұрпағы-крестгүлділер дақылдарында дамиды. Ұрықтық даму 7-11 күнге созылады. Жұлдызқұрттар жапырақтарды жеп, қырыққабат қауданының ішіне кішігірім текшелер жасап, оларды шірітіп жібереді. Жұлдызқұрттар үш апта шамасында дамиды, одан кейін қуыршақтанады. 8-15 күннен кейін жаңа ұрпақ көбелектері пайда болады. Бір жыл ішінде 3-4 ұрпаққа дейін дамиды.

Күресу шаралары.

ЭЗШ саны 3-5 жұлдызқұрт /өсімдік немесе жапырақтарының зақымдану дәрежесі 25% құрайды. Капуста ақ қөбелегіне қарсы қолданылатын шаралар ұсынылады.

Описание: сабз шыбыны.jpg Сәбіз шыбыны- Psila roase L. Шыбынның түсі қара, жылтыр, басы қоңырқай қызыл, төбесінде қара үшбұрышты дағы бар, мұртшалары мен аяқтары күрең қара түсті. Қанаттары түссіз, жасыл реңді болып келеді. Денесінің ұзындығы 4-5 мм. Дернәсілдері жұқа, жылтыр, қоңыр-сары түсті. Денесінің ұзындығы 7 мм. Дернәсілдер топырақтың жоғарғы қабатында пупарийлерде, кейде көкөніс қоймаларында, тамыр -жемістерде қыстайды. Шыбындардың ұшу мезгілі шетен мен алма ағашының гүлдеуімен сәйкес келеді. Ересек шыбындар гүлдеп келе жатқан шатыргүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің шырынымен қоректенеді. Аналық шыбын ұшып шыққан соң көп кешікпей жұмыртқа салуға кіріседі. Жұмыртқаларын 10 данадан және одан да көп мөлшерде топыраққа қоректік өсімдіктердің түбіне жақын жерге салады. Арада 4-17 күн өткеннен соң дернәсілдер жұмыртқадан шығып тамыр-жемістің ішкі етті бөлігімен қоректенеді. Зақымданған өсімдіктердің жапырақтары қызғылт түске боялады, ал дернәсілдер көп болған жағдайда жапырақтар тез сарғайып қурап қалады. Дернәсілінің өсіп-жетілуі 20-25 күн. Бұдан кейін дернәсілдер топырақта қуыршақтанады да, 15-20 күннен кейін шыбынның екінші ұрпағы ұшып шығады. Олармен зақымданған сәбіз ащы, пайдалануға жарамсыз болып қалады. Сақтау кезінде тез бұзылады. Сәбіз шыбыны бір жылда 1-2 ұрпақ береді.

Күресу шаралары

Ауыспалы егісті пайдалану, арамшөптерді уақытылы отау және сәбіз өскіндерін сирету. Топыраққа сапалы түрде жүргізілген өңдеу жұмыстары көктемде шыбындардың ұшып шығуын қиындатады. Сәбіз жер бетіне көктеп шыққаннан кейін 2-3 апта өткен соң әр қайсысы 10 өсімдіктен құрайтын 10-12 үлгі алынды. Бір өсімдікте 3-4 тен көп жұмыртқа табылған жағдайжа химиялық күресу шараларын қолданады.

Пияз шыбыны- Hylemyia antique Mg. Шыбынның ұзындығы 5-7 мм, түсі сұрғылт, арқа жағы жасыл реңді. Еркек шыбынның құрсағында қара түсті, ұзынша келген жолағы болады. Дернәсілдерінің ұзындығы 10 мм шамасында, түсі ақ, пішіні цилиндр тәрізді, бас жағы жіңішкерген.

Топырақта 10-20 см тереңдікте қуыршақтары қыстайды. Ұшып шыққаннан кейін аналықтары жұмыртқаларын жапырақтарға, бадананың қабықшасының астына және пияз бен сарымсақтың айналасындағы топырақтүйірлерінің астына салады. Жұмыртқадан 5-7 күннен кейін дернәсілдер шығып, баданаға түпше жағынан енеді. Дернәсілдер 15-25 күн қоректенгеннен кейін топырақта қуыршақтанады. Зақымданған баданалар тез шіриді, олардың жапырақтары сарғайып қурап қалады. Пияз шыбыны 1-3 ұрпақ береді.

Күресу шаралары.

Дақылдарды кезек орналастыру, өсімдік қалдықтарын жою. Өткен жылы пияз егілген жерлермен ара-қашықтықты сақтау. Пиязды ерте отырғызу. Пияз бен сәбізді қатар егу. Егер пияз жуасының өсуі кезінде зиянкестер саны ЭЗШ -тенасып кетсе, онда химиялық өңдеу жүргізу керек.

Пияздың ызылдақ шыбыны- Eumerus strigatus Fall. Шыбын жасыл-қола түстес. Құрсағының екі жағында үш-үштен ашық жартылай ай тәрізді дақтары болады. Оның ұзындығы 5-9 мм. Құрттары сұрғылт-сары, ұзындығы 7-11 мм. Денесінің артқы жағында қоңырқай түтік тәрізді өскіні бар, екі жағында бір-бірден ірі терісі болады.

Құрттар егістік танаптағы жуашықта немесе сақтау қоймаларында қыстайды. Шыбындардың ұшуы мамырдың ортасында байқалады. Аналықтары жұмыртқаларын жуашықтың үстіне, қабыршақтарының астына, жуашық мойнына немесе жуашық маңындағы топыраққа салады. Құрттар жуашық мойны мен жуашықтың өзіне кіріп, ішкі бөліктерін түгел жеп қояды. Зақымданудың салдарынан түтік тәрізді жапырақтар сарғаяды, ал пияз мойны шіріп кетеді. Одан кейін жуашық түгелдей шіриді де, едәуір зақымдануы нәтижесінде қара шіріген массаға айналады. 18-25 күннен кейін екінші ұрпақ шыбындары ұшып шығады. Көбінесе 2 ұрпақ дамиды.

Күресу шаралары. Пияз шыбынымен күресуге ұқсас.

Капуста күйесі- Plutella maculipennis Curt. Жұлдызқұрттар крестгүлді дақылдарды: қауданды және гүлді капустаны, мал азықтық шалқанды, шомырды, рапсты, қышаны зақымдайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Картоп және көкеніс зиянкестері жайлы мәлімет
Картоп және көкеніс зиянкестері жайлы
Картоп және көкеніс зиянкестері
Картоп және көкеніс дақылдарының зиянкестері
Қызанақ дақылын өсіру технологиясы. Көкөніс дақылдарына зиян келтіретін бунақденелілердің таралуы, биологиясы,зияндылығы
Көкөніс дақылдарын аурулар мен зиянкестерден қорғау шаралары
Ауыл шаруашылығының зиянкестері
Зиянды жәндіктер (зиянкестер)
Көп қоректі зиянкестер.Шегірткелер және оның негізгі түрлері
Терең өзек ауданы жүгері дақылын зиянкестер мен арамшөптерінен қорғау шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz