Петуния іріктемесінің морфологиялық-анатомиялық көрсеткіштері


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік Университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Петуния іріктемесінің морфологиялық-анатомиялық көрсеткіштері

Орындаған: Төлетаева А. С.

Тексерген: Есенгулова Н. Ж.

Семей-2015

Жоспар

Кіріспе

1. Агротәсілдер жиынтығын қолданылған петуния іріктемелерінің морфологиялық көрсеткіштері

2. Агротәсілдер жиынтығын қолданылған петуния іріктемелерінің анатомиялық көрсеткіштері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Әдемі гүлдейтін бір жылдық декоративті гүлді өсімдіктер өздерінің гүлінің реңімен, әдемілігімен ерекшеленеді. Бұл топтағы біржылдық декоративті гүлді өсімдіктерге жататындар: шытырлақ- бальзамин (недотрога) - impatiens, барқытшөп- бархатцы- tagetes, көк гүлкекіре- василек синий- centaurea, ночная красавица (мирабилис) - mirabilis, целозия- celosia, біржылдық астра - астра однолетняя- aster, шырайгүл-петуния- petunia, мальва- malva, цинния- zinnia, қараот- портулак- portulaca т. б. Біржылдық гүлді өсімдіктерді құмайт жерде өсіруге берілген мүмкіндік, олардың дамуын және өсуін бақылауға қызықты болғандықтан, эстетикалық қасиеттері мен өсімдік сапалары үлкен қызығушылықты тудырады. Ең алдымен, мектептегі гүлді өсімдіктер оқушылардың эстетикалық тәрбиесіне әсер етеді. Ежелден бері гүлдер адам өмірін көркемдетіп, өзінің хош иісімен және сұлулығымен өзіне тартады. Балалық шақтан гүлдерге сыйлаған махаббат, адам өмірінде мәңгі сақталады. Мәдени өсімдіктерді жергілікті жағдайда өсіру мен зерттеу, олардың көбеюі, сонымен қатар, ассортименттің кеңеюі, биологиялық және химиялық қорғау тәсілдерінен кейін гүлді өсімдіктердің өсуінің жақсаруы - осының барлығы зерттеу жұмысына арналған материал. Себебі, гүлді өсімдіктер оқушылар үшін таптырмайтын материал және олар үшін өсімдіктердің өсуі және дамуы (зиян келтірушілермен күрес, тыңайтқыштар, кесінді, қоректендіру) бойынша үлкен тәжірибе болып келеді. Бағдарлама бойынша мектеп ауласында 5-11 сынып оқушылары жұмыс істейді. Гүлді өсімдіктер биология сабағында өсімдік мүшелерін зерттеу үшін қолданылады.

1. Агротәсілдер жиынтығын қолданылған петуния іріктемелерінің морфологиялық көрсеткіштері

Алқалар тұқымдасы (Solanaceae) - қос жарнақты, бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Бұта түрінде кездеседі. Дүние жүзінде тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулерде кездесетін 80 - 90 туысы, 2500-дей түрі белгілі. Қазақстанда Алқалар тұқымдасының 11 туыс, 23 түрі бар. Бүтін жиекті немесе тілімденген жапырағы тік не жатаған сабағына кезек орналасады. Гүлі қос жынысты. Гүлшоғыры бұйра болады. 5 тостағанша жапырағы бірігіп, жоғарғы жағы тілімденген. 5 күлте жапырағы, бірігіп қысқа түтік түзеді. Олардың құрамында бірнеше улы алкалоидтар болады, сондықтан оларды мал жемейді. Жабайы түрлерінен дәрі алынады. Алқалар түрлерінің бірі - петуния (petunia “Grandiflora”) . Биіктігі 10- 50 см аралығында болатын декоративті гүлді өсімдік. Сабағы тік өседі. Жапырағы тегіс жиекті, сопақша, қою жасыл түсті. Гүлдерінің түсі ақ, қызғылт, көкшіл, күлгін болып келеді, жай гүлшоғыр. Жемісі- екі жақтаулы қорапша. Тұқымы өте ұсақ әрі көп. Маусым айынан күн суытқанға дейін гүлдейді. Гүлдері гүлшоғырда немесе жеке-дара орналасады. Гүлі кіріккен 5 тостағанша жапырақшалар, кіріккен 5 күлте жапырақшадан тұрады. Сондықтан бұл өсімдіктер кіріккенкүлтелілер деп аталады. Күлте жапырақшалардың түп жағы қысқа түтікшеге бірігіп, қоңырау тәрізді болады. Оның ортасында 5 аталық, екі жемісжапырақшалы аналық орналасады. Бұлар - жоғары жатынды өсімдіктер. Бірнеше симметрияга бөлетін сызықтар жүргізуге болатындықтан, шырайгүл дұрыс гүлді (*) өсімдіктер болып есептеледі.

  1. Гүлшанақ
  2. Гүл
  3. Аналық шүмегі
  4. Аталық
  5. Бірінші ретті өркен
  6. Екігше ретті өркен
  7. Жапырақ
  8. Тамырлар
  9. Тостағанша

2. Агротәсілдер жиынтығын қолданылған петуния іріктемелерінің анатомиялық көрсеткіштері

Анатомиялық көрсеткіштерді алу үшін тыңайтқышпен өңделген және тыңайтқышпен өңделмеген гүлдер сабақтарынан, жапырақтарынан және күлтелерінен фиксация жасау қажет. Жұма өткеннен кейін, тыңайтқышпен өңделеген және тыңайтқышпен өңделмеген сабақтың анатомиялық көрсеткіштерін алуға болады. Тыңайтқышпен өңделген сабақтың өзек паренхимасы жақсы жетілген, өткіз шоқтары ірі, сабақтың сыртқы жабын ұлпасы мықты. Жабын ұлпасындағы түктерінің барлығы жақсы сақталған. Ал тыңайтқышпен өңделмеген сабақтың өзек паренхимасы әлсіз, өткіз шоқтарының диметрі кішкентай, жабын ұлпасы жұқа. Жабын ұлпасындағы түктер жартылай сақталған. Анатомиялық көрсеткіштер тыңайтқышпен өңделген өсімдіктер мықты, сау және ауруларға төзімді болатынын дәлелдейді.

Петунияның систематикалық, экологиялық және биолого- морфологиялық сипаттамасы

Тұқымдас

Туыстас және сорттар

Биіктігі(см)

Жапырағы- ның пішіні, түсі

Гүлінің мөлшер, түсі

Гүлдеу уақыты

Тәуелділігі

ылғалға

жарыққа

климатқа

I. Алқалылар

Пасленовые

Solanaceae

Петуния

Petunia

(П. садовая- P. hubrida)

10-50

Сопақша, бүтін жиекті, қою жасыл түсті

Ірі, ақ, қызғылт, көкшіл, күлгін

VI- суық түскенге дейін

Ылғал сүйгіш

Жарық сүйгіш

Суыққа төзімді

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Петуния гүлінің морфологиясы
Петуния гүлінің марфологиясы
Хромосомалық абберациялар туралы ақпарат
Хромосомалық абберациялар
Селекцияның генетикалық негіздері
Хромосомалық абберациялар туралы
Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Мутациялық жағдайлар туралы мәлімет
Шығыс Қазақстандық тегеурінгүлдер (Delphinium L.) мен бәрпі (Aconitum L.) туыстарының вегетативтік мүшелерінің анатомиялық және морфологиялық құрылысы
Мутация туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz