Көйлек және оның түрлері


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Көйлек және оның түрлері

Жоспар

1. Көйлек туралы түсінік

2. Қалыңдық көйлегін таңдау

3. Көйлек түрлері

4. Қорытынды

Көйлек- әйелдер, қыз балалар киетін киім. көйлек кісі жасына қарай қыздар көйлегі, келіншек көйлегі, қартамыс аналар көйлегі деп бөлінсе؛ тұрқына қарай кеуделі көйлек, белдемше көйлек؛ қиып- пішуіне қарай екі енді көйлек, алты қиық көйлек, төрт қиық көйлек, үш қиық көйлек؛ пішініне қарай қосетек көйлек, желбір көйлек, жәй көйлек, қайырма етек көйлек؛ бұлына қарай шай көйлек, дұря көйлек, торғын көйлек, жібек көйлек т . б болып бөлінген. ал енді қыздар көйлегі- әдетте қосетек, желбір, белдемше түрінде келетін көйлектерді киген. келіншектер- қосетек, екі қиық, үш қиық, төрт қиық, алты қиық көйлектерді киген. қосетек көйлек- белден тізеге деиінгі бөлегі бір бөлек қиылып, оның аяғы тізеден түсіріле бір бөлек ұзын қиылып бүрмеленіп үстігі- астынғы бөлегіне ұластырлатын, астынғы бөлегі бір бөлек қиықтап құралып тігілетін киім. қартамыс аналар қайырма етек көйлек, жәй көйлек (енді пішілген) киген. пышлуы жоғарғы жағы мешпет сяқты пішіледі алды- артынан бірнеше жерден қатарлып қыналады, етек жағы бөлек кесіп- пышылып құрастырлады. ертеде ұлтымыздың тұрмыс тіршілігіне қарай ат үстінде жүретін жағдайға сай, желбір көйлекті қыз және жаңа түскен келіншектерге жобалап жасаған. бол тағы бірден айбы сыртына шығып күлкі болмасын деген өскелең кеменгерліктен туындаған туынды еді. ал қазыргы өскелең мәдениетті осы тұста да, желбір көйлекті ұлтымыздың киіну мәдениеті осы екен деп көлбеңдетіп сахына төрінде бар біткен бишының бары киініп алуы көзге одағай болып тұрғандай. әуелісәби балаларғада желбір көйлек кигізіп, бар тапқаным осы болып барама қалай. ұлтымыздың арғы мәдениетінде сәбіилерге желбір көйлек кигізген халық емес едік. қайта ұлша кидіріп, қажырлыққа, батылдыққа тәрбиелеген мәдениетімізді ұмытып қалғандаймыз. бұл дегенім желбір көйлектің қарасын өшір дегенім емес. уәкілдік сипатта жас құрамына жеткен бірер баллар киінуі керек, ал қазыр ат үстінде жүрмегендіктен заманға сай көйлек жобалап артқы ұрпаққа бізде өзімізше киім үлгісін жасау яки қосетек көйлекті заманға сай жобалап, өзгерісті сіңдіре тігіп сахына сәнін асырған жөн секілді.

Той көйлегін таңдау

C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\toy-k--ylegin-ta--dau.jpg

Қалыңдық көйлегін таңдау әр арудың арманы. Cебебі, қалыңдық тойға дайындықты қашан да той көйлегінен бастайды. Тіпті бұл күнге дайындық есі кірген күннен басталады деп айтсақ та болады. Дүкен аралап, өзіне ұнаған әдемі көйлектерді алса да алмаса да ұзақ қарап шығуға дайын. Ең атаулы күні ең әдемі қалыңдық болуға той көйлек таңдауда аздаған кеңестер ұсынғымыз келеді.

Әр жылы әлем дизайнерлері әр қалыңдық қалауына қарай сан түрлі қалыңдық көйлектерін ұсынып келеді, бәрі де сол қалыңдықтың атаулы күні өзін ханшайым сезінуіне, оның әдемілігін паш етуіне көмектесетін көйлектер ұсынады. Байқағанымыздай, қазір көйлектер тек ақ түсті емес қара, қызыл, күлгін, сүт түсті сияқты түрлі-түсті қалаған көйлегіңізді таңдауға болады.

Қалыңдықтарды көбі өз дене бітімдерінің қандай типке жататындарын анықтай алмай жатады. Ең алдымен төмендегі сурет арқылы дене бітіміңіздің қай типке жататыныңызды анықтап алыңыз:

C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\пен.jpg 1- Құмсағат: жоғары жағы мен бөксе жағы бірдей, белі қиылып айқын біленетін дене бітім түрі. Идеал дене бітімі десе де болады.

2- Алмұрт немесе жоғары қарған ұш бұрыш: бөксе жағы үлкен болып, жоғарғы жағы кішкене болып келуі

3- Алма немесе төменге қараған ұш бұрыш: иықтары мен кеудесі ірі болып, бөксе жақтың кіші болуы

4- Тік төрт бұрыш: дене бітімі бір қалыпты бірдей, белі де айқындалмаған дене бітімі

5- Дөңгелек: бұл да тік төрт бұрыш боп келген дене бітіміне ұқсас бірақ толық дене бітімі. Дене бітіміне сәйкес келетін той көйлегінің түрлері: C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\к м п.jpg

C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\ампир.jpg

1. «Ампир»стилі
Мұндай той көйлектері мықыны жоғары орналасқан әрі мықыны үлкен бойжеткендерге арналған. Етегі төстің астынан тура басталып кететін көйлектер кең әрі жеңіл болып келеді. Төсі шағын, белі жоқ бойжеткендерге осындай көйлек таңдаса болады. Көкірек тұсы тастармен көмкерілген көйлектер бір қарағанда төсті үлкейтіп, бойды ұзартып көрсетіп, болашақ аналардың ішін жасырып тұруға көмектеседі. Ескертетін жайт, бұл типтегі көйлектердің жеңі болмайды, сондықтан қолдарыңыз толық болса ойланыңыз. « Ампир» стиліндегі көйлектермен тәж (тиара) киген көйлектің әдемілігін ерекше ашады.

C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\а силуэт.jpg

2. А-силуэт
Мүндай көйлектерді кез-келген аруға жараса кететін әмбебап көйлек десе де болады. «А» әрпін елестетін көйлектер төсті анықтап көрсетіп, төменгі жағы кең етек болып келеді. Етегі жайылып біткен, жабындысы біртұтас көйлектер кез келген дене бітімге үйлесе береді. Бойы аласа, толықша келген қалыңдықтар өз кемшіліктерін осындай көйлектермен жасыра алады. Егер сіз бөксеңізді кішірейтіп көрсетем десеңіз, астыңғы жағына шығыршығы бар белдемше (подюбник) киіңіз. Классикалық үлгідегі мұндай той көйлектер ешқашан сәннен қалған емес. Оны жібек матадан да, қатты материалдардан да тігуге болады. Бұл стилдегі той көйлектертері ретінде де тігілген варианттары болады. Яғни иығы жабық немесе сыртына көйлектің материалындағыдай матамен болеро тіккізіп алуға болады.

C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\bal--a-kietin-k--ylek-217x300.jpg

3. Балға киетін көйлек
Бұл көйлетер жоғарғы жағы беліңіз бен ішіңізді жинап тұратын корсет пен кең етекті, қат-қабатты белдемшеден тұрады. Қалыңдардың көбі өз таңдауларын осы көйлектерге береді. Себебі мұндай той көйлектер төсті көтеріп, ішіңізді жинап сіздің келбетіңізді айшықтауға арналған. Кең етек көйлектерге кез келген әшекей жараса кетеді. Өкінішке орай бойы аласа, толықша келген бойжеткендер мұндай балдық көйлектерді таңдамағаны дұрыс. Егер балға киетін көйлекті ілмектерінсіз (лямка) таңдасаңыз, ұзын көйлектің түсіндей қолғап сіздің образыңызды толықтырып, әдемілігіңізді аша түседі.

C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\su-perisi-k--ylegi-215x300.jpg

4. «Су перісі» көйлегі немесе Годе көйлектері
Денеге жабысып, пішініңізді анықтап тұратын, тізеге дейін денемен дене болып, тізеден төмен қысқа кең етек түскен мұндай көйлектерді әдетте өзіне не керегін білетін батыл нәзік жандылар таңдайды. Гауһардай жарқыраған тастармен көмкерілген, етегінің артқы жағы жайыла біткен су перісін елестетін той көйлектер ешқашан сәннен қалған емес. Дене бітіміңізді айқындап көрсеткіңіз келсе, сізге осы көйлек жарайды.

C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\--yis--a-etek-k--ylekteri-225x300.jpg

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ұлттық киімдері туралы ақпарат
Мини ұзындықтағы сәнді көйлектер
Қазақ халқы ұлттық киімдері
Қазақтың ұлттық киімі
Қою түсті көйлектер
Cөз әдебі
Қазақ ұлтты киімінің тарихы
Ұлттық киімдер
Фото сурет Әйелдердің ежелгі киімдер
«Жеңіл киімнің технологиясы» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын орындаудың тапсырмасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz