Жер жұмыстарының технологиясы және топырақты жасанды тығыздау


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Геодезия және құрылыс » кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: «Жер жұмыстарының технологиясы және топырақты жасанды тығыздау»
Орындаған: : Жекей Н.
Тексерген: Уркинбаева Ж. И
Топ: ст-309с
Семей-2015
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ғимараттың жер жұмыстарына сипаттамасы
2. Аймақты инженерлік дайындау
3. Жер жұмыстарының көлемін анықтау
4. Топырақты пневматикалық немесе жұдырықша тәріздес машиналармен тығыздау
Қортынды.
Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе:
Ғимараттың жер жұмыстарының технологиялық сипаттамасы-жер жұмыстарының құрамна және жұмыс түріне тікелей байланысты болады. Олардың құрамына; құрылыс аймағы мен алаңдарды тегістеу, қазан шұнқырлар мен орларды қазу, топырақты алдын ала қопсыту, ой жерлерге топырақ толтыру, су ағызу, су бұру, су денгейін төмендету жұмыстары жатады.
Топырақты тығыздау - бұл топырақтың сыртқы күш әсерінен қайтымсыз деформациялану процесі. Топырақ массасының көлемі оның қуыстарындағы бос су мен ауаны шығару есебінен кішірейіп, ал тығыздығы артады. Топырақтың тығыздалу дәрежесі тығыздықтың нақты шамасының максимал стандарт шамасының (прибор көмегімен анықталған) қатынасына тең тығыздалу коэффициентімен сипатталады. Ғимараттың жауаптылық деңгейіне қарай тықыздалу коэффициентін Ктығ. 0, 9-дан 1-ге дейін етіп алынады. Құрылыстағы барлық топырақ тығыздау процестері толықтай механикаландырылған. Оларды машиналар мен жабдықтар көмегімен жүзеге асырады. Былай жіктеледі: топыраққа әсер ететін күш сипатына қарай ; жұмысшы органның топырақтың тығыздалған аймағына қатысты орын ауыстыру тәсіліне қарай. Бірінші белгі бойынша машиналар былай ажыратылады: 1-статикалық әсер ететін (домалату) ; 2-динамикалық әсер ететін (таптау және вибротаптау) ; 3-аралас әсер ететін. Екінші белгі бойынша былай ажыратылады: өздігінен жүретін, тартқыштар көмегімен орын ауыстыратын сүйремелі және жартылай сүйремелі; жұмысшы органдары аспалы машиналар; топыраққа көлбеу күшпен әсер ету нәтижесіндегі импульсивті реактивті күштер есебінен орын ауыстыратын жабдықтар (виброплиталар) . Тығыздаудың 2 сатылы әдісі ұсынылады. Алдын-ала - жеңіл машинамен және ақырғы - ауыр машинамен. Бұл әдіс бойынша бір орындағы жалпы өтістер мен соққылар саны 25%-ға дейін, ал жұмыс көлемі 30%-ға дейін қысқарады. Топырақты домалату арқылы тығыздау үшін мыналар қолданылады:
Ғимараттың жер жұмыстарына сипаттамасы
Ғимараттың жер жұмыстарының технологиялық сипаттамасы-жер жұмыстарының құрамна және жұмыс түріне тікелей байланысты болады. Олардың құрамына; құрылыс аймағы мен алаңдарды тегістеу, қазан шұнқырлар мен орларды қазу, топырақты алдын ала қопсыту, ой жерлерге топырақ толтыру, су ағызу, су бұру, су денгейін төмендету жұмыстары жатады.
Жер жұмыстарының көлемі мен сипаттамасы тұрғызылатын үймереттермен ғимарат көлеміне жобалық және құрылымдық шешімдерінің ерекшеліктерімен анықталады.
Жер жұмыстарының барлық процестері кешенді механикаландыру әдісін және жұмыс өндірісінің тиімді тәсілдерін қолдана отырып іске асыру керек.
Жер жұмыстарын орындайтын машиналарды тандау топырақ түріне, жердің геологиялық шарыттарына, жер бедеріне жер жұмыстарының көлемі мен тереңдігіне, жұмысты орындау жағдайына, көлік құралдарына және топырақтарды ауыстыру қашықтығына байланысты.
Аймақты инженерлік дайындау
Негізгі жер жұмысары тек аймақты инженерлік дайындығы аяқталған соң ғана басталады. Оның ішіне мына жұмыстар кіреді:
- Учаскені ағаш және тал-шіліктен тазалау
- жерді құрғату,
- Жерасты суларының денгейін төмендету
- Су бүрғыш канал жасау
- Уақытша ішкі алаңдық жолдар салу
Жер жұмыстарының көлемін анықтау .
Жер жұмыстары кешенді кешенді процесс болып табылады. Оның құрамына әетте топырақты үйіндіге төгіп немесе көлік құралдарына артып өндеу, оны ауыстыру, табанды тазалау, топырақты тазалау, топырақты тегістеу және тығыздау жұмыстары жатады.
Осы жұмыстардың барлық түрі олардың көлемдеріне байланысты негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі жұмыстар көлемі, енбек сиымдылығы және құны бойынша үлкен үлес салмағымен сипатталады.
Жер ғимараттарының көлемі топырақтың тығыз денедегі геометриялық мөлшері бойынша есептеледі.
Жерасты жұмыстарын есептеу үшін қазан шұнқырлар қазылады. Осы қазан гұнқырлардың көлемі мына формуламен есептеледі;
V ш = Н/6=[(2a+a 1 ) в+(2a 1 +a) в 1 , м 3 ]
Мұндағы; Н- қазан шұнқырлардың терендігі, м . а 1 в 1 - қазан шұнқырлардың үсті бойынша сәйкес ұзындығы мен ені. м.
Жер жұмыстарының көлемін дұрыс есептеу үшін қазан шұнқыр және ұзын орлардыңмөлшерін жұмыс өндірісінің жағдайын есепке ала отырып анықтау керек.
Жерасты жұмыстарын орындағанда ен алдымен, ірге тасқа ұзын ор өнделген жағдайда оның түбінің ені іргетас табанының еніне тең етіп алынады, және құмнан немесе бетоннан дайындық жасау үшін, әр жағынан 0, 2м қосады.
Ғимараттың жұмыс сызбалары бойынша қазан шұнқырлар немесе ұзын орлардың мөлшерін анықтау, ен алдымен табан белгісін табады, сосын қазан шұнқырлардың төменгі ені мен ұзындығын анықтайды.
Үймерет ірге тас қазан шұнқырлары әдетте жұмыс тереңдігі қара және қызыл сызықтар белгісінің айырмасымен анықталады.
Артық топырақтың көлемі (V ар ) мына формуламен шығаруға болады.
Мұндағы ; Қ кк - топырақ қалдықтарын қопсыту коэфиценті, V ж , V қ - топырақтың және қуыстардың көлемі.
V ар =V ж -V к /К кк
Кейбір есептеулерде қазан шұнқырлар терендігі 5 м ден көбірек болса және қолайсыз гидрогеологиялық жағдайларда қазан шұнқырлармен қазылатын орлардың еніс құламасы жобада белгіленген есеппен алынады.
Барлық жағдайларда жер асты жұмыстарының технологиялық есептелуі, тұрғызылатын ғимараттың шарт жадайын толықтай қамтаматсыздандыра алуы керек.
Топырақты пневматикалық немесе жұдырықша тәріздес машиналармен тығыздау
4- домалатқышы жұдырықшалы өздігінен жүретін
5-пневможазғыштар
Сурет 1. Металл білікті тіркемелі каток: 1-цилиндр формалы қуысденелі білік; 2-рамалар; 3-терте (дышла) ; 4-тіркегіш құрылғы; 5-қаптал қысқыштар (білік рамамен қаптал қысқыштардағы подшипниктер көмегіен байланысқан) ; 6-массаға арналған балластты люк (құмды) ; 7-білікті жабысқан топырақтан тазалайтын қырғыш. Біліктер жылтыр немесе шахматты ретпен орналастырылған жұдырықшалы болуы мүмкін. Үлкен аумақтардағы топырақты жазу үшін екі - бес және одан да көп домалағыштардан тұратын траверсалармен байланыстырылған тіркемелер қолданылады.
Сурет 2. Трактор - тартқышты домалағыштары бар тіркемелер Жылтыр домалағыштар топырақты 0, 15-0, 2м қабаттап тығыздайды. Өту жылдамдығы бірінші және соңғы екі өтістерде 1, 5-2, 5 км/сағат, ал аралық өтістерде 8-10 км/сағат. Жұдырықшалы домалағыштар қопсыта байланысқан топырақтарды тығыздау жұмыстарында тиімді болып табылады. Торлы домалағыштар - аса ылғал, қопсытылған тоң топырақтарын және ірі тау жыныстарын өңдеу кезінде қолданылады. Тіркемелі пневмодөңгелекті домалағыштар мыналардан тұрады: - тартқышпен байланысқан тертелі (дышло) және тіркегіш құралды рама; - рамамен бір ось арқылы немесе балансирлер арқылы байланысқан төрт немесе бес пневмодөңгелектер; - балластты жәшіктер. Оларды топырақтарды, сондай-ақ гравийлі және щебеньді негіздерді, асфальтбетонның қара қоспасын тығыздау үшін қолданады. V=11-15 км/сағатта 5-10 өтіс. Автомобиль дөңгелектері - аз байланысты және орташа байланысқан топырақтар үшін, ал авиация дөңгелектері - ауыр саздақтар мен байланысы жоғары саздар үшін қолданылады. Өздігінен жүретін пневмодөңгелекті домалағыштар былай жіктеледі: 1-жеңіл (10-15т) ; 2-орташа (20-30т) ; 3-ауыр (40-50т) . Динамикалық әсер ететін топырақ тығыздағыш машиналар мен жабдықтарды қарастырайық.
Таптағыш машина
Таптағыш жұмысшы органдары: шойын, темірбетон плиталарды (дөңгелек, квадрат) біршөмішті экскаваторларға немесе басқа да машиналарға асады. Массасы 1, 5-0, 8т, тірек беті - 1 м2, көтеру биіктігі - 1, 2-2м; 3-6 соққы лақтырады, тығыздау тереңдігі - 0, 8-1, 5м. Жұмыс циклінің ұзақтығы 12-20 секунд. Жұмыс өнімділігі төмен. Шектеулі түрде қол жетімділігі қиын орындарда қолданылады. Трактор базасындағы өздігінен жүретін таптау машиналары. Әрқайсысының массасы 1, 3 т шойын плиталар (2) таптау орнына (1) 3-6 соққы түсіргеннен кейін V=160-320 м/сағат көлемде 1, 2 м тереңдікке тығыздайды. Виброплиталар - шектеулі беттегі байланыспаған немесе әлсіз байланысқан топырақтарды тығыздауға арналған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz