Мұнай өнімдерін тасымалдаудың ерекшеліктері жайлы мәлімет



1. Мұнай өнімдерін тасымалдаудың ерекшеліктері
2. Қазақстан республикасында мұнай мен газды тасымалдау
3. Мұнайды құбырлармен тасымалдау.
4. Магистральдық құбырды есептеу.
Мұнай мен газды алыс қашықтыққа тасымалдаудың үш негізгі түрі бар: сумен, теміржолмен және құбырлар арқылы тасымалдау. Газ күйіндегі газды тек құбырлар арқылы ғана тасымалдайды. Су транспорттары танкерлер мен баржалар (лихтерлер) арқылы мұнайды, мұнай өнімдерін және сұйытылған газдарды кез келген мөлшерде тасымалдайды. Су жолы, әдетте теміржол және құбырлардың ұзындығына қарағанда, ұзын болады. Сондықтан бірқатар жағдайларда тасымалдауға кететін шығындар да көп болуы мүмкін. Оған қоса, солтүстік кеңдіктердегі сумен тасымалдаудың тек мезгілдік сипаты болады.Теміржол көлігімен цистерналар, бункерлер және ыдыстармен барлық мұнай өнімдері, мұнай және сұйытылған газдар тасымалданады. Алайда, жаппай тасымалдау үшін теміржол көлігін пайдалану көп жағдайларда тиімсіз. Салыстырмалы түрде аз өндірілетін мұнай өнімдері — әр түрлі сортты майлар, мазуттар, әсіресе битум мен парафиндер үшін теміржол алыс қашықтықтарға тасымалдаудың негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Мұнай мен газдың көп мөлшерін кез келген қашықтыққа тасымалдаудың экономикалық тұрғыдан ең тиімдісі — құбырлық тасымалдау.Тасымалдаудың осы үш түрінен басқа, автокөлікпен тасымалдаудың да маңызы зор. Автокөлікпен тасымалдаудың негізгі мақсаты — автоцистерналар немесе ұсақ ыдыстармен дайын мұнай өнімдерін ірі мұнай базаларынан ұсақ мұнай базаларына және одан әрі тұтынушыларға дейін жеткізу болып табылады.
Қазақстан республикасында мұнай мен газды тасымалдау
Қазақстан үшін мұнай мен газ өндірісінің ұлғаюы болжамдарын ескере отырып, мұнай-газ тасымалдау инфрақұрлымын дамыту мәселесі күннен күнге маңызды болуда, жаңа экспорттық жүйелерді салу және қолда барын кеңейту жөніндегі жұмыс өзекті болып табылады.
Мұнай-газ ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан тасымалдау шығындары барынша төмендетілген жағдайда қазақстандық көмірсутегілерін неғұрлым тартымды сату нарықтарына тасымалдау жөніндегі жобаларды іздеуді және іске асыруды жалғастыруы тиіс. Мұнай мен газды экспорттау қуаттары мен бағыттарының дамуы өндіру мен ішкі тұтынудың перспективті көлемдеріне, транзиттік елдермен ұзақ мерзімді уағдаластықтардың болуына, сұраныс деңгейіне және әлемдік тұтыну нарықтарындағы жағдайға сәйкес келуі тиіс.
1. Қазақстан Республикасының мұнай – газ саласын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы, 2010 жыл, Астана.
2.У.Ж.Шалболова, С.М. Егембердиева, Л.А.Казбекова Научно- технологическое развития нефтегазового комплекса Сб. Научн. Трудов Алматы 378-385с.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Мұнай өнімдерін тасымалдаудың ерекшеліктері

Орындаған: Жумагалиев А.А
Топ:ОП-413
Тексерген: Жумадилова Г.А

2015 ж

Жоспар
1. Мұнай өнімдерін тасымалдаудың ерекшеліктері
2. Қазақстан республикасында мұнай мен газды тасымалдау
3. Мұнайды құбырлармен тасымалдау.
4. Магистральдық құбырды есептеу.

Мұнай өнімдерін тасымалдаудың ерекшеліктері
Мұнай мен газды алыс қашықтыққа тасымалдаудың үш негізгі түрі бар: сумен, теміржолмен және құбырлар арқылы тасымалдау. Газ күйіндегі газды тек құбырлар арқылы ғана тасымалдайды. Су транспорттары танкерлер мен баржалар (лихтерлер) арқылы мұнайды, мұнай өнімдерін және сұйытылған газдарды кез келген мөлшерде тасымалдайды. Су жолы, әдетте теміржол және құбырлардың ұзындығына қарағанда, ұзын болады. Сондықтан бірқатар жағдайларда тасымалдауға кететін шығындар да көп болуы мүмкін. Оған қоса, солтүстік кеңдіктердегі сумен тасымалдаудың тек мезгілдік сипаты болады.Теміржол көлігімен цистерналар, бункерлер және ыдыстармен барлық мұнай өнімдері, мұнай және сұйытылған газдар тасымалданады. Алайда, жаппай тасымалдау үшін теміржол көлігін пайдалану көп жағдайларда тиімсіз. Салыстырмалы түрде аз өндірілетін мұнай өнімдері -- әр түрлі сортты майлар, мазуттар, әсіресе битум мен парафиндер үшін теміржол алыс қашықтықтарға тасымалдаудың негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Мұнай мен газдың көп мөлшерін кез келген қашықтыққа тасымалдаудың экономикалық тұрғыдан ең тиімдісі -- құбырлық тасымалдау.Тасымалдаудың осы үш түрінен басқа, автокөлікпен тасымалдаудың да маңызы зор. Автокөлікпен тасымалдаудың негізгі мақсаты -- автоцистерналар немесе ұсақ ыдыстармен дайын мұнай өнімдерін ірі мұнай базаларынан ұсақ мұнай базаларына және одан әрі тұтынушыларға дейін жеткізу болып табылады.
Қазақстан республикасында мұнай мен газды тасымалдау
Қазақстан үшін мұнай мен газ өндірісінің ұлғаюы болжамдарын ескере отырып, мұнай-газ тасымалдау инфрақұрлымын дамыту мәселесі күннен күнге маңызды болуда, жаңа экспорттық жүйелерді салу және қолда барын кеңейту жөніндегі жұмыс өзекті болып табылады.
Мұнай-газ ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан тасымалдау шығындары барынша төмендетілген жағдайда қазақстандық көмірсутегілерін неғұрлым тартымды сату нарықтарына тасымалдау жөніндегі жобаларды іздеуді және іске асыруды жалғастыруы тиіс. Мұнай мен газды экспорттау қуаттары мен бағыттарының дамуы өндіру мен ішкі тұтынудың перспективті көлемдеріне, транзиттік елдермен ұзақ мерзімді уағдаластықтардың болуына, сұраныс деңгейіне және әлемдік тұтыну нарықтарындағы жағдайға сәйкес келуі тиіс. Мұнай экспортының болжамды көлемдерін бағалау бойынша 75 млн. тоннаға дейін өсу көзделеді.

1 кесте - Мұнай экспортының көлемдері және 2014 жылға дейінгі болжам
млн. тонна
Жылдар
2009ж
2010ж
2011ж
2012ж
2013ж
2014ж
Мұнай экспортының көлемі
68,1
73,0
73,0
74,0
74,0
75,0
%, (алдыңғы жылдармен салыстырғанда)
109,8
107,2
100,0
101,4
100,0
101,4

Қазақстан мұнайын тасымалдаудың экспорттық бағыттарын дамыту және әртараптандыру мақсатымен мына жобаларды іске асыру жөніндегі жұмыс жүргізілуде: Каспий Құбыр арнасы Консорциумы мұнай құбырын кезең-кезеңмен кеңейту, Баку - Тбилиси - Джейхан құбырына қосып, Қазақстан Каспий Тасымалдау Жүйесін құру (бұдан әрі - ҚКТЖ) және Қазақстан-Қытай мұнай құбырының өткізу қабілетін ұлғайту. Қазақстандық мұнай экспорты көлемдерінің негізгі бағыттары келесі 2-кестеде көрсетілген:
Мұнай құбырларын кеңейту жобаларын ескере отырып мұнай мен газ конденсатын теңдестірілген өндіру кезінде экспорт негізгі екі - Каспий Құбыр арнасы Консорциумы және Қазақстан-Қытай бағыттары бойынша ұлғайтылатын болады. Ақтау теңіз порты бағытында темір жолмен тасымалдау көлемін бірте-бірте азайту болжанып отыр.

Мұнайды құбырлармен тасымалдау.
Мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдаудың ең тиімді түрі -- құбырлық тасымал.Тасымалдаудың бұл түрінің артықшылықтары:
1) өнімдерді айтарлықтай үлкен қашықтыққа тасымалдаудың өзіндік құнының төмен болуы;
2) өнімдерді үздіксіз беру;
3) автоматтандыру үшін кең мүмкіндіктің болуы;
4) тасымалдау кезінде мұнай және мұнай өнімдерінің шығындарының азаюы;
5) егер экономикалық жағынан тиімді болса, өте қысқа қашықтыққа құбырларды жүргізу мүмкіндігі. Өнімді айтарлықтай үлкен қашықтыққа айдайтын құбырларды магистральдық құбырлар деп атайды. 56-суретте Қазақстан территориясындағы мұнай құбырларының орналасу сұлбасы көрсетілген. Айдалатын сұйықтыққа байланысты магистральдық құбырлар да сәйкесінше: мұнай айдайтындары -- мұнай құбырлары, сұйық мұнай өнімдерін, мысалы бензин, керосин, дизельдік отын, мазут айдайтындары мұнайөнімдік құбырлар деп аталады.
Магистральдық мұнай құбырлары жылдың барлық мезгілдерінде тәулік бойы жұмыс істейді. Оның диаметрі мен ұзындығы салыстырмалы түрде айтарлықтай үлкен болады. Олармен мұнай айдау кезінде 5,0-6,5 МПа қысым жасалады. Магистральдық құбыр мынадай бөліктерден: 1) құбырдан; 2) бір немесе бірнеше сорғы станцияларынан; 3) байланыс құралдарынан тұрады.Магистральдық құбыр ұзындығы, диаметрі, өткізгіштік қабілетімен және айдау станцияларының саны сияқты көрсеткіштермен сипатталады. Қазіргі заманғы магистральдың құбырлардың ұзындығы 1000 км-ге дейін жетеді, олар үлкен қуаттылықтағы басты, аралық айдайтын (сорғылық) станциялардың, сондай-ақ барлық қажетті өндірістік және қосымша құрылыстары бар құйғыш станциялардың кешені мен жабдықталған өзіндік транспорттық мекеме болып табылады. Олардың өткізгіштік қабілеттілігі жылына 50 млн. тонна мұнай және одан да көп болады. Мұндай құбырларды болат құбырлардан шартты диаметрлерін 500, 700, 800, 1000, 1200 және 1400 мм етіп жасайды.Мұнай мен мұнай өнімдерін алыс қашықтыққа тасымалдағанда құбырдағы айтарлықтай гидравликалық кедергіні жеңуге тура келеді. Сондықтан, егер бір айдау сорғы станциясы берілген қысым кезінде айдаудың қалыпты режимін қамтамасыз ете алмаса, онда құбырдың ұзындығы бойына бірнеше станцияларды орнатады. Құбырмен тасымалдау экономикалық жағынан тиімділігімен қатар, жыл бойы жұмыс жасауды қамтамасыз етеді және тасымалдаудың басқа түрлерінен ерекшелігі, табиғи жағдайларға тіпті байланыссыз болады. Осыған байланысты жыл сайын магистральдық құбырлардың ұзындығы артып келеді. Өнімді айдау принципі бойынша практикада екі жүйе қолданылады: 1) станциялық және 2) транзиттік.
Айдаудың станциялық жүйесі мұнай немесе мұнай өнімдері аралық айдау станциял арының резервуарларына келіп, оларды толтырып, одан әрі қарай келесі станцияларға айдалатындығымен сипатталады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Польша мемлекеті
Қазақстандағы көліктік саяхаттарды жоспарлау
Мұнай өнімдерін тасымалдаудың ерекшеліктері жайлы
Мұнай өнімдерін тасымалдаудың ерекшеліктері
Қазақстанның мен Қытай арасында халықаралық транзиттік тасымалдар мәселелерінің заңдылықтары
КӘСІПОРЫН ТАУАР ӨНДІРУШІ РЕТІНДЕ
Мұнай тасымалдау бекеттері
Мұнай өнімдерін тасымалдаудың ерекшеліктері жайлы ақпарат
Теміржол көлігінің Қазақстан экономикасындағы маңызы
Тасымалдау шартының сипаттамасы
Пәндер