Қабыну жайлы мәлімет



I. Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Қабыну этиологиясы
2. Қабынудың түрлері
3. Қабынулық реакция морфологиясы

III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қабыну (лат.— inflammatio, грек.— phlogosis) көптеген аурулардың даму негізінде жатады.
Қабыну деп жануарлардың даму сатыларында пайда болған, жергілікті бүлінуге жауап ретінде дамитын, микроциркуляциялық арналардың, қан жүйесінің, дәнекер тіннің бүліндіргіш әсерді шектеп аластауға, бүлінген тінді қалпына келтіруге бағытталған сатылы өзгерістерімен көрінетін біртектес дерттік үрдісті түсінеді.
Қабыну өзіне тән ішкі заңдылықпен дамиды және алдыңғы сатысы кейінгілерінің пайда болуына әкеледі. Қабынудың дамуында жергілікті механизмдер нервтік-эндокриндік реттеу жүйелерінің әсерлерінен басымырақ байқалады. Бірақ қабыну басқа біртектес дерттік үрдістермен (дене қызуымен, аллергиямен, стреспен, иммундық серпілістермен) тығыз байланысты болғандықтан организмнің, жергілікті ғана емес, жалпы серпілістерін көрсетеді.
Қабыну үрдісі кез келген жағдайларда үш құбылыстан (компоненттен): әлтерациядан, микроциркуляцияның бұзылыстары мен экссудациядан және пролиферациядан тұрады. Қабынудың бұл құбылыстары жиі бір мезгілде пайда болады. Бірақ, қабынудың алғашқы құбылысы болып әрқашан бірінші әлтерация есептеледі, ал пролиферация қабынудың соңғы сатысына тән.
Қабынудың сыртқы белгілері өте ертеден белгілі. Оларды Цельс пен Гален бұдан 2000 жылдай бұрын жазып қалдырған. Оларға домбығу (tumor), қызару (rubor), қызу (color), ауыру (dolor) және қызметінің бұзылуы (function laesa) жатады.
1. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Орысшадан аударған доцент М.Т. Айтқүлов\\ Алматы: "Орталық Қазақстан" БПК, "Қазақстан".- 1993.-170 б.
2. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Орысшадан аударған доцент М.Т. Айтқүлов \\ Алматы, Карағанды:"Ғылым", "Қазақстан". - 1996.- 2-бөлім, 1-кітап, 175-274 б.
3. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Орысшадан аударған доцент М. Айтқұлов \\ Алматы, Карағанды:"Ғылым", "Қазақстан". - 1996.- 2-бөлім, 2-кітап, 275-535 б.
4. Ахметов Ж.Б. В. Патологиялық анатомия \\ Алматы,- 2003, 393 б.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Аграрлық факультеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы: Қабыну

Орындаған:Темешова Ж.А.
Тобы:ВС-203
Тексерген:Нуркенова М.К.

Семей 2015 ж
Жоспар:

I. Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Қабыну этиологиясы
2. Қабынудың түрлері
3. Қабынулық реакция морфологиясы

III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қабыну (лат. -- inflammatio, грек. -- phlogosis) көптеген аурулардың даму негізінде жатады.
Қабыну деп жануарлардың даму сатыларында пайда болған, жергілікті бүлінуге жауап ретінде дамитын, микроциркуляциялық арналардың, қан жүйесінің, дәнекер тіннің бүліндіргіш әсерді шектеп аластауға, бүлінген тінді қалпына келтіруге бағытталған сатылы өзгерістерімен көрінетін біртектес дерттік үрдісті түсінеді.
Қабыну өзіне тән ішкі заңдылықпен дамиды және алдыңғы сатысы кейінгілерінің пайда болуына әкеледі. Қабынудың дамуында жергілікті механизмдер нервтік-эндокриндік реттеу жүйелерінің әсерлерінен басымырақ байқалады. Бірақ қабыну басқа біртектес дерттік үрдістермен (дене қызуымен, аллергиямен, стреспен, иммундық серпілістермен) тығыз байланысты болғандықтан организмнің, жергілікті ғана емес, жалпы серпілістерін көрсетеді.
Қабыну үрдісі кез келген жағдайларда үш құбылыстан (компоненттен): әлтерациядан, микроциркуляцияның бұзылыстары мен экссудациядан және пролиферациядан тұрады. Қабынудың бұл құбылыстары жиі бір мезгілде пайда болады. Бірақ, қабынудың алғашқы құбылысы болып әрқашан бірінші әлтерация есептеледі, ал пролиферация қабынудың соңғы сатысына тән.
Қабынудың сыртқы белгілері өте ертеден белгілі. Оларды Цельс пен Гален бұдан 2000 жылдай бұрын жазып қалдырған. Оларға домбығу (tumor), қызару (rubor), қызу (color), ауыру (dolor) және қызметінің бұзылуы (function laesa) жатады.

Этиологиясы
Қабыну туындатқан себебіне қарай инфекциялық және бейинфекциялық болып бөлінеді. Қабыну туындататын барлық ықпалдар экзогендік (сыртқы) және эндогендік (ішкі)болып екі топқа бөлінеді. Сыртқы ықпалдарға микроорганизмдер (бактериялар, вирустар); жануарлар организмдері (қарапайымдар, құрттар, жәндіктер); химиялық заттар (қышқылдар, сілтілер); механикалық (бөгде денелер, жарақат, қысым) және температуралық әсерлер (суық, ыстық); сәуле қуаттары (радийбелсенді, ультракүлгін және рентген сәулелері) жатады. Қабынуды туындататын организмнің ішкі ықпалдарына: тромбоз, қан құйылу, тас құрылу, микроциркуляцияның, зат алмасуының бұзылыстары ж.б. жатады. Әлеуметтік орта құбылыстарының әсерлерінен дамитын жандүниелік күйзелістер, эмоциялық зорлануларда қабынудың себебі болуы ықтимал. Олар қан айналым бұзылыстарына, зат алмасудың өзгерістеріне (май қышқылдарының асқын тотығуына) әкеліп, жергілікті ағзаның (асқазанның, жүректің ж. б.) кейбір, кейде тіпті әдеттегі, қоздырғыштарға төзімділігі әлсіретуі мүмкін.
Қабынудың түрлері
Альтеративтик қабыну
Альтеративтик қабыну тиканьдердің, әсіресе мүшелердің паренхимасы зақымдалуының басымырақ дамуымен сипатталады.Тамырлар мен мезенхиманың реакциясы нашар дамып, зақымдалу некрозмен бенеленсе, қабынуды - никроздық қабыну деп атайды. Кейбір ғалымдар осы жағдайға сүйеніп, альтеративтик қабынуды қабыну процесінің жеке түрине жатқызбайды.
Альтеративтик қабыну көбінесе қүрамында паренхима басым мүшелерде. ми мен жұлынның тиканьдерінде, перифериялық нервтерде дамыды.
Морфологиялық көрінісіне паренхималық мүшелердің болжырап, түрі көмескіленіп, кесіндісінің беткейінің пісекн етке ұқсастануы тән.
Альтеративтік қабыну турлі химиялық заттардың және бактериялардың уының әсерінен дамыды. Кейде ол оганизимның сезімталдығы артуының жедел типін бенелеуі мүмкін.
Ақыры тканьдердың зақымдалу дәрежесіне байланысты болады; некроздық өзгерістер склерозбен аяқталады.
Альтеративтік қабынудың организімге әсері зақымдалған мүшенің маңызы мен оның зақымдалуы дәрежесіне байланысты болатыны белгілі. Миокард пен нерв жүйесінде дамыған альтеративтік қабынудың организмге қатері ерекше.

Экссудативтік қабыну

Экссудативтік ( жалқықты ) қабыну микроцикуляторлық арна ( МЦА ) тамырларының реакциясының басымдылығымен және экссудат (жалқық) түзілуімен сипатталады. Жалқықтың құрамында қарай экссудативтік қабыну:
*
* ұйымалы ;
* фибринді ;
* 3)ірінді ;
* шіритін ;
* геморрагиялық ;
* катаральдық ;
* аралас болып бөлінеді.

Ұйымалы қабыну құрамында 2 процентке жуық белок бар және аз мөлшерде клеткалар араласқан жалқық қалыптасуымен сипатталады. Қабынудың бұл түрі, әдетте жедел ағымды.
Ұйымалы қабыну сірі қабықшалы қуыстарда, кілегейлі қабықшаларда, ми қабықшаларында, кейде ішкі мүшелерде, теріде дамиды.
Сірлі қабықшалы қуыстар мен ми қабыұшаларының құрамында, жалқықтың басқа түрлеріне қарағанда, клеткалар мен белок аз, бірақ сірі қабықшаларынан сыдырылған мезотелий мен біренсаран нейтрофилдер қосылып ылайланған сұйықтық - ұйымалы жалқық жиналады. Кілегейлі қабықшалар қабынғанда жалқыққа олардан сыдырылған эпителий мен жалқаяқ (слиз) араласып, қан кернеп, еілегейлі қабақшаның ұйымалы қабынуы дамиды. Бауырда сұйықтық синусоидальдық кеңістіктердің төңірегіне жиналса, миокардта - бұлшық ет талшықтарының арасына, бүйректерде - Шумлянский - Боумен шумақтарының сыртқы қабықшасымен шектелген саңылауларына жиналады.Тері ұйымалы қабынуға шалдыққанда оның эпидермисінің астына ылайлау сұйықтық шоғырланып, күлдіреген жерлер пайда болады. Кейде эпидермистің астына тым иол жиналған жалқық, оны сыдыра көтеріп, ірі күлдіреу қуыстарын қалыптастырады.
Ұйымалы қабыну ыстық пен суық температуралардың және химиялық факторлардың, организмнің өз уларының (мысалы, тиреотоксикозда, уремияда), туберкулез микобактериясы, Фрекельдің диплококкі, менингокок, шигеллалар сияқты инфекциялық агенттердің әсерінен дамиды.
Ұйымалы қабыну, әдетте зардапсыз, организмге жайлы өзгерістермен аяқталып, мол жиналған жалқықтың өзінен де із қалмайды. Ішкі мүшелерде (бауырда, жүректе, бүйректерде) дамыған ұйымалы қабынудың ақыр - салдары ретінде кейде склероз өрістейді.

Фибринді қабыну қантамырларынан шығып, фибринге айналған фибриноген өте мол араласқан жалқақ қалыптасумен сипатталады.
Қабынудың альтеративтік фазасы кезінде клеткалар жойыларда бөлінетін тромбопластин фибриногенің фибрінге айналуын үдетіп, фибринді қабынудың дамуына жағдай туғызады.
Фибринді қабыну кілегейлі және сірі қабықшаларда дамиды; фибриноздық жалқақ мүшелердің ішкі қабаттарында сирек түзіледі.
Кілегейлі немесе сірі қабықшалардың бетінде астындағы тканьдармен тығыз біріккен немесе бірікпеген ақшыл - сұр жұқа қабыршық - фибринді қабыршық пайда болады. Егер фибринді қабыршық астындағы тканьмен тығыз бірікпей, одан жеңіл сыдырылса - крупоздық қабыну деп (шотландша: croup - құс тіліндегі қабыршық); ал астындағы тканьмен тығыз жалғасып, күшпен сыдырылса - дифтериттік қабыну деп аталады (грекше: diphtera - көн қабық).
Крупоздық қабыну некроз терең қамтымай, фибрин соған ғана сіңгенде дамиды.Сондықтан, ол кілегейлі және сірі қабықшалардың беткейін ғана қамтып,олармен тығыз бірікпей, бос жатып, күңгірт - боз рең береді. Кейде қабыршықтың беті оған кебек немесе ағаш ұнтағын сеуіп қойғандай болады.Крупоздық қабынуға шалдыққан кілегейлі қабықша ісініп,қалыңдайды.Фибринді қабық сыдырылғанда оның үстіңгі қабатын ғана қамтитын ақау пайда болады.Сірі қабықша көмескіленіп ,бұдырланып ,фибрин түскендіктен биткейі түк өскендей кейіпте болады.Әсіресе бұндай көрініс эпикардтта айқын байқалады;жүректі сырт пішініне қарап-түкті жүрекдеп айтады.Тап осындай көрініс плеврадан да байқалады.Крупоздық қабыну өкпеде де дамиды(крупоздық пневмония).
Фибринді қабынудың қандай түрі дамитындығы (крупоздық па әлде дифтериттік пе) тканьнің зақымдалу тереңдігіне ғана емес,кілегейлі қабықшаның эпителинің түріне де байланысты.Кілегейлі қабаты көпқабатты жалпақ эпителиймен жабылған мүшелерде (ауызда,жұтқыншақта,бадамша бездерде,бөбешікте,өңеште,дыбыс сіңірлерінде,жатыр мойнында)микроз бен сіңген фибрин эпителидің қалындығымен ғана шектелгенімен,әдетте фибринді қабыршық эпителимен тығыс бірігеді.Өйткені,астындағы дәнекер тканьмен тығыс біріккен жалпақ эпителидың клеткалары фибринмен шырмалып, фибринді қабыршықты бекем ұстап тұрады.
Кілегейлі қабаты призма бітімді эпителимен жабылған мүшелердың (тыныс жолдарының жоғарғы бөлігінің,қарын-ішек жолдарының ж.б.) эпителийі астындағы тканьдерге берік бекімегендіктен,фибрин оларға терең сіңгеннін өзінде де фибриндік қабыршық эпителиймен бірге оңай сыдырылады.Осының салдарынан этиологияси ортақ жұтқыншақ пен көмейдің фибриноздық қабынуының клиникалық маңызы бірдей болмайды.Мысалы,дифтерияда бадамша бездердегі фибринді қабыршық астындағы тканьдермен тығыз бірігіп,өнің астында өніп көбейген микробтардың уы органызмда уландырса,кеңірдектегі фибриндік қабыршық эпителиймен,оның астындағы тканьдермен бірге оп-оңай сыдырылады.Соңғы жағдайда организм жеңіл дәрежеде уланғанмен,оған басқа қауп төнеді-сыдырылған фибринді қабыршақ тыныс жолдары бітеп,тұншығудың себебі болу мүмкін.
Фибринді қабынудың даму себептері алуан түрлі.Оны Франкель диплококкі,стерептококктар мен стафилококктар,туберкулез микробактериясы,гриптің вирусы,дифтерия мен дизентерияны қоздырушы бактериялар дамыту мүмкін.Фибринді қабинуды инфекциялық агенттар ғана емес,эндогендік (мысалы,уремияда) немесе экзогендік (алмаспен уланғанда) улар да дамитады.
Фибринді қабинудың ағымы көбінесе жедел.Бірақ,сірі қабықшалардың туберкулезінде ол, әдетте созылмалы сипатта да өтуі мүмкін.
Кілегейлі қабықша мен сірі қабықшада дамыған фибринді қабынуда айырмашылық бар. Кілегейді фибринді қабыршық еріп барып, сыдырылып түседі. Бұл процесте нейтрофилдер үлкен роль атқарады. Сыдырылған фибринді қабыршықтың орнында тереңдігі әр түрлі ойық жаралар қалады. Крупоздық қабынудан қалыптасқан ойық жаралар үстіңгі қабатты ғана қамтиды. Жараның жиегінде пайда болған грануляциялық ткань біртіндеп ақуады толтырып, орнын басады.Крупоздық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Периодонттың қабынуы (воспаление периодонта)
Беттің вегетативті невропатиясы
Жалпы аборт жайында түсінік
Химиялық элементтердің табиғатта таралуы
Сиырлардың жасырын эндометритін диагностикалаудың заманауи әдістері
НОМА НЕМЕСЕ СУЛЫ РАК
Жұмсақ тіндердің іріңді аурулары
Педиатриядағы симуляция негізінде оқыту
Шудың түспей қалуының алдын алу және емдеу
Жедел және созылмалы қабынудың патогенезі
Пәндер