Вирустардың жіктелуі принциптері. Олардың номенклатурасы



І. Кіріспе
ІІ. Негізігі бөлім
1. Вирустардың ашылуы мен оларды оқудың тарихы.
2. Вирустардың жіктелуі
3. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Вирустар туралы ғылым – вирусология деп аталады. Ол вирустардың қасиеттерін, ерекшеліктерін, пайда болуы мен дамуын, көбеюін, физикалық құрылысы мен химиялық құрамын және т.б. егжей-тегжейлі оқытады. Вирусология тарихын 3 кезеңге бөлуге болады:
І - кезең – бүкіл өткен өмірден 1892 жылға дейін;
ІІ - кезең – вирусология ғылымының 1892 жылдан 1950 жылға дейінгі қалыптасу кезеңі;
ІІІ - кезең – 1950 жылдан басталады. Бұл кезеңде вирусологияда электрондық микроскоп, клеткаларды өсіру, ультрацентрифуга, рентген – құрылымдық анализ, т.б. қолданыла бастады.
Вирустар жануарлардың, өсімдіктердің, жәндіктердің, бактериялардың, микроскопиялық саңырауқұлақтардың, қарапайымдылардың және басқа да тірі организмдердің олигатты клетка ішіндік паразиті. Бұлар өмірдің клеткасыз, бірақ өзіндік геномы арқылы тек тірі клеткаларда көбею қасиеті бар түрі.
Вирустарды ең алғашқы рет 1892 жылы орыс ғалымы Д.И.Ивановскийашты. Ол өзінің студент кезінде Украина мен Белоруссия жерінде темекі өсімдіктерінің ауруын зерттеумен шұғылданды. Себебі ол аурудың зардабы өте үлкен шығын әкелетін. Темекі өсімдігін зерттеуге сол кезде көп ғалымдар атсалысқан. Оған Мейердің 1886 жылғы еңбектері мысал бола алады. Ивановский досы Половцев екеуі ауруға ұшыраған темекі өсімдігінің жапырақтарын ұнтақтап, оның сөлін сау жапырақтарға жаққан кезде, сау жапырақтар да ауруға ұшыраған. Осы ауру жапырақтардың сқлін сүзгіден өткізіп, ауру қоздыратын нәрсенің бактериядан ұсақ екенін дәлелдеді. Ең негізгісі – осы сөлдің ауру қоздыратын қасиеті анықталды.
Демек, 1892 жыл – вирустың ашылу жылы болып есептеледі. Осы жылы темекі өсімдігінің ауруын қоздырушы вирус белгілі болды. Бұл өте үлкен жаңалық еді. Ивановский бұл вирусты микроскоп арқылы көруге болмайтынын және жасанды қоректі орталарда өспейтінін мәлімдеді.
1. Ветеринариялық вирусология- Ш.Б. Мырзабекова Алматы Білім 2004.
2. Вирусология пәнінің зертханалық сабақтары- Омарбеков.Е.О
3. Интернет желісі
4. Жалпы вирусология- Мырзабекова.Ш.Б
5. Сюрин В.Н, Фомина Н.В- Малдардың вирустық аурулары

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министирлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті.

СӨЖ
Тақырыбы:Вирустардың жіктелуі принциптері. Олардың номенклатурасы.Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары.

Орындаған: Ктанова У.Б
Тексерген:Омарбеков.Е.О

Семей
2015-2016 оқу жылы

Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізігі бөлім
1. Вирустардың ашылуы мен оларды оқудың тарихы.
2. Вирустардың жіктелуі
3. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Вирустар туралы ғылым - вирусология деп аталады. Ол вирустардың қасиеттерін, ерекшеліктерін, пайда болуы мен дамуын, көбеюін, физикалық құрылысы мен химиялық құрамын және т.б. егжей-тегжейлі оқытады. Вирусология тарихын 3 кезеңге бөлуге болады:
І - кезең - бүкіл өткен өмірден 1892 жылға дейін;
ІІ - кезең - вирусология ғылымының 1892 жылдан 1950 жылға дейінгі қалыптасу кезеңі;
ІІІ - кезең - 1950 жылдан басталады. Бұл кезеңде вирусологияда электрондық микроскоп, клеткаларды өсіру, ультрацентрифуга, рентген - құрылымдық анализ, т.б. қолданыла бастады.
Вирустар жануарлардың, өсімдіктердің, жәндіктердің, бактериялардың, микроскопиялық саңырауқұлақтардың, қарапайымдылардың және басқа да тірі организмдердің олигатты клетка ішіндік паразиті. Бұлар өмірдің клеткасыз, бірақ өзіндік геномы арқылы тек тірі клеткаларда көбею қасиеті бар түрі.
Вирустарды ең алғашқы рет 1892 жылы орыс ғалымы Д.И.Ивановский ашты. Ол өзінің студент кезінде Украина мен Белоруссия жерінде темекі өсімдіктерінің ауруын зерттеумен шұғылданды. Себебі ол аурудың зардабы өте үлкен шығын әкелетін. Темекі өсімдігін зерттеуге сол кезде көп ғалымдар атсалысқан. Оған Мейердің 1886 жылғы еңбектері мысал бола алады. Ивановский досы Половцев екеуі ауруға ұшыраған темекі өсімдігінің жапырақтарын ұнтақтап, оның сөлін сау жапырақтарға жаққан кезде, сау жапырақтар да ауруға ұшыраған. Осы ауру жапырақтардың сқлін сүзгіден өткізіп, ауру қоздыратын нәрсенің бактериядан ұсақ екенін дәлелдеді. Ең негізгісі - осы сөлдің ауру қоздыратын қасиеті анықталды.
Демек, 1892 жыл - вирустың ашылу жылы болып есептеледі. Осы жылы темекі өсімдігінің ауруын қоздырушы вирус белгілі болды. Бұл өте үлкен жаңалық еді. Ивановский бұл вирусты микроскоп арқылы көруге болмайтынын және жасанды қоректі орталарда өспейтінін мәлімдеді.

Вирус деген ұғымды бірінші рет Нидерланд ботанигі Бейерник қолданды. Ол ғалым темекі өсімдігі жапырақтарының ауруын зерттеп, Ивановскийдің бақылауларын қайталады. Дегенмен ауруды қоздыратын сұйық жұқпалы нәрсе, демек, вирус у деген пікір айтты.
Вирус қоздыратын аурулар өте ерте кезден белгілі болған. Мысалы, шешек ауруы ертедегі Қытай, Үнді елдерінде белгілі болған. Бұдан 3000 жыл бұрын өмір сүрген фараондардың денесінен шешек ауруының іздері байқалған. Құтырық ауруын қоздыратын вирус біздің дәуірден 2300 жыл бұрын кездескен, ал біздің дәуірдің 100 жылы Корнелий Цельс бұл аурудың өз құлдарының арасында шыққанын байқаған. Адам баласы өте ертеден бастап-ақ микроорганизмдер туралы ұғымның жоқ кезінің өзінде де осындай жұқпалы аурулардан саұтану жолдарын, емдеу негіздерін қарастырған. Тек ХVІІІ ғасырдың аяғында ғана ағылшын дәрігері Эдуард Дженнер шешек ауруынан сақтандырудың бірден-бір жолын тапты. Ол сау баланың қолына шешек ауруымен ауырып жүрген сауыншының қолындағы шешек жарасының іріңін еккен. Осы егудің арқасында бала шешекпен ауырмай аман қалған. Сол кезден бастап вакциндеу (егу) деген ұғым пайда болды. Ол латынның vасса - сиыр деген сөзінен алынған.
ХІХ ғасырдың аяғында Луи Пастер вирус жұқтыратын құтырық ауруының вакцинасын алды. Пастердің данышпандығын дәлелдейтін бір жағдай - ол өзі құтырық вирусын білмей-ақ, сол аурудың жұқпалы екенін сезіп, ауру қоздыратын агентті әлсірету жағдайын ойластырған. Осындай әлсіреген қоздырушы ауру туғызбай, ол ауруға қарсы иммунитет туғызған.
Д.И. Ивановский жұмыстарынан кейін ауру жұқтыратын қоздырушыларды бактерия сүзгісінен өткізудің арқасында көптеген вирустар бар екені анықталды. Мысалы, 1898 жылы неміс ғалымдары Фридрих Леффлер және Пауль Фрош малды көп шығынға ұшырататын аусыл қоздырушысының вирус екенін дәлелдеді. Осыдан кейін көптеген жұқпалы аурулардың вирустары белгілі болды:
1902 ж. - ірі қараның оба вирусы (Николь және Адильбей) және Ауески ауруының вирусы табылды.
1903 ж. - шошқа обасының вирусы (американдық ғалымдар Швейниц пен Дор№се).
1904 ж. - жылқы инфекциялық анемиясы деп аталатын аурудың вирусы (француз ғалымдары Карре мен Валле).
1905 ж. - ит обасының вирусы (француз ғалымы Карре).
1908 ж. - трахома вирусы.
1909 ж. - балалардың полиомиелит вирусы.
1909 ж. - сары безгек вирусы (жапондық бактериолог Хидейо Ногучи).
1911 ж. - тауықтардың саркома қатерлі ісік ауруы вирусы (Раус).
1915-1917 жж. - бактериофагтар (Туорт және Д'Эррель) т.б.
ХХ ғасырдың басында 3 түрлі вирус белгілі болды. Олар бактерия, өсімдіктер және жануарлар ауруының вирустары еді. Содан кейінгі жылдар тап бүгінге дейін вирусология ғылымының өте терең жаңалықтары ашылған жылдар болды. Бұл кезең вирустардың өсіп-өнуін зерттеп, олардың клетка ішінде өсуін, клеткадан қалай бөлініп шығуын, санын есептеуді және электрондық микроскоп арқылы зерттеуді қолға алған жылдар еді. Сондай-ақ американдық ғалым У.Стенлидің 1935 жылы темекі ауруының вирусын кристалл ретінде алуы үлкен табыс болды. 1941 жылы американдық вирусолог Херст гемагглютинация феноменін ашты, осы жағдай вирус пен клетка арасындағы байланысты зерттеуге көмектесті.
1952 ж. - Херши мен Чейз бактериофагтың нуклеин қышқылының бактерия клеткасына ауру жұқтыратынын ашты.
1953 ж. - Уотсон мен Крик вирустардың ДНҚ-ның екі жіптен тұратынын тапты.
1956 ж. - Гирер, Шрамм және Френкель вирустар белоктарының құрылысы олардың нуклеин қышқылына байланысты екенін дәлелдеді.
1961 ж. - Ниренберг тРНҚ-ның пайда болу жолдарын, бляшка алу тәсілдерін ашты.
Содан бері де жыл сайын вирустардың жаңа түрлері ашылып келеді. Кейбір вирус арқылы тарайтын жұқпалы ауруларды зерттеуде Л.А.Зильбер, М.П.Чумаков, Е.Н.Левкович, А.К.Шубладзе, В.Д.Соловьев және т.б. да вирусологтардың еңбегі зор болды. Олар кене арқылы жұғатын энцефалит ауруының вирусын тауып, ол аурудың жұғу жолдарын, қоздырушысын зерттеп, табу жолдарын, емдеу және сақтану мүмкіндігін айқындады. Ал А.А.Смородинцев американдық ғалымдармен біріге отырып балалардың полиомиелит (сал) ауруынан сақтандыратын вакцина алды.
Вирустар дүниесі өздерінің құрылымына, көлеміне, пішініне және химиялық құрамына сәйкес әр түрлі болады. Жануарлар вирустары өздерінің құрамына сәйкес жай(қабықшасыз) және күрделі(қабықшалы) болып екіге бөлінеді. Жай вирустардың құрамында тек нуклеин қышқылы мен белок қана болады, ал күрделі вирустардың қосымша қабықшалары болады. Вирустардың қандай түрі болмасын (жай немесе күрделі), олардың генетикалық материалы вирустың тек ортасында ғана болады, ол жерді нуклеоид деп атайды. Вирустардың клеткадан айырмашылығы - вирустарда нуклеин қышқылының тек бір түрі ғана болады: РНҚ немесе ДНҚ. Нуклеин қышқылы сыртынан қабықпен қоршалған, ол қабат капсид деп аталады. Капсид ақзаттан тұрады. Нуклеин қышқылын сол тысқы қабатымен қосып нуклеокапсид деп атайды. Капсидтің өзі капсомерден тұрады. Капсомердің вирустар құрамындағы саны мен орналасу орны әр түрлі. Соған сәйкес вирустар бірнеше топқа бөлінеді. Ал капсомердің өзі белгілі бір құрылымдардан тұрады, оны құрылымды бөліктер деп атайды. Олар белоктың химиялық жетілген бір бөлігі. Құрылымды бөліктер белокты суббөліктерден тұрады. Ал белокты суббөлік полипептид тізбектерінен құралады. Полипептид тізбегі аминқышқылдарынан тұрады да әр түрлі вирустарда түрліше болады. Демек, капсомер дегеніміз белок суббөліктерінен тұратын үлкен агрегат.
Күрделі вирустардың құрамында нуклеокапсидке қоса липопротейдтен тұратын сыртқы қабықша бар. Оны суперкапсид немесе пеплос деп атайды. Кейбір вирустардың суперкапсидінің сыртқы жағында шығып тұратын өскіндері, бүрлері - пепломерлері бар.Күрделі вирустардың нуклеокапсиді вирионның ортасында орналасады.
Торша ішінде вирустар көбінесе өзара байланыссыз РНҚ немесе ДНҚ молекулаларының шоғырлануы болып келеді. Ал әрбір нуклеин қышқылдарының молекуласына вирустық белоктар туралы мағлұмат жазылған. Торша ішінде сол генетикалық мағлұмат іске асып әр түрлі вирустық белоктар жасалынады. Вирустардың көптеген құрылыс белоктарында өздігінен бірігіп агрегат түзу қасиеттері бар. Ал әрбір осындай күрделі агрегатқа РНҚ-ның немесе ДНҚ-ның бір молекуласы қосылады. Кейде бұлардың құрамына торшаның липидтері де бірігеді. Сонымен вирион құрылады. Вирионды - вирустың торшадан тыс, белсенділігі жоқ тіршілік ету формасы деп атауға болады. Вирустар бір торшадан екіншісіне, немесе бір организмнен екіншісіне осы вирион түрінде беріледі. Әрбір вирустың вириондарының өздеріне тән формасы, мөлшері, құрылысы және қасиеті болады. Бірақ барлық вириондарға ортақ қасиет - олардың РНҚ немесе ДНҚ молекуласынан жіне оларды тығыз қаптап тұрған - капсомерлерден тұратыны жоғарыда айтылған болатын. Егер сол капсомерлер нуклеин қышқылының молекуласында спираль тәрізді орналасса - оларды спиральды симметриялы вириондар қатарына, ал егер капсомерлер көп қырлы фигура түзіп орналасса - куб симметриялы вириондар қатарына жатқызады.
Жануарлар дүниесі вирустарының негізгі компоненті - ақзат. Вирион салмағы 50%-дан 90%-ға дейін белоктан тұрады.Вирус құрамындағы құрылымды ақзаттар: капсид белогы, өзекше белогы, мембрана белогы, суперкапсид белогы және құрылымсыз белоктар (ферменттер) болып бөлінеді. Жануарлар дүниесі вирустарының вирионында ақзаттардың саны түрліше. Мысалы, калицивирустарда 1 ақзат болса, герпесвирус, поксвирустарда 20-дан 30-ға дейін құрылымдық ақзаттар бар. Вирустар құрамындағы ақзаттар бактерия, өсімдіктер мен жануарлар белоктары сияқты 20 аминқышқылынан тұрады. Полипептид тізбектеріндегі белок молекуласында 200 - 300 -ге дейін аминқышқылы әр түрлі байланыстарда кездеседі және ондай белоктардың молекулалық салмағы өте жоғары болады. Мысалы, аусыл ауруы вирусының молекулалық салмағы 20000-60000 Д. Полипептидтегі белок молекуласының аминқышқылдары өзара пептидтік коваленттік байланыста болады. Аминқышқылдары орналасуының белгілі бір жүйесі болады. Бұл жүйенің ерекшелігі вирустың түріне сәйкес келеді.

Күрделі вирустардың сыртқы қабықшасында белоктар гликопртеидтер, липопротеидтер, гликолипротеидтер түрінде кездеседі.
Вирустардың капсидтері белоктан тұрады және олардың қызметтері мынандай:
1.Қорғаныш қызметін атқарады. Себебі, вирустардың сыртқы қабықшасы болғандықтан нуклеин қышқылын сақтап, қорғайды. Капсидтің әр түрлі жағдайға шыдайтын қасиеті бар. Белокты ерітетін ферменттер оған әсер етпейді, вирустың геномын көптеген нуклезалардан сақтайды.
2.Капсид белогы вирустардың клеткаға жабысуын қамтамасыз етеді. Клеткаға вирустар өздерінің арнайы рецепторлары арқылы ғана жабыса алады. Ол рецепторлар капсидтің белогында немесе суперкапсидіндегі гликопротеидінде болады. Вирустың бұл рецепторларын клеткада болатын рецепторлар таниды. Сондықтан да вирустар өздерін танитын клеткаларға ғана жабысады.
3.Жай вирустардағы белоктар, күрделі вирустардағы гликопротеидтер, липопротеидтер вирустарға антигендік қасиет береді. Демек, табиғи ауырғанда немесе жануарларды еккенде арнамалы антиденелердің пайда болуы осындай антигендік детерминаталарға байланысты болады. Антигендік қасиеті белоктар түріне сәйкес болады.
Вирустардың қабықшалары сонымен қатар олардың гемагглютинация- лық қан түйіршігін жабыстыру және ферменттік қасиеттерін де сақтайды.
Вирустардың көпшілігінің құрамында ферменттер бар. Кейбір ферменттер вирустарға ғана тән, олар клеткада вирустың әсерінен пайда болады және вирустардың нәсілдік қасиетіне сәйкес келеді. Мұндай ферменттер пикорнавирустарда, тогавирустарда, парвовирустарда ж.т.б. кездеседі. Оларға қоса ферменттердің тағы бір тобы бар, олар вириондарда кездеспейді. Бұлар клетканың өзіне ғана тән ферменттер. Сондықтан да тек вирустардың көбеюіне ғана араласады.
Вирустардың клеткадан ерекшелігі, оларда нуклеин қышқылының тек бір түрі ғана - ДНҚ немесе РНҚ кездеседі, ал торшаларда ДНҚ мен РНҚ-ның екеуі де бар. ДНҚ-ды вирустардың көпшілігінде екі жіпті дезоксирибо -нуклеин қышқылы кездеседі, ал РНҚ-ды вирустарда көбіне бір жіпті рибо -нуклеин қышқылы кездеседі. Айта кететін бір жағдай - вирустарда нуклеин қышқылының басқа да түрлерінің кездесуі мүмкін. Олар бір жіптен тұратын ДНҚ, екі жіптен тұратын РНҚ.
Күрделі вирустардың құрамында нуклеин қышқылы мен ақзаттан басқа липидтер, көмірсулар болады.
Липидтер мөлшеріне қарай вирустар 3 топқа бөлінеді:
1.РНҚ-ды вирустар. Оларға ортомиксовирустар, парамиксовирустар, ретровирустар, рабдовирустар, тогавирустар жатады. Бұл вирустар торша цитоплазмасының қабықшасынан бөлініп, көбеюіне байланысты олардың құрамындағы липидтер торша липидтерінен шығады. Липидтердің мөлшері вирустың құрғақ массасының 16-35%-ына дейін болады.
2.ДНҚ-ды вирустар. Поксвирустар, герпесвирустар, гепаднавирустар тұқымдастықтары жатады. Оларда липидтер 5-6%-ына жетеді. Шешек вирусы, гепаднавирустар цитоплазма қабықшасынан бүршіктеніп шықпайды, олардың құрамындағы липидтер клетка липидтерінен шықпаған, ал герпесвирустарда клетка ядросында көбейеді, ядро қабықшасынан бүршіктену арқылы шығып, сол ядро қабықшасының липидтерін өз құрамына енгізеді.
3.Липиді бар вирустардың үшінші тобы азғантай ғана бактериофагтар. Оларда липидтер 12-15%-ға дейін болады.
Көмірсулар. Ғалымдар бұрынғы кезде вирус қабықшасындағы қанттар полисахаридтер деп ойласа, бертін келе вирус қабықшасында дербестік қант компоненттері жоқ, ал көмірсулар олигосахарид түрінде ақзат немесе липидпен байланысып, гликопротеид немесе гликолипротеид түрінде кездесетіні мәлім болды. Вирус құрамындағы көмірсулар саны әр түрлі болуы мүмкін. Кейде вирион массасының 10-13%-ына жетеді. Көбінесе күрделі вирустардың сыртқы қабықшасында кездеседі. Жай вирустарда көмірсулар болмайды.
Гликопротеидтердің көмірсу бөлшектері ақзат құрамына әсер етеді, олар кейбір жерлерде негізгі қаңқасы болып келеді. Оған қоса көмірсулар гликопротеидтерді ферменттердің (протеаза) ерітуінен сақтайды.
Вирус құрамында фосфаттар да болуы мүмкін. Олар бірде болса, бірде болмайды. Фосфорланған белоктар шешек вирусында, герпесвирустарда, аденовирустарда, ретровирустарда, ортомиксовирустарда, реовирустарда, паповавирустарда кездеседі. Фосфорланған ақзаттардың атқаратын қызметі белгісіз.
Вирустар тұқымдастығының аты vіrіdае деп аяқталады. Тұқымдастықтың өзі туыстан тұрады және оның мүшелерінің антигендік қасиеті, морфологиясы, сондай-ақ нуклеин қышқылының түрі бірдей болып келеді.
Вирустар тұқымдастықтар тармағының аттары vіrіnае деген жалғаумен аяқталады. Вирустар туыстықтарының аты virus деп аяқталады. Туыстық дегеніміз физикалық, химиялық және серологиялық қасиеттері бірдей бір топ вирустар.
Қазіргі кезде вирус тұқымдастықтарының саны 55-тен артық. Вирустардың көпшілігі әлі бір жүйеге келіп реттелген жоқ. Ол жұмыс әрі қарай өрби бермек.Адамдар мен жануарлар вирустарын 19 топшаға (тұқымдастыққа) бөледі. Олардыі жетеуі ДНҚ-ды, он екісі РНҚ-ды вирустар.
ДНҚ-ды вирустардың геномы бір жіпшелі, екі жіпшелі, сызықшалы және сақиналы ДНҚ-нан тұрады. Қазіргі кезде адамдар мен жануарлар вирустарының ДНҚ-ы бар 7 тұқымдастығы белгілі. Олар:
1.Poxviridae
2.Herpesviridae
3.Hepadnaviridae
4.Iridoviridae
5.Adenoviridae
6.Papovaviridae
7.Parvoviridae

Poxviridae тұқымдастығы (ағылшынның pox - жара деген сөзінен алынған) - поксвирустар. Бұл тұқымдастықтың вирустары өте үлкен, мөлшері жөнінен бактерияларға жақын. Поксвирустар құрамында 30-ға жақын құрылымдық ақзаттар, ДНҚ-на тәуелді РНҚ полимеразасы бар, нәсілдік аппараты екі жіпшелі ДНҚ-ның бір молекуласынан тұрады. Poxviridae тұқымдасы 2 тармақтан тұрады. Олар:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вирустар туралы мәлімет
Вирустардың жіктелу принциптері жайлы ақпарат
ДНҚ және РНҚ вирустар
Вирустардың жіктелі принциптері.Олардың номенклатурасы.Вирустардың көбеюінін биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
Вирустар туралы ақпарат
Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары туралы ақпарат
Вирустардың жіктелу принциптері. олардың номенклатурасы. вирустардың көбеюінің ерекшеліктері және көбею сатылары
Вирустардың жіктелу принциптері
Вирустардың жіктелу принциптері және олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және кқбею сатылары
Қазіргі кезде вирустардың номенклатураның және таксономияның негізгі принциптері, олардың ғылыми және практикалық маңыздылығы
Пәндер