ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері



1. XX ғ.басындағы өлкенің әлеуметтік жағдайы.
2. Столыпиннің аграрлық реформасы.
3. XX ғасырдың басында Қазақстандағы саяси өмірдің жандануы.
II
1. ХХ ғасырдың басы . тарихи теңдесі жоқ өзгеріс енгізген оқиғалардың табалдырығы.
2. XX ғасырдың басында Қазақстандағы саяси өмірдің жандануы.
3. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында.
III
1. Әдеби бағыттар
2. XX ғасыр басындағы шығарма жолы, ерекшеліктер, ортақ бірлік.
3. Қорытынды
XX ғасыр басында қазақ өлкесі 6 облыстан тұрды:
Түркістан генерал-губернаторлығы
(Орталығы – Ташкент)
Сырдария облысы
Жетісу облысы
Дала генерал-губернаторлығы
(Орталығы - Омбы)
Ақмола облысы
Семей облысы
Орал облысы
Төрғай облысы
1897 жылы өлкеде халықтың саны 4147,8 мың адам, оның ішінде қазақтар 3354 мың, 1915 жылы 4205,2 мың, ал 1917 жылы- 3615,1 мың адам болды. Сонымен, осы жылдар ішінде қазақтар саны небәрі 231 мың адамға, яғни 6,8 пайызға өскен. Қорытындысында өлке халқының құрамындағы қазақтардың үлес салмағы 1897 жылғы 81,7 пайыздан 1917 жылғы 59,8 пайызға дейін кеміп кетті. Қазақтар арасындағы демографиялық жағдайдың нашарлауы, бірінші кезекте оның табиғи өсуінің төмен болуымен түсіндіріледі.
Қазақ халқы табиғи өсімінің төмен деңгейіне көшпелі тұрмыс салтының ауыр жағдайы, эпидемиялық аурулардың кең таралуы және медициналық қызмет көрсетудің болмауы себепті оның қатарындағы, әсіресе балалар арасында өлім-жітімнің жоғары болуы себеп болды. Қазақтардың 1916 жылғы көтерілісінің зардаптары да ерекше келеңсіз роль атқарды. Көтерілісті патшаның жазалау отрядтары басып, жаныштап сол кезде осы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушылар ғана емес, сонымен қатар бейбіт тұрғындар да мыңдап қаза тапқан еді. Қазақтардың едәуір бөлігі империя шегінен Қытайға, Туркияға және басқа елдерге үдере көшіп кетті. 1916 жылы Жетісу облысынан ғана шетелге 150 мыңға жуық қазақ көшіп кетті.
Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, уркраиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынан қоныс аудару ағымының ерекше көп өскен көші-қон үрдісі де қатты әсер етті.
1. XX ғасыр басындағы әдебиет. І Кенжебаев.
2. Қазақ әдебиет тарихы.
3. XX ғасыр қазақ ақындарының щығармашылығы.
4. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиет тарихы

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: 1.ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. 2.Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында. 3.Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін ажырату.

Орындаған: Муратова А.А
Тексерген: Еспенбетов А.С

Семей 2015
Жоспар: I
1. XX ғ.басындағы өлкенің әлеуметтік жағдайы.
2. Столыпиннің аграрлық реформасы.
3. XX ғасырдың басында Қазақстандағы саяси өмірдің жандануы.
II
1. ХХ ғасырдың басы - тарихи теңдесі жоқ өзгеріс енгізген оқиғалардың табалдырығы.
2. XX ғасырдың басында Қазақстандағы саяси өмірдің жандануы.
3. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында.
III
1. Әдеби бағыттар
2. XX ғасыр басындағы шығарма жолы, ерекшеліктер, ортақ бірлік.
3. Қорытынды

Әлеуметтік-жағдай
XX ғасыр басында қазақ өлкесі 6 облыстан тұрды:
Түркістан генерал-губернаторлығы
(Орталығы - Ташкент)
Сырдария облысы
Жетісу облысы
Дала генерал-губернаторлығы
(Орталығы - Омбы)
Ақмола облысы
Семей облысы
Орал облысы
Төрғай облысы
1897 жылы өлкеде халықтың саны 4147,8 мың адам, оның ішінде қазақтар 3354 мың, 1915 жылы 4205,2 мың, ал 1917 жылы- 3615,1 мың адам болды. Сонымен, осы жылдар ішінде қазақтар саны небәрі 231 мың адамға, яғни 6,8 пайызға өскен. Қорытындысында өлке халқының құрамындағы қазақтардың үлес салмағы 1897 жылғы 81,7 пайыздан 1917 жылғы 59,8 пайызға дейін кеміп кетті. Қазақтар арасындағы демографиялық жағдайдың нашарлауы, бірінші кезекте оның табиғи өсуінің төмен болуымен түсіндіріледі.
Қазақ халқы табиғи өсімінің төмен деңгейіне көшпелі тұрмыс салтының ауыр жағдайы, эпидемиялық аурулардың кең таралуы және медициналық қызмет көрсетудің болмауы себепті оның қатарындағы, әсіресе балалар арасында өлім-жітімнің жоғары болуы себеп болды. Қазақтардың 1916 жылғы көтерілісінің зардаптары да ерекше келеңсіз роль атқарды. Көтерілісті патшаның жазалау отрядтары басып, жаныштап сол кезде осы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушылар ғана емес, сонымен қатар бейбіт тұрғындар да мыңдап қаза тапқан еді. Қазақтардың едәуір бөлігі империя шегінен Қытайға, Туркияға және басқа елдерге үдере көшіп кетті. 1916 жылы Жетісу облысынан ғана шетелге 150 мыңға жуық қазақ көшіп кетті.
Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, уркраиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынан қоныс аудару ағымының ерекше көп өскен көші-қон үрдісі де қатты әсер етті.
Халық өсімі Столыпиннің аграрлық реформасынан кейін қоныс аударушылардың жаппай келуінен арта тусті. XX ғ. басында Қазақ өлкесінде құрылған Қоныстандыру қоры қазақтардың жерін тартып алып, қоныстанушыларға берумен айналысты. Қаладағы ірі әлеуметтік топ-сауда буржуазиясы (20,3%), одан кейін жұмысшылар мен қызметкерлер (33,1%).
XIX ғ. соңы - XX ғ. басында өлкеде 19 жаңа қала болды. Ақмола облысындағы ұсақ қалалар саны - 20. 1897 жылғы тұңғыш халық санағы бойынша: Оралда -36446, Верныйда - 22744, Семейде - 20216, Қостанайда - 14175 адам тұрған.

Қала халқының көбеюі жолдары:
1.Қоныстанушылардың көптеп келуі.
2.Жатақтар санының артуы.
3.Ішкі демографиялық өсім.
4.Сауда қатынасының дамуы.

Құрамына қарай қала халқы қанаушы әкімдерге, дворяндар, офицерлер, саудагерлер және оларға сыбайлас қазақтардың дәулетті бөлігі және жәй еңбекшілерге (мещандар, шаруалар, жұмысшылар) бөлінді.

Қоныс аудару. Столыпиннің аграрлық реформасы.

1905-1907 жылдардағы революция патша үкіметі жалпы алғанда аграрлық мәселедегі және соның ішінде қоныс аудару мәселесіндегі тактикасын өзгертуге мәжбур етті. Патша үкіметі ауыл шаруашылығын елдің капиталистік жолмен дамуына бейімдеу бағытын ұстап, қала мен село буржуазиясынан тірек іздей бастады. Муның өзі 1906 жылғы 9 қарашадағы указбен және 1910 жылғы 14 маусымдағы заңмен бекітілген Столыпиннің аграрлық саясатынан айқын көрініс тапты. Шаруалардың селолық қауымнан шығуына, өзінің үлесті жерінің қожасы болуына және хутор немесе отруб құруына құқық берілді. Бұл заң әсіресе жағдайы нашар шаруалардан арзан бағамен жер сатып алушы ауқатты шаруалар, кулактар үшін өте пайдалы болды.
1907 жылғы 1 қантардан бастап үлесті жер үшін сатып алу төлемдерінінің күші жойылды, оларды шаруалар қауымнан шыққан кезде төлеуге тиіс еді. Осы арқылы шаруалардың бұрынғы қоныстанған жерлерінен еркін кетуі үшін ең басты шектеу алып тасталды. Жарлық ортақ үлестегі учаскелерде жеке иелікке көшетін жекелеген үй иелерінің меншігін нығайтып, қауымнан еркін шығу құқығын жариялады. Сөйтіп, Столыпиндік аграрлық реформа қауым мүшелері - шаруаларды азат етті және олардың көшіп-қонуына еркіндік берді: жерді пайдалану құқығын беріп, қоныс аударушылардың жаңа орында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда туған жерінде қайтып оралу мүмкіндігін шектеді.
Столыпиннің аграрлық саясатының нәтижелерінің бірі шаруалардың шет аймақтарға, атап айтқанда Қазақстанға жаппай көшуі болды. Егер 1893 жылы мен 1905 жыл аралығында, яғни 12 жылда Россиядан қоныс аударғандар үшін қазақтардан 4,074170 десятина жер алынса, одан кейінгі жеті жылда (1906-1912 жж.) 17 миллионнан астам десятина жер тартып алынды. Қоныс аударудың басыбайлылық әдісі шаруаларды қатты күйзеліске ұшыратты. 1917 жылға дейін Қазақстанның 45 миллион десятина жеріне ие болған көшіп келгендердің саны 1,5 миллионға жетті. Өлке халқынаң үштен бірі Россияның орталық аудандарынан, Еділ бойынан, Украинадан келгендердің басым көпшілігі орыстар мен украиндар болды.
Сөйтіп, патша өкіметінің қоныс аудару саясаты Қазақстанда жер мәселесінде қайшылақтердың шиеленісуіне, еңбекші қазақ бұқарасының жерсіз қалып күйзелуіне әкеп соқты. Қоныс аудару нәтижесінде жергілікті қазақ халқының Қазақстандағы үлесі айтарлықтай кемеді.
Облыстардағы қазақстардың улесі:
Ақмола облысы - 36,6%
Семей облысы - 73%
Жетісу облысы - 60,5%
Сырдария облысы - 63,3%
Төрғай облысы - 58,7%
Орал облысы - 56,9%
Бұл көрсеткіштер облыстардағы қазақ халқының кеміп бастағанын дәлелдейді.
Өнеркәсіптің дамуы. Темір жол.
XX ғасырдың басында патшалық Россия Қазақстанның тау-кен байлықтарын пайдалануға айрықша назар аударды. Олар мұнда тау-кен өнеркәсібін және ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды дамытуға күш салды. Алтын, күміс, түсті металл, көмір өндіретін кәсіпорындар көбейді. Осы тұста мұнай өнеркәсібі де пайда болды. (Орал - Жем мұнай ауданы).
Тау-кен өнеркәсібі негізінен Орталық және Шығыс Қазақстанда дамыды.
Темір жол.
1893-1895 жылдар аралығында Сібір теміржолы салынды. Бұл темір жолдың 178 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.

1893-1897 жылдар аралығында Орал-Рязань темір жолы салынды. Оның 194 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.

1906 жылы ұзындығы 1656 шақырым болатын Орынбор-Ташкент темір жолы іске қосылды. Бұл жолдардың Қазақстанды Россияның дамыған экономикалық аудардарымен байланыстыруда маңызы зор болды.

Өндіріс орындары және жұмысшылар.

1902 жылы Қазақстандағы өндіріс орындарының саны 8887-ге, ондағы жұмысшылар саны 25393-ге жетті.
XX ғасырдың басында Қазақстан жеріндегі ең ірі өнеркәсіп орындары: Қарағанды көмір шахтасы, Успен кеніші, Спасск мыс заводы, Риддер металлургия комбинаты. Осы өнеркәсіп орындарының әрқайсысында 300-400 жұмысшы болды. Ал Орынбор-Ташкент темір жол құрылысында 30000-ға жуық адам еңбек етті.
Жұмысшылардың, әсересе жергілікті қазақ жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Жұмыс күні 14-16 сағатқа созылды. Жұмысшылардың еңбек ету жағдайы да өте-мөте ауыр еді, еңбек құралдары сүймен, қайла және күрек болатын. Апатты өқиғалар жиі болып тұрды.
Қазақстанда жұмысшылардың бас көтерулері Россиядағы революциялық процестің құрамдас бөлігі ретінде 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың бірінші жартасында кеңінен өрістеді. Өлкеде жұмысшы қозғалысының дамуына Россияның орталық губерниялары мен Сібірден келген орыс жұмысшылары мен жер аударылған саяси қылмыскерлер елеулі ықпал жасады. Олар өндірістегі қазақтарға өздерінің күрес тәжірибелерін үйретіп, жұмыс қозғалысына сапалылық пен ұйымшылдық элементтерін енгізіді.
XX ғасыр басында ұлттық аймақтарда отаршылдық езгі күшейді, елдегі таптық және ұлттық қайшылықтар шиеленісе түсті. Патша өкіметі бір халықты екінші халыққа айдап салып, кескілестіріп отырды, ұлт мәдениетін тұншықтарды.
Осының бәрі Қазақстанда да әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістіріп, тап күресін өрістетуге әкілді.
2. XX ғасырдың басында Қазақстандағы саяси өмірдің жандануы.

XX ғасыр басындағы саяси ахуал.

Қазақстанда марксизмнің тарауы Орталық Россиядан көп кейін басталды. Оған өлкеде әлеуметтік-экономикалық қатынастың әліздігі және жұмысшы табының аздығы себеп болды. Қазақ өлкесінде Атбасарда, Көкшетау, Павлодарда алғашқы марксизм идеясын таратушы Петербург қаласындағы Благоевтар тобынан келген В.Г. Харитонов, Қарқаралы мен Семейде социал-демократ И.С. Домашевич, Верныйда А.С. Кочаровская т.б.болды.

Петропавл қаласында 1902 жылдың аяғында ұйымдастырылған тұнғыш маркстік үйірме негізінен жер аударылғандардан құрылды. 1903 жылы осындай үйірме Петропавл темір жолында, 1902 жылы Орынбор қаласында құрылды. 1903 жылы 1 мамырда Орал қаласындағы саяси үйірме мүшелері ереуіл ұйымдастырды.

Бірінші орыс революциясы кезінде (1905-1907 жж.) патшалық тәртіпке қарсы күреске ұлттық аймақтардың езілген халықтары да көтерілді. Отарлық ұлт аудандарының ұйқыдан оянуына негіз болған оқиға - 1905 жылғы Қанды жексенбі (9 қантардағы Петербургтегі оқиға).

1905 жылы ақпанда Түркістанда, Перовскіде, Жосалыда, Шалқарда, Петербургтегі қарусыз жұмысшыларды атқылауға наразылық білдерген алғашқы қарсылықтар болып өтті. 1905 жылы 1 мамырда Верныйда, Перовскіде, Қостанайда еңбекшілердің бірлігін қуаттайтын ереуілдер өткізілді. Қарқаралыдағы қарсылық жиынына М. Дулатұлы белсене қатысты.

Қазақ еңбекшілердің саяси қөзқарасының өсуіне Бүкілроссиялық қазан саяси ереуілі ерекше әсер етті. Бұл ереуілдің әсерімен Қазақстан қалаларында - Шалқарда, Қостанайда, Верныйда, Оралда т.б. жерлерде ұйымдасқан ереуілдер мен бой көрсетулер социал-демократия ұйымдардың басқарумен Патша билігі жойысың?, Бостандық жасасын деген ұрандармен өтті. Осы жылдары Перовскіде, Қостанайда, Оралда, Успен кенішінде стачкалық комитетттер құрылды.

17 қазандағы 1905 жылғы патша манифесінің (Мемлекеттік тәртіпті дурыстау туралы) халықты алдау екенін Алаш қозғалысы өкілдері әшкерелеп, сынады. 1905 жылы 18-19 қазанда Орынборда өткен демонстрация Демократиялық республика жасасын, Самодержавие жойылсын деген саяси ұрандармен өтті.

Интернационалдың бой көрсетудің ең бастысы - 1905 жылғы 11 желтоқсанда 12 күнге созылған, Успен кенішіндегі 360 жұмысшы қатысқан ереуіл болды.

Ереуілге шығу себептері:
Жалақының аздығы.
Ағылшын капиталистері Мессен, Гиббердің қатыгездіктері.
Жұмыс істеу жағдайының ауырлығы.

Ереуіл барысында орыс жұмыскері П.Топорнин мен қазақ жұмысшысы Ә.Байшағыров басқарған Орыс - қырғыз одағы құрылды. Олар кеншінің (рудник) бастығы Н.Велльге өздерінің талаптарын қойды:
-Азық - түлік бағысын төмендету.
-Жалақыны 15, 25% - ға көтеру.
-Үш сыныптық орыс - қазақ училищесін ашу.
-Жұмысшылардың тұрғын жайларын жақсарту.
-Фельдшер Е.Костенконы, қызметкер И.Ивченконы жұмыстан шығару.

Олардың бірден - бір талабы орындалмағандықтан Орыс-қырғыз өдағының шақыруымен ереуіл болды. Успен кеніші жұмысшыларының ереуілі 1905 жылғы революцияның Қазақстан тарихында көрнекті орын алды.

1906 жылы Қарқаралы уезінде, Жаркент уезінде, Әулиеата, Шымкент уездерінде, Орал, Торғай облыстарында шаруалар қарсылықтары болып өтті.

Саяси толқулардың жеңілеуінен шощынған патша өкіметі шаралар қолданып, ереуілдерді қарудың күшімен басып отырды.

Бүкіл елдегі сияқты Қазақстан большевиктері Бірінші Думаға сайлауынан бас тартты. Екінші Мемлекеттік Думаға Бұратана (туземдік) халық арасынан депутаттыққа Ақмола облысынан - молда Қосшығұлұлы, Жетісудан - федералист Тынышбайұлы, Оралдан - кадет Бірімжанұлы, Семейден - бай Нурекенұлы сайланды. Олар Думага қазақ кедейлерінің мүдделерін қорғап сөз сөйледі.

1905-1907 жылдардағы революцияның жеңілуінің себептері:
1) Қазақ жұмысшыларының аздығы.
2) Қазақ ауылдарының басты оқиға орталықтарынан алыста болуы.
3) Революциялық күресті ұйымдастыруда ұлттық демократиялық топтардың тәжиребесінің жеткіліксіздігі.
4) Жұмысшылар мен шаруалар одағының болмауы.

Революцияның тарихи маңызы:

-Отаршыл саясатқа қарсы тәжірибе жинақталды.

-Ереуілдерді ұйымдастырудағы кемшіліктер кейін түзетілді.

-Күрес барысында революционерлер тобы тәрбиеленді.

-Қазақ еңбекшілерін Ғасырлық ұйқыдан оятып, революциялық күреске шынықтырды.
Ұлттық зиялы қауым өкілдері қазақ ауылының саяси өмірге тартылуын тездетті.
1909 жылы шілдеде Ахмет Байтұрсынұлы Қарқаралыда мұғалім болып жүргенде патша өкіметінің қанау саясатына қарсылық білдіргені үшін Семей түрмесіне қамалды. 1910-1917 жылдары Орынборға жер аударылды. 1900 жылы Петербургте Қырық мысал деген кітабі, 1911 жылы Орынборда Маса атты жинағы шықты. 1913 жылы наурызда Қазақ газетін шығаруды ұйымдастырып, редакторы болды. Қазақ газеті (1913-1918 жылдар) либералдық - демократиялық бағыттағы идеяларды білдірді.

Аграрлық мәселеде қойған талаптары:

1. Жерге мемлекеттік меншікті жою.
2. Жерді сатуға тыйым салу.

1911-1915 жылдары шығып тұрған (редакторы М.Сералин) Айқап журналы аграрлық- демократиялық бағытты білдірді. Журнал қызметкерлері - Ж.Сейдалин, С.Торайғыров, С.Сейфуллин, Б.Майлин отаршылдық саясатты әшкерелей отырып, негізгі мәселелерді қарастырды.

1. Аграрлық қатынастар.
2. Ағарту мен білім беру ісі.
3. Қазақ ауылдарында товар-ақша қатынастарын дамыту.

1905-1907 жылдардағы революциянық қозғалысқа қатысушы Міржақып Дулатұлының саяси бағытта жазылған шығармалары: Бақытсыз Жамал романы (1910 ж.), Азамат өлеңдер жинағы (1913 ж.), Оян, қазақ, Терме әдеби-публицистикалық туындысы. М. Дулатұлы 1915 жылы патша үкіметінің аграрлық саясатын өткір сынағандықтан құғынға ұшырап, Семейде, Омбыда, Қарқаралыда болып, қазақ еңбекшілерінің саяси бағытын анықтауда ерекше роль арқарды.

Сөйтіп, осы кезеңдері әлеуметтік күрестің шиеленісуіне алғышарттар қалынтасты:
1. Революциялық жағдайдың тереңдеуі.
2. Шаруашылық дағдарыс.
3. Азық-тулік тапшылығы.
4. Партиялар мен құпия үйымдардың ашылуы.

ХХ ғасырдың басы - тарихи теңдесі жоқ өзгеріс енгізген оқиғалардың табалдырығы іспеттес. Дүние жүзілік тарихи дамуға түбірлі бетбұрыс жасаған ХХ ғасырдың басындағы оқиғалар әдебиет пен мәдениеттің өркендеуіне де үлкен жағдай туғызды. Осы өзгерістің алғашқы жылдарындағы қазақ әдебиетінің қалыптасу жолдарына көз жіберсек, бұл үдерістің мейлінше күрделі қалыпта, қиын жағдайда жүзеге асқаны байқалады. Бұл тұста әдебиет пен саясат тығыз байланыста болуы қадағаланады, әдебиет арқылы саяси ойлар айтылды. Жаңа қоғам қаламгерлердің өмірді көркем бейнелеу үшін ортақ көркемдік әдісті таңдауларын қажетсінді.
Көркемдік бейнелеу ұстанымдары белгілі бір көркемдік әдістің шеңберінде тұйықталып қалмайтыны белгілі. Көркемдік әдістердің пайда болуы, дамуы және алмасуы әлеуметтік-тарихи жағдайларға қатысты. Көркемдік әдістердің өзінің даму барысында түрлі өзгерістерге ұшырайтыны, қоғамдық өзгерістерге сай жаңа сипат алатынын әдебиет көші байқатты.
20-жылдары қазақ әдебиетінде романтизм типологиясында айтылып жүрген төңкерісшіл романтизм де, әлеуметтік-консервативтік романтизм де көрініс берді.Осы тұстағы романтизм әдебиетке қаламгерлердің қоршаған ортаға көзқарасын бірден байқататын, әрекеті оқшау кейіпкерлерді әкелді. Дүниені жаңарту сезіміне бөлену қаламгерлер қаламын өмірдің бүкіл қайшылықтарын шешуге армандатты. Өмірді жаңаша жасауға талпынған ұмтылыс романтикалық көңіл-күйге ерік берді.
Халықтың арман-тілегін көркем шығарманың арқауына айналдырған кезде автордың дүниені эмоциялық қабылдауының табы жатуға тиіс болды. Сондықтан, өзегінде романтика бар шығармада бүкіл халықтың, көпшіліктің және кейіпкердің өміріндегі ең бір шешуші, өзгерісті кезеңдері алынып, көркемдік електен өтіп жатты. Қазақ әдебиетінде жиырмасынша жылдардағы революцияшыл романтика сыңайында жазылған проза поэзиямен салыстырғанда әлсіздеу, кең ауқымды емес болатын.
Төңкерістің алғашқы жылдарындағы өмір өзгерістері жазушыларға тың соқпақ көрсетіп, соны ізденістерге бастады. Замананың алға тартқан күнделікті өмір материалдары көркем туындыға соны сипатпен түсіп, жазушылардың тың ізденістер жасауына себепкер болып отырады.
Қалам қайраткерлерінің төңкерістен кейінгі жағдайын А.Байтұрсынов дәл көрсетіп берген: Қазақ баласын ұлтым, жұртым, бауырым деп үйреніп қалған қазақтың бауырмал қалам қайраткерлері Октябрь өзгерісі болғанда бірден интернационал (бейбауырмал) болып өзгере алмады, өзгелердей
алымсақтан бері коммунист, интернационалист едім деп айтуға аузы бармады. Сондықтан бейбауырмалдық жолға қызмет қылып, басшылық қыла алмады. Бейбауырмалдық жолында қаламмен қайрат етуін бейбауырмалдық жолындағы үкімет хош көрмейтін болды. Сөйтіп, қазақ қалам қайраткерлерінің халінде дағдарыс болдып, өзгерістен бұрынғы қарқындары қайтып, тартыңқырап қалды .
Төңкерістен кейінгі уақыттың аласапыран құбылыстарын бағалау, болашақ өзгерістерді болжай білу қаламгерлердің дүниетанымдық ерекшеліктерімен байланысты еді. Көзі қарақты, Европа әдебиетімен етене таныс, төңкеріске дейін дүниетанымдық көзқарастары қаланған ұлтшыл бағыттағы қаламгерлер заманның алуан шындығын таразыға тартып, өз пікірлерін білдіріп отырған. Олар қазақ әдебиеті тек тапшыл бағытты ұстанса, әлемі тарылатынын салмақтай білген. 1927 жылы жазылған Екеудің Көркем әдебиет туралы мақаласы сол тұстағы әдебиет тірлігінен хабардар береді:Қазақ төңкеріске жолдан қосылған жұрт. Төңкерістен бұрын коммунист жолында болған қазақ жоқ. Қазақ саясаттың өзіне кеш кірісті. Төңкерістен бұрын қалам ұстағанның бәрі ұлтшылдық бағытта жазып жүрді, төңкерістен кейін кейбір жазушылар еңбекшіл, тапшылдық, төңкерісшілдік бағытқа түсті. Бұрынғы ұлтшыл жазушылардың енді еңбекшіл, тапшыл болуына, әрине, төңкеріс, үкімет, саясат құбылуы әсер етті. Саясат, әлеумет құрылысы өзгерген соң, пікір де өзгермек қой. Алайда, қазақ жазушыларының бұрынғы ұлтшылдық сезімі пышақ кескендей жоғалып кетуі табиғи нәрсе ме? Төңкеріс болмаса, патша үкіметі құламаса, отаршылдық саясат өрши берсе, сонда да сол тапшыл болып отырған жазушылар ұлтшылдық бағытын тастар ма еді? Орыстың төңкеріс туғызған жазушыларының өзінде ұлтшылдық пікір қалмай отырғанда, қазақтың төңкерістен бұрын жазушыларында неғып ескіліктің жұғыны аз да болса қалмады? Қалмады десек шын болар ма? Міне, бұл ойланарлық нәрсе? Троцкий айтқандай боялып, қу болып жүрген жазушылар бізде жоқ деуге болмайды. Шын жүректен табиғатынан қайнап шықпаған сөзде жан болмайды, ондай сөз ақындыққа жатпайды, бей намаздың назамы болып шығады. Міне, сол себептен де әдебиетіміз, оның ішінде тапшыл әдебиетіміз жуырда аяқтана алмайды.
Шындықтың сырын образды түрде ашу үшін 20-30 жылдардағы қазақ прозасы реализм әдісіне көбірек ден қойды. Заман соны қалады. Дегенмен де бірі қаламгерлердің шығармаларында реализм мен романтизмнің араласып жүрген тұстары да бар. Кеңес жазушыларын реализмнің өмірдің өзінен алынған шынайы фактілерді көркемдік жинақтауы қызықтырды. Дегенмен уақыт өте келе кеңестік идеология дәстүрлі реализмнен де өзгеше дүниені қажетсінді.
ХХ ғасыр басындағы әлемдік әдебиет көкжиегінде романтизм, реализммен қатар модернистік үрдістер бой көрсете бастады. Қаламгерлердің көпшілігі көркемдік әдістердің барлық түрлерін пайдаланды. Кей шығармаларда романтизм, реализм, модернизм белгілерінің қатар көрініс тапқандары да байқалады. Дегенмен де сол шығармаларда олардың ара салмағы тепе-тең болмай, әйтеуір біреуі басымдық танытты. Сол тұстағы әдеби шығармаларда романтизм элементтерін бойына сіңірген реализмнің модернистік дүниетанымға ұласып көрініс бергені де байқалады. Модернизм -- табиғаты еркіндікке бейім көркемдік ұстаным. Кеңес үкіметі қалыптастырған социалистік реализм мен модернизм эстетикасының қарама- қайшылықта қатар өмір сүруі екі жүйе қақтығысының алғашқы дәуірінде-ақ белең алды.
Әдебиеттің келешегіне алаңдаулы Алаш зиялылары Алқа әдеби бірлестігінің идеясына топтасса, пролетарлық бағыттағы қаламгерлер ҚазАПП-тың маңайына шоғырланды. Кеңестік саясат күшейген сайын кеңестік идеологиядан, қоғамнан тыс өмір сүруді жоққа шығарды. Адамның рухани интеллектуалдық дамуы мен өз өзін қалыптастыруын тек сол қоғамға тән жалпыға ортақ тағдырдан жеке адамның кез келген оқшаулануын біржақты бағалады. Әдебиетте ұлт бейнесінен гөрі жаңа қоғам адамын жасау алдыға шықты. Ұлт туралы жасалған берік байламдар мен батыл әрекеттердің жолы кесілді. Бұл шешім пролетарлық бағыттағы жазушыларды да кештеу болса да ойлантты. Уақыт өте келе заманы ортақ екі бағыттағы қазақ қаламгерлері ұлт бостандығы мен ұлт теңдігі деген ізгі мақсат жолында мүдделес, рухтас екендіктерін түсінді.
Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында.
Тарих сахнасына алашорда-халық Кеңесі үкіметін алып келген жалпы ұлттық күрестің басында ұлттық күрестің басында ұлттық интеллигенция тұрды. Олардың ортақ түсінігі бойынша отарлық езгі мен феодалдық мешеулік жағдайында аяқ асты болған ұлттық мүддені қорғап, қазақ елін өркениетті елдер қатарына алып шыға алатын жалқы жол-ұлттық мемлекеттік құрылымның болуы еді.
Жетпіс жылдан астам уақыт жүріп өткен тарихи жолымыз көрсетіп бергендей, қазақ қоғам қайраткерлері тәуелсіз дербес мемлекет құру жолын таңдай отырып, қателескен жоқ еді. Ұлттық қанау мен ұлттық теңсіздік болған жерде езілген елдердің табиғи талаптары мен мүддесін қорғайтын саяси институттарға сұраныс та қалыптаспақ. Ал, осы негізде пайда болған мемлекеттің саналы түрде жалпы ұлттық- мұраттарға қол жеткізуді көздейтін шараларды іске асыруы да табиғи нәрсе. Өздерінің саяси еркіндігін алған елдердің бәрінде де осылай болған. Осы тұрғыдан алғанда, әрине Алаш партиясының өмірге келуі тарихи қажеттіліктен туған болатын.
Бірақ қазақ ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің бұл әрекеті ескі Ресейдің тұтастығын көксейтін ақ қазақтар мен патша генералдарына да жаңа тоталитарлық жүйені орнатушы большевиктерге де ұнай қоймайды. Егер алғашқылары Ұлы Ресейсіз өз бетінше өмір сүре алмайтын бұратана халықтың ат төбеліндей сеператистік пиғылдағы өкілдеріндей қарап,
аяқтарынан шалса соңғылары саяси сауатсыз, аңқау елді арзан ұрандармен артына ертіп, ал оның көзі ашық көш бастаушылары буржуазиялық ұлтшылдар, ұлтшыл-уклонистер деп жариялап, алдымен халықты оларға қарсы қойып, артынан бұларды асып-атып, рухани азапқа салып, жойып тынды.
Ұлттық саясатта түптеп келгенде ұлыдержавалық, империялық мақсатты көздеген бұл екі саяси жүйе де ұлттық мемлекеттік идеясынан қорықты. Сондықтан да, ұлттық шет аймақтарда бұл ойға қорғау салушылардың есімін атауға да тиым салынды. Міне, осыған байланысты біз соңғы уақытқа дейін қазақ ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің өмір жолымен, олардың артында қалдырған творчестволық мұраларымен таныса алмай келдік. Халқымыздың өз еркіндігі үшін күрес жолында мәңгі өрлейтін терең із қалдырған қайраткерлеріміздің тізімі жетерлік.
Кеңес дәуірі кезінде жарық көрген ғылыми зерттеулерде саяси идеялық ахуалдың қалыптасуына әсер еткен, факторлардың ролі, ықпалдары маркстік -- лениндік көзқараспен бағаланды. Керісінше, қазақтың кең даласында анда-санда көрініс берген большевиктік идеологияның таралу заңдылығы, яғни социалистік революцияның болуы дәйекті қажеттіліктен туды деген тұжырым, қағидалар ғылыми зерттеулерде аксиома ретінде дәлелденді. Ал, қазақ қайраткерлері қоғамды күшпен құлатып, дәстүрлі саяси-құқықтық мөдени дамуды ұлт санасына жат институттармен алмастыруға үзілді-кесілді қарсы болды. Философ А.Қасабековтың түсігінше:
XX ғасырдың басындағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті қайраткерлері А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, М.Шоқаев және басқалары өмірдің обьективті жағдайларын өзгертуді күшпен емес, сананы сол процеске енгізу арқылы өзгерту керек деп уағыздады. Олардың негізгі идеялары-бостандық, тәуелсіздік, отаршылдық езгіден құтылу жолдары және қазақ халқын жалпы адамзаттық құндылыққа жақындастыру болды. Міне, сондықтан да XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында қалыптасқан саяси-идеялық ахуалға большевиктік идеологияның ықпалы пәрменді болды, революциялық қозғалысқа қазақ жастары белсенді араласты деген жасанды тұжырымдар ақиқатқа сай келмейді. Ұлан байтақ қазақ жерінде большевиктік идеологияға мойынсұнған М.Сералин, С.Көбеев, Н.Ералин, М.Бекметов, Ы.Дүйсенбаев, Т.Бокин сияқты саусақпен санарлық қазақ жастарының астыртын жүргізген революциялық қызметінен саяси -- идеялық ахуалда күрт өзгеріс болды деп сендіру ақиқатқа мүлдем қарама-қайшы екені даусыз.
Сонымен қатар, XX ғасырдың басындағы қазақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері туралы ақпарат
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында. Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін ажырату
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай мен оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері
XX ғасыр басындағы қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпалы
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы және жанрлық жаңалық алып келген қаламгерлерге шолу
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және әдебиеттің дамуына тигізген әсері
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері жайлы
Пәндер