Темір жол ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Темір жол ветеринариялық.санитариялық бақылау және қадағалау.
2. Басқа көлік түрлерімен тасымалдаған кездегі ветеринариялық.санитариялық бақылаудың ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ветеринарлық-санитарлық қадағалау негізіне ветеринарлық санитария ғылымын оқу барысында алынған білім жатады, себебі зертханалық және өндірістік зерттеулер тәжірибесінің негізі патогенді немесе шартты патогенді микроорганизмдер жануар ауруларын тудыратын және өнімдермен жануартекті шикізаттардың жарамсыздығына әкелетін компоненттерді жақсы білу шарт.
Мемлекеттік қадағалау - бақылау және қадағалау түсініктерінен құралады.Казіргі таңда ҚР-да жануартекті өнімдерді экспорттау және импорттау көлемі өсуде. Осыған байланысты ҚР шекара және көліктегі мемлекеттік ветеринарлық инспекторларының жауапкершілігі артуда. Ветеринарлық инспекторлардың міндеттері: аурудан сау емес шаруашылықтан өнімді шығармау; тасымалдау барысында жұқпалы аурулардың пайда болуына және таралуына қарсы алдын алу шараларын жүргізу; ақауы бар еттерді, ет, сүт өнімдерін және жануартекті шикізаттарды жібермеу; тасымалдау кезінде ҚР ветеринария туралы заңдылық ережелерін ұстануға; вагон, автокөлік және кеме көліктерімен өнімдерді тасымалдау кезінде дезинфекциялық бақылау жүргізу. Барлық аталған міндеттер ҚР территориясына шетелден жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының өтуінен сақтайды, бұл жұмысты шекарадағы ветеринарлық бекеттің ветеринарлық инспекторлары жүзеге асырады. Бұл жағдайда ҚР көліктегі ветеринарлық қызметтің транзит және республика ішінде ішкі тасымалдау мен ветеринарлық-санитарлық қадағалау жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру маңызды болып табылады.
1. Бегенова А.Б. , « Шекара және көліктердегі ветеринариялы-санитариялық бақылау », Алматы 2014 ж.
2. Дүйсембаев С.Т. « Ветеринарлық-санитариялық сараптау » , Алматы 2013 ж.
3. Нұрғалиев Б.Е « Мал және құс өнімдерін ветеринарлық-санитарлық сараптау» оқу құралы, Алматы 2011 ж.
4. Ветеринарлық-санитарлық заңнама ІІ том , 2005 ж.
5. «Ветеринарно-санитарная экспертиза продуктов животноводства», справочник.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Аграрлық факультеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы:
1. Темір жол ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау.
2. Басқа көлік түрлерімен тасымалдаған кездегі ветеринариялық-санитариялық бақылаудың ерекшеліктері

Орындаған:Темешова Ж.А.
Тобы:ВС-203
Тексерген: Сулейменов Ш.Қ.

Семей 2015 ж

Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Темір жол ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау.
2. Басқа көлік түрлерімен тасымалдаған кездегі ветеринариялық-санитариялық бақылаудың ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Ветеринарлық-санитарлық қадағалау негізіне ветеринарлық санитария ғылымын оқу барысында алынған білім жатады, себебі зертханалық және өндірістік зерттеулер тәжірибесінің негізі патогенді немесе шартты патогенді микроорганизмдер жануар ауруларын тудыратын және өнімдермен жануартекті шикізаттардың жарамсыздығына әкелетін компоненттерді жақсы білу шарт.
Мемлекеттік қадағалау - бақылау және қадағалау түсініктерінен құралады.Казіргі таңда ҚР-да жануартекті өнімдерді экспорттау және импорттау көлемі өсуде. Осыған байланысты ҚР шекара және көліктегі мемлекеттік ветеринарлық инспекторларының жауапкершілігі артуда. Ветеринарлық инспекторлардың міндеттері: аурудан сау емес шаруашылықтан өнімді шығармау; тасымалдау барысында жұқпалы аурулардың пайда болуына және таралуына қарсы алдын алу шараларын жүргізу; ақауы бар еттерді, ет, сүт өнімдерін және жануартекті шикізаттарды жібермеу; тасымалдау кезінде ҚР ветеринария туралы заңдылық ережелерін ұстануға; вагон, автокөлік және кеме көліктерімен өнімдерді тасымалдау кезінде дезинфекциялық бақылау жүргізу. Барлық аталған міндеттер ҚР территориясына шетелден жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының өтуінен сақтайды, бұл жұмысты шекарадағы ветеринарлық бекеттің ветеринарлық инспекторлары жүзеге асырады. Бұл жағдайда ҚР көліктегі ветеринарлық қызметтің транзит және республика ішінде ішкі тасымалдау мен ветеринарлық-санитарлық қадағалау жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру маңызды болып табылады

ТЕМІР ЖОЛ КӨЛІКТЕРІНДЕГІ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ- САНИТАРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ МЕН БАҚЫЛАУ
Жануарларды тасымалдау алдында ветсанбақылау
Жануарларды тасымалдау алдында ветеринарлық бекеттің вет инспекторы 2-3 күн бұрын жүк жөнелтуші шаруашылығына барып, келесі шараларды өткізеді: аймақтық саулығын; құжаттардың дұрыс ресімделуін тексереді; жануарларды клиникалық қарап, термометрия өткізеді; азықтар, төсеніш, суару жабдықтарын, сапалы болуын тексереді; жолсеріктермен әңгіме кеңес өткізеді. Осы зерттеу нәтижелері бойынша акт толтырылып, жануарларды арту стансасына жөнелтуге рұқсат береді.
Жөнелтуші 3-5 күн бұрын жануарларды көліктік азық режиміне көшіреді. Жануарларды экспортқа әзірлеу 3-ай бұрын Экспортқа жөнелтілетін жануарлар мен құстарды таңдау, ветеринарлық өңдемелеу ережелеріне сәйкес өткізіледі.
ТМД және алыс шетелдерден келетін жануарлар ҚР жануарларды, жануартекті өнімдер мен шикізаттарды импорттау кезіндегі ветеринарлық санитарлық шаралар туралы нұсқаулыққа оқшаулау мен ветеринарлық өңдемелеу өткізіледі, бұдан соң одан әрі жүру құқы бойынша ветеринарлық куәлік беріледі. Инфекциялық жұқпалы аурулармен ауру, не күдікті жануарларды шет елдерінен енгізу, шығару және біздің ел арқылы транзиттеуге қатаң тыйым салынады. Жөнелтілетін жануарларға ветеринарлық куәлікті шаруашылықта жұмыс атқаратын ветеринарлық дәрігер жүк жөнелтушіге тапсырады.
Аға жолсерік шаруашылықтан азықтар мен төсеніштерді барлық жол бағытына жеткілікті етіп алуға міндетті.
Азықтар мен төсеніштерді тасымалдау үшін, бір вагон әр 10-16 вагондағы жануарларға есебінен беріледі, жануарларды күту үшін бір вагонға 1 жолсерік, ал асыл тұқымды жануарларға 2 жолсерік бір вагонға бекітіледі.

Жануарларды вагондарға арту, қабылдау кезіндегі ветсанбақылау
Жануарларды арту орны мен уақыты жайлы мәліметті алған соң көліктегі ветеринарлық санитарлық бекеттің ветеринарлық инспекторы келесі шаралар өткізеді: станса өкілімен және жөнелтушімен бірлесіп вагондар жарамдылығын тексереді; қажетті азық мөлшері анықталады; клиникалық қарау мен термометрия жүргізіледі.
Жануарларды және құстарды вагондарға арту, мал тиеу алаңы бар белгiленген стансаларда өткізіледі. Жануарларды тиеуге арналған жалпы қолданылатын алаңдардан немесе жануарлар тиеуге арналған баспалдағы бар алаңнан артуға рұқсат етiледi . Онда тиегіштер, бүйірлік қабырғалары бар басқыштармен жабдықталып дайындалуы керек. Бірден автокөліктен артуға болмайды.
Стансада жұқпалы ауру не күдікті жануар анықталғанда, барлық жануарлар тасымалдануына тыйым салынады, олар шаруашылыққа қайтарылады немесе белгіленген тәртіпте сойылуы үшін еткомбинаттарына жіберіледі. Әдетте теміржол 2 малторлары бар вагондармен қамтиды, ал қалғанын жөнелтуші шаруашылық жабдықтайды, ал асыл тұқымдылар тасымалданса, қабырғаның ішкі беткейлерін сабандармен қымтайды.
Жануарлар және құстар жай жабық вагондармен тасымалданса, вагондарға тасымалдауға керек құрал-жабдықтары темiр жолмен немесе жүк жiберушi (жүк алушы) келiсiмiмен жабдықталады.
Құстарды тасымалдау темiр бүтiн торларда немесе торсыз тасымалданады, сол кезде құстарды арту екi қабатты жүргiзiледi, тек үстiндегi қабаттың еденiне су өтпейтiн болуы керек.
Жануарлар және құстарды тиеуге жуылған, дезинфекцияланған вагондар берiледi. Талаптарға сәйкеспейтін вагондарға жануарлар артылмайды.
Жануарлар мен құстарды тасымалдауға вагондардың дұрыстығын, жарайтынын мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауының ветеринариялық инспекторы анықтайды. Улы заттар мен минералды тыңайтқыштар тасымалдаған вагондар қайта өңделмесе, оларға мал артуға рұқсат етiлмейдi.
Жiберiлген малдарға, құстарға, араларға және өсiру, тiрi балыққа, балық өсiретiн материалдарға, ұрықтандырылған уылдырықтарға, жүк жiберушi мiндеттi түрде, бақылаудағы жүктердiң шыққан жерiнен, аумақтық ветеринариялық мекемесi берген ветеринариялық куәлiктi көрсетедi. Ветеринариялық куәлiксiз мал және құс тасымалдауға жiберiлмейдi. Ветеринариялық куәлiк әрбiр вагонға бөлек берiледi, оны тасымалдау құжаттарына қосады. Егер жүкті жүк жiберушiмен бiр стансаға және бiр жүк алушыға жолдаса, бiрнеше вагонға бiр куәлiк берiледi. Бұл кезде ветеринариялық куәлiк бiр құжатқа қосылады да, ал басқаларына белгi қояды. № Ветеринариялық куәлiк..., № жол құжатына..., № вагонға....
Жануарлар және құстар шетелге жiберiлгенде, ветеринариялық куәлiк әрбiр вагонға берiледi.
Ветеринариялық куәлiк тиелетiн стансаға көрсетiлетiн болса, ол берiлген күннен бастап үш тәулiкке жарамды болып саналады.
Егер ветеринариялық куәлiктiң уақыты мерзiмiнен асып кетсе, тасымалдауға малдарды қабылдау мәселесiн, мемлекеттiк ветеринарлық қадағалау ветеринариялық инспекторы шешедi.
Бал араларын, сонымен қатар өсiруге және акклиматизациялауға арналған шаяндарды, тiрi балықтарды, ұрықтандырылған уылдырықты тасымалдау, нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес атқарылады.
Станса бастығы, жүк тасушы мен мемлекеттiк ветеринарлық қадағалау мекемесіне мал мен құсты тиеуге 24 сағат уақыт бұрын хабар бередi. Мемветқадағалаудың ветеринариялық инспекторы малдарды зерттеуді тек қана күндiзгi уақытта жүргiзедi.
Жануарлар және құстар станса бастығы тағайындаған уақытта стансаға жеткiзiлiп, тиеуге дейiн бүкiл вагондар ветеринарлық инспекторымен қаралуы керек.
Жануарлар мен құстарды тиеуге рұқсат етiлсе, ол туралы ветеринарлық куәлiкке белгi қойылады, ал тиеуге тыйым салынса, ветеринарлық куәлiктiң алынғаны туралы акт жасалынады, бұл туралы станса бастығына хабар берiледi. Тиеуге ветеринарлық инспекторы тыйым салса, жүк жiберушi мiндеттi түрде 2 сағаттан кейiн тиеуге жiберiлмеген жануарларды және құстарды станса аумағынан алып кетуi керек.
Бір төрт діңгекті вагонға арту нормасы жануар түріне, жасына, көлеміне, салмағына байланысты анықталады.
Асыл тұқымды жануарларды арту нормасы жүк жөнелтушінің көліктегі мемветқадағалау орындарымен келісімі бойынша өзгертіле алады.
Жануарларды төрт діңгекті вагонға тиеу нормасы

Жануарлардың түрі мен жасы
Бір вагонға тиеу саны, бас
Сойылатын ірі қаралар
Ересек ірі қара малдар

16-24
Ірі қара малдың төлдері
24-28
350-500кг салмақты бордақылау өндірісіндегі төлдер
10-12
Бұзаулар
30-50
Жоғары өнімді және асыл тұқымды ірі қаралар:
Сиырлар

8
Ересек бұқалар
4
Тайыншалар, бұқашықтар, құнажындар
10-12
Ұсақ ірі қаралар:
Қойлар мен ешкілер

8-110
Шошқалар:
30-60 кг салмақты

60-80
60-80 кг
50-60
80-100 кг
44-50
100-150
28-44
150
20-28
Жылқылар:
Сойылатын жылқылар

14 көп емес
Асыл тұқымды және атжарыс жылқылары
10-12 көп емес
Түйе
8
Бұғы
12-16
Қоян
400
Түлкі, ақ түлкі
160
Қара күзен, бұлғын
200
Су тышқан (саз құндызы)
150
Құстар (торларда):
Ересек тауықтар

850-1050
Тауық балапандар
2500
Үйректер
400
Қаздар
200
Жылқыларды вагондарда көлденең бойы қатар бастарымен есiкаралық кеңiстiкке қарай орналастырады. Жолсерiк жүріп тұруы үшiн ортаңғы қатарда шеткi қатарға қараған бiр жылқыға аз орналастырылады. Жылқылар тек қана тағасыз түрде тасымалданады. Қысқа бағыттар болса, рационнан дәндесін азықтар алынады.
Iрi қара мал вагонда ұзын бойы және көлденең түрiнде орналастырылады. Көлденең бойы артылғанда, тиеу алдында вагонның көлденең қабырғасының алынбайтын тақтайына бұрандамен мал байлауға темiр шығыршықтар жапсырылады, 1-2 малға бiр шығыршық. Вагонның екi басына, әрқайсысы екi тақтайдан құралатын, вагонның алынбайтын тақтайына, вагонға көлденең, вагонның беткi қабырғасына тiреп сөрелер орнатады. Iрi қара мал тиелiп болғаннан соң, есiк жақтауларына тор қойылады.
Iрi қара малды көлденең орналастырылғанда вагонды жылқыларды орналастырылғандай жасалынады, тек есiкке қойған тақтай орнына тор қойылады. Қой, ешкi, шошқа және iрi қара малдың төлдерi вагондарға бос артылады.
Вагондарға бұқа мен сиырды, қой мен қошқарды, шошқаның ұрғашысы мен аталығын және жануарлар мен құстың әр түрлерiн бiрге тиеуге болмайды.
Егер жануар мен құстың әр түрлi жыныс және түрiмен тасымалдауға бөлек вагондар болмаса, оларды мiндеттi түрде мықты шарбақпен бөлiп тасымалдайды.
Бұзау, қой, ешкі, шошқалар, қашарлар бос артылады. Шошқаларды қыс уақытында сыртқы ауа температурасы 25°С төмен болса, ал жаз уақытында үлкен семiз шошқалар салмағы 100 кг масса, ауа температурасы 25°С жоғары болса тиелiнбейдi және тасымалданбайды.
Ұсақ жануарлар тор жәшiкте бiрнеше қабатта тасымалданады.
Сойылатын малдарды көбіне көлденең орналастырады. Ірі малдар вагондарда байланып тұруы керек.
Үстiңгi тор мен төбенiң және вагонның қабырғасының аралығы 0,2 м болуы керек. Жәшiк пен торлар қабырғаны бойлап орналастырылып, ортасынан малдарға қарау, жүру және ауа ағымы болуы үшiн орын қалдырылады. Тор және жәшiктердiң түбi бүтiн болып және тиелген соң жақсылап бекiтiлуi керек.
Жабайы жануарлар мен аңдарды вагондармен тасымалдау темiр жолмен шарт бойынша мемлекеттiк ветеринарлық қадағалаумен және жүк жiберушiнiң келiсiмiмен тасымалданады.
Бағалы аңдар, олардың түрлерiне қарамастан темiр жол немесе мықты ағаш, есiгi темiрмен торланған торларда тасымалданады. Тор есiктерi мықты есiктiң иегiмен және құлыпқа жабылуы керек.
Жеткiзудiң белгiленген уақытына байланысты, жүк жiберушi мал мен құсқа жеткiлiктi түрде жол бойына азықпен және төсенiшпен қамтамасыз етедi (7-кесте).
Қыс уақытында ауаның сыртқы температурасы 15°С төмен болса, қыспақ, барда, сүрлеммен жануарларды азықтандыруға болмайды.

Жануарларды темір жол көлігімен тасымалдағанда азық және төсенішпен қамтамасыз етудің тәуліктік нормасы

Жануарлар
Пішен (шөп)
Құрама азықтар
Төсеніш
Асыл тұқымды, жұмысшы жануарларға, кгбасына
1,5 жастан кейінгі сиырлар мен бұқалар
10-12
2-3
2
Ірі қара мал төлдері
6-10
1,5-2
2
Қойлар мен ешкілер
3
0,5
0,3
Ересек шошқалар
-
3-4
1,6-2
6 айлыққа дейінгі шошқалар
-
2-3
1
Асыл тұқымды жылқылар
12-14
3-4
2
Жұмыс жылқылары
10-12
2-4
2
Қояндар
0,1-0,15
0,1-0,15
0,1
Союға жіберілетін жануарлар, 1ц кг салмаққа
Ірі қара малдар
4,5
-
1,5
Қойлар мен ешкілер
5,5
-
0,5
Шошқалар
-
2,5
1

Жүру кезінде жануарларды ветсанбақылау
Жөнелту стансасы жолсеріктерге жүру құқы бойынша куәлік береді, ал жөнелтуші жол бағыттық журнал береді, онда жануарлар қайдан, қайда бара жатқаны, азықтар мөлшері, өзге мәліметтер жазылады. Уақыт бойынша арту нормасы 1-1,5 сағат, вет маманы арту актін тиісті формада, жөнелтуші мен арту стансасы өкілдері және аға жолсерік қатысуымен толтырады, актіге жолсеріктер тізімі және оларға бекітілген вагондар нөмері тіркеледі. Бір данасын көліктегі ветбекеттінде сақтайды, екінші данасын жолсерікке тапсырады, ол оны келіп жететін стансада табыс етеді. Мемлекеттік көліктегі ветеринарлық бекет қызметінің ветеринарлық инспекторы диспетчерлік қызмет арқылы жануарлар бар вагондардың жылдам қозғалуын талап ете алады.
Жемшөп пен төсенiш мал және құстармен бiрге вагондарда тасымалданады және олар жемшөп сөрелерiне немесе вагонның есiк аралық кеңiстiгiне салынады. Жемдер (сұлы, ұн, ұн қалдығы, жарылған жем) қапқа, ал шөп пен сабан буылған түрiнде салынады.
Жануарлар тиелген вагондарды төбеден жiбергенде, оларды итергенде, бұл жұмыстар аса сақтықпен жүргiзiлуi керек. Станса қызметкерлерi жануарлары бар вагондардың жолсерiктерiн таратудың басталуын немесе вагондарды итеру жұмыстары болатыны жөнiнде ескертуi керек.
Жаз уақытында жануарларды жолда тәулiгiнде 2 мезгiл, ал қыс уақытында 1 реттен кем емес суарады, аз мөлшерде жиі суарып отырған жөн.
Темiр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бақылауымен жануарларды тасымалдауға дайындау және оның реті
Ауру малды емдеудің қағидаттары
Салқындатылған ет және ет өнімдерін автокөлік құралдарымен тасымалдау кезіндегі қойылатын ветеринариялық - санитариялық талаптар және оларды жақсарту шаралары
Темір жол көліктерімен жануарлардың барлық түрін тасымалдауда ветеринариялық -санитариялық бақылау
Темір жолдармен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық –санитарлық бақылау
Темір жолдар мен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық -санитарлық бақылау
Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерін, өсімдіктерді (импорттау, экспорттау және әуе, су, темір жол көліктерімен) тасымалдау және ветеринариялық – санитариялық бақылау
Қой мен ешкіні су, әуе, темір жолмен, автокөлікпен импорттау ,экспорттау кезінде ел ішінде тасымалдау кезінде қойылатын талаптар ветеринариялық- санитариялық бақылау
Темір жол көліктерімен тасымалдау кезіндегі ветеринариялық-санитариялық бақылау
Жануарларды басқа да көліктермен тасымалдау кезіндегі ветеринариялық санитариялық бақылау
Пәндер