Буынның жасалуы, түрлері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Филология факультеті

СӨЖ

Пән: Қазіргі қазақ фонетикасы

Тақырыбы : 1. Буынның жасалуы, түрлері 2. Екпіннің түрлері. Бунақ-ритмикалық топ 3. Дыбыстардың алмасуы 4. Сингармонизм заңы

Топ : ФИ-503

Орындаған : Куанова М. Б.

Тексерген : Қалиева С. Е.

Семей 2015 ж.

Жоспар:

  1. Буынның жасалуы, түрлері
  2. Екпіннің түрлері. Бунақритмикалық топ
  3. Дыбыстардың алмасуы
  4. Сингорманизм заңы

Буынның жасалу түрлері. Біздің сөзіміз айтылуы жағынан ең кішкене единицалар яғни бөлшектер - буындарға ажырайды. Сөздерді, буындарды жекефонемаларға жіктеу лингвистикалық талдаудың нәтижесі деп қарау керек.

Жанып тұрған май шамға таяу отырып сөйлегенде, ол жалп - жалп етіп тұрады. Мұның өзі сөздің буын жігін аңғартады. Өйткені ауа сөздің құрамындағы дауыстыларды айтқанда кедергіге ұшырайды. Сонда буын өкпеден келе жатқан (фонациялық) ауамен тікелей байланысты болады.

Буын - фонациялық кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке ( дауысты) дыбыс, не дыбыстар тобы. Қазақ тілінде буынның маңызы ерекше. Фонетикалық негізгі заңдар осы буынның төңірегінде өрбиді. Буынға тән сипаттар:

  1. Буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуға тиіс. Сонда сөздің құрамында қанша дауысты фонема болса, сонша буын болады. Балаларға дегенде, дұрысы бір - ақ дауысты фонема (а) бар. Алайда бұл сөз төрт буыннан тұрады. Бір фонемабірнеше буынның құрамында қайталанып келе береді.
  2. Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе грамматикалық мағынасы бар бөлшектерге (морфемаларға) тура келіп қалады. Мәселен: ат -ты - лар - ға дейтін төрт буынды сөздің 1 буыны (ат) түбір, 2 буыны (ты) сын есім тудырушы жұрнақ, 3 буыны (лар) көптік жалғау, 4 буыны (ға) септік жалғау. Мұны кездейсоқ сәйкестік деп түсіну керек. Буында мағына болуы міндетті емес.
  3. Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, не жіңішке буынды болып келеді. Мұның өзі тілдің үнемді қызметіне негізделеді. Егер тілімізде аралас буынды сөздер кездесетін болса, онда олар кірме сөз болғаны: мұғалім, қабілет, қажет, методика, т. б Буынның жуан, жіңішкелігі қазақ тілінде дауыстыларға байланысты.
  4. Тіліміздегі байырғы сөздер, сондай - ақ буындарда екі дауыссыздан басталмайды. Орыс тілінен енген біраз сөздің біздің тілімізде жасалуы соның айғағы: бөрене (бревно), жеребе (жребий), кереует (кровать), кінәз (князь), үстел (стол) . Сондықтан да байырғы сқздерді Смаил, Ысқақ, Сланов, Рсалды түрінде жазу тіліміздің табиғатыга сай келмейді. Қазан революциясынан бергі жерде орыс тілі арқылы енген сөздер (буындар) екі тіпті үш дауыссыздан да бастала береді: стиль, спорт, станция, студент, процент, транспорт, спринт,, стратегия, т. б. Бұларды осындай жазу және айту әдеби норма түрінде танылады.

Сондай - ақ тіліміздегі байырғы сөздердің ( буындардың) соңында екіден артық дауыссыз тұра алмайды. Оның өзіңде негізінен еліктеуіш сөздер: былқ, жалп, күмп, бырт. Мұндай жағдайда қос дауыссыздың алдыңғысы міндетті түрде үнді, соңғысы қатаң дыбыс болады. Ал орыс тілінен енген сөздер, екі тіпті үш дауыссызға еркін аяқтала береді: акт, кадр, спорт, пункт, текст, спектр, министр, т. б.

5. Қазақ тілінде басқы (сөз басындағы) буын ғана дауыстыдан басталуы мүмкін, қалған жағдайда буындар дауыстыдан басталмайды.

Қазіргі қазақ тіліндегі буындар дыбыстық құрамы жағынан мынадай болып келеді: соов. ло.

  1. Бір дыбысты: а - та, ә - же, а - па, і - ні, а - ла, а - са, оқы а, ә, о, е, о-тыр. Бір дыбысты буындар тек дауысты болады да, жеке сөз түрінде, не сөз басында ғана кесдеседі;
  2. Екі дыбысты: ба - ла, қа - ла, жа - за, та - за, са - ла;
  3. Үш дыбысты: бас, бет, сөз, көз, өрт, акт;
  4. Төрт дыбысты: қант, төрт, былқ, жалт, жылт, кадр;
  5. Бес дыбысты: пункт, спорт, текст, скетч, старт, спирт;
  6. Алты дыбысты: спектор, спринт.

Тіліміздегі байырғы сөздердің буын құрамы төрт дыбыстан аспайды. Ал орыс тілі арқылы енген сөздерде буын бес, алты дыбысты да бола алады.

Қазақ тіліндегі буынның түрін Қ. Жұбанов алтыға, Н. Сауранбаев төртке, С. Мырзабеков екіге бөледі. Ал С. Кеңесбаевтің үшке бөлуі барлық оқуларда қайталанып келеді.

Құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың орын тәртібіне қарай қазіргі қазақ тіліндегі буынның үш түрі бар: ашық буын, тұйық және бітеу буын.

1. Ашық буын - дауыстыдан басталып, дауыстыға аяқталады.

2. Тұйық буын - дауыстыдан басталып, дауыссызға бітеді.

3. Бітеу буын - дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталады.

Екпіннің түрлері. Бунақритмикалық топ.

Екпін - тілдің дыбыс жүйесіндегі негізгі суперсегменттік бірліктердің бірі. Сөз ішінде не сөз тіркесінде басөа буынға өарағанда бір буынның ерекше көтеріңкі күшпен айтылуын екпін дейміз. Тіл - тілде, негізінен, екпіннің үш түрі кездеседі: бір буын ерекше күшпен, қарқынды айтылуы динамикалық екпін болса, айтылу тоны, әуені, ырғағы арқылы ерекшеленуі музыкалды екпін, ал бір буын өзгелерден дауысты дыбыстың созылыңқы айтылуына, санына қарай ерекшеленуі квантантивті екпін деп аталады. Бұл екпіннің фонетикалық қызметі жағынан да бір тілдерде екпін орны тұрақты болып, ол сөз бөлшектерін бір бүтін етіп, сөз бен сөздің шегін бөліп, жігін ажырату құралы болса, келесі бір тілдерде сөз екпіні орнына фразалық екпін болып, ол мағналық бірлікке енген бірнеше сөз тобын екіншісінен бөліп көрсетуге қызмет етеді. Динамикалық екпінді ғылымда экспирациалы, артикуляциялы, интенсив екпін деп, қазақ тілінде тегеурінді екпін деп атаса, музыкалық екпінді бірде мелодиялы, біресе тондық, әуездік екпін деп те атайды, ал квантатив екпін - сандық екпін, мөлшер екпіні деп те аталып жүр.

Ал тіл - тілде сөйлемдегі сөздің, не буынның, не дыбыстың оқшаулануына байланысты екпіннің бірнеше түрі кездеседі. Олар:

  1. Сөз екпіні - әр сөздің жеке ұғымын, сөздің бейнесін танытады.
  2. Ой екпіні - сөйлем ішіндегі көңіл аударуға қажетті нақты бір сөзді бөлектеп айту, сол сөзге ой екпінін түсіру болып табылады.
  3. Көңіл күй екпіні - сөйлеушінің көңіл - күйін білдіреді.
  4. Лебізді немесе динамикалық екпін - сөз ішіндегі буынның біреуі басқа буындардан айрықша күшті айтылуы мүмкін.
  5. Үнді (музыкалық, тоникалық) екпін - бір буынның айтылу тонының ырғағы арқылы ерекшеленеді.
  6. Тіркес екпіні - сөз тіркесі немесе түгел сөз шумағы бір ғана екпінге ие болуы мүмкін.
  7. Негізгі және көмекші екпін - екі немесе үш буынды сөздің немесе көп буынды сөздің бір буыны негізгі екпінге ие болады.

Буақтар - өзіндік екпін, ритммен айтылатын сөздер тобы.

Адам өз ойын сөйлем арқылы білдіретіні белгілі. Сөйлеу кезінде сол сөздер кейде жеке тұрып, көбіне екіден, тіпті үш - төрттен топ құрап айтылады. Мысалы, Үш күндік жолдың бүгінгі соңғы күніне шәкірт бала барын салды. Осында үш күндік жол, соңғы күн, шәкірт бала, барын салды дегендер өзара тіркесіп, топ құрап тұр. Сөйлеу кезінде де бұлар жұбын жазбай, әрқайысысы өзіндік ырғаққа ие болады. Текбастауыш болып тұрған бала сөз өзінің алды - артында тұрған анықтауыш, баяндауышты бауырына тартып шәкірт бала барын салды түрде тұтаса айтылуға тиіс. Осындай топтар ритмикалық топтар деп аталады.

Ритм (грекше ретті өлшем, ырғақ) - кейбір белгілері жағынан өзара бірдей немесе біршама жуық элементтердің қайталануы. Бұл әсіресе өлең жолдарынан аңғарылады. Өлеңге тән буын, бунақ, ырғақ сияқты негізгі элементтердің әр тармақ, шумақта қайталануында белгілі бір тәртіп, жүйе болады. Бұл жөнінде А. Байтұрсынов жақсы айтып кеткен. Ритимикалық топ деп отырғанымыз - бунақ. Сонда сөйлем бунақтарға, бунақ сөздерге, сөздер буындарға, буын дыбыстарға ажырайды.

Дыбыстардың алмасуы. Дыбыстық құбылымтар - сөздің құрамында болатын әр алуан дыбыстық өзгерістер. Мұның бәрі де айтуды жеңілдетуден туады. Сөз ішіндегі фонемалардың өзгеруң негізінде дыбыс алмасулары үш түрде пайда болады:

  1. Шектік (позициялық) өзгерістер. Бұл дыбыстардың бір сөз ішінде орналасқан шектің тигізген әсерінен пайдаболатын өзгерістер. Тіліміздегі кейбір дыбыстардың кідірістен не бұрын, не кейін қолданылуы; кей дыбыстардың сөздің не буынның нақтылы шегінде айтылуы; сөз ішінде екпін түскен буындардан екпіні жоқ басқа буындардың алыс, не жақын тұруы; қазақ тіліне жат кірме дыбыстардың қолданылуы сияқты жағдайлар қазақ тілі фонемаларының негізгі өзіндік қасиетін түгел сақтап қалуына әрқашан қолайлы бола бермегендіктен, шектік өзгерістер пайда болып отырады.
  2. Игерулі ( комбинаторлық) тек қана сөз ішіндегі, сөз аралығындағы, сөздің мағыналы бөлшектерінің арасындағы іргелес тұрған немесе бір - бірінен алшақтап тұрған бір фонеманың екінші фонемаға ілгерінді, кейінді, кейде тоғыса келіп тигізетін ықпалынан пайда болады.
  3. Игерусіз өзгерістер - бұл өзгерістерде көршілес дыбыстардың бір - біріне тигізген ешқандай ықпалы болмайды; барлық позицияда дыбыс өзгерісі өзге дыбыстың ықпалына көнбей, өздігінен ауытқып отырады.

Сингармонизм заңы.

Адамзат баласының тілі - дыбыстық тіл. Біз өз ойымызды осы дыбыстардың тіркесі, тізбегі арқылы білдіреміз.

Тіл дыбыстары, әдетте, жеке-дара күйінде айтылмай, сөз ішінде немесе сөздердің аралығында бір-бірімен тіркесіп, өзара тізбектелген түрде қолданылады. Сөздердің құрамындағы немесе сөздердің аралығындағы дыбыстар біріне-бірі ықпал етіп, бірімен-бірі өзара үндесіп айтылады. Дыбыстардың өзгеріп үндесуі олардың айтылуда бір-біріне артикуляциялық жақтан әсер етуінің нәтижесінде іске асады.

Қазақ тілінде дауыстылардың үндесуі сөз ішінде жуан дауысты дыбысы бар буыннан кейін, оған сәйкес жуан дауыстының келуі ( а-ғаш-тар-ға, қо-быз-дың ) жіңішке дауыстының келуі ( еңбек-ке, өзен-дер ) түрінде болады. Ал түбір сөздің соңындағы қатаң дауыссыздан кейін қосымшаның да қатаң дауыссыздан басталуы ( тамақ-қа, сүт-тің ) немесе ұяң дауыссыздан кейін қосымшаның да ұяң дауыссыздан басталуы ( күз-ге, қаз-дар) дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесуі болып табылады.

Дауыстылардың бір бірімен өзара үндесуі сингармонизм деп, ал дауыссыздардың бір біріне ықпал етіп өзара үндесуі ассимиляция деп аталады. Яғни сингармонизм тіліміздің тарихи дамуының нәтижесінде қалыптасқан заңдылық, оны өзге тілден ерекше етіп тұратын өзіндік жарасым.

Қазақ тілінің дыбыс жүйесін үзбей зерттеп келе жатқан ғалым Ә. Жүнісбеков зеттеулерінде түркі тілдеріндегі сингармонизм туралы пікірлерді сараптай келе, жаңа бір қорытынды жасады. Осы уақытқа дейін еленбей келген тың арнаның көзін ашты. Атап айтқанда, сингармонизмнің басты фонологиялық қызметі - қазақ сөзінің өн бойына біркелкі тембрдің (франц. tembre - дыбыстың сапасы, бояуы) cақталуында. Бұлай болмаған жағдайда сөз құлаққа жағымсыз естіліп, қабылдауды, түсінуді қиындатады.

Үндіеуропа тілдеріндегі фонеманың конститутивтік (франц. сonstitutif - мағына айқындаушы) қызметін түркі тілдерінде сингармонизм (сингармема) атқарады.

Қазақтың байырғы сөздері мынадай сингармониялық белгілермен ажырайды:

  1. жуан езулік - жіңішке езулік:тыс - тіс, бас - бәс.
  2. жуан еріндік - жіңішке еріндік:сол - сөл, жон - жөн, от - өт.
  3. жуан еріндік - жіңішке езулік:тот - тат, сұр - сыр, от - ат.
  4. жуан еріндік - жіңішке еріндік:тон - тін, тұс - тіс, от - ет.
  5. жіңішке еріндік - жіңішке езулік:өн - ін, түр - тер, өт - ет.
  6. жіңішке еріндік - жуан езулік:түс - тас, өр - ар, өт - ат.

Бұдан тіл және ерін сингармонизмдерінің сөз мағынасын ажыратудағы қызметінің бірдей екендігі байқалады.

Қазақ тіліндегі байырғы сөздерде сингармонизм екі түрде кездеседі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Буынның жасалуы, түрлері Екпіннің түрлері. Бунақ-ритмикалық топ.Дыбыстардың алмасуы.Сингармонизм заңы
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында фонетиканы оқытудың әдіс-тәсілдерін анықтау
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында фонетиканы оқытудың әдіс-тәсілдері
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Фонетиканы оқыту әдістемесі
Тіл дыбыстарының түрлері. Дауысты, дауыссыз дыбыстар
Дауысты және дауыссыз фонемалар
Буындарды модельдеу
Қазақ тіліндегі буын
Фонетиканы қарастыратын мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz