Қоянтәрізділер отряды


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
ОӨЖ
Тақырыбы:Қоянтәрізділер отряды
Топ: Бл-209
Тексерген:Тугамбаева С. М
Орындаған:Айдосова Л. А
Семей-2015 жыл
Жоспар
I. Бұғыларға жалпы сипаттама
II. Бұғылардың түрлері
II. Бұығардың таралуы
IV. Бұығардың көбеюі
V. Ауыл шаруашылығындағы маңызы
VI. Пайдаланған әдебиеттер
Бұғының отыз түрі бес тұқымдас тармағына бөлінеді: құдырлар; мунтжактар; су бұғылары; нағыз бұғылар; Америка бұғылары. Бұғы Азия, Еуропа, Америка және Солтүстік Африкада тараған. Қазақстанда бұғы екі тұқымдас тармағына жататын төрт түрі (құдыр, елік, марал, бұлан) Алматы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының орманды алқаптарын мекендейді.
Бұғылардың көпшілігі орташа немесе ірі денелі, сымбатты келеді. Барлық түрінің дерлік (су бұғысын қоспағанда) еркегінің тармақтанған сүйекті, қуыс мүйізі болады. Ұрғашысында мүйіз тек солтүстік бұғысында ғана болады. Бұғының мүйіздері жыл сайын қыста немесе көктемде түсіп, қайта өсіп шығады. Өсіп келе жатқан мүйізінің терісінде түгі болады, бірақ ол мүйіздің өсуі тоқтағаннан кейін түсіп қалады. Бұғылар орманда, орманды далада, тундрада, тауда кездеседі. Ағаш, бұта жапырағын, қабығын, шөптесін өсімдіктерді, қынаны, мүкті, т. б. қорек етеді. Ұрғашылары мамыр - шілде айларында бұзаулайды. Бұғының барлығы дерлік кәсіптік маңызы бар аң. Олардың терісі және етін пайдаланады. Теңбіл бұғы мен маралдың еркегінің мүйізінен дәрі жасалады. Батыс Қазақстан жəне Қостанай облыстарында жерсіндірілген. Орманды далада мекендейді. Шөппен, ағаштар мен бұталардың бұтақтарымен жəне қабықтарымен қоректенеді. Əр сиыр көбіне жалқы бұзау табады, ал егіз табу оларда сирек кездеседі. Кəсіби аңшылық нысанасы. Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының орман-жоталарында таралған. Ертеректе дәмді еті үшін жыл сайын 1000-5400 шамасында елік ауланатын. Қазіргі кезде бар-жоғы әуесқойлық жолмен 200-250 елік ауланады. Терісінен сырт киім, аяқ киім, төсеніш, қайыс былғары жасайды. Соңғы кезде етімен қатар мүйізінде пайдалана бастады. Одан түрлі сыйлық бұйымдар жасалады. XIX ғасырда тоғай бұғысы. Сырдарияның ортаңғы жəне төменгі ағыстарында - Арал теңізінен Қызылордаға дейін əдеттегідей болған, Сарысу өзенінің төменгі жағымен Қаратау жотасына жеткен. Іле өзенінің атырауларында жəне Балқаш қамыстарында мекендеген. XX ғасырдың бірінші бөлігінде тоғай бұғысы Қазақстанда жойылды, соңғы бұғының Сырдария бастауында 1956 жылы атып алынған. 1981 жылы ол Іле өзенінің ортаңғы ағысындағы сол жағалауына жерсіндірілді. Суқоймаларының болуы - тоғай бұғыларының мекендеуінің негізгі шарты. Шөлді өзендердің жайылмаларын шаруашылыққа игеруге жəне оларды реттеуге байланысты тоғайлар жəне қамыстар барлық жерлерде жойыла бастады. Шағын жерлерге ғана тиіспеді. Өткен ғасырлардағы Қазақстандағы тоғай бұғыларының саны туралы деректер жоқ. Тоғай бұғылары Қазақстанда тікелей атудың нəтижесінде жойылды. Адамдардың тоғайларды жəне қамыстарды (оруының) кесуінің жəне өртеуінің, жайылмаларды жыртуының жəне шөбін орудың, өзен арнасын реттеудің, шектеусіз мал жаюдың нəтижесінде бұылардың мекендейтін орындары азайып кетті. Тоғай бұғысы Халықаралық Қызыл Кітапқа енгізілген. Бұл аңдарды жерсіндіру үшін Сырдария жайылмаларынан, Іле өзенінің атырауларынан жəне Оңтүстік Балқаштан жер іздеу керек, ерекше қорғалатын аумақты ұйымдастыру қажет, сондай-ақ тоғай бұғыларын өсіретін жай салу керек. Қазақстанда 2 түршесі бар: С. p. pygargus жəне С. p. tianschanicus. Азықтың жетушілігі жəне сапасы бойынша мерзімдік тіктен-тік қоныс аударады. Еліміздің солтүстік бөлігінде - батыста Жайық өзенінен бастап шығыста Алтай өлкесіне дейін таралған, сондай-ақ Орталық Қазақстанның, Оңтүстік Балқаштың, Тянь-Шаньның, Жетісу Алатауының, Тарбағатайдың, Сəуірдің, Қалбі жəне Оңтүстік Алтайдың орманды жəне бұталы жерлерінде тараған. Таулы жəне жазық облыстардың орманында, тоғайларында жəне қамыстарында мекендейді. Шөппен, ағаштар мен бұталардың бұтақтарымен жəне қабықтарымен қоректенеді. Əр сөге көбіне егізден лақ табады. Кəсіби аңшылық нысанасы.
Елік (лат. Capreolus pygargus ) - бұғы тұқымдасына жататын жұптұяқты, сүтқоректі жануар. Еліктің 3 түр тармағы (Еуропа, Сібір, Маньчжур) таралған. Қазақстанда Сібір түр тармағы (C. c. pygargus) кездеседі. Дене тұрқы 120 - 160 см, шоқтығына дейінгі биіктігі 75 - 100 см , салмағы 30 - 55 кг . Құйрығы өте қысқа. Ешкісі мүйізсіз, текесінің наурыз - мамырда толық жетіліп, қараша - желтоқсанда түсетін 3 - 5 ашалы мүйізі (25 - 40 см) болады. Аяқтары жіңішке әрі ұзын. Қыста түгінің түсі қоңырқай сұр, жазда жирен, жас лақтарының түгінде ашық түсті теңбіл дақтары болады. ЕлікТалас, Іле, Жетісу (Жоңғар) Алатауында, Батыс және Орталық Тянь-Шаньда, Қаратауда, Тарбағатайда, Сауырда және Оңтүстік Алтайда кездеседі. Жеміс-жидек, мүк, қына және шөптесін өсімдіктердің жүзге жуық түрімен қоректенеді. Жазда жеке-жеке, ал басқа кезде топталып жүреді. Бір жарым жасында лақтайды. Шілде - тамыздан бастап 9 ай көтеріп 1 - 2, кейде 3 лақтан туады. Лақтарын 6 - 8 ай сүтімен қоректендіреді. Ешкісі 11 - 12, текесі 16 жылдай тіршілік етеді. Еті мен терісі үшін арнайы рұқсатпен ауланады. Кәсіптік маңызы бар.
Миграция
. Басқа организмдер сияқты балық-тарда өмірінің әрбір кезеңінде өзі өмір сүрген ортаға әр түрлі талап қояды. Мысалы, уылдырықтарын шашуға бір жағдай керек болса, семіру үшін екінші жағдай, ал қыстап шығу үшін үшінші жағдайды керек етеді. Міне, осындай әрбір тіршілік процесіне қолайлы жағдайды іздеу нәтижесінде, тіршілік еткен ортасын алмастырып, орын ауыстыруға тура келеді. Тіршілік әрекеттеріне қолайлы жағдай іздестіріп, балықтардың орын ауыстыруын - миграция деп атайды.
Миграция - әр түрлі мақсатқа сәйкес түрліше болады. Жал-пы миграция пассивті және активті болып екі түрге бөлінеді. Ол өз тарапынан уылдырық шашу, қоректік зат, қысты өткізу орнын іздеу миграциясын қарастырады.
Пассивті миграция. Су ағынының ығымен жайлап, ашп ба-лықтардың тіршілік еткен орнын ауыстырған миграцияларын - пассивті миграция деп атаймыз. Пассивті миграция - балықтардың шабақтарына тән миграция. Пассивті миграцияға өткінші балықтардың шабақтарының және уылдырық шашып, әлсіреп, судың ағынымен теңізге оралған ересек балықтардың миграциясы да жатады. Бірақ ересек балықтардың аздап та болса активті түрде жүзуге әрекет ететшін естен шығармау керек.
Активті миграция. Пассивті миграцияға қарағанда активті миграция жиірек кездеседі. Мұндай жағдай негізінен көбею, қоректену және қыстап шығу барысында орындалады. Балықтардың қозғалыс әрекеті нәтижесінде әр түрлі кедергіні (ағынның әсерін) жеңіп, орын алмастыруын активті миграция деп атайды.
Уылдырық шашу миграциясы. Уылдырық шашу миграциясы кезінде балықтар теңізден өзенге немесе керісінше өзеннен теңізге келеді.
Уылдырық шашу үшін теңізден өзенге келу миграциясын анадромдыщ миграция деп атайды. Ол лосось, бекіре тәрізділерге, кейбір майшабақтарға, карптарға тән миграция. Балықтардың біраз ғана түрі өзендерде тіршілік етіп, уылдырық шашу үшін теңізге барады. Мұндай миграцияны катадромдық миграция деп атайды. Бұл миграция угрларға тән. Соңында көптеген балықтар уылдырық шашу кезінде ашық теңізден жағаға, керісінше жағадан теңіздің терең қабатына қарай миграция жасайды. Оларға: теңіз майшабақтары, трескалар, пикшалар тағы басқалар жатады.
Балықтардың түрі мен тіршілік еткен су қоймаларының жағ-дайына байланысты уылдырық шашу миграциясының жолының қашықтығы түрліше болады. Мысалы, Каспий теңізінің солтүстік бөліміндегі жартылай өткінші карптар, уылдырық шашу үшін өзен бойымен не бары ондаған шақырымдай ғана көтеріледі. Миграция кезінде өте үлкен қашықтыққа баратын лосось тә-різділер. Қиыр Шығыс лососы кеталар - екі мың шақырымдай, ал неркалар - төрт мың шақырымдай су бойымен жүзіп барып, уылдырықтарын шашады. Семгалар Печора өзенінің бойымен оның ең жоғары басына дейін көтеріледі.
Балықтардың уылдырық шашу миграциясының ұзақтығын білу өте қиын. Біріншіден, балықтардың уылдырық шашу мер-зімі түрліше болады. Екіншіден, кейбір балықтардың уылдырық шашатын жерлеріне жарты жылдай бұрын баратын кездері де болады. Мысалы, Ақ теңіздегі семгалар (Sаlто sаlаг), кеталар (Опсогһупсһиs kеtа), горбушалар
(О. gorbиsсһа), неркалар (О. пегkа) т. б. балықтар өзендерге уылдырық шашу үшін екі рет шығады. Күзде жыныстық продуктылары шала жетілген түрлері шығады да, олар өзенде қыстап шығып, келесі жылы уылдырық шашады. Екінші бір биологиялық ерекше түрлері бар, олар өзендерге жазда шығады, олардың жыныс продуктылары жақсы жетілген, сондықтан олар сол жаздың ішінде уылдырық шашады. Кеталарда да екі рет уылдырық шашу байқалады. Амур өзеніне жазда июнь - июль айларында, күзде август - сентябрь айларында шығады. Қаракөз (вобла) уылдырық шашу үшін өзенге көктемде шықса, кейбір сигалар тек қана күзде шығады.
Орыстың белгілі ихтиологы П. Ю. Шмидт суреттеген Са-халин аралындағы теңіз балығы - Тынық мүхит майшабағы-ның уылдырық шашуда жүзіп өтетін миграция жолын қарасты-райық.
Тынық мұхит майшабағы қыста жағалауға жақын ашық теңізде болады. Жағалау мұздан ажыраған соң, олар жағалауға қарай қозғалады. Бұл майшабактардың жағалауға қарай беттегенін, балықшылар Судың түсінен және құстардың әрекеттерінен байқайды. Мысалы, шағалалар су бетінде бұлт тәрізді айнала ұшып, жаңғырықтыра шаңқылдап шулайды. Егерде ауа райы жақсы болса, майшабақтардың жағалауға қарай келе жатқанын түнде де’білуге болады. Бұл кезде су беті дамылсыз қозғалып, шапшып шығып, суға қайта сүңгіген дыбыстарынан майшабақтардың жағалауға жақындағанын аңғарады.
Майшабақтар жағалаудың тайыз жерлерше келіп, теңіз капустасы және фукус өсімдіктерінің арасына уылдырықтарын шашады Еркектері оның үстіне “ақ сүттерін” құйып, ұрықтан-дырады Уылдырықтарын көбшесе балдырлардың үстіне шашады, өйткені олардың жабысқақ желім сияқты заттары болады. Уылдырықтарын тайыз, тереңдігі бір метрдей жағалауларға келіп шашады. Сондықтан да, майшабақтардың су бетінен арқаларын және бастарын көруге болады. Еркектерінің “ақ сүті” соншама көп құйылғандықтан, жағалаудағы судың беті бірнеше 100 метрге дейін сүт сияқты аппақ болып көрінеді. Сүттері майлы болады, сондықтан жағалаудағы судың бетін толық жауып тұрмай, бетіне май құйып қойған сияқтанып жатады. Оның өзіне тән иісі болады. Бұлардың уылдырықтан шыққан личинкалары Цусим ағысымен солтүстікке қарай жылжып, кузде Татар шығанағынын жіңішке жеріне барып жетеді. Осыдан кейіи активті түрде, оң-түстікке қарай қозғалып, туған жеріне қарай беттейді. Тура жүрмей біресе жағалауға жақындап, біресе жағалаудан ашық. теңізге қарай шығып, 3-4 жыл жол жүреді. Балықтардың миграциялық қозғалысының негізі сөз жок, олардың нервтік рефлекторлық қызметіне байланысты. Миграция кезінде балықтарға әсер ететін - сигналдың қызметін атқаратын ортаның біртіндеп өтетін заңды өзгерістеріне кез-деседі.
Өйткені өткінші лососьтар миграция кезінде судың химизмі-нің біртіндеп өзгеруін жолбасшылыққа алатын көрінеді. Ол ашық теңізден жағалауға, жағалаудан өзенге қарай судың химиялық құрамында біртіндеп елеулі өзгеріс болатындығында. Судың тұздылығы, оттегінің шамасы, сілтілігі, немесе ондағы көмір қышқылының бар жоғы т. б. Угрлар (Апguillifогmеs) миг-рация кезінде негізінен судың температурасының заңды өзгеру жағдайын және тұздылықтың өзгеруін жолбасшылыққа алады. Өйткені, угрлардың уылдырық шашатын жері мұхиттағы ең тұзды және ең жылы жерлері. Сөйтіп, Америка мен Европалық жағалаулардың кез-келген нүктесінен шыққан угрлар, егер олар судың температурасының және тұздылығының біртіндеп жоғарылауын жолбасшылыққа алса, аз уақыттың ішінде мұхиттың ең жылы және ең тұзды бөліміне, яғни өздерінің уылдырық шашатын жеріне барады.
Балықтардың мыңдаған шақырым жерлерді жүзіп келуіне басшылық ететін көзі емес, судың физикалык, химиялық күйін сезіп отыратын өте сезімтал қабілетінің - феноменальды “есінің” болуы. Миграция кезінде балықтар “шам жарығы түн көбелектерінің көру органдарын қоздырып, жарыққа жиналғаны сияқты, қоздырғыштың максимальды көзіне қарай ұмтылады” (П. Ю. Шмидт, 1947) .
Өткінші лососьтардың миграциясы жөнінде бір-біріне қайшы екі түрлі пікір бар. Барлық солтүстік жарты шарға таралған өткінші балықтардың миграциясы мұз пайда болу мезгіліне байланысты екендігімен түсіндіріледі. Кейбір болжаулар мұз еріген кезде теңіз суының тұзы азайып, тұщырақ болады да, коректік заттар көп болып, балықтар өзеннен теңізге келіп, ал уылдырық шашу үшін қайтадан өзенге кетеді деп түсіндіреді. Себебі тұщы суларда олардың уылдырығының дамуына колайлы жағдайлар көп: жыртқыштардың басқа бәсекелестердің аз болуы, судың тамаша химиялық ерекшелігі, яғни оттегімен толық қамтамасыз етілуі т. б.
Екінші болжау бойынша өткінші балықтар ежелден теңіз-дерде тіршілік етіп келген, олардың өзендерге шыруы - екінші құбылыс, өйткені ол мұздың еріп, судың тұщылануымен байланысты өз тарапынан балықтардың тұщы суда тіршілік етуге тез бейімделуіне мүмкіндік береді. Қайткенде де, өткінші лосось балықтар өздерінің биологиялық күйіне байланысты тіршілік еткен орнын өзгертеді. Ересек балықтар теңіздің қорекке бай үлкен кеңістіктеріне тарайды. Олардың ұрпақтары тар тұщы суларда шығады, ол жерде тамақтың жетіспеуінен, әрі тіршіліктік ортаның тапшы болуынан барлығының дұрыс өсуіне ешқандай мүмкіндік болмайды. Әйткенмен шабақтардың шығуына теңізге карағанда көптеген қолайлы жағдайлар бар. Мұндай қолайлы жағдайларға: біріншіден, судың таза оттегіне бай болуы; екіншіден, су түбінің топырағын қазып, шұңқырлап . ұя жасауға және оның үстін, арасында қуыс қалатын ірі құмдармен жабуға мүмкіндіктің болуы жатады. Бұл жағдайлар дұрыс көбеюіне, түрдің сақталып қалуына жағдай жасайды. Мысалы горбушаның аман сақталған уылдырығы 1100-1800-дей болған.
Қорек іздеу миграциясы. Барлық балықтарға тән миграция болып есептеледі. Шағын көл, тоспа суларына қарағанда үлкен теңіздердегі өткінші балықтар қоректік заттар іздеп ұзақ жол жүруге мәжбүр болады. Каспийдщ қызыл балығы (sсаdіпius) Кура өзеніне уылдырық шашып теңізге қайтқан соң Қаспийді кесіп, оның Шығыс жағалауына келіп жайылып, семіреді. Теңіз балықтарының ішінде су ағысымен жағалап ксректерін іздейтін балықтармен қатар, теңіздің түбінен бетіне көтеріліп қорек іздейтін балықтар да кездеседі. Мысалы, судың бетінде планктондар көп болған кезде скумбрия (sсоmЬгіdае) балықтары су бетіне көтеріліп, планктондар су түбіне - терең қабатына
шөксе, балықтарда солармен бірге төмен түседі. Мұны теңіз балықтарының вертикальды араласуы дейді.
Қыстақ іздеу миграциясы. Балықтардың көпшілік түрлері, қысқа таман су температурасы төмендей бастаған кезде, активтілігі бәсеңдейді, тіпті қалғьйі, шала ұйқыға кетеді. Бұл кезде өздерінің жайылып жүрген жерлерінен қыстап шығуға ынғайлы ықтасын жерге жиналып, шұңқырлау жерін таңдап алып, соған қыстап шығады. Мысалы сазан, тыран балық Еділ, Жайық, Кура т. б. ірі өзендердің сағасына келіп, көп мөлшерде шұңқырларға жиналып ұйқыға кетеді. Бекіре балықтарының Жайық өзенінің шұңқырларында қыстап шығатыны ертеден белгілі. Балықтардың ұзақ ұйқыға кетуіне мәжбүр ететін физикалык әсер, яғни су температурасының төмендеуі. Ұйқыға кеткен балықтар судың түбіндегі шұңқырларға жиналып, қозғалмай жатып қысты басынан өткізеді. Бұл кезде көптеген балыктардың денесінің сыртын қалың қабатты шырын қаптап қалады да, оларды төменгі температураның зиянды әрекетінен корғап, бөліп тұрады. Ұйқыда жатқан балықтардың организміндегі зат алмасу про-цесі өте баяулап кетеді. Кейбір балықтар, мысалы табан балық су түбіндегі балшықты қазып, соның ішіне еніп, қыстап шығады. Бұлардың аман қыстап шығуы, төменгі температура-да балшық мұз болғанымен балықтың денесіндегі шырыны-ның муз болмауына, қатып калмауына байланысты. Ол балықтардың денесін мұз қоршап тұрса да. қатпай температурасы -0, 2-0, 3° болатындығы анықталған.
Қыстап шығу миграциясы кезінде балықтардың барлығы-ның ұйқыға кетуі шарт емес. Мысалы, Азовтың хамса балығы қыстау үшін Азов теңізінен Қара теңізге келеді. Себебі қыста Азов теңізі Қара теңізге қарағанда тайыз, сондықтан оның беті катып қалады да суы салқын, қыстап шығуға қолайсыз болады. Әрі мұз кабаты ауадағы оттегімен теңіз суын қатыстырмай жауып қалады.
Балықтардың өсуі, жасы және жас белгілері. Балықтар өскен сайын басқа организмдер сияқты екі түрлі өзгеріс байқалады: біріншіден, пішіні өзгерсе, екіншіден, көлемі мен салмағы да артады. Әдетте бұл екі өзгеріс бір-бірімен тығыз байланысга, бірлестікте (бірлікте) болады.
Бұл заддылықтан тыс ерекшеліктердің де байқалуы мүмкін. Мысалы, угрлардың личинкалары жас угрларға айналғанда дене пішіні өзгеріп, көлемі өспейді, салмағы кемиді. Балықтардың өсуі қоректенуіне т. б. байланысты. Жазда тамақтық заттар жеткілікті болғандықтан, балықтар үстеп қоректенеді де тез өседі, ал қыста тамақ аз, пассив коректенуіне байланысты өсуі баяулайды. Өсудің қалыпты болмауы бірсыпыра сүйектері мен қабыршағында шеңбер, сақина тәрізді ізін қалдырады. Жазда дұрыс қоректеніп, қалыпты өскенде пайда болатын сақиналар жалпақ, ал қыста пайда болған сақиналар керісінше жіңішке
болады. Сөйгіп, балықтардың кабыршақтары, скелеттерінің кейбір бөліктеріне қарап жасын ажыратуға болады. М: лосось, майшабақ, тұқы тәрізділердің қабыршағына қарап жасын ажы-ратуға болады.
Балықтардың жасын білудің үлкен теориялық және балық шаруашылығының негізгі проблемаларын шешуде практикалық маңызы зор. Балықтардың жасына анализ жасау балық аулауда артық немесе кем ауланғанын анықтауға мүмкіндік береді. Жас балықтардың сыбағалы салмағының артып, ересек балықтардың салмағы аз болуы артық ауланғанын аңғартады да, керісінше ересек балықтардың проценттік құрамы артық болуы, әлі де болса балық қорын толық пайдалана алмай отырғанын көрсетеді. Мысалы, егер аулаған кезде қаракөздің (Rutilиs гиtіІиs саsріиs) 7-8 жастағысы ауға түссе, толық ауланбағаны (ол үш жаста жыныстық жетіледі), ал бекіретц (Асірепsег guldепstаdtі) 7-8 жасары түссе артық ауланғаны (бекіре 8-10 жаста толық жетіледі) (Никольский, 1944) .
Түлеу - жануарлардың даму кезіндегі жас ерекшеліктеріне, маусымдық өзгерістерге байланысты және тіршілігінде тұрақты түрде жүріп отыратын биологиялықпроцесс.
Түлеу кезінде жануарлар терісінің сыртқы эпидермис қабаты, терінің қосалқы түзілістері (кутикуланың, қабыршақтардың, қауырсындардың және түктердің) белгілі бір уақыт аралығында ауысып тұрады. Жануарлардың түлеуі олардың организмінің даму қабілетіне, жасына, гормондық жағдайына, сондай-ақ қоршаған ортаның әсеріне (мысалы, температура, т. б. ) байланысты. Әрбір түлеу аралығын - түлеу кезеңі, ал сол кезеңдегі жануарлардың дамуына кеткен уақытты - түлеу жасы деп атайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz